Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



жүктеу 282.35 Kb.

бет20/33
Дата09.01.2017
өлшемі282.35 Kb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33

                                                 
 Дилара ШАРИПОВА, өнертанушы

79
Бүгінгі  таңда  Өзбекстан  Республикасының  мәдениеті 
мен  өнерінің  өркендеуіне  ерекше  үлес  қосқан  қазақтар  біраз 
баршылық. Солардың арасынан бүкіл шығармашылық ғұмырын 
кеңестік  кездегі  өзбекстандық  танымал  «Лязги»  фольклорлы-
этнографиялық ансамбліне арнаған апалы-сіңлілі Алмагүл және 
Үрбігүл  Сүйербаеваларды  ерекше  айта  кеткен  жөн.  Осыған 
орай,  Үрбігүл  апайымызбен  жолығып,  өзі  туралы  сұхбаттар 
алып,  ән,  естеліктер  айтқызғанда байқағанымыз, бүгінде еңбек 
демалысына  шықса  да  ол  кісінің    бойында  халқы  үшін  еңбек 
етуге,  оның  салт-дәстүрін,  орындаушылық  өнерін  дамытуға 
деген талпынысы әлде де зор екен.    
Үрбігүл сүйербаева екі ағасы, екі әпкесі, бір інісімен алты 
балалы  жанұяда  туып-өскен;  кішкенесінен    әкесіне  тартып 
домбыра,  баян,  өзге  де  түрлі  аспаптарда  ойнап,  ән  айтатын 
болған. Мектепте оқыған кезінде көркем өнерпаздар үйірмесіне 
тұрақты  қатысып  өнерімен  танылған.  Өнерге  баулып  сахнаға 
шығарған  мектептегі  музыка  пәнінен  сабақ  берген  ұстазы 
музыкант, ақын, сазгер Сәбит Нәлібаевтің жетекшілігінде аудан, 
облыс,  республика  конкурстарында  жүлдегер  атанып  есімдері 
елге таныла бастайды. Сондай елеулі өнер бәйгесі 1972 жылдың 
наурыз  айында  өтеді.  «Мархабо  талантлар»  конкурсында  досы 
Мавлюда  Айнақұлова  екеуі  бірінші  орын  алып,  Өзбекстан 
халық  әртістері  Мухаммаджан  Мирзаев,  Гаухар  Рахимовалар 
назарына  ілігеді.  Дәл  сол  жерде  талантты  жастарды  Өзбекстан 
мемлекеттік  филармониясының  «Лязги»  этнографиялық  ән-
би  ансамбліне  жұмысқа  шақырды.  Ол  кезде  Үрбігүл  9  сынып 
оқушысы  екендігіне  қарамастан  филармонияға  шұғыл  түрде 
жұмысқа  қабылданады.  Осы  1972  жылдын  қыркүйек  айында 
Қазақстан  әдебиеті  мен  мәдениетінің  Өзбекстандағы  онкүндігі 
өтуі  қарсаңында  аталмыш  мерекеге  дайындала  бастайды. 
Сол  кезде  әпкесі  Алмагүл  Ташкенттегі  Театр  және  кино  өнері 
институтының  1  курс  студенті  болатын.  Ұстазы  КСРО  халық 
әртісі  Тамара  ханум  «Қара  торғай»  әнін  үйретіп,  ансамблдің 
биші  қыздарына  арнайы  би  кояды.  Онкүндіктің  жабылу  гала-
концертінде  осы  нөмірмен  сахнаға  шығып,  жас  өнерпаздар 
тыңдармандардың ыстық ықласына бөленеді. 
Міне,  осылай  басталған  профессионалды  сахнадағы  өнер 
жолы  апалы-сіңілі  талантты  қыздардың  өмірінің  ажырамас 
бөлігіне  айналып,  талай  елдер  мен  жерлердің  дәм-тұзын 
таттырды.  «Лязги»  ансамблі  құрамында  олар  сол  кездегі 
Одақтас республикалардын барлығында, көптеген шетелдердегі 
өткен  гастрольдік  сапарларда  болды.  Әпкесі  Алмагүлді 
Гаухар  Рахимова  институттың  4  курсынан  жұмысқа  алады  да, 
содан  бастап    Үрбігүл  әпкесі  екеуі  сазгер-әнші  дуэті  болып, 
өнердегі  өмірі  де  қатар  өріледі.  Олар  аккордеон  мен  Хорезм 
гармонын  жетік  меңгеріп,  ансамбльмен  өзге  әншілер  және 
бишілерге сүйемел жасайды; өздері де тамаша әндерді айтатын 
орындаушылар болып қалыптасады. 1975 жылы Тунисте  өткен 
халықаралық  фестивальде  табысты  өнер  көрсетіп,  аталмыш 
өнер  мерекесінің  лауреаты  атанады.  Сол  аралықта  Үрбігүл 
Ташкент  театр  және  кино  өнері  институтын  сырттай  оқып 
бітіреді.  «Лязги»  ансамблінде  Үрбігүл  мен  Алмагүлден  басқа 
да қазақ музыканттары мен биші қыздары болады. Ансамбльдің 
баян  аспабында  музыкант-орындаушы  Сәбит  Нәлібаевтің 
шәкірті  Әділ  Әбдіқадыров  болса,  Нәзира  Тұрынтаева,  Жамилә 
Сапарова,  Мавлюда  Айнақұлова  ән-биді  құлпырта  орындаған 
шеберлер  болып  қалыптасады.  Ансамбль  репертуарында  олар 
өзбек  халқының  әр  өңірде  өзіндік  ерекшелігімен  танылған 
фольклорлық  ән-би  музыкасымен  бірге  өзге  де  халықтардың 
танымал  шығармаларын  кеңінен  орындайды.  Солардың  ішінде 
қазақтың  халық  әндері  мен  заманауи  композиторларының 
«Сәулемай»,  «Дайдидау»,  «Бір  бала»,  «Жариям  айдай»  секілді 
т.б.туындылары  да  Алмагүл  мен  Үрбігүлдің  екі  дауыста 
құйқылжыта орындауымен тыңдармандарын ләззатқа бөлейді.  
Қазіргі таңда Мавлюда Айнақұлова Өзбекстанға еңбегі сіңген 
әртісі атағын иеленген өнерпаз, құрметті демалыстағы зейнеткер, 
ал Ә.Әбдіқадыров - музыканттық еңбегін әрі қарай жалғастырып, 
өзінің  сахналық  тәжірибесін  жастарға  үйретуден    жалықпаған 
ұстаз,  музыка  мектебінің  директоры.  Ал  Алмагүл  Сүйербаева 
болса  2009  жылы  55  жасында  дүниеден  өтеді.  Үрбігүлдің 
өзі    зейнеткерлік  демалыста  болса  да,  Өзбекстандағы  қазақ 
диаспорасының  жиын-тойлары,  мәдени  шараларына  белсенді 
қатысып,  өнерімен  тыңдармандарға  қызмет  етуден  жалыққан 
емес.  Ал  талантты  өнерпаздар  жанұясының  шығармашылық 
жолын кімдер жалғастырады деген мәселеге келер болсақ, үлкен 
ағасының  Есімхан  атты  баласы  ансамбльде,  немересі  Жұлдыз, 
інісі  Балқыбектің  ұлы  Атабек,  Алмагүлдің  баласы  Азамат 
тамаша әншілік өнерімен елге танылып жүр. Үрбігүл Сүйербаева 
өзінің және әпкесі Алмагүлдің өнерін алға жетелейтін осындай 
жас буынның бар екендігіне қуанады, өзінің жасап кеткен рухани 
мұрасын  кейінгі  жас  толқын  таланттар  жалғастырады  дегенге 
зор үміт артады. 
Өзбекстандағы  қазақтар  арасында  өзіндік  орындаушылық 
ерекшелігі бар, классикалық және эстрадалық үлгідегі талантты  
әншілердің  бірі  -  серіжан  жанахметов.  Науаи  облысының 
Тамды  елді  мекенінде  мәдениет  үйінің  меңгерушісі  болып 
қызмет атқаратын талантты  әншінің салмақты да әдемі дауысы 
бүгінгі таңда Өзбекстан мен Қазақстаннан да асып, алыс- жақын 
шетелдердегі  тыңдаушыларға  да  жетіп,  оларды  тәнті  етіп, 
жоғары бағаларын алып жүр.  Репертуарындағы қазақ халқының 
кең  тынысты  классикалық  шығармалары  мен  әлемдік  вокалды 
музыканың үздік туындылары сөзсіз уақыт сынынан сұрыпталып 
өткен,  бүгінгі  орындаушылар  репертуарының  алтын  қорының 
туындылары.  
Серіжан    Қызылқұм  даласындағы 
Үшқұдық  ауданының 
Мыңбұлақ  ауылында  он  балалы  жанұяның  кенже  ұлы  болып 
дүниеге  келген.  Серіжанның  атасы  осы  өңірге  белгілі,  жыр-
дастандарды  таңды-таңға  атыра  жырлаған  Батырбай  жырау 
болған екен. Сондықтан болар, Серіжан кішкентайынан өнерге, 
ӨЗБЕксТАНДАғЫ ҚАЗАҚ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ

80
музыкаға жақын болып ер жетеді. Жеті жасынан бастап өнерге 
ден қойып, жанұядағы ән орындаушылық өнер жалғастығын алға 
қарай жетелейді. Жанұя мүшелерімен бірге орындалатын әншілер 
хорынан Серіжанның күшті де ұшқыр дауысы ерекше бөлектеніп 
естілетін.  Он  үш  жасында  аудандық  жас  таланттардың  өнер 
бәйгесіне қатысып, алғаш рет  жүлделі орын алып, айналасын, 
туған-туыстарын қуанышқа бөлейді. Орта мектепті аяқтағаннан 
кейін  Серіжан  көп  ойланбастан  ауыл  балаларының  көбісінің 
баратын  жолы – құрылысшы-дәнекерлеуші мамандығы бойынша 
құрылыс-механикалық цехқа жұмысқа тұрады. Жұмыста жүріп 
ылғи  ыңылдап,  кейде  дауыстап  ән  айтумен  болады.  Осылай 
бір  сарынды  жалғаса  берген  еңбек  күндердің  бірінде  Науаи 
тау-кен  комбинатының  Мәдениет  үйінде  жұмыс  істейтін  вокал 
студиясына  түсу  үшін  конкурсқа  қатысады.  Бұл  жас  жігіттің 
қалған  ғұмырын  түбегейлі  өзгерістерге  алып  келеді.  Барлық 
жиналғандарды  өзінің  қою,  қоңыр    дауысымен  таңдандырған 
Серіжан есімі содан кейін барша өнерге құлағы түрік жандардың 
ауызында болады.            
Кейін «Елес» атты ансамбльдің жеке әншісі болған талантты 
жастың өнері мен дауысы жайлы көптеген кәсіби мамандардың 
арасында  қызу  әңгімелер  айтылып  жүрді.  Қазақстандағы 
«Сәлем,  Голливуд»,  Латвиядағы  «Балтийский  транзит»  және 
Молдавиядағы  «Лица  друзей»  секілді  бірінен  кейін  екіншісіне 
жалғасқан  жеке  халықаралық  ән  өнері  бойынша  қатысқан 
конкурстарының дипломанты атанғаннан кейін әнші Өзбекстанда 
болып  тұратын  көптеген  концерттік  бағдарламаларда  өнер 
көрсетті. Осылай өнерімен сан түрлі сахналарда 
өнерін ұштап, 
22  жасқа  толған  Серіжан  Жанахметов  Өзбекстан  Мемлекеттік 
өнер институтының  музыкалы драма факультетіне оқуға түседі. 
Студенттік  жылдар  Серіжан  үшін  шығармашылық  өсу, 
жетілу,  аяққа  тұру  кезеңі  болды.  Өзбекстан  джаз  оркестріндегі 
әншілік жұмысы институттағы оқу спектакльдеріндегі сахналық 
рөлдерімен  жалғасып,  әншілер  конкурстарына  қатысу  секілді 
жұмыстармен  қатар  жүріп  отырды.  Белгілі  әнші-педагог 
Мансұр Ташматовтың жетекшілігімен Серіжан кәсіби әншілікке 
бейімделіп,  орындаушылықтың  қыр-сырына  жетіліп,  бірте-
бірте  Өзбекстан  атынан  халықаралық  ірі  ән  конкурстарында 
сахнаға шығуға мүмкіндік алды. Талантты шәкірт бас-аяғы үш 
жылдың  ішінде  Украинадағы  «Памяти  Ивасюка»,  Москвадағы 
«Маленькая  страна»,  Орел  қаласындағы  «Славянская  звезда», 
Бельец қаласындағы «Хрустальный аист» конкурстар секілді әр 
түрлі халықаралық бәйгелерге қатысып, жеңімпаздар қатарынан 
көрініп,  жүлделі  орындарды  жеңіп  алды.  Осы  кезде  туған 
жерінде  де  оның  талантын  танып,  еңбегі  орнымен  бағаланып, 
республикалық  «Тасанно»  жүлдесінің  екі  мәрте  лауреаты 
атанды.  Ал  2006  жылы  оның  есімі  Өзбекстанның  жастарға 
арналған «Камолот», «Узбекистон белгиси» сыйлықтарын алушы 
жеңімпаздар қатарынан көрінді.
2007  жылы  «Еуразия»  студиясында  жазылған  Серіжан 
Жанахметовтың екі дискісі жарық көрді. «Дорогие мои родители» 
атты алғашқы дискіде украин әншісі Владимир Ивасюктің көпке 
танымал  әндері  болса,  екінші  дискі  қазақ  халық  әндері  мен 
халық  композиторларының  әндерінен  құралды.  Үшқұдықтан 
шыққан  жас  талантты  қазақ  әншісінің  болашағынан  өнерге 
қанат  қақтырған  ұстаздары  үлкен  үміт  күткен  болатын.  Сол 
үміт  алдамай,  жас  әншінің  эстрада  сахнасынан  алған  биіктері 
жылдан  жылға  салмақтанып  келеді.  2009  жылы  С.Жанахметов 
Екатеринбургте  өткен  талантты  балалар  мен  жастардың  «Mix-
art»  II  халықаралық  ашық  конкурс-фестивалінде    эстрадалық 
вокал  номинациясы  бойынша  Гран-при  жүлдесін  жеңіп 
алса,  араға  жарты  жыл  салып  Науаида  өткен  танымал  қазақ 
композиторы Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған ән 
орындаушылар конкурсында да  бас жүлдені олжалады.
Бүгінде  Ташкент  театр  институтын  тәмамдап,  туған  жері 
Үшқұдыққа қайта оралып, еңбекке араласқан жас әнші Мәдениет 
үйінің директоры қызметін жеке әншілігімен қатар алып келеді. 
Республика мен шетелдердегі халықаралық конкурстарға шығып 
жүрген  танымал  әншінің  бойында  кең  сахараның  тумысынан 
талантты  етіп  жарата  салған  табиғи  кеңдігі,  еркіндігі  молынан 
сезіледі.  Дауыс  ерекшелігі  бөлекше  салмақты  үнімен,  құлаққа 
жағымды естілетін бояуымен  танылатын Сержан ән орындағанда, 
тыңдарман демін ішіне тартып тына қалатын сәттер аз болмаған. 
Түр-тұрпаты келісті әнші жігіттің сахнадан орындайтын әндері 
де  сан  алуан.  Репертуарындағы  қазақ,  өзбек,  орыс,  украин 
халық әндерінен бөлек, романстар да көптеп кездеседі. Әншінің 
ерекше сүйіп орындайтын шығармаларының арасынан Абайдың 
«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, 
қаламқас» т.б. әндері ерекше орын алады.  
Өзінің шығармашылық қадамының басында кездесіп, үлкен 
өнерге бірге жүзіп бастаған «Елес» ансамблінің сүйемелдеуімен 
аудан мен облыстың орталық концерт алаңдарында өнер көрсетіп 
жүрген  Серіжан  Жанахметов  жеке  концерттік  бағдарламамен 
және  үлкен  құрам  қатысатын  концерттерде  әнімен  халқына 
қуаныш  сыйлап  келеді.  Тәуелсіздіктің  20-жылдық  мерекесіне 
орай Өзбекстан Республикасы Президентінің  жарлығына сәйкес 
Серіжан Жанахметов «Шухрат» медалімен марапатталды. 
Бұл  тілге  тиек  етіп  отырған  әншілер  бүгінгі  өзбек  жерінде 
шығармашылықпен айналысып жүрген көп санды қазақ өнерпаз 
тұлғалардың аз ғана бөлігі. Солардың ішінен Қарақалпақстанның 
халық  артисі,  Өзбекстанның  еңбек  сіңірген  артисі  Аида 
Абдуллаева есімі бөлек аталады. Ол 1962 жылы Нөкіс қаласында 
композитор  Кеңес  Абдуллаевтың  отбасында  дүниеге  келген. 
Аида  музыкалық  мектептен  кейін  Нөкіс  өнер  және  мәденеит 
колледжіне  хор-дирижер  бөліміне  оқуға  түседі.  Колледжді 
аяқтағаннан  кейін  Аида  сол  оқу  орынындасабақ  бере  жүріп, 
Бердақ  атындағы  Қарақалпақ  мемлекеттік  музыкалы  драма 
театрында  бас  хормейстер,  симфониялық  оркестрдің  екінші 
дирижері  болып  жұмыс  істейді.  Кейін  Өзбекстан  Мемлекеттік 
консерваториясын  оқып  бітіреді.  1986  жылы  алдымен  педагог 
Н.И.Қазиевтің  класынан  негізгі  мамандығы  бойынша  хор 
дирижері, кейін 1995 жылы педагог К.М.Усмановтың класында 
опера-симфониялық  оркестрдің  дирижері  мамандықтары 
бойынша диплом алып шығады.
Мемлекеттік  емтиханды  тапсыру  сәті  келгенде  Аида  
Ә.Науаи  атындағы  Мемлекеттік    опера  және  балет  театрының 
ұжымы алдында Дж.Вердидің «Травиата» операсына дирижерлік 
етеді.  Осы  опера  А.Абдуллаеваның  опера  және  балет  театры 
сахнасындағы  шығармашылығының  тұсауын  кесіп,  бұл  театр 
жас дирижердің негізгі жұмыс орны болып қалды.

81
-  Дирижердің  бойында  ұстаздық,  жеке  даралық  қасиеттері 
ерекше  көрініп  тұру  керек  дейді,  –    Аида  Абдуллаева.  –  Ол 
өнерпаздарды  ұйымдастырушы,  соған  орай  орындаушылардың 
бар  ынтасы  мен  бойындағы  шығармашылық  күш-жігерін 
қажетті  арнаға  орнымен  бағыттап,  көркем  шығарманың 
сәтті  орындалуын  ұйымдастырады.  Менің  дирижер  ретіндегі 
мақсатым – сахнадағы әрбір музыкант пен әртіс музыканы дәл 
мендей сезініп, қабылдауын қамтамасыз ету. Дирижер музыканы 
орындау  барысында  ол  шығарманы  жазған  композитормен 
авторлық құқыққа ие тұлға деп білемін.
Театрда  жұмыс  істеген  жылдары  Аида  Абдуллаева 
біраз  спектакльдерге  музыкалық  жетекшілік  етті.  Әр  түрлі 
шығармаларды,  әр  кезеңнің  композиторларын  театрда  сахнаға 
дайындау  үлкен  ізденісті  қажет  етеді.  Бірде  бір  спектакльге  
дайындық барысында кілт табу оңай бола қоймасы анық. Міне, 
сол кезде тынбай ізденіс арқылы келетін жұмысқа деген барынша 
берілу өзінің нәтижесін беріп жатады. Дж.Пуччинидің «Богема» 
операсын  сахнаға  қоярда  Италиядан  арнайы  шақырылған  
Джованни  Гварьеримен  бірге  репетиция  барысында,  автордың 
шығармадағы  ой-идеясын  ашуда  Пуччини  дирижерімен  бірге 
ізденіп жұмыс істеу арқылы ол өзіне кәсіби дирижерге қажетті 
көп тәлім алады. Н.Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығы» 
операсы  да  -  дирижердің  тынымсыз  еңбегімен  келген 
шығармашылық жеңістерінің бірі.
Аида  Абдуллаеваның  шығармашылық  жұмыс  кестесі 
қауырт.  Театрда  жұмыс  істей  жүріп  белгілі  өзбек,  қарақалпақ 
опера  сахнасының  шеберлерімен  бірге  Елена  Образцова,  Зураб 
Соткилава, тағы басқа көптеген орындаушылармен жұмыс істеуі 
шығармашылық  байланысының  көп  екендігін  көрсетеді.  Соны-
мен бірге оның Астана және Алматы опера және балет театрларына 
шақыру  алуы,  жаңадан  ашылған  Шымкент  опера  және  балет 
театрында  опера,  балет,  концерттік  бағдарламаларда  тұрақты 
дирижерлық  етуі  өзінше  бөлек  әңгіме.  Тәжірибе  жинақтау  үшін 
Санкт-Петербургтегі  Владимир Спиваков оркестрімен болған екі 
айлық сапары ерекше есте қаларлық сәттер. 
Қазір Аида Нөкіс қаласындағы Бердақ атындағы Қарақалпақ 
Мемлекеттік музыкалы драма театрына арнайы келіп, концерттер 
ұйымдастырып жүр. Концерттік бағдарламаларда Батыс Еуропа, 
өзбек  және  қарақалпақ  композиторларының  шығармалары 
орындалады.  Сахнадан  ол  В.Моцарттың  «Фигароның 
үйленуі» операсына кіріспе, өзбекстандық және қарақалпақстандық 
композиторлар С. Юдаковтың, К. Абдуллаевтың, К. Заретдиновтің, 
Н.  Мухаммеддиновтың,  З.  Лепесовтың,  С.  Палвановтың 
шығармаларын  орындап  келеді.  «Операмен,  балетпен  немесе 
симфониялық шығармамен жұмыс жасау бірдей қиын әрі жауапты 
іс, -  дейді Аида. - Біз опера мен балетте сахнадағы орындаушының 
хал-күйіне қарап, оның сахналық орындауына сүйемел жасаймыз, 
жылдамдықтың  ән  орындаушыға  қолайлы  болуы,  тынысының 
толық жетуі секілді т.б. сахнадағы артистің психофизиологиялық 
мүмкіндігімен  тұрақты  санасып  отырамыз.  Ал  симфониялық 
шығармаларда автордың партитурада белгілеген көрсетпелері біз 
үшін заңдылық». 
Осыған  орай,  дирижердің  күні  бүгінге  дейінгі  сүйікті  
балеттік  спектакльдері  П.Чайковскийдің  «Щелкунчик»    және  
Карен  Хачатурянның  «Чиполлино»  секілді  балаларға  арналған 
туындылары екендігін де айта кеткен жөн. 
Аида өзінің көп уақытын Ташкентте өткізетініне қарамастан 
туған  жері  Қарақалпақстанға  барып  жұмыс  істеуді,  ол  жердегі 
концерттерге  қатысуды  өзіне  үлкен  мәртебе  санайды.  Осыдан 
ол  өзіне  үлкен  шабыт,  шығармашылығына  кең  тыныс  алады. 
Аиданың алдағы күндердегі жоспарларына келер болсақ, ол - тым 
көп.  Келешекте  Самарқанда,  Науаида,  Үшқұдықта  концерттік 
бағдарламалармен сахнаға шығуды ойластыруда. Сонымен бірге 
Ә.Науаи  атындағы  опера  және  балет  театрының  сахнасында  
қойылатын У. Мусаевтың «Томирис» балетімен жұмыс жасамақ.  
Г.  Доницеттидің  «Махаббат  сусыны»  операсының  дайындық 
жұмыстары  қызу  жүріп  жатыр.  Сонымен  бірге  келешекте  К. 
Заретдиновтың «Томирис» операсының тұсаукесері Ташкенттегі  
опера сахнасының ғана емес, барша республиканың музыкалық 
өмірінің есте қаларлықтай мәдени жарқын беттері болады деген 
ойда. 
Аида  театрдағы  дирижерлік  жұмысымен  бірге  Ташкент 
консерваториясының  доценті.  Опера-симфониялық  класында 
болашақ дирижерлерді жетілдіруге, бүгінде өзінің шәкірттермі-
мен  үлкен  кәсіби  музыка  мұхитында  жүзуге  талпынған  жас 
талантты  музыканттарды тәрбиелеуге белсенді араласып келеді. 
Бүгінгі  Өзбекстандағы  қазақтардың  арасынан  өзінің 
талантымен  опера  өнерінің  сахнасында  танылып  жүрген  жас 
әнші жеңісбек Пиязовты ерекше айтамыз. Үздік деп танылған 
әншінің  ең  биік  белестерінің  бірі  -  ІІ  халықаралық  Мүсілім 
Магомаев  атындағы  вокалистер  конкурсындағы  үлкен  жеңісі. 
10  елдің  17  опера  әншісі  қатысқан  аламан  өнер  бәйгесінде 
бұл  конкурстың  Гран-при  жүлдесін  бас-баритон  Жеңісбек 
Пиязов иеленді.
Нөкіс  қаласында  белгілі  өнерпаздардың  отбасында  дүниеге 
келген  Жеңісбек  бала  кезінен  музыкалық  ортада  тәрбиеленді. 
Әкесі  Бүркіттің  домбыраға  қосыла  әдемі  баритон  дауысымен 
шырқаған қазақ, қарақалпақ халықтарының әндері мен күйлері, 
анасы  Інжігүлдің  қарақалпақ  халқының  ыспалы  гыджак 
аспабында  шебер  орындаулары  жанұяның  екі  қызы  мен  төрт 
ұлының әрбірінің құлағына сіңіп, болашақ музыкалы талантты 
балалардың  өсіп  қалыптасуына  ықпал  етті.  Өнерге  деген 
мұндай  қызығушылықтың  бастау  көзінде  Жеңісбектің  атасы, 
Өзбекстанның  халық  артисі,  танымал  актер  Зейнел  Пиязов 
тұрған болатын. Театр сахнасына деген құштарлықты музыкамен 
ұштастырған  Жеңісбек  Нөкіс  музыкалық  училищесіндегі 
алғашқы  педагогі  Абат  Қалиевтан  алған  тынымсыз  еңбектің 
нәтижесінде  үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізді.  1997  жылы  ол 
алғаш рет жас орындаушылар конкурсында жеңімпаз атанса, 2007 
жылы  республикалық  «Нихол»  жас  орындаушылар  жүлдесін 
жеңіп алды. Жеңісбек Өзбекстан Мемлекеттік консерваториясына 
түсіп,  академиялық  ән  бөлімінде  классикалық  вокал  өнерін 
кәсіби тұрғыда игеруге толығымен бет бұрды. 
Кәсіби ән орындаушылық өнерде ұстазы, профессор Софья 
Цойдың  жетекшілігі  және  бағыт-бағдарымен  өзінің  шеберлігін 
шыңдады.  Алғашында  халық  әндерінен  тұратын  жас  әншінің 
репертуары  келе-келе  әр  алуан  бағыттағы  классикалық 
туындылармен толыға түседі. В. Моцарт, Дж. Верди, Дж. Россини 
секілді  т.б.  көптеген  әлемдік  музыка  өнерінің  шеберлерінің 
жазған  үздік  үлгілерімен  сусындаған  Жеңісбек  тынымсыз 
еңбектің  арқасында  жақсы  жетістіктерге  қол  жеткізеді.  Кең 
тынысты,    бояуы  жұмсақ  та  құлаққа  жағымды  дауысты  жас 
әнші кәсіби орындаушыларға сын болар күрделі шығармаларды 
тыңдарман  назарына  еркін  ұсына  алатындай  деңгейге  жетті. 
Сабақтан, концерттен қолы қалт етіп босағанда консерваторияда 
оқитын  жерлес  студенттерден  құралған,  өзі  ұйымдастырған 
«Айдынлар» қарақалпақ ұлт аспаптар ансамблімен жұмыс жасап, 
дүниежүзінің Франция мен Испания, Малайзия мен Португалия 
секілді  ірі  мемлекеттердің  үздік  концерт  залдарында  өнерін 
көрсетті.
                       Аманкелді МҰҚАН, театртанушы

82
Тәуелсіз  Қазақстан  музыкатануының  өзекті  мәселелерінің 
бірі  –  шетелдегі  қазақтардың  музыкалық  мәдениетін  зерттеу. 
Бұл,  ең  алдымен,  ұлттық  дәстүрлер  мен  қазақ  музыка 
элементтерін анықтауға бағытталған қайта бағдарлау мен қайта 
бағыттауға  тікелей  байланысты.  Оның  үстіне  Кеңес  үкіметінің 
әсері болмаған, шет елдерде жеке диаспора ретінде өмір сүрген 
қазақтар  арасында  музыкалық  өнердің  ежелгі  үлгілерінің  бәз 
баяғы қалпында сақталғандығы белгілі.
«Шетел қазақтарының фольклоры, әдебиеті және өнері» атты 
жобасы  бойынша  Ішкі  Моңғолияның  Дархан  уул  аймағындағы 
Қоңыр, Налайх, Шарынқол, Комілке сұмындарында және Баян-
Өлгий  аймағындағы  қазақтар  көп  шоғырланған  Ногооннуур, 
Цагааннуур,  Улаанхус,  Цәнгэл  сұмындары  мен  Ақкөл,  Қара 
маңдай,  Үш  бұлақ,  Кішкене  бұлақ  ауылдарындағы  іссапарлар 
олжалы болды.
Жалпы,  Моңғолиядағы  қазақ  диаспорасы  ассимиляцияға 
аз  ұшыраған.  Себебі  Моңғолия  қазақтары  жергілікті  моңғол 
қоғамынан  дараланып,  әсіресе,  Баян-Өлгий  аймағында  тығыз 
шоғырланғандықтан  (аймақ  тұрғындарының  90%-ға  жуығы 
қазақтар) және белгілі бір тұрмыстық жағдайларының арқасында 
өздерінің тілін, мәдениетін, тұрмыс ерекшеліктерін, дәстүрлерін, 
салттарын, музыкасын, қолөнер кәсібін және тағы басқа руханн 
құндылықтарын қаз-қалпында сактап қалды.
Қазіргі  таңда  шетелдегі  барлық  қандастарымыздың  ішінде 
мәдениеті  барынша  зерттелген  Моңғолия  қазақтары  болып 
есептеледі.  Аталмыш  этникалық  топтың  дәстүрлі  мәдениетіне 
ерекше көңіл бөлінеді. Тіпті, 1977 жылдың өзінде «Баян-Өлгий 
казақтарының домбыра және сыбызғы күйлері» атты күй жинағы 
жарық көрген. Сонымен қатар, құнды еңбектер қатарына Баян-
Өлгий аумағынан жазып алынып, 1983 жылы баспадан шыққан, 
323 әннен тұратын «Моңғолия қазақтарының халық әндері» атты 
жинағы  жатады.  Моңғолия  қазақтарының  музыкалық  өнеріне 
арналған  Қ.Төлеухан  мен  Т.Ысқақтың  «Баян-Өлгий  музыка 
мәдениеті» және Қ.Сақайдың «Күй керуені» атты кітаптары халық 
арасында танымал күйші-композиторлардың шығармашылығына 
шолу  ретінде  жасалған.  Т.Ысқақ  пен  К.Төлеуханның  кітабы 
Моңғолияда  тұратын  қазақ  композиторларының  өмірі  мен 
шығармашылығына  арналған  анықтамалық  іспеттес.  Мұнда 
еуропалық  үлгідегі  жазба  музыканың,  хордың  және  ұлттык 
аспаптар  оркестрінің  қалыптасу  үрдісі  қарастырылады.  К. 
Сақайдың  еңбегінде  қазіргі  заманға  жеткен  қазақ  күйлері, 
олардың авторлары туралы аңыздар көрініс тапқан. Ал дәстүрлі 
ән өнері Озила Мұсаханның «Моңғолия қазақтарының дәстүрлі 
ән  өнері»  (1997)  атты  кандидаттық  диссертациясының  негізгі 
зерттеу  нысанына  айналған.  Бұл  қазіргі  кезде  Моңғолия 
қазақтарының  музыкалық  өнерін  зерттеу  бойынша  негізгі 
әдістемелік  құралдың  біріне  саналады.  Қазақстан  тәуелсіздік 
алғаннан  бастап  Моңғолиядағы  қазақ  ән-күй  өнерін  зерттеу 
мәселесі  ерекше  орынға  ие  бола  бастады.  Әр  жылдары  күй 
өнеріне катысты «Күмбірлі күйлер керуені: күй және күйшілер 
хақындағы  аңыздар  мен  ақиқаттар»  ,  «Алтай  -  Қобда  домбыра 
күйлері»  сынды  монографиялар,  жинақтар,  ғылыми  мақалалар 
басылып шығуда.
О.Мұсаханның 
диссертациялық 
жұмысы 
Моңғолия 
қазақтарының  музыкалық-поэтикалық  фольклоры  мәселелерін 
арнайы  ғылыми  тұрғыда  зерттеу  және  сараптау  бойынша 
алғашқы  еңбек  болып  саналады.  Оның  пікірі  бойынша 
аталмыш  аумақта  өмір  сүретін  қазақтардың  этнографиясы  мен 
тарихы  туралы  Г.Грумм-Гржимайло,  М.Певцов,  А.Позднеев, 
Г.Потанин,  В.Сапожников,  К.Зардыхан,  К.Ислам,  А.Манис, 
А.Сарай,  Н.Халел  («Ұлттық  мирас,  атамұра»),  Б.Камалашұлы 
(«Монғолиядағы  қазақтардың  салт-дәстүрі»)  және  өзге  де 
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Қазақтардың дәстүрлі әні мен аспаптық музыкасы төңірегін-
дегі  мәселелер  бірнеше  монографиялар,  ғылыми  басылымдар, 
жинақтар  ретінде  де  жарық  көріп,  ежелгі  замандардан  келе 
жатқан үлгілер көрініс тапты. Шындығына келгенде, Моңғолия 
қазақтарының  арасында  ежелгі  ұлттық  тұрмыстық  ерекшелік, 
салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  қолөнер  бұйымдары  және  музыкалық 
мәдениет  ерекшеліктері  жақсы  сақталған.  Бұл  ең  алдымен, 
қазақтардың моңғол қоғамы тарапынан қысымға, бөлектеуге не 
дискриминацияға ұшырамағандығын, керісінше, тарихи туыстық 
пен  ортақшылықтарды  ескере  отырып,  ұлттық  мәдениеттің 
сақталуына мән бергендігімен байланысты.
Қазақтардың  Моңғолияның  батыс  өңірінде  тығыз 
шоғырланғаны белгілі, сондықтан бұл да О.Мұсаханның сөзімен 
айтқанда көптеген ұлттық дәстүрлердің «консервіленгендігінің» 
тағы  бір  себебі  болып  табылады.  Қазақстандағы  секілді 
Моңғолияда да ақындық өнер кең етек жайған. Халық арасында 
Тауданбек, Жолды, Ақтанберді, Көкей, Ақтан, Наурызбай, Абақ, 
Ақбала  сынды  ақындар  өте  танымал.  Зерттеушінің  пікірінше, 
бұл  өңірдегі  музыкалық-поэтикалық  шығармашылықтың 
ерекшеліктерінің  бірі  -  айтыстарда  да  барлық  қайырмалар 
аспаптық сүйемелдеусіз орындалатын болған.
  Ал  аспаптық  мәдениетке  тоқталатын  болсақ,  Д.Мұхамбет, 
М.Бердібай,  Р.Байысхан,  Б.Қытайбай,  Т.Дәуітбай,  М.Құсайын, 
С.Акқожа, С.Өсерхан, А.Қабыкей, Ш.Құмақай, Қ.Кәлек, Қ.Сақай, 
Т.Ысқақ  сынды  күйші-домбырашылар  мен  сыбызғышылардың 
есімдері танымал.
Оған  қоса,  О.Мұсахан  Қазақстанға  қарағанда  Моңғолия 
қазақтарында  салт-дәстүрлік  жанрлар  әлдеқайда  жақсы 
сақталғандығын атап өтеді. Мысалы, сәбидің дүниеге келуімен 
байланысты шілдехана, бесіккесалу, қырқынан шығару, тұсау кесу 
дәстүрлерімен  қатар,  моңғолдардың  «шаш  алу  тойы»  секілді 
дәстүрі  де  кездеседі.  Бұдан  екі  халықтың  дәстүр  араластығы 
байқалады.  Тағы  бір  атап  өтетін  ерекше  жайт,  Моңғолия 
қазақтарында  Шығыс  Қазақстан  қазақтары  секілді  тойда  жар-
жармен қатар, Қазақстанның өзге өңірлеріне тән емес диалогтік 
әннің тағы бір формасы - сарын орындалады.
Моңғолияда  өмір  сүретін  қазақтардың  музыкалық 
мәдениетінің  қазіргі  жағдайын  сипаттай  келе,  жанрлық  және 
стильдік  көптүрлілік  тұрғысынан  көп  аспектілі  түрде  дамып 
келе  жатқанын  атап  өту  қажет.  Осылайша,  өңірде  әлі  күнге 
дейін  өзіндік  ерекше  мотиві  бар  «керейдің  қара  өлеңі»  аталып 
кеткен қара-өлең, айтыстардың сарыны, домбыраға, сыбызғыға 
арналған фольклорлық күйлер сақталған, сондай-ақ, музыкалық 
мәдениеттің  заманауи  қабаттары  -  өзіндік  сахналық  өнер  және 
еуропалық жазба бағыттағы классикалық музыкалар да кездеседі. 
Сонымен  катар,  қазіргі  авторлық  шығармашылықты  әуесқой 
және кәсіби деп екіге бөліп қарастыруға болады.
Халық  арасынан  шыққан  өнер  адамдары  түрлі  айтыстарға, 
мерекелік жиындарға, тойларға қатысып ақын ретінде танылатын 
болған.  Әуесқой  бола  тұра,  бұл  деңгейдегі  орындаушылар  да 
той, жерлеу, баланың дүниеге келуі секілді дәстүрлік жанрларда 
өз  туындыларын  дүниеге  әкеледі.  Бұл  тамыры  тереңде  жатқан 
монҒолия қазақТарының Ән мӘдЕниЕТІ


1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал