«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының алғыс сөзі


Компанияның Директорлар кеңесінің жанында үш комитет әрекет етеді



жүктеу 22.29 Kb.
Pdf просмотр
бет4/13
Дата27.04.2017
өлшемі22.29 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Компанияның Директорлар кеңесінің жанында үш комитет әрекет етеді: 
1) аудит жөнінде комитет
2) тағайындаулар және сыйлықақылар жөнінде комитет;
3) стратегиялар мен инвестициялар жөнінде комитет.
Компанияның Директорлар кеңесінің Аудит жөнінде  комитеті
Аудит жөнінде комитеттің Қағидасы Компанияның Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 
9 сәуірдегі шешімімен (№ 82 хаттама) бекітілді.  
Аудит жөнінде комитет үш адамнан — екі тәуелсіз директор мен сарапшыдан тұрады. Аудит 
жөнінде комитет Компанияның Директорлар кеңесіне:
1) Компанияның қаржылық-шаруашылық қызметіне (оның ішінде қаржылық есептіліктің 
толықтығы және дұрыстығы үшін) тиімді бақылау жүйесін белгілеу;
2)  ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігі үшін, сондай-
ақ корпоративтік басқару саласында құжаттарды орындау үшін бақылау;
3)  сыртқы және ішкі аудиттің тәуелсіздігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын 
сақтауды қамтамасыз ету үшін бақылау бойынша ұсынымдар тұжырымдау жолымен көмек 
көрсетеді. 
 2015 жылы Аудит жөнінде комитеттің 8 күндізгі мәжілістері өткізілді.
2015 жылы Аудит жөнінде комитеттің мәжілістерінде қатысу кестесі
Т.А.Ә.
Лауазымы
Мәжілістерде қатысу 
(%-да)
Махат Рашит Мұқарамұлы
(19.12.2014 — 28.05.2015 жж.) 
(29.05.2015 — 01.07.2015 жж.)
Аудит жөнінде комитеттің төрағасы,
Аудит жөнінде комитеттің мүшесі
100
Абдуов Нұрлан Қанатұлы
(29.05.2015 — 29.07.2015 жж.)
Аудит жөнінде комитеттің төрағасы
0
Ларионов Дмитрий Владимирович
(29.09.2015 жалдан бастап)
Аудит жөнінде комитеттің төрағасы
100
Исенжулов Ержан Бақытұлы
(29.09.2015 ж. бастап)
Аудит жөнінде комитеттің мүшесі
100
Давлетова Гүлмира Мектепбайқызы
(29.09.2015 ж. бастап)
Аудит жөнінде комитеттің сарапшысы 
— сарапшы, дауыс құқығынсыз  
90

42
Аудит жөнінде комитеттің мәжілістерінде аса назар:
- Аудит жөнінде комитеттің 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын мақұлдау туралы;
- Компанияның ішкі аудит қызметінің жылдық аудиторлық жоспарын алдын ала мақұлдау 
туралы;
- ішкі аудит қызметінің есептерін алдын ала мақұлдау туралы;
- Компанияның ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің еңбегін төлеу, қызметін бағалау және 
сыйлықақы беру ережелерін алдын ала қарау туралы;
- Компанияның қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның 
қызметтерін төлеу мөлшерін алдын ала қарау туралы;
- Компанияның ішкі бақылау жүйесін жетілдіру бойынша Іс-шаралар жоспарын алдын ала қарау 
және мақұлдау туралы;
- Компанияның 2014 жылғы жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін алдын ала 
мақұлдау туралы;
- Компанияның Корпоративтік есептік саясатына өзгертулер мен толықтыруларды алдын ала 
мақұлдау туралы;
- тәуекелдерді басқару жүйесінің кейбір ішкі құжаттарын алдын ала мақұлдау туралы;
- Компанияның Тәуекелдер жөнінде есептерін шоғырландырылан негізінде алдын ала қарау 
және мақұлдау туралы;
- Компанияның Директорлар кеңесінің Аудит жөнінде комитеті құзыретінің шегінде басқа 
мәселелер жөнінде шешімдер қабылдау сияқты, осындай мәселелерге қойылды.
   «ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ» ҰК» АҚ 2015 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 

43
Компанияның Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақылар 
жөнінде комитет 
Тағайындау және сыйақылар жөнінде комитеттің Қағидасы және Тағайындау және сыйақылар 
жөнінде комитеттің  құрамы Компанияның Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 4 шілдедегі 
(№ 86 хаттама) шешімімен бекітілді. Тағайындау және сыйақылар жөнінде комитет үш адамнан 
– екі тәуелсіз директор мен сарапшыдан тұрады.  
Тағайындау және сыйақылар жөнінде комитеттің жұмысы Компанияның Директорлар кеңесіне:
1) Директорлар кеңесінің, Басқарманың құрамына, Ішкі аудит қызметі басшысы және 
корпоративтік хатшы қызметіне білікті мамандарды тарту;
2) Компанияның Директорлар кеңесі үшін, Компанияның мақсаттарына, міндеттеріне, ағымдағы 
қағидаларына және түрлері және ауқымдары бойынша ұқсас қызметте сыйақының деңгейіне 
сәйкес сыйақы, тәуелсіз директорлар мен Директорлар кеңесінің өзге де мүшелерін, Басқарма 
мүшелерін белгілеу туралы ұсыныстарды қалыптастыру бойынша ұсынымдар тұжырымдау 
жолымен көмек көрсетуге бағытталды.
2015 жылы тағайындау және сыйақылар жөнінде комитеттің 7 мәжілісі өткізілді (6 күндізгі 
мәжілістер және бір сырттай мәжіліс).
Т.А.Ә.
Лауазымы
Мәжілістерде 
қатысу (%-да)
Махат Рашит Мұқарамұлы
(17.03.2014 — 1.07.2015 жж.)
Тағайындау және сыйақылар 
жөнінде комитеттің төрағасы
100
Байсеитов Бақытбек Рымбекұлы
(19.12.2014 — 28.09.2015 жж.)
Тағайындау және сыйақылар 
жөнінде комитеттің мүшесі
100
Исенжулов Ержан Бақытұлы
(29.09.2015 ж. бастап)
Тағайындау және сыйақылар 
жөнінде комитеттің төрағасы
100
Ларионов Дмитрий Владимирович
(29.09.2015 ж. бастап)
Тағайындау және сыйақылар 
жөнінде комитеттің мүшесі
100
Кайсенова Гүлжихан 
Қабдылқаирқызы
(2012 ж. бастап)
Тағайындау және сыйақылар 
жөнінде комитеттің сарапшысы, 
дауыс беру құқығынсыз  
70
2015 жылы Тағайындау және сыйақылар жөнінде комитеттің мәжілістерінде қатысу кестесі

44
Тағайындау және сыйақылар жөнінде комитеттің мәжілістерінде аса назар:
- Тағайындау және сыйақылар жөнінде комитеттің 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын 
мақұлдау туралы;
- Корпоративтік хатшы және оның аппараты мақсаттарының 2015 жылға арналған картасын 
алдын ала қарау және мақұлдау туралы;
- нысаналы мақсаттармен Компания Басқармасы Төрағасы мен мүшелері қызметінің басты 
көрсеткіштерінің 2015 жылға арналған картасын алдын ала мақұлдау туралы;
- Компанияның еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін 
мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа мүшелерді сайлау, сондай-ақ жаңадан тағайындалған 
мүшелердің өкілеттіктерінің мерзімін, міндеттерді орындау үшін шығыстарының сыйақылар мен 
өтемақылар  мөлшерін, жағдайларын  белгілеу;
- 2014 жылғы нақты мақсаттармен Компания Басқармасы Төрағасы мен мүшелері қызметінің 
басты көрсеткіштерінің карталарын алдын ала мақұлдау және2014 жылғы жұмыс қорытындылары 
бойынша Компания Басқармасының Төрағасы мен мүшелеріне сыйақы төлемеу  туралы;
- олардың дауыс беру акцияларының елуден астам пайызы Компанияға меншік және/немесе 
сенімгерлікпен басқару құқығында тиесілі, ұйымның тәуелсіз директорлары шығыстарына сыйақы 
мен өтемақытөлеу ережелерін алдын ала мақұлдау туралы;
- Компания Басқармасының Төрағасына және оның мүшелеріне, Ішкі аудит қызметінің 
жұмыскерлеріне және Корпоративтік хатшыға әлеуметтік қолдау көрсету ережелеріне 
толықтырулар енгізуді алдын ала мақұлдау туралы;
- Компанияның кейбір еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесіне 2012 және 2013 жылдарғы 
жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу туралы;
- Компанияның Тағайындау және сыйақылар жөнінде комитеті туралы қағидаға толықтырулар 
енгізуді алдын ала мақұлдау;
- Компанияның Корпоративтік хатшысы туралы қағидаға толықтырулар енгізуді алдын ала 
мақұлдау туралы;
- Компанияның Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақылар жөнінде комитеті 
құзыретінің шеңберінде басқа мәселелер жөнінле шешімдер қабылдайды.
   «ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ» ҰК» АҚ 2015 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 

45
 Компанияның Директорлар кеңесінің Стратегия 
және инвестициялар жөнінде комитеті  
Стратегия және инвестициялар жөнінде комитеттің Қағидасы Компанияның Директорлар 
кеңесінің 2013 жылғы 31 мамырдағы шешімімен бекітілді (№ 5 хаттама). Стратегия және 
инвестициялар жөнінде комитет 4 адамнан — үш тәуелсіз директор мен сарапшыдан тұрады. 
Комитет қызметінің негізгі мақсаты Компанияның Директорлар кеңесіне:
1) Компания қызметінің стратегиялық және басымдық бағыттарын белгілеуге;
2) Келешегі бар инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау және олардың Компанияның 
акционерлік құнының көбеюіне әсеріне;
3) Компанияның стратегиялық және инвестициялық жобаларын іске асыруды бақылауға;
4) Компанияның Директорлар кеңесіне Қазақстан Республикасында және шет  мемлекеттерде 
Компанияның филиалдарын құру және өкілдіктерін ашу туралы ұсынымдарын даярлауға;
5) Компанияның активтерін тиімді басқаруға қатысты мәселелер жөнінде ұсынымдар әзірлеу 
және ұсыну болып табылады.
2015 жылы Стратегия және инвестициялар жөнінде комитеттің 4 күндізгі мәжілістері өтті.  
2015 жылы Стратегия және инвестициялар жөнінде комитеттің мәжілістерінде қатысу кестесі
Т.А.Ә.
Лауазымы
Участие в заседаниях 
(в %)
Байсеитов Бақытбек 
Рымбекұлы
(17.03.2014 - 18.07.2014 гг.)
(с 18.07.2014 г.)
Стратегия және инвестициялар 
жөнінде комитеттің мүшесі,
Стратегия және инвестициялар 
жөнінде комитеттің төрағасы
100
Махат Рашит Мұқарамұлы
(с 19.12.2014 г.)
Стратегия және инвестициялар 
жөнінде комитеттің мүшесі
100
Абдуов Нұрлан Қанатұлы
(29.05.2015  - 29.07.2015 гг.)
Стратегия және инвестициялар 
жөнінде комитеттің мүшесі
0
Исенжулов Ержан Бақытұлы
(с 29.09.2015 г.)
Стратегия және инвестициялар 
жөнінде комитеттің мүшесі
100
Ларионов Дмитрий 
Владимирович
(с 29.10.2015 г.)
Стратегия және инвестициялар 
жөнінде комитеттің мүшесі
100
Нұрбай Шыңғыс
(с 25.02.2015 г.)
Стратегия және инвестициялар 
жөнінде комитеттің сарапшысы, 
дауыс құқығымен
100

46
Стратегия және инвестициялар жөнінде комитет отырысында ерекше назар аударылған 
мәселелер: 
- Стратегия және инвестициялар жөнінде комитеттің 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын 
мақұлдау туралы;
- Компанияның Активтерін қайта құрылымдау жоспарын орындау бойынша 2013-2014 жылғы 
есепті мақұлдау туралы;
- Компанияның Активтерін қайта құрылымдау жоспарын мақұлдау туралы;
- Компанияның 2015-2019 жылдарға арналған, түзетілген Даму жоспарын алдын ала қарау 
туралы;
- Компанияның 2015-2019 жылдарға арналған Даму жоспарын орындау бойынша есептерді 
алдын ала қарау туралы;
- 2013-2022 жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асыру бойынша 2014 жылғы есепті 
алдын ала қарау туралы;
- Компанияның еншілес ұйымдарға қатысы бойынша дивидендтік саясатты алдын ала мақұлдау 
туралы;
- Компанияның инвестициялық жобаларының 2014 жылғы 2 жарты жылдығының мониторингі 
бойынша есепті қарау туралы;
- Компанияның инвестициялық жобаларының 2015 жылғы 1 жарты жылдығының мониторингі 
бойынша есепті қарау туралы;
- Компанияның Директорлар кеңесінің Стратегия және инвестициялар жөнінде комитеті 
құзыретінің шегінде басқа мәселелер жөнінде шешімдер қабылдау сияқты, осындай мәселелерге 
қойылды. 
   «ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ» ҰК» АҚ 2015 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 

47
КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІНЕ 
СЫЙАҚЫ БЕРУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 
Тәуелсіз директорларды қоспағанда, Директорлар кеңесінің мүшелері олармен өз міндеттерін 
орындау үшін, Компаниядан жеке сыйақы алмайды. Тәуелсіз директорларға сыйақының мөлшері 
сенімгер басқарушының бұйрығымен белгіленеді. Тәуелсіз директорларға «Самрұқ-Қазына» 
АҚ Компанияларының тәуелсіз директорларына сыйақы және өтемақы шығыстарын төлеу 
ережелеріне сәйкес мына сыйақылар:
1) тиянақталған сыйақы;
2) Директорлар кеңесінің жанындағы комитеттердің жұмысында, сондай-ақ Компанияның 
Директорлар кеңесінің төрағасымен және/немесе Қор Басқармасының төрағасымен, Компания 
Басқармасының төрағасымен бастамашылық етілген кеңестерде қатысқаны үшін қосымша сыйақы 
төленеді.
3) Компанияның жалғыз акционерінің (Сенімгер басқарушының – Қазақстан Республикасы 
Қорғаныс министрлігінің атынан) Директорлар кеңесінің мүшелеріне – тәуелсіз директорларға 
2015 жылғы жұмыстың қорытындысы бойынша сыйақы төлеу туралы шешім қабылданған жоқ.   
КОМПАНИЯНЫҢ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ  
Компанияның Директорлар кеңесінің 2007 жылғы 11 мамырдағы шешімімен Компанияның Ішкі 
аудит қызметі құрылды, оның негізгі мақсаты Компанияның Директорлар кеңесіне Компанияны 
тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ішкі бақылауды, 
тәуекелдерді басқаруды және корпоративтік басқаруды бағалау жолымен ұсыну болып табылады.   
Компанияның Ішкі аудит қызметінің негізгі міндеттері:
1) Компанияда корпоративтік басқару жүйесін бағалау және жетілдіруге көмек көрсету;
2) Ішкі бақылау жүйесін бағалау және жетілдіруге көмек көрсету;
3) Тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және жетілдіруге көмек көрсету болып табылады.
Ішкі аудиттің әділдігі мен тәуелсіздігі қағидаларын сақтау мақсатында, Компанияның Ішкі аудит 
қызметі Компанияның Директорлар кеңесіне функционалды бағынады және есеп береді және 
Компанияның Аудит жөнінде комитеті жетекшілік етеді және Компанияның Ішкі аудит қызметі 
туралы Қағиданы және Компанияның Ішкі аудит қызметінің қызметін регламенттейтін басқа да 
нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.    
Бүгінгі таңда Ішкі аудит қызметі 4 адамнан — Ішкі аудит қызметінің басшысынан және үш 
аудитордан тұрады: 
1. Басшы — Мадиева Айжан Маратқызы 
2. Аудитор — Қоныс Жанар Кенесбайқызы;
3. Аудитор — Даулетова Бақытжан Маратқызы;
4. Аудитор — Сембаев Асқар Қажахимұлы.

48
КОМПАНИЯНЫҢ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНІҢ 
ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ 2015 ЖЫЛҒЫ ЕСЕП  
Компанияның Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 28 қазандағы шешімімен (№ 10 хаттама) 
Компанияның Ішкі аудит қызметінің 2015 жылға арналған Жылдық аудиторлық жоспары бекітілді. 
Жылдық аудиторлық жоспары Компанияның Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы 
(№ 12 хаттама), 2015 жылғы 31 наурыздағы (№ 3 хаттама) және 2015 жылғы 29 қазандағы (№8 
хаттама) шешімдерімен түзетілді.  
2015 жылы Компанияның Ішкі аудит қызметімен бекітілген Жылдық аудиторлық жоспарға 
сәйкес толық көлемінде аудиторлық мақсаттар мен міндеттерге жетумен орталық аппаратта, 
сондай-ақ Компанияның еншілес ұйымдарында 13 аудиторлық тапсырма орындалды. 
Аудитпен Компанияның Шоғырландырылған қаржылық есептілігін есепке алу және даярлау 
процесстерін ішкі бақылауды тестілеудің аудиті; онда сыртқы аудитпен 2014 жылғы Компания 
кемшіліктерінің маңызды саны анықталған, процесстердің аудиті; Компания Активтерін 
қайта құрылымдау жоспарын орындау мониторингі; Компанияда шығындарды қысқарту 
бағдарламаларын орындауды бағалау сияқты, осындай басты бизнес-процесстермен қамтылды. 
Ішкі аудит қызметімен жүргізілген аудиттердің нәтижелері бойынша Компанияда корпоративтік 
басқару, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге, қызметтің операциялық 
және стратегиялық мақсаттарынің шеңберінде басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған 
ұсынымдар берілді.
Жылдық аудиторлық жоспарды орындау бойынша іс-шаралар толық көлемінде орындалды, 
Компанияның Ішкі аудит қызметінің 2015 жылғы қызметі туралы есеп Компанияның Директорлар 
кеңесінің Аудит жөнінде комитетімен және Компанияның Директорлар кеңесімен қаралды.   
Компанияның Ішкі аудит қызметі Аудит жөнінде комитетке нәтижелер туралы баяндап, берілген 
ескертпелер мен ұсынымдарды орындау  мониторингін тұрақты негізінде жүргізеді.   
Компанияда  Компанияның Директорлар кеңесін кейін хабарландырумен, Компанияның 
Директорлар кеңесінің Аудит жөнінде комитетінде жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы 
орындаушыларды тыңдап, түзету әрекеттердің жоспарын жасақтау арқылы Компанияның Ішкі 
аудит қызметінің, сыртқы аудиторлардың және өзге тексерулердің, оның ішінде  «Самрұқ-Қазына» 
АҚ мен мемлекеттік органдардың ескертпелерін жою және ұсынымдарын орындау бойынша жүйе 
жасақталды және әрекет етеді.
   «ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ» ҰК» АҚ 2015 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 

49
КОМПАНИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ 
МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНДАРЫ  

50
Компания Басқармасының құрамы және оның мүшелерінің қысқаша 
өмірбаяндары  
ЫДЫРЫСОВ Ерлан Сапарғалиұлы
Басқарма төрағасы
26.02.2015 ж. бастап;
Басқарма төрағасының орынбасары
29.08.2014 — 25.02.2015 жж.
БИЖАНОВ Димаш Нұрахметұлы
Басқарма төрағасының орынбасары 
28.08.2012 ж. бастап;
вице-президент, Басқарма мүшесі
31.05.2011 — 27.08.2012 жж.;
МЫНШАРИПОВА Сая Найманбайкызы
Басқарма төрағасының орынбасары
2.02.2015 ж. бастап;
СҰЛТАНБЕКОВ Қанат Танатарұлы
Басқарма төрағасының орынбасары
26.02.2015 ж. бастап;
БЕРГЕНЕВ Әділғазы Садвоқасұлы
Аппарат жетекшісі
10.2010 ж. бастап;
ҚАПАКОВ Айбек Әмірбекұлы
Басқарма төрағасының орынбасары
29.08.2014 — 29.01.2015 жж.;
МУРАТОВ Ерлан Мұратұлы
Басқарма төрағасының орынбасары 
4.11.2013 — 29.01.2015 жж.
Атқарушы орган Директорлар кеңесіне есеп береді және ұйымның күнделікті қызметіне бас-
шылықты жүзеге асырады, стратегияны, даму жоспарын және Директорлар кеңесімен және 
Жалғыз акционермен қабылданған шешімдерді іске асыру үшін жауапкершілікті көтереді. 
Басқарма Компанияның міндеттерін орындау және стратегиясын іске асыру мақсаттарында 
ағымдағы қызметке басшылықты жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады. 
Басқарманың қызметі Жалғыз акционердің мүдделерін максималды сақтау және Директорлар 
кеңесінің шешімдерін толық есеп берушілігі қағидаласында негізделді. 
Басқарма 5 мүшеден – Басқарма төрағасынан, оның орынбасарлары мен аппарат жетекшісінен 
тұрады.
2015 жылы Компания Басқармасының мүшелері болып табылды:
   «ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ» ҰК» АҚ 2015 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 

51
БИЖАНОВ Димаш Нұрахметұлы
Басқарма төрағасының орынбасары 
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқармасы төрағасының 
орынбасары
(20.11.2014 ж. бастап);
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ вице-президенті, Басқарма мүшесі 
(2.06.2011 — 27.08.2012 жж.);
- «ҚазМұнайГаз»  ҰК» АҚ сервистік жобалар бойынша бас менеджері 
(28.06.2010 — 1.06.2011 жж.);
- «ҚазМұнайГаз»  ҰК» АҚ Сервистік активтерді басқару департаментінің 
директоры   (1.04.2010 — 27.06.2010 жж.); 
- «ҚазМұнайГаз»  ҰК» АҚ Солтүстік-Каспий жобасы Департаментінің 
бас менеджері (22.06.2009 — 1.04.2010 жж.).
Туылған жылы  — 1967 ж.
Білімі жоғары.
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие 
емес.
ЫДЫРЫСОВ Ерлан Сапарғалиұлы
 Басқарма төрағасы
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы 
(26.02.2015 ж. бастап);
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқармасы төрағасының 
орынбасары (29.08.2014 — 25.02.2015 жж.); 
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарушы директоры 
(29.06.2010 — 29.08.2014 жж.);
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ вице-президенті, Басқарма 
мүшесі (16.02.2010 — 29.06.2010 жж.); 
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Техникалық саясат және 
инновациялар департаментінің директоры (1.06.2005 — 
16.02.2010 жж.). 
Туылған жылы — 1977 ж.
Білімі жоғары.
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына 
ие емес. 
2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша Компания Басқармасының құрамыа 
5 мүше кіреді:

52
МЫНШАРИПОВА Сая Найманбайкызы
Басқарма төрағасының орынбасары
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының 
орынбасары; Басқарма мүшесі  (2.02.2015 ж. бастап);
- «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Аудит және 
бақылау департаментінің директоры (2008 — 2.02.2015 жж.);
- «ДАМУ ШКДҚ» АҚ бас бухгалтері (қыркүйек 2007— оқазан 2008 
жж.);
- «Ұлттық инновациялық қор»  АҚ бас бухгалтері (09.2003— 
08.2007 жж.).
Туылған жылы — 1970 г.
Білімі жоғары.
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына 
ие емес.
СҰЛТАНБЕКОВ Қанат Танатарұлы
Басқарма төрағасының орынбасары
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқармасы төрағасының 
орынбасары (26.02.2015 ж. бастап);
- Астана қаласы әкімінің орынбасары 
(қазан 2009 — желтоқсан 2014 жж.);
- Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары 
басқармасының бастығы   (5.2008— 10.2009 жж.);
- Алматы қаласы әкімінің орынбасары
(қараша 2007 — мамыр 2008 жж.).
Туылған жылы — 1976 ж.
Білімі жоғары.
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына 
ие емес.
   «ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ» ҰК» АҚ 2015 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 

53
БЕРГЕНЕВ Әділғазы Садвоқасұлы
Аппарат жетекшісі,Басқарма мүшесі
 
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ аппаратының жетекшісі
Басқарма мүшесі
(27.11.2015 ж. бастап);
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ аппаратының жетекшісі 
(13.04.2015 — 26.11.2015 жж.);
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарушы директоры 
(17.03.2014 — 12.04.2015 жж.);       
 - «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ аппаратының жетекшісі, 
Басқарма мүшесі (10.2010 — 16.03.2014 жж.);
- Шығыс Қазақстан облысының әкімі (мамыр 2008 — сәуір 2009 
жж.).
Туылған жылы — 1958 ж.
Білімі жоғары.
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына 
ие емес.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы 
шешімімен (№ 1 хаттама) 69 адам штаттық санымен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ жаңа 
ұйымдастырушылық құрылымы бекітілді. Сол шешіммен және де «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 
Басқармасының жаңа құрамы бекітілді. Жаңа құрылымға келісімді, жаңадан сайланған Компания 
Басқармасы құрамының 3 жыл өкілеттігі мерзімімен Басқарма мүшелері – Басқарма төрағасының 
орынбасарлары ретінде Бижанов Димаш Нурахметұлы, Ыдырысов Ерлан Сапарғалиұлы және 
Мыншарипова Сая Найманбайқызы сайланды. Сонымен қатар, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 
Директорлар кеңесінің осы шешімімен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының 
орынбасарлары Қапаков Айбек Амирбекұлы және Муратов Ерлан Мұратұлы атқарып отырған 
қызметтерінен босатылды.  
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 25 ақпандағы шешімімен 
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы ретінде Ыдырысов  Ерлан  Сапарғалиұлы 
тағайындалды. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің және де осы шешімімен 
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар Басқарма төрағасының орынбасары ретінде 
Сұлтанбеков Қанат Танатарұлы тағайындалды. 
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 27 қарашадағы шешімімен 
(№ 9 хаттама) Компания аппаратының жетекшісі Бергенев Әділғазы Садвоқасұлы Компания 
Басқармасының мүшесі ретінде сайланды. 

54
Компания Басқармасының жанындағы Комитеттер
 
Компания Басқармасының жанында үш комитет пен екі комиссия әрекет етеді. Осы алқалы 
органдар олар туралы қағидаларға сәйкес әрекет етеді және өз қызметтерін орындайды. Есептік 
кезеңде Компания Басқармасының жанындағы комитеттермен және комиссиялармен олардың 
құзыреттілігінің шегінде мәселелер қаралды және Компанияның Басқармасына тиісті ұсынымдар 
берілді.   

жүктеу 22.29 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет