Азаматтық-құқықтық пәндер бойынша терминологиялық сөздік


Ном – Ежелгі Египеттегі әкімшілік-аумақтық бірлік.  Номарх



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет9/12
Дата09.03.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Ном – Ежелгі Египеттегі әкімшілік-аумақтық бірлік. 
Номарх  –  Ежелгі  Египеттегі  номның  басшысы, 
перғауынға тәуелді лауазымды тұлға. 
Номиннал  –  1)  қағаз  ақша  белгілерінде  бағалы 
қағаздарында  белгіленген  баға;  2)  тауардағы  немесе 
оның  баға  көрсеткішінде  (прейскурант)  көрсетілген 
тауардың бағасы.  
Норма  –  анықталмаған  тұлғалар  шенберінде  және  
жағдайлардын  шексіз  санасына  қатысты  мерзімі 
жағынан  үздіксіз  әрекет  ететін  жалпыға  ортақ  жүріс-
тұрыс ережесі. 
Нормативтік  акт  –  заңдық  нормалардан  құралған 
ресми құжат

Нормативтік  құқықтық  акт  –  референдумда 
қабылданған  не  уәкілетті  орган  немесе  мемлекеттің 
лауазымды  адамы  қабылдаған,  құқықтық  нормаларды 
белгілейтін, 
олардың 
қолданылуын 
өзгертетін, 
тоқтататын  немесе  тоқтата  тұратын  белгіленген 
нысандағы жазбаша ресми қүжат. 
Нотариат  –  құқықтар  мен  фактілерді  куәландыруға, 
сондай-ақ  «Нотариат  туралы»  Заңда  көзделген  өзге  де 

 
135 
міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-
әрекеттерді 
жасау 
арқылы 
жеке 
және 
заңды 
тұлғалардың  құқықтары  мен  заңда 
мүдделерін 
қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі. 
Нотариаттық  қызмет  –  нотариустың  және  өзге  де 
уәкілетті  адамдардың  «Нотариат  туралы»  Заңымен 
көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы. 
Нубанда  –  Ежелгі  Вавилондағы  жоғарғы  патша 
шенеунігі – патша сарайын басқарушы. 
Нұсқаулық –  заңдардың  қоғамдық  қатынастардың 
қандай  да  бір  саласында  қолданылуын  егжей-тегжейлі 
көрсететін нормативтік құқықтық акт. 

Оба  –  Ежелгі  Грециядағы  (Спарта)    спартиаттардың 
рулық бөлімшесі. 
Облигация  –  шығару  кезінде  айналыс  мерзімі  алдын 
ала  белгіленген,  оны  шығару  шарттарына  сәйкес 
облигацияны  шығарған  тұлғадан  ол  бойынша  сыйақы 
алу  және  оның  айналыс  мерзімінің  аяқталуы  бойынша 
облигацияның  ақшалай  немесе  өзге  де  мүліктік  балама 
түрдегі  нақты  құнын  алу  құқығын  куәландыратын 
бағалы қағаз. 
Объект – реалды материалдық дүние, зат; нысан; 
Одақтастық 
– 
бұл 
қоғамды, 
мемлекетті 
ұйымдастырудағы ауыспалы нысан. 

 
136 
Одельстинг  –  Норвегия  парламентінің  төменгі 
палатасы.  
Октроиленген  конституциялар  –    монарх  сыйға 
тартқан  конституциялар.  Олар  абсолютті  монархиялар 
үшін тән. 
Оқшаулау –  бағалы  қағаздарды  ұстаушылар  тізілімі 
жүйесінде және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде 
бағалы  қағаздармен  жасалған  азаматтық-құқықтық 
мәмілелерді  тіркеуге  бағалы  қағаздардың  сақталуына 
кепілдік  беру  мақсатында  жүзеге  асырылатын  уақытша 
тыйым салу. 
Олий  Мажлис  –  Өзбекстаның  бір  палаталы 
парламентінің атауы. 
Омбудсмен  –  түрліше  әкімшілік  органдардың  адам 
құқығын 
сақтауына 
бақылау 
үшін 
арнайы 
тағайындалған  лауазымды  тұлға,  ал  кейбір  елдерде  – 
сондай-ақ жеке тұлғалар және бірлестіктер. 
Оппазиция – қарсы әрекет; қарсылық; 1) өз көзқарасын, 
өз саясатын басқа саясатқа, басқа көзқарасқа қарсы қою, 
қарсы  әрекет  жүргізу,  қарсыласу;    2)  көпшіліктің 
пікіріне немесе үстем пікірге қарсы шығушы қандай да 
бір ұйымның ішіндегі тұлғалар тобы. 
Оппонент  –  1)  даудағы  қарсылас;  2)  баяндаманы 
талқылау,  диссертацияны  қорғау  кезінде  сөз  сөйлеу 
үшін алдын ала белгіленген тұлға.    

 
137 
Оптант  –  басқа  азаматтылықты  таңдау  құқығы  бар 
тұлға.  
Опцион –  шарт,  оған  сәйкес  бір  тарап  (опционды 
сатушы)  осы  шартта  аталған  мүліктің  (базалық 
активтің)  белгілі  бір  санын  осы  шартта  келісілген  баға 
бойынша  сатуға  немесе  сатып  алуға  міндеттенеді,  ал 
екінші тарап (опционды сатып алушы) сатып алу немесе 
сату 
құқығына 
ие 
болады; 
сауда-саттықты 
ұйымдастырушылар  мұндай  шартты  стандарттаған 
жағдайда 
ол 
туынды 
бағалы 
қағаз 
ретінде 
пайдаланылуы мүмкін. 
Оптация – бір мемлекеттен екінші мемлекетке көшкен 
жердің  халқының  қай  мемлекеттің  адамы  болуын  өзі 
таңдауы. 
Оралмандар  –  Қазақстан  Республикасының  егемендік 
алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған 
және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты 
қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар. 
Ордонанс  –  ерекше  жағдайлар  нәтижесінде  парламент 
қызметі 
үзілген 
кезде, 
айрықша 
себептермен 
қабылданатын  заң  шығарушылық  қызметке  жататын 
мемлекет  басшысының  актісі.  (Франция,  Алжир  және 
т.б.). 
Ордонанс,эдикт – Ежелгі Франциядағы патша билігінің 
актілері. 

 
138 
Ортақ  меншік  –  екі  немесе  бірнеше  адамның 
меншігіндегі  мүлік  оларға  ортақ  меншік  құқығымен 
тиесілі болады. 
Остракизм  –  Ежелгі  Афинадағы  адамды  мемлекеттен 
қуу. 
Отбасы  –  некеден,  туыстықтан,  бала  асырап  алудан 
немесе 
балаларды 
тәрбиеге 
алудың 
өзге 
де 
нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес 
жеке  құқықтар  мен  міндеттерге  байланысты  және 
отбасы 
қатынастарын 
нығайту 
мен 
дамытуға 
жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. 
Отбасылық  жағдай  –  некеде  тұрғандағы  немесе 
айырылысқандағы 
жағдай, 
балалардың 
немесе 
отбасының  басқа  да  мүшелерінің  болуы  немесе 
болмауы. 
Отроктар  –  1)  Болгарияның  басыбайлы  шаруалардың 
төменгі  санаты;  2)  Сербияның  үй  шаруашылығында 
пайдаланылатын басыбайлы шаруалар. 
Оферта  –  шарт  жасасу  туралы  бір  немесе  бірнеше 
нақты  жақтарға  жасалған  ұсыныс,  егер  ол  жеткілікті 
дәрежеде  айқын  болып,  ұсыныс  жасаған  жақтың  ол 
қабылданған 
жағдайда 
(акцепт) 
өзін 
сонымен 
байланысты  деп  есептеу  жөніндегі  ниетін  көрсетсе, 
оферта  деп  танылады.  Егер  ұсыныста  шарттық  елеулі 
ережелері немесе оларды анықтау тәртібі көрсетілсе, ол 
жеткілікті дәрежеде айқын деп табылады. 

 
139 
Ө 
Өкілдік  –  зады  тұлғаның  тұрған  жерінен  тыс 
орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін 
жүзеге 
асыратын, 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамалық 
актілерінде 
көзделген 
жағдайларды 
қоспағанда, оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық 
әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі. 
Өндірістік  жарақат  –  қызметкер  еңбек  міндеттерін 
орындау  кезінде  алған,  оның  еңбекке  қабілеттілігін 
жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы. 
Өндірістік  кооператив –  азаматтардың  бірлескен 
кәсіпкерлік  қызмет  үшін  мүшелік  негізде  олардың  өз 
еңбегімен  қатысуына  және  өндірістік  кооператив 
мүшелерінің 
мүліктік 
жарналарын 
біріктіруіне 
негізделген ерікті бірлестігі. 
Өндірістік  объектілерді  аттестаттауды  жүргізу 
жөніндегі  мамандандырылған  ұйымдар  –  білікті 
кадрлары  бар  және  өзінің  құрамында  өндірістік  орта 
мен  еңбек  жағдайларының  факторларын  зертханалық 
және  аспаптық  зерттеулер  жөніндегі  зертханасы  бар 
немесе  осындай  зертханалары  бар  ұйымдармен 
шарттары бар өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары 
бойынша  аттестаттауды  жүргізу  жөніндегі  қызметті 
жүзеге асыратын ұйымдар. 
Өндірістік жабдық – машиналар, тетіктер, құрылғылар, 
аппараттар,  аспаптар  және  жұмысқа,  өндіріске  қажетті 
өзге де техникалық құралдар 

 
140 
Өндірістегі  жазатайым  оқиға  –  өзінің  еңбек  (қызмет) 
міндеттерін  немесе  жұмыс  берушінің  тапсырмаларын 
орындауы 
кезінде, 
қызметкердің 
өндірістік 
жарақаттануы,  денсаулығының  кенеттен  нашарлауы 
немесе 
улануы 
салдарынан 
оның 
еңбекке 
қабілеттілігінен  уақытша  немесе  тұрақты  айрылуына, 
кәсіптік  ауруға  шалдығуына  не  өліміне  әкеп  соқтырған 
зиянды  және  (немесе)  қауіпті  өндірістік  фактордың 
қызметкерге әсер етуі. 
Өндірістік  жарақат  –  қызметкер  еңбек  міндеттерін 
орындау  кезінде  алған,  оның  еңбекке  қабілеттілігін 
жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы. 
Өндірістік  қажеттілік  –  дүлей  апатты,  аварияны 
болғызбау  немесе  жою  немесе  олардың  зардаптарын 
дереу  жою  мақсатында,  жазатайым  оқиғаларды,  бос 
тұрып  қалуды,  мүліктің  жойылуын  немесе  бүлінуін 
болғызбау  үшін  және  басқа  да  ерекше  жағдайларда, 
сондай-ақ  жоқ  қызметкерді  алмастыру  үшін  жұмыстар 
орындау. 
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша 
аттестаттау  –  өндірістік  объектілерді  (өндірістік 
қызметті  жүзеге  асыратын  цехтарды,  учаскелерді, 
жұмыс  орындарын,  сондай-ақ  жұмыс  берушілердің 
бөлек тұрған өзге де бөлімшелерін) оларда орындалатын 
жұмыстар  қауіпсіздігінің  жай-күйін,  зияндылығын, 
ауырлығын,  қауырттығын,  еңбек  гигиенасын  айқындау 
және  өндірістік  орта  жағдайларының  еңбек  қауіпсіздігі 

 
141 
және  еңбекті  қорғау  нормативтеріне  сәйкестігін 
айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет. 
Өндірістік 
санитария 
– 
зиянды 
өндірістік 
факторлардың  қызметкерлерге  әсерін  болғызбайтын 
немесе 
азайтатын 
санитарлық-гигиеналық, 
ұйымдастыру  іс-шаралары  мен  техникалық  құралдар 
жүйесі. 
Өтемақы төлемдері – сақтандыру төлемдеріне кепілдік 
беру  қорының  мәжбүрлеп  таратылатын  сақтандыру 
ұйымының 
кредиторымен 
жасалған 
міндетті 
сақтандыру 
шарты 
бойынша 
сақтандыру 
сыйлықақылары  төлеміне  орай  қатысушы-сақтандыру 
ұйымына төленетін ақша сомасы. 
Өтініш  –  өтінішті  қарайтын  субъектіге  немесе 
лауазымды  тұлғаға  жіберілген  жеке  немесе  ұжымдық 
жазбаша, ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен 
расталған  электронды  құжат  нысанындағы  ұсыныс, 
арыз, шағым, сауал немесе үн қосу. 
П 
Пага – Ежелгі Франктерде округтың атауы. 
Падишах – Ұлы Монғолдар империясындағы мемлекет 
басшысының титулы. 
Палатиндар – Ежелгі Франциядағы патша кеңесшілері. 
Пакт – әдетте үлкен саяси мәні бар халықаралық шарт. 

 
142 
Пан  –  1)  поляк  помещигі;  2)  Ежелгі  Үнді  елінің  ақша 
бірлігі. 
Пандар – Чехияның ірі жер иеленушілері. 
Панчаят  –  Непалдағы  биліктің  жергілікті  атқарушы 
органы.  
Паргана  –  Дели  сұлтандығындағы  әкімшілік  – 
аумақтық бірлік (аудан). 
Паритет  –  1)  бірдейлік;  пара-парлық;  тең  құқықтық; 
тепе-теңдік; 
2) 
ел-елдің 
ақшасының 
алтынмен 
салыстырғандағы құны. 
Париктар  –  Болгарияның  феодалдарға  жеке  тәуелді 
шаруалар  (жағдайы  бойынша  басыбайлы  шаруаларға 
ұқсас болып келеді). 
Парламент  –  капиталистік  елдердегі  жоғарғы  өкілетті 
заң шығарушы жиналыс. 
Парламенттік  индемнитет  –  жауапкершіліксіздікке 
негізделген 
парламент 
депутаттарының 
артықшылықтары. 
Парламент каникулдары – өздерінің аймақтарындағы 
сайлаушылармен 
демалыс 
және 
жұмыс 
үшін 
депутаттармен 
пайдалынатын 
парламент 
сессияларынын арасындағы аралық. 

 
143 
Парцелла  –  Ежелгі  Франциядағы  шаруалардың 
иелігіндегі  немесе  пайдалануындағы  қожайын  жерінің 
бөлігі. 
Параталассит - Византия мемлекетінің саудагерлер мен 
кеме  иелеріне  қатысты  сот  функцияларын  атқаратын 
қаржылық ведомство шенеулігі. 
Партиялық  жүйе  –  бұл  саяси  партиялардың  бір-
бірімен, 
мемлекетпен, 
саяси 
жүйенің 
өзге 
элементтерімен  және  азаматтармен  өзара  қарым-
қатынас жүйесі. 
Патент –  1) сауда істеу я белгілі бір кәсіп қылуға құқық 
беретін  куәлік,  иеқұжат;  2)  жаңалықты  ашып,  ойлап 
шығарушының 
өзі 
ойлап 
шығарған 
нәрсесін 
пайдалануға толық ерікті екенін растайтын куәлік қағаз. 
Патрицийлер  –  Ежелгі  Римдегі  римдік  қалалық 
қауымның толық құқылы азаматтары. 
Патронаж  –  ауруларға  үй  жағдайында  медициналық 
қызмет көрсету. 
Патронат  –  1)  жетім  қалған  балаларды  мемлекет 
мекемелерінің  қаржысымен  қызмет  иесі  отбасында 
тәрбиелеудің  бір  түрі;  2)  Ежелгі  Франктерде 
ақсүйектердің шаруаларға қамқоршылығы. 
Перғауын – Ежелгі Египеттегі мемлекет басшысы. 

 
144 
Периэк  -  Ежелгі  Грециядағы  (Спарта)  жеке  бас 
бостандығы  бар,  алайда,  саяси  құқықтарды  иеленбеген 
тұрғын. 
Петиция  –  1)  мемлекеттің  басшысына  немесе  биліктің 
жоғарғы  органдарына  жазбаша  нысанда  ұжымдық  
өтніші;  2)    жаңа  дәуірдегі  Ұлыбританиядағы  патша 
билігіне  белгілі  бір  талаптарды  қоя  отырып,  өтініш 
түрінде жазылатын құжат. 
Пеон – Латын Америкасындағы басыбайлы шаруа. 
Пеонаж  –  Латын  Америкасындағы  басыбайлы 
тәуелділік жүйесі. 
Песо – Аргентина, Куба, Мексика мемлекеттерінің ақша 
бірлігі. 
Пикет  –  1)  кішігірім  күзетші  топ;  2)  капиталистік 
елдердегі  көтерілісші  топ  (жұмысшылардың  ереуілге 
шыққан бір тобы). 
Плагиат 
– 
шығармашылық 
ұрлық 
(біреудің 
шығармасын ұрлап пайдалану). 
Плебс  –  қарапайым халық.  
Плебейлер  –  ежелгі  Римде:  басыбайлы  болмағанмен, 
ешқандай  саяси  және  азаматтық  құқықтары  болмаған 
төменгі  тапсырма  өкілдері;  дворяндар  ортасында, 
төменгі таптың кісілерін кемсітіп айтатын сөз. 

 
145 
Пленарлы  –  толық  құрамда  өтіп  жатқан  жалпы 
бағытталған мәжіліс (отырыс). 
Пленум  –  қандайда  бір  ұйымда  сайланбалы  басшы 
органның  толық құрамындағы жиналысы. 
Плебисцит  –  ерекше  маңызды  мәселе  туралы  барлық 
халық пікірін алу. 
Плюрализм – пікір алуандығы, көзқарас алуандылығы; 
(көптеген  әдістердің,  көзқарастардың,  партиялардың, 
бағыттардың болуы заңды деп танушылық). 
Подеста  –  қазіргі  замандағы  Италиядағы  фашистік 
партияның  өкілі  болып  табылатын  жергілікті әкімшілік 
старостасы. 
Подскарбий  –  Польшаның  мемлекеттің  қаржыларын 
басқаратын лауазымды тұлғасы. 
Позитивтік  –  1)  қағазға  я  арнаулы  шыныға  түсірілген 
фотографиялық  сурет  ұғымына  қатысты;  2)  оң, 
мақұлданған. 
Полиглот – көп тілді білетің адам. 
Полис – сақтандыру туралы құжыт.  
Полисмен – Англия және АҚШ полиция қызметкерлері. 
Понтификтер  –  Ежелгі  Римдегі  халықтық  дәстүрлерді 
түсіндіруші және сақтаушы. 

 
146 
Постскриптум  –  жазылған  хаттың  аяғына  қол 
қойғаннан кейін жазылған қосымша сөздер; оған әдетте 
Р.S. деп қояды да онан әрі қарай жазады. 
Прайвеси  –  жеке  өмір  құпиясы  және  оған  қол 
сұғылмаушылықты  білдіретің  англо-саксондық  жүйе 
құқығындағы ерекше құқықтық санат. 
Праймериз  –  АҚШ-тағы  алдын-ала  жүргізілетің 
сайлаулар,  онда  орталық  және  жергілікті  атқарушы 
мекемелерге  және  өзге  де  сайланбалы  қызметтерге 
депутаттар кандидаттары ұсынылады.   
Преамбула  –  қандай  да  бір  маңызды  актінің, 
халықаралық келісімнің, шарттың кіріспе бөлімі. (латын 
сөзінен аударғанда алдында жүруші). 
Превотаж  –  Ежелгі  Франциядағы  прево  басқаратын 
округтар,олар патша доменін құрады. 
Президент –  елбасы; 1) кейбір республикада белгілі бір 
мерзімге сайланған мемлекет басы; 2) қоғам мен немесе 
мекемеге  басшылық  жасау  үшін  сайланған  төраға, 
мысалы ғылым академиясының преиденті. 
Президент  штандарты  –  президенттік  биліктің  басты 
рәмізі. 
Президентура  –  президент  қызметіндегі  адамның 
өкілеттігі мерзімі, сондай-ақ қызмет кезеңі. 
Президенттік  Республика  –    президент  қолында 
мемлекет басқару мен Үкімет басқару билігі болады. 

 
147 
Президиум  –  төралқа;  1)  жиналыс  немесе  кеңеске 
жетекшілік  ететің  сайланбалы  орган;  2)  кейбір 
ұйымдардың және мекемелердің жетекші органы.  
Презумпция – 1) ықтималдыққа негізделген болжам; 2) 
керісінше дәлелденбейінше фактінің шынайлығын тану. 
Премьер  – Үкімет басы, мысалы Премьер-Министр. 
Прекарий  –  Ежелгі  Франктерде  шаруаға  белгілі  бір 
міндеттерді орындағаны үшін жерді пайдалануға беру. 
Пресвитерианство  –  жаңа  дәуірдегі  Ұлыбританиядағы 
ірі  буржуазия  мен  жер  иеленуші  ақсүйектердің 
мүдделерін  білдіреді,  конституциялық  монархияны 
жақтады. 
Преторий префекті – Византияның екі бөлігінің бірінің 
билеушісі. 
Претура  –  Италиядағы  сот  жүйесінің  төменгісін 
құрайтын соттын атауы. 
Префект  –  1)  көне  Римде  әкімшілік  және  әскери 
қызметтің  аты;  2)  (Францияда  үкіметтік  жоғарғы 
шенеунік;  3)  кейбір  елдерде  қалалық  полицияның 
бастығы. 
Префектура  –  1)  Рим  империясының,  Францияның 
әкімшілік  бөлігі;  2)  кейбір  елдердегі  әкімшілік-
аймақтық  бірлік  пен  оның  басқару  органы;  3) 
префектінің қызмет үйі, кеңсесі. 

 
148 
Прецедент  –  кейінгі  іске  үлгі  боларлық  я  ақтауға 
себепкер боларлық өткендегі өнеге. 
Прецеденттік  құқық  нысаны  –  белгілі  бір  іске 
байланысты  қабылдаған  шешім  және  бұл  шешім  кейін 
соған  ұқсас  істерге  қарағанда  басшылыққа  алынып 
отырады. 
Прокурор  –  заңдардың  дұрыс  қолдануына  бақылауды 
жүргізуші  тұлға;  соттық  іс  жүргізуде  мемлекеттік 
айыптаушы.  (латын  тілінен  аударғанда  қадағалаушы, 
қамқоршы). 
Промульгация  –    жариялау;  мемлекет  шеңберінде 
жасалған жаңалықты, өзгерісті жариялау. 
Пронунсияменто 
– 
Испаниядағы 
және 
Латын 
Америкасы  елдеріндегі  әдетте  әскери  топтармен 
жасалатын мемлекеттік төнкеріс. 
Пропорционалды  сайлау  жүйесі  –  негізі  әрбір  партия 
өкілді  органда  сайлаушылардың  оларға  берілген 
дауыстарына  пропорционал  санда  депутаттық  орындар 
санын алудан тұрады. 
Протестанизм  –  жаңа  дәуірдегі  Ұлыбританиядағы 
христиан  дінінің  басты  үш  бағыттарының  бірі,  ол 
Реформация  дәуірінде  16  ғ.  бірінші  жартысында  пайда 
болды.  (16  ғ.  Еуропадағы  католик  дініне  қарсы 
қозғалыс). 

 
149 
Протовестиарий 
– 
1) 
Византия 
мемлекетінің 
лауазымды  тұлғалардың  бірі,  сарай  қызметкерлері 
туралы  істерді  қарастыратын;  2)  Болгарияның  қаржы 
министрі. 
Протостратор  –  Болгарияның  Болгар  патшалығының 
жоғарғы әскери шендерінің бірі. 
Процедура  –  жосық;  рәсім;  тәртіп;  қандайда  болса  бір 
істі орындау; атқару тәртібі; орындау түрі. 
Пуританизм  –  Англиядағы  антиабсалюттік  сипатты 
иеленген кальвинистік қозғалыс. 
Пурохита  –  Ежелгі  Үндістандағы  патшаның  басты 
кеңесшісі және абызы. 
Пфальцграф – Ежелгі Франктерде алғашқыда құлдарға 
қараушы, кейін патша сотын басқарушы. 
Р 
Рабианум  –  Ежелгі  Вавилондағы  қауымдық  кеңестің 
басшысы. 
Рада  –  бірқатар  славян  мемлекеттеріндегі  парламент, 
халық 
жиналысы; 
Чехияның 
Кеңес, 
князьдың 
жанындағы кеңесуші орган. 
Ранг –  дәреже; әскери дәреже, категория, атақ. 

 
150 
Ратификация  –  бекіттіру;  бекіту;  мемлекеттер 
арасында 
жасалған 
шартты 
жоғарғы 
өкімет 
орындарының бекітуі. 
Ревизия  –  тексеру;  тексеріс;  (латын  тілінен  аударғанда 
қайта қарау). 
Революция  –  төңкеріс;  1)  өндіргіш  күштер  мен 
өндірістік  қатынастар  арасындағы  қайшылықтарды 
шешетің  әлеуметтік  төңкеріс,  қоғамдық  құрылымды 
түп-тамырымен  өзгертетің  және  мемлекеттік  билікке 
жаңа алғы қоғамдық тапты әкелуші төңкеріс; 2) қандай 
да  бір  аумақтағы  түп-тамырмен  өзерту,  төңкеріс, 
мысалы техникадағы, мәдениеттегі революция. 
Регент – монархиядағы мемлекеттік басының құзыретін 
уақытша алқалы түрде, яғни регенттік кеңеспен немесе 
дербес, яғни регентпен жүзеге асыру. 
Регистр  –    1)  көрсеткіш;  тізім;  есепке  алу  кітабы;  2) 
қандай  да  бір  есепке  алу,  қадағалау  жүргізетің  кейбір 
мекемелердің, ұйымдардың атауы. 
Регламент  –    1)  күн  тәртібі,  ереже  ,  жарғы;  2)  уақыт 
тәртібі, мәжілісті жүргізудегі уақыт тәртібі.  
Регресс –  кері кету; кері шегінушілік; шегініс. 
Реестр  –  тізім,  тізбе;  істердің,  құжаттардың,  мүліктің 
жазбасы үшін арналған кітап. 
Резерват – табиғат байлықтары (аңдар мен өсімдіктері) 
мемлекеттің ерекше қорғауында болатын аумақ; қорық. 

 
151 
Резидент  –  1)  импералистік  ірі  мемлекеттің  (держава) 
өкілі; 2) шетел мемлекетінде тұрақты тұратын қандай да 
бір елдің азаматы; 3) агентураның жұмысының бағытың 
белгілейтің шетел мемлекетінің белгілі бір аумағындағы 
барлаудың құпия өкілі.  
Резиденция  –    Үкіметтің  я  мемлекет  бастығының 
тұратын орны. 
Резолюция  –    қарар;  шешім;  1)  іс  қағазындағы 
лауазымды  тұлғаның  жазбаша  қорытындысы,  өкімі.  2) 
қандай  да  бір  мәселелерді  талқылау  нәтижесінде 
қабылданған ұжымдық шешім. 
Каталог: admin
admin -> ɤɚɬ. “ȼ” (ɥɟɝɤɨɜɨɣ ɚɜɬɨɦɨɛɢɥɶ) Срок проведения акции "три опции в подарок" до 15. 03. 2014 г. Организатор: ип гарифуллин А. А. Подробности в офисе продаж. Реклама Учредитель: ООО рик
admin -> Магистратура бөлімінің меңгерушісі м а. А. Б-п. Данияровамен жасалған және енгізілген
admin -> Мақсатын дүниетанымдық әлеуетке, креативті ойлау қабілеттеріне ие, мамандығы
admin -> Молдабаева Ұлдана Еділбайқызы
admin -> Алматы қаласыĊĊĊĊĊ Бостандық ауданы бойыншаĊĜĚěěжĊ ҚР Əскери сотынаĊĊтұрақты кеңесшіне кандидаттар тізіміĊ Ċ №Ċ
admin -> Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі Республикалық білім орталығы «Қазақ тілі мен әдебиет»
admin -> Басықара ауылдық округі əкімінің есебі бюджет. 2015 жылы «Басықара ауылдық округі əкімінің аппараты»

жүктеу 2.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет