Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



жүктеу 282.35 Kb.

бет23/33
Дата09.01.2017
өлшемі282.35 Kb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33

КЕРТАЛҒАР
(роман)
ғалым ҚАНАПиЯҰЛЫ
тегiн емес. Ал бұл жер бiздiң ата мекенiмiз 
ғой! - дедi. 
Әкемнiң көңiлi ендi ғана орныққандай, 
кең тыныс алды. 
-  Көп  өрiстi  шалып,  алды-артымды 
аршып бердiң, жиен. Сөзiңнiң жаны бар, 
саған сенбей отырғаным жоқ! Табиғаттан 
алаңдаған    едiм.  Бұл  бала  әкеден  үш 
жасында  жетiм  қалды.  Ағам  Жанәбiлдiң 
ақырғы  дем  сәтiндегi  осыған  қараған 
көзi  әлi  көкейiмнен  кетпейдi.  Тiлi  сөзден  
қалғанымен, көз қарашығымен тапсырған. 
Әруақ  күңiренбесiн  деп,  аузыма  тiстеп, 
арқама  көтерiп  өсiрдiм.  Арқа  тiрегi, 
сүйенiшi  саналған  менiң  күнiм    мынау 
болғанда, мұнда нендей дәрмен бар екенiн 
өзiң бiлесiң. Тiлегiме жарай бiрнеше күшiк 
бердi құдайым. Солардың қарны ашпаса, 
көзi    мөлтеңдемесе  болды  ғой,  саған 
тапсырдым,  құдай  әруаққа  тапсырдым  - 
дедi әкем.
Көлдіайрықтан  бiрнеше  үй  бөлiне 
көшiп,  көк  жотаға  қарай  тартқан  кезде 
сиыр, бұзау, ит, бала-шаға азан-қазан болды. 
Әсiресе, кәрi апаның көзiнен парлаған жас, 
дiрiлдеген тарғыл ерiндерi:
- Ендi тiрiде көрер ме екенмiн, көрмес 
пе екенмiн, бақыл болыңдар - деп еңiреген 
дауысы  өзегiме  у  болып  құйылғандай 
болды.  Көшiп  кеткен    үйлердiң  жұртына 
қарап  шешем  егiледi,  көршi-қолаңның 
көкiрегi күптi. Заманға наразы ма, өздерiне 
наразы ма, әлде көшпендi қазақ тұрмысына 
наразы ма, оны мен бiлмеймiн.
-  Бiздiң  Сықан  шалдың  топырағы  осы 
жерден  бұйыратын  болды-ау.  Құсайын 
өзгемiзге  қараулық  еткенiмен,  Сыдық  пен 
Тезекбайға оң қарауы керек едi. Сыдықтың 
ұлы  Сейіт  Құсайынға  он  бес  жыл  қойшы 
болды.  Әкесiн  жұртқа  тастап  кетуге  сол 
қойшы қалай төздi - дейдi Әбілқаят намыстан 
өртенердей  қызыл  күрең  болып.  Құрып 
қалғыр  көшпендiлiк–ай деген. Адамдардың 
жiгерiн  әлсiретiп,  берекесiн  алып  алудан 
саққа  ұрады  -  ғой!  “Апама  жездем  сай, 
сасыған  етке  борсыған  май!”  дегендей  
көшпендiлiкке  сай  келетiн  қазақтың  мал 
шаруашылығы,  талай  ұрпақтың  жетесiне 
жеттi. Оқу, өнерден, қала тiршiлiгiнен кенде 
қалдырды.  Үш    атасының  бiрiн  бай,  бiрiн 
кедей етiп аразшылықты қоздырады.  
Қосақтап  сауын,  қосарлап  көлiк,  ай 
сайынғы  жалақысына  жаны  жуан    бiр 
қой,  кейде  қой,  серкеш  бергенiн  Сыдық 
теңелмесе, Құсайын ендi қайтедi. Жұртта 
қалғаны-ақ сол оның.
- Ел мен жұрттан ұят болды. Қалғың 
келсе  Таралаңда  қал,  туыс–туғанынның 
қарасып,  қайрылысып  тұрғанына  да 
қолайлы!  -  деп  айтып  көрiптi.  Сықан 
өзiнiң ұқыпсыздығына өкпелеудiң орнына, 
Құсайынға    өкпелеп  мойнын  iшiне  алып 
кете берген. 

91
Шiлденiң  орта  шенiнен  кейiн–ақ 
Көлдіайрықтың үш құлақ шөптерiне  шық 
байланып,  мал  қайырған,  суға  барған 
кiсiлердiң етегi, балағы  шылқылдап кетедi. 
Таң алдында боз қырау байқалып қалады. 
Ел  ендi  сал    етектеп,  сырылып  қонуға 
тиiстi.  Әкемнiң  Аралдан  шегiну  алдында 
iстейтiн тағы бiр кәсiбi -  дәрi шөп 
теру  болатын.  Матрошка,  тау  сарымсағы, 
мергия, елiк балдырғаны, бақа жапырақ, ақ 
кекiре, қоңырау гүл, у сойқы, құндыз шөп, 
шетен  ұрығы,  қу,  қарта,  жоңышқа,  қара 
қомық, су бүлдiрген, шие, қымыздық, құлан 
қурай,  теңбiл  қына,  киелi  ермен,  шүкір 
тамыры, шегiршiн ұрығы, қой жуа, сасыр, 
қарандыз,  шұғынық,  мақсары,  аю  бадам, 
тезек тас, жау жұмыр, емен, жаңғақ, түйе 
табан,  ақ  желкек,  үпiлмәлiк,  жолжелкен, 
бойдақ кендiр ұрығы, ит түйнек, қарғалдақ, 
қарақат  тамыры,  құлмақ  күлi  секiлдi 
қоректiк  құны  жоғары  шөптердi  күнi 
бұрын жинатып, кептiрiп  алған  әкем ойдан  
артып  шыққан қазынасының орнын, ендi 
шөп-шалаңмен толтырды. “Мынау жөтелдi 
тиып, демiкпенi басып, қақырық түсiретiн 
дәрiлер”  деп  бiр  тобын,  “ыстықты  басып, 
уытты қайтаратын дәрiлер” деп бiр тобын 
орап-шымқайды.  “Қан  тиятын  дәрiлер” 
деп бiр тобын. “Қан толтыратын дәрiлер” 
деп бiр тобын буып-түйедi. Көлдіайрықта  
адамға  дауа  болмайтын  бiрде-бiр  шөп 
жоқ  сияқты.  Қылайағы,    Көкаланың 
дарасындағы    шыбын-шiркей  үймелеп 
жататын  майбұтаға  қандай  қызықты 
десейшi әкем! Көлiк болса, құдiретi  жетсе 
соны Ертiс бойына көшiрiп алып кетер едi.
Ауыл  Көлдіайрықтан  қайта  шалқып, 
Сәкiнiң  сары  жонынан  асып  түстi  де, 
Астауша  деп  аталатын  қонысқа  келiп 
қонды. Астаушаның шөбi  ересен бойлап 
шығады  екен.  Ылғи  ақбас  балдыр,  көк 
бұршақ,  бұйра  жоңышқа,  жолдас  қияқ 
кереге  жайғызбай,  жүктi  көлiктiң  үстiн 
соғып  тұр.  Шатаңға  қарай  беттеген 
жылқының 
құлағы 
ғана 
көрiнiп, 
пысқырынған  дыбыстары естiлiп қалады. 
Маңайы қалың қарағай, жасыл биiк, бурыл 
шатаң.  Тесе,  күрекпен  шөптi  жапырып 
жүрiп  үйiмiздi  әзер  тiктiк.  Мұндайда 
Қадымның, 
Әбiлқаяттың 
көбiрек 
көмектесетiнi  Құсайынның  үйi  болады. 
Себебi,  бай  үйiнiң  қолқанаты  жоқ.  Сейiт 
қойда қалған. Бар болған күнде де қойын 
құрттап,  айранын  ұрттап,  көзi  бозарып 
отырудан  аспайтын  өлез  кiсi.  Байдың 
бәйбiшесi  Ықыш  болса  маңқылдап 
бұйрық соғудан аса алмайды. 
4
Шал  мұғалімнен  Құсайын  бауырына 
салып алған  Рахымқалым (ауылымыз менi 
Сары Қалтай деп атағандықтан, оны Қара 
Қалтай деп атап  кеттi ) менен екi жастай 
кiшi.  Қашаудан  туған  үш  бала  әлi  ұсақ, 
оның үстiне ең үлкенi Зарықан еркекшора 
болып, үй жұмысына жұғыспай ат үстiнде 
өстi.  Жалғыз  Қашаудың  әлек  болып 
жүргенiн көрген үлкендер:
-  Әу,  Әбiлқаят  сен,  баршы!  Қадым, 
сен  де  бар!  Үйлерiн  тiгiсiп,  отын,  суына 
қарасып  жiбер,-  демей  отыра  алмайды. 
Шалдардың  ойлайтыны  –  Апшекеңнің 
кенжесiнiң  көңiлi.  Соны  сындырмаймыз, 
қайыстырмаймыз  деп  бәйек  болады. 
Жастар  ұсақ–түйек  кiрбіңдiгiн  ойлап, 
жоқ  неменi  мін  көргенiмен,  шалдардың  
бұйрығын  ықтай  жалдап,  бар  жұмысты 
тындырып қайтады.
Үй  тiгiлiп  болар–болмастан-ақ,  бiз 
қызылқат  теруге  аттандық.  Жемiстi  дер 
кезде  терген  жақсы.  Сәлім,  Қалымдердiң 
Көкжотада  қалып  қоюы  осы  кезде  ғана 
қайғы  болып  қарыды  көкiрегiмдi.  Бар 
болса    қатарымда  дүрiлдеп  жүрмес  пе 
едi бүгiн! Мынау Қалтай, Зарықандармен  
түйдей  жасты  едi  ғой  Сәлiм.  Менің 
қарадан-қарап  тұрып  жылағым    келдi. 
Ендi  көрермiн  бе,  көрмеспiн  бе  деген  ой 
бауырымды  балқытып,  езiп  бара  жатқан 
сияқты.  Жанымханның,  Қайырбайдың, 
Тiлеубайдың  саталақтанған, айғыз-айғыз 
беттерi де бiр түрлi жарасымдылықпен көз  
алдыма келдi. “Аман ба екен, қалқаларым” 
деп күбiрлеймiн, өзiмше үлкен  аға болмақ 
болып.  Расында  олардың  бәрiнен  менiң 
жасым,  жолым  үлкен  едi.  Төбелессең 
де  бiрге  жүру  үлкен  ғанибет  екен  ғой. 
Салтайды  боқтаған  едiм  неше  рет,  неге 
ғана  боқтадым  екен  сонда?  Мiнезiмде 
бiр  осалдық  бар  менiң!  “Жақын  жүрсе 
тiстеп, алыс жүрсе кiсiнесу” дегенiмiз осы 
болғаны ғой. Мен жылқы емес, адам едім 
ғой. Неге тiстестiм екен бауырларыммен!
Қарағайдың  жиегiне  iлiне  бере 
тамылжыған  қалың  қызылқатқа  көзiмiз 
түстi. Сыпырып соғып жатырмыз. Бiрiнен 
бiрi  әдемi,  бiрiнен  бiрi      дәмдi  көрiнген 
соң  таусай  бердiк  әйтеуiр.Ар  жағымызға 
ел  қонып  үйдегiлер  есiмiзге  түскенде 
ғана  Сағидияштың ала келген тоязысына 
(тоязы 
– 
қайыңның 
қалың-қалың 

92
қабығынан  жасалған  қақпақты  шелек)  уылжып  пiскен  жемiстi 
соған  толтыра  салдық.  Қызылқат  үйiм-үйiм  болып,  алаңқыны  
қуа  самсап  өсетiн  өсiмдiк.  Бiз  осы  жемiстi  терiп  жүргенiмiзде, 
мұрныма  бiр  жағымсыз  иiс  келдi.  Соның  арасынша  бұрқырап 
жатқан аюдың жапасын көрдiм. Жүрегiм зырық ете түскенiмен, 
артымда  келе  жатқан  Сағатай  мен    Зарықан  шошымасын  деп 
ойлап, жапаның үстiне қасында ғана тұрған етектей жапырақты 
жыға салдым.
-  Қызылқат  жаман  екен  бе?  -  дейдi  Сағатай  менiң  үрейлi 
ұсқыныма қарап.
- Иа, жаман екен, кетейiк! - дедiм де, үйге қарай зымырадым. 
Аюдың  шөп-шалаң, қыл–қыбыр, қызылқат араласқан жапасын 
көргенiмдi  ауылға  да  айтпадым.  Қызылқат  тамаша  жемiс 
болғанымен,  тiстi  қамап,  тiлдi,  таңдайды  ойып  тастайды  екен. 
Осыдан  кейiн  тошала  теретiн  болдым.  Тошала  дегенiмiз  –  жер 
тастың бетiндегi боз тiкенге су моншақтай тiзiлiп, көздiң жауын 
алатын, төтенше дәмдi, қарақаттан да шырынды көк шегiр жемiс. 
Мен  аюдың  дайрағын  жасырып  үйге  айтпағаныммен,  аю 
өзiн  жасырған  жоқ.  Екi  күннен  кейiн-ақ  көршi  ауылдан  елеген 
даңғырлап,  қайыңтоз  қабығы  жағылып,  сиыр  өкiрiп,  ит  ұлып, 
уда-шу  болды  да  кеттi.  Адам  айғайы  тауды  жаңғырықтырады. 
Әне-міне  дегенше  бiздiң  ауыл  да  дүрлiгiп,  сиыры  азан-қазан 
болды.  Ит  өзеленiп  үрiп,  Сейіттiң  тарғыл  жарықшақтанған 
айғайы көтерiлдi. Ел әлі жата қоймаған. Азаматтар  қолдарына 
шала, бақан ұстай сыртқа ұмтылып, далаға шықты. Бай үйiнiң  
жуан төбеттерi қаңқылдап үйге тығылды. Құсайынның үйiнде су 
жаңа бесатар бар болатын. Алайда, соны ұстап, аюды қарауылға 
алатын  адам  темiр  тостың  басында  күмiс  қақтап,  дүкен  ұстап 
отыр.
Астаушаның  бергi  қырқасынан  түстiкке  көз  салғанда 
шығысы  мен  батысын  ну  қарағай  көмкерген.  Мынадай  жеті 
қараңғы тұрмақ, тапа-тал түсте бесатар ораулы тұрған жерiнен 
қолға алынбайтын. Қысылған елдiң есiне сол мылтық түстi. 
- Үй, әлгi Нұрсапа қайда? Құсекеңнiң мылтығын неге алып 
шығып, мына аюды атпайды?
- Шақырыңдар,  Нұрсапаны!
-  Ауылдың  әлегi  аспанынан  келгенiн  бiлмей  отырма  ол? 
Ауылымызда  содан  басқа  мылтық  бiлетiн  кiм  бар?  Келсiн 
бермен! - деген жазғырулар  қамшы болғандай Шәпем Нұрсапаға 
жүгiрдi. Мен де iлесе ұшырттым. Ақбас атан секiлдi мың салсаң 
бiр баспайтын сарбаз жездем үйiнде екен. Аю шауып, елдiң абыр-
сабыр  болып  жатқаны  каперiне  кiрмейтіндей.  Сап-сары  алтын 
тiсiн көрсете езу тартқаны болмаса, шегiр жанары майлы iшектей 
тысырайған,  саусақтары  iстен  таятын  емес.  Шық-шық  балға 
соғып, күмiстi қағаздай жұқартып барады. Әпкем Төлеуханның 
құлақ  ұлпасында  дiрiлдеген  алтын  алқа,  мойынындағы  тұмар, 
бұрама қос бiлезiк осы қаз мойын, сабаз жездемiздiң өнерi. Бұл 
бес тұрманды ғана емес, мылтыққа тал тартатын  ақылы асқан 
ұста. Тәтiкеңнiң маңдайға басқан қызын қағып түсуi де оның кең 
мiнезi мен осы өнерiне байланысты болса керек.
-  Үй,  жетiмойын,  сұрқылтай,  iргеңде  ғана  болып  жатқан 
айғай-шу  саған бит шаққан құрлы сезiлмегенi ме! Мынауың қай 
отырыс? - дедi Шәпем ашуланған болып. 
- Е, айта отыр, ел көштi, жау жеттi деп даңғаза болмаған күнi 
бар ма Тәтiкеңнiң? Тағы не болып қалдыңдар? - дедi ол төстен 
көзiн  алмастан    күмiстi  шық-шық  соғып.  Оның  миығындағы 
әдемi күлкi мен шам жарығына шағылысқан күмiс нұры ұстаның 
ұяң, сарғыш мұрттары  арқылы бiздiң бетiмiзге шашырағандай 
болды.
-  Үй,  доңыз,  тұр  орныңнан!  -  деп  балғасын  тартып  алды 
Шәпем.
-  Одан  да  желкесiнен  бiр  түйiп,  айдап  шығып  кетпеймiсiң 
Шарап!  Басынып  болды  ғой  бұл  сендердi  -  дедi  әпкем 
намыстанғандай.  Әйелiнiң    ашулануы  да  Нұрсапаның  көңіліне 
келетiн емес. Шәпем оны қолынан жетелеген бойы Құсайынның 
үйiне  алып  келдi.  Ауылдың  сырты  әлi  де  даң-далаң.  Шала 
лақтырып,  елеген  даңғырлатып,  сойыл,  шоқпар  кезенiп, 
қайыңтоз  жарығын  жарқылдатып  жүргендер  көп.  Бiр  қойдың 
белiн  опырып, табанының астына басып алған аю кетер емес. 
Таяп  барған    итке  топырақ,  қурай  түбiрiн  жұлып  лақтырып 
қалады. Гүр-гүр еткен дауысы мен атан бұқадай топанына ешкiм 
батынып  бара  алатын  емес.  Мылтықтың  таңдайына  оқ  басып, 
таяп барған Нұрсапа:
-  Атамын  ба,  атпаймын  ба?  -  деп  жынмен  сөйлескендей 
күбiрлеп  тұр:  -  Атсам  оқ  дарыйды,  ұшып  түседi,  ол  жақсы. 
Терiсiн жайып тастаймын! - деп сығалай бердi де, қайта айныды. 
-Кейде  оқ  дарымайды.  Аю  түтiнге  шауып,  өзiмдi  бассалады. 
Өзiммен тынбай, мұқым ауылды қырады! Жоқ, атпаймын! – деп 
мылтықты лақтыра салды да, кете барды сабазың. Таң атқанша 
айғайлап,  өлген  қойдың  етiн  аюға  жегiзбедiк.  Таң  қылаңдай 
бастағанда ғана аю ел-жұртқа наразы болғандай, әсiресе иттерге  
өкпелегендей, мойнын қылжитып бiраз тұрды да ақырын аяндап 
жүре  бердi. Тым үлкен қаражон қоңыр аю екен.
***
Су  мылтық  атысып,  тайынша,  бұзау  мiнiп  жарысып,  тай 
үйретiп,  жанымызда  бiр  тыныштық  болмайтын  бiз  бүгiн  қозы 
тоғытуга аттандық. Бұл қозы күзем басталғанының, ел Аралдан 
шегiнетiн  кездiң  таяғанының  белгiсi.  Көптеген  бастау,  бұлақ 
тоғыса келiп Төртторғайтының Қараөткел деген жерiне таяғанда 
кiлкiп  аққан  өзен  болады.  Қозыны  сол  Қараөткелге  апарып 
тоғытамыз. 
Жүрдек лақ, бiрдi-екiлi ешкiнiң бастауымен астаушадан лезде 
асқан қозы, жазыққа түсе бере ұйлығып, жер томар, бұта-бүрген 
түбiне тұмсығын  тығып үйездеуге ұмтылды. Құйрығы ошақтай 
өңшең бағлан аз жүрiстiң өзiн көтере алмайтындай, бүйiрлерiн 
соғып,  қарадай  шайлап  жатып  алды.  Тоқым  сабалап,  ырғай 
шыбықтың  бүрiмен  зуылдатқанымызды,  шапан,  көйлегiмiздi  
қолға алып үркiткенiмiздi елейтiн емес.
-  Бұл  шатақ  болды,  мына  жүрiспен  Қараөткелге  қашан 
жетемiз? - деп  дегбiрсiздендiм мен.
-  Күйгелектенбе,  үш  жүз  алпыс  күн  Сейiттiң  қай  жаны 
шыдаған.  Сен  асығады  екен  деп  малды  демалтпау  керек  пе?!  - 
дедi Қадым зекiп. Көзі  бозарып, ернi кеберсiп шөлдеген Сейттiң 
бейнесі көз алдыма келедi. Өрiске шыға алмай, шайлап қалған 
қойлардың  құйрығын  таңып,  жүнiн  сұйылтып,  кергiш,  кескек 
таңып  әуре  болып  жүрушi  едi.  Әсiресе,  көшi-қон  алдында 
бәйгеге  қосатындай  жаратып,  шөбi  желiнiп  болған,  шиырға 
кiш-кiштеп  ақырын  ғана  аударатын.  Аралдың  раң  отын  сойқап 
жеген үлкен мал қарны жарылып, шайлап жатқанда, жаздай сүт  
емiп, май басып кеткен қозыларға ренжу ақымақтық сияқты. Iс 
сәтiне айналғанда Шакуден Қараөткелге қарай бiр қора қой шыға 
келдi. Қалаға айдаған салық мекемесінің малы екен. Неше күн 
қора төңiрегiне иiрiлген iрi қой  күре жолды бойлап, жылқыдай 
саулап келедi. Қой сарынын алыстан  сезген қозылар да маңырап, 
орындарынан елегiзiп тұрысты.
-  Осы  орайдан  пайдаланамыз.  Бажы  малын  алдыға  өткiзе 
бере iлесемiз, қане дайын болыңдар. Қосылып кетуге де, қалып 
қоюға да болмайды! -  дедi Әбілқаят.
Бiздiң ешқандай қой-қозымыз жоқ. Қолғанаты аз, балалары  
әлжуаз  бай  туысымызға  жәрдемдесу  –  үлкендер  мойнымызға 
артып  қойған  бiр  борыш.  Көшпелi  тұрмыстың  туырлық,  үздiк, 

93
текемет, сырмағы да  итпелейдi. Оның үстiне даланың бiр қызығы 
осы!  Шешеке,  ботам  тап,  жүзік  тастау,  ақсүйек,  алтыбақан, 
әлпеншек ойнау, қыз қуарға шығу, ат  жарыстыру, той-думандарда 
арысқа түсiп, өлеңмен айтысу. Түңгi күзет, жылқы iңiрттеулерге 
қатысып,  таң  атқанша  ән  шырқау.  Күзде  байдың  сетер,  мырза 
бикештерiне ат немесе қошқар алып барып сiрне жеу. Қорықтық 
iшу.  Күзгі  қорықтық  айрықша  дәмдi  болады.  Бес-алты  малта 
тасты  қыздырып  бiр  саптаяқ  қой  сүтiне  тастап  жiберсең  лезде 
бұрқылдап  қайнайды.  Күзгi  қою  сүт,  кiлегей  батпырап  тiлiңдi 
үйiредi.    Қауымдық  қоғамның  отты  тапқан  жасампаздығына 
бiр  сүйiнсең,  сүттiң    шырынын  татқаныңа  екi  сүйiнесiң.  Әуелі 
қосшылар  сонау  Құбының  құмында,  отарда  жүрген  кездерiнде 
қойдың тамам етiн қарынына салып, жердi қазып көмiп, үстiне 
сексеуiл  отынын  өртеп  тастап,  ертеңінде  жейтiн  бүрменiң  етiн 
айтқанда аузыңның суы құрыйды. 
Мiне,  осындай  малшылар  iндiшiлiгi,  әдет–салты  дегенде 
думанды, көрiктi, көңiлдi-ақ. Тек ұрпағын оқыта аларлық болған 
болса бұған не жетсiн! Сарбас жоңышқа, бидайық, кекiресi үзеңгi 
соққан шалғынды өлкенi бойлап отырып, Қараөткелге де келдiк. 
Қараөткел әрi терең, әрi тұнық сезiлдi маған. Жап-жасыл аспан, 
қалың  қарағай,  жалдас  шалғын,  аппақ  бұлт  өзен  астына  аунап 
түсiп, болымсыз елбiреп назданғандай болады. Қараөткелден әрі 
масатыдай құлпырған дала, қойнау–қойнауды  түкпiрлеген аппақ 
ауылдар, мыңғырған мал, қара орман.
Шiркiн,  Арал,  сенiң  осы  әсем  бейнеңде  тозар  ма  екен! 
Көлдіайрық,  Жағаштай,  Ақбұлақ,  Желгектi,  Төртторғайтының 
гүлi,  қарағайы,  бұлақ-бастауы,  аспаны  да  оңар  ма  екен  деген 
ой  келдi  басыма.  Қамырықты  мұндай  ой  қалайдан-қалай  сап 
ете  түскенiн  өзiм  де  бiлмеймiн.  Әкемнiң  “адам  көбейе  берсе 
уытты қол, кезеген аяқ ақыры Аралға да жетедi ғой” дейтiн. Көк 
шөптi  жұлдырмайтын,  жас  шыбықты  қидырмайтын,  жұмыртқа 
шақтырмайтын,  жылан  өлтiрiтпейтiн.  Әкем  Аралдың  қыртысы 
өзгерсе  кайтер  екен?!  Сондай  кез  болатыны  қақ  болса,  құдай 
әкеме  сондай  күндi  көрсетпей-ақ  алса  екен  деп  тiледiм  мен. 
Өйткенi, өзге байлық, рахаттан тұттай болған жүрегi, ортасының 
ойрандалуына  шыдамайды  ғой!  Қазірге  дейiнгi  еңбек,  тiршiлiк 
ойлау дағдысы өзiн қоршаған ортаның  құдiретiне байланысты 
сезiлетiн  маған.  Ол  айтқан  хиса,  ертегi,  шежiре,  билiктiң  қай-
қайсысы да осындай ортадан шет болғанды! Әкеме құдай ғұмыр 
беретiн  болса,  онда  өсiп-өнген  ортасын  сақтасын!  Мынау  ел, 
мынау өлке аман болсын, әйтпесе бәрi бекер!!
Төрт жүз қозыны тоғытып, суға малшынғандарын бiр-бiрден 
қайта сүйреп түсiп, әбден жуындырдық. Табиғатқа да, үлкендерге 
де керегi осы едi! 
Бiз  Таралаңға  оралған  кезде  көктемгi  көк  бурыл  сай-
салаға  сарғыш  жапырақ,  қуаң  түсi  араласып,  тал-терек,  қайың 
бабыстары,  бүргендi  беткейлер  болымсыз  желемiкпен-ақ 
дөңбекшiп,  сары  ала  толқын    шалқытатын  болған  екен.  Шау 
қарғаның  үнi  тау  жаңғыртады.  Теректiң  бұтағында,  қос  мұрын 
тастарда, атыз арық жағасында бастары аппақ  болып шаңқ-шаңқ 
етедi. Бейне асқа, тойға немесе жәрмеңкеге жиналған кимешектi 
жас әйелдер секiлдi. Қара торғайдың көптiгiнде тiптi қисап жоқ.  
Ауған  бұлт,  көшкен  тасқын  iспеттi,  күннiң  көзiн  торлап  бiресе 
ол қырқаға, бiресе бұл қырқаға көлеңке жайып келiп, төңкерiлiп 
қонады.
- Егiннен дәнеңе қалмаған екен! - деп қалды Қадым. 
-  Қате,  күпiр  ойладың  балам!..  Ұлы  жаратылыс  бiздiң 
рыздығымызды    өзі  қорғап,  өзi  қоршап,  көзге  көрінбей  келіп, 
Ғайып-Ерен  Қырық-Шілтен  болып  орнап    қалыпты.  Ражат  дер 
кезiнде  су  бере  алса  ғана  болғаны,  бел  бөкседен  демесем  де, 
астыққа кәні болғалы тұрмыз – дедi әкем, әлгi құстарға бiр түрлi 
құрметпен қарап.
 Бiз Бәтiкеңнiң түкпiрiндегi қалың талдың iшiне келiп, жүк 
түсiрiп  жатқан  кезiмiзде    Ражат  та  жеттi.  Теңiз  жылқысындай 
домаланып қалған торқасқа ат пен торы биеге разы бола қарап, 
егiн жайын сөйлеп жатыр.
-  Судан  кенде  болған  жоқ.  Құнарлы  топырақ  қой,  шығуы 
да бөлек-ақ!.. Ақбүйрек қара тары мен қызыл тары бiрiмен бiрi 
бас таласқандай  жебей, сағақ толтырды. Бiреуiнiң басы қос уыс 
шығады, биыл бұл өңiрге қаптап кеткен ұшпа қызыл шегiрткенi 
мынау екi досымыз аз күннiң iшiнде тып-типыл қылды да, өздерi 
де  жұдырықтай  болып  семiрiп  алды.  Ел  өзiнiң  көктеу,  күзеу, 
қыстау, жайлауын салықшылар қорғап қалғандай сезедi. Онысы 
ағат. Барлық өрiс-қонысты қорғаған осы екi мықты! - дедi Ражат 
ұзақ пен қара торғайларға қарап.
-  Қасиетiңе  бас!  -  деп  бәйтерекке  басын  ие  күбiрледi  әкем. 
Әлгiнде    ғана  ырысымды  тонағандай  наразы  бола  қалған  мен 
ендi  терек    басындағы    ұзақ  пен  қараторғайларға  мөлие  көз 
тастадым. Бiз үшiн, жаратылыс үшiн, адамзат игiлiгi үшiн қалың 
еңбек сiңiргенiн ұқпай тұрып, айыпқа бұйырыппын, кешіре гөр!.. 
Осы қараторғай, осы ұзақ құрлы жұртты емiрентерлiк қасиет бар 
ма  бiзде?  Iстегенiм  -  жәбiр.  Iздегенiм  -  қыңырлық,  озбырлық. 
Тағы  да  өзiмдi  саналымын,  адаммын,  жаратылыстық  әлемнiң  
қожайынымын дейдi екенмiн. Маған осыншалық әспенсуды кiм 
үйреткен?    Кешiрiңдер,  қараторғайлар,  кешiрiңдер  көкмойын 
ұзақ!! - деп iшiмнен күбiрлеп терек басына қарай басымды идiм. 
«А, айыбын бiлдi! А, оқасы жоқ!» дегендей даурығып, терек 
бұтақтарында отырған құс дүр етiп ұша жөнелдi. Мен олардың 
тобына,  әсiресе,  қараторғайдың  құйындай  бүктетiлiп,  заулап 
аспанға шыққан қанат қағысына сiлейiп қарап тұрдым. Бойымды 
сұрапыл тасқын кернегендей болады. Бұл - қараторғайдың мына 
шыңнан ана шыңға төңкерiлген ұшқыр екпiнi ме, әлде өзiмнiң 
жүрек  қаным,  тасыған  жан  сезiмiм,  ұят-намысым  ба,  ештеңенi 
парықтай алмадым. Әкемнiң  “қасиетiңе бас” деген жалғыз ауыз 
сөзi ғана құлағымда күңгiрлеп тұр.
Аралдағы ел Шойғатыға қайта өтiп, күзем алу үшiн жарты ай, 
бiр ай отыратындай болып кең жайғасты деп естiгенбiз. Бажының 
қалған  малы  да  сол  Шойғатыда  тапсырылмақ.  Оның  үстiне, 
бұрынғы  үкiрдай,  тайжы,  залың,  зәңгі,  амбы  деп  аталатындар 
ендi  атсыз-аяқсыз  қалдырылып,  жаңа  аудандық  өкiмет,  район 
құрылады екен. Үрiмжiден Алтайга келген  партия өкiлi солай 
ұйғарыпты деген дақпырт қоса тарады.
- Партия деген немене?
- Ауылдық өкiмет, район дегенi қалай?
- Ежелгi ел басшылары нелiктен керексiз етiлдi?
-  Осы  әлгi  iшкерiге  кеткен  Далелхандардан  хабар-ошар 
жоқ па? - деген ел iшiндегi сұраулардың барi де жауапсыз қала 
бердi. Ертiс бойындағы пiшенiне еңбекшiлерiн түсiрмек болып 
Нұрсапа,  Нұрахмет,  Сәрінжіп,  Ракайлар  көшiп  келгеннен  кейiн 
ғана там-тұмдаған жауап қайта бастады.
- Партия дегенiмiз коммунист деген сөз! - дедi Нұрсапа.
-  Олай  емес  шығар.  Коммунистер  қатынды,  қазанды, 
қазнаны ортақ етедi демей ме. Мынау компартия деп аталатын 
көрiнедi ғой.  Халықшыл, әдiл жұрттың қыл бүлдiргесiне тимей, 
мұңын мұңдап, жоғын жоқтайды деседi. Осынысы рас, әйтпесе 
халықшыл өкiмет аталмайды ғой! - дедi Сәрінжіп. 
-  Батырақ,  батырақтың  өкiметi  дегендi  бiз  Ресейден  көрiп, 
солай  ортақтастыруынан,  халықшылдығынан  қашып  келiп 
отырмыз.  Әдiлет,  теңдiк,  бостандық  дегеннiң  бәрi  тек  ауызда 
айтылатын ғана сөз! - дедi  Нұрсапа. 
- Батырақ дегенiң не нарсе Нұрсапа-ау, алтындатқан аузыңнан  
бағалы бiр сөз шықсыншы қарағым, – дедi, ұзын айыр сақалды 
қарт Сүйекбай қарадай кейiстiк бiлдiрiп. 
- Ақсақал, шын сөз бағалы ма, өтiрiк сөз бағалы ма? Алдымен 
осыған келiскенiмiз мақұл, - дедi қаз мойын Нұрсапа.
- Шын сөз бағалы.
- Шындық құнды. 
- Әдiлет айт! - деп жұрт қамап кеткен соң Нұрсапа біршама 
шешiлдi.
- Советте ауыл кедейлерiн «батырақ» дейдi. Колхоз, совхоздың  
айғайпозы,  бардам  кiсiнiң  заулысы,  ауылдық  өкiметтiң  иесi  - 
сол    батырақтар.  Ел  аузында  жүрген  көп  ортақтық  –  солардың 
шындығы.  Компартия  дегенiмiз  –  коммунистiк  партияның 
қысқартылып   айтылуы. Сiздердiң iшкi өлкелерiңiз көне өкiметтi 
аударып,  жаппай  азаттық  жариялап,  Қытай  коммунистерiнiң 
бастауымен халық республикасын құрдык деп отыр. Ендi үкiрдай, 
залын,  зәңгiлердi  мансаптан  қалдырып,  ауылдық,  райондық 
өкiмет  құруларыңыздың  артында  “керi    төңкерiсшiлердi 
жаныштау”  деген  атпен  жоғары  жiк  адамдарын    конфескелеп, 
колхоз,  совхозға  ерiксiз  ұйысып,  байырғы  шаруашылық  
тәсiлiн жоясыздар. Бiрнеше тапқа, жiкке бөлiнiп қырық пышақ 
боласыздар.   Көңілдерiңiзге келсе де мен көрген, ендi бәрiмiзге 


1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал