«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының алғыс сөзі


Компания органдарының жүйесіне кіреді



жүктеу 22.29 Kb.
Pdf просмотр
бет3/13
Дата27.04.2017
өлшемі22.29 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Компания органдарының жүйесіне кіреді:
Жалғыз акционер — Компанияның жоғары органы.
Директорлар кеңесі — Компанияның стратегиясын әзірлеу, оның қызметіне жалпы басшылық 
ету және Басқарма қызметін бақылау үшін жауап беретін басқару органы.
Басқарма — Компанияның ағымдағы қызметін басқаратын және Кеңеспен белгіленген страте-
гияны іске асыратын алқалы атқарушы органы.
Ішкі аудит қызметі — ішкі бақылау, тәуекелдердібасқару саласында бағалауды, бухгалтерлік 
есеп  жүйесінің  дұрыстығын, толықтығы мен әділдігін және қаржылық  есептіліктің,  Компания 
қызметін жетілдіру мақсатында корпоративтік басқару және кеңес беру саласында құжаттар-
дың орындалуының сенімділігін бағалауды жүзеге асыратын орган.
Компанияның органдарымен жіне лауазымды тұлғаларымен Жалғыз акционердің  құқықтары 
мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған рәсімдерді сақтауын, сондай-ақ Компанияның кор-
поративтік басқару саласындағы заңнама нормаларын, Жарғының қағидаларын және Компания-
ның өзге ішкі құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету Компания Директорлар кеңесінің Корпора-
тивтік хатшысына (бұдан әрі - Корпоративтік хатшы) жүктеледі. 
Корпоративтік хатшы Компания органдарының арасында тиімді ақпарат алмасуға ықпал етеді 
және Компания Директорлар кеңесінің және Компания Басқармасының мүшелері  үшін барлық 
басқару мәселелері жөнінде кеңесші қызметін орындайды.  
Компания органдарының арасында жауапкершілікті бөлу Компанияның Жарғысына сәйкес ай-
қын жазылған және Жалғыз акционердің мүдделерін сақтауға кепілдік береді.  Компанияның ор-
гандарының өз міндеттемелерін кәсіби тәсілмен орындау өкілеттіктері мен ресурстары бар.  
Компанияның және еншілес және тәуелді ұйымдарының арасындағы өзара қарым-қатынас 
Компанияның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының тиісті органдары арқылы, бекітілген 
корпоративтік рәсімдердің шеңберінде жүзеге асырылады. Компания жұмыскерлерінің бекітілген 
корпоративтік рәсімдердің шеңберінен тыс еншілес және тәуелді ұйымдарға ресми емес жүгінуіне 
тыйым салынады. 
Компанияның корпоративтік басқару жүйесінің сипаты
Компанияның корпоративтік басқаруы дегенде жалғыз акционердің, Қазақстан Республикасы 
Қорғаныс министрлігінің атынан сенімгерлік басқарушының, Директорлар кеңесінің, Басқарма-
ның және жалғыз акционердің мүддесінде мүдделі тұлғалардың, Компанияның және оның еншілес 
жіне тәуелді ұйымдарының арасындағы қарым-қатынастар кіретін, Компанияның қызметін басқа-
руды және бақылауды қамтамасыз ететін процесстердің жинтығы ұғынылады.     
Жалғыз акционердің құқықтары және меншік құқықтарымен өкім ету тәртібі Компанияның 
Жарғысында бекітілді.   
Компанияның Жалғыз акционері корпоративтік басқару тәжірибесіне оң әсер көрсетеді, неге 
десең корпоративтік басқару саласында негізгі ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді және қа-
былдауды ынталандырады, әдістемелік көмек көрсетеді, корпоративтік басқарудың тиімді процес-
стерін ұйымдастыруды ынталандырады.   
Компания корпоративтік басқарудың дамуын Компания қызметінің тиімділігін , оның құнын 

30
арттыру, капиталды тартуға шығындарды төмендету құралы ретінде қарайды.
Қордың тапсырмасы бойынша Компанияда жыл сайынғы негізінде, Қор тобының компания-
ларында Корпоративтік басқаруды диагностикалау әдістемесіне сәйкес Компанияның корпора-
тивтік басқаруына диагностика жүргізіледі. Компанияның корпоративтік басқаруына диагностика 
жүргізу нәтижелері бойынша, Компанияның корпоративтік басқару жүйесін бұдан әрі жетілдіру 
және айқындалған сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсынымдарды орындау мақсатында, Компани-
яның Директорлар кеңесінің шешімімен алдағы жылға корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру 
бойыша іс-шаралар жоспары бекітілді. Компания жылдың қорытындылары бойынша Директорлар 
кеңесінің алдында Іс-шаралардың деректеріне сәйкес іс-шараларды орындау туралы есеп береді. 
Компанияның корпоративтік басқару қағидалары және ол бойынша есеп
Компания корпоративтік басқаруды жүйелендіру, қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету және 
Компанияның тиісті корпоративтік басқару стандарттарын сақтауға дайындығын растау үшін, 
«Самрұқ-Қазына» АҚ Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы шешімімен (№22/15 хаттамасы) 
бекітілген Корпоративтік басқару кодексін басшылыққа алады.  
2015 жылы «PricewaterhouseCoopers» ЖШС компаниясы (бұдан әрі — PwC) «Самрұқ-Қазына» АҚ 
тобының компанияларында Корпоративтік басқаруды диагностикалау әдістемесіне сәйкес корпо-
ративтік басқару жүйесіне диагностикалау жүргізілді. 
2014 жылғы және 2015 жылғы 1 жарты жылдықтағы оқиғалар мен материалдар зерттелді, Ди-
ректорла Кеңесінің, Басқарманың мүшелерімен және Компания басшылығымен сұхбат  жүргізіл-
ді. Диагностикалаудың нәтижелері бойынша ең жақсы дүниежүзілік тәжірибелердің талаптарына 
корпоративтік басқару деңгейінің сәйкестігі 71% құрады. Былтырғы жылмен салыстыру бойынша 
Компанияның корпоративтік басқару деңгейі 3,2 пайыздық тармаққа өсті.   
Келешекте Компанияның алдында, оның мақсатында Компанияның корпоративтік басқару 
жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралардың 2016-2017 жылдарға арналған жоспары бекітілген, PwC 
компаниясымен корпоративтік басқаруды диагностикалау барысында ұсынымдарды, деректерді 
орындау бойынша міндет тұр.  
Кодекстің негізін қалаушы қағидалары болып табылады:
1) Тұрақты даму қағидасы
Компанияда Іскерлік этика кодексі бекітілді (Компания Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 31 
мамырдағы шешімі, № 5 хаттама), оның әрекеті Директорлар кеңесінің мүшелерін қоса алып, бар-
лық жұмыскерлер мен лауазымды тұлғаларға таралады. Іскерлік этика кодексін енгізу процессінде 
Компанияның барлық жұмыскерлері қол қойып, онымен танысты.  Жаңадан түскен жұмыскерлер-
ге құжатты түсіндіру жұмысқа қабылдаған кезде жүргізіледі.   
Корпоративтік басқару және іскерлік этика кодекстеріне сәйкес, Компанияның барлық жұмы-
керлері мен лауазымды тұлғалары онда өзіне қатысты да (немесе өзімен байланысты тұлғаларға), 
басқаларға қатысты да мүдделердің шиеленісі туындауы мүмкін ахуалдарды болдырмау үшін, өзін 
солай ұстауға тиіс. Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарды реттеу саласындағы саясат қолайлы 
еңбек жағдайларын жасауға, жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға, олардың біліктілі-
гін арттыруға бағытталды. Әкімшілік жұмыскерлері мақсаттарының карталары, сондай-ақ бас-
шылық және басқарушылық жұмыскерлер қызметі басты көрсеткіштерінің карталары жыл сайын 
   «ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ» ҰК» АҚ 2015 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 

31
бекітіледі.  Персоналды іріктеп алу жүйесінің шеңберінде  бос орындарға ашық конкурс өткізіледі.
Компания қоршаған ортаға максималды ұқыпты қарау және табиғи ресурстарды тиімді пайда-
лану қағидаттарын сақтауға тырысады, қоршаған ортаға келеңсіз әсерлердің алдын алуға ықпал 
етеді, қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қол-
данады, экологиялық тұрғыда таза және энергияны үнемдейтін технологияларды дамытуға және 
таратуға көмек көрсетеді. Компанияда және еншілес ұйымдарда еңбекті қорғау және қауіпсіздік 
техникасы қызметі құрылды. Еншілес ұйымдарда  OHSAS сапа жүйесі енгізілді.
Акционер/құрылтайшы ретінде өз құқықтарын іске асыру мақсатында, Компания Заңнаманың, 
Жарғының, Корпоративтік басқару кодексінің және Компанияның ішкі құжаттарының, еншілес 
және тәуелді ұйымдары жарғысының талаптарына сәйкес еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара 
қарым-қатынасты жүзеге асырады.
2. Акционерлердің (қатысушылардың) құқықтарын сақтау және акционерлерге (қаты-
сушыларға) әділ қарым-қатынасының қағидасы:
Қор Компанияның корпоративтік басқару тәжірибесіне оң әсер көрсетеді, неге десең корпора-
тивтік басқару саласында негізгі ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді және қабылдауды ынта-
ландырады, әдістемелік көмек көрсетеді,  корпоративтік басқарудың тиімді процесстерін ұйымда-
стыруды ынталандырады.  
Компания Қор мен сенімгер басқарушының  Директорлар кеңесінің мүшелерін тағайындау 
және сайлау сияқты, басты корпоративтік шешімдерді қабылдауда тиімді қатысуын қамтамасыз 
етеді.  
Жалғыз акционердің құқықтары және меншік құқықтарымен өкім ету тәртібі Компанияның 
Жарғысында бекітілді.  
Дивидендтер төлеу Компанияның Дивидендтік саясатымен реттеледі (Қор Басқармасының 
2.10.2012 жылғы №39/12 хаттамасы). Дивидендтік саясатта дивидендтерді белгілеу қағидалары, 
тәртібі және төлеу мерзімі бар.
3. Директорлар кеңесі мен атқарушы органдары тиімділігінің қағидалары : 
Компанияның Директорлар кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында, Ком-
панияның Жарғысында, Корпоративтік басқару кодексінде, Директорлар кеңесі туралы ережеде 
регламенттеледі.  
Компанияның Жарғысында Директорлар кеңесінің мүшелеріне, оның ішінде Компанияның Ди-
ректорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына қойылатын өлшемдер белгіленді. Бұдан басқа, Ди-
ректорлар кеңесінің мүшелеріне қойылатын талаптар «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңында және «Самрұқ-Қазына» АҚ Компанияларының тәуелсіз директорларын 
іріктеп алу ережелерінде белгіленді.  Директорлар кеңесінің аудит бойынша, сыйақы және тағай-
ындаулар, стратегия және инвестициялар бойынша Комитеттері қызмет етеді.  
Ең жақсы дүниежүзілік тәжірибеге келісімді, Директорлар кеңесі Комиттерінің төрағалары 
ретінде тәуелсіз директорлар сайланды.  
Компанияның Басқармасы Компанияның алқалы атқарушы органы болып табылып, жалғыз ак-
ционердің және Компания Директорлар кеңесінің шешімдерін орындайды, Директорлар кеңесіне 
есеп береді және оның алдында жүктелген міндеттерді орындау үшін  жауапкершілікті көтереді. 
Басқарма мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Компанияның Жарғысында, Корпоративтік 
басқару кодексінде, Басқарма туралы Ережеде, еңбек шартында белгіленеді. Басқарма туралы Ере-
же Басқарма қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін, оның құзыреттілігін, жауапкер-

32
шілігін, құру тіртібін, жұмыс тәртібін, шешімдерді рәсімдеу және мәжілістерді хаттамалау тәртібін, 
Басқарма мүшелерінің жауапкершілігін  регламенттейді. Басқарма Компания қызметінің жедел 
басшылығын жүзеге асырады және Компанияның басқа органдарының және лауазымды тұлғала-
рының құзыретіне жатқызылмаған, Компания қызметінің мәселелері жөнінде шешімдер қабыл-
дайды.   Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдерін уақтылы және жедел орындай-
ды. Басқарма мәжілістері аптасына бір реттен сирек өткізілмейді.  
Компания Директорлар кеңесі мен Басқармасы мәжілістерінің көбі Компанияның Директорлар 
кеңесінің және тиісті Компания Басқармасының Жұмыс жоспарына келісімді күндізгі нысанында 
өтеді, белсенді талқылау өтеді, сапалы және уақтылы шешімдер қабылданады, Компанияның Ди-
ректорлар кеңесі және Компанияның Басқармасы  олардың құзыреттіліктеріне сәйкес тәуекел-
дерді басқаруда және басқа мәселелерде белсенді қатысады.
4.  Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит қағидасы :
Компанияда ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару жүйесі қалыптасты:  Ішкі бақылау ережесі
Тәуекелдерді басқару саясаты, Тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау ережелері, Тәуекел-
дердің жеке түрлерін басқару ережелері енгізілді. Аталған құжаттарда Компанияның Директорлар 
кеңесінің, Компания Басқармасының, Компанияның Ішкі аудит қызметінің, тәуекелдер иелерінің – 
Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің  басқару деңгейлері, құзыреті белгіленді. 
Сонымен қатар Компанияда Инвестициялық жобалардың тәуекелдерін бағалау ережелері, Іске 
асырылған тәуекелдерді есепке алу әдістемесі енгізілді, тәуекелдер базасы жүргізіледі, Инвестици-
ялық жобалардың тәуекелдерін бағалау ережелері, Іске асырылған тәуекелдерді есепке алу 
әдістемесі  енгізілді, тәуекелдер базасы жүргізіледі, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау 
жөнінде бөлімше жасақталды, тұрақты негізінде  Компания Басқармасының жанында Тәуекелдер 
жөнінде комитет қызмет етеді.    
Компаниямен жыл сайынғы негізінде тәуекелдер тіркелімі қайта қаралады, тәуекелдердің ие-
лері, тәуекелдерді төмендетуге және басқаруға бағытталған іс-шаралар, орындау мерзімдері мен 
іс-шаралардың құны белгіленеді. Сыртқы және ішкі жағдайлар маңызды өзгерген жағдайда, тәуе-
келдердің тіркелімі бір жыл ішінде өзекті қылуға жатады. Сонымен қатар, жыл сайынғы негізінде 
Ішкі бақылау жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралардың жоспары қалыптастырылады.   
Компания тоқсан сайынғы негізінде Компанияның Директорлар кеңесін Компанияда тәуекел-
дерді басқару жүйесі туралы хабарландырады.  Компанияның Директорлар кеңесінің Аудит жөнін-
дегі комитеті Компанияның Директорлар кеңесіне барлық ішкі бақылау және тәуекелдерді басқа-
ру мәселелері жөнінде ұсынымдарды қарайды және тұжырымдайды.    
Компанияның Директорлар кеңесінің 2007 жылғы 11 мамарыдағы шешімімен Компанияның 
Ішкі аудит қызметі  құрылды, оның негізгі мақсаты Компанияның Директорлар кеңесінің Аудит 
жөніндегі комитетіне және Компанияның Директорлар кеңесіне ішкі бақылауды бағалау, тәуекел-
дерді басқару және корпоративтік басқару жолымен Компанияны тиміді басқаруды қамтамасыз 
ету үшін арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну болып табылады.
5.Ашықтық қағидасы:
Осы қағидаға сәйкес Компанияның корпоративтік сайтында, сондай-ақ Компанияның Жыл-
дық есептерінде Компанияның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық жағдайы, экономикалық 
көрсеткіштері, оның қызметінің нәтижелері, меншік және басқару құрылымы туралы ақпараттың 
уақтылы ашылуы қамтамасыз етіледі.
   «ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ» ҰК» АҚ 2015 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 

33
Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің 
құрамы, қысқаша өмірбаяндары   

34
Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің 
құрамы, қысқаша өмірбаяндары   
2015 жылы Компания Директорлар кеңесі мүшелері болып табылды:
 САУРАНБАЕВ Нұрлан Ермекұлы
- Директорлар кеңесінің мүшесі 
10.09.2014 ж. бастап;
- Директорлар кеңесінің төрағасы
27.01.2015 ж. бастап
 РАУ Альберт Павлович
Директорлар кеңесінің мүшесі 
10.06.2010 ж. бастап.
             САЛИМГЕРЕЕВ Малик Жанабайұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі 
3.03.2012 ж. бастап
             АУБАКИРОВ Серік Ғабдуллаұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі 
4.12.2013 — 22.10.2015 жж.
СМАҒҰЛОВ Болат Советұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі 
5.10.2010 — 27.01.2015 жж.
БАЙСЕИТОВ Бақытбек Рымбекұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, 
тәуелсіз директор 13.03.2014 ж. бастап
             РАКИШЕВ Кеңес Хамитұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
13.03.2014 — 27.01.2015 жж.
              МАХАТ Рашит Мұқарамұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
13.03.2014 — 1.07.2015 жж.
              АБДУОВ Нұрлан Қанатұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
29.05.2015 — 29.07.2015 жж.
И
           
ИСЕНЖУЛОВ Ержан Бақытұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
18.09.2015 ж. бастап
              ЛАРИОНОВ Дмитрий Владимирович
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
18.09.2015 ж. бастап
              ЫДЫРЫСОВ Ерлан Сапаргалиұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі  
3.04.2015 ж. бастап
   «ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ» ҰК» АҚ 2015 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 

35
2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша Директорлар кеңесінің құрамына 7 мүше, оның 
ішінде 3 тәуелсіз директорлар кіреді.
РАУ Альберт Павлович
Д
иректорлар
 
кеңесінің
 
мүшесі
- Директорлар кеңесінің мүшесі;
- Қазақстан Республикасының инвстицияларжәне даму жөніндегі 
министрінің вице-министрі (13.08.2014 ж. бастап);
- Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар 
бірінші вице-министрі (2010–2014 жж.);
- Ақмола облысының әкімі (2008–2010 гг.).
Туылған жылы — 1960 ж.
Білімі жоғары. 
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие 
емес.
САУРАНБАЕВ Нұрлан Ермекұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы
- Директорлар кеңесінің төрағасы;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары 
(14.08.2014 ж. бастап);
- Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар 
вице-министрі (18.05.2011 — 13.08.2014 жж.);
- «Самрұқ-Қазына» АҚ басқарушы директоры 
(17.01.2011 — 17.05.2011 жж.);
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры, 
(22.07.2009 — 24.06.2010 жж.).
Директорлар кеңесінің мүшелігі туралы мәліметтер:
2008 жылдан 2010 жылға дейін — «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар 
кеңесінің мүшесі;
2010 жылдан 2011 жылға дейін — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар 
кеңесінің мүшесі.
Туылған жылы — 1967 ж.
Білімі жоғары.
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие емес.  

36
САЛИМГЕРЕЕВ Малик Жанабайұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, Директорлар кеңесінде 
«Самрұқ-Қазына» АҚ өкілі
- Директорлар кеңесінің мүшесі, Директорлар кеңесінде «Самрұқ-
Қазына» АҚ өкілі;
- «Самрұқ-Қазына» АҚ активтерді басқару жөнінде бас директор 2014 ж. 
бастап;
- «Самрұқ-Қазына» АҚ басқарушы директоры   
(2012–2014 жж.);
- «Самрұқ-Қазына» АҚ мұнай газ активтерін басқару жөнінде директор  
(2010–2012 жж.);
- ҚР ЭМРМ мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры  
(2007–2010 жж.).
Туылған жылы  — 1960 ж.
Білімі жоғары, геологиялық-минералогиялық ғылымдардың кандидаты.
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие емес.
БАЙСЕИТОВ Бақытбек Рымбекұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
- Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- BRB Invest Тобының Бақылау кеңесінің төрағасы (2013 ж. бастап);
- Pearl Oriental Oil Limited вице-төрағасы (2011 ж. бастап);
- «Як-Алакон» Корпорациясы Директорлар кеңесінің мүшесі
(2003 ж. бастап);
- «BCC Invest» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
(1999 ж. бастап);
- «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы 
(1997 ж. бастап).
Туылған жылы — 1958 ж.
Білімі жоғары.
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие 
емес.
   «ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ» ҰК» АҚ 2015 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 

37
ИСЕНЖУЛОВ Ержан Бақытұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
- Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- «Мұнай оңтүстік» ЖШС коммерция жөнінде бас директордың 
орынбасары  (2010 ж. бастап);
- ORIENT Energy коммерция жөнінде  вице-президенті —British 
Petroleum серіктесі (2006–2009 жж.);
- «British Petroleum» өкілдігінің халықаралық трейдингі басшысының 
орынбасары (2005–2006 жж.);
- заместитель директора по коммерции ТОО «ҚазМұнайГаз» ЖШС 
коммерция жөнінде директордың орынбасары — Алатау» (2004–2005 
жж.).
Туылған жылы — 1968 ж.
Білімі жоғары.
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие 
емес.
ЛАРИОНОВ Дмитрий Владимирович
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
- Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп 
жіне аудиторлық қызмет мәселелері жөнінде кеңес беру органының 
мүшесі (2009 ж. бастап);
- ҚМЭБИ, Қазақстан КБАИ оқытушысы (2009 ж. бастап);
- «BDO Қазақстанаудит» ЖШС-де серіктес (2005–2015 жж.); 
- Дүниежүзілік Банкінің кеңес берушісі (2005, 2012 жж.);
- Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Дамушы ұлттары 
жөнінде комитетінің мүшесі (2008–2010 жж.);
- «Қазақстан Республикасының кәсіпқой бухгалтерлерінің палатасы» 
БКҰ  Төрағасының орынбасары, Кеңесінің мүшесі 
(2003–2010 жж.). Директорлар кеңесінің мүшелігі туралы мәліметтер:
2013 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін — «Астана ЭКСПО 2017» Ұлттық 
компания» АҚ, тәуелсіз директор;
2008 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін — «Эйр Астана» АҚ, тәуелсіз 
директор;
2015 жылдан бастап 2008 жылға дейін — «Қазақтелеком» АҚ, Тәуелсіз 
директор.
Туылған жылы — 1973 ж.
Білімі жоғары.
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына ие 
емес.

38
ЫДЫРЫСОВ 
Ерлан Сапарғалиұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі
- Директорлар кеңесінің мүшесі;
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы 
(26.02.2015 ж. бастап);
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқармасы төрағасының 
орынбасары (29.08.2014 — 25.02.2015 жж.); 
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарушы директоры (29.06.2010 — 
29.08.2014 жж.);
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ вице-президенті, Басқарма мүшесі 
(16.02.2010 — 29.06.2010 жж.); 
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Техникалық саясат және 
инновациялар департаментінің директоры (1.06.2005 — 
16.02.2010 жж.). 
Туылған жылы — 1977 ж.
Білімі жоғары. Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің 
акцияларына ие емес.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 39 Бұйрығымен 2015 жылғы 
27 қаңтардан бастап Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелері Смағұлов Болат Советұлының, 
Ракишев Кеңес Хамитұлының  өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтады. Сонымен қатар, бұйрықтың 2 
тармағына сәйкес Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде 
сайланды.  
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 285 Бұйрығымен Абдуов 
Нұрлан Қанатұлы  Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор ретінде сайланды.  
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 172 Бұйрығымен Ыдырысов 
Ерлан Сапарғалиұлы Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайланды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 538 Бұйрығымен 
Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директоры Махат Рашит Мұқарамұлының 
 
(2015 жылғы 1 шілдеден бастап) және Абдуов Нұрлан Қанатұлының (2015 жылғы 29 шілдеден бастап)  
өкілеттіктері мерзімнен бұрын тоқтады. Сонымен қатар, бұйрықтың 2 тармағына сәйкес Компанияның 
Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор ретінде Исенжулов Ержан Бақытұлы мен Ларионов 
Дмитрий Владимирович сайланды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №50 Бұйрығымен 
Директорлар кеңесінің мүшесі Аубакиров Серік Ғабдуллаұлының (2015 жылғы 22 қазаннан)  өкілеттіктері 
мерзімнен бұрын тоқтады.
Директорлар кеңесінің Тәуелсіз директорлары «Самрұқ-Қазына» АҚ Басқармасының 2010 жылғы 
8 маусымдағы № 36/10 шешімімен бекітілген, «Самрұқ-Қазына» АҚ  Компаниялардың тәуелсіз 
директорларын іріктеп алу ережелеріне сәйкес сайланды.
   «ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ» ҰК» АҚ 2015 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 

39
Компанияның Директоралар кеңесінің қызметі туралы есеп  
2015 жылы Компанияның Директорлар кеңесінің 10 мәжілісі өтті, олардың ішінен күндізгі — 9, 
сырттай — бір. Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелерімен 102 мәселе қаралды.
Компанияның Директорлар кеңесінің мәжілістерінде қатысудың 2015 жылғы кестесі   
Т.А.Ә., қызметі
Директорлар кеңесінің 
мәжілістерінде қатысуы (%-да)
САУРАНБАЕВ Нұрлан Ермекұлы 
ДК төрағасы
100
РАУ Альберт Павлович 
ДК мүшесі
40
САЛИМГЕРЕЕВ Малик Жанабайұлы
ДК мүшесі
100
АУБАКИРОВ Серік Ғабдуллаұлы 
ДК мүшесі
80
БАЙСЕИТОВ Бақытбек Рымбекұлы
ДК мүшесі, тәуелсіз директор
80
МАХАТ Рашит Мұқарамұлы 
ДК мүшесі, тәуелсіз директор
100
АБДУОВ Нұрлан Қанатұлы
ДК мүшесі, тәуелсіз директор
100
ИСЕНЖУЛОВ Ержан Бақытұлы 
ДК мүшесі, тәуелсіз директор
100
ЛАРИОНОВ Дмитрий Владимирович 
ДК мүшесі, тәуелсіз директор
100
ЫДЫРЫСОВ Ерлан Сапарғалиұлы 
ДК мүшесі  
100

40
Директорлар кеңесінің 2015 жылы қаралған басты мәселелері  
Директорлар кеңесінің мәжілістерінде:
- Компания Басқармасының дербес құрамын қалыптастыру;
- ұйымдастырушылық құрылымды бекіту;
- ірі мәміле және оларды жасауда қызығушылыгы бар мәмілелерді жасау туралы;
- демеушілік және қайыпымдылық көмек көрсету туралы;
- Компанияның ұйымдастырушылық құрымын бекіту туралы;
- Компанияның ішкі аудит қызметінің есептерін қарау туралы;
- Компанияның тәуекелдерді туралы есептерді шоғырландырылған негізінде бекіту туралы;
- активтерді қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы об;
- әрекетті корпоративтік хатшының өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату және жаңа Корпо-
ративтік хатшы тағайындау туралы;
- Компанияның 2014 жылғы жылдық есебін алдын ала бекіту туралы;
- «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 2014 жылғы жылдық қаржылық (шоғырландырылған және 
жеке) есептілігін алдын ала бекіту, таза табысты бөлу тәртібін ұсыну, жай акциялар бойынша 
дивидендтер төлеу туралы шешімдер қабылдау және бір жай акцияға есептеуде дивидендтің 
мөлшерін бекіту туралы;
- Компанияның еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін 
мерзімнен бұрын тоқтау және жаңа мүшелерді сайлау, сондай-ақ Директорлар кеңесінің жаңа-
дан тағайындалған мүшелердің өкілеттіктерінің мерзімін, міндеттерді орындау үшін шығыста-
рының сыйақылар және өтемақылар  мөлшерін, жағдайларын  белгілеу;
- Компанияның Корпоративтік есептік саясатына өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
- Компания Директорлар кеңесі Комитеттерінің қызметі туралы есептерді қарау туралы;
- Компанияның еншілес ұйымдарына қатысы бойынша дивидендтік саясатты бекіту туралы;
- Компания Басқармасы төрағасы мен мүшелерінің 2014 жылғы нақты маңыздарымен қыз-
метінің басты көрсеткіштерінің карталарын бекіту туралы;
- Компанияның сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы саясатты қарау туралы;
- Компанияның ақпараттық қауіпсіздігі саясатын қарау туралы;
- Компанияның Директорлар кеңесімен белгіленетін тізбегі бойынша Компанияның ішкі қы-
зметін реттейтін құжаттады бекіту;
- Компанияның 2015-2019 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту;
- Компанияның 2015-2019 жылдарға арналған даму жоспарын орындау б
Жөніндегі есептерді қарау туралы; 
- Компанияның Директорлар кеңесі құзыреттілігінің шеңберінде басқа мәселелер жөнінде 
шешімдер қабылдау  сияқты осындай мәселелерге аса назар қойылды.
Директорлар кеңесінің мәжілістері Директорлар кеңесінің 2015 жылға арналған бекітілген 
Жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі негізінде жүргізілді.  
Тұтас алғанда Директорлар кеңесі және оның комитеттері есептік кезеңде Компанияның 
алдында қойылған міндеттерді тиімді шешу үшін, Жалғыз акционермен, сенімгер басқа-
рушымен, атқарушы органмен және корпоративтік қарым-қатынастардың барлық мүдделі та-
раптарымен өзара белсенді әрекет етті.
   «ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ» ҰК» АҚ 2015 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет