Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



жүктеу 282.35 Kb.

бет17/33
Дата09.01.2017
өлшемі282.35 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33

68
Төңірегі 
алманың 
түрлерімен  түрленген,  апорт 
алмасымен 
алыс-жақынға 
әйгіленген  әсем  де  асқақ 
Алатаудың 
етегінде 
еңсе 
көтеріп,  Қазақстанның  өз 
кезегіндегі астанасына, қазіргі 
білім  ошағына,  мәдениет 
орталығына  айналған  көркем 
қала - Алматыны қай қазақтың 
баласы  аңсамады  десеңізші?!. 
Алтай 
мен 
Атыраудың 
арасындағы  Қазақстанның  өз 
баласы  қандай  аңсаса,  қиыр 
қонып,  шет  жайлап  жүрген, 
кезінде    шекара  сызығы  ары-
бері  еркін  аттатпай  қойған  
Шынжаңдағы  қазақ  балалары 
да,  әне,  сондай  аңсаған, 
армандаған еді. Солардың бірі - қазіргі компазитор, әнші Тұран 
Құсайынқызы.
«Батыс  Қытай  –  Батыс  Еуропа»  дәлізінің  Қытай  жерінен 
бері  өтер  аузындағы    Қорғас  өңірінен    ежелгі  Жібек  жолының 
керуен  деңі,  сауда  қаласы  Алмалының  (Алмалық)  ескі  жұрты 
менмұңдалайды. Сол тарихи қасиетті мекенде Барлық тауының 
Құлыстай  ойпатына  қараған  бөктеріндегі  Ақбелдеуден  көшіп 
барып  қоныстанған  атпал  азамат  Құсайынның  шаңырағында, 
1946 жылы іңгалап, бір сәби дүние есігін ашты. Көпті көріп, көпті 
естіген  сұңғыла  Құсакең  сәбиім  Тұран  ойпатындай  толысып 
өтсін деді ме екен, әлде «тұран» сөзінің көнеде «мінбе», «тұғыр» 
мағынасын  беретінін  естігендіктен    «мінбеден  түспесін», 
«тұғырынан  таймасын»  деп  тіледі  ме  екен,  кім  білсін,  әйтеуір 
баласына  «Тұран» деп азан шықырып, ат қойыпты. Соған орай, 
әке-шешенің  тілегі  іске  асып,  Тұранның  мінбеден  –  сахынадан 
түспей келе жатқаны бізге аян. 
Қаршадайынан әнге құмартып, ертегі тыңдап өскен тұлымды 
қыз ауданға барып, орталау мектеп оқып жүрген кезінің өзінде-ақ 
еліктеп ән айтып, ыңылдап саз жаза бастайды. Тұңғыш туындысы 
–  «Қызыл  гүл»  әні  орталау  мектеп  тауысардың  алдында  ғана, 
1961  жылы  жарық  көрген.  Тұран  қыз  ШУАР-дың  орталығы 
Үрімжіден  келген  оқушы  қабылдаушылардың  сынағынан 
сүрінбей өтіп, Көркемөнер институтының музыка мамандығына 
оқуға  түседі.  1968  жылы  оқуын  үздік  нәтижемен  аяқтаған 
Тұранды үкімет Тарбағатай аймағының ойын-сауық үйірмесіне 
жұмысқа  жібереді.  Шәуешек  қаласының  дәмі  сол  тартқаннан 
мол  тартып,  Тұран  тұрмыстанып,  ұл  туып,  қыз  өсіреді.  1980 
жылы  Үрімжідегі  Шынжаң  халық  радиостанциясының  қазақ 
концерт  редакция  алқасына  келеді.  Ұлын  ұяға,  қызын  қиянға 
қондырып,  әбден  орнығады.  Отағасы  Әбілемет  екеуі  қазаққа 
ерінбей еңбек етуге кіріседі. 1992 жылы, Шынжаң дыбыс-бейне 
баспасы  қазақ  редакциясының  меңгерушісі  болады.  Тұран 
өзіне  жүктелген  жауапты  жұмысты  ойдағыдай  орындай  жүріп, 
жүзге  тарта  әннің  музыкасын,  ішінарасының  сөзін  жазады, 
сахнаға шығып ән шырқайды. Жарты ғасырдан бері Тұранның 
әндері  Бейжіңдегі  Орталық  халық  радиостанциясынан, 
Шынжаң  халық  радиостанциясынан  және  облыс,  аймақ,  аудан 
радиостанцияларынан  шырқалып  келеді,  шырқала  береді  де. 
Тұран  Құсайынқызының  әнін  өзге  әншілерден  қалыспай,  өзі 
баулыған, өз қызы Гүлназ да кезекті сахналарда  шырқап келеді. 
Тұранның  ән  жинағы  «Қызал  гүл»  1992  жылы  Шынжаң 
«Жастар-өрендер»  баспасынан  жарық  көрді.  Іле–шала  осы 
баспаға  құрастырып  берген  «Ақылды  бала  боламын»  деген  ән 
жинағы  да  басылып,  балаларды  қуантады.  «Шынжаң  халық 
баспасынан» шыққан «Ән әуені» жинағынан бір топ әні таңдаулы 
әндер қатарынан ойып орын алды. Және бірнеше ән таспасы мен 
бейнебаяндарын әріптестерімен бірге шығарады. «Қызыл гүл», 
«Ауылға  келгенде»,  «Ұрпағыма»,  «Балалық  шақ»,  «Аумапты», 
«Әр  қадамың  ән  маған»  қатарлы  әндері  қалың  қауымның 
сүйіп  тыңдайтын,  көп  айтатын  әндеріне  айналған.  Тұран 
Құсайынқызының  өзі  және  әні  туралы  мынадай  бір  жағдайға  
куә  болғаным  бар.  Тұран  сахнада:  «Әнші  құстар  бәрі  бірдей 
думандатқан  аумақты,  қуанушы  ең;  әнің,  міне,  сол  құстардан 
аумапты...»  деп,  Сәли  Садуақасұлының  сөзіне  жазылған 
«Аумапты»  әнін  өзі  шырқағанда,  көрермен  жұртшылық:  «Өзің 
де сол құстардан аумапсың; әнің қандай әдемі, ән салуың қандай 
сәнді» деп, әнге де, әншіге де дән разы болған еді. Міне, бұл -  
көрерменнің әншіге деген ықыласы, әншіге берген бағасы еді. 
Жоғарыда, 
Алматыны 
аңсағандардың 
бірі 
Тұран 
Құсайынқызы  деген  едік.  Енді  осы  сөзімізге  оралайық.  Тұран 
екінші сынып оқып жүрген кезінде көрші үйдегі әжеден ертегі 
тыңдап жүреді екен. Бір күні әлгі әжесі мынадай бір ертегі айтады: 
«Аты  жер  жарған,  малы  мыңғырған  бір  байдың  жалғыз  қызы 
болыпты. Күндердің бірінде қызы аурып,  қанша малын шашса 
да,  тәуірленбепті.  Бай  мен  бәйбіше  жаратқанға  жалбарынып 
отырғанда екі көзінен от ұшқындаған, жүзі нұрланған, аса таяқты, 
ақ шашты, ақ жаулықты кемпір кіріп келіпті де: «Алматыға бардым 
мен, алмасынан алдым мен. Бөліп жеуге берейін, жазыласың енді 
сен»,- деп ғайып болыпты. Қыз алманы төртке бөліп, төрт күн 
жеп, тәуірленіп кетіпті». Алматының аты сонан бастап Тұранның 
есінде сақталады. Есейген сайын, Алматы жайында көп естиді. 
Алпыстан  асса  да  аңсаған  Алматыны  көре  алмай,  көрмегенге 
көңілі көншімей жүрген күндердің бірінде жан досы Ұлболсын 
Диханбайқызы көмек қолын созады. Әріптес досы, мемлекеттік 
бірінші  дәрежелі  актер  Пәтиха  Мәлікқызы  екеуі  Ұлболсынның 
балалары Серік пен Жәзираның бастауында, 2012 жылы қоңыр 
күзде,  аңсаған  Алматыға  жетеді.  Қаладан  гөрі  далаға  бейім 
қазақтың  қос  қызы  әу  баста-ақ  Медеуді  көреді,  Шымбұлаққа 
шығады,  Көктөбеге  көтеріледі,  Алма  арасанды  аралайды. 
Алматының табиғаты бұзылмаған, көз тартар даласының көркін, 
гүлге  оранған  қаласының  сәнін  көріп  тамсанады,  сұлулыққа 
сүйсінеді, таза ауасын жұтады, тұнық суын ішеді. Бірер күннен 
соң жер жәнәтті Жетісудың көк орманмен көмкерілген, қазақ исі 
аңқыған әсем қаласы Талдықорғанға барады. Қазақ жерінің ойына 
барса  да,  қырына  шықса  да  Тұранның  ойына  көргендері  өлең 
жолымен орала береді, естігендері құлағына саз болын құйыла 
береді. Сонымен, «Өзің деп салған әнім» деген әннің сөзі де, әні 
де тең туады. Жаңа шығарманың дүниеге келгенінен хабар алған 
Қазақстан  телеарнасындағы  «Таңшолпан»  бағдарламасының 
журналистері  Тұран  Құсайынқызын  шақырып,  әнгіме  өткізеді. 
Алматыға  аттаған  қадамына  сәттілік  тілей  отырып,  жаңа 
шығармасының тұсауын кеседі. Жаңа ән тұңғыш рет қазақ елінің 
аспанын  шарлайды.  Сол  жаңа  әнді  ел-жұртқа  жеткізуді  міндет 
санап, «Алтын бесік» жұрналы арқылы алдарыңызға тарту етіп 
отырмыз. Қабыл алыңыздар!
Меллат РАМЕТҰЛЫ
ӨЗІҢ ДЕП сАЛғАН әНІМ
сөзі, музыкасы: Тұран Құсайынқызы
Көрсем деп көп аңсаған, 
Келдім-ау гүл қалаға.
Қазақтың исі аңқыған,
Қала екен бұл дара. 
                            
 Қайырмасы:
Аңызда айтылғандай,
Алматы алмалары.
Самсап тұр даласында
,
Көрген жан тамсанады. 
Самсап тұр даласында
,
Көрген жан тамсанады. 
АЛМАТЫНЫ АҢсАғАН әН
Көк зеңгір аспанменен,
Тілдескен ну орманы. 
Құлпырған гүлдер бағы, 
Самалмен ырғалады. 
Қайырмасы:
Көргенде гүл көркіңді,
Тебіренді менің жаным.
Көгіңде жүрсін қалқып,
Өзің деп салған әнін.
Көгіңде жүрсін қалқып,
Арнаған осы әнім,
Өзің деп салған әнім.

69
Қазақ халқының 
салт-дәстүрлері
Үме
Үлкен,  ауыр,  көлемді  жұмыстарды  ауыл,  ру  адамдары  «бір 
жеңнен  қол  шығарып»  бас  қосып,  көпшілік  болып,  бірігіп 
атқарады.  Соның  бірі  –  үме.  Әсіресе,  қысқы  мал  азығы  үшін 
жемшөп  дайындағанда  мал  иесі  жігіттерді  үмеге  шақырады. 
Қарулы азаматтар бел орақтарын шыңдап, қайрап іске кіріседі. 
20-30  жігіт  қатарласа  тұрып  орақ  тартады.  Бір  күн  ішінде 
бірнеше тонна шөп шабылып, әрі жиналып алынады. Үмеге ет 
асаймыз  деген  бала-шағалар  да,  көңіл  көтеретін  әнші,  күйші, 
жыршылар  да  келіп,  өнер  көрсетіп,  жұрт  бір  серпіліп  қалады. 
Үме – ұжымдасқан еңбек тойы. Мұндай істен ауыл азаматтары 
ешқашан шет қалмайды.
сірге мөлдіретер
«Бие  ағытар  күні  берілген  қымызды  «сірге  мөлдіретер» 
дейді.  Бұған  ауылдың  ақсақалдары  мен  аналары  шақырылады, 
олар риза болып, алғыс айтып, бата береді. Кей жерлерде мұндай 
дәстүрді «сірге жияр» деп те атайды. Бұл да қазақтың жомарттық 
салтын көтере түсетін қасиетті дәстүр.
сабан той
Сабан  той  –  ұлттық  салт-дәстүрдің  ішінде  жомарттық  пен 
қайырымдылықтың  ынтымақтық,  еңбексүйгіш  елдің  тағы 
бір  қырын  көрсететін  еңбек  мерекесі  әрі  той.  Мұны  егінші  ел 
жасайды. Егін бітік шығып, қырманын қызылдап, оны төкпей-
шашпай,  суыққа  ұрынбай  мезгілінде  жинап  алған  ел  күзде 
«сабан той» өткізеді. Әрине, мұнда да кең дастарқан жайылып, 
ақсақалдар  бата  береді.  Палуан  күрес,  ойын-сауық  түрлері 
өткізіледі.  Не  керек,  жұрт  қауырт  жұмыстан  кейін  кең  тыныс 
алып,  бір  жасап  қалады.  Жомарттар  жұртқа  қап-қап  «кеусен» 
беріп, оларды да риза қылады.
«Сабан  той»  -  мереке  әрі  егіншілердің  еңбек  қортындысы 
десе де болады.
салбурын
Аң  аулағанды  қазақтар  «салбурын»  деп  атайды.  Бұл  – 
аңшылық сауық. Аңшы, саятшы жігіттердің топ болып, бірнеше 
күн бойы аңға шығуын «салбурын» деп атайды. Мұны аңшылық 
мерекесі десе де болады. Мұнда алған аң бәріне бірдей бөлінеді. 
Ауылдағы  ақсақалдардың  жолы  бөлек  есептеледі.  Салбурын 
аңшылардың  ерлігі  мен  ептілігін,  азаматтығын  сынайтын  жол. 
Аңшылардың  қысты  күні  күтетін  сәті  –  сонар.  Сонар  «Ұзақ 
сонар»,  «келте  сонар»  және  «қан  сонар»  деп  үшке  бөлінеді. 
Мұның ең қызығы соңғысы. 
Бұл  –  аңшылар  үшін  өте  қызықты  сәттердің  бірі.  Қыстың 
тынық күні ұлпа қар жерге түскенде жүрген аңның ізі тайға таңба 
басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар бұл күнді асыға күтіп 
жүреді де ізіне түскен аңды құтқармай соғып алады.
Тағы бір қызығы қасқыр, түлкі сияқты аңдар сонардың өзіне 
қауіпті  екенін  сезеді.  Ондай  сәттерде  олар  апанынан,  інінен 
немесе жатқан жерінен қозғалмайды, із салмайды. Мұны кәнігі 
аңшылар  жақсы  біледі.  Сонарда  аңшылар  аңды  дабыл  қағып, 
айғайлап, ит қосып үркітіп шығарады.
сыралғы
Олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан немесе 
саятшыдан  кездескенде  сұралатын  дәстүрлі,  кәделі  жол  әрі 
ырым.  Мәрт  аңшылар  мұндайда  «сыралғы»  сұрағанның  сөзін 
жерге тастамайды. Есте болатын бір әдет-ғұрып – міндет. Бірақ 
атып алған аң сыйлыққа жатпайды.
Лау
Бұрынғы кездерде лауазымды адамдар немесе көліксіз кісілер 
әр ауылдан лау мініп, яғни жұрттан көлік алып жететін болған. 
Лауға ат, арба, түйе пайдаланады.
Аңшылық
Аң аулау – ертеден қалыптасқан салт. Әрине, тіршілік, табыс 
үшін  аңшылық  құратындар  бар.  Бірақ  аңшылық  шын  мәнінде 
сауық, қызық, шынығу, ептілік, серілік, сезімталдық, сергектік, 
білімпаздық сияқты көптеген қасиеттерді ұштайтын тамаша өнер 
мектебі десе де болады. Жүйрік ат, ұшқыр тазы, қыран бүркіт, 
кең  дала,  тамылжыған  табиғат  –  бәрі-бәрі  де  аңға  шыққан  ер 
жігітке бұл дүниенің шын қызығын сыйлағандай көңілді көтере 
түседі. Осындайда қасқыр соғып, түлкі, қарсақ алу аңшы өмірінің 
тамаша жеңісті, ұмытылмас сәті. Қанжығасы қанданған ол ауыл 
ағаларына олжа байлауы – азаматтық пен ерліктің, одан қалды 
халықтық дәстүрдің таза жолы. 
Ел  ішінде  аңшылық  қасиетті,  құрметті  өнер  әрі  сал  болса, 
аңшының  өзі  де  беделді,  сыйлы  адамдардың  бірі.  Мұның  өзі 
аңшылық дәстүрдің бағасы жоғары, өмірде орны бөлек құбылыс 
екенін  толық  дәлелдесе  керек.  Аңшылыққа  жастарды  баулу, 
үйрету – ата кәсібі мен салтының асыл қазынасын толтыра түсу 
деген сөз.

70
Мен  шекаралы  аймақта  туып  өстім. 
Елдің  шеті,  желдің  өті  дегендей  мұндай 
өңірде ежелден аласапыран оқиғалар жиі 
болғаны  белгілі.  Мен  ес  білгелі  ондай 
аңызға  бергісіз  әңгіме-оқиғаларды  көп 
естіп  өстім.  Арғы  тарихты  айтпағанда 
1916  жылғы  үркіншіліктен  басталған, 
ел  басына  күн  туған  сергелдең  кезең 
әңгімелері 
алуан 
түрлі 
жағдайды 
көз  алдыма  елестететін.  Ақ  патша 
қырғынынан  бас  сауғалаған  Қарқара  елі 
түп қопарыла шекара асқан. Азып-тозған 
ел ол жақта бір жарым, екі жылдай болып, 
патша тақтан құлаған соң атамекендеріне 
қайта  оралған.  Содан  1931-32  жылдары 
енді  кеңестік  қызыл  империяның 
тепкісіне шыдамаған жұрт қайта Қытайға 
өтеді. Осындай қилы кезеңдерді басынан 
өткерген елдің шекараның арғы жақ, бергі 
жақты  күн  кешулері  –  екі  айырылып, 
бөлініп қалғаны, тіпті бір отбасының, бірге 
туған  ағайынды  адамдардың  бір-бірінен 
ажырап  қалғаны  туралы  әңгімелерді  ата-
әже,  әке-шешемізден  көп  естідім.  Күні 
бүгінге  дейін  сол  туыстарымен,  жақын-
жуығының  ұрпақтарымен  табыса  алмай 
отырған  ел  қаншама!  Тәуелсіздік  алып, 
ары  -  бері  қатынас  орнады  дегенмен 
де,  шекараның  ар  жағында  аталас  бір 
туысы  жүргенін  естіп,  соны  көре  алмай 
шерменде болып өтіп жатқандар бар.
Мектепте  оқып  жүргенімізде,  60-70-
ші  жылдарда  біздің  Нарынқол    жақта 
бірлі-жарым  шекарадан  өтіп  кетіп,  елге 
оралып  жатқан  азаматтар  туралы  естіп 
қалатынбыз.  Сонда  ел  «ой,  пәленшенің 
туысы  келді»  деп,  қуана  көрісіп,  жылап-
сықтап,  той  жасап,  көрген-білгенін 
сұрастырып,  бір  жасап  қалушы  еді. 
Осының  бәрін  бала  жастан  естіп,  көріп, 
сезініп  өскендіктен,  маған  осы  бір  жан 
ауыртар мәселені жазсам деген ой келетін. 
Кейін Таңжарық туралы естідім. 
Жас ақынның біздің елге (Нарынқолға) 
өткен  ғасырдың  20-жылдары  келіп,  үш 
жыл  мектепте  оқығаны,  Қойдым  деген 
ақынмен  айтысқаны  жөніндегі  үлкендер 
әңгімесі мені қатты қызықтыратын. Жиын-
тойларда  сол  үлкендердің  өзі  Таңжарық 
пен  Қойдым  болып  айтысып  кететін. 
«Таңжарық  бүйтіп  айтып  еді.  Қойдым 
былай  деп  жауап  беріп  еді.  Ой,  шіркін-
ай, десеңші!» - деп сағынышпен естеріне 
алысатын. Тіпті кейде менің әкеме қолқа 
салып,  «сен  айтып  жіберші,  Қойдымның 
қасында көп жүрдің ғой!» - деп жататын. 
Кейінірек ұққаным: Таңжарық біздің елдің 
жиені екен. Қойдым өзімнің әжем болып 
шықты.  Ақын  Таңжарық  нағашыларын 
іздеп тура біздің ауылға келген екен. Кеңес 
Тұрлыбек МәМЕсЕйІТ, жазушы, 
Халықаралық «Алаш», 
«Жамбыл» сыйлықтарының иегері
ҚР Мәдениет қайраткері, 
Еуразия Ұлттық университетінің 
доценті
«Таңжарық» роман-дилогиясы 
қалай жазылды?
өкіметі орнап жатқан қиын кезеңде ақын 
көп  жүре  алмай,  үш  жылдан  кейін  еліне 
қайтуға  мәжбүр  болған.  Содан  барып  ол 
жақта түрмеге қамалыпты...
Міне,  осындай  әңгімелер  мені 
шекаралы  аймақтағы  қазақ  елінің 
қиын  тағдыры  туралы  шығарма  жазуға 
ұмтылдырды.  Осы  тұста  Таңжарық 
тұлғасы  нағыз  іздегенге  –  сұраған 
болды.  Жоғарыда  айтқан  халық  басынан 
өткерген 
зобалаңды 
шығармадағы 
негізгі  тұлға,  бас  кейіпкер  Таңжарық 
тағдыры  арқылы  көрсетуді  мақсат  еттім. 
Негізгі  идея,  айтпақ  ойымды  жеткізуде 
Таңжарықтай  шығармашыл  адамның, 
тағдырлы  тұлғаның  іс-әрекеті,  болмыс-
бітімі,  тағдыр-талайы,  ой-көзқарасы 
тағы  да  менің  ізденіс-құлшынысымды 
қанағаттандырып  отырды.  Сөйтіп,  бұл 
тақырып мені өзі үйіріп, өзі жетектеп алып 
кеткен  тақырып  болды.  Оң  жамбасыма 
дөп  келді.  Сөйтіп,  іздену,  материал 
жинау,  деректерлі  нақтылау  жұмыстары 
басталды.  Кейіпкерлерімнің  көпшілігі 
өмірде  болған  адамдар.  Алдымен 
Нарынқол,  Кеген,  Қарқара  өңірлеріндегі 
Таңжарықты  көрген  кісілерді  іздеп 
тауып,  кейбірімен сөйлесіп, әңгімелестім. 
Біртіндеп  кейіпкерлерімнің  әрқайсысы 
өз  ерекшеліктерімен  көз  алдыма  келе 
бастады.  Негізінен  осындай  аласапыран, 
алмағайып  замандағы  қазақ  халқының 
ел, таныс жер дегендей. Оның үстіне тура 
біздің  ауылға  келгендіктен,  Таңжарыққа 
байланысты  оқиға-жағдайларды  түгел 
білетін  кәріқұлақтар  да  болды.  Тіпті 
жас  кезінде  көрген  адамдар  да  кездесті. 
Ақынның қай жерде оқығанын, кімдермен 
бірге  жүргенін,  Қойдыммен  айтысын, 
т.б.  жағдайларды  өз  әулетіміздегі  көне 
көздер-ақ сағына отырып есіне түсірді. Ал 
сол кездегі қоғамдағы өзгерістер – Кеңес 
өкіметінің  орныға  бастауын,  Жетісуда 
жүргізілген жер-су реформасынан бастап, 
ірі байларды тәркілеуге дейінгі қым-қуыт 
оқиғаларды  бастарынан  кешірген  көне 
көздер  де  білетіндерін  жасырмай  айтып 
берді.  Кейбір  нақты  деректерді  іздеп, 
мұрағат  материалдарын  да  ақтардым. 
Осы  тұста  көңіл  бөлетін  бір  нәрсе  – 
Таңжарықтың  Қазақстанға  келуі  және 
қайтуы  турасында.  Бұл  өзі  ең  негізгі 
мәселе.  Өйткені  дилогияның    бірінші  
кітабының  сюжет  желісі  осы  оқиғаға 
құрылған.
Таңжарық 
бұл 
жаққа 
қандай 
себептермен  келді  деген  мәселелер 
турасында ел арасында әр қилы әңгімелер 
бар.  Біреулер  нағашыларына  оқу  іздеп 
келіпті  десе,  енді  біреулер  құдаларына 
қашып  өткен  екен  деседі.  Бұл  екі 
тұжырымда да шындық жоқ емес. 
Таңжарық  жастайынан  алғыр,  зерек 
бала болып өседі. Әсіресе, тапқыр, сөзге, 
қиын да қилы тағдырына жаным ауырып, 
әлдебір  ыза-кек  булыға  тепсініп,  мені 
күн сайын жазуға итермелеп отырды. Әр 
кейіпкерге,  әр  тағдырға  жеке-жеке  жүк 
артуға  тырыстым.  Сөйтіп,  замана,  уақыт 
шындығын  нанымды  жеткізсем,  халық 
көрген  қорлық  пен  зорлықты  кейінгі 
ұрпаққа  ұғындыра  алатындай  шығарма 
болса деген ой бір сәтте есімнен шықпады.  
Бірақ  өткен  ғасырдың  90-жылдарына 
дейін  Кеңес-Қытай  қатынасы  жабық 
болды ғой. Осыны ойлап тәуекел ете алмай 
жүргенімде, сол 90-жылдары екі мемлекет 
арасында  қарым-қатынас  жанданып, 
барыс-келіс  қайта  басталды.  Мен  енді 
Таңжарық  өмірін  зерттеуге  жол  ашылды 
деп  қуандым.  Алдымен  сол  жылдары 
(1992)  «Таңжарық  пен  Қойдым»  атты 
көлемді зерттеу мақалам «Қазақ әдебиеті» 
газетіне  жарияланды.  Бұл  –  оқырманға 
жаңалық болып әсер етті. Шығарма жазу 
да  сол  кезеңде  басталды.  Ізденіс  жолына 
бел шешіп кірістім. 
Дилогияның  бірінші    кітабындағы 
оқиғалар  негізінен  шекараның  бергі 
жағындағы  Нарынқол  өңірінде  өте-
тіндіктен  керекті  материалдарды  жинау 
көп қиындық келтірген жоқ. Өзіме таныс 

71
өлеңге  құштар  болады.  Он,  он  бір  жасында  ауыл  молдасынан 
сабақ оқи бастаған ол ескіше сауат ашады. Бертін келе 1915-1916 
жылдары  алғашқы мектептер ашылып, жәдитше оқып, еркін хат 
танитын  дәрежеге  жетеді.  Әсіресе,  есептің  төрт  амалын  еркін 
игеріп алады. Осындай зеректігінің, пысықтығының арқасында, 
оның  үстіне  өлең  шығара  бастаған  Таңжарық  ел  көзіне  түсіп, 
жұрт аузына іліне бастайды.
Сөйтіп, 1922 жылы Таңжарық Күре қаласындағы қытайша-
қазақша үш жылдық мектепке оқуға жіберіледі. Бұған да өзінің 
еті тірілігі себеп болып, бай баласының орнына қабылданады. 
Өйткені,  ол  кезде  Сасан  ауылының  байлары  Құлжа  сияқты 
қаланың  үлкен  базарларына  мал  айдап,  сауда  жасайды.  Сонда 
оларға  тілге  жүйрік,  іске  елгезек,  есеп-қисап  білетін  қосшы 
керек болатын. Міне, осыған бай ауылы, қай жағынан болса да 
Таңжарықты қолайлы көріп, оқуға жібереді. Оқу үшін де ақыны 
байлар өздері төлеп тұрған.
Сол  жылы  Нүптібек  байдың  жылқысын  бағып  жүрген 
Таңжарықтың  ағасы  Қайырбек,  барымташылармен  шайқаста 
соққыға  жығылып,  қайтыс  болады.  Соған  келген  Таңжарық 
қайтып  оқуға  бара  алмай,  ағасының  орнына  жылқы  бағып 
қалады.  Оқу-білімге  жаңа  сусындап  келе  жатқан  жасқа  бұл 
жағдай оңай тимейді. Оқи алмай қалғанына қатты қиналады.
Көзі ашық, көкірегі ояу Таңжарық бұл кезде Ресейде Кеңес 
өкіметі  орнап,  оқу-ағартуға  кең  жол  ашылғанынан  хабардар 
болып жүретін. Ары ойлап, бері ойлап, енді сол жаққа аңсары 
ауады. «Қалай да барып оқысам» деп армандайды. Ақынның:
Талай жан бізден бұрын арманда өткен,
Соларға опа қылмай заман да өткен.
Кедейге армандаған заман орнап,
Бастары есіктегі төрге жеткен.
Жастары оқу оқып, білім іздеп,
Орынбор, Ташкен менен Мәскеу кеткен.
Бай, манап, қорқаулардың күні батып,
«Дүние кезек» деген осы ма екен?
Әділет, ақиқаттың бәрі сонда,
Хабары еміс-еміс бізге жеткен.
Барсақ деп көзбен көріп, өнеге алып,
Сол жаққа желдей есіп, көңіл кеткен, - деген өлеңі осы тұста 
жазылған. 
Осы кезде есіне Нарынқолдағы нағашы елі, құдалары түсіп, 
оқуға  деген  қиялы  тіпті  шарықтай  түседі.  Нарынқолдың  тіпті 
қол созым жерде ғана, шекараның түбінде екенін үлкендерден 
естіген  Таңжарық  бұл  жолға  шындап  бел  байлайды.  Алғаш 
өзімен бірге жылқы бағып жүрген үш-төрт жігітпен уәделесіп, 
бәрі бірге қашпақ болады. Бірақ уәделескен күні бастары қосыла 
алмай  қалып, Таңжарық жалғыз өзі жолға шығады. Сөйтіп, 1923 
жылы көктемде Таңжарық Нүптібек байдың «Сетіккөк» аталған 
бәйге атын жаратып мініп, шекара асып кетеді.
Таңжарықтың  Қазақстанға  қай  жылы  өткені  де  әртүрлі 
айтылады. Біреулер 1922 жыл десе, ендігі бір дерек 1923 жыл 
дейді. Қалай болғанда да бұл деректердің маңызы үлкен. Оған 
жіті  ой  көзін  жіберіп,  заманға  сай  ақын  тұлғасын  даралап, 
күрескер дәрежесіне көтеру үшін  бұл уақытты дәуір тынысымен 
үйлестіру  керек  болды.  Осы  мақсатпен  Таңжарықтың 
Қазақстанға  келуін  екі  жылға  ілгерілетім.  Сөйтіп,  замана 
құбылысы,  кезеңінің  күрделі  шындығы  Таңжарық  тұлғасын 
ірілендіре, болашақ өсулерге негіз қалады деп ойлаймын.
Ал,    екінші  кітаптың  жағдайы  күрделі  болды.  Мұндағы 
оқиғалар бастан-аяқ Қытай жерінде, Шыңжаң өлкесінде өтеді. 
Және  де  Кеңес  елінен  оқып  барған  Таңжарықтың  қудалауға 
түскен, ақыры абақтыға жабылып, жеті жыл азап тартқан қиын 
өмірі суреттеледі мұнда. Бұл кезең – өткен ғасырдың 30-жылдары 
қазақ  халқының  басына  бұрын  болмаған  зобалаң  орнаған  өте 
бір зұлмат жылдар еді. Кеңес елінде қазақ тәркілеуге ұшырап, 
ашаршылықтан қырылып жатса, Гоминдаң билігіндегі Шыңжаң 
қазағы да Шың Шысайдың қитұрқы саясатынан қорлық көріп, 
небір сұмдықтарды бастан кешіріп жатқан. Осындай жағдайда 
Таңжарықты қалай тыныш қойсын!? Екінші кітапты жазу үшін 
алдымен  сол  кездегі    саяси,  қоғамдық  мәселелерге  қанығу 
керек болды. Осы мақсатпен мен тәуекел деп Шыңжаң өлкесіне 
өзімнің еңбек демалысым кездерінде үш рет сапар шектім. Әуелі 
Таңжарықтың кіндік қаны тамған туған жерін, ата-бабасы, әке-
шешесінің жайлау, қыстауын, атажұртын  араладым. Ақын маған 
бауырымдай  жақындай  түсті.  Бейітіне  барып  құран  оқыдым. 
Әр  барған  сайын  мол  деректерге  жолықтым.  Ақынның  көзін 
көргендер  мен  артында  қалған  ұрпақтарымен  әңгімелестім. 
Құлжа  қаласында  тұратын  Таңжарықтың  құрдасы  Әсейін 
қариядан  көп  нәрсеге  қанықтым.  Күнес  ауданының  орталығы 
Бестөбе  қаласында  тұратын  (2004)  Таңжарықтың  Қырғи  атап 
кеткен  досы  90-нан  асқан  Рымбек  ақсақалмен  жата-жастана 
сұхбаттастым.  Таңжарық  дүниеге  келген  Іле,  Күнес  өңірлерін 
аралап, ақын 4-5 жыл қызмет істеген Құлжа қаласында болып, 
зиялы  қауыммен  әңгіме-дүкен  құрдым.  Бәрі  де  ақын  жайында 
ықыластана  әңгімелеп,  менің  жазатын  шығармама  үлкен  үміт 
артып,  сәттілік  тіледі.  Қазақстаннан  келіп  зерттеу  жүргізіп, 
шығарма  жазу  мақсатыма  тілектестіктерін  білдіріп,  қуана, 
мақтана құптап отырды. 
Бір сапарымда Шыңжаң орталығы Үрімжі қаласына бардым. 
Таңжарықтың  азапты  жеті  жылы  өткен  түрмені  көру  еді  мақ-
сатым. Түрме сол баяғы орнында екен. Тек, ол кезде домбаздап 
соққан  барақтар  болса,  бүгінде  көп  қабатты  етіп  жаңартылып 
салынған. Ауласында тұрып ақынды, Алтайдан, Іледен ұсталған 
қазақтың  небір  арыстарын  көз  алдыма  елестеттім.  Үрімжі 
қаласындағы қаламгерлер мен ғалымдар да қолдарынан келген 
көмектерін аямады. 
Тіпті  абақтыдағы  ақынды  тергеу  істерінен  кейбір  көне 
құжаттарға да қолымды жеткізді.
Таңжарық  жаратылысында  зерек,  ашық-жарқын  мінезді 
талантты  тұлға.  Өлеңді  жас  кезінен  жаза  бастаған.  Мен 
шығармамда  негізінен  өмірбаяндық  деректерден  алшақ  кеткен 
жоқпын.  Әрине  көркем  шығарма  болған  соң,  ішінара  кейіпкер 
табиғатына сай дамытулар, суреттеулер енгіздім. 
Бұл  тұста  сол  кездегі  Шыңжаңның  қоғамдық,  саяси  өмірін 
толық  білмей  ешнәрсе  бітіре  алмайтының  анық.  Өйткені  өлке 
тағдыры  Гоминдаң  өкіметі  мен  Кеңес  Одағының  қақпақылына 
айналып  тұрған.  Осы  мәселелердің    қыр-сырына  үңілу 
жолында  біраз  әдебиеттер  оқып,  зерттеулер  жүргізіп,  мұрағат 
материалдарын зерделеуге тура келді.
Таңжарықтың  1940  жылы  ұсталуында  да  көп  жайттерге 
шұқшия,  үңіле  қарауға  тура  келді.  Әрине,  Кеңес  елінде  оқып 


1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал