«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2.63 Kb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата06.05.2017
өлшемі2.63 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1.  Қызығушылықты  ояту.    «Қазақфильм»  киносту-
диясында  Әмен  Хайдаровтың  басшылығымен  түсірілген 
«Ақсақ құлан»  мультфильмін көрсету.     
2. Мағынаны ашу. 
 «Ақсақ құлан, Жошы хан» аңызы туралы. Мультимедиа-
лық проектор арқылы күйдің айтқанын тыңдату. 
Шыңғыс хан мен оның ұлы Жошы туралы не білеміз?
(Слайд арқылы мәліметтер беру)
Күйші және күй құдіреті (Слайд арқылы ХІІ-ХІІІ ғасырда 
өмір  сүрген,  тарихта  болған  белгілі  күйші,  жырау  болған 
Кетбұғы туралы айту). 
Жаңа  білімді  бекіту.    Өтілген  материалдар  бойынша 
пысықтау сұрақтары.
1. Аңыз әңгіме сендерге ұнады ма? 2. Басты кейіпкерлер 
кімдер?  3.  Сендерге  қай  кейіпкер  ұнады?  Неге?  4.  Қай 
кейіпкер ұнамады? 
Кейіпкер моделін құрастырып көрейік
Кейіпкер
Іс-әрекеті
Бойындағы
 қасиеті
Халық ойы немесе 
соңғы түйін
Шыңғыс хан
Жошы хан
Венн диаграммасы бойынша қорытындылау.  
Ертегі мен аңыздың ұқсастығы, өзіндік ерекшелігі.
Ертегі 
Екеуі де
Аңыз әңгіме
Оқушылар  күнделікті  өмірде,  тұрмыста  естіп  жүрген  
аңыз  әңгімелерді  еске  түсіріп,  берілген  тапсырмалар  мен 
сұрақтарды мұқият тыңдай жауап береді.
Үйге  тапсырма: мәтінді түсініп оқу; Кетбұғы күйшіге 
мінездеме беру. 

112
Гүлнар СЛАНОВА,
Атырау облысының 
Қызылқоға ауданындағы
«Қарабау» орта мектебінің мұғалімі.
ЕСІМДІКТЕН ӨТКЕНДІ   
ҚАЙТАЛАУ
(7-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділігі –  есімдіктен   өткенді
пысықтау, жинақтау; тәрбиелігі – баланың қызығушылығын 
арттыра  отырып  адамгершілік  тәрбиесін  беру;  дамы-
тушылығы  –  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  ықпал 
жасау. 
Түрі:  аралас  сабақ.  Әдісі:  сұрақ-жауап.  Көрнекілігі: 
«Табиғат»  көрінісіне  арналған  плакаттар,  үлестірмелі 
кәртішкелер, балық, аңдар, т.б. суреттері.
Сабақтың жүрісі.
Ұйымдастыру.
Үй  тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
Кейбіреулер 
біздің 
«Қызыл 
кітапқа» 
енген 
балықтарымызды  қүртуда.  Балықтары  ауға  түсіп  қалған 
екен. Соларды өз мекеніне жіберіп құтқаруымыз керек.
№1. Есімдік деген не? Олардың түрлену жолдары.
№2. Өздері сөзіне сатылай кешенді талдау жаса. 
№3. Сіздер сөзіне математикалык талдау жаса.
Мына  андар  кейбір  адамдардың  әрекетінен  кейін 
орманнан  безіп  кеткен  екен.  Оларды  орманына  жіберуіміз 
керек.
1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік. 
2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды.

113
   
   
 
3. Көпшіл және көңілшек,
    Ештемені бөліп жармайды.
    Көпшілік ұғым беріп,
    Көпшілікті қармайды.
4. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты,
Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі болып 
тұра қалыпты
Қазіргі 
табиғаттың  түрлі  құбылыстарына  байла-
нысты тұрғьн үйлер құлап, халық кей жерлерде баспанасыз 
қалуда.  Сол  үшін  үй  тұрғызуымыз  керек.  Ол  үшін  газет-
жұрналымыздың кеңесіне құлақ түрелік.
1. Атырау жариялар әділетін, 
    Оқыған оқырмандар бас иетін. 
    Есімдік қандай түрге бөлінеді, 
    Ал, көрсет біліміңнің касиетін.
2. «Жас алаш» алсаң егерде, 
     Білімің толар кемерге. 
     Сөзжұмбақты шешсең егер, 
     Сөз табының бірі болар.
Қорытындылау.
1. Жіктеу есімдігі.
2. Сілтеу есімдігі.
3. Сұрау есімдігі.
4. Өздік есімдігі.
5. Белгісіздік есімдігі.
6. Болымсыздық есімдігі.
7. Жалпылау есімдігі.
                                              
                                                                                                                                 
   
Е 
 
 
 С 
 
 
 
 
 
 
 
 М 
 
 
 
 
 
 Д 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 К 
 
 
 
    

114
Айнұр ӘЛШЕРІ, 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Отырар ауданы.
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Сабақтың мақсаты: а) Сәкен шығармашылығын талдау 
арқылы  оқушылардың  шығармашылығын  тиянақтау;  ә)  өз 
ойларын қорытып, тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, 
түсініктерді  дәйек  сөздермен    дәлелдеуге  жаттықтыру,  ой 
жиілігін,  сөйлеу  шеберлігін  дамыту;  б)  өміртануға,  үлкен 
арманға, эстетикалық идеяға тәрбиелеу.
Түрі:  дәстүрлі  емес.  Типі:  білімді  бекіту.  Әдіс-тәсілі: 
топтық, жұптық, жеке, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары. 
Көрнекілігі:  жазушы  портреті,  суреттер,  ақпараттық 
құрылғылар, таратпа материалдар. Пәнаралық байланыс: 
тарих, саз, информатика.
Сабақтың барысы. 
Ұйымдастыру.
Біз  өткен  сабақта  Сәкен  Сейфуллиннің  өмір  жолы, 
шығармашылығымен толық танысқанбыз. Бүгінгі сабағымыз 
Сәкен  шығармашылығын  талдап  қорытындылауға  арнала-
ды.  Бұл  сіздердің  тараптарыңыздан  тапқырлық,  жүйріктік, 
білгірлікті қажет етеді. 
«Бұрын атым тұлпар еді бәйге көк, 
Енді, міне, пойыз болды, тұлпар жоқ»,- дегеніндей, қазір 
мына  пойыз  вагондарындағы  тапсырмаларды  орындап, 
Сәкен  Сейфуллин  шығармашылығын  әбден  терең  талдап, 
өзіміздің білім деңгейімізді байқатамыз.

115
І  аялдама  –  «Таныстыру».  Әр  топ  өз  тобының  атын 
таныстырады.
ІІ  аялдама  –  «Өткен  күндер».  «Сөздер  сөйлейді» 
стратегиясы бойынша әр топқа тапсырма беріледі. 
1)  Ағадыр  1894.  2)  Сәкен,  студент  оқытушы.  3)  Вагон.     
4) Өлең оқу.
ІІІ аялдама – «Дауылды ақын».
1-тапсырма. Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
                       Жеке, топпен, жұппен жұмыс істейді.
Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,
Басына шықсаң-дағы оғың жетпес.
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан 
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.
               ***************
Сары алтын Көкшетаудың ерте кеші. 
Тау мен күн сүйіскендей еркелесіп.
Суретті шежіресі өткен күннің,
Сілекей ағызады ертегісі.
2-тапсырма. Венн диаграммасы. 
Сәкеннің «Көкшетау» поэмасы мен Мағжанның «Батыр 
Баян» поэмасын салыстыру.
3-тапсырма.  Терминдер  арқылы  болжау.  Өлең  жолда-
рынан троптың түрлерін табу. 
Арқада бір жер бар еді,
Жібек самал саясы.
Саяда бір көл бар еді,
Сырлы кесе аясы.
        *********
Маржан құмы, күміс суы,
Көл еді кең айнадай.
Көлдің басы ертелі-кеш
Мың құбылған ән еді. 

116
   
   
 
Екі ғашық ертегідей
Көлдің көркі сән еді. 
4-тапсырма. Өлең құрылысына талдау.
Сыр сандықты ашып қара, 
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара, 
Басып қара, жырласын!
         ********
Досыңмын деп ант береді
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос санама.
ІV аялдама – «Сәкен прозасы».
1. «Жұбату» әңгімесі. 2. «Жер қазғандар» повесі. 3. «Тар 
жол,  тайғақ  кешу»  романы.  4.  «Бандыны  қуған  Хамит» 
әңгімесі.
V аялдама – «Сәкен – драматург».
1. «Қызыл сұңқарлар». 2. «Бақыт жолында». 
VІ аялдама – «Сәкен – сазгер». 
Әндерін орындау.
VІІ аялдама – «Сәкен туралы ойтолғау».
1. Сәкен – лирик. 2. Сәкен – прозаик. 3. Сәкен – драмашы. 
4. Сәкен – сазгер.
Бағалау.
Қорытындылау. ББЖ стратегиясы бойынша 
Білемін
Білдім
Үйренгім келеді

117
Гүлнар КЕНДІРБЕКҚЫЗЫ,
Алматы қаласындағы
№43 жалпы білім беретін 
мектептің мұғалімі.
«БОРАН» ӘңГІМЕСІ
(3-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  Мұхтар  Әуезовтің 
«Боран»  әңгімесінің  мазмұнын  түсіндіру,  автор  туралы 
мағлұмат  беру;  білімділігі  –  қыста  ауа  райындағы 
өзгешеліктерді  айта  отырып,  басқа  жыл  мезгілдерімен 
салыстыру,  мәнерлеп  оқу  дағдыларын  қалыптастыру; 
дамытушылығы  –  оқушылардың  тіл  байлығын 
дамыту,  сөздік  қорын  молайту,  байланыстырып  сөйлеуге 
машықтандыру;  тәрбиелігі  –  оқушыларды    табиғатты 
қорғауға, аялауға тәрбиелеу, эстетикалық әсемдікке баулу.
Көрнекілігі: қыс мезгілінің суреті, Абай мен Мұхтардың 
портреті,  жұмбақтар,  дидактикалық  материалдар.  Әдісі: 
сұрақ-жауап,  түсіндіру,  әңгімелеу.  Түрі:  аралас  сабақ. 
Пәнаралық байланыс: сурет, ән, әдебиет, табиғаттану.
Сабақтың жүру барысы.
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. «Сөзжұмбақ» шешу.
-  Оқушылар,  бүгін  жаңа  сабақты  бастамас  бұрын 
мына  сөзжұмбақты  шешелік.  Мұның  шешуі  бүгінгі  жаңа 
сабағымыздың тақырыбы болады.
1. Қуып едім мойнын бұрмады,
    Ұстайын деп едім қолға тұрмады.
2. Шапса жұбын жазбайды,
    Бір-бірінен озбайды.

118
3. Аппақ-аппақ ақ мамық,
    Жерде жатыр тапталып.
4. Қолы жоқ, сурет салады,
    Тісі жоқ, тістеп алады.
5. Қыста зымырайды,
    Жазда тынығады.
Жаңа сабақ.
-  Сонымен,  оқушылар,  бүгін  біз  Мұхтар  Әуезовтің 
«Боран» әңгімесімен танысамыз. Дәптерлерімізді ашып, осы 
тақырыпты жазамыз.
1. Кіріспе әңгіме.
Мұхтар  Әуезов  1897  жылы  дүниеге  келіп,  1961  жылы 
дүниеден өткен. Оның көптеген әңгімелері бар. 
(Тақтаға қыс мезгілі бейнеленген сурет ілінеді).
«Боран» әңгімесін оқушыларға түсіндіремін. 
Кітаппен жұмыс. - Оқушылар кітабымызды ашып, осы 
Мұхтар Әуезовтің «Боран» мәтінін оқиық. 
Өзім оқушыларға оқып беремін. Содан соң оқушыларға 
кезекпен оқытамын.
Өлең оқу.
-  Оқушылар,  «Боран»  әңгімесінде  Мұхтар  Әуезов  кім 
туралы айтады?
- Абай Құнанбайұлы туралы.
- Абай кім еді?
     
Б  о  р  а  н 
к  О  н  ь  к  и 
қ  а  Р 
А  я  з 
ш  а  Н   а 
 

119
- Абай – ақын, жазушы, сазгер.
- Бұл әңгімеде қай жыл мезгілі туралы сөз болады?
- Қыс мезгілі.
- Ал, қыс мезгіліне байланысты кім қай ақынның өлеңін 
оқып береді?
Топ бойынша жұмыс.
Мына  өлең-жұмбақты  оқимын,  сендер  жауабын 
шешесіңдер (әнімен айтылады).
Бұл қай кезде болады?
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып
Балдырғандар ойнайды...
I, II топ оқушылары қыс мезгіліне байланысты «Қаһарлы 
қыс» тақырыбына шағын әңгіме жазады.
III  топ  оқушылары  «Қыс  келді»  тақырыбына  сурет 
салады.
Жақсы жазылған шығармаларды оқушыларға оқытамын.
III топтың жұмысын тексеріп, жақсы салынған суреттерді 
оқушыларға көрсетемін.
Жаңа сабақты бекіту (анкеталық сұрақтар арқылы)
- Оқушылар, енді «Боран» әңгімесі бойынша сұрақтарға 
жауап берейік.
1. Әңгімеде жазушы боранды қалай суреттейді?
2. Боранның күшейе түскенін қай сөйлемдерінен білуге 
болады?
3. Әңгіменің соңғы екі сөйлемін қалай түсінесіңдер?
Үйге  тапсырма:  «Боран»  әңгімесінен  түсінгендерін 
айтып келу.
   
   
 

120
Зәуре САТЫБАЛДИНОВА,
Розыбакиев атындағы 
орта мектептің мұғалімі.
Алматы облысы,
Панфилов ауданы,
Пенжім ауылы.
ТІЛ ҰСТАРТУ: «БЕРМЕГЕНДІ 
БЕРІП ҰЯЛТ»
(7-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  1)  әр  оқушының  өзін  жеке  тұлға 
ретінде  тануына  жол  ашу,  өз  ойын  еркін  айтуға  үйрету, 
ынтымақты  қарым-қатынас  негізін  қалау;  2)  ақпаратты  өз 
бетінше  меңгеруге,  белсенді  шығармашылықпен  ойлауға, 
бір-бірінің  пікірін  тыңдауға,  бір-біріне  құрметпен  қарауға 
тәрбиелеу;  3)  оқуға  деген  жауапкершілігін  арттыру, 
ойлау  және  сөйлеу  тілін  дамыту,  байқампаздыққа  баулу.
Түрі:  жаңа  білімді  меңгерту.  Тегі:  топпен  жұмыс.  Әдісі: 
психологиялық  дайындық,  ұжымдық  оқыту.  Көрнекілігі: 
үлестірмелі тапсырмалар, мәтін жазылған текшелер, топтың 
реті жазылған төсбелгілер, аспан әлемі бейнеленген плакат. 
Технологиясы:  сын  тұрғысынан  ойлау.  Пайдаланылған 
әдебиеттер:  1)  М.Қойшыбаева,  С.Баймұханова.  Мазмұн-
дамалар жинағы (А., 2003, 37-бет); 2) Оқушылардың көркем 
шығармашылық  қабілетін  дамыту  (А.,  «Рауан»,  1994);  3) 
Интернет материалдары (Джиксо әдісі туралы).
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру. Қызығушылықты ояту  
(Тақтаға аспан әлемі бейнеленген плакат ілінеді).
- Қане, балалар, бәріміз көзімізді жұмып, бір сәтке аспан 

121
әлемінде шарықтап ұшып  келе жатқандай сезінейік. Айнала 
сондай  керемет!  Ғаламшарлар  әлемі  қызық  пен    құпияға 
толы. Енді көзімізді ашайық.  Бүгінгі сабағымыз дәл сондай 
биіктен көрінсін. Ол үшін бар ынтамызды сабаққа аударайық.   
Ұжымдық  оқыту  әдісі  бойынша  алдымен  сынып 
оқушыларын  5  адамнан  тұратын  топтарға  бөлемін.  Бұл 
«Отбасы»  тобы  деп  аталады.  Содан  кейін  «1,2,3,4,5»  деп 
санау  арқылы  1-лер  бөлек,  2,3,4,5-тер  бөлек    өз  алдына 
«Жұмыс» тобын құрайды. 
2.  Мақсат  қою.  Бүгінгі  сабағымызда  «Отбасы»    және 
«Жұмыс»  тобында  тапсырмалар  орындаймыз.  «Жұмыс» 
тобында  мәтіннің  тиісті  бөлігін  жақсы  меңгеру  керек. 
Өйткені  сол  бөлікті  «Отбасы»  тобында  оқушыларға 
түсіндіруге жауапты боласыңдар. 
3. Жаңа тақырыпты меңгерту. Сабақтың басында 5 топқа 
бөліндік. Сендерге «Бермегенді беріп ұялт»  тақырыбында 
мәтін  ұсынылады.  Мәтін    логикалық  5  бөлікке  бөлінген. 
Мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар,  3,4,5 
бөлігін осы сандарға сәйкес топтар алып оқиды. 
Бермегенді беріп ұялт 
№1 логикалық бөлік
Шешесі  Жомартбектің  қолына  аузы  желімделген  бір 
конверт ұстатты да:
-  Осыны  Қаратал  ауылындағы  Зияда  апайыңа  апарып 
кел,- деді.
-  Жарайды,-  деді  де,  Жомартбек  конвертті  екі  бүктеп, 
шалбар қалтасына салып алды.
Шешесі жұмысына кеткен соң ол велосипед іздеп көшеге 
шықты. Ойланып келеді. Бұлардың өз ауылы Теректі қаладан 
қашық,  он  бес  шақырым  жерде.  Ал  Қаратал  –  қаланың 
жанындағы  үлкен  ауыл.  Сонда  тұратын  шешесінің  сіңлісі 
Зияда  –  кәсіпкер,  арасында  шетелге  де  барып  жүр.  Таяуда 
Түркияға  кеткелі  жатыр  екен.  Шешесі  соған  байланысты 

122
хатында бір өтініш айтқан шығар...
№2 логикалық бөлік
Ойда-жоқта  алдынан  Есіркеп  шыға  келді.  Екеуінің 
қарым-қатынасы жақсы еді. Одан ештеңе алмаса да, талай 
рет сұраған затын бергені Жомартбектің есінде. Алғаш рет 
өтініш  жасаудың  реті  келіп  тұр.  Осыдан  жарты  сағаттай 
бұрын Есіркептің велосипедімен көшеде кетіп бара жатқанын 
терезеден көріп еді.
-  Есіркеп,  қалаға  барып  қайтуға  велосипедіңді  бере 
тұршы.
- Өзіңде бар емес пе?
-  Білмеуші  ме  ең?  Қоймай  сұрап  алып,  Құттыбек  мініп 
кетті ғой. Сонау Балбұлаққа нағашыларына мініп кетті.
- Қап-п !
- Не болып қалды?
- Кешеден бері менің де велигім сынып жатыр.
№3 логикалық бөлік
Жомартбек оның беті шылп етпей өтірік айтып тұрғанына 
қатты таңданды. Сынғанына өкініп, даусы дірілдеп, досына 
жаны  ашып  тұрғандай  түрі.  «Мана  көшеде  велигіңмен 
зымырап  жүргеніңді  көріп  едім  ғой.  Сонда  кеше  сынғаны 
қалай?»  деген  сөз  тіл  ұшында  тұрса  да,  Жомартбек 
сыпайылық сақтап оны айтпады.
-  Е,  онда  жарайды.  Басқалардан  сұрастырайын,-  деді, 
екеуі екі жаққа кетті.
№4 логикалық бөлік
Жомартбек содан кейін төрт балаға жолығып велосипедін 
сұрап көрді. Төртеуі де берген жоқ. Екеуі «Өзіме керек» деп, 
қалған екеуі «Сынып қалды» деген сылтау айтты.
Солардың  жаман  қылығы  мен  сараңдығына  ыза  болған 
Жомартбек  барлығына  қолын  бір  сілтеп,  он  бес  шақырым 
жердегі Қаратал ауылына жаяу тартып кетті.
Жаяу  жүріп  шаршап  қалған  Жомартбек  ертеңіне 

123
әдеттегіден кеш тұрады, шайын ішкен соң үй ішін жинастыра 
бастады. Жалғыз өзі. Әке-шешесі жұмыста.
№5 логикалық бөлік
Күтпеген  жерден  Есіркеп  жетіп  келді.  Өзі  көңілді. 
Кешегі  оқиға  көңіліне  дақ  салған  Жомартбек  салқын 
амандасса  да,  сыныптасы  түк  болмағандай  мәз-мейрам 
болып  сөйлеседі.  Сөйтсе,  атақты  Ермек  Серкебаевтың  
әндері  жазылған  ленталарын  сұрай  келіпті.  Магнитофонға  
көшіріп  жаздыратынын,  қолма-қол  әкеп  беретінін  екі-үш 
рет қайталап айтты. Жомартбек оған тесіле қарап еді, досы 
кешегі  оқиғаны  есіне  алғандай  көзін  төмен  түсірді.  Өтірік 
айтқанынан  қысылғаны  ғой.  Әйтеуір  мүлдем  ұятсыз  емес 
сияқты.    Кешегі  реніші  әлі  тарқай  қоймаса  да,  Есіркепке 
сұраған затын  берейін деді. « Бермегенді беріп ұялт» деген 
бар емес пе?
4. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру.  «Жұмыс» тобын-
да  мәтіннің  тиісті  бөлігін    меңгеріп  келген  оқушылар 
«Отбасы»  тобына  қайта  оралып,  өз  топтарына  мәтінді 
меңгеруге көмектеседі (Алдымен жұпта, сонан соң ұжымда 
талқылайды).
«Екі жақты түсіндірме күнделік» әдісі
Мәтіннің қатты әсер 
еткен тұсы
   Менің пікірім
Мәтіннің әсер еткен 
үзінділерін жазу
Нені еске түсіреді?
Себеп-салдары қандай?
Қандай сұрағың бар?
Әр  оқушы    мәтінмен    танысып,  күнделікті  толтырып 
біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. 
Пысықтау сұрақтар:
1.  Сіздің  ойыңызда  не  сақталып  қалды?  2.  Автор 
оқырманды  қалай  қызықтырады?  3.  Кейіпкерлердің  іс-
әрекетін  қалай  бағалайсыңдар?  4.  Өз  досың  үшін  қимас 
затыңды бере аласың ба? 5. Есіркептің істеген ісі дұрыс па? 6. 
Жомартбек қандай бала, сипаттама беріңдер. 7. Осы сыныпта 

124
   
   
 
нағыз достар бар ма? 8. Сенің басыңнан дәл осындай оқиға 
өтті ме? 9. Досыңнан көңілің қалған сәттер болды ма? 10. 
Нағыз достың бойында қандай қасиеттер болу керек ?
5. Жаңа сабақты бекіту.  «Еркін жазу» әдісі.
«Нағыз  дос  деген  кім?»  ,  «Доссыз  өмір  –  тұзсыз  ас» 
тақырыптарында эссе жаздырту.
 Эссе жазар алдында «Алтын ережелермен» таныстыру.
1. Айналаға ғашық көзбен қараңдар.
2. «Дос» деген ұғымның тереңіне бойлаңдар.
3. «Қарасазым» әніндегідей тарихта қалған Мұқағали мен 
Еркіннің достығын елестетіңдер.
4. Менің қолымнан бәрі келеді деп есептеңдер.
5. Біз бағындырмайтын белес жоқ  екенін ұмытпаңдар.
Венн  диаграммасы.  Мәтіннің  негізгі  кейіпкерлері  –  
Жомартбек пен Есіркепке салыстырмалы мінездеме беру.
Рефлексия.  Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Қандай әсер алдыңдар?
- Өз әсерлеріңді мына жұлдызшалар арқылы білдіріңдер.
Егер  сабақ  ұнаса,  қызыл  жұлдызды  аспан  әлеміне 
іліңдер.  Егер  сәл  түсінбеген  жерлерің  болса,  сары  жұлдыз 
іліңдер. Егер сабақ мүлдем ұнамаса, күлгін түсті жұлдызды 
таңдаңдар.
6.  Баланың  білімін  бағалау.  Оқушыларды  пікір 
талқысына  сала  отырып,  сабаққа  қатысқан  1,2,3,4,5 
топтардағы әр баланы бағалау.
7.  Үйге  тапсырма:  «Менің  досым»  тақырыбында 
шығармашылық жұмыс (өлең шығару, әңгіме жазу, ойтолғау, 
т.б.).

125
А.БЕЙСЕНБАЕВА,
Астана қаласындағы 
№8 орта мектептің мұғалімі.
ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ.                  
«КӘРІ ҚЫРАН»
(7-сынып)
Сабақтың  мақсаты:    1)  жазушының  өмірінен  мәлімет 
беру,  өлеңнің  көркемдік  мазмұнын  ашу,  бүркіттің  өзіндік 
қасиеттерін  таныту;  2)  оқушылардың  еркін,  тиянақты, 
білімді  сөйлеуін,  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілеттерін 
дамыту; 3) оқушыларды қыран құстың бойындағы тектілік 
қасиеттерден үлгі алуға тәрбиелеу.
Түрі:  аралас  сабақ.  Әдісі:  баяндау,  талдау,  салыстыру, 
сындық  ойлау,  деңгейлік  тапсырма.  Көрнекілігі:  сурет, 
кітаптар,  сызба,  кеспе  қағаздар,  жұрнал,  қосымша 
әдебиеттер.  
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығы мен 
қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Қалихан Ысқақ. «Қоңыр күз еді».
1. Кесте бойынша кейіпкерлерге қысқаша сипаттама беру.
Қасым мен беймәлім автордың кездесе алмау себебі не? 
Шығармадағы күз сипатының сыры неде?
Кейіпкерлерді талдау кестесі
Кейіпкер 
Негізгі 
(басты) 
кейіпкер
Орталық 
кейіпкер 
Қосымша 
(көмекші) 
кейіпкер
Ұнамды 
кейіпкер
Ұнамсыз 
кейіпкер
Қасым 
Алматай 

126
Жарық 
жұлдыз 
(Қомшабай)
Алтын
Қаламтай 
Маймұрын)
Бүкір 
ІІІ. Үй тапсырмасын жүйелеу, қорытындылау.
ІV. Жаңа сабақ.
Қадыр Мырза Әли. «Кәрі қыран» өлеңі.
Кіріспе сөз.
а) Ақын өмірінен қысқаша мәлімет беру.
ә) Оқушыларды Зейнолла Қабдолов сөзімен таныстыру.
2. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Не  білеміз?  «Қыран»  сөзінің  мәні,  қыран  туралы 
білімдерін байқау.
3. Мұғалімнің сөзі. Қыран туралы мәлімет.
Қыран туралы халықтық ұғым (тотемдік сипаты)
Қыран – бәйтерек – адам болмысы
Мұхтар Шахановтың «Қыран тағдыры», «Барселона әуе-
жайындағы сұңқарлар» өлеңдерімен таныстыру.
4. Мағынаны тану.
«Кәрі қыран» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру, 
өлеңдегі қыран бейнесін ашу.
Деңгейлік тапсырмалар (Оқулықпен жұмыс)
□ ○ Венн диаграммасы (қасиет)
                                        
 
                                          Қыран
 
 

127
   
   
 
◊  Венн диаграммасы (қимыл-әрекет)
                                      Кәрі қыран
☼  Еркін жазу стратегиясы
Қыранша өмір сүргенің –
Қандай бақыт!
Қандай бақыт –
Қыранша өле білген!
Өлең  жолдары  бойынша  өз  ойы  мен  пікірін  жазу. 
Оқушылардың тапсырмасын тексеру, жауаптарын тыңдау.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ

жүктеу 2.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет