«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2.63 Kb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата06.05.2017
өлшемі2.63 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Гүлжан МОЛДАБАЕВА,
Оңтүстік Қазақстан облысының
Түлкібас ауданындағы
Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы 
орта мектебінің мұғалімі. 
ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС:                     
ПУБЛИЦИСТИКА
(Қазақ әдебиеті, 11-сынып)
Түсінік хат
Публицистика  –  өмірдің  әлеуметтік,  эканомикалық, 
өндірістік, ғылыми және басқа рухани құбылыстарын, өмір 
фактілерін өзіне арқау ететін  әдеби жанр. Публицистиканың 
қоғамдық рөлі ерекше.
Публицистика  –  прозаның  дербес  бір  саласы,  оның 
өзіндік әдісі және мазмұны бар. Шығарманың толыққанды 
болуында автор ерекше рөл атқарады.
Публицистиканы  оқытуда  оқушылардың  дайындығына 
қайылатын  талаптар:  1)  әдеби  тілдің  стильдік  тармақтары 
туралы түсінікті кеңейту; 2) көркемсөз нормаларын меңгерту; 
3)  сұрақ  қоя  білу,  сұраққа  жауап  бере  білу  шеберлігін 
меңгерту; 4) кез келген тақырыпта «диалог» құруға қажетті 
дағдыларды,  іскерлікті  меңгерту;  5)  мақала  жазуға  қажетті 
дағдыларды  меңгерту;  6)  сұхбат,  репортаждарды  жазуды 
жоспарлай  білу;  7)  реферат,  баяндама  материалдарын 
жүйелі  жаза  білу;    8)  ауызша  және  жазбаша  тілде  әдеби 
тіл  нормаларын  дұрыс  сақтай  білу;  9)  қазақ  әдеби  тілінің 
көркемдік  нормаларын  меңгерту,  оны  практикада  дұрыс 
қолдану;  10)  сұхбат  жүргізудің  жолдарын  саралату, 
нақты  тапсырма  бойынша  өздері  қалаған  мамандардан, 

85
көзкөргендерден  сұхбат  жасату;  11)  белгілі  бір  мекеме, 
фирма,  мектеп,  т.б.  жөнінде  репортаж  жасату;  12)  әркімге 
өзі қалаған тақырып бойынша эссе, очерк жаздыру, баспасөз 
материалдарын,  осы  жоспардағы  шығармаларға  талдау 
жасау;  13)  нақты  тақырып  бойынша  баяндама  мәтінін 
жаздыру;  14)  қазақ  журналистикасының  ерекшелігін 
білу;  15)  публицист  ақын-жазушылардың  жұмыстарымен 
таныстыру; 16) радио, теледидар хабарларын магнитофонға 
жазып алып, оның тіліне талдау жасау.
Мақсаты:  білімділік  –  қоғамдық  өмірдегі  жаңалықтар 
мен оқиғалар, болмыс, құбылыстар жөнінде жұртшылыққа 
мағлұмат беріп, пікір айтатын әдеби жанр екеніне түсінік беру; 
дамытушылық  –  жазған  еңбектерін  облыстық,  аудандық 
газет-жұрналдарға  ұсыну,  «Жазушы  мен  сөйлеушінің 
шеберлігі – сөздерді керекті жеріне орналастыра білу» екенін 
шәкірт санасына жеткізу; тәрбиелік – тіл тазалығын сақтау, 
басқа тілмен араластырмай, ана тілінде таза сөйлеуге, артық 
оғаш сөздер қоспауға, бір сөзді қайталап тыңдаушыны мезі 
етпеуге дағдыландыру.
Міндеті:  лингвистикалық  –  оқушыларға  тілдің 
сөз  байлығын,  сөздік  қорының  мол  болуын,  синоним, 
фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтел, жаңа сөздер, кәсіби 
сөздер, жергілікті тілдік ерекшеліктегі сөздер, эмоцианалды, 
экспрессивті  сөздерді  өз  орнымен  қолдануға  үйрету; 
психологиялық  –  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасқа, 
таңдау әдебі мен сөйлеу әдебіне мән беру; педагогикалық – 
публицистиканы пән ретінде қарап, оқыту әдістемесіне баса 
назар аудару.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1)  Р.Әміров,  Ж.Дәулетбекова.  Сөз  тазалығы  –  тіл  мәде-
ниетінің  алғы  шарты.  А.,  2006;  2)  «Сөзстан».  I,  II  том.  А., 
2001; 3) К.Қазыбаев. Журналист – өмір тамшысы. А., 1991;  
4)  І.Есхожин.  Шешендік  жанрлар;  5)  Ә.Табылды.  Халық 

86
тағылымы;  6)  Ф.Оңғарсынова.  Сөз  сыры.  А.,  2005;    7) 
К.Қазыбаев.  Ақиқатқа  ар  серік;  8)  М.Балақаев,  Р.Сыздық. 
Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы;    9)  А.Сейдімбек.  Мың  бір 
маржан; 10) Қазақ совет энциклопедиясы. 12 том.
Күнтізбелік жоспар
р/
c
Өтілетін сабақтың 
тақырыбы
Сағат
саны
Мерзімі
Сабақтың
түрі
Берілетін 
тапсырма
1
Публицистика туралы 
түсінік.
1
Лекция 
Конспект 
2
Қазақстан 
публицистикасы.
1
Пресс- 
конферен-
ция
Реферат 
жазу
3
Публицистиканың 
түрлері.
2
Зертхана-
лық сабақ
Газет-
жұрнал 
жұмысы
4
Публицистикалық 
стиль, оның 
ерекшеліктері.
1
Талдау 
сабағы
Жеке 
тапсырма-
лар
5
Қазақ публицистері.
2
Ізденіс 
Баяндама 
6
Шығармашылық 
жұмыс.
1. Естігенін, ойын, 
қиялын, арманын жазу.
2. Өмірлік 
мәселелерді суреттеу: 
«Жолдасымның 
қылығы», «Адамдық».
2
Ізденіс 
Газет-
жұрнал-
дарға 
шолу 
жасау, 
салыс-
тыру
7
Журналистика.
1
Топтық 
жұмыс
8
Публицистиканың 
хабар түрі.
1
Теория-
лық сабақ
Конспект
9
Есеп, репортаж.
1
Бейнекөрі-
ніс, семи-
нар сабақ
Практика-
лық 
жұмыс
10
Сұхбат.
1
Топпен 
жұмыс
Тапсырма-
лар 
11
Сұхбат түрлері.
1
Бейне-
көрініс 
Тапсырма-
лар 
12
Шығармашылық 
жұмыс: «Мен – Тәуел-
сіз елдің ұрпағы».
2
Шығарма 
Шығарма
13
Баспасөзге 
шолу. Мерзімді 
басылымдармен 
таныстыру.
1
Топтық 
жұмыс
Жеке 
тапсырма

87
14
Публицистикалық 
таңдаулы түрлер.
Корреспонденция жазу 
әдісі.
1
Лекция 
Конспект
15
Корреспонденция 
топтары.
1
Ойын 
сабағы
Практика-
лық 
тапсырма
16
Корреспондент тілші.
1
Экскурсия  Теледи-
дармен 
жұмыс
17
Музыкалық, саяси 
хабар.
1
Шығарма-
шылық
Жеке тап-
сырмалар
18
Корректура.
1
Топпен 
жұмыс 
Газет-
жұрнал
19
Шығармашылық 
жұмыс. Үндеу, 
жарнама жазу.
1
Топтық 
жұмыс
Жеке  тап-
сырмалар
20
Мақала.
1
Аралас 
сабақ
Мақала 
жазу
21
Мақала және оның 
түрлері.
1
Аралас 
сабақ
Мақала 
жазу
22
Мақала жазу – 
шеберлік.
1
Салыс-
тыру 
Мақала 
жазу
23
Рецензия.
1
Жазба жұ-
 мыстарын 
талдау
Рецензия 
жазу
24
Публицистиканың 
көркем жанрлары. 
Очерк.
1
Лекция 
Реферат 
жазу
25
Очерк түрлері.
1
Практика-
лық таң-
дау сабағы
Жеке тап-
сырмалар
26
Фельетон. Сатира.
1
Салыс-
тыру 
Тақырып-
пен 
жұмыс
27
Сын (Критика).
1
Сайыс 
сабағы
Тапсыр-
малар
28
Эссе туралы түсінік.
1
Шығарма-
шылық 
сабағы
Эссе жазу
29
«Менің арманым» 
(эссе)
1
Талдау 
сабағы
30
Публицистика және 
оның түрлері.
1
Реферат 
қорғау 
және 
талдау 
сабағы
Реферат 
31
Қорытынды сабақ: 
«Журналистика және 
поэзия».
1
Шығарма-
шылық 
кеш

88
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы
Жұпар ҚОЖАҚ.
ЖЕЛТОҚСАН РУХЫМЕН
Желтоқсанда жас қазақ
Ұлт арын туға байлаған.
      Әділет деп сан қыршын
      Өмірін оққа сайлаған.
Қар үстінде қазақ қызы
Қорлыққа қарсы қайнаған.
      Жігіттерге рух беріп,
      Намыс-найза қайраған.
Сол алаңның күркірі –
Алашқа әндей сайраған.
      Келер күн үшін бар дәуір
      Күрескен солай сандаған.
Қайсар қызды жыр етем,
Қазақ тінін жалғаған.
      Қазақ ұлын жыр етем,
     «Ел!» деген сөзбен самғаған.
Анасы рухты болмаса,
Баласы батыр болмаған.
      Әкесі рухты болмаса,
      Жеріне ие қалмаған.
Ұлы жуас халықтың
Дастаны ерлік болмаған.
      Қызы жуас халықтың
      Ғаламда аты қалмаған.
Рухы жуас халықтың
Ұрпағын уақыт жалмаған.

89
      Жігері жоқ жебір ұлт
      Жаһанға ізін салмаған.
Қайратсыз жұртты қашанда
Желдер жұтқан шаңдаған.
      Ділі берік елдерді
      Ешбір жау ала алмаған.
Ел атын ұстап тарихта
Аңыз боп қалған хан, қаған.
      Әнің – теңіз, жыр – мұхит,
      Айтатын оны бар балаң.
Жаса, Қазақ, тәуелсіз!
Жаса, Отан, жайнаған!
      Желтоқсандық ұшқыннан
      Заманға отың лаулаған!
Намыс атын қамшылап,
Мәңгілікке заулаған!
   
   
 
Меңжамал ӘШІМХАНҚЫЗЫ,
Алматы облысы, 
Алакөл ауданының 
Екпінді ауылындағы
М.Әубәкіров атындағы орта
мектептің мұғалімі.
ТӘУЕЛСІЗДІК – АРМАНЫМ, 
МҰРАТЫМ
Мақсаты:  оқушыларды  Желтоқсан  құрбандарымен 
таныстыру, олардың ерлігі туралы айту. Тәуелсіздік ұғымын 
түсіндіру  арқылы  достық,  ынтымақ-бірлік,  бейбіт  өмірдің 
келуін  санасына  сіңіру,  елжандылыққа,  Отанын  сүюге 

90
тәрбиелеу.  Көрнекілігі:  суреттер,  рәміздер,  кітаптар, 
қанатты сөздер.
Барысы. 
Ұйымдастыру.
Мақсатын түсіндіру.
Қанатты  сөздер:  1)  Тәуелсіздік  –  ата-бабам  аңсаған. 
2) Желтоқсан – намысымның ұраны. 3) Желтоқсан – жаңа 
күннің  шуағы.  4)  Тәуелсіздік  –  Бабалардың  ар  жолы.  5) 
Желтоқсан – мақтанышым. 6) Тәуелсіздік – ел тілегі.
Мұғалім: - Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ата-аналар! 
Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздік  мерекесі  құтты 
болсын. Биыл Тәуелсіздігімізге – 20 жыл!
(Әнұран орындалады).
1-оқушы:  -  Еліміздің  егемендік  алуы  халқымыздың 
тарихында  жаңа  дәуірдің  бетін  ашты.  Бүкіл  қоғамдық 
өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді.
2-оқушы:  -  Ол  –  баршамыздың  бейбіт  өмірде, 
еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеуімен өзіміз тіккен ортақ 
шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
3-оқушы:  -  Тәуелсіздік,  еркіндік  –  ежелден  ел  тілегі. 
Тәуелсіздік  –  халқымыздың  бостандығы  мен  дербес  даму 
жолындағы сан ғасырлық күресі мен тарихының нәтижесі.
4-оқушы:  -  1723  жыл.  Ел  жайлауға  көшіп  жатқан  кез. 
Қазақ  елі  қаннен  қаперсіз.  Жоңғарлар  тұтқиылдан  шабуыл 
жасап, қалың жұртты қан жылатты.
5-оқушы:  -  Дүрліккен  жұрт  шұбыра  көшіп  Қаратауға 
бас сауғалады. Бұл тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл 
сұлама» деген атпен қалды.
6-оқушы: - Тәуелсіздік елімізге оңай келген жоқ. 1930-
1937  жылдары  қазақ  халқы  алапат  шығындарға  ұшырады. 
Сан  мыңдаған  боздақтар  қаза  тапты,  аштан  қырылды. 
Көптеген  қайраткелер,  ақын-жазушылар  «Халық  жауы» 
атанып атылды.

91
7-оқушы:  -  Олар  Жүсіпбек  Аймауытов,  Шәкәрім  
Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, 
Сәкен  Сейфуллин,  Бейімбет  Майлин,  Ілияс  Жансүгірұлы, 
Тұрар Рысқұловтар еді (суреттерін көрсету).
(«Елім-ай» әні орындалады).
8-оқушы:  -  Қазақ  халқының  басына  тағы  бір  қасірет 
келді. Ол 1986 жылғы желтоқсан кезінде әділдік іздеп алаңға 
бейбіт талаппен шыққан жастардың билік тарапынан аяусыз 
жазалануы еді.
9-оқушы:  -  1986  жылғы  қазақ  жастарының  төгілген 
қанымен  бүгінгі  Тәуелсіздігіміздің  тұңғыш  парағы  жазы-
лып, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні болып жарияланды.
Көрініс
10-оқушы: -  Намысымның шуағы да – Желтоқсан,
                        Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
                        Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан,
                        Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан!
(«Желтоқсан» әні орындалады).
11-оқушы: - Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін!
                       Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
                       Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
                       Елің алды егеменді теңдігін.
12-оқушы: - Туған жер – егеменді тәуелсіз ел,
                       Болашаққа нық басып буынған бел.
                       Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,
                       Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.
13-оқушы: - Мақтанам кең байтақты елім үшін,
                       Құнарлы, мол шырынды жерім үшін.
                       Әрқашан биік шыңнан көрінсеңші,
                       Тілегім, о туған жер, пейілім шын.
(«Елім менің» әні орындалады).
14-оқушы: - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: 
«Біздің  бабаларымыз  Қазақстанның  кең  байтақ  жерін, 

92
төлтума  мәдениетін  бізге  мұра  етіп  қалдырды.  Еліміздің 
келешегі,  Қазақстанның  ертеңі  өз  қолдарыңда.  Соны 
дамытатын,  жүзеге  асыратын  мына  отырған  сіздерсіздер». 
Ендеше, Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында.
15-оқушы: - Туған жердің жырын жырлап ғарыштан,
                       Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
                       Келешегі кең өрісті, кемелді
                       Жайна мәңгі, Қазақстан – Гүлстан!
Мұғалім: - Міне, балалар, біздің Тәуелсіз  Қазақстанымыз 
несімен  көрікті,  несімен  айбатты,  біз  қандай  елміз?  Қане, 
топтастырып көрейікші!
Бәрі  бірігіп:  -  Тәуелсіздігіміздің  20  жылдық    мерекесі 
құтты болсын!
(Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты).
   
   
 
 
ТӘУЕЛСІЗ 
ҚАЗАҚСТАН 
Халқы 
бейбіт 
Байлығы 
мол 
Табиғаты 
әсем 
 
Елтаңбасымен 
еңселі 
Туы 
тұғырлы 
Ұрпағы 
жігерлі 
Жері кең 
Әнұранымен 
айбатты  

93
Сыныптан тыс сабақ
Айман ҚҰТЖАНОВА,
Қарағанды облысының
Жаңаарқа ауданындағы
Оспан Әлібаев атындағы 
орта мектебінің мұғалімі.
ҚЫРАН ҚАНАТТЫ АҚЫН
Кештің  мақсаты:  1)  оқушыларды  ақын  шығарма-
шылығымен,  өмірбаянымен,  азаматтық  тұлғасымен  та-
ныстыру; 
2)  поэзияны  сүюге  үйрету,  оның  құдіретін 
сезіндіру;  3)  оқушылардың  өлең,  көркем  сөз  оқу,  ән  айту 
қабілеттерін  дамыту,  өлең  жазуға,  ән  айтуға  қабілеті  бар 
балалардың талабын ұштау.
Көрнекілік: 
Қасым 
Аманжоловтың 
портреті, 
интерактивті тақта.
Кештің барысы.
Жүргізуші: - Ей, тәкәппар дүние,
                        Маған да бір қарашы.
                        Танисың ба сен мені,
                        Мен – қазақтың баласы!
деп кезінде ағынан жарыла толғанған ақиық ақын – Қасым 
Аманжолов.  ...Тірісінде  аңызға  айналған  Қасым  –  ешкімге 
ұқсамайтын дара тұлға, ақындық шабыты жүрдек тұлпардай 
шапқан  сайын  өрлей  береді.  Оның  жалынды  да  дауылды, 
нәзік те сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп баурап алады.
Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым?
Қасым  солай  болмаса,  несі  Қасым?-  деп  ақындықтың 
асқар  тауындай  ағасына  Мұқағали  Мақатаев  жыр  арнаса, 
Бауыржан  Момышұлы  «Қасым  Аманжолов  –  жаратылысы 
бөлек ақын» деп баға берген екен.

94
1-оқушы:  -  Қасым  Аманжолов  шығармаларын  дәл 
бүгінгі  егемен  ел  мүддесі  тұрғысынан  қайта  оқысаңыз, 
оның  сол  тәуелсіздікті  аңсап  өткен  арманын,  заманынан 
оза  шапқан  қиялының  биіктігі  мен  көрегендігін  айқын 
көресің.  Ақынның  сөзі  тәуелсіздіктің  жырындай  естіледі. 
Ақынның «Қазақстан» деген өлеңін де дәл бүгінгі Тәуелсіз 
Қазақстанның  жиырма  жылдығына  арнап  жазғандай,  бір 
сөзін де өзгертуге келмейді. Өлеңде ел тәуелсіздігін аталар 
арманымен ұштастыру идеясы, қазақ жерінің бүгінгі тыныс 
тіршілігінің  кең  жасалған  суреті,  оны  оқырманның  көз 
алдына жайып сап, шеберлікпен танытады.
(«Қазақстан» өлеңі оқылады).
2-оқушы:  -  Қасым  Аманжолов  Орал  қаласындағы 
педагогикалық  институтқа  оқуға  түседі,  бірақ  аяқтауға 
мүмкіндік  болмайды.  Осы  жылдарда-ақ  Қасымның  өлеңі 
газет  бетінде  көріне  бастайды.  Оның  өлеңдері,  әсіресе, 
Оралдың  «Екпінді  құрылыс»  газетінде  жиі  басылды.  1932 
жылы  Алматыға  келіп  «Лениншіл  жас»  газетіне  қызметке 
орналасады.  Қалың  жұртшылық  Қасымды  ақын  ретінде 
1936-1938  жылдары  нақты  таныған.  1938  жылы  «Өмір 
сыры» атты өлеңдер жинағы шықты.
Жүргізуші:  -  1933  жылы  22  жасар  Қасым  әскерге 
алынады. Ол кезде Оралда атты әскер полкі болатын. Екі жыл 
әскери  міндетін  ойдағыдай  өтеп  шыққаннан  кейін  Оралда 
ұйымдастырылып  жатқан  қазақ  театрының  көркемдік 
жетекшісі  болады.  Қаладағы  өнерге  құштар  жастарды 
театрға шақырып, оларды жаңа рөлдерге баулыды. Театрдың 
өрісін кеңейтуді көздеп оркестр құрады. Сөйтіп Орал театры 
республикадағы қазақтың тұңғыш музыкалық драма театры 
болады.
Ол  кезде  Оралда  бірқатар  талантты  жастар  тобы 
қалыптасқан-ды:  Қажым  Жұмалиев,  Қуан  Тастайбеков, 
Жәрдем Тілеков, Батыр Қадырниязов, Абдолла Жұмағалиев, 
Хамит Ерғалиев.
Қасым  лаулаған  өлеңді  төгіп  жіберетіндігімен,  ән 

95
құмарлығымен,  сауыққой  ерке  серілігімен  жұртты  тәнті 
ететін.
(«Домбыра» өлеңі мәнерлеп оқылады).
3-оқушы:  -  Соғыс!  Қаһары  қатты  қысқа  сөз  майдан 
эшелондарын  азаматтардың  алдында  көлденең  тартты.  Ақ 
сақалды  Алатау  атасымен  қоштасып  Қасым  да  қаламдас 
достарымен бірге қан майданға шеру тартты. Қасым әскерге 
1941  жылы-ақ  шақырылады.  Оларды  Қиыр  Шығысқа 
жөнелткен.
(«Қоштасу», «Үстімде сұр шинелім» өлеңдері оқылады).
4-оқушы:  -  Қиыр  Шығыс  өлкесі,  байтақ  Байкал  көлі 
Қасымның  жүрегінен  өлең  болып  ұшты.  Ақын  алдында 
майданда өлген аяулы досы Абдолла Жұмағалиевтың өлімі 
туралы  хабар  жатты.  Қасым  қатты  тебіренді.  Абзал  ақын 
досының  қазасына  күңіренеді.  Ақ  қағазды  алдына  жайып, 
дос туралы өлмейтін дастан жазады. Қиыр Шығыстан осы 
бір  дастан  туған  өлке  Қазақстан  даласына  қарлығаштай 
қанат қағып жетеді. Қасымның Абдолла туралы поэмасы сол 
бір күндерде, қатал кездерде Қиыр Шығыстың аспанының 
астында  туып  еді.  Поэмада  Қасымға  тән  асқақ  романтика, 
жалын  атқан  шабыт,  қанықты  көркем  бояу  ерекше  көзге 
түседі. 
(«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасынан үзінді оқылады).
Жүргізуші:  -  Соғыс  кезінде  қайнаған  Қасым  шығар-     
машылығының ғажайып маржандарының бірі «Дариға, сол 
қыз» - тұтас бір соғыстың шежіресі. Басты кейіпкері – қазақ 
батыры, ақыны. Сол сұрапыл соғыс, сол сүйген қыз, өмірге 
құштарлық. Қансырап жығылған, сөніп бара жатқан сарбаз. 
Өмір елестеп, қыз алыстап, аласұрған, еңіреген ақын аяғында 
өлімді алыстатқан әмірші қызбен, өмірімен қайта табысады.
(«Дариға, сол қыз» өлеңі оқылады).
5-оқушы: - Қасым Аманжоловтың талантын жарқырата 
ашуда  үлкен  рөл  атқарған  оның  достары  еді.  Қасым 
қазақ  ақын-жазушыларынан  Мұхтар  Әуезов,  Бауыржан 
Момышұлы,  Сырбай  Мәуленов,  Ілияс  Омаров  сияқты  ұлы 

96
тұлғалармен  шығармашылық,  достық  қарым-қатынаста 
болды. Қасым мен Сырбай ағалы-інілі бауырдай болыпты. 
Қасым дүниеден өткен соң олардың балалары қосылып, отау 
құрып, екеуін құда етті. Сырбай бір ұлының атын Қасым, бір 
қызының атын Сақыпжамал деп қойды. Аз күн тіршіліктегі 
қос ақын ортасындағы дәмдестік, рухани достық азан шақыра 
қойылған  ат  арқылы  бүгінгі  күнге  ұласты.  Сырбайдың 
Қасымы бизнесті, ақшалы жердегі қызметін тастап, ғылым 
жолына  түсіп,  докторлық  қорғапты...  Аманатқа  деген 
адалдықтан ба дейсің!
(«Сырбайға», «Бауыржан» өлеңдері оқылады).
 6-оқушы: - Қасым аударма жұмысымен көп шұғылдан-
ды.  Пушкиннің  «Полтава»  поэмасын,  Лермонтовтың 
«Маскарад»  атты  драмалық  поэмасын,  өлеңдерін, 
Маяковскийдің  оннан  астам  өлеңдерін,  Твардовскийдің 
«Василий Теркин» поэмасын қазақшалады.
(Қасым  Аманжолов  аудармасындағы  «Өткен  күндер» 
өлеңі оқылады).
7-оқушы: - Елуінші жылдардың бас кезінде Қазақстан-
да  «Ұлтшылдыққа  қарсы  күрес»  деген  желеумен  үлкен 
науқан  өткені  белгілі.  Комитеттің  «Ленинград»  және 
«Звезда» жұрналы туралы қаулысы мен «Қазақстан тарихы 
маркстік-лениндік  тұрғыдан  баяндалсын»  деп  аталатын 
«Правда»  газетінің  мақаласы  себеп  болған  еді.  Орталық 
Комитеттің  нұсқауына  сәйкес  Қазақстан  компартиясы  да 
жаңа құжаттар қабылдап, шығармашылық ұйымдарда «етек 
алған  ұлтшылдыққа»  қарсы  күрес  науқанын  жүргізеді. 
Мұхтар  Әуезовтің,  Қаныш  Сәтбаевтың,  Әлкей  Марғұлан-
ның  Қазақстаннан  қуылатыны  да  осы  кез.  Қазақстан 
жазушылары шығармалары да осы тұрғыда қатты тексеріске 
түсті. Халқым, елім деген ақындардың бәрі жаппай айыпқа 
ілікті.  Қасым  Аманжолов  бұл  кезде  науқас  еді.  Ол  туралы 
жазылған жала мақалалар ақын жүрегінің жарасын ұлғайта 
түскені  даусыз.  Партиялығын  қарайтын  жиналысқа  да  ол 
ауру  күйінде  келіп  қатысты.  Сол  жиналыста  Қасымның 

97
   
   
 
сілікпесін  шығарып,  Жазушылар  одағынан,  партия 
қатарынан  аластатып  тығырыққа  тіреуді  ойлайды.  Сол 
жиналыста  найзағайдай  жарқ  етіп  мінбеге  шыққан  Қасым 
отты да өткір жырымен өзін-өзі ақтап алады. 
Жүргізуші:  -  Қасым  «Осы  қаңтардан  аман  өтсем,  ұзақ 
жасаймын» деп өзін-өзі қайраған екен, өйтетін себебі өзінің 
әкесі де қырық төрт жыл өмір сүріпті. «Қырық жыл қырғын 
болса  да,  ажалы  жеткен  өледі»  деген  рас.  Қасым  қырғын 
соғыстан аман келіп, дәл қырық төртінде дүние салады.
(«Өзім туралы» өлеңі оқылады).
Жүргізуші:  -  Қасым  өткір  мінезді,  бұрқ-сарқ  қайнап, 
дауылдап жүрген болса керек. Музыкалық дарыны ерекше 
болған.  Жас  шағында  өзінің  мандолині,  арнайы  жасатқан 
баяны  болыпты.  Сауыққұмар  Қасым  татар  әндерін  ерекше 
жақсы  көріпті.  Өзінің  де  сазгерлік  қырының  ашылуына 
осы  жайлар  әсер  еткен  болуы  керек.  Ақын  өзінің 
композиторлығына ерекше мән бере қоймаған. Топ әндерінің 
ішінен  «Дариға,  сол  қыз»  ғана  нотаға  түскен.  Әбілахат 
Еспаев нотаға түсірген.
(«Ақсәуле» әні орындалады).
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ

жүктеу 2.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет