Қазақстан Халқы ассамблеясы



жүктеу 16.22 Kb.
Дата02.08.2022
өлшемі16.22 Kb.
#20876
Ассамблея

Қазақстан Халқы ассамблеясы
Кез келген ел үшін татулық, бірлік, келісім - ең асыл іс. Қазақстан азаттық алғалы бері осы ұранды ту етіп келеді. Қазақстанда өзге ұлт өкілдері көп тұрады. Бір жақсысы, бізде ұлттар арасында келіспеушіліктер жоқ. Барлығы тату-тәтті, ынтымақты өмір сүріп жатыр.
Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениеттерін дамытуда. Осы орайда 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше. Бүгінде бұл аталған достық шаңырағы қазақ жерінде тіршілік ететін ұлттық-мәдени орталықтардың басын қосатын және аз ұлттардың мүддесін қорғайтын мекеме есебінде нәтижелі жұмыс жасауда.
Қазақстандағы аз ұлттардың өкілдерінің мұқтаждығын өтеуге, ұлтаралық қарым-қатынас аясында үйлесім орнатуға барынша жағдай жасалған
Қазақтың кең пейілі, тарихи төзімі мен ұлтаралық татулық негізінде Тәуелсіз Қазақ­станда саяси тұрақтылық берік орнықты. Қазіргі таңда әлемнің қаншама елінде тұрақсыздық белең алуда. Бейбіт тұрғындар жапа шегіп жатыр. Осындай оқиғаларды сөз еткенде, ылғи Қазақстанның ұстанымының түп-төркінін терең ұғынасың. Қысқасы, бейбітшілік пен келісімнен асқан дүниенің жоқтығын түсінесің. Бұл асыл қазына болмаса, ешбір істің алға баспайтынына көптің көзі жетуде. Ассамблея осылайша елдің басын біріктіруші күш екенін көрсетті. Бірлік бар жерде тірлік болатынын дәлелдеді. Қазақ елінің біртұтастығы, қонақжай жаны дархан қазақ халқы, құдайға шүкір, бір шаңырақтың астында қаншама ұлт өкілдерін айрандай ұйытып тату-тәтті өмір сүруі күллі әлемге үлгі және іштей ыдыраған елдер үшін өнеге боларлықтай көрсеткіш. Көптеген алыс жақын елдерде не болып жатырғанын уақыт өткен сайын көзімізбен көріп естіп отырмыз.
Сол ынтымақ бірліктің бір көрінісі – Қазақстан Халқы ассамблеясы.Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Ассамблеяның дүниеге келгеніне 25 жыл .. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. «Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп – өркендеген Қазақстан! 
Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді. Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным
Көк туымды қалайша құлатармын. 
Тып – тыныш тұрып жатқан жайымыз бар, 
Бәріміз баласындай бір атаның. 
Елімізде бақ – береке, ырыс болсын
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын. 
Халқымның ахуалы дұрыс болсын. 
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деген сөздермен ойымды аяқтаймын.
жүктеу 16.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет