Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015



жүктеу 302.51 Kb.

бет3/4
Дата09.01.2017
өлшемі302.51 Kb.
1   2   3   4

шәриф-и Жафәри деп аталады.

40

Абдуллаһ (радиаллаһу анһ): Расулуллаһтың 

Хадиша  анамыздан  туылған  соңғы  ұлы. 

Расулуллаһқа  пайғамбарлық  келгеннен  кейін 

туылып, әлі анасының омырауын еміп жүргенде 

шетінеген.  Таййиб  және  Тахир  деп  те  аталған. 

Абдуллаһ  қайтыс  болғанда  Ас  бин  Уаил 

«Мұхаммед  әбтәр  болды»,  яғни  тегі  кесілді 

деді. Аллаһу та’ала Асқа 



«Иннә атайнә» сүресі 

арқылы жауап берді.



Ибраһим (радиаллаһу анһ): Расулуллаһтың 

ұл  балаларының  үшіншісі  және  барлық 

балаларының  ең  соңғысы.  Гераклиус  Мысыр 

билеушісі  болған  Муқауқыс  сыйға  жіберген 

хазреті  Марийәдан  туған  бала.  Хижреттің 

сегізінші  жылы  дүниеге  келіп,  бір  жарым 

жасында  шетінеді.  Ол  ауырып  жатқанда 

Расулуллаһ  оны  құшағына  алып,  мүбәрәк 

көздерінен жас ағатын. Қайтыс болғанында күн 

тұтылды  деді.  Расулуллаһ  (саллаллаһу  алейһи 

уә сәлләм) мұны естігенде «Ай мен күн Аллаһу 

та’аланың  бар  және  бір  екенін  көрсететін 

екі  махлұғы.  Біреудің  өлуіне,  тірі  қалуына 

байланысты  тұтылмайды.  Оларды  көргенде 

Аллаһу  та’аланы  ойлаңдар»  деген.  Ибраһим 

қайтыс  болғанда  «Йа  Ибраһим!  Өліміңе  қатты 



41

қайғырдық. Көзіміз жылап, жүрегіміз сыздайды. 

Бірақ,  Раббымызды  ашуландыратын  ешнәрсе 

айта алмаймыз» деді.



Тапқырлық

Пайғамбар  (Алланың  оған  игілігі  мен 

сәлемі  болсын)  отыз  беске  келгенде  Қағбаның 

қабырғаларын сел шайып кетіп, араб тайпалары 

оны  қайта  тұрғызуға  кіріседі.  Алайда,  олар 

қасиетті қара тасты орнына қою мәселесінде бір 

мәмілеге келе алмайды. Өйткені, мұндай үлкен 

мәртебеден  барлығы  да  үмітті  еді.  Соңында 

олар «Бұл таласқа өз төрелігін  Қағбаға бірінші 

келген кісі айтсын» деген тоқтамға келеді. Сол 

кезде  Алланың  қалауымен  қасиетті  құлшылық 

орнына 


болашақ 

пайғамбар 

Мұхаммед 

(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) кіріп 

келеді.  Оны  көрген  көпшілік    қатты  қуанады. 

Өйткені,  Ол  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 

болсын) өмірінде өтірік айтпаған ең сенімді әрі 

әділ  болатын.  Мән-жайға  қаныққан  болашақ 

пайғамбар  бір  матаны  жайып,  оның  үстіне 

қасиетті  қара  тасты  қояды.  Әр  тайпаның  бір-

бір  өкілі  матаның  шеттерінен  ұстап,  тасты 

орнына  жайғастырады.  Тайпа  көсемдері  бұл 

тапқырлыққа дән риза болысып, тарасады.


42

Хира үңгірінде

Өзіне  пайғамбарлық  келместен  бұрын 

Мұхаммед  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 

болсын)  Мекке  сыртындағы  таудың  Хира 

атты  үңгірінде  Ибраһим  (ғ.с.)  пайғамбардың  

ғибадатымен  жұрттан  жырақ,  оңаша    Алла 

Тағалаға құлшылық жасайтын. Қырыққа толған 

шағында  сол  әдетімен  үңгірде  ғибадат    етіп 

жатқанда оған (Алланың оған игілігі мен сәлемі 

болсын)  Жәбірәйіл  (ғ.с.)    келіп:  «Оқы!»  -  деп 

бұйырады. Ол (Алланың оған игілігі мен сәлемі 

болсын):  «Мен  оқи  алмаймын»,  -  дейді.  Сонда 

Жәбірәйіл    (ғ.с.)  оны  қатты  қысып,  босатып 

жібереді де: «Оқы!» - дейді. Мұхаммед (Алланың 

оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын):  «Мен  оқи 

алмаймын»,  -  дейді.  Жәбірәйіл  (ғ.с.)  оны  тағы 

да  қысып:  «Оқы!»  -  деп  әмір  етеді.  Пайғамбар 

(Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын): 

«Мен оқи алмаймын», - деп қайталайды. Сонда 

Жәбірәйіл (ғ.с.): «Жаратқан Раббыңның атымен 

оқы!  Адамды  ұйыған  қаннан  жаратқан.  Оқы! 

Раббың сенің ардақты! Ол қаламмен үйреткен» 

(«Алақ»  сүресі,  1-4-аяттар),  -  деп  Құраннан 

алғашқы  аяттарды  уаһи  етеді.  Содан  кейін 

Жәбірәйіл  (ғ.с.):  «Уа,  Мұхаммед  (Алланың 


43

оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)!  Расында,  сен 

Алланың  Елшісісің  (Алланың  оған  игілігі  мен 

сәлемі болсын)!» - деді де көзден ғайып болды. 

Бұл    оқиғадан  қатты  қорыққан  пайғамбар 

(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) үйіне 

келіп  жұбайы  Хадишаға  (р.а.)    болған  жәйтты  

толық айтып береді.



Уарақа ибн Нуфил

Уарақа ибн Нуфил ибн Әсәд ибн Абдулузза  

Хадишаның (р.а.)  әкесімен туысқан ағасы еді. 

Хадиша  (р.а.)  пайғамбарды  (Алланың  оған 

игілігі  мен  сәлемі  болсын)  оған  ертіп  барып, 

болған  оқиғаның    сырын  сұрайды.  Уарақа  өз 

заманының  оқымыстысы  әрі  тақуа    болатын.  

«Мұхаммедтің  көргені  Мұса  (с.ғ.)  пайғамбарға 

түскен Намус (Жәбірәйіл  (ғ.с.) періште» ), - деп, 

оған  пайғамбарлық  келгенін  хабарлайды.  Ол: 

«Кәрі  қойдың  жасындай  жасым  қалды.  Ондай 

бақытты  күндерді,  сірә  көре,  алмаспын»,  -  деп 

қатты өкінеді.

Уаһи түрлері

1.  Пайғамбар  (Алланың  оған  игілігі  мен 

сәлемі  болсын)  ұйықтап  жатқанда  көретін 


44

шынайы түсі.

2. Періштенің пайғамбардың көзіне көрінбей 

оның жүрегіне салатын уаһиы.

3.  Періштенің  адам  кейпінде  келіп 

хабарлауы.

4.Қоңырау  соғылғандай  қатты  дауыспен 

келуі. Бұл пайғамбар (Алланың оған игілігі мен 

сәлемі болсын) үшін ең ауыр уаһи түрі болған.

5. Періштені Алла Тағала жаратқан шынайы 

алып бейнесінде көруі.

6.  Алла Тағаланың Миғраж түні періштесіз 

тікелей түсірген уаһиы.

7.    Алла  Тағаланың  Өз  сөзін  пайғамбарға 

(Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын) 

періштесіз түсіруі.



Жасырын шақыру

Бұл  оқиғадан  кейін    Алланың  әмірімен 

пайғамбарымыз  (Алланың  оған  игілігі  мен 

сәлемі  болсын)  өзіне  жақын  адамдарды 

жасырын түрде  Ислам  дініне шақыра бастады. 

Дінге  ер  кісілерден    ең  бірінші  досы  Әбу 

Бәкір  (р.а.),  әйелдерден  жұбайы  Хадиша  (р.а.), 

балалардан Әли ибн Әбутәліп (р.а.), құлдардан 

қызметшісі Зәйд (р.а.), күңдерден Умму Айман 


45

(р.а.)  кірді.  Ал,    Әбу  Бәкірдің  (р.а.)  себепші 

болуымен бес адам исламды қабылдайды. Олар: 

Осман  ибн  Аффан  (р.а.),  Зубәйр  ибн  Аууам 

(р.а.), Әбдірахман ибн Ауф (р.а.), Сағыд ибн Әбу 

Уаққас (р.а.) және Талха ибн Убайдуллаһ (р.а.). 

Осыдан  соң  пайғамбар  (Алланың  оған  игілігі 

мен сәлемі болсын) жария үгіт кезеңі келгенше 

үш жыл бойы өзінің жақындарын Ислам дініне 

шақырумен болды.



Жария  шақыру

Алладан  жария  үгіт  туралы  әмір  жеткенде 

пайғамбар  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 

болсын) қауымын жинап алып: «Егер мен мына 

таудың арғы жағынан сансыз қолы бар дұшпан 

келіп шабуыл жасағалы тұр десем сендер маған 

сенер ме едіңдер?» - деп сұрайды. Сонда олар: 

«Әрине,  сенеміз.  Өйткені,  сен  ешқашан  да 

өтірік сөйлемегенсің», - десті. Сонда пайғамбар 

(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің 

Алланың  елшісі    екендігін  айтып:  «Лә  иләһә 

иллаллаһ («Алладан басқа Құдай жоқ») десеңдер 

құтыласыңдар!»  -  деді.  Бұған  меккеліктердің 

ешқайсысы  жауап қатпады. Олардың арасында 

тек  Әбу  Ләһаб  қана  пайғамбарға  (Алланың 


46

оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  тіл  тигізіп, 

балағаттады.  Осы  оқиғадан  кейін  адамдар 

біртіндеп жаңа дінге кіре бастады. Ал, Меккені 

билеп тұрған құрайыш тайпасының басшылары 

пайғамбарға  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 

болсын)  иман  келтіргендерге  қорлық  көрсетіп, 

қудалауға кірісті.



Эфиопияға қоныс аудару

Аллаға  серік  қосушы  меккеліктердің 

қуғындауы    қатты  күшейген  кезде  пайғамбар 

(Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  бір 

топ  мұсылмандарға  діндерін  сақтап  қалу  үшін 

Эфиопияға  көшуді  бұйырады.  Онда  Нәжжаши 

атты  әділ  патша  бар  екендігін  айтты.  Қоныс 

аударушылардың  саны  он  бір  ер,  бес  әйел 

болатын.  Бұл  исламның  бесінші  жылы  еді. 

Алайда,  олар  сол  жылдың  өзінде  Меккеге 

қайта оралды. Олар: «Меккеде жағдай түзеліп, 

адамдардың  көпшілігі  иман  келтірді»  деп 

ойлаған болатын.

Эфиопияға екінші рет көшу

Меккеге  келген  олар    мұндағы  жағдайдың 

жақсармағанына  көздері  жетіп,  Эфиопияны 


47

қайта  бетке  алады.  Бұл  жолы  олардың  саны 

көбейіп, сексен екі ер, он сегіз әйел болды. Бұл 

алғаш уаһи түскеннен кейінгі алтыншы жыл еді.  

Мұсылмандар екінші мәрте қоныс аударғаннан 

кейін  оларды  кері  қайтару  үшін  құрайыштар 

Эфиопия  патшасы  Нәжжашиге  Амр  ибн  Ас 

бастаған бір  топты жіберді. Алайда әділ патша 

Амр  ибн  Аспен  бірге  мұсылмандардың  өкілі 

Жағфар  ибн  Әбутәліптің  де  сөзін  тыңдаған 

соң    мұсылмандарды  Меккеге  қайтарудан  бас 

тартады.


Құрсауда

Мұсылмандарды  азаптаумен  діндерінен 

қайтара 

алмасын 


білген 

құрайыштың 

қаныпезер  рубасылары  жиналып,  барлық 

иман  келтіргендер  мен  һәшим,  Мутталиб 

әулеттерімен  қарым-қатынасты  үзетіндіктерін  

мәлімдейді.    Басқалардың  олармен  сауда-

саттық  жасауларына  қатаң  тыйым  салады. 

Мұсылмандар  үшін  өте  ауыр  болған  бұл  кезең 

үш  жылға  созылады.  Азық-түлік  таусылып, 

әбден  ашыққан  мұсылмандар    ағаштардың 

жапырақтарын, өсімдік тамырларын қорек етеді. 

Кейбір    жомарт  жандар    оларға  көмектесуге 

барын салды.  Олар құрайыш рубасылары мен 


48

мұсылмандар  арасындағы  жасалған  келісім-

шартты  жоймақшы  болады.  Қағбаның  ішінде 

сақтаулы  тұрған  құжатты  көріп  барлығы  таң 

тамаша қалысады. Өйткені келісімдегі «Алланың 

атымен» деген сөзден басқа жазудың барлығын 

құрт

 

жеп  тастаған  болатын.  Осындай  қиын-



қыстау кезеңде  мынадай кісілер мұсылмандарға 

қолынан келгенше көмек қолын созды :

1.     Һишәм ибн Амр

2.     Зуһәйр ибн Әбу Умәйя

3.     Әл-Мутғим ибн Адий

4.     Әбул-Бухтури ибн Һишәм

5.     Зумға ибн әл-Әсуәд.

Қаралы  жыл

Алғаш  уаһи  түскеннен  кейінгі  оныншы 

жылы  пайғамбарды  (Алланың  оған  игілігі  мен 

сәлемі болсын) үнемі қолдап, жанынан табылған 

көкесі  Әбутәліп  дүние  салады.  Артынша 

бірнеше күннен кейін рухани тірегіне айналған, 

сүйікті  жұбайы  Хадиша  (р.а.)  қайтыс  болады.  

Екі бірдей жақынынан айырылған  Алла Елшісі 

(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қатты 

қайғырады.  Бұл  ислам  тарихына  қаралы  жыл 

деген атпен енді.


49

Таиф қаласына сапар

Көкесінің қазасынан кейін  құрайыштардың 

пайғамбарға  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 

болсын)  деген  қарсылығы    күшейе  түскені 

соншалық,  әбден  шарасы  таусылған  Алла 

Елшісі  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 

болсын) сырттан жәрдем іздеп Таиф шаһарына 

барады. Алайда, қала халқы Нәбидің (Алланың 

оған игілігі мен сәлемі болсын) дағуатына құлақ 

салмайды. Керісінше, тас лақтырып, қуады.  Алла 

Тағала Оған  (Алланың оған игілігі мен сәлемі 

болсын)  тау  періштесін  жіберіп,  егер    қаласа  

қаланың  үстіне    тауды  төңкере  салатындығын 

айтады.  Сонда  рахым    пайғамбары  (Алланың 

оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын):  «Жоқ,  мен 

олардың ұрпақтарынан еш серік қоспай, жалғыз 

Аллаға  табынатын  мұсылмандар  шығады  деп 

үміттенемін», - деп жауап қайырады.



Исра және миғраж мұғжизасы

«Исра»  сөзі  «түнгі  сапар»,  «миғраж» 

«жоғары  көтерілу»  деген  мағынаны  білдіреді. 

Мәдина  қаласына  қоныс  аударудан  бір  жарым 

жылдай  бұрын бір түні пайғамбарға (Алланың 

оған игілігі мен сәлемі болсын) Жәбірәйіл (ғ.с.) 



50

періште келеді. Оның қасында тек пайғамбарлар 

ғана  мінетін  Бурақ  (қазақтың  «пырақ»  сөзі 

осыдан шыққан) атты жүйрік жануар бар екен. 

Пайғамбар  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 

болсын)  Жәбірәйілдің  (ғ.с.)  айтуымен  осы 

жануарға  мініп,  Бәйтул-Мақлиске  (Иерусалим 

шаһарына) бір сәтте-ақ жетіп барады. Әл-Ақса 

мешітінде  оны    басқа  пайғамбарлар    күтіп 

отыр  екен.  Пайғамбар  (Алланың  оған  игілігі 

мен сәлемі болсын) оларға имамдық етіп, бірге 

намаз  оқиды.  Бұл  Оның  (Алланың  оған  игілігі 

мен  сәлемі  болсын)  басқа  пайғамбарлардан 

артықшылығына дәлел. Сосын Жәбірәйіл (ғ.с.) 

періштемен  бірге  көкке  көтеріледі.  Аспанның 

бірінші  қабатында  Адам  (ғ.с.)  пайғамбармен  

кездеседі. Екінші қабатта Иса (ғ.с.)  және Жақия 

(ғ.с.)    пайғамбарлармен    жолығады.  Үшінші 

қабатта  Жүсіп  (ғ.с.)    пайғамбарды    көреді. 

Төртінші  қабатта  Ыдырыс  (ғ.с.)  пайғамбарды 

көрсе,  бесіншісінде  Һарун  (ғ.с.)    пайғамбарға  

жолығады.  Одан кейін Мұса (ғ.с.)  пайғамбарды 

кездесіп. тілдеседі. Жетінші қабатқа көтерілгенде 

Меккедегі  Бәйтулла-Қағбаның  дәл  үстінде 

орналасқан  Бәйтул-Мағмурды,  оған  қажылық 

жасап  жатқан  сан  мыңдаған  періштелерді 



51

көреді.    Сосын  әлемдердің  шегі  -  Сидратул-

Мунтаһаға  барады. Осы жерде Жәбірәйіл  (ғ.с.) 

тоқтап, пайғамбарға (Алланың оған игілігі мен 

сәлемі  болсын)  «Енді    алға  жүрсең  өтесің,  ал 

мен  жүрсем  күйіп  кетемін»,  -  деп  осы  жерде 

қалатындығын айтады. 

Құрметті  оқырман!  Исра  және  Миғраж 

оқиғаларын  бір-ақ  түнде  басынан    кешіреді. 

Пайғамбар  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 

болсын)  Алла Тағаламен уаһи арқылы  тілдеседі. 

Алла  Тағала  осында  бес  уақыт  намазды  парыз 

етеді.


           

52

МҰСЫЛМАН ҮШІН МАҢЫЗДЫ 

СҰРАҚ-ЖАУАП

Сұрақ:   Сіз  мұсылмансыз  ба?

Жауап:  Әл-хамдулил-ләһ,  мұсылманмын.

Сұрақ:   Немен  дәлелдейсіз?

Жауап:  «Әшһаду  әллә  илаһа  иллалаһ.  

Уә  әшхаду  әннә  Мухаммадән  ъабдуһу  уә  

расулуһ».

Сұрақ:   Қашаннан  бері  мұсылмансыз?

Жауап:  Әлимсақтан  бері  мұсылманбыз.

Сұрақ:   Қалайша  мұсылмансыз?

Жауап:  Иман  келтірумен  мұсылманмын.

Сұрақ:   Кімнің  құлысыз?

Жауап:  Алла Тағаланың  құлымын.

Сұрақ:   Кімнің  үмметісіз?

Жауап:  Мұхаммед  Пайғамбардың  

үмметімін.



Сұрақ:   Кімнің  досысыз?

Жауап:  Төрт  шадиярдың  (Абубәкір,  

Осман,  Омар,  Әли)  досымын.



Сұрақ:   Кімнің  ұрпағынансыз?

Жауап:  Адам  Атаның  ұрпағынанмын.

Сұрақ:   Кімнің  милләтіненсіз?

Жауап:  Ибраһим  калилләның  

53

милләтіненмін.



Сұрақ:   Кімнің  мәзһабынансыз?

Жауап:  Имам  Ағзамның  мәзһабынанмын.

Сұрақ:   Сізді  кім  жаратты?

Жауап:  Барша  әлемді  жаратушы  Алла  

жаратты.


Сұрақ:   Пайғамбарымыз  кім?

Жауап:  Пайғамбарымыз  Мұхаммед  

(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)



Сұрақ:  Дінің  не?

Жауап:  Дінім  Ислам.

Сұрақ:  Ислам  діні  қалай  орындалады?

Жауап:  Ислам  діні  негізінде  5  нәрсемен  

атқарылады:

1. Иман  –  Алланың  бір  екеніне,  Мұхаммед 

пайғамбар  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 

болсын) оның  әрі  елшісі  және  құлы  екеніне  сену.

2.  Намаз  –  Күнделікті  бес  уақыт  намазды  

өз  уақытында  орындау.

3.  Ораза  –  Қасиетті  Рамазан  айында  ораза  тұту.

4.  Зекет  –  Мал-дүниесінің  кірін  шығарып  

тұру.


5.  Қажылық  –  Шамасы  жеткен  қажыға  

бару.


54

МӘУЛІТ ХҰТБАСЫ

ْمي ِجَّرلا ِناَطْيَّشلا َنِم ِللهاِب ُذوُعَا

ْمي ِحَّرلا ِن ٰمْحَّرلا ِالله ِمْسِب

 اَنِلوُسَر يٰلَع ُمَلاَّسلا َو ُةَلاَّصلا َو َنيِمَلاَعْلا ِّبَر ِ ِل ُدْمَحْلَا

ْنيِعَمْجَا ِهِباَحْصَا َو ِهِلٰا َو ٍدَّمَحُم

ِالله َلوُسَر اَي َكْيَلَع ُمَلاَّسلا  َو ُةَلاَّصلَا

ِالله  َبيِبَح اَي َكْيَلَع ُمَلاَّسلا َو ُةَلاَّصلَا

ِالله َّيِبَن اَي َكْيَلَع ُمَلاَّسلا َو ُةَلاَّصلَا

ِالله ِقْلَخ َرْيَخ اَي َكْيَلَع ُمَلاَّسلا َو ُةَلاَّصلَا

ِالله  ِش ْرَع َروُن اَي َكْيَلَع ُمَلاَّسلا  َو ُةَلاَّصلَا

ِنْيَس ْوَق  َباَق  َب ِحاَص اَي َكْيَلَع ُمَلاَّسلا  َو ُةَلاَّصلَا

 يَّلَص يٰفَطْصُمْلا َنيِلَسْرُمْلا ِفَرْشَا يَلَع ُمَلاَّسلا َو ُةَلاَّصلَا

 ِماَرِكْلا ِهِتْيَب ِلْهَا َو ِهِباَحْصَا َو ِهِلٰا يٰلَع َو َمَّلَس َو ِهْيَلَع ُالله

ْةَحِتاَفْلا ِ ِل

ِمي ِحَّرلا ِن ٰمْحَّرلا ِالله ِمْسِب

ْةَّيِلَعْلا ِتاَّذلا ِمْساِب َءَلاْمِ ْلاا ُاِدَتْبَا

ْهَلا ْوَا  َو ُهَلاَنَا اَم يٰلَع ِتاَكَرَبْلا  َضْيَف ًاّرِدَتْسُم

ْةَّيِنَه ٌةَغِئاَس ُهُد ِراَوَم ٍدْمَحِب يِّنَثُا َو

ْهاَياَطَم ِليِمَجْلا  ِرْكُّشلا َنِم ًاِطَتْمُم

ْةَّيِلَّوَ ْلاا َو ِمُّدَقَّتلاِب ِفوُصْوَمْلا  ِروُّنلا يَلَع ُمِّلَسُا َو يِّلَصُا َو

ْهاَب ِجْلا َو ِةَمي ِرَكْلا  ِرَرُغْلا يِف ِلِقَتْنُمْلَا

55

ْةَّيِوَبَّنلا َةَرِهاَّطلا َةَرْتِعْلا  ُّصُخَي ًاناَوْض ِر يٰلاَعَت َالله ُحِنْمَتْسَا َو

ْهَلاا َو ْنَم َو َعاَبْتَ ْلاا َو َةَباَحَّصلا ُّمُعَي َو

ْةَّيِلَجْلا ِةَح ِضاَوْلا ِلُبُّسلا ِكوُلُسِل ًةَياَدِه ِهيِدْجَتْسَا َو

ْهاَطُخ  َو ِاَطَخْلا ِطَط ِخ يِف ِةَياَوَغْلا َنِم ًاظْف ِح َو

ْةَّي ِرَقْبَع ًاناَسِح ًادوُرُب ِّيِوَبَّنلا ِدِلْوَمْلا ِةَّصِق ْنِم ُرُشْنَا َو

ْهَلاُحِب ُعِماَّسلا يَّلَحَت ًادْقِع ِفي ِرَّشلا ِبَسَّنلا َنِم ًامِظاَن

ْةَّيِوَقْلا ِهِتَّوُق َو ِالله ِلْوَحِب ُنيِعَتْسَا َو

ْللهاِب َّلاِا َةَّوُق َلا َو َل ْوَح َلا ُهَّنِاَف

ْميِلْسَت  َو ٍةَلاَص ْنِم ٍّيِذَش ٍفْرَعِب  َفي ِرَّشلا ُهَرْبَق َّمُهّٰللا  ِرِّطَع

ْهْيَلَع  ْك ِراَب َو ْمِّلَس َو ِّلَص َّمُهّٰللَا

ْلوُقَاَف ُدْعَب َو

 ِدْبَع ِنْبا ِالله ِدْبَع ُنْبِا َمَّلَس َو ِهْيَلَع ُالله يَّلَص ٌدَّمَحُم اَنُدِّيَس َوُه

ْدْمَحْلا ُةَبْيَش ُهُمْسا َو ِبِلَّطُمْلا

و ْرْمَع ُهُمْسا  َو ٍمِشاَه ِنْبِا

ْةَريِغُمْلا ُهُمْسا َو ٍفاَنَم ِدْبَع ِنْبِا

ْعِّمَجُم ُهُمْسا  َو ٍّيَصُق ِنْبِا

ْةَّي ِصَقْلا َةَعاَضُق ِدَلاِب يِف ِهي ِصاَقَتِل ٍّيَصُقِب َيِّمُس

ْها ٰم ِح ا ٰمَحَف ِمَرَتْحُمْلا ِمَرَحْلا يَلِا يٰلاَعَت ُالله ُهَداَعَا ْنَا يٰلِا

ْميِكَح ُهُمْسا  َو ٍبَلاِك ِنْبِا

 ُهُمْسا  َو  ٍرْهِف ِنْبا ِبِلاَغ ِنْبا ِّيَؤُل ِنْبا ِبْعَك ِنْبا َةَّرُم ِنْبِا

ْشْيَرُق

 ِهْيَلِا َحَنَج اَمَك ٌّيِناَنِك ُهَق ْوَف اَم َو ُةَّيِشَرُقْلا ُنوُطُبْلا ُبَسْنُت ِهْيَلِا َو

56

ْهاَضَت ْرا  َو ُريِثَكْلا

ْرْضَّنلا ِنْبا ِكِلاَم ِنْبِا

ْساَيْلِا ِنْبا َةَك ِرْدُم ِنْبا َةَمْيَزُح ِنْبا َةَناَنِك ِنْبِا

ْةَّيِمَرَحْلا ِباَحِّرلا يَلِا َنْدُبْلا يَدْهَا ْنَم ُلَّوَا َوُه َو

 يٰلاَعَت َالله َرَكَذ َمَّلَس َو ِهْيَلَع ُالله يَّلَص ُّيِبَّنلا ِهِبْلُص يِف َعِمُس َو

ْهاَّبَل  َو

ْراَزِن ِنْبا َرَضُم ِنْبِا

ْناَنْدَع ِنْبا ِّدَعَم ِنْبِا

ْةَّيِنَّسلا ِةَّنُّسلا ُناَنَب ُهَدِئاَرَف ْتَمَّظَن ٌكْلْس اَذٰه َو

ْهاَبَا َو ُع ِراَّشلا ُهْنَع َكَسْمَا َميِهاَرْبِا ِليِلَخْلا يَلِا ُهُعْفَر َو

ْةَّيِبَسَّنلا ِموُلُعْلا يِوَذ َدْنِع ٍبْيَر َلاِب ُناَنْدَع َو

ْهاَمَتْنُم َو ُهُتَبْسِن َليِعاَمْسِا ِحيِبَّذلا يَلِا

ْةَّيِّرُّدلا ُهُبِكاَوَك ْتَفَّلَاَت ٍدْقِع ْنِم ِهِب ْمِظْعَاَف

 ُهُتَطِسا َو َمَّلَس َو ِهْيَلَع ُالله يَّلَص ُمَرْكَ ْلاا ُدِّيَّسلا َو َلا  َفْيَك َو

ْهاَقَتْنُمْلا

ْميِلْسَت  َو ٍةَلاَص ْنِم ٍّيِذَش ٍفْرَعِب  َفي ِرَّشلا ُهَرْبَق َّمُهّٰللا  ِرِّطَع

ْهْيَلَع  ْك ِراَب َو ْمِّلَس َو ِّلَص َّمُهّٰللَا

ْهَلاُحِب َلاُعْلا ُبِسْحَت ٌبَسَن

ْءاَز ْوَجْلا اَهُموُجُن اَهْتَدَّلَق

ْراَخَف  َو ٍدَدوُس ُدْقِع اَذَّبَح

ْءاَمْصَعْلا ُةَميِتَيْلا ِهيِف َتْنَا

ْةَّيِلِهاَجْلا ِحاَفِس ْنِم يٰلاَعَت ُالله ُهَرَّهَط ٍبَسَن ْنِم ِهِب ْم ِرْكَا َو

57

ْها َوَر َو ِّيِنَهْلا ِهِد ِر ْوَم يِف ُهَد ِراَو ُّيِقاَرِعْلا ُنْيَّزلا َدَر ْوَا

ْدَّمَحُمِل ًةَماَرَك ُهٰلِ ْلاا َظِفَح

ْهِمْس ِلا ًان ْوَص َداَجْمَ ْلاا ُهَءاَبٰا

ْهُراَع ْمُهْب ِصُي ْمَلَف َحاَفِّسلا اوُكَرَت

ْهِّمُا َو ِهيِبَا يٰلِا َو َمَدٰا ْنِم

ْةَّيِهَبْلا ُمِه ِرَرُغ  ِري ِراَسَا يِف ِةَّوُبُّنلا ُروُن ي ٰرَس ٌةاَرَس

ِالله ِدْبَع ِهِنْبا  َو ِبِلَّطُمْلا ِدْبَع ِنيِبَج يِف ُهُرْدَب َرَدَب َو

ْميِلْسَت  َو ٍةَلاَص ْنِم ٍّيِذَش ٍفْرَعِب  َفي ِرَّشلا ُهَرْبَق َّمُهّٰللا  ِرِّطَع

ْهْيَلَع  ْك ِراَب َو ْمِّلَس َو ِّلَص َّمُهّٰللَا

Оқылуы:

Бисмиллаһир  рахманир рахим.

Ал-хамдулиллахи раббил аламиин. Уас-солату 

уас-саламу ала расулинә Мухаммадин әлиһи уа 

асхабиһи ажмаьиин.

Ас-солату уас-саламу ьалайка  я расулуллаһи.

Ас-солату уас-саламу ьалайка я хабибуллаһи.

Ас-солату уас-саламу ьалайка я нәбиуллаһи.

Ас-солату  уас-саламу  ьалайка  я  хайра 

халқиллаһи.

Ас-солату уас-саламу ьалайка я нура ьаршиллаһи.

Ас-солату  уас-саламу  ьалайка  я    сохиба  қаба 

қаусайни.



58

Ас-солату уас-саламу ьала  ашрафил мурсалинал 

мустафа соллаллаһу ьалайһи уа салам.  Уа  ьала 

алиһи уа асхабиһи уа аһләли байтиһил киромил-

лиллаһил фатиха.

Әуелі Құран сүрелері оқылады. Фатиха сүресі, 

Бақара сүресінің алғашқы  5 аят, соңғы 2 аяты, 

Ықылас, Фалақ, Нас сүрелері оқылады.



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал