Қазақ тілі мен әдебиеті орыс



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата08.09.2017
өлшемі1.01 Mb.
#12020
  1   2   3   4   5   6   7   8

Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі  тіл, бірі  ділің жүректегі.

              



Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.

   

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 

   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС   

       МЕКТЕБІНДЕ 

    

Казахский язык и литература 

                  в русской школе

      РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–

     ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАСЫЛЫМ

  2001 жылдың

  қаңтар айынан          

4/2015    

СӘУІР

 

бастап шығады



РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   

ИЗДАНИЕ


АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 

ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза                 

БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, 

Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга                     

МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш                                     

САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 

 

 



«Білім және 

Ғылым» 

жауапкершілігі 

шектеулі 

серіктестігінің 

ай сайын 

шығатын 

республикалық 

ғылыми - 

педагогикалық 

жұрналы 

 


3

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ

Мұғалімдерге көмек

Қарлығаш ТАГИМАНОВА.             Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында

                                                                оқушылардың шығармашылық қабілетін

                                                                дамытудағы басты мақсаттар...........................3

Назира КЕКІЛБЕКОВА.                   Пунктуацияны оқытудың жолдары..................9

Әшіркүл АХМЕТОВА.                      Сынақхаттар жүргізу арқылы оқушылардың

                                                                сауаттылығын арттыру.....................................15



Тиімді әдіс  баршаға ортақ

Гүлмира ҚАСЕНОВА.                       Оқыту мен оқудағы диалогтік әдістің 

                                                                тиімділігі...........................................................20



Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті

Еркін ШЕРИЯЗДАНОВ.                    Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман

                                                                адамның қасиеттері»........................................25



Айжан НҰРМАҒАНБЕТОВА.          Бейімбет Майлиннің «Айт күндері»

                                                                әңгімесін оқыту.................................................29   



Әдістеме әлемінде: қазақ тілі

Алмагүл СЕЙТАХМЕТОВА.            Қыс. Зат есім.....................................................32

Сәуле БАЛЖАНОВА.                         Баспасөз – өмір айнасы...................................36

Раушан РЫСҚҰЛОВА.                      Қазақ халқының салт-дәстүрлері –

                                                                ұлттық мұрамыз...............................................41



Бақыт ЕРЖАНОВА.                           Киімдерге қатысты тыйым сөздер.................46

Тамара ТАШЕВА.                               Көкшетау өңірі.................................................49

Жаннагүл ЖҰЛҚАШЕВА.                Тіркесті сөздер.................................................53

Тана АМАНЖОЛОВА.                      Тіл үйрену – өмір талабы.................................59

Майрагүл АЙТПАЕВА.                     Әбілхан Қастеевтің туындылары....................64

Мейрамгүл ЖАКЕНОВА.                 Қазақстанның астаналары...............................68

Гүлсара МҰҚАНОВА.                       Зат есімнің тәуелденуі.....................................73

Айгүл ЖҮНІСОВА.                            Кім көп біледі? ................................................77

Роза БЕКЕШОВА,

Роза ОМАРОВА.                                  Спортпен әуестену...........................................83

Нұргүл ҚАЙДАРОВА.                        Мектеп асханасы..............................................89

Раушан ЖАҚСЫҒҰЛОВА.               Радионың маңыздылығы.................................93

Ұмсынай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ.       Бәйтерек – Астананың символы.....................95

Роза АЙЗАХМЕТОВА.                       Отырарлық ғалым............................................98      

  

Білім негізі 



 бастауышта

Күнсұлу МУРНИКОВА.                     Математика сабағында..................................101

Гүлнұр ҚАЙЫПОВА.                         Қалалар...........................................................103

Зера ШІЛДЕБАЕВА.                           Ертіс өзені......................................................106

Мереке ИБРАИМОВА.                       Үй жануарлары...............................................112

Білім сынағында

Айғаным АЙШИКОВА.                     Қазақ тілі пәнінен 8-сыныпқа арналған

                                                                 нәтиже сабақ тапсырмалары........................116



Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА.                    Деңгейлік тапсырмалар.................................127

Литературный вечер

Асемгуль АСАЙБЕКОВА,

Наталья НАТКЕ.                                 Жемчужина севера.........................................133

Тіл тағдыры 



 ел тағдыры



Гүлсім БАЙМҰХАМБЕТОВА.         Өзге тілдің бәрін біл,

                                                                Өз тіліңді құрметте.........................................139



Мұғалімдерге көмек

Қарлығаш ТАГИМАНОВА,

Төлеу Шаханов атындағы 

№3 орта мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

Ақмола облысы,

Ерейментау қаласы.

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ 

САБАҚТАРЫНДА  

ОҚУШЫЛАРДЫң 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН 

ДАМЫТУДАҒЫ БАСТЫ 

МАҚСАТТАР

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына “әр 

баланың  жеке  қабілетіне  қарай  интеллектуалдық  дамуы, 

жеке  адамның  дарындылығын  дамыту”  сияқты  өзекті 

мәселенің енгізілуі – қазіргі заман талабы.

Білім  беру  саласы  –  қай  елде  болмасын,  басымдыққа 

ие 

салалардың 



бірі. 

Халықтың 

интеллектуалды 

деңгейінің  жоғарылығы  –  мемлекеттің  экономикалық, 

әлеуметтік,  мәдени  дамуының  кепілі  екендігі  бәріне 

белгілі.    Елбасымыздың  «Қазақстан  –  2050»  ұзақ  мерзімді 

стратегиялық бағдарламасында білім беру саласында еңбек 

етіп  жүрген  қызметкерлер  алдына  анық  мақсат  қояды:  «... 

барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі 

бар.  Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын 

жақсартуда  бізді  ауқымды  жұмыс  күтіп  тұр.  2020  жылға 

қарай  Қазақстандағы  3-6  жас  аралығындағы  балаларды 



4

5

мектепке  дейінгі  біліммен  100  пайыз  қамту  жоспарлануда. 



Сондықтан  оларға  заманауи  бағдарламалар  мен  оқыту 

әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім 

жүйесінде  жалпы  білім  беретін  мектептерді  Назарбаев 

зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне  жеткізу  керек. 

Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге 

тиіс.  Оларды  оқыту  нәтижесі  оқушылардың  сындарлы 

ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын 

игеру болуға тиіс.» Біріншіден, елбасымыз айтқандай, бізге 

өзіміздің «бірегей білім беру жүйесін» құру қажет. Ол үшін 

өзге елдердің білім беру жүйесін бірегей етіп, жетістіктерге 

жеткізіп жатқан ерекшеліктерді танып-білген жөн. «Жалпы 

білім  беретін  мектептердің    оқыту  деңгейін  Назарбаев 

зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» 

деген  жалпы  білім  беретін  мектептер  интеллектуалдық 

мектептерге айналуы керек деп ұғыну – қате. Жалпы білім 

беретін мектептерде оқыту қалай жүріп жатыр деген сұраққа 

жауап  іздегеннен  кейін  елбасымыздың  айтқан  сөзінің 

тереңдігі түсінікті болады. Біз балаларға неғұрлым көп білім 

беруге тырысамыз, олардың өздігімен білім алуына жағдай 

жасау керектігін ескере бермейміз. Мұғалімдер кімнің неге 

қабілетті  екендігін  өздері  анықтап,  сол  қабілетіне  қарай 

өздері тапсырмалар дайындап, орындатады. Оқу барысында 

оқушылар  бір-біріне  әсер  етіп,  өзара  үйренісе  алатыны 

ескеріле  бермейді.  Кембридж  жүйесі  бойынша  үш  айлық 

курстың  бағдарламасын  тыңдағаннан  кейін,  балалар  білім 

алу  жолдарын  білгеннен  кейін  белгілі  бір  нәтижеге  қол 

жеткізе  алатынын  білдім.    Сондықтан  оқушыларға  білім 

алу  жолдарын  нұсқаған  жөн.  Өздері  әр  түрлі  бағыттарды, 

тәсілдерді таңдау арқылы алдына қойылған мақсатқа жетуге 

ұмтылады. Бұл оқушылардан шығармашылықты талап етеді. 

Тәжірибе  көрсететіндей,  оқушылардың  шығармашылық 

қабілетін  дамытуға  негізделген  оқыту  технологияларының 

бірі  –  оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау 

технологиясы.  Сын  тұрғысынан  ойлау  философиясының 

мәні  –  мәселенің  дұрыс-бұрысын  анықтау  деген  сөз  емес.  

Оқушылардың  сындарлы  ойлау  машығын  қалыптастыру 

дегеніміз – ерекше шешім қабылдау, өзгеше көзқарас білдіру 

деген сөз.



Оқушылардың шығармашылық қабілетін 

дамытудың ғылыми-теориялық негіздемесі

Қазақ тілін оқытуда жеке тұлғаның қабілетінің  ашылуына 

көмектесетін тәсілдерді қолдану шығармашылықпен жұмыс 

істей  алатын  балалардың  қажеттіліктерін  өтейді.  Ал  ол 

қандай тәсілдер деген сұрақ туады. Жалаң нұсқау берумен 

оқушыны шығармашылыққа жұмылдыру мүмкін бе? Жұмыс 

жүргізудің  ондай  тәсілі  ешқандай  нәтиже  бермейтінін 

түсінеміз. Сол үшін сабақ барысында оқушыны жетістікке 

жеткізу үшін, қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болатынын 

анықтап,  іс-тәжірибеге  енгізудің  жолдарын  қарастыруды 

алға  қойдым.  Осы  жұмысты  іске  асыру  үшін  «Қазақ  тілі 

мен  әдебиеті  сабақтарында  оқушылардың  шығармашылық 

қабілетін дамыту мақсатында модульдік технология негізінде 

оқытудың  әдіс-тәсілдерін  жетілдіру»  деген  әдістемелік 

тақырыпты  таңдадым.  Орыс  сыныптарына  арналған  қазақ 

тілі оқулықтары модульдер негізінде құрылған. Сондықтан 

қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуды модульдік-блоктік 

технологияға икемдеген дұрыс деп санаймын. Әр модульдің 

кіріспе сабағында сөздікпен жұмыс жүргізуді жөн санаймын. 

Кейінгі  сабақтарда  модуль  тақырыптары  бойынша 

сөйлесу жүргізіледі. Қорытынды сабақ – нәтижені тексеру 

сабағы.  Бұл  –  мазмұн  берудің  қалыбы,  яғни,  формасы.  Ал 



6

7

мазмұнның  өзі  шығармашылықты  қажет  ететін  әр  түрлі 



тапсырмалардан  құралу  керек.  Менің  ойымша,  модульдік 

технология  –  оқытудың  қалыбы  болса,  сын  тұрғысынан 

ойлау технологиясы – оқытудың мазмұны. Сын тұрғысынан 

ойлау технологиясының стратегияларын мұғалім де, оқушы 

да білу керек, яғни, оқушы алдында тек үйрену мақсаты ғана 

емес, сонымен қатар, үйренудің жолдарын білу мақсаты да 

тұрады.    Сондай-ақ,  бұл  стратегиялар  шығармашылыққа, 

ізденімпаздыққа баулиды.



Шығармашылықты қажет ететін іс-әрекетті 

ұйымдастыру

Жоғарыда айтылғандай, модульдік технология  негізінде 

құрылған сабақтардың кіріспе сабағында сөздікпен танысу 

жұмысы  жүргізіледі.  Мен  оқулықтың  әр  модулі  бойынша 

сөздік құрған едім. Сөздікпен жұмысты тиімді ұйымдастыру 

– қазақ тілі сабақтарында өте маңызды. Сөздерден сөзжұмбақ, 

белгілі бір тақырып бойынша бірнеше сөйлем құрау, сөздерге 

баламалар  табу,  синонимдік,  антонимдік  сыңарларын  табу 

деген  сияқты  тапсырмалар  беріледі.  Оқушыларға  өздері 

дайындаған тапсырмаларын сыныптастарына ұсыну ұнайды.

Мысалы,  5-сыныпта  өткізілетін    сөздікпен  жұмыс  реті 

келесідей болуы мүмкін: 

а)  оқушылар  дәптерлеріне  1  минут  ішінде  «Біздің 

Отанымыз» тақырыбы   бойынша білетін сөздерін жазады;

ә) кім қанша сөз жазғанын санап, жазу тапсырылады. 

б) ең аз сөз жазғандарға сөзжұмбақ шешу тапсырылады. 

Бұл  сөздер  модульдің  кіріспе  сабағында  оқушыларға 

таныстырылған  еді,  сондықтан  олардың  аудармасын 

оқушылар  білуі  керек.  Осындай  сөзжұмбақтарды 

өздеріне  дайындауды  тапсыруға  болады,  кейін  бір-бірінің 

сөзжұмбақтарын шешіп, сөздермен сөйлем құрайды. 

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

а



о

қ

т



с

ғ

н



м

л

р



Сөздермен  танысқаннан  кейін  көп  қолданылатын 

жұмыстың түрі – таныстырылған сөздерді пайдаланып, сөз 

тіркестерін  құрау  немесе  орыс  тіліндегі  тіркестерді  қазақ 

тіліне аударып, олармен сөйлем құрау. 7-сыныпта «Ұлттық 

тағамдар»  модулі  бойынша  жұмыс  басталғанда,  келесі 

сөздер таныстырылады:



пісір – вари;                         

қуыр – жарь;

бұқтыр – парь;                    

араластыр – смешай;

дайында, әзірле – готовь;   

тазала, аршы – чисти;

кес, тура – режь;                

ұсын – предложи;

табақ тарт – угости блюдом; 

дәм тат – вкуси;

шайна – жуй;                       

құнарлы – питательный;

 

                             



 



10 



 

 



 





 

 

 



 





 

 



 

 





 


8

9

аш – голодный;                    



тоқ – сытый;

тәбет – аппетит;              

ләззат, рахат – удовольствие;

қанағат – удовлетворение; 

күлше нан – лепешка;

кәуап – шашлык.

Бұл сөздер оқушылардың сөздік дәптеріне жазылады да, 

төмендегідей жұмыс түрлері орындалады:

а)  сөздерді  пайдаланып,  сөз  тіркестерін  құра  (сын  есім 

мен зат есім тіркесі, зат есім мен етістік тіркесі);

ә) сөздіктегі етістіктерді тұйық етістік, болымсыз етістік 

тұлғасында қолданып, олармен сөйлем құра;

б) етістіктерге ассоциация тап: қуыру – картоп, пісіру – 

сорпа, шайнау – ет, т.б.

в)  сөздерді  пайдаланып,  сұрақ-жауап  құра  (оқушылар 

бір-біріне  сұрақ  қойып,  жауап  береді,  мысалы,  «Сен  нені 

қуырасың?» «Мен ет қуырамын»)

г) сөздерді пайдаланып, «Ас» тақырыбына өзара байла-

нысты  3-4  сөйлем  құра.  Мысалы,  Мен  кәуап  пісірдім. 

Досыма кәуап ұсындым. Досым рахат алды.

2012  жылы  Т.Артықованың  авторлығымен  «Атамұра» 

баспасынан  шыққан  7-сынып  оқулығының  модульдері 

бойынша  тақырыптық  сөздік  құрастырдым.  Сөздікпен 

жүргізілген  сапалы  жұмыс  кейін  мәтін,  сурет,  жағдаят 

бойынша  берілген  тапсырмаларды  шығармашылықпен 

орындауға көп септігін тигізеді. 

Оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде оқушы шығармашылығын 

дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам 

қашан  да  дарынды,  қабілетті  адамдарға  мұқтаж  болып 

келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Қазіргі кезеңде 

мамандық  атаулының  барлығы  бейімділікті,  ептілікті, 

шапшаңдықты,  ерекше  ой  қызметін,  мол  шығармашылық 

мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп 

қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен 

бұра  білу  қабілетін  де  қажет  етеді.  Шығармашылықпен 

жұмыс  істей  алатын  адамдар  қоғам  талаптарына  тез 

бейімделе  алады,  табысқа  жетуге  мүмкіндігі  мол,  ең 

бастысы, ешкімге тәуелді болмай, дербес өмір сүреді. Ондай 

азаматтардың  өсіп-қалыптасуына  мектеп  көмектесе  алады. 

Шығармашыл,  шешімшіл,  тәуекелшіл  жастарды  тәрбиелеу 

–  тек  тіл  мен  әдебиет  пәні  мұғалімдерінің  міндеті  емес, 

сондай-ақ, барлық білім саласында жүрген қызметкерлердің 

алдында тұрған мақсат. 



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. 


Қ.Әбдібекқызы. 

«Оқушылардың 

көркем 

шығармашылық қабілетін дамыту». А., «Рауан», 1994.



2.  Қ.Қадашева.  «Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі».  А., 

«Мұрагер», 2005.

3.  Послание  Президента  РК  2014  года  «Казахстанский 

путь  –  2050:  единая  цель,  единые  интересы,  единое          

будущее».

Назира КЕКІЛБЕКОВА,

Шымкент қаласындағы 

Хамза атындағы 

№42 орта мектептің мұғалімі.

ПУНКТУАцИЯНЫ ОҚЫТУДЫң 

ЖОЛДАРЫ

Бастауыш  сынып  оқушыларының  мәтіннің  тыныс 

белгісін еркін қоюын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің 

   


   

 


10

11

пунктуациялық  іскерлігі  болуы  тиіс.  Ондай  іскерлікті 



пунктуацияны оқыту әдістемесі қарастырады. 

Бастауыш  сыныпта  пунктуацияны  оқытудың 

мақсаты 

– 

оқушылардың 



пунктуациялық 

сауаттылығын,  жазуда  тыныс  белгісін  дұрыс  қою 

іскерлігін қалыптастыру. Сауаттылық екі түрлі болады: 

толық  және  біршама  сауаттылық.  Толық  сауаттылық 

–  пунктуациялық  норманы  толық  игеру,  ал  біршама 

сауаттылық  –  пунктуациялық  ережелердің  белгілі  бір 

бөлігін игеру. Бастауыш сыныпта біршама сауаттылық 

қалыптасты.  Біршама  сауаттылық  деңгейін  оқылатын 

пунктуациялық  ережелердің  саны  мен  бағалау 

нормасының  талабы  айқындайды.  Бастауыш  сыныпта 

пунктуацияны  оқытуда:  танымдық  және  практикалық 

мақсат қойылады. 

Танымдық мақсат:

Пунктуациялық 

норманы 

меңгеру 


үшін 

пунктуациялық 

іскерлікті 

қалыптастыратын 

пунктуациялық білім қажет. Атап айтқанда: 

- пунктуациялық, тыныс белгісінің қызметін ашу;

- пунктуацияның негізгі единицасымен таныстыру;

- тыныс белгілерінің қойылу себептерін білу;

-  бағдарламадағы  пунктуациялық  ережелерді 

меңгеру.


Практикалық мақсат:

-  оқушылардың  пунктуациялық  қырағылығын 

дамыту; 

-  оқылған  ережелерге  сай  белгілерін  қоя  білуге 

үйрету;

- тыныс белгісін қойып, оны дәлелдеу;



- тыныс белгісінен кеткен қатені тауып, оны түзетуге               

үйрету.


Пунктуация:  логикалық,  синтаксистік  және 

интонациялық  ұстанымдарды  басшылыққа  алады. 

Қазіргі пунктуация негізінен семантика-грамматикалық 

ұстанымға  негізделеді.  Бұның  компоненттері  – 

сөйлемнің  мағынасы  мен  грамматикалық  құрылысы 

(А.Әбілқаев). 

Жеке  әдістемелік  ұстанымға  пунктуацияның 

синтаксистік  құрылымы  жатады.  Құрылымына  қарай 

бір сөзді (қаратпа, қыстырма сөздердің тыныс белгісі: 

Кел, балалар, оқылық), сөз тіркесі және сөйлем, мәтін 

ыңғайында  келеді.  Тыныс  белгісін  қоюда  мағыналық 

бөлшектің  морфологиялық  (одағай,  шылау)  синтак-

систік  (үш  құрамды,  сөйлемдер,  қаратпа,  қыстырма, 

бірыңғай  мүше,  т.б.)  дыбыстың,  интонациялық, 

мағыналық  ерекшелігі  (себеп,  қарама-қарсылық) 

болады. 


Тыныс  белгісі  бір  ережеге  сай  қойылады.  Әрбір 

пунктуациялық  ережеге  тыныс  белгісімен  бөлінетін 

мағыналы  бөлшек  сай  келеді.  Тыныс  белгісін 

қоюда  позитивті  және  негативті  жағдайлар  болады. 

Мысалы:  бірыңғай  мүшелердің  арасына  үтір  қойылу 

керек  (позитив)  егер  олар  шылаулармен  (және) 

байланысса,  (негатив)  қойылмайды.  Пунктуациялық 

ұғымдарға:  тыныс  белгілері,  тыныс  белгілерінің 

қызметі,  пунктуациялық-мағыналық  бөлшек,  тыныс 

белгісін  қоюдағы  белгілер,  пунктуациялық  норма, 

пунктуациялық қате жатады. 


12

13

Пунктуациялық норма - ережеге байланысты тыныс 



белгісін қою және қажет болмаса қоймау. Асан – оқушы. 

Сызықшаның  қойылуы  пунктуациялық  норма,  егер 

қойылмаса  нормадан  ауытқу.  Тыныс  белгісі  –  жазуда 

қолданылатын графикалық тәсіл. 

Пунктуациялық  қырағылық  –  сөйлемнен  тыныс 

белгіні қажет ететін мағыналық бөлшекті таба білу. Ол 

үшін жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Пунктуациялық 

қате – тыныс белгісінің дұрыс қойылмауы.

Бастауыш  сыныпта  пунктуациялық  іскерліктің 

мынадай түрлері қалыптасуы қажет:

- коммуникативтік единицаны, мағыналық бөлшекті 

(тыныс белгісін керек ететін) таба білу;

- өтілген ережеге сай тыныс белгісін қоя білу;

- тыныс белгісінің қойылу себебін дәлелдей алу,

- лепті сөйлемді жай сөйлемнен бөле алу;

- интонацияның түрін ажырата білу;

- автор сөзін басқа біреудің сөзінен ажырата білу;

- пунктуациялық талдау жасай білу.

Пунктуацияны оқытуда бастауыш сыныпта негізінен 

мұғалімнің сөзі, әңгіме, бақылау, талдау, оқушылардың өз 

бетімен жұмысы, салыстыру, ауыстыру, пунктуациялық 

талдау, т.б. әдіс, тәсілдер қолданылады. Пунктуациялық 

талдау  толық  (сөйлемдегі  барлық  тыныс  белгісіне 

тоқталу),  не  ішінара  (бір  ғана  тыныс  белгіге  тоқталу) 

жүргізілуі мүмкін. 

Пунктуациялық талдауда:

- тыныс белгісі аталады, қызметі айқындалады;

-  мағыналық  бөлшек  оқылады,  тыныс  белгісі 

қойылады. 

Пунктуациялық 

іскерлікті 

қалыптастыруда 

орындалатын жаттығудың маңызы зор. Жаттығуларға: 

көшіріп жазу (тыныс белгісін қойып), диктант (белгілі 

бір  тыныс  белгісіне  қарай)  схема  арқылы  сөйлем 

құрау,  тыныс  белгісін  қою  (құрмалас  сөйлемдер 

құрау) шығармашылық жұмыс (мазмұндама, шығарма 

жаздырту,  тыныс  белгісін  қойдыру,  себебін  айтқызу, 

мәнерлеп  оқыту,  интонациясын  дұрыс  қойып  оқу), 

техникалық  құралдарды  пайдалану  (эпидиаскоп 

арқылы  сөйлемді  тақтаға  түсіріп,  оқушыларға  тыныс 

белгісін қойдырту), т.б. жатады. 

Бастауыш  сынып  тәжірибесінде  пунктуациялық 

қатенің               үш түрі кездеседі: 

1)  тыныс  белгісін  қоймай  кету;  2)  тыныс  белгісін 

артық қою; 3) тыныс белгісінің қайсысын қоюды білмеу; 

Оның себептері:

- пунктуациялық нормасын білмеу;

- мағыналық бөлшектің белгілерін білмеу;

- сөйлемге синтаксистік талдау жасай алмау;

- тыныс белгісінің қызметін білмеу; т.б.

Тыныс белгісінен кеткен қатені есепке алу. Оқушының 

дәптері тексеріліп, қате кеткен жердің асты сызылады, 

дәптердің  шетіне  белгісі  қойылады.  Оны  не  мұғалім 

түзетеді  (егер  өтілмеген  ережеге  байланысты  болса), 

немесе,  оқушы  өзі  ізденіп  түзетеді.  Тыныс  белгісінен 

жіберілген қатені есепке алу мұғалімнің тиімді жұмыс 

істеуіне мүмкіндік береді. Мұғалім жалпы сыныпқа тән 

қателерді бір бөлек, жеке оқушының қатесін бір бөлек 

тізеді. 


Пунктуациялық  қатемен  жұмысты  мұғалім  алдын-

ала  жоспарлайды.  Ол  мынандай  элементтерде  тұруы 



14

15


Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет