«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2.63 Kb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата06.05.2017
өлшемі2.63 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жүргізуші:  -  Поэзия  халықтың  рухын  көтереді.  Қасым 
поэзиясынан  халық  жанының  батырлығын,  жомарттығын, 
алғырлығын  мол  табамыз.  Бұл  поэзияның  тәрбиелік  күші 
де – көбінесе, осы жағында. Қасымның мейлінше жалынды, 
лепті, сыршыл поэзиясы – әр ұрпақтың да көңіл серігі бола 
алатын, ұзақ жасайтын поэзия.
«Дүниеге келер әрі талай Қасым» деп ақын өзі жырлап 
кеткендей,  Қасымның  бүгінгі  ұрпақтарының  жалынды 
жырларына құлақ түрейік.
(Слайдқа  ақын  суреті  шығады.  Сахна  сыртынан  бір 
оқушы «Дүниеге жар» өлеңін тебірене оқиды).

98
Ұлбөпе ӘБДІБЕКОВА, 
Шоқан Уәлиханов атындағы
«Әулиекөл» орта мектебінің мұғалімі
.
Қостанай облысы, 
Әулиекөл ауданы.
ҚАЗАҚТЫң ДАРА ТУҒАН               
ДАНАСЫ 
(Үйірме жұмысындағы поэзия кеші, 5-9-сыныптар)
Мақсаты: Абай әндері мен өлеңдерін үйрету, поэзияны 
сүюге баулу, көркемсөз оқу шеберліктерін арттыру. 
Көрнекілігі:  «Абай  –  ұлы  тұлға»  газеті,  Абайдың 
өлеңдер  жинағынан  кітап  көрмесі,  Абай  портреті,  ақын-
жазушылардың,  зерттеушілердің  ақын  туралы  пікірлері, 
«Абай» энциклопедиясы.
Кеш барысы.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! 
«Қалың  елім  қазағым,  қайран  жұртым»  деген  қазақтың 
біртуар ұлының бірі, әдебиет алыбы – Абай. Қазақ халқының, 
мәдениетінің, әдебиетінің дамуында ақын есімі ерекше орын 
алады. 
Абай  –  бар  халықты  талантына  бас  идірген  ақын, 
гуманист. Дәл осы уақытта біздің арамызда өзі жүрмесе де 
оның өлеңдері, қарасөздері, әндері жүр... 
1-жүргізуші:  -  Құрметті  ұстаздар,  оқушылар,  бүгінгі 
кешке  қатысушы  қонақтар!  «Қазақтың дара туған  данасы» 
атты  Абай  Құнанбайұлына  арналған  поэзиялық  кешімізді 
ашуға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Абай, Абай, ұлы Абай, дана Абай,
                         Дана Абайым – қасқайған нән қарағай.
                         

99
      Қазағымның бұйырыпты бағына
      Ғасырда бір туатын дарам-ай!
1-жүргізуші:  -  Ұлы  Абай  есімі  бәрімізге  жақсы  таныс. 
Ағартушы,  ақын,  сазгер,  аудармашы  Абай  Құнанбайұлы 
өмірінің  соңына  дейін  қазақ  халқының  жарқын  болашағы 
үшін  күресті.  Артында  қалдырып  кеткен  аса  құнды 
мұраларында  Абай  адам  бойында  кездесетін  жаман  мінез- 
құлықтарды сынады және адамдықты, ақыл мен білімді алға 
қойды.  Сонымен  қатар  басқа  халықтардың  мәдениеті  мен 
өнерін білуге шақырды.
2-жүргізуші: - Парасатты болып туған –
                          Шыңғыстаудың Абайы.
                          Ән мен жырын мұра қылған -
                          Сарыарқаның Абайы.
                          Нақылымен сана құйған –
                          Қазағымның Абайы.
                          Ақылымен дана болған –
                          Бүкіл әлем Абайы!
1-жүргізуші:  -  Абайдың  ақындық  жолға  бет  бұрған 
кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды: 1885 жылғы жазған 
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі. Ол өз өкінішін 
білдіре отырып, жастарды ғылым-білім үйренуге үндеді.
Ал 1886 жылы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жазған 
еді  (Екі өлеңі де жатқа оқылады).
2-жүргізуші:  -  Ел  билеуші  болыс,  билердің,  орыс 
шенеуніктерінің  еңбекші  халыққа  жасап  отырған  зорлық-
зомбылығын,  әділетсіздігін  көріп  өскен  Абай  олардың 
озбырлығын мінеп бірнеше өлеңдер шығарды. 
  1-жүргізуші:  -  Абай  әншілік,  сазгерлік  өнерді  де  аса 
жоғары бағалаған. Абайдың өзі шығарған 20 шақты әндері 
бар.
Ән  –  көңілдің  ажары.  Жүректің  мұң-шерін,  қуаныш-
қайғысын  ән  әуені  арқылы  тарқатуға  болады.  Абай  әні  – 

100
«Желсіз түнде жарық ай». 
2-жүргізуші: - Құлақтан кіріп, бойды алар
                          Әсем ән мен тәтті күй.
                          Көңілге түрлі ой салар
                          Әнді сүйсең, менше сүй!
Абайдың «Сегіз аяқ» әні.
1-жүргізуші:  -  Абай  әндері  өзінің  терең  сырлы, 
әсемдігімен  көптеген  сазгерлердің  шабытын  оятып, 
қиялдарын ұштап келеді.
(«Көзімнің қарасы» әні).
2-жүргізуші: - Көп адам дүниеге бой алдырған,
                          Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
                          Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, 
                          Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
(«Өлсе  –  өлер  табиғат,  адам  өлмес»  өлеңі  жатқа 
оқылады).
1-жүргізуші: 
- «Жүректен тербеп» жан сезімін талайдың,
    Оятқан жұмбақ, әлемі-теңіз Абайдың.
    Бар қазақтың кемеңгер асыл ұстазы,
    Данышпан – Абай, жырымыз – Абай, Абай – мұң.
   («Сап-сап көңілім, сап көңілім» өлеңі жатқа оқылады).
1-жүргізуші: - Асыл сөзді іздесең,
                          Абайды оқы, ерінбе.
                          Адамдықты көздесең,
                          Жатқа тоқы көңілге.
(«Жігіт сөзі» өлеңі жатқа оқылады). 
2-жүргізуші:  -  Абай  ақындықты  ерекше  бағалаған, 
құдірет тұтқан. Өлеңге басқа тілден орынсыз сөздер енгізуге, 
тіл шұбарлауға қарсы болды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз 
сарасы»  өлеңінде  ақындық  өнерге  ерекше  ден  қойып,  аса 
жоғары бағалағаны байқалады. 
  («Өлең  –  сөздің  патшасы,  сөз  сарасы»  өлеңі  жатқа 

101
оқылады).
1-жүргізуші:  -  Абай  «Жауыздықты  ізгілік  жеңеді»  деп 
қорытынды жасаған. Оны «Ескендір» поэмасынан байқауға 
болады. 
(«Ескендір поэмасы»  жатқа оқылады).
2-жүргізуші: - Абайды айтсақ түседі еске Шәкәрім,
                          Қазақ әніне теңгере алмаған жат әнін.
                          «Абайға барып ақыл-кеңес алалық»
                         Деп жалғастырған Абай жолымен сапарын,- 
деп өз ойын мектебіміздің оқушысы Арман Марат жырлаған.
(«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні орындалады).
1-жүргізуші: - Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
                          Жыр жазғанмын Абайдың үлгісімен.
                          Абай болып табынсам бір кісіге,
                          Абай болып түңілем мың кісіден, - 
деп Мұқағали Мақатаев  айтқандай, енді, оқушылардың өз 
шығармашылығын тыңдайық.
(Мектеп  оқушыларының  «Ұлы  Абай»,  «Абай  атаға», 
«Қазақтың  ірісі  –  Абайдың  інісі»,  «Адамзатқа  танытқан 
қазағымды» өлеңдері жатқа оқылады).
2-жүргізуші: - Абай біздің - Кемеңгер, 
                          Теңдесі жоқ, асқар биік шыңымыз,
                          Ақ ниетті әділетшіл шынымыз,
                          Асыл қазына, ашылмаған сырымыз,
                          Таусылмайтын мәңгі-бақи жырымыз!
                                                                (Арман Марат)
Қорытынды.  Жыл  сайын  Абай,  Шәкәрім  оқуларына 
мектепішілік, аудандық, облыстық байқауларға мектебіміздің 
«Сөз асылын іздесең» үйірме мүшелері қатысып өнерлерін 
шыңдауда.  Алдағы  уақытта  Абайды  оқуды  жалғастырып 
үйренеміз.  Абай  жаққан  сәулені  алаулатуға  өз  үлесімізді 
қосып атсалысамыз.

102
Рзагүл ӨТЕУЛИЕВА,
Маңғыстау облысының
Бейнеу ауданындағы
М.Бегенов атындағы
орта мектептің мұғалімі.
«СӨЗМЕРГЕН» САЙЫСЫ
Мақсаты:  оқушыларға  туған  тіліміздің  қыр-сырын 
меңгерту;  ана  тіліміздің  мәртебесін  көтеру;  ана  тілімізді 
шұбарламай, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру.
Жүргізуші: 
Армысыздар, алқалы жұрт көз көрген,
  Құралсыншы ойларыңыз інжу- маржан сөздерден.
  Тіліміздің тереңдігін, байлығын да көрсетер
  Алдыңызда тіл сайысы – «Сөзмерген»!
Бүгінгі «Сөзмерген» сайысына алты оқушы қатысады.
Ердің  құнын  екі  ауыз  сөзбен  бітіретін  де,  жауласқан 
елдердің  арасын  келісімге  келтіретін  де,  жылағанды 
жұбатып, күлгенді жылататын да – осы тіл. Ең ащы да – тіл, 
ең тәтті де – тіл. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі бай, бейнелі 
тілдердің бірі. Тіліміздегі бейнелі сөздердің бірі – тұрақты 
сөз тіркестері.
«Жүйрік  болсаң,  шауып  көр»  кезеңінде  тұрақты  сөз 
тіркестерін тауып, мағынасын ашамыз.
1) Тай, құлын, ат, жылқы: таңба (тайға таңба басқандай 
– анық)
2) Қара, сары, ақ, қоңыр: қақ жару (қара қылды қақ жару 
– әділ)
3) Аяғы, қолы, салы, аузы: су  (салы суға кету – ұнжырғасы 
түсу)
4) Мұрын, тіс, тіл, езу: көтеру  (мұрнын көкке көтеру – 
менменсу)

103
5) Қол, дене, бас, бет: от  (бетінен оты шығу – ұялу)
6) Шапан, тон, ішік,тақия: бау (тонның ішкі бауындай – 
тату)
7)  Сүйек,  тері,  қаңқа,  ет:  қаптау    (ит  терісін  басына 
қаптау – ұрсу)
8) Ат, жылқы, мал, қой: із  (ат ізін салмау – хабар алмау)
9) Топырақ, саз, құм, балшық: су  (құмға сіңген судай – 
тез жоғалу)
10)  Қабақ,  көз,  кірпік,  қарашық:  ашық  (көзі  ашық  – 
оқыған)
11) Жіп, сым, арқан, мата: тұсау (ұзын арқан, кең тұсау – 
жайбарақат)
12) Жылқы, қой, түйе, сиыр: шөп (қой аузынан шөп алмас 
– момын)
13) Су, бу, мұз, қар: отырғызу (мұзға отырғызу – алдау)
14) От, күл, шала, қоламта: ұшыру (күлін көкке ұшыру – 
жоқ қылу)
15) Тіс, тіл, жақ, ерін: батыру (тісін батыру – жәбірлеу)
Сайыскерлердің ұпайын есептеп, ұпайы аз екі ойыншы-
мен қоштасамыз.
«Мықты болсаң, тауып көр»  кезеңі. 
Бұл кезеңде берілген сөздермен мақал құрастырамыз.
1)  Аға,  ата,  қария,  әке:  дария  (Ақылды  қария  –  ағып 
жатқан дария)
2) Тау, тас, жер, құм: бұлақ (Әке –асқар тау, бала – ағып 
жатқан бұлақ)
3)  Жақсы,  үлгілі,  ұқыпты,  сыпайы:  орамал  (Жақсының 
ашуы шәйі орамал кепкенше, жаманның ашуы басы жерге 
жеткенше)
4) Қант, тәтті, бал, ащы: у (Бал тамған тілден у да тамар)
5) Дала, үй, орын, ел: түтін (Туған үйдің түтіні жылы)
6)  Көрші,  дос,  ағайын,  бауыр:  жылату  (Дос  жылатып 
айтады)

104
7) Ата, бала, аға , іні: базар (Балалы үй – базар)
8)  Ана,  апа,  әже,  әке:  Мекке  (Анаңды  Меккеге  үш  рет 
арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың)
9)  Атты,  топ,  жаяу,  жүргінші:  шаң  (Жаяудың  шаңы 
шықпас, жалғыздың үні шықпас)
10) Көп, аз, үлкен, тайыз: терең (Көп қорқытады, терең 
батырады).
Ұпайы аз екі ойыншы ойыннан шығады.
«Ойлы болсаң, озып көр». Тілімізде көнерген сөздер өте 
көп. Сол сөздердің мағынасын ашамыз, сол сөздерді бүгінгі 
өмірде қолдансақ, пайдалансақ – нұр үстіне нұр болар еді!
1) Құрал, ыдыс, мата, жер: саба (Қымыз құятын ыдыс)
2)  Дәстүр,  киім,  тамақ,  мата:  мыңсымдық  (Сымы  көп 
мата)
3)  Тағам,  киім,  құрал,  дәстүр:  белкөтеру  (Қарияларға 
арнайы даярланатын тағам. Тағам астың ең дәмді, әл беретін 
ет, айран, құрт, кеспе қосу арқылы дайындалады)
4)  киім,  дәстүр,сайман,  тағам:  аушадияр  (Үйлену  тойы 
кезінде айтылатын дәстүрлі өлең-жыр)
Ұпайын есептеп жеңімпазды анықтау.
Жүргізуші: - Кіршіксіз қардай сақтаңдар
                       Ана тілін, жамағат!
                       Шұбарлама тіліңді,
                       Аманат саған, аманат!
Ата-бабаларымыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын 
мына  жаһандану  заманында  жоғалтпай,  құндылығын 
арттыра берейік!
   
   
 

105
Ұлттық ұлағат
Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ,
Тараз инновациялық-гуманитарлық
 университетінің доценті, ф.ғ.к,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
ЖОҚТАУШЫ  ҚАЙДА     
ЖОҒАЛДЫ?
Өтім  жырау  Балтуғанұлының  жоқтаушы    Балабекке 
жоқтау  өлеңдер  жазып  бергені  мәлім.  «Дәуқара»  өңіріне 
қарайтын  «Балапан  ауылда»  қайтыс  болған  болыс 
Балғынбекке  жазған  жоқтау  жырды  жоқтаушы    Балабек 
айтып  берген.  Балғынбек  болыстың  батырлығы  да,  сөзге 
шешендігі де бар. Өз халқын Хиуа ханының езгісінен талай 
мәрте  қорғап  қалған.  Хиуа  ханы  жіберген  нөкерлермен 
айтысып,  оларға  сес  көрсеткен.  Түсі  сұсты  Балғынбек 
шешеннің  өткір  сөздеріне  иілген  Хиуа  ханының  нөкерлері 
«Балапан ауылдағы» қазақтарға тиісе алмапты. 
Балғынбек  болыс    туралы  ел  аузында  аңыз-әңгімелер 
баршылық. Сол Балғынбек 92 жасқа шығып қайтыс болғанда 
жоқтаушының  орнына  Өтім  жырау  Балтуғанұлының 
айтқан жоқтау жыры:
 
...Балғынбек атамыздың жасын берсін,
 
Көре алмаған қызығын Қасым көрсін.
 
Ел-жұрты риза еді атамызға,
 
Айтқан әрбір сөздерін жасын дерсің.
 
 
Қамын жеген халықтың бұл атамыз,
 
 
Осындай азаматты ұнатамыз.
 
 
Ер еді елге жақын терең ойы,
 
 
Халқы үшін ғұмыр кешкен, сұрасаңыз.

106
 
Балғынбек ұшқыр ойдың тарланы еді,
 
Еңбегін өз халқына арнап еді.
 
Жүйрігін асыл сөздің ерттеп мініп,
 
Құс болып көк аспанды шарлап еді...
 
 
Қарағым, айналайын, қайран бабам,
 
 
Зарланып алаңдайды мына балаң.
 
 
Әділдік өлкесінің ақ патшасы
                     Балғынбек атамды мен қайдан табам?..
Жоқтау  жыры  қазақ  халқының  ежелгі  дәстүрі  бойынша 
қайтыс  болған  адамға  арнап  айтылады.  Жоқтау  жырының 
өзіне тән әуені болады. Әрине, бұл әуен қайғылы, жүректі 
езіп жібере жаздайтын әсері болатыны белгілі.
Ғалым Б.Уахатов жоқтау жыры туралы былай деп жазады: 
«Жоқтау  –  ежелгі  көшпелі  тайпалар  –  сақ,  ғұндардан  бері 
сақталып  келіп,  бүгінгі  қазақ  пен  қырғыз  халқына  дейін 
жеткен  тарихи  жоралардың  бірі.  Махмұд  Қашқаридың 
жазуы бойынша, жоқтау – ежелгі түркі тайпаларының ерлік 
тұрмысынан  туған  жырдың  бір  түрі.  Мұның  бір  жарқын 
түрін  «Қорқыт»  жырында  кездесетін  Бамсыбұйрықты 
жоқтаудан  көруге  болады»  дейді  Әлкей  Марғұлан...  Өлген 
адамды жоқтап, жылап-сықтау – түркі халықтары тарихында  
бар дәстүр... Қазақ дәстүрі бойынша өлген адамның артында 
қалған  әйелі,  қызы,  қарындасы,  келіні,  басқа  да  туыстары 
оның жылы толып асы берілгенше  жоқтау айтатын болған. 
Жоқтау  бір-біріне,  негізінен  айтар  ой  сарыны,  ұйқасы, 
сөз  кестесі,  бейнелі,  образды  суреттері  жағынан  өзара 
ұқсас  болып  келеді...  Жоқтаудың  поэтикалық  бітімінде  
келісті  көркем  теңеулер  мен  салыстырулар,  эпитеттер  мен 
метафоралар  жиі  ұшырасады...  Жоқтау  –  қазақ  халқының 
күнделікті  тұрмысынан,  ел  мұңы,  жұрт  қайғысынан 
туған  салт  жырларының  ең  бір  мол  түрі...»  («Қазақ  ССР 
энциклопедиясы». А., 1989, 258-бет).

107
Қазақтың  жоқтау  жырлары  –  ұлттық  идеологияның 
қалыптасуына  әсер  ететін  факторлардың  бірі.  Сондықтан 
бұл  салтты  тұрмысымызға  тартынбай  енгізуіміз  қажет. 
Мұның тәрбиелік мәні зор. Мұнда ән де, әуен де, өлең-сөз де 
бар. Әдебиетші Тоқтар Арынов жоқтауды  күй жоқтау, ән 
жоқтау, жыр жоқтау деп үшке бөледі.
Бесқала (Қарақалпақстан) қазақтарының салт-дәстүрінде 
жоқтау жырлары кешегі кеңестік кезеңде де тоқтаған жоқ.
Енді жоқтаушыға  келейік. Жоқтаушы туралы мәліметті 
Қазақ  энциклопедиясынан  кездестіре  алмадық.  Бесқала 
қазақтарының салт-дәстүрлерінде жоқтау жырлары қазіргі 
кезде де айтылатыны һәммеге аян. Бұл өлкеде  жоқтаушы  
деп  аталатын  өнер  адамы  кездеседі.  Осы  жоқтау  жырды 
айтатын  адамды  жоқтаушы  деп  атайды.  Жоқтаушының 
міндеті  не?  Жоқтаушының  негізгі  міндеті:  жоқтау  жырды 
жазып  береді  һәм  оны  өмірден  өткен  адамның    әйелінің, 
қызының,  келінінің,  қарындасының,  т.б.  орнына  айтып 
береді.  Жоқтау  жырды  айтудың  да  өзіндік  әдісі  болатыны 
белгілі. Жоқтау айтатын адам  (о дүниелік болған адамның 
әйелі, қызы, қарындасы, келіні, т.б.) жоқтау жырды көбіне 
зарланып, қайғылы әуенмен айтады. Жоқтаушы  да сондай. 
Жоқтау жырды бұл өлкеде ер адамдар да айтады. Қаза болған 
адамның жақын туыстарының ішінде жоқтау айта алмайтын 
(жоғарыда  жоқтау  айтудың  өзіндік  ерекшелігі  болатынын 
айттық)  жағдай  туындағанда    жоқтау  жырды  жоқтаушы 
айтады.
Бұрын Бесқала қазақтарында аттары әйгілі жоқтаушылар 
болған. Олардан Балабек, Кәрібай, Ниетқабыл, Тұрсынбек, 
Дәрібике,  Тебінген,  т.б.  айтуға  болады.  Кей  жағдайда 
жоқтаушының  рөлін жыршы-жыраулар, халық ақындары 
да  орындай  беретін  болған.  Көбінесе  жоқтаушының  
қызметін  жыршы-жыраулар,  халық  ақындары  орындайтын 
болған соң жоқтаушы  деген атау ұмытылып кеткен сияқты. 

108
Мәселен,  «Дәуқара»  өңірі  қазақтарында  жоқтаушының  
рөлін  Мыңбай  жырау,  Омар  жырау,  Өтім  жырау,  Теңізбай 
жырау,  Бекенқұл  ақын,  Ұлжан  ақын  да  орындаған.  Осы 
өңірде Әлімбай, Тобылғы, Ермахан деген  жоқтаушылар 
болған.
Демек,  жоқтаушы  –  өнер  адамы.  Онда  жыраулық  һәм 
ақындық  қабілет  болатыны  анық.  Дегенмен,  жоқтаушы 
жырау немесе ақын болуы шарт емес, жоқтаушы  жазып 
берген  жоқтау  жырды  орындаушы  қызметін  де  атқарады. 
Кейде жоқтаушының қызметін қиссашылар да орындаған.
Қиссашылар  бұрынғы  кезде  ауыл  аралап  жүріп  атақты 
ғұламалардың  сөздерін,  ақындар  мен  жыраулардың  өлең-
жырларын, толғауларын ауызша белгілі бір мақаммен жатқа 
айтатын болған. Бұрын Жамбыл облысы Жуалы ауданында 
Айтқұл  Рысқұлов  деген  қиссашы  болған.  Ол  халық  ауыз 
әдебиеті  үлгілерін,  атап  айтқанда,  қисса-дастандарды, 
ертегілерді,  термелер  мен  толғауларды  мәнерлеп  оқып  та, 
айтып  та  беретін  болған.  Қиссашылар  кітапқа  немесе  өзі 
көшіріп алған қолжазбаны белгілі бір әуенге салып ырғақ-
пен  орындап  беретін  болған.  Қазіргі  таңда  қиссашыларды 
тәрбиелеудің  де  маңызы  зор.  Қазақ  теледидарынан, 
қазақ  радиосынан  қиссашылардың  өнерін  тамашалаудың 
ешқандай артықтығы жоқ.
Ұлжан  ақынның  жоқтау  жырлары  ССРО-Германия 
соғысында  қаза  болған  жауынгерлерге  арналған.  Өтім 
жыраудың  жоқтау  жырлары,  көбінесе,  ел  тізгінін  ұстаған 
билер  мен  болыстарға,  шешендер  мен  батырларға, 
балуандарға, аңшыларға арналған.
Фольклорлық  тәжірибе  кезінде  А.Иассауи  атындағы 
халықаралық 
қазақ-түрік 
университеті 
филология 
факультетінің  білімгерлері  Сарыкемер,  Талас,  Мойынқұм, 
Шу, Байзақ, Жамбыл аудандарында бұрын жоқтау айтатын 
Естемір,  Өскенбай  атты  жоқтаушыларды  анықтады.  Бұл 

109
жоқтаушыларда қиссашылық қабілет болған.
Қазалы  үйде  жоқтау  айтып  отыратын  жоқтаушының 
жоғалып  кеткені  бәлкім  ғылыми-техникалық  прогрестің 
жедел  дамып  бара  жатқандығынан  шығар.  Бірақ  ұлттық 
салт-дәстүрлерімізді  Батыстан  ағылып  келіп  жатқан 
техногендік  өркениетке  қарсы  қойып,  ұлттық  санамызды 
сансыратпауымыз қажет. Біз қайтыс болған өнегелі адамның 
жарқын істерін, халыққа жасаған қайырымды, өнегелі істерін 
кейінгі  ұрпаққа  жеткізіп  отыруды  дәстүрге  айналдырдық. 
Олардың атына ауылдар мен қалаларда көше, мектеп  аттарын 
береміз, ескерткіш орнатамыз. Кітаптар жазамыз. Құжатты 
фильмдер түсіреміз. Ал жаназасында неге жоқтау жырларын 
айтпаймыз? Жаназада жоқтау айтатын өнер  адамдарын неге 
тәрбиелемейміз?    Жоқтау  жыр  айтатын  жоқтаушының  
өнері қоғамымызға жат па? Бұл да ұлттық идеологиямыздың 
бір бұтағы емес пе?
Ұлы  Абай  «Туғанда  дүние  есігін  ашады  өлең,  өлеңмен 
жер қойнына кірер денең...» деп өсиет айтып кетті. Қайтыс 
болған  адамның  ізінен  жоқтау  айтатын  жоқтаушыны 
тәрбиелеп, тұрмысымызға енгізудің ешқандай сөкеттігі жоқ. 
Бұл – біздің ұлттық дәстүріміз.
Шешсең жұмбақ – көңіл тынбақ
Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді.
Ол не?                              (Қаңбақ)
Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады.
Ол не?                              (Жұмыртқа мен балапан)
(Жеті жүз жұмбақ. А., «Жалын», 1985, 7, 9-беттер.)

110
Жас маманға жәрдем
Жанна НҰҒМАНОВА, 
Батыс Қазақстан облысының 
Қаратөбе ауданындағы
«Шөптікөл» жалпы орта білім 
беретін мектебінің мұғалімі.
АҚСАҚ ҚҰЛАН, ЖОШЫ ХАН
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  ауыз  әдебиетінің 
балаларға  лайықты  таңдаулы  үлгілерімен  танысу; 
дамытушылық  –  халық  ауыз  әдебиетін,  өрнекті  сөз  бен 
асыл ойдың мәнін терең ұғынуы; тәрбиелік – балалардың 
тілін  ұстартып,  дүниетанымын  кеңейту,  көркемдікке,  өнер 
құдіретін түсінуге, жалпы адамгершілік рухта тәрбиелеу. 
Түрі:  жаңа  сабақты  оқып  үйрену.  Әдісі:    түсіндіру, 
әңгімелеу,  сұрақ-жауап.  Пәнаралық  байланыс:    музыка, 
кино  өнері,  бейнелеу.  Оқыту  құралдары:    интерактивті 
тақта,  мультимедиалық  проектор, мультфильм. 
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
Үй  тапсырмасын тексеру (Сұрақтар қою арқылы оқу-
шы білімін пысықтау)
1. «Аңыз әңгімелер» сызбасын сөйлету.
2. Асан қайғы бабамыз туралы не білеміз? Асан қайғының 
жерұйық  іздеудегі  мақсаты.  Асан  қайғы  сияқты  өзіміз 
тұратын жерге баға беру.
3.  «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман» деген 
не?   
Жаңа материалды түсіндіру.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет