Қазақияны отарлау үшін патшалық Ресей тарапынан жүргізілген дайындық шаралары



жүктеу 434.8 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата07.04.2017
өлшемі434.8 Kb.
  1   2   3   4   5

 

Қазақияны отарлау үшін патшалық Ресей тарапынан  



жүргізілген дайындық шаралары 

 

 



Экспедициялық  жорықтар. 

 



Барлау-тыңшылық әрекеттері. 

 



Белдеу-шеп және бекіністердің пайда болуы. 

 



Орыс-казак жасағының отарлау ісіне араласуы. 

 



Орыстандыру  саясатының  жүргізілуі. 

 



Түркі-қыпшақ тектестерді араздастыру ісі. 

 



Қолдан арнайы қырғын-сүргін ұйымдастыру шарасы. 

 



Құл саудасының  жүргізілуі. 

 



Орыс саудагерлерінің отарлау ісіне тартылуы. 

 



Салық саясатының заңдастырылуы. 

 

Экспедициялық  жорықтар.  Қазақияны    отарлау    үшін    Ресей 

империясы  алдымен  экспедициялар  жасақтап,  барлау  жұмыстарын  жүргізді. 

1383 жылдың өзінде миссионерлік бағытта құрылған топ ХV ғасырдың басында 

Оралға  бірнеше  әскери  жорық  жүргізді.  Скряб  отряды  1465  жылы,  Пестр 

отряды  1472  жылы  Об  өзеніне  дейін  жетті.  1483  жылы  князь  қара  Ф. 

Курбскийдің мергендер отряды Искер қаласына дейін барды. 

Ал,  қазақ  даласы  мен  Орта  Азияны  барлау  үшін  алғашқы  экспедиция 

1713  жылы  жасақталды.  Оны  Александр  Бекович-Черкасский  басқарды.  Ресей 

билеушілері  өздерінің  озбыр  саясатын  қолдаған  кіші  халықтардан  шыққан 

сатқын  өкілдердің  қолтығына  су  бүркіп,  түрлі  әскери,  дворяндық  шен, 

титулдарды  аямай  үлестіріп,  өз  мақсаттарына  пайдалана  білді.  Сондай  саясат 

торына  түскендердің  бірі  жоғарыдағы  қабардин  бегі  Бекович-Черкесский  еді. 

Оған  «князь»  атағы  берілді  (М.  Құл-Мұхаммед.  Орыс  энциклопедиясындағы 

қазақ шежіресі. – Алматы:  Атамұра,  1994. – 122-б.). 

Осы  Бекович-Черкасскийді  І  Петр  патша  болашақта  Азияны  отарлау 

жоспарына  пайдалану  үшін  1707  жылы  «әскери  өнер  үйренсін» деп Еуропаға 

оқуға  жібереді.  1713  жылы  оқуын  тәмамдаған  княьзға  Орта  Азияны  барлау 

экспедициясын басқартады.  Құрамында  4000-ға  жуық  мүшесі  бар  экспедиция 

Астраханнан  шығып,  Гурьевке  келеді.  Одан  Ембіні  көктей  өтіп,  Хиуаға 

беттейді.  Бұл  экспедицияны  хиуалықтар  достық  сыңай  танытып  қабылдайды 

да,  алдап  соғып  бәрін  қырып  тастайды.  Бұл  қырғыннан  бірде-бір экспедиция 

мүшесі аман қалмайды, Бекович-Черкасскийдің өзі де қаза табады. 

1714 жылы І Петр патшаның атына Сібірдің бірінші губернаторы Матвей 

Гагарин  жіберген  хат  келіп  түседі.  Онда  қазақ  даласын  барлау,  игеруді  Ертіс 

дариясы  арқылы  іске  асыруға  болатыны  айтылған. Осы  хатқа  І  Петр  патша: 



 

«Ертісті өрлей жүзетін экспедиция жасақталсын, Ямышев көлі жанынан бекініс 



салынсын!», – деп қол қояды (// «Жұлдыз», №2, 1984. – 189-б.). 

Бұл  жерде  орыс  патшасы  Сібір  губернаторының  хатын  басшылыққа 

алып отыр.  Ал,  губернатор  Ямышевке бекініс салу  жайын  қалай  білді дегенге 

ойыссақ,  бұдан  көп  бұрын  аталмыш  өңірге  жасырын  бірді-екілі  орыс 

барлаушы-тыңшылары барып, жағдайды біліп, мәлімет жинағаны белгілі. 

Хиуа  оқиғасынан  сабақ  алған  Ресей  билеушілері  аса  сақтықпен,  Ертіс 

бойын барлау үшін Бухгольц экспедициясын жасақтайды. 1714 жылы маусымда 

жолға шыққан 4 мың адамдық экспедиция Ертісті бойлай жүзіп, қазақ даласына 

дендеп  енген  соң,  Ямышевск  (қазіргі  Павлодар  об.  Аққу  ауданы  жерінде) 

бекінісін салды. 

Одан әрі жылжуға Жоңғар шеріктері қарсылық көрсетіп, ерік бермейді. 

Ойрат билеушісі Цевен-Рабдан өзінің немере інісі Церен Дондукты жасағымен 

жіберіп, орыстарды бекіністі тастап кетуге мәжбүрлейді. 

Осы  қақтығыс  кезінде  швед  артиллериясының  сержанты,  еврей 

тұқымдас Иоган Густав Ренат (1682-1744) ойраттар қолына түседі. Ренат – швед 

әскери қызметкері және картограф. Шығыс Түркістан және Жоңғария картасын 

тәптіштеп жасаған алғашқы еуропалық. 

Бұл  экспедиция  қайтар  жолында  Омбы  өзенінің  құйғанына  тағы  бір 

бекініс  орнатып,  оны  «Омск»  деп  атады.  Орыс  жылнамасында  «Аталмыш 

экспедиция  өте  табысты  оралды»  деп  жазады. Себебі,  бұлар  Ертіс  бойындағы 

800  шақырым  жерді  барлап,  Ресей  үкіметіне  бұл  жерді  «иелік  етуге  болады» 

деген нақты жоба ұсынды. 

Ресей  патшасы  отарлау  ісіне  қатысты,  жіберілген  кішкентай  қателіктің 

өзін  кешірмеді.  Мысалы,  Бухгольц  экспедициясының  кейбір  сәтсіздіктеріне 

қатысты  экспедиция  басшысы  Бухгольцті  түрмеге  жапса,  дер  кезінде  көмек 

көрсетпегені  үшін  Сібір  губернаторы  князь  М.П.Гагаринді  Петерборда  дарға  

асты. 

1717  жылы  Бухгольц  экспедициясы  Петерборға  оралған  соң,  іле-шала 



ізін суытпай, полковник П. Ступин басқарған екінші экспедиция жолға шықты. 

Бұлар  іргесі  қаланған  Ямышев  (Жәміш)  бекінісіне  тұмсық  тіреп,  құрылыс 

жұмыстарын  жүргізді.  Сонымен  қатар  П.  Северский  басқарған  отряд 

Железинск бекінісін салуды қолға алса, В.Чередов басқарған екінші отряд Семей 

бекінісінің  іргесін  тұрғызды.  1731  жылы  Кіші  жүз  ханы  Әбілқайырдан  ант 

қабылдатып  алған  ресейліктер  Кіші  жүз  шебін  қауіпсіз  санап,  Хиуа,  Бұқар, 

Қоқан  хандықтарына жорық-экспедициясын ұйымдастыруды көздеді. І Петрдің 

нұсқауымен 1734 жылы қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. 

Оны патшаның сенімді серігі И.К.Кириллов (1689-1737) басқарды. Оның 

көмекшісіне  қазақтардың  тілін,  дәстүр-салтын  жақсы  білетін  А.  Тевкелев 



 

тағайындалды. Бұл экспедиция тарихта  «Орынбор  экспедициясы»  деп  аталды. 



Міндеті:  қазақ  даласының  жер  жағдайын  зерттеу  және  жер  бедерін  картаға 

түсіру  еді.  Аталмыш  экспедиция  отарлау  стратегиясын  жүргізудің  қызметін 

атқарды.  Нәтижесінде,  Кириллов  «Қырғыз-қайсақ  ордалары  туралы 

түсіндірулер» атты еңбек жазды. 

Осы  экспедиция  басшысы  Кирилловқа  қатын  патша  өз  тарапынан 

тікелей 18 мамыр күні былай деп тапсырма берген: 

 



Ордада болып жатқан оқиғалар жайлы хабар алып келу; 

 



Қазақтардың жоңғармен соғысы жайлы толық мәлімет білу; 

 



Қазақтардың Ресейге көзқарасы қандай? 

 



Жоғарыдағы  мәселелерді  толыққанды  атқару  үшін  башқұрт  пен 

қазақтардың  арасынан  сенімді  адамдарды  іріктеп,  сол  өңірге  жіберіп 

(тыңшылық мақсатында) олар әкелген мәліметті Сібір губернаторына хабарлау 

(Казахско-русские  отношения  в  ХVІ-ХVІІІ  вв.  Құжаттар  жинағы.  – 

Алматы, 1961. – 115-б.). 

Кирилловтан  кейін  бұл  істі  В.И.  Татищев  (1686-1750)  қолға  алды.  Ол 

өзініңғылымиеңбектеріндеқазақтардыңтұрмысын,  мінез-құлқын,  мәдениетін 

сипаттап жазады. 

Осы  экспедиция  Қазақияның  батыс  өңіріне  барлау-зерттеу  тыңшылық 

жұмысын  жүргізу  барысында  қазақтар  тарапынан  болуы  мүмкін  шабуылды 

болдырмауға Әбілқайыр хан кепіл етіп отырды. Нәтижесінде Әбілқайыр ханға 

қарасты  аумақты  басып,  тарихта  тұңғыш  рет  Орта  Азияға  патшаның  сауда 

керуені өтті. 

1768-1774    жылдары    Қазақ    даласын    барлау  экспедициясының  бірін 

өлкетанушы ғалым П.С. Паллас (1741-1811) басқарды. Ол зерттеу  жұмысының 

қорытындысы  ретінде  1773  жылы  «Ресей  империясының  әр  түрлі 



провинциялары бойынша жасалған саяхат» атты үш томдық еңбегін жазды. 

Одан  кейін  жоғарыдағы  Паллас  экспедициясының  құрамында  қызмет 

жасаған  ғалым  И.Г.Георги  1796  жылы  өзі  дербес  экспедиция  ұйымдастырып, 

«Ресейді мекендейтін халықтардың тұрмыстық әдеттері, өмір сүру, киім кию 

және басқа назар аударарлық ерекше сипаттамалар» атты еңбегін  жазды. 

Ресей  Ғылым  академиясының  корр-мүшесі  П.И.  Рычков  (1712-  1777) 

Қазақияның      батыс      өлкесін      зерттеп,    «Орынбор  тарихы»,  «Орынбор 

губерниясының  топографиялық  сипаттамасы»  атты  еңбектер  жазып,  қазақ 

фолкьлорының үлгілерін жинады. 

Қазақ даласын зерттеген тағы бір адам – орыс офицері И.Г. Андреев. Ол 

1795 жылы «Қырғыз-қайсақтың Орта жүз бөлігінің сипаттамасы» атты еңбек 

жазды. Бұл кітапта Орта жүз қазақтарының әдет-ғұрып, салт-жоралғылары жан-

жақты баяндалған. 



 

Жоғардағы  жорық-экспедициялар  Қазақ  жерінің  картасын  жасап, 



болашақ  отарлау  ісіне  пайдалануды  көздеді.  Осындай  мақсатта  жасалған  ҚР 

Орталық мемлекеттік мұрағат қорында сақталған бірнеше тарихи карта бар. 



Бірініш карта. 1816 жылы жасалған «Орта Азияның қырғыз-қайсақтар, 

қарақалпақтар, түркімендер, бұқаралықтар жеріне қатысты бөлігінің картасы». 



Екінші  карта.  «Сібір  және  Орынбор  қырғыздарының  (қазақтардың) 

арасындағы  шекараның  Бас  штабы»  атты  құжат.  Бұл  картаны  поручик 

Пеховский және топографтар Алексеев пен Яковлевтер 1841 жылы жасаған. 

Үшінші  карта.  Сібір  және  Орынбор  қазақтарының  арасындағы 

шекараны  белгілейтін,  1864  жылы  жасалған  карта.  Жоғарыдағы  карталарда 

Қазақия Ресей меншігі болмаған. 

Барлау-тыңшылық 

әрекеттері. 

Отарлаушы 

күш 

өздері 


бағындыруды  көздеген  елдің  ішкі  басқару  жүйесі  мен  салт-дәстүрін  толық 

зерттейді. Ондағы мақсаты – отарланушы халықтың осал тұсын табу, қоғамдық 

қатынастарды  берік  ұстап  тұрған  басқару  жүйесін  бұзып,  салт-дәстүрін  тәрк 

еткізу. 


Жоғарыдағыдай жауыз мақсатты көздеген патшалық Ресей Иван Грозный  

кезінен    бастап,    қазақ    қоғамындағы    әдет-ғұрып  заңдарын  жинап,  сұрыптап, 

танып-білу арқылы қазақ даласын отарлау саяса- тын көздеді. Ол үшін қазақтың 

әдет-ғұрып  нормаларының  түпті  мәнін  жойып,  олай  болмаған  жағдайда 

орыстың  әдет-салтына  бейімдеуге  ұмтылды.  (Ө.  Өмірзақов.  Ресейге 

қосылғаннан не ұттық? – Алматы: Санат, 1999. – 119-б.). 

Қазақтың  салт-дәстүр,  әдет-ғұрпын  зерттеу  деген  –  желеумен  сахараға 

жекелеген  саяхатшылар  аттандырып  отырды.  Олар  қазақтың  салт-дәстүрін, 

мінез-құлқын, тұрмыс-тіршілігін, өмір сүру қағидасын,  қарым-қатынасын  ине-

жібіне дейін зерттеп, хатқа түсіріп, Ресей отар- лау саясатын жүргізудің негізгі 

ошағы  Ресей  географиялық  қоғамына  тапсырып  отырды.  Осында  жиналған 

құжаттарды сараптайтын үлкен институт жұмыс істеді. 

Тарихшы  Өжетбек  Өмірзақов  өзінің  «Ресейге  қосылғаннан  не 



ұттық?»атты  монографиясында  жоғардағы  салт-дәстүрді  отарлаудың  басты 

себептері  ретінде  былай  деп  тұжырымдапты.  Қазақ  әдет-ғұрып  нормаларын 

Ресейдің жинауына: 

Бірінші себеп: Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарын біліп, оның егжей-

тегжейіне үңілу; 



Екінші  себеп:  Ресей  мүддесіне  қайшы  келетін  тұстарына  шектеу 

жасау; 


Үшінші  себеп:  Қазақтың  әдет-ғұрпын  білу  арқылы  халықты  толықтай 

бақылауға алу; 



Төртінші себеп: Кезі келіп, сәті түскенде оларды жойып жіберу; 

 

Бесінші  себеп:  Қазақтарға  ұқсас  (қырғыз,  өзбек,  түркімен)  халықтарға 

үстемдік ету үшін пайдалану. 

1734  жылы  Орынбор  экспедицияның  құрамында  болған  орыс 

саяхатшысы  П.И.  Рычков  қазақтың  шаруашылығы,  ру-тайпа  құрылымы  және 

отарлық  саясаттың  басты  бағыттары  жайлы  зерттеу  жүргізсе,  1768-1774 

жылдары қазақ даласында барлау экспедициясы құрамында болған тағы бір ұлты 

неміс  зерттеуші-тыңшы  И.Г.  Георгий  жергілікті  қазақтар  туралы  жазған 

мәліметінде:  «Олар  өте  аңғал,  сенгіш,  осы  мінезін  пайдалана  отырып, 

ортасына алауыздық  отын  жағып,  сол арқылы  отарлау саясатын жүргізу 

қажет» депті (Георгий И.П. Описание всех обитающих в Российской империй. 

1773. – С-131)

Орынбор  генерал-губернаторы  И.Неплюевтің  тапсырмасымен  Кіші  жүз 

қазақтары  арасына  тыңшылық-зерттеу  жүргізген  В.И.Витевский:  «Қазақ  

даласын отарлаудың бірінші  бағыты – Ресейдің ішкі өлкелерінен шаруаларды 

көптеп қоныстандыру, екінші бағыты – орысша оқытуды қолға алу» қажет 

деп  алғаш  рет  ресми  түрде  ұсынса,  тағы  бір  зерттеуші  П.С.Павлов: 



«қазақтарды отарлау мәселесін тездету керек, бұл іс Ресей үшін орасан зор 

пайда кел- тіреді», – депті. 

Жоғарыдағы  зерттеуші-тыңшылар  қатарына  И.П.Фалькті  де  қосуға 

болады. Ол Қазақияның тарихы мен этнологиясын терең зерттеп,  оны  отарлау 

ісіне  пайдалану  үшін  қызмет  атқарған.  Бұндай  зерттеушілердің  арасында  өте 

көп  еңбек  атқарған  адам  –  А.И.  Левшин.  Бұл  ғалым қазақ арасында әкімшілік 

басқару жүйесіне қатты маңыз беріп, көнеден келе жатқан билер институтының 

әсерін зерттеп, қазақ даласының географиялық анықтамалығын кең түрде хатқа 

түсірген. 

Сол  сияқты  ХІХ  ғасырдың  басында  патша  үкіметінің  тапсырмасымен 

қазақ даласының құнарлылығын, халқының  әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттеу 

мақсатында  ұйымдастырылған  экспедицияны  басқарған  Феодор  Андреевич 

Щербина өзінің «Киргизская народ-  ность в местах крестьянских поселений» 

атты  жазбасында  қа-  зақтардың  13  түрлі  кемістігі  мен  12  түрлі  жақсы 

сипаттарын  атап  көрсетіпті  (Бұл  деректі  Ғани  Абайұлы  деген  адам    ертеде 



жариялаған  көрінеді,  осы  деректі  кезінде  қазақ  ақыны  Мұзафар  Әлімбаев 

көшіріп алған). Сонымен: 

Қырғызды  жағымсыз  жағынан  мінездейтін  13  қадір-қасиеті,  атап 

айтқанда: 

 



өзіне шынайы сүйіспеншіліктің жоқтығы; 

 



табансыздық; 

 



сөздегі айнымалылық; 

 



жалғаншылық; 

 



 

сөз құмарлық (мылжыңдық); 

 

пайдакүнемдік; 



 

аңқаулық; 



 

арызқойлық; 



 

дауқұмарлық; 



 

даңғойлық; 



 

айлакерлік; 



 

құмарпаздық; 



 

мақтаншақтық. 



Бірақ,  осы  жағымсыз  жақтарымен  қатар  қырғыздың  өзіне  тән  жақсы 

қадыр-қасиеттері бар, атап айтқанда: 

 

діни көзқараста фанат емес және ерікті діншіл (дінде ерікті); 



 

сауда және экономикалық салада олар адал және өз сөзіне табанды



 

қыл-ой жағынан қызыққыш және білуге құмар



 

қырғыздар  өзінің  парасаттылығымен  (салауаттылығымен)  қатты 



ерекшеленеді; 

 



маскүнемдік және спиртті ішімдікке құштарлығы жоқ; 

 



балаларына сүйіспеншілігі өте жоғары; 

 



өтінішті жерге тастамауы (тікелей аударса – өтініш жасауға оңайлық); 

 



үлкендерді  құрметтеу  –  ақсақалдарды,  сондай-ақ,  халықтың  танымал 

өкілдерін құрметтейді; 

 

таңғажайып бейбітсүйгіштігі, соғыстың тұтануынан жасқана- тыны – 



қырғыз халқын ең жағымды жағынан бейнелейді; 

 



мүмкін оның үнемі табиғатпен қарым-қатынаста болуының арқасында 

шығар, қырғыз шын мәнінде ақын халық

 

ол  ән  салуды  және  поэтикалық  әңгімелер  мен  аңыздарды  тыңдауды 



сүйеді; 

 



дене  бітімі  жағынан  қырғыздардың  денсаулығы  жақсы  әрі  қат-  ты 

шыныққан; 

 

бұл халық қалай болғанда да дәл қазіргі жағдайда, мысалы, қалмақтар, 



башқұрттар  және т.б. бұратаналар  сияқты құрып кетпейді,  әлі  өсіп-өнеді  және 

жетіле  береді  (Әбдуәли  Қайдар  «Қазақ  қандай      халық?«Дайк-Пресс»,  



Алматы: 2008. 210-211 бб). 

Ғалым-ақын  Серікзат  Дүйсенғазин  Дулат  Бабатайұлы  туралы  зерттеу 

еңбегінде:  Ресей  империясының  қазақ  даласына  жіберген  елшісі А.И.Тевкелев 

1731 жылы 27 қаңтарда Ресей сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақ 

халқының: 

12  түрлі  жақсы  қасиетін:  (төрені  сыйлау,  үлкенді  сыйлау,  кісі 

ақысын  жемеу,  арақ  ішпеу,  бауырмалдық,  рулардың  арасында  жіктің 


 

жоқтығы,  ақынжандылық,  табиғатты  аялау,  байлыққа  қызықпау, 



сыпайылық, адамды жатырқамау, білімге құштарлық). 

6  түрлі  жаман  қасиетін:  (мақтаншақтық,  зиянсыз  өсекке 

жақындық, адамның көңілі үшін көлгірсу, шендіге бас изеу, дарақылық, ру-

тайпаға бөлінушілік) атап көрсеткені жайлы жазады. 

Республикалық «Ана тілі» апталығының 1992 жылы 23 сәуір күні жарық 

көрген  кезекті  санында  Қ.  Әзбергенов  деген  автор:  «Ресей  билеушілері  қазақ 

халқын отарлау барысында әуелі арнайы тыңшылар жіберіп, «қазақтан шыққан 

атқамінерлердің мойына алақандай   медаль тағып, арқасынан қағып, бір-біріне 

айдап салу тиімді» деген құпия шешім қабылдағаны жайлы баяндайды. 

Сол  сияқты,  үлкен  ғалым  Шоқан  Уәлиханов  өзінің  1864  жылы  жазған 

«Сот  реформасы  жайында  хат»  атты  еңбегінде,  орыс  шенеуніктерінің 

қазақтар  арасында  барлау-зерттеу  ісін  жүргізіп,  қазақтар-  дың  байырғы  сот 

жүйесі  мен  этножаралым  тарихын  зерттегені  жай-  лы  айтады.  Яғни,  1840 

жылдарды  Ресейдің  шекара  басқармасындағы  Сотников  деген  шенеунікке 

қазақтардың  заң  жобаларын,  сот  ғұрыптарын  жинастыру  тапсырылады.  Бұл 

шенеунік  өзіне  тапсырылған  істі  тереңнен  тартып  зерттеуді  қолға  алып, 

қазақтың ру басыларын алдын ала приказге жинайды да, олардан: қазақ халқы 

қайдан шықты, олар қалай қалыптасты, «қазақ» деген сөз қайдан шықты, деген 

сұрақтар  қояды.  Қазақтар  болса,  «біздің  ата-бабамызды  білгеннен  орысқа  не 

пайда,  бұның  арғы  жағында  арам  пиғыл  жатыр.  Бұлардың  мақсаты,  қазақтың 

түбін орыс-казактардан шығармақшы, сөйтіп, бізді орысқа айналдырудың тағы 

бір харам жолын ойластырып отыр», деген күдікпен приказға жиналған қазақтар 

өздерінің  арғы  тегі  араб  және  түріктен  тараған  етіп  көрсетеді...  Сотников 

қазақтарды  орыс-казактарға  айналдырмақ  болды  деген  қауесет  қырда  көпке 

дейін басылмады... дейді (Ш. Уәлиханов. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1985. 

– 132-б.)

Сібір      өңірі      толық      жауланып,      бекіністер      тұрғызылуы.  Сібір 

хандығы  бағындырылған  соң  Ресей  отарлаушылары  ондағы  сулы-нулы 

жерлерді тез арада иеленіп қалу үшін әскери бекіністер тұрғызуды бастады. Бұл 

бекіністер  империяның  отарлық  саяса-  тын  жүргізетін  пайдалы  тетігіне 

айналды.  Нәтижесінде,  1586  жылы  Төмен  (Тюмень),  1587  жылы  Тобыл,  1593 

жылы Березов, 1594 жылы Тар, 1598 жылы Верхотур, 1604 жылы Том қоныстары 

пайда болды. 

Осылай  патшалық  Ресейдің  қонысы  қазақ  даласымен  шектесті.  Бірақ, 

патшалық  отарлау  саясаты  бір  сәтке  «Азия  қақпасы  немесе  кілті»  саналып 

келген  Қазақияны  жедел  отарлауды  уақытша  тоқтата  тұрып,  Сібір  өлкесіне 

тереңдей еніп, мұхит аймағына шығуды пайдалы деп көрген сыңайлы. 

Оның  сыртында,  үздіксіз  қақтығыста  душар  болған  қазақ-қалмақ 



 

қатынасына  алыстан  көз  тігіп,  екі  арыстанның  әлсіреуін  күткен  сыңайлы. 



Егерде  орыс  солдаттары  қазақ  жеріне  басып  кірген  жағдай-  да, қазақ-қалмақ 

жасағы  (орыс  әскеріне  қарсы)  бірігіп  кету  қаупі де  бар  еді. Бұл  жайдан  Ресей 

шенеуніктері өз тыңшылары арқылы үздіксіз хабар алып отырды. Сол себепті, 

отарлау ісін басқа жаққа бұрды. 

Моңғол  тарихшысы  Б.  Баабардың  баяндауы  бойынша,  Ресей  Сібір 

өлкесіне отарлау ісін жүйелі жүргізу үшін шеп (острог) құрды. Әуелі, шекара 

шебі  деген  желеумен  Нэнцы,  Ханты, Кэтс  өңірін  әскер  күшімен байлап алды. 

1619  жылы  Таз  дариясының  (Обь)  сағасын  бойлатып  Мангазей  шебі,  Енисей 

дариясын жағалата Енисей шебі құрыл- ды. Осы шептің бойын жағалай шабуыл 

жүргізген орыс-казак әскерлері Эвенк, Тунгус өлкесіне басып кіріп, 1628 жылы 

Байқалды жайлап жатқан моңғолтекті жұртпен қақтығысып қалды. 

Байқал  өңірін  жаулау  ісіне  әлі  де  дайындық  қажет  екенін  түсінген 

жүзбасы  Петр  Бекетов  1632  жылы  аттың  басын  Саха  даласына  бұрды.  Лена 

дариясын  бойлата,  әдеттегідей  Лена  шебін  құрды.  1636  жылы  Амур  бойын 

жаулап,  Охота  теңізінің  жағасына  жетіп  жығылып,  Охотск  гаванының  іргесі 

қаланды.  Осылай  тарихта  тұңғыш  рет  Русия  шекарасы  мұхит  аймағымен 

шектесті. 

1644  жылы  15  жыл  бұрын  қарсы  шыққан  Байқал  өңірін  бағындыруға 

Курбат Иванов жасағы мұздай қаруланып аттанды.  Осы үкімет  әскерімен  күш 

біріктеру  мақсатында  Анғар  өзенін  бойлап,  атаман  Василий  Колесниковтың 

атты  әскері  шықты.  Жолай  кездескен  тұрақтар  мен  тұрғындарды  аяусыз 

қырғынға  ұшыратып,  қанды  жорық  жасаған  орыс  солдаттары  1646  жылы 

Жоғары Аңғар, 1648 жылы Баргужин, 1652 жылы Иркутск, 1665 жылы Селенге, 

1666  жылы  Үде  бекіністерінің  іргесін  қалады.  1658  жылы  моңғолтекті  буряд 

тайпалары  отарлаушыларға  қарсы  қарулы  көтеріліс  жасағанымен,  онысы 

аяусыз жанышталып, қырғыннан аман қалғандары Моңғол жеріне ауа қашты. 

Орыс  солдаттары  күллі  тайганы  жаулап  алуы  Цинь  империясын  да 

елеңдетсе  керек,  1689  жылы  27  тамызда  Нерчинскіде  Ресей  мен  Қытай  өзара 

сауда-саттық  мәселесі  бойынша  келісімге  қол  қойды  (Б.  Баабар.  First   

Published   in Mongolia. – Ұлан-батыр, 1996. – 245-б.). 

Қазақ  даласында  әскери  бекіністердің    пайда    болуы.  Патшалық 

Ресей  осылай  күллі  Ібір-Сібірді  жаулап,  мұхит  аймағымен  шектесіп,  Охотск 

гаванының  іргесін  қалаған  соң,  қазақ  даласына  мойын  бұрды.  1708  жылы 

Қазақияның  солтүстік  өңірін  жаулап  алу  мақсатында  Сібір  губерниясы 

құрылды.  Орталығы  Тобыл  қаласы  болды.  1713  жылы  –  Сібір  губернаторы, 

князь Гагарин император Петр Біріншіге Ертістің бойын өрлете бекіністер салу 

туралы ұсыныс жасады. 

Жоғарыдағы  ұсынысты  патша  құп  көріп,  қыруар  қаржы  бөлді. 



 

Нәтижесінде, 1714 жылы Сібір бекініс белдеуін, 1717 жылы Омбы, Железиинск, 



Ямышев, 1718 жылы Семей бекінісі тұрғызылды. 1720 жылдары генерал-майор 

Лихаров Өскемен бекінісін тұрғызды. Осындағы Ертіс бойын жағалай салынған 

бекіністер  негізінде  Орынбор  белдеуі  құрылды.  1731  жылы  Ресейге  бағынған 

Кіші жүз қазақтарының жерін осындағы Орынбор белдеуіне тапсырады. 

1735 жылы Ор өзенінің Жайыққа құяр сағасына жаңа бекініс салынды. Өз 

жеріне дендей орналасқан бұл бекініске көшпенді қазақтар шабуыл жасай берген 

соң, 1739 жылы Ордың төменгі ағысын бойлата  180  шақырым  жерге  жаңадан 

тағы  бір  бекініс  тұрғызып,  оны  «Орск»  (қазіргі  Орск  қаласы)  деп  атады. 

Қазақтар оны «Жаман қала» деп атады.  1742  жылы  Красногор  шатқалынан  70 

шақырым  жерде  тағы  бір  бекіністің  іргесі  қаланды.  1744  жылы  «Оренбург» 

(қазақша  Орынбор)  бекінісі  салынып,  қазақтар  еріксіз  Ойыл  ойпатына  қарай 

ығысуға мәжбүр болды. 1745 жылы Петропавл бекінісі салынды. 

Қазақ  жеріне  алғашқы  бекіністерін  салып  дәндеген  Ресей  патшасы 

Қазақияның  солтүстік  территориясын  толық  отарлау  үшін  «Қасірет  белдеуі» 

(Горькая  линия)  атты  тағы  бір  үлкен  жоспарды  қолға  алды.  Бұл  жоспар 

бойынша:  1732-1757  жылдар  аралығында  Оралдың  жоғары  сағасынан  бастап, 

қазіргі Қазақия жерінің солтүстік өңірін көктей шолып, әрі қарай Омбыны тірек 

етіп,  Ертістің  бойын  жағалай  бекіністер  салуды  көздеді  (Киргиз-кайсаки. 



«Брокгуаз-Ефрон», 1895. – 97-б.). 

Патша үкіметі XVIII ғасырдың орта шенінде Еділ бойы, Орал, Сібір мен 

Қазақстан  өңірінде  әскери  бекіністердің,  ескі  шептерінің  жарақталуын 

жақсартуға  және  жаңа  шептер  салуға  кірісті.  Осы кезде  оң  жағалауда  Жайық 

орыс-казактарының  күшімен  14  қамал:  Пере-  волоцк,  Чернорегенск,  Татищев, 

Нижнеозерная, Расыпная, Елек қалашығы, Жайық, Сахарная, Калмыкова, Көш-

Жайық, Кулагино, Тополев, Бақсай, Гурьев  қамалдары салынды.

 

Қазақ  даласына  орыстар  бекінісі  салынуымен  қатар,  қазақтардың  ішкі 



ісіне араласуға кірісті. Қазақтар орыс ұлықтарына өз басшылары үстінен шағым 

айтып  келе  бастады.  Орыстар  қазақтардың  шағымын  қабылдап,  оң  шешу 

арқылы  «орыс  ұлықтары  әділ»  дейтін  отарлау  идеологиясының  жымысқы 

бағытын  сіңірді.  Мысалы, Өскемен  бекінісі  салынған  тұста  орыс  шенеуніктері 

ел  ішіне  өтіп,  жиын  жасап  тұрды.  Осындай  үшінші  рет  өткен  жиында  жәбір 

көргендердің  ақысын  әперді,  көнбеген  біраз  елге  күш  көрсетті  (Қ.  Халид. 



Тауарих  хамса. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 151-б.). 

Каталог: media -> upload -> 4624 -> 2016
2016 -> Қазақ сахарасы – сынақ алаңы
4624 -> Ахмет тоқтабай, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қазақ – Жоңғар шайқасы
4624 -> Бауыржан Момышұлы – елі үшін туған ер
2016 -> Ежелгі түріктер. Танымдық барлау
2016 -> Әуезов және Семей
2016 -> Ерлер есімі – ел есінде Бірінші әңгіме «Қазақтың Ленинграды»
2016 -> Торғай өлкесі: тарих пен уақыт
2016 -> Өскенбай би және тарихи таным
2016 -> Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)

жүктеу 434.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет