«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының алғыс сөзі


Қолданылатын валюта және ұсыну валютасы



жүктеу 22.29 Kb.
Pdf просмотр
бет9/13
Дата27.04.2017
өлшемі22.29 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Қолданылатын валюта және ұсыну валютасы
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік Топтың қолданыстағы валютасы және шоғырлан-
дырылған қаржылық есептілікті ұсыну валютасы болып табылатын қазақстандық теңгемен («тең-
2015 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК. 

101
ге») сипатталды. Барлық сандық көрсеткіштер теңгемен ұсынылды, мыңға дейін (ең жақын) жалпы-
ланды.
Шетелдік валютадағы операциялар 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындағанда қолданыстағы валютадан ерекшеле-
нетін валютадағы (шетелдік валюта) мәмілелер мәміле жасалған күнгі бағам бойынша беріледі. Ше-
телдік валютада сипатталған ақша баптары шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау күнгі 
бағам бойынша қайта есептеледі. Шетелдік валютада ескерілетін және әділ құн бойынша бағалана-
тын ақшалай емес баптар әділ құнды анықтаған күні қолданыста болған айырбас бағамдары бой-
ынша қайта есептеледі. Шетелдік валютада сипаттапған, тарихи құны бойынша көрсетілген ақша-
лай емес баптар қайта есептелмейді.
Валюта бағамдарының өзгерісі нәтижесінде пайда болатын ақшалай баптар бойынша бағам ай-
ырмалары келесілерді қоспағанда, олардың пайда болу кезеңінде пайдада және шығында көрініс 
табады:
• болашақта өндірістік мақсатта қолдануға арналған, аяқталмаған құрылыс нысандарына қаты-
сты шетелдік валютадағы қарыздар бойынша бағам айырмалары мұндай активтер қүнына шетел-
дік валютадағы қарыздар бойын¬ша пайыздық шығыстарды түзету ретінде мұндай активтердің 
құнына кіреді;
• жекелеген валюталық тәуекелдерді хеджирлеу мәмілелері бойынша бағам айырмалары;
• Топтың қызметін шетелде жүргізетін бөлімшелерімен өзара есеп айырысу баптары бойынша 
өтелуі жоспарланбайтын және ықтималдылығы төмен бағам айырмалары (мұндай баптар таза ин-
вестициялар бөлігін сипаттайды).
Үздіксіз қызмет қағидалары
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік ХҚЕС сай жасалынып, Топ өз бағытын ұстанып 
үздіксіз қызмет етеді. Егер Компания басшылығы қызметтен Компания үшін пайда алу мақсатында 
кәсіпорынның қаржылық және шаруашылық саясатын анықтай алса, кәсіпорын Компания тара-
пынан бақыланатын болып саналады. Жыл ішінде сатып алынған немесе сатылған еншілес кәсіпо-
рындардың табыстары мен шығыстары нақты сатып алған сәттен немесе сәйкесінше нақты сату 
күніне дейінгі жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепке кіреді.  31 желтоқсан 2015 жылға 
қарағанда. ағымдағы міндеттемелер 4 884 265 мың теңге сомасына  (31 желтоқсан  2014 ж.: Топтың 
ағымдағы активтері 46 754 586 мың теңгеге артты ). Топтың 68 036 056 мың теңге сомасына Еуро-
облигацияларды төлеу бойынша міндеттемелерді төлеу мерзімі 2016 жылдың 3 желтоқсанында 
 Топ басшылығы Топ өзінің қызметін келешекте келесіге байланысты жалғастырады деп есеп-
тейді:
• Топ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныс тапсырысына қызмет көрсету үшін 
әскери-қорғаныс мақсаттары үшін өнім мен қызметтерді үсынатын Қазақстанның ірі машина 
құрылыс зауыттарынан тұрады. Топ 2016 жылы мемлекеттік қорғаныс тапсырысы көлемдерін 
ұлғайтуды болжайды;
• Компания шығарылған қарыз құнды қағаздарын өтеу үшін ақшалай қаражатты аккумуляция-
2015 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК. 

102
лау бойынша жоспарды әзірледі. 2016 жылдың 5 наурызына қарағанда Топ 6%-7% жылдық 
пайыздық мөлшерлемелермен валюталық банктік депозиттерінде орналастырылған 125 754 
АҚШ долларын аккумуляциялайды
• Топ меншікке айналдыру жоспары сәйкес сатуға арналған активтерді сатудан ақшалай қара-
жаттың түсімін күтеді (Ескертпе 16);
• Топ Еурооблигациялар бойынша қалған қарызды өтеу үшін байланысты тараптар немесе 
қаржылық институттарынан қайта қаржыландырдуды алуды жоспарлайды.
Шоғырландыру қағидалары
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік Компания мен Компания бақылайтын кәсіпо-
рындарының (арнайы мақсаттағы кәсіпорындарды қосқанда) (еншілес кәсіпорындар) қаржылық 
есептілігін қамтиды.
Кәсіпорын шоғырландырылған ұйым ретінде қарастырылады: 
• Инвестиция объектілеріннің қатынасына инвестиция өкілеттікпен ие; 
• Инвестицияның объектісінің қатысуымен айнымалы табыстар немесе олар осындай табыс 
алуға құқықтары  тәуекелге алынады;
• Инвестицияның объектісінің қатысуымен  инвестор табысын ұлғайтуға мүмкіндігі бар.
Жоғарыда көрсетілген үш элемент бойынша өзгерістер бір немесе бірнеше бағыт бойынша бай-
қалатын болса компания инвестиция объектісін бақылауға иелігін қайта бағалайды. 
Инвестор акцияның бақылау пакетіне ие болмаған жағдайда жекелеген тәртіп бойынша 
инвестор елеулі қызметті басқару өкілеттілігіне құқылы болып саналады.  Бағалау барысында 
компания акционердің дауыс беру құқығы жеткілікті ме жоқ па жағдайын және деректерін қара-
стырып, келесі бағыттарды қарастырады:
• Инвесторға тиесілі дауыстың құқық пакетінің өлшемі басқа да дауыс пакетінің құқығына ие 
инвесторлардың өлшемі және ақысына тәуелді; 
• Әлеуетті дауыс құқығы бар Компаниялар, дауыс құқығы бар жақ; 
• Басқа қарастырылған келісім құқығы;
• Компания дауыс беру құқығы жеткілікті ме жоқ па кез келген қосымша жағдайын және де-
ректерін басқару қызметін мезгіл ауқытын қарастырып, шешім қабылдау барысында дауысты ал-
дыңғы акционерлік жиналыстағы мінездеме бойынша қарастырылу қажет. 
Инвестиция объектісінің шоғырландырылуы Компания үшін пайда алу мақсатында кәсіпорын-
ның қаржылық және шаруашылық саясатын анықтай алса, кәсіпорын Компания тарапынан бақы-
ланатын болып саналады.  Сатып алынған немесе сатылған еншілес кәсіпорындардың табыстары 
мен шығыстары нақты сатып алған сәттен немесе сәйкесінше нақты сату күніне дейінгі жиынтық 
табыс туралы шоғырландырылған есепке кіреді.
 
Таза табыс және жиынтық табыс инвестиция объектісінің бақылауымен тығыз байланысты, 
бірақ Компания бықылау мүмкіндігін жоғалтқан жағдайда тоқтатылады.  Еншілес кәсіпорындар-
дың жалпы шоғырландырылған табысы Компания акционерлері бойынша теріс қалдықтың пай-
да болуына әкелсе де, бақыламайтын иелік үлестеріне қатысты. Қажет болған жағдайда еншілес 
кәсіпорындардың қаржылық есептілігіне қолданылған есеп саясаты қағидаларын Топтың есеп  
2015 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК. 

103
саясаты қағидаларына сәйкестендіру үшін түзетулер енгізіледі.
Toп кәсіпорындары арасындағы барлық мәмілелер, есеп айырысулардағы сәйкес қалдықтар 
мен Toп ішіндегі мәмілелерден жүзеге асырылмаған пайдалар мен шығындар шоғырландыру 
кезінде алып тасталады.
Еншілес кәсіпорнындағы Топтың иелік ету үлестерінің өзгерістері.
Топты еншілес кәсіпорындарды бақылаудан айыруға әкелмейтін еншілес кәсіпорындардағы 
Топтың иелік ету үлестерін өзгерту капиталы да есепке алынады. Toп еншілес кәсіпорындарда 
бақылаудан айырылған жағдайда, болатын пайдалар мен шығындар жиынтық табыс туралы шоғы-
рландырылған есепте танылады және алынған еншілес кәсіпорын активтері мен міндеттемелері, 
сондай-ақ баланстық құны арасындағы айырма ретінде есептеледі. Қауымдасқан және бірлесіп 
бақыланатын кәсіпорындарға құйылатын инвестициялар Қауымдасқан және бірлесіп бақылана-
тын кәсіпорындарға құйылатын инвестициялар үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынады.
Қауымдасқан және бірлескен кәсіпорындар инвестициялары
Қауымдасқан кәсіпорын – бұл Топ қызметіне елеулі ықпал ететін  кәсіпорын.  Елеулі ықпал – 
бұл заң бойынша оперециялық және қаржылық шешім қабылдау бойынша қатысуы мүмкіндігі бар, 
бірақ бұл бақылау немесе бірігіп бақылау дегенді білдірмейді.  
Бірлескен қызмет жай серіктестік келісім-шарты негізінде кәсіпкерлік субъектілері арасында 
пайда болатын қарым-қатынастар. 
Бірлесіп бақыланатын бұл – бірлескен қатысушылар мен бақыланатын кәсіпорындар немесе 
жобалар. Кәсіпорындардың мұндай категориясына мазмұны бойынша бірлескен қызмет нәтиже-
сінде пайда болған экономикалық бірліктің мүлкі. Негізінен бірлескен кәсіпорындар кем дегенде 
екі қатысушымен бақыланады. 
Қызмет нәтижелері бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған 
шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз атынан мәміле 
жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен қы-
зметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. 
бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестицияны жүзеге асыруы – бірлесіп жасай-
тын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шару-
ашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі бойынша топшыланған келісім- шартын жасайды.  Оның 
тәуелді ұйымдағы үлесі қаржылық салыммен сипатталады.
Қауымдасқан және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарға құйылатын инвестициялар үлестік 
қатысу әдісі бойынша есепке алынады.
 Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату 
мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында 
әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Әділ құн 
құрамындағы Топ үлесінің көбею шектеулерді тудыратын себептерінің катарына инвестор үлесі 
кіріс немесе шығыс ретінде көрсетіліп бірлескен кәсіпорындар инвестиция алынған күннен бастап  
көрсетіледі.
2015 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК. 

104
 
Сонымен қатар 39 ХҚЕС «Қаржы құралдарды: тану және бағалау» қолданылу мақсаты Топ 
үлесінің қатнастарының құнсыздануын мойындауын қажет етеді. Қажетілікке байланысты жалпы 
инвестициялық баланс (гудвилды қосқанда) 36 ХҚЕС «Активтердің құнсыздануы» жеке актив ретін-
де оның құн өлшемін салыстыру арқылы тестіленеді. Инвестицияның баланстық құнына гудвилды 
қосқанда құнсызданудан пайда болған залал қандайда активке жатады. Мұндай құнсызданудан 
пайда   болған  залалды  қайта  қалпына келтіру  36 ХҚЕС  «Активтермен қамтамассыз ету»   егер  
инвестицияның балансының құны жоғарылай түсетін болса. Осындай зиянды құнсыздандыру-
дан кез келген қалпына келтіру егер инвестициялардың баланстық құны салдарынан өсетін болса, 
«Активтердің құнсыздануы» 36 МБСУ сәйкес танылады.
Топтың осы ұйымдар шығынындағы үлесі Топтың осы үйымдардағы иелік ету үлесінен (Топтың 
ұйымдағы таза инвестицияларының бөлігін қамтитын кез келген үзақ мерзімді иелік ету 
үлестері) асып кеткен жағдайда, Топ ары қарайғы шығындардағы өз үлесін тануды тоқтатады. 
Бірлесіп бақыланатын ұйымдар ретінде екі немесе одан да көп тараптар бірлесе бақыланатын эко-
номикалық қызметті жүзеге асырушы шарттық келісім түсініледі. Қауымдасқан/бірлескен-бақы-
ланатын кәсіпорындарға қүйылатын инвестициялар сатып алу құны бойынша қаржылық жағдай 
туралы шоғырландырылған есепте көрініс табады: плюс — сатып алғаннан кейін қауымдасқан/бір-
лескен бақыланатын ұйымдардың таза актвитеріндегі Toп үлесінің өзгерісі, минус - құнсыздануы. 
Топтың осы ұйымдар шығынындағы үлесі Топтың осы ұйымдардағы иелік ету үлесінен (Топтың үй-
ымдағы таза инвестицияларының бөлігін қамтитын кез келген үзақ мерзімді иелік ету үлестері) 
асып кеткен жағдайда, Топ ары қарайғы шығындардағы өз үлесін тануды тоқтатады. Қауымдасқан/
бірлескен-бақыланатын ұйымдардың пайдалары мен шығындарындағы Toп үлесі Топтың жиын-
тық табыс туралы шоғырландырылған есебінде көрініс табады.
Егер, тәуелді кәсіпорындарының инвестициалары бірлескен инвестицияға айналса, немесе бір-
лескен инвестиция тәуелді кәсіпорындардың инвестициаларына айналса, онда Топ қайта құнды 
қарастырмай іскерлік әдісті қолдануды жалғастырады.
Егер, Топтың үлесі тәуелді және бірлескен кәсіпорында төмендейтін болса, онда Топ іскерлік 
әдісті қолдануды жалғастырады. Топ табыс және шығыстың арнайы бір бөлігін актив немесе мін-
деттемер бойынша классификация бойынша бөледі. Бірақ топ үлестік қатысу әдісін қолдануды 
жалғастырады, Топ тиісті активтер немесе міндеттемелер есептен шығарылған кезде шығын не-
месе пайданың  құрамында осы табыс немесе шығын қайта  жіктелуі үшін  иеліктегі үлесте осы 
азаюымен байланысты өзге жиынтық табыс құрамында жіктеледі. 
Табыс және шығыс, Топтың және оның тәуелді немесе бірлескен кәсіпорындар нәтижесінде 
пайда болады, шоғырландырылған есептілікті Топ тәуелді және бірлескен кәсіпорын үлесі болмаса 
ғана мойындайды. 
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
Ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) қаржылық жағдай есебі құнының 
оны пайдалануды жалғастыра беруінен емес, негізінен сату есебінен толтырылса, ұйым оны са-
туға арналған ретінде жіктеуі тиіс.  Ол үшін актив (немесе шығаруға арналған топ) қазіргі күйіндегі 
осындай активтер (немесе шығаруға арналған топтар) дереу сату үшін қолда бар және оны сатқан-
2015 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК. 

105
да қоса жүретін әдеттегі талаптармен болуы тиіс, және де сату ықтималдығы жоғары болуы тиіс. 
Басшылық сатуға арналған жіктелген активті бір жыл ішінде сатуды аяқтауы қажет.
Еншілес ұйымды басқарудан айырумен бірге жүретін сату жоспарына енгізілген ұйым, ұйым 
өзінің бұрынғы еншілес ұйымындағы басқарылмайтын пайызын сатылғаннан кейін сақтау-сақта-
мауына қарамастан, жоғарыда баяндалған талаптар орындалғанда, барлық активтерін және мін-
деттемелерін сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс.
 
Егер Топ тәуелді және бірлескен кәсіпорындарға салынған үлесті немесе үлес бөлігін сатуға 
жорамалданған жоспарды ұстанса, сатылатын үлес немесе оның бөлігі жоғарыдағы сәйкес сатуға 
арналған деп топтастырылады, және Топ сатуға арналған ретінде жіктелген үлес бөлігі бойынша 
өзінің үлес тәсілін қолдануды тоқтатады. Тәуелді және бірлескен кәсіпорындар қалған сатуға ар-
налған үлес бөлігі қайта топтастырылмайды және іскерлік қатысу әдісі бойынша көрсетіледі. тәу-
елді және бірлескен кәсіпорындарға Топтың елеулі әсері жойылғанда Топ іскерлік қатысу әдісін 
қолдануды тоқтатады.
Топ шыққаннан кейін қалған қатысу үлесі бұрынғы тәуелді және бірлескен кәсіпорындарда 
ХҚЕС 39 сәйкес келеді. Егер кәсіпорын тәуелді және бірлескен кәсіпорын болып қалса, Топ іскерлік 
қатысу әдісін жалғасытырады.
Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату 
шығындарын шегере отырып, ең аз қаржылық жағдай есебі немесе әділ құны бойынша бағалауға 
тиіс.
Негізгі құралдар  
Негізгі құралдар жинақталған амортизация сомасы мен құнсызданудан болған шығындар ше-
герілгенде, бастапқы құн бойынша көрсетіледі.
2006 жылғы 31 желтоқсанына дейін сатып алынған негізгі қүралдар ХҚЕС өту күніне бастапқы 
құн болып табылатын, тәуелсіз бағалаушы анықтаған әділ құн бойынша көрініс табады. Нақты 
шығындарға сәйкес активті сатып алумен тікелей байланысты барлық шығындар қосылады.
Ары қарай өндірістік немесе әкімшілік мақсаттарда пайдалану үшін көтерілетін аяқталмаған 
құрылыс нысандары құнсызданудан болатын кез келген танылған шығындар шегеріліп, құрылыс 
құны бойынша есепке алынады. Құрылыс құны кәсіби қызметтер құнын, сондай- ақ жіктелетін 
активтер үшін Топтың есеп саясатына сәйкес капиталданатын қарыздар бойынша шығындарды 
қамтиды. Негізгі құралдардың мұндай нысандары құрылысты аяқтау немесе мақсатына сай қолда-
ну сәтіне орай, негізгі құралдардың сәйкес санаттарына жатқызылады.
Аталмыш активтер бойынша басқа да жылжымайтын мүлік нысандары бойынша амортизация 
есептеу, активтердің жоспарланған пайдалануына дайын болған сәтінен басталады.
Амортизация күтілетін пайдалы қолдану мерзімі ішіндегі жойылу құны шегерілгендегі, негіз-
гі құралдардың (жер телімдері мен аяқталмаған құрылыс нысандарын қоспағанда) нақты құнын 
есептен шығару үшін есептеледі Күтілетін пайдалы қолдану мерзімі, баланстық құн мен аморти-
зацияны есептеу тәсілі әрбір есепті кезеңнің соңында талданады, бұл ретте бағалаудағы барлық 
өзгерістер салыстырмалы көрсеткіштерді қараусыз, шоғырландырылған қаржылық есептілікте 
көрініс табады.
2015 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК. 

106
  
 
Активтер тобы   
               Пайдалы қызметтің орташа мерзімі  
 
 
 
 
Ғимараттар мен имараттар  
 
8 - 100 жыл 
 
 
 
Машина мен жабдық  
 
 
3 - 20 жыл 
 
 
 
Көлік құралдары     
 
 
5 - 10 жыл 
 
 
 
Өзге активтер    
 
 
4 - 20 жыл 
Қаржылық жалдау шарттары бойынша алынған активтер Топ меншігіндегі активтер секілді
күтілетін пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде амортизацияланады. Алайда меншік құқығы жалдау 
мерзімінің соңында жалдаушыға өтеді деген негізделген сенімділік болмаса, актив жалдау мерзімі 
және пайдалы қызмет мерзімі екеуінің ішіндегі ең қысқа мерзім ішінде толықтай амортизацияла-
нуы тиіс. 
Негізгі құралдардың объектісі сатылу жағдайында немесе келешек экономикалық пайданы алу-
да күтілмейтін активті пайдаланған кезде шығынға жазылады. Сатудан немесе негізгі құралдардың 
басқа да шығуынан табыс немесе шығын осы объектілердің баланстық құны мен сату бағасы ара-
сындағы айырмашылық ретінде анықталады және шығындар мен табыста танылады.
Материалдық емес активтер 
Негізгі құралдар нысаны сатылған кезде немесе активті пайдалануды жалғастырудан болашақта 
экономикалық пайда aлy күтілмеген жағдайда есептен шығарылады. Негізгі құралдар нысанын Са-
тудан немесе басқалай шығарудан келетін табыс немесе шығын осы нысандардың сатылым бағасы 
мен баланстық құны арасындағы айырма ретінде анықталып, пайда және шығындарда танылады.
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануы  
Toп әрбір есепті күні материалдық және материалдық емес активтердің баланстық құны қун-
сыздануы белгілерінің бар жоғын тексереді. Ондай белгілер анықталған жағдайда, құнсыздану-
дан болатын шығын өлшемін анықтау мақсатында сәйкес активтің өтелетін құны есептеледі (егер 
ондай болса). Өтелетін құн өткізуге кететін шығынды шегергендегі активтің әділ құны мен пайда-
ланушылық құндылық құнының арасындағы ең үлкен мән ретінде анықталады. Пайдалану құн-
дылығын бағалағанда ақшалай құралдардың күтілетін болашағы осы активке тән уақыт пен тәуе-
келдердегі ақшалардың ағымдағы нарықтық құнын сипаттайтын салық салуға дейінгі дисконттау 
коэффициент қолданыла отырып, ағымдағы құнға дейін дисконтталады.
Егер активтің (немесе туынды бірліктің) өтелетін құны оның баланстық құнынан төмен болса, 
осы активтің (немесе туынды бірліктің) баланстық құны өтелетін сомаға дейін азаяды. Құнсыздану-
дан болатын шығындар пайда мен шығындарда көрініс табады.
Құнсызданудан болған шығындар нәтижесінде қалпына келетін жағдайларда активтің (немесе 
2015 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК. 
2015 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК. 

107
туынды бірліктің) баланстық құны оның өтелетін құнын жаңаша бағалау арқылы алынған сомаға 
дейін ұлғаяды. Бұл былайша көрініс табады: актив (немесе туынды бірлік) бойынша алдыңғы жыл-
дары құнсызданудан болатын шығын көрініс таппағандағы баланстық құннан жаңа баланстық құн 
аспайтындай болуы тиіс. 
Тауарлық- материалдық қорлар  
Тауарлық-материалдық қорлар өзіндік құн мен таза өткізу құнының арасындағы ең төменгі мән 
бойынша көрінеді. Таза өткізу құны аяқтау мен өткізу бойынша болжалды барлық шығындарды 
шегергендегі тауарлық-материалдық қорларды өткізудің ықтималды құнына негізделеді.
Дайын өнім мен аяқталмаған өндірістің өзіндік құны орташа өлшемді әдісті қолдана отырып
есептеледі, және материалдар бойынша тікелей шығындар мен жалақы бойынша тікелей шығын-
дарды, және тауарлық-материалдық қорларды олардың ағымдағы күйіне келтіру және керекті ор-
нына жеткізу кезінде пайда болған жүкқұжаттық шығыстарды қамтиды.
Қаржылық құралдарын тану
Toп қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есептегі қаржылық активтер мен міндетте-
мелерді тек құрал бойынша сәйкес шарттың қатысушысы болғанда таниды. Қаржылық активтер 
мен міндеттемелер операция күнгі есепке алу қағидасын қолдана отырып, көрінеді.
Қаржылық активтер мен міндеттемелер бастапқыда мәмілені жасасумен байланысты шығын-
дарды қосқанда немесе шегергендегі алынған немесе төленген сыйақының әділ құнын сипаттай-
тын өзіндік құн бойынша көрінеді, ал ары қарай әділ құн немесе амортизацияланған құн бойынша 
есепке алынады. Әділ құн әдетте ресми нарықтық бағаларға сілтеме жасала отырып, анықталады. 
Егер нарықтық бағалар қолжетімсіз болса, әділ құн нарықтық мәліметтерге негізделетін дисконт-
талған болашақ ақша қозғалысы сияқты бағалаудың жалпыға бірдей әдістері бойынша нақтылы-
нады.
Амортизацияланған құн тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдану арқылы бағаланады. 
Тиімді пайыздық мөлшерлеме — бұл күтілетін болашақ ақша қозғалыстарын (тиімді пайыздық 
мөлшерлеменің ажырамас бөлігі болып табылатын, қарыз құралы бойынша барлық алынған неме-
се жасалған төлемдерді, мәмілені рәсімдеу бойынша шығындар мен басқа да сыйақыларды неме-
се дисконттерді қосқанда) қарыз құралы өтелгенше күтілетін мерзімге немесе (егер қолданылса) 
одан аз мерзімге, қарыз құралын есепке алу сәтіндегі баланстық құнға дейінгі дисконтау мөлшер-
лемесі.
Қаржылық активтер 
Қаржылық активтер келесідей санаттарға жіктеледі: пайда немесе шығындар арқылы әділ құн 
бойынша («ПШАӘҚБ») есепке алынатын қаржылық активтер, өтелгенше ұсталатын инвестициялар 
мен «қарыздар мен дебиторлық берешек». Жіктеліс қаржылық құралдардың сипаты мен мақсатта-
рына байланысты болады және бастапқы тану сәтінде анықталады.
2015 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК. 
2015 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК. 

108
Ақша құралдары мен олардың баламалары 
Ақша құралдары мен олардың баламалары банк есепшоттарындағы құралдарды, жолдағы ақ-
шаларды; Кассадағы қолма-қол ақша мен бастапқы өтеу мерзімі үш айдан аспайтын қысқа мерзімді 
депозиттерді қамтиды.
Кысқа мерзімді қаржылық инвестициалар 
Кысқа мерзімді қаржылық инвестициаларға бастапқы өтеу үш айдан бір жылға дейінгі кысқа 
мерзімді дипозиттер жатады. 
Сауда дебиторлық берешек
Сауда дебиторлық берешек бухгалтерлік есепте күмәнді берешек бойынша резервті шегерген-
дегі, төлемге шығарылған шоттардың сомалары бойынша танылады және көрінеді. Күмәнді бере-
шек бойынша резерв Топ тарапынан дебиторлық берешек шартта белгіленген мерзімде өтелме-
се есептеледі. Күмәнді берешек бойынша резерв ұдайы қаралып отырады және түзету қажеттілігі 
туындаса, сәйкес сомалар қажеттілік туындаған есепті кезеңдегі жиынтық табыс туралы шоғырлан-
дырылған есепте көрініс табады. Үмітсіз берешек бұрын құрылған резерв есебінен оның анықталу 
шамасына қарай есептен шығарылады.
Қарыздар мен басқа дебиторлық берешек 
Қарыздар мен дебиторлық берешек тіркелген немесе төлем мөлшерін анықтауға икемді бел-
сенді нарықта баға белгіленбейтін өнімсіз қаржы активтері болып табылады. Қарыздар мен деби-
торлық берешек құнсыздануы шегеріліп, пайыздың тиімді ставка әдісін пайдалана отырып, амор-
тизацияланған құны бойынша көрсетіледі.
Пайыздық табыс болар-болмас болған қысқа мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда, пай-
ыздық табыс тиімді пайыздық мөлшерлемені қолдану арқылы танылады.
 
Басқа қаржылық активтер
Басқа қаржылық активтер тіркелген немесе төлем мөлшерін анықтауға икемді белсенді на-
рықта баға белгіленбейтін банктердегі депозиттер секілді өнімсіз қаржылық активтерге сай. Мұн-
дай активтер кез келген құнсыздануы шегеріліп, пайыздың тиімді ставка әдісін пайдалана отырып, 
амортизацияланған құн бойынша көрсетіледі.
Қаржы активтерінің құнсыздануы 
Пайда және шығындар арқылы әділ құн бойынша есепке алынатын активтерден басқа, қаржы 
активтері әрбір есепті күні құнсыздану көрсеткіштеріне бағаланады.
Қаржы активтерін бастапқы танудан кейін пайда болған бір немесе бірнеше оқиғалар нәтиже-
2015 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК. 

109
сінде, мысалы: инвестиция бойынша ақша құралдарының болжалды болашақ қозғалысында ай-
тарлық өзгеріс, эмитент немесе борышкер тап болған айтарлықтай қаржылық қиындықтар, не-
сие берушінің борышкердің қаржылық қиындықтарына байланысты берген жеңілдік жағдайлары, 
қарыз алушының банкротқа ұшырауы немесе қаржылық қайта ұйымдастырылу ықтималдылығы, 
аталмыш қаржы активі үшін белсенді нарықтың жойылуы пайда болады деген объективті куәлік-
тер болса, қаржы активтері құнсызданады. Амортизацияланған құн бойынша көрінген қаржы ак-
тивтері үшін құнсыздану сомасы активтің баланстық құны мен бастапқы қолданыстағы пайыздық 
мөлшерлеме бойынша дисконтталған ақшалай құралдардың болжалды болашақ қозғалысының 
ағымдағы құны арасындағы айырманы құрайды. 
Баланстық құн күмәнді берешек бойынша резервті қолдану арқылы азаятын сауда дебиторлық 
берешекті қоспағанда, қаржы активінің баланстық құны барлық қаржы активтері бойынша тікелей 
құнсызданудан болатын шығынға азаяды.
Егер келесі кезеңде құнсызданудан болған шығын сомасы азайса, азаю құнсыздануды танудан 
кейін болған оқиғамен байланысты болуы да мүмкін.
Онда құнсызданудан болған шығынның бұрын танылған сомасы инвестицияның баланстық 
құны құнсыздану танылмаған жағдайда амортизациялық құн қүрауы мүмкін сомадан аспайтын 
дәрежеде пайда немесе шығында түзетіледі.
Қаржылық міндеттемелер мен үлес құралдары 
Toп кәсіпорындары шығарған борыштық және үлес құралдары келісімшарттық келісім, сон-
дай-ақ қарыздық міндеттемелер мен қарыздық құрал сипатына сәйкес қаржылық міндеттемелер 
сияқты не болмаса капитал сияқты жіктеледі.
Үлес құралдары — барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін активінде қалған қатысуы тура-
лы куәландыратын кезкелген келісімшарт. Toп шығарған үлес құралдар шығаруға шыққан тікелей 
залалдарды шегерумен алынған пайда бойынша есепке алынады.
Топтың өзіндік үлес құралдарын сатып алу тікелей капиталдан шегеріледі. Компанияның өзіндік 
үлес құралдарын сатып aлy, сату, шығару немесе жою нәтижесінде пайда болатын табыстар мен 
шығыстар пайда мен шығындарда есепке алынбайды.
Артықшылық берілген акциялар
Дивидендтерінің сомасы тіркелген артықшылық берілген акциялар шарттық келісім сипатына 
сәйкес құрама қаржы құралы болып табылады. Осыған сай, міндеттемелер мен капитал компо-
ненттері қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есепте бөлек саналған. Бастапқы тануда 
капитал компонентіне құралдың бастапқы баланстық құнынан міндеттеме компоненті үшін бел-
гіленген әділ құнды шегергеннен кейін қалатын сома қалдығы төлінеді. Міндеттеме компонентінің 
бастапқы танудағы әділ құны нарықтық пайыз мөлшерлемесі бойынша күтілетін ақша қозғалысын  
ұқсас борыш құралынан шегеру арқылы есептеледі. Ары қарай міндеттеме компоненті тәртіптел-
ген борыш сияқты қағида бойынша өлшенеді, ал өзіндік капитал компоненті жарғылық капитал 
секілді қағидамен өлшенеді. 
Қаржы міндеттемелері шарт бойынша міндеттемелер пайда болған кезде есепке алынатын 
шарттық келісімдерде ұсынылады.
 
 
2015 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК. 

110
Сауда және басқа да кредиторлық берешек 
Сауда және басқа да кредиторлық берешек бастапқыда әділ құн бойынша бағаланады, ал нәти-
жесінде тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі қолданылып, амортизацияланған құн бойынша қайта 
бағаланады.
Қарыздар және тартылған қаражат  
Барлық қарыздар мен тартылған қаражат бастапқыда қарыздық қаражаттарды тартумен бай-
ланысты шығыстар ескерілгендегі алынған ақшалай қаражаттың әділ құнын сипаттайтын құн бой-
ынша есепке алынады. 
Бастапқы танудан кейін пайыздық қарыздар мен тартылған қаражаттар тиімді пайыздық мөл-
шерлеме әдісі қолданылып, амортизацияланған құн бойынша есепке алынады.
Капиталдандырылуы тиіс қарыздар бойынша шығыстарды қоспағанда (мысалы, үшінші тарап-
тар кепілдіктері бойынша комиссиялары) табыстар мен шығыстар міндеттерді тану тоқтағанда, 
сондай-ақ амортизация есепке алынғанда, жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте көр-
сетіледі.
Өзара есептер 
Танылған сомалардың өзара есебін жүргізуге заңды құқық болса, және Топта не өзара есеп жа-
сау, не активті өткізіп, міндеттемені бір уақытта өтеу ниеті болған жағдайда, қаржы активтері мен 
қаржы міндеттемелері өзара есепке алынып, таза сома қаржылық жағдай туралы шоғырланды-
рылған есепте есепке алуға болады.
Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері мен міндетте-
мелері 
Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері мен міндеттеме-
лері (1) қысқа мерзім ішінде сату деген негізгі мақсатпен сатып алынған, (2) басқару бірлесе жүзеге 
асырылатын және құрылымы қысқа мерзімді уақытта пайда алу ниетін сипаттайтын сәйкестендіріл-
ген қаржы құралдары қоржынының бөлігі болып табылатын, немесе (3) бастапқыда Топ тарапынан 
пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері және міндеттемелері 
ретінде есепке алынған өнімді құралдарды немесе бағалы қағаздарды сипаттайды. Пайда немесе 
шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері және міндеттемелері бастапқыда 
және болашақта әділ құн бойынша бағаланады. Toп өнімді қаржы құралдарын қосқанда, пайда 
немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері және міндеттемелерінің 
әділ құнын анықтау үшін бағалауды пайдаланады. Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша 
бағаланатын қаржы активтері және міндеттемелерінің әділ құнын түзету жиынтық табыс туралы 
шоғырландырылған есепте есепке алынады. Топ аталмыш қаржы құралдарына иелік ету кезеңі 
ішінде қаржылық құралдарды осы санатқа немесе ол санаттан қайта жіктеуді жасамайды.
2015 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНА АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ ҮШІН ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК. 

111
Қосылған туынды қаржы қүралдары 
Басқа қаржы құралдарына немесе негізгі шарттарға қосылған туынды қаржы құралдары сипат-
тамалары мен қауіптері негізгі шарттың сипаттамаларымен және қауіптерімен тығыз байланыста 
болмаса, және негізгі шарттар пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланбаған кезде 
бөлек туынды қаржы қүралдары ретінде қарастырылады.
 

жүктеу 22.29 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет