Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



жүктеу 282.35 Kb.

бет24/33
Дата09.01.2017
өлшемі282.35 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33

94
таяу келе жатқан шындық осы. Ендiгi бас қатыратынымыз - ұлт 
тағдыры  емес,  тап  тағдыры  болады.  Мiнездерiнiздегi  бұрынғы 
туыстық,  тұтастықтың  да  тас-талқаны  шығады.  Дәстүрлi  әдеп-
иба, мораль, салт дегендерге де белгiлi өзгерiстер кiргiзiледi.
Тыңдап  отырғандардың бәрi-ақ сескенiп кеттi. “Белдеусiзден 
үй  шығады,  белгiсiзден  би  шығады.  Сиыр  пұл  болады,  қатын 
би  болады.  Қилы-қилы  заман  болады,  қарағай  басын  шортан 
шалады”... деп  Асан қайғы айтқанының жақындағаны ма? - деп 
Байыз шал көкiрек жара күрсiндi.
-  Мына  Нұрсапаның  күйсеп  отырғаны  шын  ба?  Көрген-
бiлгенiн  айтып, бiзге сақтан дегенi шығар, деушiлер де болды.
Мен  әкемнiң  қас-қабағын  бағып  отырмын.  Жаратылыстық 
орта  өзгермесе  дәнеңе  өзгермейтiндей,  ол  кiсi  терек  басына 
қайтадан  келiп  қонған  шау  қарғаларға  қарап,  әлденендей  ой 
кешiп отыр. Сол күннiң кешесiнде Қадым әкемнiң есiне күндiзгi 
әңгiмелердi тағы бiр рет түсiрдi.  
-  Әлгi  жетiмойын  не  оттап  кеттi  өзi?!  -  деген  едi,  әкем 
құйылған  қымыздан бiр жұтып.
-  Е,  балам-ай  -  деп  күрсiндi.  -  Ықылымнан  берi,  адамзат 
басына нелер келiп, нелер кетпеген дейсiң. Арғы атамыз Керей 
бергi  атамыз  Жантекей,  Сүйінбай,  Саменбет,  Тәтiкеңнен  келе 
жатқан тарихты талай естiгенсiң. Сан заман, сан үкiмет ауысып 
келе жатқан жоқ па. Бәрi де өзiнiң iстегенiн әдiлет, халықшылдық 
деп  атайды,  сайып  келгенде  жеңгенi  хан,  жеңілгенi  қарақшы. 
Сенбесең  сазайыңды  тартқызады.  Қай  заманнан  берi  билiк 
осылай  жүргiзiлiп  келедi.  Шындық  дегенiң  -  сол.  Қайтесiң. 
“Көппен көрген ұлы той” деп жүре берсең болды.
Әкемнiң  осылай  айтуы  маған  Нұрсапаның  сөзiн  қуаттап 
немесе  оған  қарсы  шықпағандай,  келе  жатқан  заман  ыңғылын 
көрмей–бiлмей тұрып  түңiлмейтiндей сияқтанды.
Жабағының құйрығындай күлтеленiп шыққан тарыны орып 
Ашауға  тиесiлiнi  екi  ұраға,  өзiмiзге  тиесiлiнi  екi  ұраға  көмiп, 
Ертiс бойына түсiп кеттiк.
***
Осы  жылдың  қоңыр  күзiнде  Далелхан  генерал  отырған 
ұшақтың  тауға  соғылып  күйрегеңдiгi  анықталды.  Ел 
азаттығымен, Алтай аймағында да жаңа өкiмет орнады. Алғашқы 
қадамда тың игерiлiп, керi  төңкерiсшiлердi жаныштау науқаны 
жүрiлiп, бұрынғы құрылымдар өзгере бастады.
Неге екенi белгiсiз, әкем шежiре, хиса айтуын тоқтатып, елмен  
бұрынғыдай  кеңесуiн  азайтты.  Отбасы  тiршiлiгiне  де  салқын, 
нарау  қарайтын  болды.  Пiшен  ұйпалақтанып,  аз  жиылатын, 
балықшылық жұмысын да iстемейтiн болды. Тұз сатып, ноқта, 
жүген түйiп, келi-келiсап  оятын көлденең кiрiстен де тиылды. 
Жаңа өкiмет хал сұрай келiп, астық мал таратып бергенде:
-  Бiз  жоқ  жiтiк  болған  кiсi  емес  едiк  -  дегеннен  басқа  тiс 
жармады.  Сол  жылғы  қоңыр  күзде,  мұғалім  ағам  Нұрмұқамет 
iлме болып ауырып6 дүниеден көштi. 
-  Қайран  боздағым–ай,  жиырма  жылдық  ғұмыр  да  көп 
болғаны  ма  саған?!  Маңдайымыздың  соры,  жүрегiмiздiң 
қарығы неге басылмайды  бiздiң? - деп Ақаң енiреп, мұқым елдi 
күңiренттi. Ал әкем болса, жақ қырысын ашпай көзiнен бұршақ-
бұршақ  жас  домалап,  нұры  қайта  қоймаған  қызыл  қоңыр  жүзi 
татарып,  күрсiнiп  қойып  отырады.  Әлде  жан-тәнiмен  жасаған 
ем–домының далаға кеткенiне өкiне ме, болмаса бара бер балам, 
бақыл  бол!  Көп  ұзамай  артыңнан  мен  де  барамын,  ақиретте 
көрiсейiк, мақшар күнде табысайық деп ойлай ма, ол жерi бiзге 
мәлiм емес. 
-  Иә,  орнында  бар  оңалар,  қайратты  бол,  Бати.  Сен  күсеп 
кетсең  ,басқамыз  қайтемiз?  -  деген  үлкендер  ақылы  да  әсер 
қозғай алмады. 
- Бұл кiсiге бiр Нұрахметтiң қазасы батып, шүңетке батырып 
отырған  жоқ-ау, осы! - деп қалды бiр ауашада мектеп меңгерушiсi 
Бақытхан  Рақай  мен  Сәрінжіпқа  күбiрлеп.    “Шойғатының 
қарағайы  қиыла  бастапты!”  деген  хабар,  Далелхан  генералдың 
мерт болуы, саптас замандасынан арт-артынан бiр қаншасының 
қолды болуы, осының бәрi әкемдi түнертiп  жүргенiн мен кейiн 
бiлдiм.
 Осындай күндердiң бiрiнде мен:
- Құдай-ау, әкемдi сақтай көр! Әкемдi сақтайтының рас болса, 
оның бiрге туып, бiрге өскен ортасын да сақта! - деп iштей тiлек 
тiледiм де, бетiмдi  сипадым.
-  Сен  дұға  оқып  тұрсың  ба,  не  деп  оқыдың!?  -  деген 
Сәрінжіптың сұрауынан сасқалақтағанымды сұрама.
-  Ің,  ің,  -  деп  басымды  бiр-екi  қылжың  еткiздiм  де  секiре 
жөнелдiм!
Өрнек бастауыш мектебiнiң оқуы биыл ерте басталды. Жыл 
сайын, маусым сайын реттеп сыныптарға бөле бастайды. Оқуда 
жақсы  болғандығы  үшiн  бе,  әлде  ата-анасының  беделiне,  жас 
шамасына қарай ма, қатыны бар сабақтастардың көбi-ақ төртiншi 
сыныптан оқитын болыпты. Менiң атым да сол төртiншi кластың 
ақырғы бiр шетiнен шығып қалды.  Мұғалім:
-  Ғалым,  -  деп  атаған  кезде,  сенiң  де  қатының  бар  екен 
дегендей маған жалт қараған Дарынханға: “Менiң қатыным жоқ 
қой!” деп қалып едiм, сабақтастар ду күлдi.
- Не күлкi , не күлкi? - деп Елубай мұғалім зекiгеннен кейiн 
оқушылар мысықтай болды.
Төртiншi клас бiтiрiп, орталау мектептерге шығатыны үшiн 
бар сабақты Бақытхан өз үстiне алған екен. 
-  Сабақтастар,  -  дедi  Бақытхан,  сабақ  бастаудың  алдында 
тебiренгендей    бiр  бейнемен  сөз  бастап:  -  Балапан  ұядан  ұшу 
алдында қауырсынын жетiлдiредi. Әр алуан машық жасап, көк 
аспанда  самғаудың,  еркiн  өмiр  кешiрудiң  әдiс-амалын  iздейдi. 
Жемдi  таласа  жеп,  ұядағы  затты  жұмарлап,  сiңiрiн,  күш-
қуатын  үстемелейдi.  Ұя  басар  тiрiдей  әкеп  тастаған  тағыны 
кергiлеп,  созғылап,  өлiм-өмiр  сайысына  дайындық  жасайды. 
Бүркiт сирек жұмыртқалайды, бiр-екi  ғана  жұмыртқа басады. 
Балапаны  не  ғұрлым  жалқы,  жалғыз  болса,  сол  ғұрлым  қыран 
болады  деген  сөзге  иланбаймын.  Өмiршеңдiк  қана  бұл  әлемдi 
сұрыптап, бiрден-бiрге дамытып, ең соңында адамзатты сомдап 
шығарған сiздер ұядан биыл түлеп ұшқалы отырған тiрнексiздер. 
Ғылымның  шырқау  шыңына  шыққанға  дейiн,  сан-санақсыз 
сұрыптаудан  өтесiздер,  бiреу,  екеу  болса  да  сол  шығанда  еркiн 
самғап жүрулерiңiздi арман етемiн! - дедi.
Бұл  жай  жадғай  сабақ  бастау  сөзi  емес,  үлкен  мұрат,  тiлек 
болды. Бiз ұя         басар мезгеген зеңгiрге жетуге бар қуатымызды 
салдық.  Есепте,  тiл-әдебиетте,  тарих,  жағарапия  сабақтарында 
Бақытхан мұғалімдi жақсы   көргендiгiмнен бе, әлде әкем айтқан 
хисса ертегi шежiрелердiң әсерi ме, болмаса жақсы адам болғым 
келетiн балалық қызбалығымнан ба, мен оқуға ынталы болдым. 
Менiң  “Өмiр  шындығынан  бет  бұру  кiмге  болса  да  береке 
бермейдi”  деген пiкiрiм сабақтастар iшiнде аңыс тудырды. 
- Сен, осы не деп жүрсiң?! - дедi мектеп меңгерушiсi, бiр күнi 
оңаша шақырып.
- Не деппiн?
- Әлгi, оқушылардың арасында өмiр шындығы туралы айтқан 
дауыңды баста!
-  Мен  дауласқаным  жоқ.  Жаратылыс  өмiр  мен  адам 
қоғамы бiреудiң құптауы, немесе шетке қағуына қарамай-ақ өз 
тiршiлiк заңымен дамиды. Қараторғай мен ұзақ шегiртке жейдi. 
Тоқылдауық ағашқа түскен құртты  қорек етедi. Бүгiн кейбiреулер 
торғай  егiндi  құртады,  зәңгі,  залың,  үкірдай  елдi  құртады  деп 
қараса,  осы  шындық  бола  ма  деп  ойладым,  мұғалiм,-  дедiм. 
Меңгерушi таң-тамаша қалғандай:
-  Абайла,  шырағым,  тым  ерте  есейiп  барасың!  Бұл  жақсы 
емес, - дедi.
-  Пролетариат  дегенiмiз  немене  өзі?  Бiздiң  ауылдарда  осы 
атаған  адамдарыңыз  бар  ма,    жоқ  па?  Бар  болса,  олар  -  кiм?  - 
дедiм мен.
Меңгерушi қамалғандай болды, екi айтып, бiр айтып, зәңгі-
залын,  байларды  ауызға  ала  бердi.  Оның  бүгiнгi  дәрiптемесiне 
қарағанда,  ел  берекесiнiң  ұйтқысы,  өзiнiң  туған  әкесi  Тағай  да 
зәңгі  болғаны  үшiн  буржуазия  болмақшы  екен.  Адамдарды 
көзсiздiкпен  былай  табынға  бөлiп,  таңбалай  салудың  қай  жерi 
iлiм.  Құрып  кетсiн  мұндай  қара  дүрсiн  iлiмi  деген  ой  келдi 
басыма. Оқыған, жеткен, көзқарақты делiнген меңгерушi жарым 
жылдың  алдындағы  түсiнiгiн  мүлде  өзгерткен  екен.  Әкемнiң 
шалымына  жетпейтiндей.  Ол  кiсiге  қадiрлi  көрiнетiн  нәрселер 
бұл кiсiнiң  жоғалту нышаны болған. Мен меңгерушiнiң ойы мен 
өз ойым отаса  алмайтын болған соң, үн-түнсiз шығып кеттiм. 
Бiр тәуiрi, әрi ең өкiнiштi  жерi – меңгерушi де, сабақтастарым 

95
да менiң мiнезiмдi балалық қырсықтыққа сайып “Ақаңа тартқан 
бiр мойын, томырықты” деп  келекеледі. Мен құсаланып жүрдiм. 
Бiрнеше  апта  өткеннен  сон  ғана,  әкемнен  жұбаныш  тапқандай 
болдым. Әкем бiр күнi мынадай қоңыр әңгiме шерттi:
- Балам, сенiң өмiр шындығы жөнiндегi мектептегi айтысыңды 
естiдiм. Шындық, әдiлеттiк, әсемдiк деген табиғатқа тән. Мынау 
маңайымызды    қоршаған  болмыста  соның  бәрi  бар.  Адамның 
ойы, миы жетпейтiн  құдiрет те сонда.  Шындық деген күнi бұрын 
кесiп-пiшiп,  мынау  ақиқат,  анау  жалғаншылық,  мынау  жақсы, 
мынау жаман деп белгiлеп қоятын нәрсе емес, көрген, бiлген iстi 
тәжiрибеден  өткiзiп,  қайта-қайта  сынаудан  өткенде  ғана  нағыз 
шындық  болады.  “Пышақпен  өз  қолыңды  кес,  ауырмаса  кiсiге 
сал” деген сөздiң мәнi осы. Шындық дәлелдеудi, байбалам салуды 
қажет  етпейдi.  Өздерiң  оқып  жатқан    жаратылыстық    сабақтар 
әне  сондай.  Сегiздi  сегiзге  көбейтсең  алпыс  төрт,  алпыс  төрттi 
төртке бөлсең он алты болады. Қазақ есепшiсi iстесе де, басқа 
ұлт  есепшiсi  iстесе  де  бiр  бөлек  шықпайды.  Шындық,  ақиқат 
дiнге, ұлтқа,  құрлыққа, тiлге, салт-санаға қарамайды. Хан, қара 
болғанына  назар  да  салмайды.  Омар  қажы  мыңғырған  бай  едi. 
Мен кедей болыппын. Тап, таптық күрес дегенiмiз  ақиқат деп 
сақалына сүрiнген сол кәрi әруақты, буржуазияны тепкiлеуiм, ол 
маған  қалдырған  мәдениеттi,  тарихты,  салт-сана,  тіл,  адамдық 
қасиеттi ойрандауым, ар-намысты жерлеуiм керек пе?! Жоқ, бұл 
менiңше  әдiлет  бола  қоймас.  Шындықтан  бет  бұру,  болмысты 
бұрмалау, тарихты бұрмалу, әсте тапқырлық iлiм емес, ауыр күнә. 
Абай болсаң, осындай бейшаралықтан абай бол балам!- деді.
 Әкем саяси сабақтарда айтылған алты ұран, үш ұлы  жол, 
демократия,  бостандық,  тап-таптық  күрес  дегендердiң  желеуiн 
жыртып  тастап,  адам    өмiрi  мен  жаратылыстан  шындықтың 
тыржалаңаш  тұлғасын ғана көз алдыма келтiргендей болды. Мен 
“Шiркiн, шындық!” деген өлең жазып  әкемнiң арманын ақтауды 
ойладым. Алайда салақ пенде бопаламдаған  шүйкедей бiрдеме 
болып шықты. Талай таң сарылып, өңдесем де ширамады. Ақыры 
халықтың мына бiр шумақ өлеңiн iшiмнен күбiрлеп оқығанымда 
барып  жазбақшы  болған  өлеңiмнiң  ойы  осында  айтылғандай 
болып көңлiм жай тапты: 
Қара таудың басынан көш келедi,
Жетiм тайлақ зар қағып, көшке ередi.
Қалың ел мен қара орман еске түссе,
Екi көзден мөлтiлдеп жас келедi. 
Бұл өлеңде бiр айтылған соң–ақ ауызға оралып, жанды ерiте 
жөнелетiнiнде  неңдей    кие,  тылсiм  бар?!  Саясатшы  болу  қиын 
емес,  ақын  болу  қиын.  Бола  алсам,  менде  сондай  ақын  болуға 
ұмтылуым  керек.  Егер  сондай  ақын  бола  алсам    саясатшы, 
жаратылыстық ортаны өлеңмен байымдауға болады екен ғой деп 
ойладым.
Зәңі-залын,  үкірдай,  тәйжілердің    орнына  жаңадан  орнаған 
ауылдық,    райондық  үкiметтiң  айрықша  белгiсi  көшпелi  кеңсе 
ұстап,  арт-артынан    жиын  ашып,  идеялық  саяси  қызыметтi 
дәрiптеуi болды. Бұл да бiр жаңа бастамаға,  жұрт iшiнде алуан 
түрлi аңыс та болып жатты.
-  Зәңгі,  залындардың  iшiнде  бiздiң  жаңа    үкiметiмiзден  үш 
аймақшы    болғандар  да  бар  шығар.  Бiрақ  гоминдаң  өкiметiне 
қарсы  төңкерiс    жасаған  бiр  қанша  елдiң  беделдi  адамдарына 
жұрт мұратына уәкiлдiк  ететiн халықшыл үкiметiмiздiң қарсы 
тұратыны қалай?! Бiз қарсы  тұрған гоминдаңға осы үкiметiмiздiң 
өзi  де  қарсы  тұрмап  па  едi?  деген    сияқты  арыз  сөздер  Рақай, 
Сәрінжіптердің аузынан шықты.
«Компартия дегенi баяғы совет те айтқан “коммунист” деген 
сөз.  Ауылдық  район  деп  жүргенi  калхоз-савхоздың  алғашқы 
аталуы,  керi    төңкерiсшiлердi  жаныштау  дегенi  кулактарды 
жаныштауы»  деген  сөздi  Байыз  бастап,  Әбілмәжін,  Нұрәдiл, 
Түркiстан имам қостап арадай гулестi.
-  Жаман  иә  жақсы  болса  да  тiршiлiгiмiз,  берекемiз  бар 
халық  едiк.  Ендi  күн  сайын  алаңдап,  келешiгiмiзден  уайым 
тосатын болдық. Жасырмай, жаппай  айтсаңдаршы қарақтарым, 
ортақтастыратындарың  рас  па?!  -  дейдi    жаудiр  көзді,  қошқар 
мұрын, бұрыл сақал шал  Мәлгаждар.
Мұндай  көз  қарастарға  район,  ауыл  кадрларының  өз 
түсiнiгi де шамалы болса керек; әйтеуiр, «таптық қырағылықты 
еселеп асыру керек» дегеннен басқа жауап қайтармайды. Мiне, 
кадрларыңды оншалық ұнатпасам да, бiздiн үйге келгiштеулерiн 
терiс  көрмейтiн  едiм.  Онда  болымсыз  екi  себеп  бар.  Бiрiншiсi 
–  әкемдi  Омар  қажыдан,  нақтылап  айтқанда  буржуазиядан 
бөле  қарағанына  қуанамын.  Екi  жылдың  алдында  сол  қажы 
атам  үшiн  масаттанған  сезiмiм,  бұл  кезде  ойыма  келмейдi. 
Екiншiсi  –  кадрлар  үйге  келген  соң,  шертиiп–шертиiп  жатады 
да, қалталарынан «Казбек» деп аталатын папиросты шығарады. 
Бiрақ оны толық тартпайды. Бiрнеше сорады да, оттың басына 
лақтырып жiбередi.  Мен ақырын оттың басына келемiн де қағып 
алып,  далаға  шығып    кетемiн.  Қорадан  шығарылған  құрғақ 
көңнiң  үстiне  барып,  әлгi    кадрлардай  шертиiп,  «Казбектiң» 
тұқылын тартамын кеп, және оларға елiктегiм келедi. 
-  Идея  дегенiмiз  –  адамның  көңiлi,  құлқы  деген  сөз!  -  деп 
сәңгiрлеп  қоямын.    Бұл  әлгiнде  ғана  ауылдық  кадр  Күнтуған 
әкеме айтқан түсiнiк болатын. От қызуымен тарамдалған көкала 
борбай есiмде жоқ, сол кадр құсап бiр аяғымның үстiне екiншi 
аяғымды  қойып,  көзiмдi  шүйiрiп,  маңыма  жақындаған  қарға 
торғайларға  паңдана  қараймын.  Мен  оларға    елiктеймiн  деп 
жүрiп, темекi құмар болып шықтым. Үйге кадрлар келмегенде, 
әкемнiң насыбайынан қалған iрiктi турап, ағаш қурайдың шiрiгiн 
қосып  тартамын.  Құмарым  қанбайтын,  сарығым  басылмайтын  
темекiшi болып алдым. Менiң тапқан маңдай алды тапқырлығым 
осы болғандықтан, саусақтарымдағы сарыны кетiремiн деп тасқа 
егеп  әуре  болсам  да,  мектепте  ұсталып  қалып  жүрдiм.  Мiнез 
нөмерiм бестен төртке, төрттен үшке термометрдiң күзгi сынап 
бағанасындай үстiрт құлдырап, екiге таяп барып тоқтады. Мiнезi 
екi  болған  оқушы  мектептен  қуалануы    керек  болатын,  оның 
үстiне шындық туралы көтерген саяси пiкiрiм және бар.
5
Тағы  да  бiр  жыл  айналып  қоңыр  күз  келiп  қалды.  Өрнек 
бастауыш мектебiн тауысып, Алтай қаласынан оқитын болғандар 
онша көп емес, он бала едiк. Қабылақаттан басқа үйлi-баранды 
сабақтастар  өздерi  арқандалған  қазықты  айнала  жайылып  қала 
бердi. Оның үстiне мойынсерiк құру, бiрте-бiрте коперацияға өту 
шақырығы да оларды  алаңдатпай қойғаны жоқ.
 - Еңбекшiм тапшы, балам оқи алмайды.
- Малшым менен шығып, мойынсерiкке кетемiн деп жатыр. 
Балама мал баққызамын.
- Бiр әке, бiр шешеден туған iнiмнiң жауы, таптық дұшпаны 
мен  болыппын!  Балам  оқи  алмайды  -  деп  ұлын,  қызын  оқуға 
жiбермегендер де бар.
Бiздiң  Ақан  жарықтық  малды  жиып  алады  деген  қауесеттi   
естiгеннен кейiн, жылқы, сиырын айдап Дестiнiң шатына түсіп 
кетiптi. Iздеп барған кiсiнi маңайына жолатпайды екен. 
-  Әне,  әне  көрдiңдер  ме?    Қаптап  келе  жатыр.  Жемей 
қоймаймын деп быжынап, келедi - деп тау басындағы қарағай, 
самырсындарды нұсқап, таяқ сермеп, топырақ шашады - дейдi.
- Немене, не көрiндi көзiңе? дегендерге.
- Әне, Ямжүз бен Махыжүз келе жатыр! - дейдi екен.
-  Жүрiңiз,  Ақа,  ықтиярыңыз  болмаса  малыңызды 
мойынсерiкке  алмаймыз.  Серiктесудiң  абзалдылығы  мол.  Сiз 
секiлдi  еңбек  қуаты  кем,  жарымжан  кiсiлердiң  табылмайтын 

96
қолқанаты - дегендердi таяқтап: 
- Алда, арбай түс, өңшең шоқыншық. Талай боздақты алдап, 
арбап, басын мүжідің ғой! Ендi менiң басымды ауыртпақсың ба? 
- деп өз бетімен сөйлеген соң, кадрлар кетiп қалады екен.
Манжура, Жарықбай, Сетербек дегендер ауылдың ең үлкен 
белсендiлерi  –    бадырақ  болып  алған.  Жиын,  кеңестiң  бәрiн 
айғай,  сүреңмен  солар  басқаратын  көрiнедi.  Манжура  -  бiздiң 
жақын туысымыздың әйелi. Елдiң құлқы бұзылмай тұрған кезде 
биязы,  момын,  берекешiл  әйел  болатын.  Әдемi,  шегiр  көздi, 
ақшыл, жұқалтаң жүздi күлiмсiреп тұратын. Ендi  Қабылхандай 
сес  боратып,  әуел  десең  қайнатасын  Бекең  шал  дей  салатын 
болған. 
-Үш  қажының  әкесi  -  Тәтiкен  деген  кiм?  Ол  да  бiр 
буржуазияның  тамтығы!  –  деп  шаңқ-шаңқ  етiп,  екi  сөзiнiң 
бiрiне  қосып  та  сөйлейтiн    болды.  Келiнi  өстiп  жатқанда 
кезiнде  Тәтiкеннiң  төрт  көкжалының  бiрi  атанған  кеусiрдей 
қызыл сары шал, оның қайнатасы ұзын, аппақ сақалынан жасы 
домалап арт жақта мыжырайып отыратын көрінедi. Ол басының 
қадырсыздығы  үшiн  емес,  ата  бабасының  әруағының  аяқ-асты 
етiлгенiне  жыласа  керек.  Оның  кезiнде  дау-дабырада,  отыз-
қырық  сойыл  тиседе  иiлмеген  еңсесi  бүгiн  келiнiнiң  алдында 
жермен-жексен  болып,  жан-пендеге  қарай  алмай  отырғаны  да 
содан. 
Жарықбайдың ежелгi аты – Бiлеу болатын. Әркiмге түкiрiгiн 
шаша, бұт-бұттап, жоқ жерден жанжал шығарып, басы жарылып 
жүргендiктен, осылай аталып кеткен екен. Ол бет-аузы бытпиған, 
терiсi  қалың,  сүзеген  бұқа  бiтiмдi  кiсi  едi.  Ал  Сетербек  болса 
жұқалтаң  қызыл  шырайлы  ұят,  намысты  бiлетiн,  өз  еңбегiмен 
жан  баққан,  жалқы  жiгiт  болатын.  Бұлардың    қалайдан-қалай 
мұншалық елеуреп кеткенiне менiң миым жеткен жоқ. 
-  Ақыр  заман,  тақыр  заман  деген  осы,-  дедi  әкем,  кешке 
жақын  қырман басында созақтата күрсiнiп.
Тақыр заман дегенi, ақыр заманын ұйқасы ма, әлде бәрiнен 
тұттай болдық дегенi ме, ажырата алмадым. Әкемнiң көкiрегiне 
ауыр  шер  байланғандығын    сездiм.  Мүмкiн,  бiлгiштердiң  тап-
таптық күрес деп жүргенi осы ма екен әлде?! Онда адамдардың 
жаратылыстық ортасы мен қалпы, адамдық қатынасы бұзылып 
кетпей ме деген ой келдi басыма.
Алтай қаласына барып оқу үшiн аз да болса қаражат керек, 
көрпе-жастық,  киiм-кешек  толықтамай  болмайды.  Балағы 
жырым-жырым  шалбар,  жеңi  сатпақ  жарғақпен  орта  мектепке 
кiру  елден  ұят.  Топты  жан  қысы-жазы  талшық  еткен  аз  iрi 
қараның  бiрiн  сат  дегенге  аузым    бармайды.  Тұздан,  балықтан 
басқа  қолөнерден  түсетiн  көлденең  кiрiс  қазiр  пышақпен 
кескендей  тиылған.  Жер,  су  мемлекеттiкi,  жұрт  тәуiр  тұрман 
тағынуды  қойып,  малмен,  мүлкiн  қайтерiн  бiлмей  жүр.  Сонда 
егiншi    Рахаттың  шарқыш  арбасын  алып,  қалаға  отын  апарып 
сатудан басқа  қаржы табу жолы қалмады. 
Мен ақбақай торы құнанды ерттеп, қара бұлақтың бойында 
отырған  үлкен  отауға  барып  түстiм.  Аймек  ағам  ешкi  жайып, 
түзде жүрген сияқты. Азамат балалары тiршiлiк қамымен Ертiс 
бойына түсiп кетiптi. Үйде кәрi  жеңгем Озипа мен әпкем Маруа 
ғана  отыр  екен.  Көптен  бері  біздің  үйге  бара  алмаған  Озипа 
жылап-сықтап әкемнiң, шешемнiң денсаулығын сұрап, заманның 
ауқымын  мұңдап  көп  сөйледi.  Бiресе  айранын,  бiресе  шайын 
құйып:
-  Барып-келiп  тұрыңдаршы  өзi!  -  деп  туыстық  сағынышын 
бiлдiрдi.
Қалаға отын апару ойымен, балта сұрап келгенiмдi естiгенде 
ол шошынғандай селк етiп: 
-  Жо-жоқ,  болмайды!  Сен  отын  кесе  алмайсың,  ертең, 
бүрсiгүнi-ақ Сымағұл пiшеннен қайтып келедi. Сол алып берсiн 
отынды.  Саған  балта    бере  алмаймын.  Жаңа  тапталған,  өткiр 
балта, бiр жерiңе тиiп кетсе мерт қылады! - деп зар қақты.
Жасы ұлғайған кiсiнiң жаны аяулы болады, балта қолыма бiр 
тисе  бұл кемпiр қала бермей ме деп ойладым.
Қас қарая өрiстен Айкен оралды. Айғайлап берген сәлемiме 
аузын да жыбырлатқан жоқ. Тарамыстанған мойны мен үшкiлдеу 
көзi сәл қисайып, бейтаныс бiреуге қарағандай аңыра тамсанып 
қойды.
- Үй, Айке танымадың ба? Сәлем берiп тұрған жақсы атаның 
ұлы Қалтай емес пе! – деп кәрi жеңгемнiң таныстыруына өзiм 
намыстандым. Айкен ұйқыға жататын кiсiдей шапан, шалбарын 
сыпыра отырып: 
- Әке-шешең  аман ба? Неге бiрер ағаш тары ала келмедiң? - 
деп суық езу тартты. Тымақтың  iшiндегi ақ шытты қиқы-шойқы 
басына  қайта  орап,  күпiсiн  желбегей  жамылып,  көйлекшең, 
дамбалшаң  төр  алдына  отырып  алған  соң,  алдына  дастарқан 
жайылып, даяр тұрған дабара шәугiм  шайдың алғашқы шынысы 
құйылды.
Бұл  кiсiнiң  сыры  бәрiмiзге  аян.  Үлкен  бiр  шәугiм  шайды 
сарқып, iшiп  болғанша қабағын ашпайды, өзге жанға сөйлемейдi 
де. Басқа жұмысым болмаған соң мен далаға шығып кеттiм.
Бiздiң  бұл  отау    десе  дегендей  ұқыпты  едi.  Салақ  отбасы 
секiлдi  ошақ-мосы,  келi-келiсабы  шашылып  жатпайды.  Отыны 
бақшаланған,  өресi  тап-тұйнақтай,  басы  артық  мүлiк  сыртқа 
жиылып  жаңбыр  шаймайтын,    күнге  құрғамайтын  етiлiп, 
құнтты оралған. Қыл аяғы бұзау желiсінiң басынан да иiс-қоныс 
сезiлмейдi.  Малдың,  құстың,  өзге  үй  хайуанының    дайрағы 
алысқа тасталып, үй төңiрегiндегi тас, ағаш , жасаң өзiнiң табиғи  
реңiн сақтаған.
-  Ағаң  ақылсыз  болғанымен,  Озипа  затты  кiсi  ғой!  -  дей 
берушi едi шешем. Қораның шетiндегi ешкiлерге көзiм түскенде 
мен Айкен ағама сүйiндiм. Жүнi сырт айналған өңшең саржағал 
алтын сары күмiстей ақ серке, ешкi, тушаларды былай қойғанда, 
серкештей  үлкен  лақтардың  тап–тақыр  мойыны  қайқайған 
құйрығы,  жұп–жұмыр  бүйiрi,  секіріп  ойнаған  әсем,  әрлi 
көрнiстерi  көңiлiмдi  тоғайтты.  Жеңгем  мың  затты  болғанымен 
де, малды мұнша семiртiп, жан саны көп жанұяны жұтындырып 
басқара  алмас  едi.  Жыл  он  екi  ай  ораза  ұстағандай  болып 
ешкiлердi бағып-қағып жүрген осы Айкен ғой. Бiр шәугiм шайды 
ғана емес, бiр қазан еттi  жалғыз жесе де болады ғой. Мойынсерiк, 
коперацяға өткiзгенше өз еңбегiн өзі  жеп, iшсiн деп ойладым.
Үйге  қайта  кiрсем  шайға  қанған  ағамның  миығына  күлкi 
үйiрiле қалыпты.
- Қанша қап тары алдыңдар? Мойынсерiкке қатынастыңдар 
ма? - деп сұрады. Мен қамалып қалдым.
- Үлкендер болмаса, бала қайдан бiледi оны - деп жауапты 
Озипа қайырды.
-  Менiң  саяси  iстерге  көңiл  бөлгiш,  түпкiш  екенiмдi 
сезбейтiн аға-жеңгем  Ақбақанның ахуалын мұңдаған болып, өз 
қамырықтарын бiлдiредi. 
- Не басында үй, бауырында қазан жоқ, не шалқып жатқан ата 
дәулетi  жоқ. Он екi мүшесi де сау емес, шын мүсәпiр сол дағы! 
-  Айтпа  деймiн!  Аядай  қуысқа  малын  тоқтата  алмай, 
арпалысып    жүргенiн  көрдiм.  Маңайына  жолататын  емес. 
“Абужахил, қаншелек, көрiнбе көзiме!” - деп алыстан шабынып, 
жеп қоярдай болды. “Есiл қажы атам-ай, азғындаған ұрпағыңды 
әруағыңмен ат, малын берген  шоқыншықтар ендi жанын бередi, 
иманын бередi. Ат, ат, киеңмен!” - деп  есiрiктенедi. Сұрқынан 
түңiлiп, бiр ауыз да тiлдесе алмадым. Шараптың  мойынсерiкке 
қатынасуын азғындыққа жатқызатын секiлдi, - дейді  Айкен.
- Ондай кiналағанымен, пенде жазмыштан қашып құтыла ала 


1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал