Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



жүктеу 282.35 Kb.

бет14/33
Дата09.01.2017
өлшемі282.35 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33

56
1973 жылы жазушы ғұмыры тұйықталған еді.
Көрнекті ғалым, қазақ драматургиясының 
білгірі    Рымғали  Нұрғалиев:    «Шоқан 
Уәлиханов»  драмасынан  кейін  көп  томдық 
романдар  шоғырының  алғашқы  кітаптары 
дүниеге келді. Кітапханалар, архивтер, Шоқан 
болған  қалалар,  Шоқан  басқан  жолдарды 
Сәбит  Мұқанов  түгел  көрді;  шекарадан  өтіп, 
Шығыс  Түркістан,  Қашқарға  дейін  барды. 
Ұйғыр  халқының  қалың  ортасында  болып 
келген  соң,  ойланып,  толғанған,  тақырыпты 
терең білуден, материалдың маңыздылығынан 
барып  драматург  бір  объектіден  өзектес  екі 
шығарма  –  пьеса-дилогия  тудырды.  Сөйтіп, 
Шоқанның жас жігіт кезін көрсететін «Қашқар 
қызы» атты екі бөлімді тарихи драма дүниеге 
келді»  –  деп  жазған  болатын  (Р.  Нұрғалиев. 
Арқау. Т.1. Алматы. 1991.–190 б.).
Сәбит Мұқанов 1956 жылы Қытай Халық 
Республикасына  саяхаттап  барып,  «Алыптың 
адымдары»  атты  көлемді  жолжазба  кітабын 
1959 жылы шығарған болатын. Сол кітаптың 
«Шыңжаң»  атты  тарауында:  «Шыңжаң  аталатын  өлкенің 
негізгі  жерлерін,  әсіресе,  бұрын  «Қашқария»  немесе  «Шығыс 
Түркістан»  немесе  «Кіші  Бұхара»  аталатын  жерді  көру  керек, 
ол  менің  Шоқан  Уәлиханов  туралы  алдағы  күнде  жазсам  деп 
жүрген  шығармама  қажет»  дейді  С.  Мұқанов  (233  б.).  Осы 
арқылы Қытайға сапарының негізгі мән-мақсатын аңғартады. 
Ғажайып тұлға Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығын 
зерттеп,  зерделеуде  қазақтың  екі  академигі  –  Әлкей  Марғұлан 
мен  Сәбит  Мұқановтың  сіңірген  еңбегі  өлшеусіз.  1961  жылы 
Қазақ  КСР  Ғылым  академиясы  Ш.Уәлихановтың  бес  томдық 
шығармалар  жинағын  шығарды.  Оның  жауапты  редакторы 
Әлкей  Марғұлан  еді.  С.  Мұқанов    редакциялық  алқаның 
құрамында болған. Әлекең Сәбеңе  бес томдықты сыйға тартып, 
І-томына  мынадай  қолтаңба  қалдырыпты:  «Қадірлі  Сәбитке! 
Теңізге шомылғандай сүйсініп оқуға! Әлкей Марғұлан. 25 июль 
1961 жыл». Шоқанның азғантай ғана ғұмырында 200 баспа табақ 
ғылыми  жұмыстар  жазып  қалдыруы  таңқаларлық  жайт  қой, 
шынында!  Оны  оқығанда  «Теңізге  шомылғандай»  күй  кешуге 
болатынын  ғұлама  Марғұлан  қалай  әдемі  аңғартқан.  Академик 
Н.И.Веселовскийдің  «Шығысты  зерттеу  әлемінің  аспанынан, 
қазақ  хандарының  ұрпағы,  орыс  армиясының  офицері  Шоқан 
Шыңғысұлы Уәлиханов аққан жұлдыздай зымырап өте шықты. 
Орыстың Шығысты зерттеушілері оны бір ауыздан дағдыдан тыс 
көрініске  санап,  түрік  халықтарының  тағдыры  туралы  аса  зор, 
аса қажетті жаңалықтар ашуды күткен еді...» (Ш.Ш.Уәлиханов. 
Бес  томдық  шығ.жинағы.  І-том.  Алматы.  1961.–  96  б.)  –  деген 
сөзі  Сәбит  Мұқановқа  көп  ой  салғанын  роман  атауын  «Аққан 
жұлдыз» қоюынан да аңғарамыз.
Қазақстанның  халық  жазушысы,  ақын  Мұзафар  Әлімбаев 
шығарманың  жазылу  тарихына  қатысы  бар  мынадай  бір  дерек 
келтіріпті:  «...Министрлер  Советінің  2-ші  демалыс  үйі.  Сәбең 
мені  өзінің  нөмеріне  шақырды.  «Аққан  жұлдыздың»  екінші 
томын  жазып  жатыр  екен.  Бір  шағын  бөлме,  шағын  стол,  үсті 
толған  блокноттар.  Сарғайып  кеткен,  атам  заманғы,  жұқа-жұқа 
блокноттар. – Ал, мен саған бір қызықтарды көрсетейін. Мынау 
1928 жылғы дәптер, мынау 1925 жылғы. Мынау 1936 жылғы... 1940 
жылғы...  Ұсақ  әріптермен  жазылған.  Араб  алфавитімен...  –  Сен 
білесің бе: Мен Шоқанға байланысты материалдарды жинағаныма 
биыл  елу  үшінші  жыл.  Мен  ең  алғаш  ғалымның  інісі  мылқау 
Мақының суреттерін бір үйден көрдім. Жинауды содан бастадым, 
– деді Сәбең» (КСМ.117 б.). Бұл, сірә, 1968-69 жылдар болса керек. 
Куәгердің куәлігімен нақтыланған академик-жазушының бір ауыз 
сөзі «Сәбит Мұқанов өмірінің соңғы жылдарында ғана Шоқанға 
қызығушылық  білдірді»  дейтін  сыңаржақ  пікірді  мүлде  жоққа 
шығарып  тұр.  Сәбең  «Мен  Шоқанды  тануға  бүкіл  ғұмырымды 
арнадым!»  дегісі келген, сірә. 
«Сәбеңнің көркемдік тәжірибесіне дұрыстап назар аударсақ, 
– дейді көрнекті сәкентанушы, сәбиттанушы ғалым, профессор 
Тұрсынбек  Кәкішев,  –    әсіресе,  тарихта 
болған қайраткерлер жөнінде жылдар бойы 
ізденіп,  толғанып  барып    шығарма  жазуға 
отырғанын  көреміз.  Оған  осы  Шоқан 
тарауы  мықты  дәлел.  Әуелі  мақала,  онан 
кейін  пьеса,  ірі  дүниеге  кірісер  алдында 
монографиялық зерттеу жасап алып, роман 
жазуға кіріскен. Әрине, өкініштісі, «Аққан 
жұлдыздың»  аяқталмай  қалғаны,  әйтпесе, 
қазақ тарихының ең бір шұрайлы кезеңінің 
көркем  шежіресі  жасалар  еді»  (Кәкішев 
Т.,  Ахмет  К.  «Сәбит  Мұқанов».  Әдеби-
ғылыми  ғұмырнама.  Алматы.  Арда,  2005, 
– 276 б.). Сондай-ақ, сәбиттанушы ғалым, 
профессор Құлбек Ергөбектің: «Аяқталмай 
қалған  «Аққан  жұлдыз»  еркін  романы 
және  аяқталмай  қалған  «Қазақ  қауымы» 
тарихи-этнографиялық  кітабы  –  бұл  екеуі 
іштей  сабақтас  туындылар.  Бірін-бірі 
толықтыратын,  бірін-бірі  ашатын  бұл  екі 
еңбек    өмір  бойы  халық  атынан  сөйлеп 
келген жазушының шын мәнінде халықтық 
ойға, ұлттық мұратқа оралуы еді» деуінің жөні бөлек (Ергөбек 
Қ.  «Сәбит  Мұқанов».  Оқу  құралы.  –  Алматы,  Санат,  2000  – 
320б.). Шоқан өміріне терең үңілген сайын Сәбит Мұқанов оның 
қысқа  ғұмырдағы  атқарған  қыруар  еңбегімен  қоса,  қол-аяғын 
жаздырмаған «темір кісенді» де (Ресейдің империялық саясатын) 
аңғарады.  Өзіне  өзі  үңіледі.  Ұлт  тағдырын  ойлайды.  Тұйыққа 
тіреледі. Бәлкім «Аққан жұлдыздың» екі кітабын тәмамдағаннан 
кейін  оны  тоқтата  тұрып,  тың  серпіліспен  «Қазақ  қауымын» 
жазуында  әлгіндей  күрмеуі  көп  қиын  түйінді  шешуге  деген 
ұмтылыс жатқан болар...
Шоқанның  бәкісіне  қайта  оралайық.  «Шоқанның  бәкісі» 
дегенде, көп адамның көз алдына Шоқан мен Федор Михайлович 
Достоевскийдің қатар отырып түскен фотосуретіндегі Шоқанның 
қолындағы  кішкентай  кездік  елестер.  Жоқ,  бұл  бәкі  ол  кездік 
емес...  (С.Мұқановтың  жеке  мұрағатында  Ф.М.  Достоевский 
мен Ш. Уәлихановтың бұл фотосуретінің бір данасы сақталған, 
дәлірек  айтқанда,  фотосуреттің  көшірмесі.  Оның  сыртында: 
«Ф.М.Достоевский и Чокан Валиханов (1858 г., г.Семипалатинск). 
Из ІҮ-го тома собр. сочинении Достоевского. Книга находится в 
библиотеке Союза писателей Казахстана. Г.Мукамедханов. 1941г. 
Январь-февраль. г.Алма-Ата» – деп жазған Қайым (Ғабдулқайым) 
Мұхамедхановтың қолтаңбасы бар).
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары болса керек, музейде 
Уәлихановтар  әулетінің  бүгінгі  ұрпағы,  Қазақстанның  еңбек 
сіңірген  сәулетшісі,  Алматыдағы  Шоқан  ескерткішінің,  қазіргі 
Елтаңбамыздың,  Тәуелсіздік  монументінің,  т.  б.  авторы  Шота 
Уәлихановпен  кездесу  кеші  өтіп  жатты.  Шота  ағамыздың  бір 
шап-шағын  қолсандық  ұстап  келгенін  байқағанбыз.  Әңгіме 
үстінде  әлгі  қолсандықты  жұртқа  көрсетіп,  ашып,  мән-жайын 
түсіндірді. Бұл Шоқанның суретші інісі Мақы (Әбділмақыжан. 
1844–1916ж.ж.. Шотаның атасы) жасаған қолсандық екен. Оның 
өрнектелуі,  әшекейленуі,  озық  қолөнер  туындысы  екендігі 
қарапайым көрушіге де әсер қалдырарлықтай. «Ал, мұның тағы 
бір ерекшелігі – қос түбі бар. Яғни, астыңғы түбі мен жасырын 
жасалған  үстіңгі  түбі  арасында  Шоқанның  талай  қолжазбасы 
жасырулы  жатады  екен»  –  деді  Шота  Уәлиханов.  Жұртшылық 
қызыға  көріп,  біреулер  «Мына  көненің  көзін  мұражайға 
тапсырмайсыз  ба?»  –  деп  қалды.  Шота  ағамыз:  «Кейінірек 
тапсыратын шығармын. Әзірге өзімде сақталады, – деді де сөзін 
жалғады, – мен Сәбит атамызға Шоқанның бәкісін сыйлағанмын. 
Музей  экспозициясында  тұрғанын  көрдім.  Рахмет.  «Оны  неге 
сыйладың?»,  –  дейсіздер  ғой.    Шоқанды  зерттеп,  насихаттап, 
ұрпақ  жадында  жаңғыртуда  Сәбеңнің  сіңірген  еңбегін  айтып 
жеткізу  қиын.  Сондықтан,  Шоқанның  көзіндей  болып,  осынау 
ақ сапты кішкене бәкі Сәбеңнің кітаптарының жанында тұруға 
әбден лайық деп санадым». Бұл  өте орынды шешім болған деп 
білеміз. 
Шоқан  шыққан  шың  тым  биік  еді  ғой.  Туған  халқы  оны 
әрдайым тек  биіктен ғана көріп, бағалай берсін.

57
кіріспе 
Ай жарығындағы табиғат көрінісінің панорамасы. Ауық-ауық  
жылқышы  торғайдың  сайрағаны,  үйірге  түскен  кербұғының 
әріптесін жеңіп, тұмсығын көтере, тауды жаңғырта кернейлеткен 
сұлбасы  толған айдың сәулесімен шағылыса көрінеді. Ұяласын 
шақырған қасқырдың ұлуы, соған қосыла етектегі ауыл иттерінің 
үрген  дауысы  естіледі.  Дауысты  естіп  үйден  жүгіріп  шыққан 
аңшы жан-жағына бағдарлап қарап алады да, тошала үйде сүйеулі 
тұрған,  күнгей  беттің  ақ  самырсынынан  шабылып,  жылқының 
терісімен қапталған тау шаңғысын алып, арқасында садағы мен 
шалма арқаны бар, қолына ұзын таяғын ұстап, қасқыр ұлыған тау 
бөктеріне бет алады. 
Сызылып  таң  атады.  Аңшы  аңди  басып,  бұғыларға 
жақындайды,  осы  кезде  бұғылар  үйірінің  төбесінде  ұшып-
қонып  секектеп  жүрген  сауысқан  енді  аңшыны  үстінен  айнала 
шықылықтап  мазасын  алады.  Бұғылар  пысқырынып  сауысқан 
шықылқтаған  жаққа  қарап,  қауіптеніп  үркеді.  Дүркіреген 
дыбыстан  тау  жаңғырып,  қыстайғы  жиылған  кісі  бойындай 
қалың қар ақырын-ақырын сілкініп, бірте-бірте жылжып, көше 
бастайды. Үйірлі бұғылар көшкіннен ойқастап, қаша жөнеледі. 
Осы  кезде  беткейдегі  қу  томар  мен  балапан  қарағайларды 
жапырып келе жатқан қар көшкіні арасынан шыға алмай қалған 
бұғының қодығасы, бірде көрініп бірде көрінбей, жанталаса ағып 
бара  жатады.  Мұны  көрген  аңшы  шаңғысымен  көшкін  үстінен 
сырғып отырып, көз ілестірмейтін қарқынмен қодығаны суырып 
алып, қиялап ағып өте шығады. Көшкін қарсы бетке жете екпінін 
басып  барып,  таудай  болып  үйіледі.  Арғы  бетте  қодығасынан 
айырылып  жан-жағына  қарап  шарасыздана  жаутаңдап  тұрған 
енесін көрген аңшы, шаңғысымен ағызып барып, қодығаны ене 
бұғыға  қосады.  Сосын  шалма  арқанын  суырып  алып,  мүйізі 
шаңырақтай  бір  бұғыға  тастайды  да,  оны  етекке  қарай  сүйрей 
жөнеледі. Іле-шала орман гуілі мен мұз астынан сылдыраған өзен 
үнімен бірге алғашқы атқан таңның нұры мен тау көрінеді. Алатау 
ма, Қаратау ма, әлде Алтай ма - әйтеуір аспанмен тілдескен ақбас 
шыңның бірі. Беткейдегі ұшқаттың басына жиналған қыстайғы 
қар үйіндісі етектегі еріп жиылған тоқтау суға домалап қосылып, 
еріп, жоқ боп кетеді. Күн көтеріліп, шуақтанған нұрсәулесі тау 
бауырайындағы орманға түседі.
  Алғашқы  ашылған  гүлдің  көрінісі,  сонымен  бірге 
жыбырлаған  қоңыздың  тырбыңы  көрінеді  де,  орман  ішіндегі 
құрт-құмырысқалардың  тіршілік  арпалысы,  бақа  шуылы, 
құстардың  үнімен  өзіндік  бір  «орман  симфониясына»  айналып 
кетеді. Әр әуендер өзара үндестік тауып, ортақ ырғаққа  ұласады. 
Осы  думанның  ішінен  бір  боз  торғай  ұша  жөнеледі  де,  тау 
етегіндегі  ауылға  бет  алады.  Қарсы  алдыдағы  төбеде  отырған 
киіз үйлер көрінеді. Алты қанат ақ үйлер, маңайындағы кішілеу 
кәдімгі  қараша  үйлер,  одан  ары  әр  түлік  бағымы  бойынша 
жеке-жеке жылқышы ауылы, қойшы ауылы, сиыршы ауылдары 
көрінеді.  Қойшы  жігіт  қойларын  шарбақ  қораға  қамайды,  4-5 
жасар баласы, қолында шелегі бар жас келіншегі қойды көгендеп, 
тырсиып  тұрған  желінін  ұрып-ұрып  идіріп,  сауа  бастайды. 
Аралықта қыңқылдаған, екі беті шиқандай қып-қызыл кішкентай 
баласының қолындағы тостағанына шелектегі сүтінен іліп алып, 
ұстата қояды да,  келесі қойды саууға кіріседі. Шелектегі сүттің 
үні  де  сазды  ырғақтай  орман-дала  «симфониясымен»  үндесіп 
жатқандай естіледі. Осы кезде күйеуі төлдер қамалған қораның  
есігін ашады да, жамыраған қозылар мен қойлардың маңыраған 
даусы өзара сәйкеседі. 
Бозторғай  ұшып  отырып  екінші  қораға  бет  алады,  қоздана 
жанып  жатқан  көріктің    үні  естіледі.  Оттан  қыздырылған 
таңбаны жұлып алған ұста жігіт, адымдай басып барып, кісілер 
қаумалап жығып, басып тұрған тайыншаға ыстық темірді басып 
қалғанда,  тайыншаның  өкірген  дауысымен  қатар  бұрық  еткен 
түтін  көрінеді.  Жігіттердің  бірі  қорадан  келесі  тайыншаны 
жетектеп  келе  жатады.  Оттың  алау  нұры  көріктің  қасында  ер-
тұрман жасап, жарқылдатып өрнектерін салып жатқан қарт пен 
шәкірт балаға түседі.
Бозторғай ұшып отырып және бір топқа бет алады. Бірнеше 
жігіттер үйірлі жылқының ішінен құр асауды шалмалап жүріп, 
әрең  ұстайды  да,  бір-екеуі  келіп  құлақтап  тұрып  ноқталайды, 
жарғақ  шалбарлы  жігіт  лып  етіп  қарғып,  көз  ілеспес 
жылдамдықпен жайдақ мінеді. Асау көзі шарасынан шыға мөңкіп, 
көкке шаншыла шапшып, шаба жөнеледі.  Бозбала шәкірт дайын 
болған ер-тұрманды көтеріп келе жатады. Алысырақта үйір-үйір 
жылқы табында тұрады. Бір айғыр үйіліп жатқан жылқы тезгін 
иіскеп басын көкке көтеріп, ернін жымырады да, тезектен аттап 
өтіп,  үстіне  өзі  де  тезек  тастайды.  Ұзап  бара  жатқан  үйіріне 
қосылған басқа бір айғырмен тебісіп-тістесіп таласады. Үйілген 
тезекке қалың қоңыз қона бастайды да, құмалақтарды бірдемде 
жан-жаққа талап домалатып әкетеді.
Бозторғай  ұшып  отырып  жаңадан    орналасып  жатқан 
көшке  келеді.  Шөгерген  түйеден  сәнді  киінген  бір  топ  қыздар 
күлісіп түсіп жатады, түйенің маңында теңдер, кереге уықтары 
шашылып жатады. Аржағында інген сауылып жатқаны көрінеді.
Бозторғай  ұшып  отырып  жусап  жатқан  қалың  қойға  келеді 
де,  ішіндегі  семіз  біреуінің  үстіне  қонады.  Қой  үстіндегі 
бозторғайдың  ұясының  ішінен  бірнеше  балапан  шырылдап 
Дәлелхан  ҚАДЫРҰЛЫ  1958  жылы  ҚХР  Алтай  қаласында  дүниеге 
келген.  Орта  мектепті  бітіргеннен  кейін,  1976-1981  жылдар  аралығында 
«Тянь-Шань» киностудиясында аударма фильмдер бөлімде қызмет атқарып, 
200-ден аса фильмдердің қазақ тілінде шығуына белсене атсалысты. 
1981-1985 жылдары Бейжиң кино институтының актерлік бөлімін үздік 
бағамен бітіріп шықты. Содан бері 40-қа жуық фильмдар мен телесериалдарға 
түсіп, көптеген байқауларда жүлде алған. 
Дәлелхан  Қазақстан  көрермендеріне  «Көрікті  мекен»  фильмі  және 
«Шыңғысхан»,  «Құбылай»  сериалдары  арқылы  жақсы  таныс.  Қазір  «Тянь-
Шань» киностудиясында жұмыс істейді. Ол - Мемлекеттік I-дәрежелі актер 
атағына ие артист. 
Төменде Дәлелхан Қадырұлының «Әз наурыз» атты дәстүрлі- танымдық 
деректі фильм сценарийін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Наурыз тек қазақ 
халқының дәстүрлі жыл басы ғана емес, дүниедегі көптеген ұлттардың ортақ 
мерекесі екені баршаға мәлім. Соған орай, көне саз әуенімен, пластикалық би 
арқылы бейнеленетін, байырғы киім үлгісіндегі дәстүрлі-танымдық фильмнің 
сценарийі  ретінде  жазылған  бұл  шығарма  жарыққа  шығып,  жұртшылыққа 
көрсетіліп жатса, ұлттық мәдени-рухани саладағы жақсы жаңалық болар еді 
деп сенеміз. 
ӘЗ НАУРЫЗ

58
ауызын ашады. Бозторғай ауызындағы құрт-құмырысқаны беріп 
маңайына  қарайды.  Қасындағы  тағы  бір  қой  туып,    қозысы  
шарананы  жарып  шығады,  енесі  қайрылып  келіп,  мекірене 
қозысын жалайды. Ал қозы тәлтіректеп келіп енесін еміп жатады. 
Таудың таң рауандағандағы жазғы көрінісі ашық рең алады. 
Таудың ақ қар, көк мұзға оранған құзар шыңы күнге шағылысады. 
Бауырайындағы  жасыл  манат,  гүлтекшелер  шағылысқан  күн 
нұрмен  ерекше  бір  көрініске  толады.  Төскейлерде  ақшаңқан 
киіз  үйлерден  будақтай  шыққан  түтін  аққуға  айналып,  аспанға 
көтеріліп  кетеді.  Биік  шатқалдан  құлап  аққан  сарқыраманың 
көрінісі мен гүріліне, орман, табиғат, төрт түлік малдың  шуылы 
қабаттаса  шығып,  осынау  таулы  өлкенің  тіршілік-тынысы, 
өзіндік симфониялық сазды әуеніндей әсерге бөлейді.
Малшылардың пейіші – киіз үйі 
Қою  реңге  боялған  қоңыр  күз.  Күндіз.  Байырғы  аңдардың 
суреті  мен  жазулар  ойылған  биік  жартас,  жартасқа  тіреле  тас 
үйшік,  қасында  күрке,  онымен  бірге  уығын  толықтап  жатқан 
киіз үй. Үйдің сол жағында шаңырақ үлгісіндегі үлкен атағаш, 
жан-жақтан  көмекке  келген  малшылардың  аттары  атағашқа 
тұс-тұсынан байланып, дөңгеленіп  тұр. Экранда баған арқылы 
көтерілген шаңырақ пайда болады да, қадалған уықтар, басқұр, 
баулармен көмкерілген әсем киіз үйдің ішкі көрінісіне айналады. 
Кинокамера үйден шыққан аңшының балаларымен ере шығып, 
олардың  есік  алдындағы  асық  ойынағандарын  бейнелейді. 
Аңшы  тастан  қаланған  қора  ішінде  бір  бөлігі  қырқылған 
қойларды бөліп, қырқылмағандарын қорадан жігіттер кезекпен 
сүйреп әкеліп, қырқа бастайды. Қырқылған жүнді биші қыздар 
өзара әзілдесіп, би қимылдарымен қатқан тулаққа салып, сабай 
бастайды.  Сабаудың  жуан-жіңішкелігіне  сай  ауаны  осқанынан 
шыққан  әртүрлі  үндер,  тулақтың  үлкен-кішілігіне,  қалың-
жұқалығына  сай  шыққан  әртүрлі  үндер  өзара  үндесіп,  сазды 
әуенге айналады. Сабау сабаған қыздардың іс-әрекеттері топтық 
би  қимылына  сай  көріністегі  бейнелі  түрде  болады.  Сабаудан 
ұшқан жүндер жоғары ұшып, көгілдір аспан аясынан қайтадан 
жауған  ұлпа  қардай  жапалақтап  түсіп  жатады.  Сабалған  жүнді 
ісмер  әйелдер  шиге  салып  шыпталайды,  орайды.  Жігіттердің 
бірі  ошақтағы  ыстық  суды  буын  бұрқыратып  оралған  шыптаға 
құяды.  Қыз-жігіттер  оралған  шыптаны  арқанмен  екі  жақтап 
тартады.  Арқанның  екі  басындағылар  өзара  «Киіз  тарту» 
әнін»    айтады.  Алыстан  үлкен  өзеннің  гүрілі,  аңшының  ағаш 
жонғандағы,  уықтарды  бірден  тастағандағы,  жүн  сабағандағы, 
кигіз  басқандағы  дыбыстар  таумен  жаңғырығып,  ырғақты 
шығады.  Уықты  толықтап,  әлгі  киізді  үйге  жабады.  Үй  сырты 
жабдықталып,  ақшаңқан  отауға  айналады.  Жүн  сабап,  киіз 
білектеген биші қыздар сыңғырлы күлкі, әдемі әзілдерін айтысып 
үйге  кіріп  кетеді  де,  іле-шала  шаңырақтан  түтін  көтеріледі. 
ішіндегі  қыз-жігіттердің  домбыраға  қосыла  ән  шырқағандары 
естліп  тұрады.  Аңшы  сырттағы  қоламтаға  су  құйып  сөндіреді. 
Сосын  ризашылық  қалпымен  көкке  қарайды,  қалықтап  ұшқан 
қыран бүркіт көрінеді. Енесін іздеген құлынның дауысы естіледі.
Аңшы және саятшылық
Күздің қою тұманы. Жаз бойы мекен еткен айдын көлдерін 
қимай, айналып ұшып, жылы жаққа бет алған құстар біртіндеп 
көкке көтеріледі. Сейіле бастаған тұман арасынан балапан аққу 
бейнесіндегі биші қыз шығып, көлден ұшқан құстардан қалғысы 
келмеген  сыңайда  қанатын  сермеп  әрекеттенегенімен    ұша 
алмайды.  Аналық  аққу    неше  айналып  келіп  балапанын  ерте 
алмай  шарасыздана  сұңқылдаумен  бір  көтеріліп,  бір  төмендеп, 
ақыры амалсыз көздеп ғайып болады. Табиғат көрінісі біртіндеп 
ақтүтек үскіркке айналады. Балапан құс мұз қатқан көлді арлы-
бері жағалап азық іздейді, жұқа мұз астындағы олай-былай жүзіп 
жүрген  балықтарды  ауламақшы  болады.  Тұмсығы  мұзды  тесе 
алмай, тайғанақтап әбден мысы құрып, меселі қайтады. Соңында 
балапан құс қалжырайды да көл шетіндегі ши түбіне бұйыққан 
бейнеде бұғып қалады. Осы көріністерге қабаттаса азық іздеген 
түлкі  көрінеді.  Ызғырық  желмен  бірге  бебеу  қаққан  ши  мен 
қияқтың ызыңы естіледі.
Түлкі  бейнесіндегі  биші  баспалап  келіп,  балапан  құсты 
қауырсынынан  бір  жұлып  қалады.  Ауырсынған  балапан  құс 
мамықтары  дудырап  жанталаса  қашады,  түлкі  қалай  қашса 
да,  алдын  орап  кес-кестеп  қауырсындарын  жұлып  ермек  етеді. 
Жаралы балапан көлге қарай қашады, қуып келген түлкі мұздан  
тайып  сүрініп  кетеді,  балапан  құс  көл  ортасына  таман  барып, 
соңындағы  түлкіге  қарайды,  мұзға  ебі  жоқ  түлкі  қайта-қайта 

59
сүрінеді. Алыстан қолында бүркіті бар, тазы ерткен аңшы келе 
жатады.  Тазылар  түлкіні  көріп  тұра  жүгіреді,  зәресі  ұшқан 
түлкі    тайғанақтап    қашады.  Екі  тазы  соңынан  қуып  жетіп, 
ұмар-жұмар  басып  алады.  Аңшы  бала  құстың  жараланған 
тобығын  таңып ат үстіндегі қоржынына құндақтап салып алады 
да,  түлкіні  екі  тазыдан  айырып  алып  қанжығасына  байлайды. 
Жайланып  отырып,  қойнына  салған  етінен  қынындағы  мүйіз 
сапты пышағымен кесіп, бір-екі жапырақ жейді, сосын кісесінен 
насыбайын  алып,  ерініне  салады.  Сәлден  кейін  сұқ  қолымен 
ерініндегі насыбайын ақ қарға тастайды. Насыбай түскен жердегі 
қар  еріп  кетеді.  Мұны  көрген  аңшы  қарап  отырып,  дорбадағы 
құмалағын алып, уыстап ақ қарға шашып жіберіп, бір жорамалға 
тоқтаған ол асыға атына мініп ауылына қарай желе жөнеледі.
Ерте  көктемдегі  қылтиып  жаңа  шыққан  көкке  екі  жақтан 
бірнеше  үйір  жылқы,  бір  қора  қой  жер  шекарасы  болып 
белгіленген таңбалы балбал тастан айқаса өтіп жайылады. Мұны 
көрген екі малшы бейнесіндегі биші жігіттер бір-біріне ентелей 
келіп, шекараны көрсетіп төбелеседі. Бұл көрініске аңнан қайтып 
келе жатып кездескен аңшы, екеуін әзер дегенде арашалайды да, 
ұстаған бір-бір қоянын олжаға беріп татуластырады да, малдарын 
қайыруға  жібереді.  Қоралы  қойдың  тұяқ  дыбысы,  жылқының 
шабысы үскірік желден ши, қияқ, қоғалы шөптің уілі ырғақпен 
естіліп тұрады.
халықтың берекесі - әз наурыз 
Кешкі  райда,  бүркітін  қолына  қондырып,    құндақтаған 
жаралы  құсы,  алған  түлкісі  бар,  аңшы  келіп  атын  атағашқа 
байлайды. Іргесін шыммен бастыра көмген кигіз үйден балалары 
жүгіре  шығады.  Аңшы  бала-шағаларымен  қауышады.  Түлкіні 
шешіп әйеліне береді, келіншегі түлкіні қағып-сілки үйіне кіріп 
кетеді. Балаларының ересек біреуі әкесіне атағаш көлеңкесінің, 
күндіз  ең  қысқарып  келген  жеріне  қойған  белгісін  көрсетеді. 
Әкесі шарт қимылға көшіп, балаларына атын ұстата салады да, 
атағаштың  түбіндегі  шаңырақ  формасындағы  күн  тізбені  бір 
айнала мұқият қарайды, сосын, баласы көрсеткен белгіні көріп, 
кісесіне  байлаған,  бір  жағы  қарадан  тысталған,  тері  кітаптағы 
жұлдыз  сызбаларын  ашып,  салыстрады,  наурыздың  кірген 
белгілерін  біледі.  Қуанғанын  жасыра  алмай  әйелін  шақырады. 
Әйелі жүгіре шығып, күйеуінің қолындағы тері кітапқа қарайды 
да, қуана көршілеріне қарай сүйіншілеп жүгіре жөнеледі. 
Қыз-жігіттердің  орындауындағы  наурыздың  дайындық 
жұмыстары  би  арқылы  басталып  кетеді.  Бағанағы  дүркіреген 
жылқы  шабысы,  қоралы  қойдың  тұяқ  дыбысы  әлдеқашан 
басылған, үскірік желдің ызыңы да бәсеңдеген. Көрініс біртіндеп 
сырттағы жігіттердің сабаумен сабап киіз, тулақ, сырмақ қаққан, 
бидай желпіген, қимыл-тірліктеріне сай,  үй ішіндегі қыздардың 
бидай түптеп, тары түйген көне киімдердің құндыз жағасымен, 
түймелерін үзіп алып, тоқым қаптап жатқан, үй сыртындағы тай 
қазанды қырып жуған, дөңбек жарған қимылдарымен алма-кезек 
алмасып  бейнеленеді.  Жігіттер  қатарласа,  ағаш  тостағандарды, 
қадыра шыныларды, бір-біріне лақтырып беріп тұрады. Кейбір 
кетілгендерін  шарт  еткізіп  сындырып  тастап,  ақаусыздарын 
тайқазан  маңындағы  аңшының  әйеліне  «Шыны  биінің» 
әрекетімен  кеселерді  төбесіне,  иығына,  шынтағына  қондырып 
жеткізіп беріп тұрады. Бұл дайындық қимылдары бидің ырғақты 
сазының тау қойнауын жаңғырта шығуымен ұласып жатады.
Қызара батып күн ұясына қонады да, жұлдыздар самсап, ай 
туады. Аңшының үй іші. Жер ошақта лапылдап от жанып, әйелі 
қазанға  ас  пісіріп  жатады.  Шаңырақтан  төмен,  екі  жағынан 
салбырап  түсіп  тұрған  уық  буғыштың  ұшына  бақанды  байлап 
жасалған  әткеншекті  ат  қылып  ойнап  жүрген  аңшының  алты 
жасар кіші ұлы, тепе-теңдігін ұстай алмай ауып түсе жаздағанда, 
басындағы бөрігі жерге түсіп кетеді, мықтылғын көрсеткісі келген 
бала жан – жағына масаттана қарап, жерден бөрігін ат үстінен 
теңге алғандай қимылмен іліп алып басына киеді де, шаңырақтан 
көрініп  тұрған  жұлдыздарға  қарап,  бір  –  екі  жұлдыздың  атын 
атайды. Лапылдап жанып тұрған оттың жарығында, киіз қапты 
кітапты  көріп  отырған  он  жасар  ағасы,  інісінен:    -  Қазір  жеті 
қарақшы қай бағытта ? - деп сұрайды. 
Інісі: - Солтүстікте - деп, жауап береді.
Ағасы: - Темір қазық қай бағытта тұр ? 
Інісі:-  Ол да солтүстікте.
Ағасы:- Үркер қай жақта? 
Інісі:- Батыста. 
Бір шетте қайыс тіліп отырған әкесі күлімсіреп, баласынан: - 
Есекқырған қазір қайда? – деп, сұрайды, 
Үлкен  ұлы:  -  Таң  бозарып  атардан  бір-екі  сағат  бұрын 
шығады.
Әкесі: - Шолпан жұлдыз  қазір қай жерде? 
Үлкен ұлы:-  Шолпан қазір туылған жоқ, ол таңата туады –
деп, іліп алып, тез жауап береді. 
Бағанадан  бері  отағасы  мен  балаларының  сөздеріне  құлақ 
түре  жүріп  ас  даярлаған  шешесі,  барлығын  дастарханға 
шақырады. 
Ертесі  таңертең,  ішінде,  аңшының  ұлдары  бар,  үш-төрт  ит 
ерткен,  жеті-сегіз  үлкенді-кішісі  аралас  балалардың  бір  асау 
таймен  алысып,  байғазы  жиямыз  деп  шуылдап  ойнап  жүргені 
көрінеді.  Тайға  үлкен  тері  қоржынды  салып,  үстіне  қуыршақ 
мінгізіп, тайдың мойынына қоңырау тағып, шылбырын сүйретіп, 
мөңкітіп қоя береді. Олар басқа ауылдарды аралап байғазы жиюға 
тай  соңынан  кетеді.    Иттің  үргені,  балалардың  шуылы,  тайға 
таққан  қоңыраудың  дыбысы  олар  алыстаған  сайын  біртіндеп 
бәсеңси береді.
Ауылдағы  қыз-жігттердің  бір  бөлігі  аңшы  мен  әйеліне 
көмектесіп,  тай  қазанды  ошаққа  орналастырады.  Су  құяды. 
Ет, бидай, қатық, арпа, тары салады, соңында әйел тұз салады. 
Қазанның төрт құлағына төрт жапырақ май қояды. Мұның бәрі 
тұрмыс-салттық нақыштағы әсерлі, әрі сазды көріністер болады. 
Соңында бірнеше қыздар жеңгелерінің құлағына сыбырлайды да, 
арнайы бітеу шұжықтарды әкеп тағы бір қазанға салады. Жеңгесі 
тағы бір жапырақ майды отқа салады да алақанын отқа қыздырып, 
қыздардың бетін сыйпап тілек тілейді. Аңшы жігіттермен бірге 
әлгі  ат  ағаштағы  шаңырақ  үлгісіндегі  күн  тізбені  ортаға  алып 
шығады, бақанман жоғары көтереді, Шаңырақтың жақтауындағы 
тесіктерден  түскен  нұр  сәулесі  жан-жаққа  жарқырай  тарайды. 
Күлдіреуіш кірген тесіктен он екі айдың сағымы түседі де, оның 
төрт бөлігі төрт маусымды бейнелейді. Көптен күткен күн мен 
түннің  теңеліп,  бар  әлем  нұрға  толып,  жылықтың  таралады. 
Барлығы  шаңырақтан  түскен  нұрға  ерекше  қуаныш  сезмімен, 
үмітпен қарайды.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал