Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015



жүктеу 302.51 Kb.

бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі302.51 Kb.
1   2   3   4

Реверед Босуорт Смит. 

 

«Егер  мақсаттың  ұлылығы  сайманның 



аздығы,  нәтиженің  таңғаларлығы,  адам 

данышпандығы  арқылы  өлшенетін  болса, 

жаңа  кезеңде  Мұхаммедпен  кім  теңесе  алады? 

Мұхаммед  –  философ,  шешен,  елші,  тапқыр. 

Адамның  ұлылығын  анықтайтын  өлшемдер 

шеңберінде  қарастырып  көрейікші,  одан  өткен 

ұлы адам бар ма?»

Альфонс де Ламартин.

             

«Алдағы  жүз  жылдықта  Англияны,  жо-

жоқ,  бүкіл  әлемді  жайлайтын  бір  дін  болса 

ол  –  Ислам  болуы  мүмкін.  Кісі  таңғаларлық 

шапшаңдығы үшін мен Мұхаммедтің дінін өте 

жоғары бағалаймын. Бұл дін тұрмыстың барлық 

жағдайларына бейімделе алатын, қай ғасырға да 

сай дін ретінде көзге түсуде. Ол ғажап кісіні мен 


22

зерттедім.  Оны  адамзаттың  құтқарушысы  деп 

білген  жөн.  Дәл  сондай  бір  адам  қазір  әлемді 

басқарса, бейбітшілік пен татулықты орнықтыра 

отырып,  барлық  мәселелерді  шешер  еді.  Мен 

былай  топшылаймын:  Мұхаммедтің  сенімін 

ертеңгі  Еуропа  қабылдайды,  оны  тіпті  бүгінгі 

Еуропаның өзі қабылдай бастағаны белгілі».

                                                                                                       

Бернард Шоу. 

«Әлемге үлкен өзгеріс әкелген адамдардың 

ең  алдыңғысы  ретінде  Мұхаммедті  қоюыма 

кейбір  оқырмандарым  таңғалуы  мүмкін. 

Алайда, тарихта рухани әрі материалды салада 

бірдей  жетістікке  жеткен  адам  жалғыз  ғана 

Мұхаммед екені даусыз. Мұхаммедтің Исламға 

деген ықпалы Иса Мәсіх пен Қасиетті Павелдың 

Христиан дініне жасаған ықпалынан әлдеқайда 

басым.  Мемлекет  жүйесі  мен  дін  жүйесін 

қатар түйістіре білуінен-ақ, оның тарихтағы ең 

ықпалды тұлға екенін көреміз».



                                                                                                            

Майкл Харт.

«Ол  ұмми  болса  да  ғалам  кітабын  өте 

жақсы  оқығандықтан  өзімен  тайталасқан 


23

небір  оқымысты,  ақылдыларға  дес  бермеген. 

Сондай-ақ, ізінен ергендер арасындағы деңгейі 

ең  төмендермен  де  оңай  тіл  табыса  білген. 

Теңдессіз  шешендік  пен  арды,  сезімталдықты 

бір  жерге  түйістіре  алуы  оның  ықпалын 

арттыра  түсті.  Оның  риясыз,  шын  пейілмен 

іс  жасайтындығы  жүзінен-ақ  белгі  беріп 

тұрған. Бұл – адамға деген үлкен ізет-құрметін 

білдіретін. Ол оқымыстыны да, хат танымайтын 

адамды  да  баурап  алатын,  оларға  бағыт-

бағдар  сілтейтін  тамаша  қасиетке  ие  болған» 



                                                                                

                          Чарлз  Стюарт  Миллс. 

«Мұхаммед  –  өмір  шындығын  бүкпесіз 

ұғына  біліп,  оны  ғұмырының  арқауы  еткен 

тарихтағы  санаулы  бақытты  адамдардың  бірі. 

Ол – Алла Тағаланың елшісі. Өмірінің соңына 

дейін  өзінің  кім  екенін  ұмытпай,  жаратылыс 

мақсатын  ұқтыратын  қызметін  қалтқысыз 

атқара білді. Хақтан алған хабарларын өте үлкен 

жауапкершілікті  сезіне  отырып,  сондай  бір 

байсалдылықпен  әрі  асқан  кішіпейілділікпен 

«өте дәмді» етіп халыққа жеткізе білді».

 

Станлэй Лан-Пул.


24

САЛАУАТТЫҢ САНСЫЗ САУАПТАРЫ

«Салауат»  (жекеше  түрде  –  «салат»)  сөзі 

–  истиғфар,  кешірім  сұрау,  дұға,  береке,  намаз 

секілді  мағыналарды  қамтиды.  Құранда: 

«

Алла мен оның періштелері міндетті түрде 

пайғамбарға  салауат  айтады.  Уа,  мүміндер! 

Сендер де оған салауат айтып, шын көңілмен 

сәлем жолдаңдар!» («Ахзап» сүресі, 56-аят), – 

делінген. 

Алла  Тағаланың  «салауат»  айтуы  – 

«рақымет»,  «мейірімділік»,  періштелердің 

салауат  айтуы  –  Алла  Тағаланың  кешірімін 

сұрау,  мүміндер  тарапынан  болса  «жақсы 

дұға  тілеу»  мағынасын  береді.  Сондай-ақ,  бұл 

аят  Алла  Елшісіне  (Алланың  оған  игілігі  мен 

сәлемі  болсын)  салауат  айтудың  қаншалықты 

маңызды  екенін  айшықтап  береді.  Әрі 

салауаттың  пайғамбарымызға  (Алланың  оған 

игілігі мен сәлемі болсын) үнемі айтылатынын 

да ескертіп тұр. Күнделікті бес уақыт намаздың 

ішінде  салауаттың  да  көп  қайталануы  оның 

маңыздылығының бір дәлелі. 

Құрметті 

 

мұсылман 



бауырлар!  

Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (Алланың  оған 



25

игілігі  мен  сәлемі  болсын)  мүбәрак  есімдері  

аталған сәтте естіген адам дереу 

Саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм  деп    айту,    (Алланың  оған 

игілігі мен сәлемі болсын)  сауапты амал болып 

саналады..  Ал енді, салауат туралы хадистерге 

назар аударылық.

«

Атым  аталған  кезде  маған  салауат 

айтпаған  кісінің  мұрны  жерге  сүрінсін», 

(Тирмизи, Дәуіт 110),

«

Жасалған  дұғалар,  жеріне  жетпестен 

бұрын  жер  мен  көктің  ортасында  тұрады. 

Ол  пайғамбарымызға  (Алланың  оған  игілігі 

мен сәлемі болсын



) салауат айтқан кезде ғана 

жетеді» (Тирмизи 486).

«

Қиямет  күні  маған  адамдардың  ең 



жақыны  –  маған  көп  салауат  айтқандары» 

(Тирмизи, намаз 327). 



«Есімім  аталған  кезде  маған  салауат 

айтпаған адам – нағыз сараң»,– (Тирмизи, Әбу 

Дәуіт 110).

«

Кімде-кім  маған  бір  рет  салауат  айтса, 

Алла Тағала оған он салауат айтады. Әрі он 

күнәсі кешіріліп, дәрежесі он есе көтеріледі» 

(Тирмизи).



26

Әнәс  ибн  Мәликтен  (р.а.)  жеткізілген 

мына  бір  хадисте:  «

Алла  Елшісі  (Алланың 

оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын



)  мінбердің 

бірінші баспалдағына шығарда «әмин» деді. 

Екінші  баспалдаққа  шығарда  тағы  «



әмин» 

деді.  Үшінші  баспалдаққа  шығар  кезде  де 

«

әмин»  деді  де,  мінбердің  ең  жоғары  жағына 

шығып  отырды.  Сол  кезде  Муаз  ибн  Жәбәл 

(р.а.)  «

Уа  Расулулла!  Мінберге  шығарда 

неге  үш  рет  «әмин»  дедіңіз?»,  –  деп  сұрады. 

Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (Алланың  оған 

игілігі мен сәлемі болсын): «

Мінберге шығарда 

Жәбірейіл  періште  жаныма  келді  де:  «Уа, 

Мұхаммед!  Кімде-кім  Рамазан  айына  жетіп, 

сол  айдың  құрметі  үшін  кешірімге  ие  бола 

алмай өмірден өтіп тозаққа кетсе, Алла оны 

мейірімінен алыстатсын», – деді. Сол кезде мен 

де  «


әмин»  дедім.  «Кімде-кім  ата-анасының 

қартайған шағында олармен жақсы мәміледе 

болмай, қайтқанда тозаққа кетсе, Алла оны 

мейірімінен  алыстатсын»,  –  деді.  Мен  де 

«

әмин» дедім. «Кімде-кім сенің есімің аталған 



кезде салауат айтпай, қайтыс болып тозаққа 

кетсе,  Алла  рақыметі  мен  мейірімінен  алыс 

болсын», – деді. Мен тағы да «әмин» дедім», – 

27

деп жауап берген (Дәйлами, Мүснәдул- фирдаус, 

1640;  Ибн  Хиббан,  Әс-Сахих,  904,  Али  әл-

Муттақи, Кәнзул-Уммал 24295).

«

Маған  ат  үстіндегі  жолаушының 

су  торсығына  қарағандай  қарамаңдар. 

Дұғаларыңның  басында,  ортасында  және 

соңында  менің  атыма  салауат  жолдаңдар!»  

(Тирмизи).

«

Кімде-кім таңғы және кешкі уақыттарда 

маған  арнап  он  рет  салауат  айтып,  сәлем 

жолдаса,  қиямет  күні  менің  шапағатыма 

бөленеді» (Әбу Дәрда (р.а.) жеткізген)


28

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

«(Уа, Мұхаммед!) Біз сені әлемдерге

 рахым ретінде ғана жібердік» 

                                

Мұхаммед  пайғамбар  (Алланың  оған 

игілігі мен сәлемі болсын) күллі жаратылыс пен  

бүкіл  адамзаттың  ең  асылы,  ең  қайырлысы,  ең 

ардақтысы. Ол – Хақ Тағаланың барша ғаламға 

жіберген рахымы мен мейірімі.

Алла  Тағала  пайғамбарымыз  (Алланың 

оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  арқылы  күллі 

адамзатқа  қараңғылықтан  жарыққа  шығатын 

жолды  нұсқады.  Адасушыларды  тура  жолға 

салып,  иман  нәрімен  сусындатты.  Пенделерін 

ізгілікке бөлеп, мына жалғанның алдамшы екенін 

ұқтырып, ақыретке деген сенімін күшейтті.

Құран  Кәрім  арқылы  ақиқатты  жеткізіп, 

күпір  мен  иманның  ара-жігін  ажыратып  берді. 

Пайғамбарымызды  (Алланың  оған  игілігі  мен 

сәлемі  болсын)    бүкіл  адамзат,    ізгі  жандар 

ғасырлар бойы зарыға күткен-ді.


29

 Нұрлы шежіресі

Мұхаммед  ибн  Абдуллаһ  ибн  Әбдімүтәліп 

ибн Һәшим ибн Әбдіманап ибн Құсай ибн Киләб 

ибн Мурра ибн Кағб ибн Лүә ибн Ғалыб ибн Фиһр 

ибн Мәлік ибн Надыр ибн Кинәнә ибн Хузайма 

ибн  Мүдрака  ибн  Ілияс  ибн  Мұдар  ибн  Назар 

ибн  Мағад  ибн  Аднан.  Осылайша  жалғасып 

түпкі  атасы  Ибраһим  (ғ.с.)  пайғамбарға  барып 

тіреледі.

Анасы

Пайғамбардың  (Алланың  оған  игілігі 

мен  сәлемі  болсын)  анасы  Әмина  бинт  Уаһб 

ибн  Әбдіманап  ибн  Заһра.  Меккенің  ең  текті 

әулеттерінің бірінен.

Туған жылы

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған 

игілігі  мен  сәлемі  болсын)  Мекке  шаһарының 

Бәни  Һәшим  әулетіне  тиесілі  бөлігінде  піл 

оқиғасы жылы, раби-әууәл айының он екіншісі 

күні  яғни  миләди  571  жылдың  20-сәуірінде 

дүйсенбі  күні  дүниеге  келді.  Әкесі  Абдуллаһ 

Алла  Елшісі  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 

болсын) дүниеге келместен бұрын қайтыс болды. 


30

Атасы  Әбдімүтәліп  немересіне  атын  көкте 

де,  жерде  де  мақтаулы  болсын  деп  Мұхаммед 

(Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  деп 

қойды.  Арабтарда  бұрын-соңды  мұндай  есім 

болмаған еді.



Сүт аналары

Пайғамбарымызды  (Алланың  оған  игілігі 

мен  сәлемі  болсын)  өз  анасы  Әминадан  кейін 

Әбу  Ләһәбтың  күңі  Сәубия  емізді.  Әбу  Ләһәб 

пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі 

болсын)  туылуының  құрметіне  орай  Сәубияны 

күңдіктен босатқан еді. Одан кейінгі сүт анасы - 

Халима ас-Сағдия. Алла Елшісін (Алланың оған 

игілігі  мен  сәлемі  болсын)    бауырына  басқан 

Халиманың үйіне құт-береке орнап, мамыражай 

өмір сүрді.  

Шарапатты кеудесінің тазартылуы

Пайғамбардың  (Алланың  оған  игілігі  мен 

сәлемі болсын) өмірінде оның шарапатты кеудесі 

төрт  рет  тазартылды.  Бірінші  рет  төрт  жасқа 

толғанда  Жәбірәйіл  (ғ.с.)  және  Микайл  (ғ.с.) 

періштелер келіп, жүрегін қар суымен тазартады. 

Оның ішінен бір затты сылып  тастайды. Сонда 


31

Жәбірәйіл (ғ.с.): «Бұл сендегі шайтанның үлесі» 

деген. Екінші  балиғатқа жеткен шағында.

Үшінші    уаһи  түсерден  бұрын.  Төртінші 

рет  жеті  қабат  аспанға  көтерілген  Миғраж 

оқиғасында тазартылады.



Анасының қайтыс болуы

Межелі  мерзім  аяқталған  соң  кішкентай 

Мұхаммедті  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 

болсын)  анасы  Әмина  сүт  анасынан  алып, 

күйеуінің  қабірін  зиярат  етуге  және    Мәдина 

шаһарында  тұратын  төркіні  Бәни  Нәжжар 

әулетін  көріп  қайту  үшін  сапарға  шығады. 

Қайтарда  ол  кенеттен  қатты  науқастанып, 

көп  ұзамай  жолда  көз  жұмады.  Әкесінен  де, 

анасынан да айырылған алты жасар адамзаттың 

асылы  әкесінің  күңі  Умму  Айманмен  Меккеге 

оралады.


Қамқор ата құшағында

Жетім қалған пайғамбарымызды (Алланың 

оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  атасы 

Әбдімүтәліп  бауырына  басады.  Немересін 

ерекше  жақсы  көрген  ол  өте  мейірбан,  әрі 

ақылшысына  айналады.  Алайда,  мұндай 



32

бақытты  шақтар  ұзаққа  созылмайды.  Сүйікті 

немересінің  болашағының  жарқын  болуын 

тілеумен болған қайырымды қария да арада екі 

жыл өткен соң дүниеден озады.

Көкесі Әбутәліптің тәрбиесінде

Пайғамбарды  (Алланың  оған  игілігі  мен 

сәлемі болсын) сегіз жасында көкесі Әбутәліп өз 

тәрбиесіне алады. Ол әкесі Абдуллаһтың  бірге 

туған  бауыры  болатын.  Алла  Елшісі  (Алланың 

оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  осы  үйде 

Әбутәліптің  басқа  балаларымен  бірге  өсіп,  ер 

жетеді.  Бауырының  артында  қалған  жалғызын 

Әбутәліп  те  қатты  жақсы  көретін.  Есейіп, 

ержеткен соң  оны өзі үйлендірді.



Кәсібі

Пайғамбардың  (Алланың  оған  игілігі 

мен  сәлемі  болсын)  бала  кезінде  ең  алғаш 

шұғылданған  жұмысы  қой  бағу  болатын. 

Жалпы,  көптеген  пайғамбарлардың  алғашқы 

кәсібі мал бағу болған. Бұл кәсіпті сегіз жастан 

бастады. Ал, он екі жасынан көкесі Әбутәліппен 

бірге саудаға ден қоя бастады.



33

Бұлт оқиғасы

Пайғамбар  (Алланың  оған  игілігі  мен 

сәлемі  болсын)  көкесіне  ілесіп,  Шам  еліне 

сапар шегеді. Олар Дамашыққа жақын жердегі 

Бусра  деген  ауылдың  маңына  келіп  аялдайды. 

Мұнда  аса  тақуа  Бахира  деген  христиан 

монахы  жас  балаға  көзі  түсіп,  оның  болашақ 

пайғамбар  екенін  бірден  біледі.  Бар  ғұмырын 

өз  ғибадатханасында  құлшылықпен  өткізіп 

келе  жатқан  монах  керуенді  көлегейлеп  келе 

жатқан  бұлтты  байқап,  жолаушыларды  үйіне 

қонаққа  шақырады.  Қонақтар  үйге  кіргенімен, 

бұлт  керуеннің  үстінен  қозғалмайды.  Өйткені, 

болашақ  пайғамбар  да  түйелердің  жанында 

қалған  болатын.  Бахира  Әбутәліптен  сол 

баланың  да  дастарханнан    дәм  татуын  өтінеді. 

Мұхаммед  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 

болсын) келген соң Бахира: «Бұл баланың әкесі 

кім еді?» - деп сұрайды. Әбутәліп: «Оның әкесі 

-  менмін»,  -  дейді.  Сонда  монах:  «Оның  әкесі 

тірі болмауы тиіс еді ғой», - деп бой бермейді. 

Әбутәліптің  мойындамасқа  амалы  қалмайды. 

Мұны  естіген    Бахира:  «Елдеріңе  қайтыңдар. 

Мына баланы біреу-міреу байқап қалса, қастық 

етіп жүрер», - деп ескертеді. Осылайша, керуен 

келген ізімен Меккеге оралады.



34

Фижар соғысы

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен 

сәлемі  болсын)  жиырмаға  толғанда  Құрайыш 

пен Кинана бірлесіп Қайыс пен Илан тайпасына 

қарсы соғыс ашады. Бұл шайқасқа көкелерімен 

бірге жас  Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен 

сәлемі болсын) те қатысады. Ол ағайындарына 

садақ  жебелерін  дайындап  беріп  тұрады. 

Арада  біршама  уақыт  өткенде  тараптар  ортақ 

келісімге  келіп,  соғыс  аяқталады.  Бұл  шайқас 

Фижар  (бұзушы)  деген  атпен  тарихта  қалған. 

Өйткені,  араб  тайпалары  бұл  айда  бір-бірімен 

жауласпайтын.

Фудул келісімі

Фижар  шайқасынан  кейін  құрайыш 

тайпасының  көсемдері  Абдуллаһ  ибн  Жудған 

әт-Тимидің үйіне жиналады.  Олар бұдан кейін 

соғыста  және  басқа    да  қиыншылыққа  тап 

болғандарға  көмек беруге бірауыздан келіседі.  

Алла  Елшісі  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 

болсын) бұған  куә болады. Өзіне пайғамбарлық 

келгеннен  кейін:  «Ислам  дәуірінде  сондай 

келісімге  шақырылсам,  сөзсіз  мойынсұнатын 

едім», - деген.


35

Бибі Хадишаға үйленуі

Пайғамбарымыздың  (Алланың  оған  игілігі 

мен  сәлемі  болсын)  шыншылдық  қасиеті  Оны 

(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бүкіл 

елге танымал етіп, абыройын асқақтатты. Алла 

Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) 

болашақ  жары  Хадиша  бинт  Хуайлидтің  сауда 

керуеніне басшылық жасап жүрді. Бірде Хадиша 

Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі 

болсын)  қасына  көмекші  ретінде  қызметшісі 

Мәйсараны  қосып  жібереді.  Мәйсара  Меккеге 

қайтып  оралған  Хадишаға  Мұхаммедтің 

(Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын) 

адамдармен  қарым-қатынастағы  шыншылдығы 

мен  адалдығын  жыр  етіп  айтады.  Басқалармен 

тіл табысуы сауданы берекелі етіп, мол пайдаға 

қарық  болғанын  тамсана  отырып  әңгімелейді. 

Осыдан Хадишаның Мұхаммедке (Алланың оған 

игілігі мен сәлемі болсын) деген ынтызарлығы 

арта  түсіп,  Нафиса  бинт  Мунаббиһ  атты  әйел 

арқылы сөз салғызады. Болашақ пайғамбар бұл 

жайында  көкелерімен  ақылдасып,  Хадишаны 

айттыруға көкесі Әбутәліпті жібереді.


36

Бибі Хадишаның мәһрі

Пайғамбарымызға  (Алланың  оған  игілігі 

мен сәлемі болсын) тұрмысқа шығарда Хадиша 

анамыздың  белгіленген  мәһрі  468  грамдай 

алтын  болды.  Бибі  Хадиша  құрайыш  тайпасы 

әйелдерінің  ішіндегі  ең  тектісі,  әрі  көріктісі 

және  мал-мүлік  жағынан  да  артығы  болатын. 

Мекке  жұрты  оны  қадірлеп  «Таһира»  -  «пәк 

таза»  деп  атады.  Бай-манаптардың  көбісі  оған 

үйленуді  армандады.  Бірақ  ақылды  әйелдің 

таңдауы  пайғамбарымызға  (Алланың  оған 

игілігі  мен  сәлемі  болсын)  түсті.  Бұл  кезде 

болашақ пайғамбардың жасы жиырма бесте, ал 

Хадиша (р.а.) анамыздың жасы қырықта еді.



Асыл перзенттері

Пайғамбарымыздың  (Алланың  оған  игілігі 

мен сәлемі болсын) үш ер бала, төрт қыз бала, 

барлығы жеті перзенті болған. Хазреті Фатимадан 

басқасының  барлығы  Расулуллаһтан  бұрын 

қайтыс  болған.  Сүйікті  пайғамбарымыздың 

(Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын) 

тегі  хазреті  Фатима  анамызбен  жалғасқан. 

Немерелері хазреті Хусейннің ұрпағы «саййид», 

хазреті Хасанның ұрпағы «шәриф» деп аталады. 



37

Саййидтер мен шәрифтерге көрсетілген құрмет 

–  пайғамбарымызға  (Алланың  оған  игілігі  мен 

сәлемі болсын) құрмет болып саналады. 



Қасым  (радиаллаһу  анһ):  Расулуллаһтың 

үш  ұлының  тұңғышы.  Сондықтан  Расулуллаһ 

Әбул  Қасым  деп  аталды.  Пайғамбарлығынан 

бұрын Меккеде дүниеге келген. Анасы – Хадиша 

(радиаллаһу  анһа).   Он  жеті  айлық  кезінде 

шетінеген (қайтыс болған).



Зейнеп  (радиаллаһу  анһа):  Расулуллаһтың 

қыздарының 

тұңғышы. 

Пайғамбарымыз 

(Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын) 

отыз  жасында  болғанда  дүниеге  келді. 

Пайғамбарлықтан  бұрын  анасы  Хадишаның 

немере  інісі  Әбу  Ас  бин  Рәбимен  тұрмыс 

құрды. Әбул Ас әуелгіде иман келтірмеді. Бәдір 

соғысында  тұтқынға  түсіп,  әйелін  Мәдинаға 

жіберу  шартымен  босатылды.  Өз  бауырымен 

бірге жіберсе де кәпірлер Зейнепті (радиаллаһу 

анһа)   жолда  кері  қайтарды.  Расулуллаһ 

алейһиссалам  Зәйд  бин  Харисаны  (радиаллаһу 

анһ)   Меккеге  жіберіп,  Зейнепті  (радиаллаһу 

анһа)  түнде Мәдинаға қашырып жіберді. Әбул 

Ас  Худәйбийа  соғысынан  кейін  иман  келтірді. 

Зейнеп (радиаллаһу анһа)  оған қайтадан берілді. 



38

Хижреттің  сегізінші  жылы  отыз  бір  жасында 

қайтыс болды. Баласы Әли Мекке алынған кезде 

Расулуллаһтың  түйесіне  мінгесіп  отырған  еді. 

Зейнептің  (радиаллаһу  анһа)  қызы  Уммамәні 

хазіреті Әли өзіне некеледі.



Руқаййә (радиаллаһу анһа): Расулуллаһтың 

екінші  қызы.  Пайғамбарымыздың  (Алланың 

оған игілігі мен сәлемі болсын) отыз үш жасында 

дүниеге келді. Өте реңді болатын. Әбу Ләхәбтің 

баласы  Утбәмен  атастырылды.  «Тәббәт  йәдә» 

сүресі келген соң Утбә тойдан бұрын ажырасты. 

Уаһи  келіп,  хазреті  Османмен  некесі  қиылды. 

Екеуі  бірге  екі  рет  Хабашстанға  хижрет  етті. 

Жиырма  екі  жасында  Бәдір  соғысынан  бұрын 

ауырып  қалды.  Хазреті  Османға  Бәдірге 

бармай,  әйеліне  қызмет  ету  бұйырылды.  Бәдір 

соғысының  сүйінші  хабары  Мәдинаға  жеткен 

күні жерленді.

Умму 

Гүлсім 

(радиаллаһу 

анһа): 

Расулуллаһтың  үшінші  қызы.  Әбу  Ләхәбтың 



екінші  баласы  Утәйбәмен  атастырылғанымен 

«Тәббат»  сүресі  келгеннен  кейін  тойлары 

болмастан 

бұрын 


ажырасты. 

Утәйбә 


Расулуллаһқа  жаман  сөздер  айтты.  Расулуллаһ 

(саллаллаһу  алейһи  уә  сәлләм) 



«Йа  Раббым! 

39

Оған  жыртқыштарыңның  бірін  жібер»  деп 

бетдұға  айтты.  Шамға  бара  жатқан  жолында 

Утәйбәні  арыстан  жарып  өлтірді.  Руқаййә 

(радиаллаһу анһа) қайтыс болғаннан кейін уаһи 

келіп,  Умму  Гүлсім  (радиаллаһу  анһа)  хазреті 

Османмен  некеленді.  Хижреттің  тоғызыншы 

жылы қайтыс болды. Жаназа намазын Расулуллаһ 

оқып,  жерлеген  кезде  қабірінің  қасында  тұрып 

мүбәрәк көзінен жас ақты.

Фатима (радиаллаһу анһа): Расулуллаһтың 

төртінші  қызы,  хазреті  Әлидің  жұбайы  және 

хазреті Омардың қайынанасы. Некесі қиылғанда 

он бес жаста болатын. Мәһірі төрт жүз мысқал 

күміс  болғандығы  туралы 

«Мәуахиб-и 

ләдунние»  атты  кітапта  Сәуиқ  соғысында 

жазылған. Бұл 57.14 мысқал алтын мөлшерінде 

дегенді білдіреді. Әли (радиаллаһу анһ) жиырма 

бір  жаста  болатын.  Олар  Әһли  бәйт  атанды. 

Аққұба,  өте  көрікті  еді.  Хасан,  Хусейн  және 

Мухсин деген үш ұл баласы, Умму Гүлсім және 

Зейнеп деген екі қызы болған. Расулуллаһтың тегі 

Фатимадан  (радиаллаһу  анһа)  тарады.  Зейнеп 

Абдуллаһ  бин  Жафәр  Таййармен  некелесіп, 

олардың Әли және Умму Гүлсім деген балалары 

болды. Олар 



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал