«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2.63 Kb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата06.05.2017
өлшемі2.63 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№1  сабақ.  Тақырыбы:  «Қыз  Жібек»  –  лиро-эпостық 
жыр
Уақыты: __________
Лиро-эпостық  жырлар  өзінің  тақырыбы  жағынан  өткен 
дәуірдің  күрделі  әлеуметтік  проблемасына  құрылған,  бұл 
жырлардың  өлмейтін  көркемдік  қасиеті  –  қоғам  өмірінің 
ұсақ  сыртқы  көрінісін  емес,  ішкі  сырын,  жұмбағын, 
философиясын жинақтайды.
                                       (Қазақ фольклорының тарихы)
Б
1
-тапсырма.  Жыр  мәтінінде  кездескен  түсініксіз 
сөздерді жаз.
Түсініксіз 
сөз
Білдіретін 
мәні
Лексикалық 
мәні
Жалқы есімдер
Сипаттама 
 
«Қыз Жібек» 
жыры 

56
Б
2
-тапсырма. «Қыз Жібек» жырының жоспарын жаз.
I бөлім __________________________________________
___________________________________________________
II  бөлім  ________________________________________
___________________________________________________
III  бөлім  ________________________________________
___________________________________________________
IV  бөлім  ________________________________________
___________________________________________________
V бөлім _________________________________________
__________________________________________________
VI  бөлім  ________________________________________
___________________________________________________
Сұрақтарға ауызша жауап бер.
- «Қыз Жібек» жырының негізгі тақырыбы қандай?
- Тақырып пен атаудың айырмашылығы неде?
- «Қыз Жібек» жайлы не білесің?
№2 сабақ. Тақырыбы: «Қыз Жібек» жырының тарихи 
маңызы
Уақыты: __________
...Қыз жақпай өз елінен жүрсе саған,
Төлеген, сүйінші бер енді маған,
Елі бар Ақжайықта алты шекті
Аласың жақсы қызды барсаң оған.
                                              («Қыз Жібек» жырынан)
Б
3
-тапсырма. Географиялық картадан Каспий теңізі, Ақ 
Жайық өңірлерін көрсет.
Мәтінді оқып, түсінгеніңді баянда.
«Қыз  Жібек»  -  XVII  ғасырда  жазылған  лиро-эпостық 
жыр.  Тұңғыш  рет  1880  жылы  Е.А.Александров  Мұсабай 
ақыннан  жазып  алып,  мазмұнын  орысшаға  қара  сөзбен 
аударған. XIX ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі 
Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен «Қыз Жібек» жырын 

57
жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған. Жырда Жағалбайлы 
елінің  қонысы  Қара  теңіз  жағасы  деп  келеді.  Мұнысы 
Каспий (Атырау) теңізі болу керек. Сол кездегі шектілердің 
қонысы Ақжайық болған. Бұл екеуінің арасы қоныс жағынан 
шалғай  емес.  Қазақ  даласы  патшалық  Ресейге  қарағанға 
шейін  Жағалбайлы  елі  Ақжайық  бойын  мекен  еткен.  Осы 
кезде Жаман қала (Орск), Магниторск маңында Жағалбайлы 
жұрты аз емес.
«Қыз  Жібек»  әңгімесінің  заманын  білуге  жолбасшы 
болатын  тарихи  деректің  бірі  –  қалмақтардың  Ақжайық 
бойын жайлаған шекті елін жаулап алуы. Жырдың бойында 
аз ру шектілерге торғауыттардың ол кезде үстем болғаны – 
тарихи шындық.
Б
4
-тапсырма.  Мәтіннен  салт-дәстүрлер  мен  әдет-
ғұрыптарды теріп жаз.
Р/с
Әдет-ғұрып, жоралғы үлгілері, 
салт-дәстүрлер
Мәні 
Сұхбат тест:
1. Төлегеннің өскен ортасы қандай?
2. Қаршыға мен Шеге кімдер?
3. Төлеген алыста азабы мол жолға неліктен бел байлады?
4. Төлеген қалай қаза болды?
5. Сансызбай деген кім?
6. Анасы баласына қандай кеңес берді?
7. Қаршығадан Төлегенді жасырған кімдер?
8. Қыз Жібек кімнің қызы?
9. Төлегеннің аты (жылқысы) қандай?
10. Жырда Қыз Жібектің ақтығын неге теңейді?
№3  сабақ.  Тақырыбы:    «Қыз  Жібек»  жырының 
ерекшелігі
Уақыты: _________

58
Жырдың тілі өте шебер. Тамаша бейнелі өрнек, нақышқа 
бай. Жырдың халық арасында мейлінше кең таралып, Жібек 
бейнесі нағыз ұлттық образ болып кетуінің сыры да осында.
                                                              Мұхтар Әуезов.
Б
5
-тапсырма. Бұл мәтінде «Қыз Жібек» жыры оқиғасы 
дұрыс баяндалған ба?
Базарбай  8  ұлынан  айырылып,  қан  жұтып,  қасірет 
шегіп жүргенде Төлегені дүниеге келеді. Ол ер жеткен соң 
қалыңдық  іздеп,  Алтай  еліне  барады.  Төлеген  ол  жаққа 
қырық бес жорға ала кетеді. Қаршығаны көруге Төлегеннің 
өзі барады. Екеуі араздасады. Сол елдің ханы Сырлыбайдың 
Жібек атты қарындасы бар екен...
Б
6
-тапсырма. Жыр құрылысына талдау жаса.
Жыр ұйқасы
Буын саны
Бунақ 
Б
7
-тапсырма. Жырды көркемдік ерекшелігіне талда.
Теңеу 
Метафора 
Ассонанс 
Аллитерация 
Б
8
-тапсырма. Концептуалды кесте.
Р/с
Кейіпкер 
Мінезі 
Мәтіннен 
дәлел
Өз ойың
«Төлеген  өлмес  еді,  егер  де...»    (Ойыңды  дәлелдеп 
жеткіз)
Тест
1. Жағалбайлы кімнің елі?
а) Сырлыбай ханның;         ә) Базарбайдың; 
б) Қаршығаның;                  в) Қыз Жібектің.

59
2. Е.А.Александров «Қыз Жібек» жырын тұңғыш рет 
кімнен жазып алды?
а) Жүсіпбек Шайхыисламұлынан; 
ә) Мұсабай ақыннан; 
б) Сайлау Мұратовтан; 
в) Жиенбет жыраудан.
3. Жырдағы «Хазірет ер Сұлтан» деген кімнің лақап 
аты?
а) Махмұд Қашқари;     ә) Қожа Ахмет Иассауи
б) Қорқыт;                      в) Әли бин Әбу Тәліп.
4. Кімнің бейнесі?
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің  ажары
Жазғы түскен сағымдай.
а) Қыз Жібек;                     ә) Қыз Жібектің шешесі; 
б) Көш бастаған қыздар;   в) Қыз Жібектің жеңгесі.
5. Төлегеннің анасы кім?
а) Қамқа;   ә) Қамар;    б) Қарашаш;     в) Қаракөз.
6.Төлеген  Жібекке қандай уәде береді?
а) елге оралмай қасында қалатыны жөнінде; 
ә) көктем шағы болғанда қазбен бірге келетіні;
б) екі жүз жорға беруді;
в) елін жаудан құтқаруды.
7. Бұл кімнің бейнесі?
Сымға тартқан күмістей,
Сүмбідей болып жарады.
Тағы айқасты бір көшке,
Көш алдына қараса,
Бір бәйбіше нұр жүзді
Көшті тартып барады.
а) Қыз Жібек;              ә) Жібектің жеңгесі; 
б) Қамқа;                      в) Жібектің шешесі.

60
8. Төлегеннің кімге айтқан сөзі?
Қызыл тіл, енді қақсама,
Қарға, құзғын жемесін.
Жасыра кеткін жүзімді,
Замандас едің, жақсы аға.
а) Қаршыға;    ә) Шеге;    б) Бекежан;   в) Қарақшыларға.
9. Сансызбай кімді өлтіреді?
а) Бекежанды;               ә) Хоренді; 
б) Қарақшыларды;        в) Қаршығаны.
10. Бекежанның руы кім?
а) Жағалбайлы;   ә) Шекті;   б) Арғын;   в) Торғауыт.
№4  сабақ.  Тақырыбы:    «Қыз  Жібек»  жыры  –  қазақ 
халқының төл туындысы.
Уақыты: ________
Бұл суреттер жайлы не білесің?
(Кинофильмнен  алынған  Төлеген  мен  Бекежанның  ат 
үстінде  күш  сынасып  тұрған  және  Төлеген  мен  Жібектің 
қатар тұрған суреттері келтірілген).
Б
9
-тапсырма.  «Қыз  Жібек»  жыры  және  кинофильм 
туралы ойың қандай?
Мәтінді оқы.
«Қыз  Жібек»  -  екі  сериялы  көркемсуретті  фильм. 
1971  жылы  «Қазақфильм»  киностудиясы  түсірген. 
Сценарий  авторлары  –  Ғабит  Мүсірепов,  режиссері  – 
Сұлтанбек Қожықов, суретшісі  – Гүлфайруз Ысмайылова, 
композиторы  –  Нұрғиса  Тілендиев.  Қыз  Жібек  рөлін 
сомдаған – Меруерт Қаратайқызы Өтекешова 1951 жылы 25 
ақпанда Орал облысында дүниеге келген, кино және театр 
актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. 1968 жылы №66 
мектепті  бітіргеннен  кейін  «Қыз  Жібек»  кинофильмінің 
басты кейіпкері рөлін ойнауға шақырылған.
Б
10
-тапсырма. Диалог жұрналды толтыр.

61
   
   
 
Төлегенмен сырласу
1-бет.
Бекежанға арналған сөзім
2-бет.
- «Қыз Жібек» жыры және кинофильм арасында қандай 
айырмашылық бар?
- Кеңес үкіметіне «Қыз Жібек» жырының несі ұнамады? 
Қалай ойлайсың?
Жақсыгүл ТАЛАПБАЙҚЫЗЫ, 
Ақтөбе облысының   
Шалқар ауданындағы
№7 орта мектептің мұғалімі.
МАҒЖАННЫң «БАТЫР БАЯН»    
ПОэМАСЫ
(8-сынып, 2-сағаты)
Сабақтың  мақсаты:  «Батыр  Баян»  поэмасын  талдау. 
Міндеттері:  білімділік  –  жоспар  бойынша  поэма 
мазмұнын  пысықтау,  сюжеттік-композициялық  құрылысын 
талдауға  үйрету;  тәрбиелік  –  батырлық  пен  батылдыққа, 
ұлтжандылыққа, намысты болуға тәрбиелеу; дамытушылық 
– өзіндік көзқарастарын дәлелдеуге, кейіпкерлер әрекеттерін 
талдап түйіндеуге, өз  пікірлерін қорғай білуге баулу. 
Типі:  аралас  сабақ.  Түрі:  проблемалық  сабақ.  Әдісі: 
топтық  жұмыс,  сызба  кестемен  жұмыс,  сұрақ-жауап, 
талдау.  Көрнекілігі:  интерактивті  тақта,  сызба  қағаздар. 
Пәнаралық байланыс: тарих, география. 

62
Сабақтың жүру барысы.
Ұйымдастыру. 
1. Оқушылармен сәлемдесу, сабақты бастауға әзірлеу.
Қызығушылықты ояту. Психологиялық тренинг.
Үй тапсырмасы.
Жоспар бөлімдері бойынша поэманың мазмұны  сұралады.
1-топқа берілген тақырыптар:
1.  Көкшетау  табиғаты.    2.  Қазақ  елі  басындағы 
жаугершілік. 3. Абылай хан жарлығы. Батыр Баянды күтуі. 
4. Баянның кешігу себебі. Баян мен қалмақ қызы.
2-топқа берілген тақырыптар:
1. Жас ғашықтар – Ноян мен қалмақ қызы. 2. Ноян мен 
қалмақ қызының қашуы. 3. Батыр Баянның ашуға ерік беруі. 
4. Оқыс шешім.
3-топқа берілген тақырыптар:
1. Баянның Көкшетауға аттануы. Абылай ханға баруы. 2. 
Жауға  аттану. 3. Қалмақтардың алдауы. Шегіну. 4. Баянның 
жауға жалғыз аттануы. Жау қолынан қаза табуы.
Поэмадағы  кейіпкерлерге,  олардың  оқиға  барысындағы 
іс-әркеттеріне талдау. 
Мағынаны таны.  Жаңа сабақ.
1.  Поэманың  сюжеттік-композициялық  құрылымын 
талдау. 
Тақтаға және дәптерге сызбаны толтырамыз.
Шығарма  
желісі
Оқиға 
өрісі
Поэтика-
лық тілі
Үзінді  мысал
Кіріспе 
бөлімі
Көкшетау 
табиғаты
суреттеу
Оқжетпес найза қия – қыранға ұя,
Қарасаң жанның шері тарамай ма?
Солардың ортасында Бурабай көл,
Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек, ұқсайды 
Айға.

63
Оқиғаның 
басы
Қазақ 
халқының 
басындағы 
ауыр 
жағдай
баяндау
Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ, 
Жақыннан тыншытпайды қалың 
қалмақ.
Артында – ор, алдында – көр, жан-
жағы –жау,
Дағдарған алаш енді қайда бармақ?
Оқиғаның 
өрбуі
Абылай 
ханның 
жарлығы. 
Баянды 
іздеуі, 
күтуі
теңеу
эпитет
Жиналған өңшең бөрі Бурабайға,
Алаштың кебесіндей ізгі жайға.
Батырлар бұғаудағы арыстандай,
Абылай тұңғиық бір терең ойда...
Көп жаудың албастысы, ел еркесі,
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның аруақты құр атынан
Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ 
қоян?
Оқиғаның 
шиеленісуі
Баянның 
кешігу 
себебі.
Баян мен 
қалмақ 
қызы. 
Ноян мен 
қалмақ 
қызының 
қашып 
кетуі
баяндау
теңеу
эпитет
портрет
Ер Баян жас сұлуды алып келген,
Сұңқардай бабындағы сұқсыр 
көрген,
Қан жауып екі көзін қанды балақ
Ілмекке қоңыр қазды көңіл бөлген.
............................................................
 Болмасын жас сұлудың білгеннен 
соң
Ер Баян қарындас қып ерік берген.
............................................................
Баянның інісі бар он бес жаста,
Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян.
Ноянның бар ақылы білегінде,
Билеген асау жүрек, қайнаған қан.
...............................................................
Сөйтті де Сарыарқамен есендесіп,
Екеуі ескен желдей кетіп қалды.
Оқиғаның 
шарықтауы
Баянның 
оқыс 
шешімі.
Ашуға 
ерік беріп, 
інісі мен 
қалмақ 
қызын 
оққа бай-
лауы
теңеу
метафора
Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,
Жаралы жолбарыстай күңіренді.
Қорғасын миын, ойын төмен басып,
Ақылға алғыр құстай ашу төнді.
..............................................................
Ақыры ашу ерді билеп кетіп,
Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді.
..............................................................
Кілегей қара бұлттай төнді Баян,
Ой жоқ боп, жүрек шоқ боп, құр 
екпін боп,
Сұңқардай сорғалаған келді Баян.
Қыз түгіл қаны бірге өз бауырын
Танымай қалғандай да болды Баян.
Байланған белде сала садағына
Қалшылдап қалды салып қолды 
Баян. 

64
Оқиғаның 
шешуі
Жауға 
аттану.
Жалғыз 
шабу.
Қаза болу
баяндау
теңеу
эпитет
Абылай қолға «Аттан!» деп хабар 
салды.
Бәрі де болат тұяқ белдеу мініп,
Батырлар қатар түзеп келіп қалды.
Жөңкіліп күзді күнгі көшкен 
бұлттай,
Қап-қара, ортасы ой боп қол 
қозғалды.
..............................................................
Қол қалды. Жүз жолбарыс майданды 
ойлап,
Тартады шабуылмен Іле бойлап.
Алдында ақ сұңқардай батыр Баян,
Екпінді қауға тиген өрттей ойнап. 
............................................................
Аз қазақ көп қалмаққа салды тойды,
Көк аспан қара түтін, шаңға қойды.
Алдаспан ажалменен бәсеке боп,
Қанішер, қайқы қара қанға тойды.
..............................................................
Қасқайып қан майданда тұрып 
қалды
Қайран ер, қайсар Баян, жолбары-
сым?
Алайда уақыт өтті, құлап түсті,
Құшақтап Жанатайдай жан жолда-
сын. 
2. Поэманың басты ерекшеліктері.
Оқушыларға  «Қашан?  Қайда?  Қандай?»  деген  сұрақтар 
беріледі.  Үш  сұрақты  пайдалана  отырып  оқушылар 
поэмаға қатысты толық сауалдарды өздері қояды. Сұрақтар 
мен  жауаптарды  сызбаға  толтырып,  поэманың  басты 
ерекшеліктерін табады.
 
Қашан? 
Поэмадағы 
оқиға қашан 
болды? 
 
ХҮІІІ  ғасырдағы 
қазақ-қалмақ         
шапқыншылығы. 
 
Поэманың басты 
ерекшеліктері 
Тарихи сипаты 

65
  
  
Ой толғаныс.  Сабақты бекіту. «Екі түрлі түсініктеме» 
күнделігі.
Маған әсер еткен үзінді
Соған байланысты менің пікірім
Оқушыларға  өз күнделіктерін оқытып, пікірлерін ортаға 
салу. 
Үйге тапсырма: поэмадан үзінді жаттау.  
 
Қайда? 
Оқиға қай 
жерлерде 
болды? 
 
Қандай? 
Шығармада қандай 
мәселелер 
көтерілген? 
 
Поэмада қандай 
психологиялық 
жағдай орын алған? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Батыр Баянның інісін оққа 
байлаған ауыр жағдай 
болған жер - Сарыарқа 
даласы, Обаған, 
Жолдыөзек. 
Абылай қалың  қолымен 
қоныс тепкен жер – 
Көкшетау, Бурабай көлі. 
Қалмақтар жайлаған жер – 
Іле бойы. 
 
 
 
 
Географиялық 
орны 
1
. Туған жерге, елге деген 
сүйіспеншілік: Баян және 
қалмақ қызы. 
2. Махаббат мәселесі: 
Ноян мен қалмақ қызы 
3. Азаматтық намыс: Баян 
мен Ноян бейнесінде. 
Отанға деген 
үлкен рух 
1. «Ақында азаматтан дос 
болмайды, жалғыз-ақ 
сырын сөйлер қаламына» 
деген ой-толғанысы. 
2. Батыр бейнесін, ерлігін 
қадірлеуден туған 
шабытты, серпінді 
шумақтары. 
3. Баянның ашу буған 
намыспен өз бауырын 
өлтіргеннен кейінгі 
бауырмалдық қайғылы, 
қасіретті сезімі, ақыл мен 
ар-намыс алдындағы  жан 
күйзелісі. 
Поэмадағы 
психологиялық
  
шумақтар 

66
Бану АМАНҚЫЗЫ,
Қарағанды облысындағы
Шет ауданының
Максим Горький атындағы 
мектеп-гимназиясының мұғалімі.
ТҰМАНБАЙДЫң «БАУЫРЛАР» 
ӨЛЕңІ
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділігі  –  оқушыларға 
Тұманбай  Молдағалиевтің  өмірі  мен  шығармашылығын 
түсіндіре  отырып  «Бауырлар»  өлеңіне  тоқталу; 
тәрбиелігі 
–  оқушылардың  бойына  адамгершілік,  бауырмалдық 
қасиеттерді 
сіңіру, 
отансүйгіштікке 
тәрбиелеу; 
дамытушылығы – «Бауырлар» өлеңін оқыту арқылы білім 
беру  біліктіліктерін  қалыптастырып,  ақынның  өлеңіне 
мінездеме бере отырып талдау.
Түрі:  аралас  сабақ.  Әдісі:  түсіндіру,  пікіралмасу, 
тұжырымдау, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру. Көрнекілігі: 
ақынның  портреті,  табиғат  көрінісі,  географиялық  карта, 
кітап  көрмесі,  интерактивті  тақтада  сөздік,  дүниежүзіндегі 
қазақтардың санының көрсеткіші, пікіралмасу, тұжырымдау 
карталары. 
Техникалық  құрал:  үнтаспа,  интерактивті 
тақта.  Пәнаралық  байланыс:  география,  тарих,  музыка, 
статистика.
Барысы. Ұйымдастыру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Өмірі туралы түсінік беру.
Тұманбай  Молдағалиев  –  1935  жылы  20  наурызда 
Алматы облысындағы Жарсу деп аталатын ауылда дүниеге 
келген. Әкесі Қабылғали Мұратов, шешесі Сейсеп – өмірден 
ерте кеткен жандар. Тұманбайды әкесінің інісі Молдағали, 
жеңгесі  Қымқап  бауырларына  салып  асырап  алған. 

67
Тұрлығыз  деген  әпкесі  бар,  екеуі  бір  үйде  тәрбиеленіп, 
ержеткен.  Жас  күнінде  өте  зерек  болып,  сабақты  жақсы 
оқып,  білімділігін  көрсеткен  жан.  Кейініректе  оқуын  әрі 
қарай жалғастырып, Алматыдағы ҚазМҰУ-дың филология 
факультетіне  түсіп,  ұлы  жазушы  Мұхтар  Әуезовтен  дәріс 
алған. Ең бірінші өлеңдер жинағы «Студент дәптері» 1957 
жылы қыркүйек айында жарық көрді. Осы жинағы арқылы 
халқын  қуантып,  ақын  атанған.  Тұманбай  Молдағалиев 
көп  жылдар  «Балдырған»  жұрналының  редакторы  болып 
қызмет еткен. Қазіргі таңда ақын ағамыздың үш қызы, бір 
ұлы, немерелері бар. Поэзиясымен туған елге, туған жерге, 
Отанға, ата мен анаға, дос-құрбыға деген сөнбес махаббат 
сезімін оқырмандарының жүрегіне әлі де болса ұялатып келе 
жатқан жазушы, ақиық ақын, үлкен жүректі ірі ақын десек те 
артық болмас. Ақынның көптеген шығармалары бар. Бүгін 
біз ақынның «Бауырлар» өлеңімен таныс боламыз.
Миға шабуыл.
Бауырлар дегенде кімдерді еске аласыңдар?
Бауыр деген сөздің өзінде бірнеше мағына бар.
Кластер топтастыру
Айталық, бауыр – дене мүшесі, бауырсыз адам өмір сүре 
алмайды.  Ендеше,  туыс,  іні,  бәрі  –  бізге  бауыр.  Қазақтың 
барлығы бір-біріне бауыр.
Өлең  1992  жылы  Алматы  қаласында  өткен  дүние 
жүзі  қазақтарының  Құрылтайына  орайлас  жазылған. 
Әлемнің  әр  түпкіріне  тарыдай  шашылып  кеткен  қандас 
бауырларымызға  арнап,  өзінің  үлкен  ақындық  жүрегімен 
елеңдеп,  бауырмалдық  сезімімен  құр  босқа  қарап  қалмай, 
жанынан өлең шығарып, қандастарымыздың елге оралуына 
 
Бауыр  

68
деген  өз  қуанышын  білдірген.  Бұл  өлең  Алматыдағы 
республика сарайында оқылды. Қазақ деген қаны, жаны бар 
бауырларымыздың, расында да, тарыдай шашылғанын мына 
картаның бетінен көруге болады (Дүние жүзі картасы)
Шет елдердегі қандастарымыздың санына тоқталу...
ТМД елдеріндегі қазақтар санына тоқталу...
Сол  құрылтайда  дүниенің  төрт  бұрышына  шашылып 
кеткен бауырларымыздың біразы дерлік – 14 мемлекетінен 
келіп бас қосты. Туған жердің туы астында ата-жұртта бас  
қосу  қандай  қуаныш  десеңші!  «Қош  келдіңдер,  қандас 
бауырлар!»  деген  ұранмен  қарсы  алған  қазақ  жұрты 
бауырларымен  қауқылдасып,  сағыныш  сезімдерін  білдірді. 
Төрткүл  дүниенің  бұрышынан  келген  қандастарымыз 
өздері  тұрып  жатқан  мемлекеттерінің  азаматтығын 
қабылдаса  да,  туған  елі  –  Қазақстанның  бел  баласы,  төл 
перзенті  екендіктерін  көңілдерінен  шығармай,  салт-
дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, тілдерін әрдайым құрметтеп, 
ұмытпағандықтарын  байқатты.  Осы  қандастарымыздың 
жер ауып, елдерін, көлдерін тастап кетулеріне басты себеп 
болған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1920 жылдардағы 
кәмпеске, күштеп коллективтендіру, 1931-1932 жылдардағы 
ашаршылық,  т.б.  Сол    қандастарымыздың  біразы  елдеріне 
оралуда.  Алысқа  ұзамай  өзіміздің  Шет  ауданында 
Моңғолиядан келген оралмандар саны – 1854. 
Біз  ағайындарымызды  қалай  қарсы  алдық?  Біздің 
бойымызда  үлкен  сағыныш,  адамзаттық  сезім  болды  ма? 
Ал,  ақиық  ақынымыз  нәзік  жүрегімен  өзінің  сағынышын, 
лебізін білдіреді.
Оқулықпен жұмыс: «Бауырлар» өлеңін мәнерлеп оқу.
Сергіту сәті.
«Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй!
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең – менше сүй!» деп Абай атамыз айтқандай, 
мына  орындалар  әнге  бір  сәт  құлақ  түрейік.  Әр  адамның 

69
бойында туған жеріне, еліне деген сағыныш сезім болады. 
Қазақ елі деген есімге кір түсірмей, туған жерді әнге қосып 
мадақтаған екен. «Туған жерде жүрсең өз анаңның қолында 
ұйықтағандай сезімде боласың» деген екен.
Оқушылардың өздеріне өлеңді мәнерлеп оқыту.
Сөздік жұмысы.
Алқапта – маңайда, өрісте. Көңілге семіру – көңілі толу, 
риза болу. 
Мөлдіріне – тұнығына. Жырақ – алыста. Түрсін 
құлақ  –  тыңдасын.  Жайқалып  жалындап  ал  –  жігерлі  бол, 
талапты бол. Қауқылдасу – амандасу.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ

жүктеу 2.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет