Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015



жүктеу 302.51 Kb.

бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі302.51 Kb.
  1   2   3   4

1

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ 

БАСҚАРМАСЫ

МӘУЛІТ

МҮБӘРАК

Алматы, 2015ж

2

УДК-28


ББК-86.38

Е-85


Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасының

 сараптау комиссиясы мақұлдаған

Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасының

 тапсырысы бойынша

Құрастырған:

Мұхамеджан ЕСТЕМІРОВ, дінтанушы

Пікір жазған:

Ахметжан қажы Керімбек

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы

ISBN 9965

Бұл шағын еңбекте Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің 

(Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  туған  айы  –  Мәуліт 

айының  қадір-қасиеттері  мен  онда  оқылатын  салауаттар,  мәуліт 

хұтбалары  енгізілген. Кітапша көпшілік қауымға арналған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, 2015 ж


3

ِБисмиллаһир  рахманир рахим

Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың 

атымен бастаймын!

 نم للهاب ذوعنو ،هرفغتسنو ،هنيعتسنو ،هدمحن لله دمحلا نإ

 نمو ،هل لضم لاف الله هدهي نم ،انلامعا تائيسو ،انسفنأ رورش

 ، هل كيرشلا هدحو الله لاإ هلإلا نأ دهشأو ،هل يداه لاف للضي

.هلوسرو هدبع ادمحم نأ دهشأو

Барлық   мақтау   бүкіл   әлемнің   иесі   Аллаға   

тән.  Сәлем  әрі      салауат      бүкіл      әлемге   

қамқорлық      ретінде      жіберілген      әлемнің  ең 

соңғы  Пайғамбары  Мұхаммед  саллаллаһу 

алайһи    уәсалламға    Алланың  игілігі  һәм 

салауаттары нәсіп болсын!

 

МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 Қадірменді бауырлар!

Күллі мұсылман қауымы адамзаттың абзалы 

болған,  екі  дүниенің  сардары  пайғамбарымыз 

Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі 

болсын) туған айы – мәуліт мерекесін тәлім мен 

тәрбиеге толы рухани басқосуларда атап өтуде. 

Мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға 

(Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын) 



4

салауаттар  айтылып,  Тәуелсіз  еліміздің  рухани 

тұтастығы  мен  халықтар  бірлігі  үшін  дұға 

жасалуда. Жер-жерде сауапты да, салауатты іс-

шара  –  мәуліт  кешін  ұйымдастыру  жалғасын 

тауып келеді.       

Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» 

деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, 

пайғамбарлардың  ардақтысы  Мұхаммедтің 

(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған 

уақытына  байланысты  тойланатын  мейрам 

мәуліт  мерекесі  деп  аталады.  Қиямет  күнгі 

шапағатшымыз,  ұстазымыз,  жолбасшымыз 

Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі 

болсын) туған күнін атап өту – құптарлық жақсы амал. 

Мұсылмандардың  өміріндегі  басты  идеал 

болуы  тиіс  пайғамбардың  (Алланың  оған 

игілігі  мен  сәлемі  болсын)  өнегелі  өмірі  мен 

өсиетін, тығылымы толассыз ғибратты ғұмырын 

халқымызға  насихаттау  –  баршаға  ортақ  игі 

іс.  Бұл  дінімізді  насихаттаудың,  жас  ұрпақты 

имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа шақырудың 

орайлы бір сәті.

Әлемдердің  Раббысы  қасиетті  Құранда 

пайғамбарымызды  (Алланың  оған  игілігі  мен 

сәлемі  болсын): 



«Шын  мәнінде  сен  әлбетте 

5

ұлы мінезге иесің» (Қалам сүресі, 4-аят), – деп 

сипаттаса, тағы бір аятта барша адамзатты Алла 

Елшісінен  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 

болсын)  өнеге  алуға  шақырады: 



«Расында 

сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт 

еткендер және Алланы көп еске алған кісілер 

үшін  Алланың  Елшісінде  көркем  өнегелер 

бар» (Ахзаб сүресі, 21-аят).  

Олай  болса,  бүкіл  ғаламға  мейірім  ретінде 

жіберілген  елшінің  есімін  ардақтау,  сүннетіне 

амал ету – сауапты іс. Ақиқатында, Алла Елшісі 

(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жаны 

жай тапқанша үмметіне деген үгітін еш үзбеді, 

көңілдердегі  кірді,  қайғы-қасіретті  кетірді, 

әлсізді  демеді,  шектен  асқанды  сабасына 

түсірді,  күллі  адамзаттың  рухани  әлемін  дүр 

сілкіндірді,  зұлымдық  пен  надандықтың 

қараңғылығын  сейілтті,  ізіне  ерген  ізгілерді 

жақсылыққа  жұмылдырып,  жарқын  болашаққа 

бастады.  Үмметіне,  яғни  Сіз  бен  бізге  пәни 

дүниеде  бағдарымыз  болатын  Алланың  кәләмі 

Құран  кәрім  мен  өзінің  жан  адам  адаспайтын 

сара жолы – сүннетін қалдырды. Оны (Алланың 

оған игілігі мен сәлемі болсын) досымен қатар   

дұшпаны да мойындады.



             

6

Ардақты ағайын!

Шарапаты  мол  мәуліт  мерекесі  біздің 

халқымызға  да  құтты  болсын.  Осынау  айтулы 

мейрамның  аясында  Алла  Елшісін  (Алланың 

оған игілігі мен сәлемі болсын) көбірек танып, 

өсиеттерін тереңірек түсінуді  нәсіп етсін. Осы 

мереке  адамдар  арасындағы  рақым-мейірімнің, 

имандылықтың,  бауырмалдықтың  арта  түсуіне 

бір  сеп  болғай.  Пайғамбардың  (Алланың  оған 

игілігі мен сәлемі болсын) әміріне мойынсұнып, 

тыйымынан тыйылуға түрткі болғай. 

Мәуліт 


айында 

Алланы 


мадақтап, 

пайғамбарға салауат айтып, өзгелерге жақсылық 

жасаудың  сауабы  теңдессіз.  Құран  оқып, 

Мұхаммед  пайғамбарымыздың  (Алланың  оған 

игілігі  мен  сәлемі  болсын)  өмірі  мен  өнегесі 

жайлы кітап оқудың да мұсылманға берері мол. 

Алла  тағала  елімізге,  жерімізге  берекетін 

жаудырып,  халқымыздың  кең  пейілі  мен 

ізгі  ниетіне  сай,  бірлігімізге  сызат  түсірмей, 

жақсылығын  нәсіп  еткей!  Тәуелсіздігіміздің 

тұғыры  биік,  мемлекетіміздің  мерейі  үстем, 

еліміздің егемендігі баянды болғай!

Жаратушы 

Иеміз 


баршамызды 

жақсылықта,  сауапты  істерде,  ел  игілігі 



7

жолындағы жұмыстарда, берекелі басқосуларда 

жолықтырғай!  Екі  дүниеде  де  жүзіміз  жарқын, 

мұратымыз асыл, дұғамыз қабыл болғай!



  Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ 

Қазастан мұсылмандары діни  

басқармасының төрағасы, Бас мүфти


8

МӘУЛІТ

Адамзат  тарихында  ең  ұлы  –  сүйікті 

пайғамбарымыз  хазіреті  Мұхаммед  (Алланың 

оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  дүниеге 

келген  мәуліт  күні  жөнінде  Алла  Тағала 

Құран  Кәрімде: 



«Ей,  адамдар!  Сендерге  өз 

араларыңнан  бір  пайғамбар  келеді.  Сендер 

тауқыметке ұшырасаңдар – Оған ауыр тиеді. 

Ол  сендердің  тура  жолда  болғандарыңды 

қалайды, мүміндерге құштар, өте жанашыр» 

(«Тәубе» сүресі, 128-аят), - деген. 

Ол  Құрайыш  тайпасынан,  оның  ішіндегі 

Бани  һашим  әулетінен  шыққан.  Туылған  жері 

дініміз  үшін  ең  қасиетті  орын  саналатын 

һәм  Алла  Тағаланың  рахметі  жауып  тұратын 

Мекке  қаласы.  Әкесінің  аты 

Абдуллах,  оның 

әкесі  Әбдүлмүттәліп,  оның  әкесі  Һашим,  оның 

әкесі  Абдулманап.  Анасының  есімі  – 

Әмина. 

Пайғамбарымыз  ата-анадан  жалғыз.  Өйткені, 

әкесі  перзенті  өмірге  келмей  тұрғанда  дүние 

салған, анасынан да пайғамбарымыз 6 жасында 

айырылған.  Мұхаммед  (Алланың  оған  игілігі 

мен  сәлемі  болсын)  Исадан  (ғ.с.)  милади  жыл 

санауы  бойынша, 

571  жыл  кейін,  20  сәуірде, 


9

һижри  санауы  бойынша  Рабиул-әууал  айының 



12-сі, дүйсенбі күні дүниеге келген.

Ана  құрсағында  6  айлық  болғанда: 



«Құдайдың  досы,  соңғы  пайғамбарға  жүкті 

болдың, бұл бала туылғанда есімі Мұхаммед 

болсын», - деп Әминаға аян етіледі.

Ол  дүниеге  келген  таңда  ғажап  оқиғалар 

болды.  Дүние  нұрға  толды.  Әмина  туғанда 

әйелдер  әдеті  бойынша  толғақ  қысу,  қан 

кетуге  ұқсас  қиыншылықтарды  көрмеді. 

Пайғамбарымыз  туылғанда  үстінен  жұпар  иіс 

аңқып  тұрды.  Келінінің  нұрлы  пір  перзент 

көргендігін  естіп  атасы  Әбдүлмүттәліп  үлкен 

той  жасады.  Құрайыш  руының  ұлықтарын 

шақырды.  Сүйікті  немересіне  Мұхаммед  деп 

есімін қойды.

Мұхаммед  сөзінің  түбірі  «мақтау», 

«ризашылық»  дегенді  білдіреді.  Осы  сөзден 

мақтау,  мадақ,  Аллаға  шүкір,  мақтаулы,  ең 

мақтаулы  деген  сөздер  туындайды.  Сөйтіп, 

пайғамбарымыздың  (Алланың  оған  игілігі  мен 

сәлемі болсын) бірнеше аттары бар: 

Мұхаммед, 

Ахмед, Махмуд, Мұстафа.

Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі 

болсын)  қыр  мұрынды,  сақалы  үлкен  және 


10

қалың, дөңгелек жүзді, қызыл шырайлы, жүзінен 

нұр тамып тұратын адам екен. Екі жауырының 

ортасында пайғамбарлық мөрі бар еді. Мүбарак 

тістері  аппақ  болып  жарқырап,  сөйлегенде 

аузынан  нұры  шашылып  тұратын.  Денесі  тап-

таза, хош иісті еді. Терлегенде де одан әдемі иіс 

шығып  тұратын.  Біреуге  қол  беріп  амандасса, 

ол кісі күні бойы сол иіске бөленіп, көңілі хош 

жүретін.  Мүбарак  қолымен  бір  сәбидің  басын 

сипаса,  ол  сәби  басқа  сәбилерден  хош  иісімен 

ерекшеленіп  шыға  келетін.  Пайғамбарымыз 

(Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  өте 

сезімтал, алыстағыны еститін, көреген еді.

Жүргенде  жеңіл  адымдап,  тез-тез  жүретін, 

сырттан  қарағанда  жәй  жүріп  бара  жатқандай 

көрінетін. Бірақ жанындағылар қанша тез жүрсе 

де ілесе алмай қалып қоятын. 

Бос сөз сөйлемейтін, әрбір сөзі хикмет және 

насихат  еді.  Жылы  жүзді,  тәтті  сөзді  болатын. 

Ешкімге жаман сөйлемейтін, ешкімге жамандық 

жасамайтын, ешкімнің сөзін бөлмейтін. Жұмсақ 

мінезді,  өте  кішіпейіл  еді.  Айбатты  және 

байсалды  еді.  Қатты  күлмей,  тек  жымиятын. 

Жұртқа  көзінің  қиығымен  ғана  қарайтын. 

Сахабаларды  алдына  жіберіп,  өзі  соңында 



11

жүретін.  Кім-кімге  де  бірінші  болып  сәлем 

беретін. 

Туған-туыстарын  құрмет  тұтатын,  үй 

ішімен, сахабаларымен жақсы қарым-қатынаста 

болатын.  Қызметшілерін  жақсы  көретін,  өзі 

не ішсе, не кисе, оларға да соны ішкізіп, соны 

кидіретін.

Өте жомарт, қолы ашық, мейірімді, жұмсақ 

мінезді,  уәдесіне  берік  еді.  Қорыта  айтқанда, 

жаратылысы да, мінезі де әдемі, адамдардың ең 

кәмілі, теңдессіз еді. Ал енді айтулы мерекенің 

шығу  тарихына  аз-кем  тоқталып  өтуді  жөн 

санаймын.



Мәуліт  араб сөзі, қазақша «туылған күн» 

деген мағына береді. Бұл атау Алла Тағаланың 

ең  сүйікті  пендесі,  Адамның  (ғ.с.)  Иса  (ғ.с.) 

пайғамбарға  дейінгі  Алла  Тағала  елшілерінің 

соңғысы  әрі  сардары  Мұхаммедтің  (Алланың 

оған игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келуінің 

құрметіне  берілген.  Сондықтан  да  әр  жылы 

Рабиул - әууал айында Алла Тағала өзінің сүйікті 

пайғамбары Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі 

мен  сәлемі  болсын)  үметті  етіп  жаратқанына 

сансыз  шүкірлік  етіп,  Оған  салауаттар  айтып, 

Мәулітті  Ислам  әлеміндегідей  мерекелеу  бізде 



12

де дәстүрге айналып келеді.

Қазіргі  таңда  мәуліт  көптеген  мұсылман 

елдерінде 

атап 

өтіледі. 



Марокконың 

ортағасырлық  тарихшысы  әл-Ифрани: 



«Жұрт 

жайғасқаннан  соң  ислам  ғұламасы  алға 

шығады  да  Пайғамбардың  (Алланың  оған 

игілігі  мен  сәлемі  болсын



)  ізгі  сипаттары 

жайлы әңгімелейді. Оның туғанынан бастап 

өмірінің  соңына  дейін  басынан  кешкен 

жәйттерін  саралап  шығады»,  –  деп  жазды. 

Осындай  уағыздар  мен  онда  баяндалатын 

кейбір  оқиғалар  желісі  кейінірек  маулидийа 

дастандарының шығуына себеп болған. 

Алайда пайғамбарға (Алланың оған игілігі 

мен  сәлемі  болсын)  жыр  арнау  дәстүрі  оның 

көзі  тірі  кезінде  де  болған.  Мысалы,  Каъб  бин 

Зухайр  (?-662)  атты  ақын  оған  «Банат  Суад» 

атты  поэмасын  арнаған.  Осы  ақынға  еліктеп 

көптеген  шайырлар  да  пайғамбарға  (Алланың 

оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  өз  жырларын 

бағыштаған.  Маулудийа  поэмаларында  хазреті 

Мұхаммедтің  (Алланың  оған  игілігі  мен 

сәлемі  болсын)  туғанынан  бастап,  бақилыққа 

көшкенге  дейінгі  өмірі  жайлы  айтылады.  Ол 

құрылымы  жағынан  араб  әдебиетінің  дәстүрлі 



13

жанрларының бірі – қасидалардан алшақ емес. 

Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі 

болсын)  ерекше  жаралғандығы  мен  керемет 

қасиеттері жөніндегі әңгімелердің кең тарауына 

байланысты  пайғамбардың  (Алланың  оған 

игілігі мен сәлемі болсын) туған күні – мәулітті 

жыл сайын тойлап отыру дәстүрі өмірге осылай 

келген.             

Қазақ елінде мәуліт ана тілімізде де оқылған. 

Бірқатар  ақындар  мен  дін  қайраткерлерінің 

қазақ  тілінде  жазылған  мәуліт  жырлары  бар. 

Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидидің» 

алғы  сөзінде  пайғамбарымызға  (Алланың  оған 

игілігі  мен  сәлемі  болсын)  арнап  «Мұхаммед 

(Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын) 

мүміндер көзінің нұры, жаратылыстың гүлзары, 

екі жаһанның тәжі», - деп мадақ сөз жазыпты. 



14

МӘУЛIТ ЖАЙЛЫ ОЙШЫЛДАР ОЙЫ

«Жыл 

сайын 

пайғамбарымыздың 

(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған 

күніне сәйкес келетін осы күндерде істелетін 

садақалар,  амру-маъруф  және  адамдардың 

бойынан  көрінетін  көркем  мінезділік  пен 

қуанышты істер – заманымыздың ең жақсы 

жаңалығы»

        Имам Науауи

***

«

Кім де кім пайғамбарымыздың (Алланың 



оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын

)  мәулітіне 

қатысып,  оны  ұлықтаса,  ол  шынында  да 

иманды»

Жүнайд Бағдади (р.а.)

***

        


«Менің Ухуд тауындай алтыным болса, 

оны  пайғамбарымыздың  (Алланың  оған 

игілігі  мен  сәлемі  болсын



)  мәулітін  оқытуға 

жұмсар едім»

Хасан Әл-Басри (р.а.)



15

***


«

Бір  үйде  немесе  мешітте  пайғам-

барымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі 

болсын


)  мәуліті  оқылса,  сол  үйдің  немесе 

мешіт  адамдарын  періштелер  қоршап 

алады, олардың барлығына Алла Тағаланың 

рахметі жауады және нұрға бөленеді. Себебі, 

періштелер  пайғамбарымызға  (Алланың 

оған игілігі мен сәлемі болсын



) мәуліт оқыған 

адамға салауат айтып тұрады» 

Жалалад-Дин ас-Суйути (р.а.)



16

ТҰЛҒАЛАР ТҰЖЫРЫМЫ

«Мен  мынаны  мойындаймын:  Мұхаммед 

–  ғажап  бір  күш.  Жаратушы  мұндай  кісіні 

екінші  рет  жарата  қоймас.  Ей,  Мұхаммед, 

сенің  замандасың  бола  алмағаныма  қатты 

өкінемін.  Өзің  таратқан  мына  кітап  сенікі 

емес.  Ол  Құдайдікі.  Бұл  кітаптың  Алладан 

екенін мойындамау – ғылымды түгелдей жоққа 

шығарғанмен  бірдей  күлкілі  нәрсе.  Адамзат 

баласы  сен  секілді  ғажап  адамды  бір-ақ  рет 

көрді,  ендігәрі  көре  алмас.  Мен  сенің  алдыңда 

құрметпен бас ием»



Пренс Отто Вон Бисмарк. 

«Саған 


жапқан 

жаламыздың 

бәрі 

шындығында біз үшін өте ұят. Ол – жаны жайсаң, 



тұлғасы биік, барынша байсалды жан. Мақсаты 

–  дүниені  жарыққа  бөлеу  болды.  Өйткені, 

мұны  Жаратушының  өзі  оған  бұйырған». 

                                                                                                      

  Томас Карлиль. 


17

«Мұхаммедтің  ақыл-парасаты  патшалық 

сән-салтанаттың  өзін  түкке  тұрғысыз,  өте 

қарабайыр  деп  білді.  Алланың  елшісі  өз 

отбасында  қызметші  секілді  от  жағып,  үй 

сыпырды, қой сауып, киімдері мен аяқ киімдерін 

өзі тікті. Мемлекет әрі дінбасы екенін «ұмытып», 

таза  табиғи  қалпынан  аумай-ақ,  тақуа  ғұмыр 

кешті».

Эдуард Гиббон.

Есімі  тарихта  әскери  данышпан,  сонымен 

қатар  мемлекет  қайраткері  ретінде  танылған 

Франция  императоры  бірінші  Наполеон  (1769-

1821  ж.ж.)  Мысырға  кірген  жылы  (1798  ж.) 

Ислам дінінің ұлылығына, дұрыстығына қайран 

қалған,  тіпті  бір  кездері  мұсылмандықты 

қабылдау туралы да ойлаған. Төменде айтылған 

сөздер Черфилистің «

Bonaparte et Islam» атты 

еңбегінен  алынған: 



«Ол  былай  дейді: Аллаһу 

тағаланың  бар  және  бір  екендігін  Мұса 

алейһиссалам  өз  ұлтына,  Иса  алейһиссалам 

өз үмбетіне, ал Мұхаммед алейһиссалам бүкіл 

әлемге  білдірді.  Арабстан  толығымен  пұтқа 

табынатын  еді.  Иса  алейһиссаламнан  алты 

ғасырдан  кейін  Мұхаммед  алейһиссалам 

18

өзінен бұрын келген Ибраһим, Исмаил, Мұса 

және Иса алейһиссаламдар уағыздаған Аллаһу 

тағаланы  арабтарға  танытты.  Арабтардың 

қасындағы ариандар (Ариюс мазһабындағы 

христиандар)  және  Исаның  ақиқат  дінін 

бұзып, оларға үш тәңірі, яғни Алла, Алланың 

ұлы, Қасиетті рух сияқты сенімдерді таратуға 

тырысқандар  шығыстағы  бейбіт  өмірдің 

шырқын бұзған еді. Мұхаммед алейһиссалам 

оларға  тура  жолды  көрсеткен,  Алланың  бір 

екендігін,  Оның  әкесінің  де,  баласының  да 

жоқ екендігін айту арқылы бірнеше құдайға 

сыйынудың пұтқа табынушылықтан қалған 

әдет  екендігін  түсіндірді»  Кітаптың  тағы 

бір  жерінде  Наполеон:  «Жақын  арада  бүкіл 

әлемнің зиялы адамдарын жинап, бір үкімет 

құруға және бұл үкіметті Құранда жазылған 

негіздер  бойынша  басқаруға  мүмкіндік 

табамын  деп  ойлаймын.  Тек  Құранда 

жазылған негіздердің дұрыстығына сенемін. 

Бұлар адамды бақытқа жеткізеді» дейді.

***


Әлем мойындаған ең танымал ғұламалардың 

бірі  шотландық  Томас  Карлайл  (1795-1881 



19

ж.ж.)  14  жасында  университетке  түсіп,  заң, 

әдебиет  және  тарих  саласында  білім  алып, 

неміс  және  шығыс  тілдерін  меңгереді.  Атақты 

неміс әдебиетшісі Гетемен хат алмасып, онымен 

кездесіп  тұрған.  Оған  Ислам  туралы  ойларын 

жеткізіп  отырған.  Единбург  университетіне 

ректор  болып  сайланады.  Карлайлдың  «Негір 

мәселесі»,  «Франция  революциясы»,  «XIV-XV-

ғасырдағы  неміс  әдебиеті»,  «Гете  және  оның 

өлімі», «Қазіргі жұмысшылар», «Батырлар және 

оларға  табыну,  тарихтағы  батырлық»,  «Алты 

концеренция» атты еңбектері бар.

Мына  үзінді  оның  «Арабтар,  Мұхаммед 

алейһиссалам  және  оның  ғасыры»  атты 

еңбегінен  алынды: «



Мұхаммед  алейһиссалам 

келместен  бұрын  арабтар  тұрған  жерге 

үлкен  от  келіп  түсетін  болғанда,  олар  жоқ 

болып өртеніп кетер еді. Олардан ешқандай 

белгі  де  қалмас  еді.  Алайда,  Мұхммед 

алейһиссалам келгеннен кейін бұл шөл дала 

оттың ошағына айналғандай болды. Делиден 

Гранадаға  дейінгі  жерлер  алаулаған  отқа 

ұқсады. Ол кісі ұлы найзағай секілді болды, 

оның  айналасындағы  барлық  адамдар  одан 

ұшқын алған еді».

20

Конференциясынан:  «Құран  Кәрімді 

оқыған сайын оның жәй бір әдеби шығарма емес 

екендігін сол сәтте-ақ сезінесіз. Құран Кәрім – 

жүректен  шыққан  және  барлық  жүректерден 

тез  орын  алатын  шығарма.  Құран  Кәрімнің  ең 

басты ерекшелігі – оның тура және толық жол 

көрсетуші екендігінде. Меніңше Құран Кәрімнің 

артықшылығы осында».



Саяхат естелігі: «Германияда досым Гетеге 

Ислам  туралы  жинаған  мәліметтерім  мен  ол 

туралы  ойларымды  жеткізген  едім.  Гете  мені 

мұқият  тыңдады  да:  «Егер  Ислам  осы  болса, 

онда біз бәріміз мұсылманбыз» деді».

«Ол мемлекеттің де, мешіттің де басшысы. 

Бір өзі Цезарь, бір өзі Папа десе болады. Бірақ 

бітімі  бөлек.  Папаның  жасандылықтарынан 

аулақ Папа, арнайы қорғаушысы, тұрақты қарулы 

әскері,  полиция  күші,  не  тұрақты  кірісі  жоқ 

Цезарь. Егер тарихта қай жағынан алсаңыз да, 

Құдайлық негізге сай үкім берген бір жан болса 

ол сөзсіз Мұхаммед болып шығады. Өйткені, ол 

ең мықты бола тұра күштілікке елеусіз қарады. 

Өмірі қаншалықты қарапайым болса, халықтың 

арасында  да  сол  әдетінен  айныған  жоқ. 

Мұхаммедтің  дінінде  барлық  нәрсе  басқаша. 


21

Ол  жайындағы  тарихи  мәліметтер  көлеңкелі, 

қалтарыс-бұлтарысты  емес,  барынша  айқын. 

Оның өз міндетін бастауындағы ішкі жағдаяттары 

да бізге жақсы аян, өйткені, оған ешқандай күмән 

келтірілмейтіндігі  Құран  арқылы  қуатталған». 

                                                                                

 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал