«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша



бет1/4
Дата26.10.2022
өлшемі79 Kb.
#22801
  1   2   3   4
8-сынып қазақ тілі ТЖБ №1
1 ОШ СОр Казахский язык Т1 5кл

Сыныбы: Аты-жөні: ТЖБ №1 ҚТ 8-сынып

«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика


Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма


  1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннен мысалдар келтіре отырып, жұбыңызға мәтіндегі көтерілген мәселені анықтауға көмектесіңіз. Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіннің негізгі ойын анықтап, талдау жасаңыз.

  2. Жұбыңыздың мәтінін мұқият тыңдаңыз, мәтін бойынша көтерілген мәселеге қатысты сұрақтар қойыңыз [10]
  1. мәтін


Орталық Азияны және Оңтүстік Сібірді мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VІ ғасырдың орта шенінде Түрік қағанаты мемлекетін құрғаны тарихтан белгілі. Осы қағанаттың құрамына енген тайпалық одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін жойқын соғыстарды басынан кешті. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін, сол заманның данагөй білімдарлары ер есімдерін өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазуымен тас бетіне түсірді.
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркі даласының бар сырын бойына сіңірген таңбалы тастар сан ғасырларды аттап, еш өзгерместен бүгінге жетіп отыр.
Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі мазмұны мен сырын ұғыну қазақ халқының негізгі міндеттерінің бірі.


  1. Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет