Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



жүктеу 282.35 Kb.

бет28/33
Дата09.01.2017
өлшемі282.35 Kb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

107
нәрсе онша ойыма кiрiп шыққан емес.  Бар зәруiм  - ауашалық 
және темекi ғана! 
Осындай  рахатқа  шомып  отырған  бiр  жексенбi  де  есiктен 
екi кiсi кiрiп келдi. Алдымен кiргенi - кеусiрдей бұйра бас, атан 
бiтiмдi Мақатан Шәріпханұлы едi. Оны сыртынан танитынмын. 
Қырмызы, қызыл шырайлы өлеңдерi поэзиямыздың сүйкiмдi бiр 
бояуындай көрiнетiн. Оның артынан кiрген қыр мұрынды, қара 
көздi, сұлу қара торы азаматты Сағидияның мекемесiнен бiр-екi  
дүркiн көрiп  қалғанмын. Бiлерi мол, ойлы, милы кiсiдей сезiлген. 
Аты - Аймұхамет фамилиясы - Аманқұл. 
-  Аптасына  бiр  келетiн  жексенбiнi  класта  жалғыз  өткiзсең 
қалай  болады?..  Жүр,  Сағидияның  қасына  барып,  ойнап  күлiп 
қайтайық! – дедi, Мақатан қағаздарымды өзi жиыстыра бастап.
Маған  кездейсоқ  бiр  ой  келе  қалды.  Сағидияның  қасына 
баратынымыз,  сол  жерде  ойнап-күлетiнiмiз  қалай?..  Әлде,  осы 
екi  қырғидың    бiрi  менiң  жалғыз  торғайымды  торып  жүрген 
болмасын. «Абай бол, Ғалым!» деп өзiме өзiм сигнал бердiм.
-  Ұсынысыңызды  түсiне  алмадым.  Мақа,  сiз  сауық  кеңеске 
шақырып, Сағидияны әурелейтiнiмiз қалай? Одан да осы жерде 
отырып-ақ кеңесе  бермеймiз бе? - дедiм.
Мақатан мен Аймұхамет бiрiне -бiрi қарап, аңтарылып қалды.
- Қане, отырыңыздар, жаңа өлеңiңiз болса оқыңыз, Мақа! – 
дедiм тосаңсуды бұзғым келiп.
- Алдымен өзiң оқы, мынау жазып жатқаның немене проза 
ма, поэзия ма?
- Проза!.. “Қашқын” деп ат қойып, қазақтың үш мемлекетке 
телiм  болған тағдырын сипаттамақшы едiм. Әлi жазылып бiткен 
жоқ. Өлең оқу мiндетi маған жүктелер болса, “Жәннаттағы кiсi” 
дейтiн өлеңiмдi  жатқа айтып берейiн,- дедiм.
Өлең оқылып болған соң, Мақан ала бөтен қызынып: 
-  Әй,  Ғалым  баспаларға  берiп  пе  едiң  осы  өлеңдi?  Өлең-ақ 
екен шiркiн! - дедi.
Әлде нендей себеппен тiтiрене, тыңдаған Аймұхамет: 
- Басылатын өлең екен, - деп қалды. 
Қонақтарымның неге былай лақ етiп, бар сезiмiн бiр өлеңiме 
үйiп-төгiп  бере  салғанына  қайран  қалдым.  “Жәннаттағы  кiсi” 
шынымен-ақ  жақсы  өлең  болғаны  ма?!  1958  жылы  «Шынжаң 
әдебиетi» журналына ұсынған едiм ғой. Екi әңгiме, бiр дастан, 
тағы да жетi-сегiз өлең бергенмiн, содан бiреуi де басылғаны жоқ. 
Ендi келiп журнал редакциясында отырған Мақанның “берiп пе 
едiң ” деп тәлiмсiгенi қайткенi?! Мен осы өкпе-назымды айттым.  
-  Ол  ес-ақылды  алған  бiр  жылдар  болып  еді  ғой!  -  деп 
күрсiндi. Мақатан. Сосын  “Жәннаттағы кiсiнi” көшiртiп алған 
соң, бiраз салмақтанып келген шаруасына ойысты. 
- Ғалым, бiз саған құдалық жол-жосынымен келiп отырмыз. 
Мынау    Аймұхамет  пен  Сағидия  бiрнеше  жылдан  берi  сөз 
байласып,  бiрiн–бiрi  сынасып  жүредi  екен.  «Сынасып  болдық, 
ендiгi өмiрлiк қосағым осы,  рұқсат берсiн ағамыз. Осы тiлегiмiздi 
айтып  бер»,-  деп  менi  алып  келдi.  Үлкендердiң  батасын  алды. 
От жаққан жердi көрдi дейтiн ауыл аралас, қой қоралас отырған 
жер  емес.  Бiрi  -  Алтай,  бiрi  –  Іледе;  дүниенiң  екi  бұрышында 
дегендей,  алшақ  жатыр.  Сонда  қорытқан  ақылымыз  мынау  – 
сен риза болсаң, құдай, әруақ риза деп бiлдiк. Бұған не дейсiн? 
Айтарың болса ашық айт! – дедi.
Мен  ойланып  қалдым.  Сағдияның  болашағына,  тағдырына 
жеңiл-желпi    қарайтын  қақым  жоқ  қой.  Қанапия  үшiн,  Кәмила 
үшiн,  барша  туыс-туған  үшiн  ойлануым  керек!  Бұл  өзiмнiң 
жүрегiмдi кiмге ұстату дегендiк. Заман болса мынау. Аймұхамет 
зерделi  жан  секiлдi.  Қызыметтестерi  құрақтай  жапырылып, 
сыйлап тұратын. Баспасөз бетiнде жариялаған бiр-екi  мақаласын 
да  оқып  қалғанмын.  Қарадүрсiн  емес,  ғылыми  негiзi  мықты, 
дәлелi бар, жалған, жасанды мiнезден аулақ жан көрiнген. Оның 
үстiне Сағидия кiсi танымайды емес, бiреудiң алдап-арбағанына 
мен түссем, түсермiн-ау, ол түспес. Мақұл-ақ деп ойладым iштей.
-  Сырттан  сауда  жүргiзгендей  не  деймiз,  Мақа.  Iстiң  жөнi 
осы  болса  Сағатайдың  жатағына-ақ  барайық!  Төрт  қара  көз 
түгел отырған жерде, оның өзi билiгi шешсiн бұл бұйымтайды. 
Аймұхамет мiне өзiнiң ойы мен бойын алып келiптi. Сағатайдың 
нендей  арман  тiлегi,  көңiлiне  бүккен  көлеңкесi  бар  екенiн  мен 
бiлмеймiн ғой. Ол да осындай ойласа, бүгiннен бастап ала берсiн 
қызыл қағаздарын! - дедiм.
-  Бұлар,  сол  қызыл  қағазды  алып  болған  соң,  отауларына 
шақырып  келiп отыр - деп күлдi Мақатан. 
Менен  жасырын  жүрiлiп  жатқан  iстiң  сырын  ендi  ғана 
түсiнгендей  болдым.  Ақбақанның  қара  бораны  тұла  бойымды 
қурыстап келе жатты да  әкемнiң:
-  Жаратқан-ау,  өзiннен  iлгерi-кейiн  тiлейтiн  тiлегiм, 
қарашығымды  оя  көрме!  -  деген  зар  дауысы  құлағыма  жетiп 
келдi.  Тұла  бойым  дүр  етiп,  азғындығымды  тағы  да  сезiндiм. 
Қанапияның  әруағын  күңiрентуден      өтетiн  қылмыс    жоқ  мен 
үшiн.  Сағатайдың  қуанышына  қуанып,  қайғысына  жылауым 
керек. Ағалық борышы, әке қарызы деген мiне осы. 
Сол  күнi  Сағатайдың  отауында  мейлiнше  шалқыдым. 
Әкемнiң  әруағы  үшiн  де,  шешемнiң  шексiз  мейiрi  үшiн  де. 
Ақанның бұрқ-сарқ қайнап, демде ашылатын қалтқысыз мiнезi 
үшiн  де.  Сағатайдың  зерделiлiгi  үшiн  де    нысаналы  жазылған 
өлеңдерiм бар едi. “Шiркiн шындық”, “О табиғат”, “Саршоқы”, 
“Сұмдайрық”,  “Ертiске”,  “Жасыл  жайлау  аралым”,  “Ұнатам”, 
“Күзгi  боран”  деп  ат  қойылған.  Былай  қараған  кiсiге  бәрi  де 
тамылжыған  табиғат  суретi,  бiрақ  әлгi  дегдар  туысыма  деген 
құрметiм, сағынышым,  борыштылығым сiңген. Осылардың арт-
артынан жосылтып айта бердiм.  Көз алдымда тұрғаны табиғат 
емес,  әкем,  шешем,  Ақан,  Сағидия  сипаттары.  Мен  солардың 
кескiн-келбетiне, ой-арманына, кесек нұрлы  тұлғаларына қарап 
жатқа  сыпыртып  жатырмын.  Өлгендерiне  арнаған  құраным, 
тiрiсiне айтатын уағызым осы.
Менiң ескеуiлдеуiм iшкiш, жегiш ағайынның делебесiн онан 
арман    қоздырып,  отауға  жан  бiтiрдi.  Жарыс  сөзге  даярланып 
келгендей  бәрi  де    суырылып  Сағатай  мен  Аймұхаметтiң 
артықшылығын  үйiп-төгiп, жаңа семьяға кетпес ырыс, кең-мол 
несiбе, мәңгiлiк махаббат, өлмейтiн, өшпейтiн өмiр тiледi.
Екi бауырымның күндiзгi шаттық отына емiрене қақталғандай 
боламын.  Аға  болып,  әке–шешемнiң,  адамзаттың  аманатын  
орындап, қарындасымды құтты орнына қондырдым. Бала жастан 
Сағатайға iстеп келген жәбiрiмнiң қарымын қайтарып қуанышқа 
өзiм бөлеп отырғандай  сезiнемiн. Жүрегiмнiң бұрыш–бұрышында 
азын аулақ қимастығым да бар. Кiмге қимаймын - махаббатына 
ма,  Аймұхаметке  ме?  Оны  өзiм  де  түсiне    алмаймын.  Бiрнеше 
жыл өткен соң Аймұхаметтiң Сағатайдан да қадiрлi, Сағатайдан 
да мейрiмдi, сұңғыла дос болып кетерiн қайдан бiлейiн. Эрнест  
Хемингуай, Шыңғыс Айтматов бой ұрған ой ағымы  әдебиетiнiң 
хикiметiн  тұңгыш  рет  Аймұхаметтен  ұғынып,  өзгеше  жаңа 
мектеп  тауысқандай  болғанмын.  Қиял  мен  шындықтан,  тарих 
пен    болмыстың,  табиғат  пен  адамзат  рухының  әдебиеттегi 
үйлестiгiн  содан  естiгем.  Жасанды,  жалған  идеяның  төркiнi, 
болашағы туралы сыр шертiскенбіз. Адамзаттың көзiн ақиқатқа 
жеткiзген  тек  Ленин  деп  санаушы  едi  ол.  Уақытымыздың  денi 
кiтап  оқу,  өлең,  дастан,  әңгiме  жазу,  сабақтастарым  Бақытхан, 
Керейғазы,  Қазез,  Ысқақ,  Тiлетай,  Ожан,  Маукен,  Қыдырқан, 
Оразбек,  Жұмәдiл,  Ғұсман,  Рахмандармен  жаңа,  жалынды 
туынды  жарату  жайлы  әңгiме,  кеңеспен  өтетiн.  Бұл  кезде 
класымызды,  мектебiмiздi,  тiптi    барлық  қоғамды  қоршаған 
саяси идея талабының өзi бiр ғажап едi. Екi тап, екi жол, екi бағыт 
күресi дейтiн ұшқары тасқын мемлекеттiң iшiнен де, сыртынан 
да кеулеп кiре бастаған. Сабақтастар жоқ-жiтiк атануға, мүсәпiр 
көрiнуге  барын  салады.  Бірақ  мен  семьямды  қара  қасқа  кедей 
демедiм.  Балық  қуырдағын  аузымнан  тастап  көрмедiм.  Бiрақ 
газет, журналдарда осы секiлдi жасанды, жалған мәмiлеге  толған 
хабарлар  да  берiлмей  қалмайтын.  Мұның  өзi  әдебиетiмiзге  де 
нашар  ағыс пайда қылмай қалмады.  
Тарбағатайдың  әйгiлi  байы  Башбай  малшыларына:  «Неге 
жорға  мiнбейсiңдер,  неге  қалың  берiп  қатын  алмайсыңдар?! 
Малды мен тышып жатқаным жоқ. Мал- малдан туады. Бағып, 
өсiрiп  жүрген  өздерiң.  Менi  қарау,  нақұрыс  атандырмақ  па 
едiндер?!»  -  деп  ұрсады  екен.  Америка  жихангерлерiне  қарсы, 
Кореяға  көмекке  бiр  самолет  атапты,  маңайдағы  аш-арықты 
бағып, қақанын ел жырдай қылады. Ал керейдiң ағасы атанған, 
Алтайдың   әйгiлi бейiсi Мәмейдiң ел аузындағы тарихы өзiнше 
бiр  әңгіме.  Оның  ұлдары  Бұқат,  Манкей  халықтың  азаттық 
төңкерiсiне жанын қиды. Сонда тап-таптық күрес дегендi қандай 
негiзге  байлап  түсiну  керек  деген    сұрауларда  ойымнан  жауап 
iздеп арпалысуда.

108
Бiр  жексенбi    күнi  жатақта  жалғыз  жатыр  едiм,  есiктен  бір 
қыз кiрiп келдi. 
- Тым шүңетке батып кетiпсiң, Ғалым. Қазіргi жай-шамамыз 
үшiн “Ер Төстiктi” мысал етсек те жетер - дедi түйе танадай қап-
қара көзiн менен  алмай.
-  Үй,  сен  менi  қайдан  танисың,  кiмсiң  өзiң?  -  деппiн  мен. 
Бейтаныс  қыздың    қиялымның  үстiнен  түскендей  болуы 
таңдандырған - ды.
-  Қазез,  Керейқазылармен  бiрге  оқығанмын.  Қазiр  де 
мектебiмiз  бөлiнгенi жоқ. Физика факультетінде оқимын. Азан 
шақырып қойған атым - Тоқтар. Өзге жұрт менi Гүлбану дейдi. 
Өзiн қалай атағың келсе,  солай ата,- деді қыз.
Ақ  көңiл,  ашық-жарқын    перизаттың  бұл  лебiзi  жанымды 
қытықтап,  тiлiмнiң  ұшына:  «Сәулем!  Күнiм!  Қалқам!  Айым! 
Перiштем! - деген талай сөз, табыну сарынын әкелдi.
-  Гүлбану,  ел  мен  жұрт  сенi  бекер  Гүлбану  деп  атамаған 
шығар. Маған да осы атың жағады. Физика факультетінде логика 
сабағы өтiле ме екен?
- Оны неге сұрадың?  
- Таңданба, бұған сен есiктен кiрудiн алдында мен шырма-
шату ой үстiнде жатқанмын. Ата-бабамның байлығы, балдақпен 
сүйенiп  оқып  жүрген  кезiм,  бастауыш  мектептегi  қыңыр, 
қырсықтығым, әкем айтқан шежiре, хиса, аңызға жетерлiк бiлiм 
жоқтай сезiнген шақтарымды ойлап  жатқан едiм.
-  Әп,  бәле!..  Өзiм  де  сондай  шүңетке  батып  кеткен-ау  деп 
ойлағам.  Қобыландыға,  Қыз  Жiбекке  тең  келетiн  арман,  мұрат 
қайда, тәйiрi. Ғалым, сенi тым қиялшыл деп Қазез, Керейғазылар 
терiс  бағаламапты.  Мектептiң  “ашылыңдар,  сайраңдар”  деп 
жатқан түрi мынау, бiз ұлтымыз үшiн  өзiмiздi қорғаумыз керек. 
Сақ болыңдар, әйтеуiр!..
- Қойсаңшы-ай, қыз, суырылып андағының мазасын алмай! - 
деп есiктен күңгiрлеп, дүңгiрлеп кiрiп келе жатқан Керейғазының 
үнi Гүлбану екеумiздi елең еткiздi. 
- Ананың мазасын емес, басын айналдырып жiберген шығар 
бұл қыз! - деген Қазездің сөзiн құптап, қарқылдап күлiп Ысқақ, 
Тәлендер  де  дүрiлдеп  кiрiп  келдi.  Бiз  олардың  неге  күлiп  келе 
жатқанын Ысқақтан ұқтық. Толы ауданында Сақаба дейтiн қырыс 
мiнездi әдiлетшiл кiсi болған екен. Қар бiр жауғаннан кейiн-ақ, 
құс салып, аң аулайды екен. Үлкен ұлы қыстақ секретары, кiшi 
ұлы маскүнем. Кемпiрi қой аузынан шөп алмас жуас,  осындай 
отбасы екен. Қоңыр күзде, қолыңда тұрған биеге бұт артып, қырға 
шықпақ болған Сақабаның алдынан ауылдың иттерi кезiгедi ғой. 
Қырқаға шыққанда қалмай тақымдап, биенiң танауына ұмтылып  
зықысын алған сары қаншыққа өлердей ыза болыпты, сонда ол! 
-  Қой,  деймiн  сары  қаншық,  қой,  артыңды  қыс!  Жаман 
ат,  жалбыр  тонда  жетi  атаңның  құны  бар  ма?  Мен  мансапты, 
мәртебелi кiсi  емеспiн, жорға, жүйрiк мiнген жан көрсең шiлiктей 
бұралып  жағымсый  қалар  едiң.  Менiң  жек  көретiнiм  осындай 
мiнез  -  дейдi  де,  бүркiтiнiң  томағасын    сыпырып  алдынан 
сырғытып  жiбередi.  Иесiнiң  емеурiнiң  сезген  қыран  көтерiлiп 
ұшпай-ақ  сары  қаншықты  бәкiдей  бүктейдi.  Керейғазының 
күңгiрлеп келе жатқаны сондағы Сақабаның сөзi екен.
-  Ал,  бәлем,  қой  дегенде  қоймаған  сыбағаң  осы! 
Жағымпаздығыңды  ендi    бастықтар  бағаласын,  өзеленiп  жүрiп 
өмiрiң өксiдi сары қаншық. Бұл үшiн  маған да, құсқа да ренжи 
алмайсың,  осындай  дарақылықты  үйренiп  алған  өзiңнен  көр!  - 
дептi. 
-  Ой,  Кеке  мынауың  бiр  роман  көтерiп  шығара  алмайтын 
характер екен -  деп мен де күлiп жiбердiм.
-  Сақабаның  мұндай  әңгiмелерi  көп,  айтсаң  таусылып 
бермейдi. Бiр күнi  ағасы Нүсiпқажы бөсе сөйлеп:
- Мен ауылдық округтен қырық келі жүн алып, бес-аты жiгiттi 
шақырып, екi литр арақ, бiр серкештi сойып берiп, жаңа сабатып 
болып отырмын – дейдi. Сонда Сақаба:
-  Ай,  аға,  бекер  шашылған  екенсің.  Бiздiң  әлгi  арақкеш, 
көкбұт ұлды   шақырып бiр жартылық берсеңiз сабатып алғанды 
қойып,  әуелi  бастыртып  бере  салады.  Жүн–жұрқанға  қосып, 
өзiңнiң де түте-түтеңдi шығармас па едi! - дептi  дегенде жатақта 
отырғандар мәз-мейрам болдық. Гүлбану тiптi ұзақ күлдi. 
- Жаратылыстық, қоғамдық өмiрде мұндай кесек күйi туыла 
салған кейiпкерлер аз емес. Мами, Башпай солардың бiр бейнесi 
ғана. Бiз осындайларды көре бiлумiз, бақылап, бейнелей бiлумiз 
керек – деп Керейғазы қызықтың тағы бетiн ашты.
Мына  Гүлбанудың  әкесi  мен  Сақаба    бiрiн-бiрi    сөзбен  
қағытпай  жүрмейдi екен. Сақаба сыңдалып, ауылдық округтен 
ақ тайыншасын  бағып, айдап келе жатқанда Қаби кезiгiп:
- Е ,Сақаба тайынша айдаған екенсiң ә! - дептi де, кете берiптi. 
Бұл  сөздi      iшiне  бүгiп  жүрген  Сақаба  Қаби  күреске  алынып 
жатыпты деген хабарды естiп, әдейi сонда көргелi барады, барса 
Қабиды  “ойлан”  деп  жалғыз    отырғызып  қойған  екен.  Сонда 
Сақаба: 
- Е, Қаби, закотке отырып қалған екенсiң - деп баяғы сөздiң  
қарымжысын қайтарған екен.
- Қазез, ен кездескен кейiпкерлерде жасанды жағымпаздықтың 
бас    терiсiн  сыпырып,  ашық  кеспiрiн  көрсететiн,  мұраты  асыл 
жандар екен -  деп едiм:
-  Өзiң  әлжуаз  болғаныңмен  пiкiрiң  балуан.  Тәлен  екеумiздi 
қамшылап отырсың–ау! - деп жымия күлдi Жұмәдiл.
Гүлбану ойда жоқта бiр сұрау қойды.
- Әдебиетте бiр сыпыра қиырды, өрiс, қонысты шалдыңдар 
ғой.  Сонда  кiм  биiк,  қайсы  шығарма  терең  екен?  -  дедi.  Мен 
аңырып  отырып  қалыппын.  Физиканы  ұстанған  қыздың 
әдебиетте  несi  бар  деп  ойлай  қалып  едiм,  бiрақ  ол  жауап  бер 
дегендей  бүйiрiмнен  түрткiлеген  соң  аузыма    Бальзактың, 
Толстойдың,  Мопассанның,  Гомердiң  аттарының  түскенiн  тiзiп 
айта бергенiме өзiм ұялып қалдым.
- Ой, тәйiр-ай, мұндай оқығандарың бар болсын! – дедi ол, сенi 
“оңшыл”  деп  бекер  сындаған  екен,  “солшыл”  екенсiң.  Қоғамның  
шұрқылтайынан найза сiлтемеген, беталды лаққан адамдарды екшеп, 
айтқаныңнан  соны  аңғардым.  Әдебиеттiң  мiндетi  адамзаттың  жан 
сезiмiн бейнелеу десек мұнда Мұхтарды аузыңа алуың керек едi ғой 
– дедi қабағын сәл түйiп. Мен әрқайсымыз әр түрлi сапылдағанымыз 
бен  Гүлбануге  астар    бола  алмайтынымызды  сездiм.  Ол  өз 
байымдауын  қыруар фактімен дәлелдеп бiздi қымтап, орап тастады. 
Қарапайым қазақ қызынан да осындай өрелi, осындай, толғамды адам 
шығады деп таң-тамаша болдым. Мұны кейiн шығармаларымыздың 
80-ші  жылдан    кейiн  ғана  баспа  бетiн  көргендiгiнен,  әуелi  1953 
жылдан  басталған  “О,табиғат”  деген  өлеңiм1990  жылы  Іле  Халық 
баспасы  басқан  “Көк  иiрiм”  деген  жинақта  ғана  жарық  көргенде 
барып түсiндiм. Отыз бес жылдық творчестволық өмiрiмде осы “О, 
табиғат” атты  өлеңге қаламым тимеген кез болмапты. Кем қойғанда 
еске түсiрiп шығушы едiм. Адамзаттың жаратылысты тануы миымды 
ұдайы  жани  беретiн.    Өткiрлеп,  ұштай  беретiн,  осы  бiр-екi  аяқты 
хайуанның  барлық  әлемдi  өзгертпек  болғанына  кегiм  қайнайды. 
Өзгертсе  де  iстен  шығара  өзгертетiнiн  ойлайтынмын.  Бұған  жол 
берiлсе  жер  шары  ойран    болады,  экология  бүлiнедi.  Жан-жануар, 

109
өсiмдiк қурап жоғалады. Заман ақыры дегенi сұғанақ қолы тиылмас 
адамзаттан келедi. 
Бiздiң атамекен Шойғатыда басына бұлт, бауырына қарағай, 
қайың,  тал,  шалғын    өсiрiп,  Сұмдайырықты  иегенiң  астында 
тулатып жататын биiк сары бел бар едi. Менiң ата-бабам Қилыбай, 
Құнияздың төр жайлауадан қайта  шалқыған кезде тыныстайтын 
жұрты.  Сол  сары  бел  мекендеген  халқына  көл-көсір  өмір,  тың 
тіршілік  сыйлағанын  білемін!  Мен  жазған  шығармалардың 
бәрінің де осы Сарыбелден дәм татпағаны жоқ. Сол үшiн де осы 
кiтаптың бiрiншi бөлiмiне “Сарыбел” деп ат қойдым.
                 
     
ЕкiНШi  БӨЛiМ 
                            
сапиян белбеу
1
Төбесiне  түзген,  жыңғыл,  сарбалақ,  сексеуіл  өскен  биiк  ақ 
құмның iргесiндегi қыстаудан аттанатын кезiмде әкем бiр белбеу 
сатып  әкелгендi. Ертiсбайдың ләпкесінен алыпты, жалпақтығы 
төрт елiдей, қос тiлдi, ешкі терісі былғарыдан жасалған  сапиян 
белбеу. 
-  Жоғалтпай,  түтелемей,  күтiп  ұста,  суауыз!  -  дедi  Қадым 
маған.  Бұл  белбеу  Алтай  ортаның  толықсыз  кластарын 
тауысқанша белiмнен бiр түскен жоқ. 
-  Бұл  белбеудi  саған  арнайы  алдым!  -  деген  болатын 
әкем.  Белбеу  әкемнiң  құшағындай  медет,  қуат,  сезiм  береді. 
Педагогика институтында өтiлген сабақтар әкем айтқан шежiре, 
хиса, жыр, айтыс өлеңi, ертегiнiң астары ғұрлы болмады. Олай 
мылжалап,  былай  мылжалағанымен  университеттің  берер  
нәрi  әкемнiң  бiр  шешiлiп  сөйлегенiне  жетпейтiндей  сезiндiм. 
Сөйтсе де,  психология, логика, педагогика сабақтарын қызыға 
оқыдым. Өйткенi мен игеруге татырлық бiлiм осыларда тұрған 
сияқтанады.  Қоғамдық  жұмыстарға  құлқым  соқпайды.  Сөйтiп 
жүрiп  университетті  де  бiтiрдiм.  1961  жылы  Үрiмжi  ауданына 
оқытушы  болып  бөлiндiм.  Сабақтастарымның    уыты  өткенiне 
кектенемiн, уытым өткенiне жаным ашиды. Мектептен кетсем–
ақ  бостандыққа,  бақытқа  шығатындай  сезiнген  едiм.  Қасымда 
дөңгелек  жүздi,  жұмсақ  мiнездi  жас  жiгiт  Мұқатай  бар.  Ол  да 
бiзбен  бiрге,  бiр  мектепте,  математика  факультетiнде  оқып, 
менiмен қатар Үрiмжi   ауданына бөлiнген. 
- Iргесiнен жел ескен, қош шұбырған белестен – деп үлкен 
қоңыр  жанары  жасаурап,  қиырға,  сонау    терiстiкке  сүзiле 
қарайды.  
- Өлең шығаратының бар ма едi, Мұқатай?!- деймiн.
- А, жоға! - дейдi ол, селк етiп. Өлең, жыр менiң қай теңiм?!. 
Сағынып кеттiм ғой туған жердi. 
Оның жанары жарықшақтана күлiмсiрегенiне жаным ашиды. 
Үрiмжiнiң  шаң-тозаң  суыра  ұйтқып  қоятын  аңызғағынан 
жарылған  Мұқатайдың    жұқа  қызғылт  ерiндерiне  қарап,  ол 
көксеген    жайырды  көз  алдыма  келтiрмек  боламын.  Жайыр  – 
Арал сияқты Жерұйық мекен бе екен әлде.
Үрiмжi ауданы бiздi таудағы бiр орта мектебiне бөлдi. Нансан, 
Гангу,  Иуңфыңчуй  деген  аттарынан-ақ  түңiлгендей  боламыз. 
Алғаш ауданға келгенiмiзде кеңселерiнiң денi құлыптаулы, кадр 
бiткен  ауылдық,  әтiреттердiң  орман  жұмысына  көмектесiп, 
тәрбие жүргiзу үшiн жан-жаққа   шығып кетiптi. 
Бiздiң Гангу орта мектебiне баратынымызды Ли қожаң деп 
аталатын    қол  тоқпақтай,  сiрiңке  қара  кiсi  ұқтырған  да,  сосын 
қолымызға  бiр-бiр  жапырақ    жолдама  қағазын  берiп,  шығып 
кеткен. Содан екi айналып ол да көрiнген жоқ. 
Гангу  орта  мектебi  қайда,  оған  қалай  барамыз?  Орталау  
кластарға  аяқ  басқаннан  берi,  өкiмет  қамдауымен  оқып,  ендi 
ғана  қоғамға  аттанғалы  тұрған  кедей  балаларында  соқыр  тиын 
болмайтынын  бiлмей  ме  әлгi    ағарту  бөлiм  бастығы.  Топырақ 
жейдi, желге мiнедi, әкесiнiң үйiнде  жатып тұрады деп ойлады 
ма екен? Дәнеңе ұғыспай, дәнеңе демей тайып  тұрғаны несi?! 
Осылай  ойлағанымызбен  өткiзiп  қойған  өтiлiмiз  жоқ.  Құр 
күңкiлдеп тiсiмiздiң сөлiн сорумен ғана болдық. Iшек шұрылдап, 
асқазан  тырнап  қояды.  Сол  ас  болатындай-ақ  арт-артынан 
бұрқылдатып темекi тарта бердiк. Ли кожаң (Ли бөлiм бастығы) 
тым  болмағанда  кеңсесiнiң  есiгiнде  ашып  бермедi.  Мұқатай 
екеумiз біраз тарықтық. Ымырт жабылуға  таяған кезде, қорс-қопа 
болып  жатқан  қуыстың  бiрінен  шыққан  дөңгелек  жүздi,  шегiр 
көздi, болымсыз секпiлi бар, қызыл сары азамат қасымыздан өте 
бердi де, қайта бұрылды. 
- Жiгiттер, бұл жерде не ғып отырсыңдар? - дедi биязы, жылы 
үнмен.
Бiз  орнымыздан  қопарыла  сәлем  берiп,  жөн-жайымызды 
айттық. 
- Е, е, қазiр мұрнымызға су жетпей жатқан қарбалас шағымыз. 
Қабiлетiмiз шанақты, адамымыз аз. Әсiресе, оқу-ағарту негiзiмiз 
әлi де әлсiз. Сiздердi қуана қарсы аламыз. Қане үйге жүрiңiздер 
әңгiменi жайланып отырып айтысайық - дедi.
Бiз  сынықсымадық,  бейтаныс  кiсiге  iлесiп  жүре  бердiк. 
Әйтеуір,  қазақ  екен  ғой,  бiр  шәугiм  шайын  ықыласпен  берер 
деген ойда болдық. Жолай кезiккен бiздi бастап келе жатқан бұл 
адам осы ауданның орынбасар  секратары Дияр екенiн ұқтық.
“Секратарь” деген сөздi естiген соң жалтаң көздене бастаған 
Мұқатайды бүйiрден нұқып қалдым.
- Немене тышатын мысық тәрiздене қалдың, жүр тезiрек! 
- Iшiм ауырып келе жатыр! - деп сылтауратты ол. 
Диярдың үйi тар, пейiлi кең, көңiлi дархан кiсi екен, үйге кiрген 
соң да әңгiменi өзi жалғап, ауданның саяси-экономика, мәдениет, 
тарихын  таныстырып,  жерiнiң  асты–үстiндегi  қазнасын,  халық 
санын  алақанындағыдай  жайып,  бiздiң  тағдырымызға  қажеттi 
қоғамдық  сауатты  қысқа-қысқа  қайырса  да,  толық  ұқтырды. 
Көркейту амалын, заттық тиянағын, ауданның сенiмiн дәлелдеп, 
көңiлiмiздi орнықтырды.
Зайыбы  –  Шамшан  ақ  көңiл,  бауырмал,  көрiктi  әйел  екен. 
Риясыз қарсы алып, жақсы амандасты. 
Бiз бетi-қолымызды жуып, үстел басына келiп отырған соң-ақ:
-  Қане,  тартынбаңдар  балалар!  -  деп  алдымызға  бiр-бiр 
тәрелке  лағыман,  бiр  табақ  майлы  қуырдақ  әкелiп  қойды. 
Секратардың әйелi   болған соң балалар деп бiздi қомсынғаны 
болмаса, өзi бiзден үлкен емес сияқты. Әуелi ерi Дияр да бiзден 
бiрер жас қана парық қылар ма екен.
-  Қолымызда  мал  немесе  даяр  ет  болмайды.  Шешемнiң 
өлгенi жақсы болды, көрпесi құйрығыма жұмсақ дептi ғой мына 
Шамшан  сияқты  бiреу.  Таудағы  бiр  туысымыздың  тайыншасы 
тастан  құлап  өлген,  мынау  соның  етi  -  деп  бiздiң  тәрелкемiзге 
қуырдақты еселеп жатып күлдi Дияр.
- Арам ет екен деп қалар, пышаққа iлiнгенiн неге айтпайсың? 
- дедi Шамшан.
- Тақуа болып кетпес, замандас. Пышаққа iлiнсiн, iлiнбесiн 
жаңа, таза мал етi түгiлі шошқа етiн осындай тiл үйiретiндей етiп 
қуырып берсең, мен соға беремiн. «Қосағыңмен қоса қартай!» - 
деп бата беремiн әуелi. Бүгiнгiдей аш-арық шағында мына Мұқаң 
да тартына қоймас! - дедiм.
Дияр мен Мұқатай мәз болып күлдi. 
- Әншейiн айтқаным ғой! - деп Шамшан да езу тартты. Бiз 
тойып алдық.
-  Е,  ауданымызға  ақынның  бiреуi  келiп  қалған  екен  ғой. 
«Шынжаң  газетiнде»  жариялаған  “Ертiске”  деген  өлеңiнiздi 
оқығанмын. Жазғандарыңыздың бiр екеуiн оқымайсыз ба?!
Мен  “Дала гүлi” деген өлеңiмдi жатқа айтып бердiм.
- Өлеңiңiздiң ойы үлкен болғанымен6 бойы шарғы екен. Тағы 
бiреуiн  айтып  жiберiңiз,-  деп,  орынды  сын,  құрбыластық  әзiл, 
кесек талғам танытып  сыңғырлай күлдi Шамшан. Онан соң мен 
әкеме арнаған “Саршоқы”  деген өлеңiмдi айтып бердiм.
-  Мынау  қайтедi-ей  өзi!  -  дедi  менiң  аузыма  шекшие  қарап 
қалған Мұқатай. 
-  Е,  қайтушы  едi,    тамаша  өлең  айтып  шықты  -  деп  күлдi 
Шамшан.
- Екiге екiнi қосса төрт, төрттi төртке бөлсе бiр деп түсiнiктi 
сөйлемей   кiсiнiң  жүрегiн, iшi қарнын ақтарғаны несi?  
- Өлең құдiретi деген әне сол! Ғалым, ауданымызға келгенiне 
қуанамыз,  жағдайымыз сай емес ендi ғана ес жиып, етек жауып 
жатқан  халықпыз,    сөге  жамандамаңыздар  тегiнде!  -  деп  күлдi 
Дияр.
Секретарьдың  iштi,  тынысты  кiсi  екенi  бүгiнгi  аз  сөз 
әрекетiнен-ақ бiлiндi.


1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал