«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2.63 Kb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата06.05.2017
өлшемі2.63 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды және кабинетті дайындау 
(«Ерте, ерте, ерте екен»   әнімен би билету). Оқушыларды 
түгелдеп, жұрнал толтыру. 
Ертегі туралы ән неге тыңдадық деп ойлайсыңдар?
(Балалардан  «Халық  ауыз  әдебиеті,  оның  ішінде  
ертегілерді оқып жатырмыз» деген жауап алынуы қажет).

40
ІI.  Мақсат  қою  кезеңі.  -  Балалар,  үйге  «Керқұла  атты 
Кендебай»  ертегісін  мұқият  оқу  тапсырылған  болатын. 
Ендеше, бүгінгі біздің мақсатымыз – ертегі мазмұнын толық 
меңгеру, талдау, Кендебай бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі 
алу және шығармашылық қабілеттерімізді барынша көрсете 
білу.
Тақырыбымыздың негізгі кейіпкері – Кендебайдың мінез- 
құлқына  сәйкес  сабағымыздың  эпиграфы  етіп      «Адамда 
жақсы  қасиет  болмаса,  оған  бақ  та,  бақыт  та  қонбайды» 
деген нақыл сөзді алғанды жөн көрдім.  
- Кендебай ең алдымен қандай адам? (Батыр).
Ертегідегі  Кендебай  сынды  батырдың  адал  серігі  – 
Керқұла  деген  ат.  Осы  батырлардың  серігі  –  ат  туралы, 
жалпы  жылқы  туралы  қазақ  әдебиеті  мен  мәдениетінде 
қандай туындыларды білесіңдер?
Кер және құла сөздеріне анықтама беріледі. 
Кер  –  құла  мен  торының,  құла  –  сары  мен  жиреннің 
аралас түсі. 
ІІІ. Материалды түсіндіру кезеңі. - Қазір «Керқұла атты 
Кендебай» ертегісінің мазмұны бойынша жұмыс жүргізейік. 
Қате  орналасқан  жоспар  атауларын  ретімен  орналастыр 
(слайд №2). 
1. Кендебай мен жетім бала.
2. Керқұланың тағдыры.
3. Кендебайдың дүниеге келуі.
4. Хан бұйрығы
5. Баланың ата-анасымен қауышуы.
6. Кендебайдың бұйрықты орындауы. 
7. Кендебайдың Аралға баруы.
8. Кендебайдың биені күзетуі.
9. Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары.
10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі.

41
Мазмұндау жоспары (дұрысы):
1. Кендебайдың дүниеге келуі.
2. Керқұланың тағдыры.
3. Кендебай мен жетім бала
4. Кендебайдың Аралға баруы.
5. Кендебайдың биені күзетуі
6. Хан бұйрығы.
7. Кендебайдың бұйрықты орындауы.
8. Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары.
9. Баланың ата-анасымен қауышуы
10. Керқұла  атты Кендебай батырдың елі.
Әр бала әр тарауды мазмұндайды.
Мақалдарды мазмұн жоспарына сәйкестендір.
1. Кендебайдың дүниеге келуі.
Батыр туса – ел ырысы.
2. Керқұланың тағдыры
Қасқырдың ойлағаны – арамдық.
3. Кендебай мен жетім бала
Қаралы көңіл жаралы.
4. Кендебайдың аралға баруы
Жол мұраты – жету.
5. Кендебайдың биені күзетуі
Өзі аққа құдай жақ.
6. Хан бұйрығы                                    
Есірген хан елді ермек етер.
7. Кендебайдың бұйрықты орындауы
Қаһарлы қамал бұзады.
8. Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары
Құдаңның тайын алғың келсе, құлынды биесін сұра.
9. Баланың ата-анасымен қауышуы                          
Ата  –  асқар  тау,  ана  –  бауырындағы  бұлақ,  бала  – 
жағасындағы құрақ. 

42
10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі
Іздеген мұратына жетеді.
Сөздікпен жұмыс.
1. Алты айдың ішінде алты кез ат болды (67-бет), (Кез -71 
см-ге тең ұзындық өлшемі).
2.  Ернім  жалақ,  басым  таз  болды  (68-бет).  (Жалақ  – 
ерінді жалай беруден жел қақты боп кеберсіген жара)
3. Құндыз жүнді арғымақ құлын туады (70- бет).  (Құндыз 
– салмағы 10 кг-дай өзен-көлде тіршілік ететін терісі бағалы 
аң).
4.  Зынданның  аузы  құлыптаулы  (Зындан  –  тұтқынға 
түскен адамдарды жазалау үшін жер астынан қазылған терең 
ор, апан).
5. Батпан – салмақ өлшемі. Бір батпанда 200-300 грамм 
ауырлық бар. 
ІV. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру.
А)  -  Балалар,  енді  Кендебай  батырдың  бойынан  қандай 
қасиеттер көргендігімізді топтастырайық. 
 
 
 
Кендебай 
бойындағы 
қасиеттер 
ақылды  
қамқор  
қайырымды  
адал 
жанашыр  
шыдамды   
 
кішіпейіл 

43
Ә)  Оқулықпен жұмыс. 
Қайырымдылығы:  жылағанды  жұбатыпты,  қысылғанға 
жәрдем  беріпті.  Қамқорлығы:  Қарасудың  бойындағы 
жыртық үйлі кедейлерді аң аулап асырауы. Жанашырлығы: 
жетім баланы жұбатып, әке-шешесін тауып беруге уәде беруі. 
Кішіпейіл:  хан  қызының  ақылын  тыңдап,  «Айрылғырдың 
суы айырыл!» деуі. Адалдығы: жұлынып қалған қолындағы 
құлынның алтын құйрығын ханға табыс етуі. Шыдамдылығы: 
шаршаса  да  түні  бойы  көз  ілмей  құлынды  күзеткендігі. 
Ақылдылығы:  ханға  келген  шаруасын,  өзінің  қарапайым 
адам екендігін айтуы, баланың әке-шешесін босатуға рұхсат 
сұрағандығында.
V  кезең.  Балалардың  шығармашылық  қабілеттерін 
арттыру. 
-  Осы  ертегіні  әнге,  сазға,  жалпы  музыкаға  бейімдеп 
жазып  келу  немесе  сахналық  қойылым  ретінде  өзгертіп 
дайындап келу тапсырылған болатын. Қане, кім не дайындап 
келді?
Үш оқушы Кендебай мен жетім баланың кездесуін, хан 
қызының  ақыл  айтуын  сазды  көрініс  ретінде  дайындап 
келіпті. 
Екі  оқушы  Кендебай  мен  жетім  баланың  диалогын 
«Қабанбай  батыр»  әніне  лайықтап  өлең  сөзбен  жазып, 
сахналандырылған көрініс қойды. 
VІ кезең. Бекіту. 
Тақтамен, дәптермен жұмыс.
А) Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

44
«Керқұла атты Кендебай»        «Аяз би» ертегісі
               ертегісі               
Ә) Бекіту сұрақтары:
1. Ертегінің неше түрі бар? 2. «100 үйге кірдім, 101-үйдің 
іші  ертегідегідей  екен»  деген  сөйлемді  қалай  түсінесің?        
3.  «Таңғажайып»  деген  сөзді  қалай  түсінесің?  4.  Кендебай 
бойындағы  қасиеттерді  бір  сөзбен  қандай  қасиеттер  деп 
айтар едің?
VII  кезең.  Қорытынды.  -  Балалар,  Кендебай  бақытқа 
осындай  адами  қасиеттер  арқасында  жетіп  отыр.  «Адамда 
жақсы  қасиет  болмаса,  оған  бақ  та,  бақыт  та  қонбайды» 
деген    нақыл  сөздің  жаны  бар  екен.  Кендебай  батырдың 
бойындағы ізгі қасиеттерді үлгі тұтып, әрдайым жақсылыққа 
ұмтылыңдар!
VIIІ кезең. Үйге тапсырма. 
1. Ертегідегі ұлттық салт-дәстүрлерді теріп жазу. 
2. «Керқұла аттың өсіп жетілуі» деген тақырыпқа ертегі 
өрбітіп  жазу.  
IX кезең. Бағалау.
 
1. Қиял-ғажайып 
ертегілерде таңға-
жайып оқиғалар 
болады.  
2. Іс-әрекет қиялға 
құрылған. 
3. Ғажайыптың 
арқасында, 
ерліктің арқасында 
мұратына жетеді. 
1. Шыншыл ерте-
гіде ешқандай 
таңғажайып оқиға 
берілмейді. 
2. Қарапайым 
өмірдегі шынайы 
іс-әрекет. 
3. Ақылының 
арқасында 
мұратына жетеді.  
 
Ертегі – 
халық  
мұрасы 

45
                                               Ақжонас РЫСҚАЛИЕВА,                  
                                                       Орал қаласындағы
        №19 жалпы орта білім                                        
                                         беретін мектептің мұғалімі.
МАХАМБЕТ. «ЕРЕУІЛ АТҚА           
ЕР САЛМАЙ»
(8-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  Махамбет 
шығармаларымен  таныстыру,  өлеңдерінің  тақырыбы 
мен  идеясын  анықтау,  білімдерін  саралау,  жүйелеу; 
дамытушылық – өлең талдау дағдысын қалыптастыру, оқу 
мен жазу арқылы сын  тұрғысынан ойлауды дамыту, таным                                   
көкжиегін  кеңейту;  тәрбиелік  –  ерлікке,  батырлыққа 
тәрбиелеу,  бір-бірінің  пікірін  дамыта  отырып,  қауымдасып 
жұмыс істеуге, өзара сыйластыққа тәрбиелеу, Отанды, елді 
сүйе білуге, батырын ардақтауға үйрету.                                   
Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру, пікірталас, 5 
жолды өлең, шығармашылық жұмыс. 
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Х-ХІІ  ғасыр  әдебиетін  қайталау.  Махамбет  туралы 
ұлылардың пікірін жазу. 
-  Х-ХІІ  ғ.  әдебиетіне  кімдерді  жатқызамыз?  (тақтаға 
жазғызу)
-  Өз  шығармаларында  қандай  мәселелерді  сөз  етеді? 
Араларындағы ұқсастық қандай?

46
Ахмет Иассауи.                              Жүсіп Баласағұни.
Махмұд Қашқари.                           ӘбуНасыр әл Фараби.                                           
                                     Сәйф Сарай.
III. Жаңа тақырыпты меңгерту.
а)  Қызығушылығын  ояту.  («Соғыс»  өлеңін  электронды 
оқулықтан тыңдату)
- Балалар, бұл қай ақынның өлеңі?..
- Махамбет кім? (дәлелде)
 
     ақын 
                                                           батыр
 
                                           күйші                                       
ә) Жаңа сабақты түсіндіру.                   
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.   
Махамбет жаратылысында әрі батыр, әрі жырау-ақын, әрі 
күйші-домбырашы  болыпты. Мінезі өте қызулы, бет алған 
жағынан қайтпайтын, қайсар ер адам болған.  
                                                               Мұхтар Әуезов.
(Махамбеттің  өмірі  мен  шығармашылығына  тоқтала 
жинақтап айтып кету)
 
1.Оқу-білімге 
шақырады.                      
2. Адамгершілікке 
үндейді.                    
3. Қанағатшылдыққа 
бағыттайды. 
 
Махамбет
 

47
б) Оқушылармен, кітаппен жұмыс.
Алдымен өлеңдерін дауыстап мәнерлеп оқыту.     
Өлеңнің  тақырыбын  анықтап,  тіл  көркемдігіне,  өлең 
құрылысына талдау.
«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі. 1. 1 шумақ, 19 тармақ, 
2 бунақ, 8 буыннан тұрады, шұбыртпалы ұйқасқа жазылған.  
2.  Гипербола,  ассонанс,  аллитерация,  риторикалық  сұрақ 
бар. 3. Туған жер үшін күреске шақырады. Ер адам осындай 
қиындыққа шыдау керек. Азаматтың алдындағы қиындықтар 
мен  ауыр сынақтарды тізіп шығады. Қиындыққа шыдаған 
кісі ер атануға лайық. 
«Мұнар  күн»  өлеңі.  1.  1  шумақ,  36  тармақ,  2  бунақ,  8 
буыннан тұрады, шұбыртпалы ұйқасқа жазылған. 2. «Күн» 
сөзі қайталанып келу арқылы өлеңнің әсерін күшейтіп тұр, 
теңеу (Хас бәйтерек...) эпитетті (мұнар, шұбар) пайдаланған. 
3. Ішкі жан сыры жырланады. Достан айырылғанын сезесің.
- Досы кім?..
- Досына шығарған қандай өлеңімен таныстық?
в) Салыстыру.
«Ереуіл атқа ер салмай»                           «Мұнар күн»
Күреске шақырады.     Өмірге құлшыныс      Жан сыры
Жігерлендіреді.            сезіледі.                       байқалады.
Ерлік                              Күрес жолынан            Достан 
намысын қайрайды.      таймайтыны            айырылғанын                                        
                                        көрінеді.                        сезесің.                                                  
                                     Шұбыртпалы ұйқас-      Мұңаю бар.
                                         пен жазылған.                              
                                             8 буынды. 
Ер сөзіне байланысты қандай мақал білеміз.
г) Шығармашылық жұмыс.
1-тапсырма. Махамбеттен (өлеңдерін жатқа оқу)
2-тапсырма.  Махамбеттен    (өлеңдеріндегі  афоризмдерді 
мақалмен салыстыру)

48
3-тапсырма. Махамбетше (өз шығармашылығын оқу).
1. Асыл ердің баласы
жауды көрсе шыдамай             «Өзіммін деген жігітті 
көзін салар қияға.                    түзде сынама, үйде сына»
Ермін деген жігітті
кеңшілікте сынама.
(«Қарағай шаптым шандоздап»)
2. Айырдан туған жампоз бар
Нарға жүгін салғысыз.
Аруанадан туған мая бар
Асылын айуан десе нанғысыз.
       «Жақсыдан туған жаман бар,
        Бір аяқ асқа алғысыз.
        Жаманнан туған жақсы бар-
        Атасын айтса нанғысыз»  
(«Атадан туған қазанат»)
 3. Жаманменен дос болсаң,
Айырылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Басқа кетер бөлектеп,
Қолдан берер есептеп,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
       «Жаманменен дос болсаң,
        аузы-басың қан болар.
        Жақсыменен дос болсаң,
        аузы-басың май болар»
(«Арғымақ, сені сақтадым»)
4. Сан шерулі қол болса,
Батырлар болар ағасы.                 «Ел ағасыз болмас,
Аз сөйлер де көп тыңдар,            тон жағасыз болмас»
Хас асылдың баласы.
(«Аспандағы бозторғай») 

49
ғ) Пікірталас.
- Бүгінгі өмірімізде Махамбеттер бар ма?
д) Мұғалімнің жинақтап қорытындылауы.
«Махамбет  -  өмірдегі  қасіреттің  синонимі,  өнердегі 
қасиеттің символы». Өзін емес, өзге жайын, ел қамын ғана 
ойлаған.  Отбасынан  баз  кешіп,  өз  рахатынан  өзі  безіп, 
ылғи ғана «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып» 
жүргендегі мақсат-мүддесі – елінің ертеңі, дәлірек айтқанда, 
- біздің бүгінгі күніміз, азат Қазақ мемлекетінің егемендігі. 
                                                       (Зейнолла Қабдолов).
Үйге  тапсырма  беру.  1.  Махамбет  Өтемісұлы  туралы 
деректерді оқу. 2. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау. 3. 
Афоризмдерді жазу. 4. Түсініктеме күнделігі.
   
   
 
Гүлсім ЖҰМАҒАЗИНА,
Ақтөбе облысының
Хромтау ауданындағы
«Дөң» орта мектебінің мұғалімі.
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ. «АНАНЫң 
АНАСЫ»
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты: 1) оқушыларға жазушының өмірі, 
шығармашылығынан мәліметтер беру және оның әңгімесін 
оқып,  мазмұнын  ашу;  2)  ізденгіштік  қасиеттерін  арттыра 
отырып,  дәлелді  пікір  айту,  ойлау  қабілеттерін  дамыту, 
шығармашылық жұмыс істей білуге, өзінше тұжырымды ой 
айта білуге үйрету; 3) шығарма идеясы негізінде оқушыларды 
адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге баулу.

50
Әдісі:  СТО  стратегиялары  (ой  қозғау,  мағынаны  тану), 
сұрақ-жауап,  тірек-сызба.  Типі:  жаңа  сабақ.  Көрнекілік: 
жазушы өміріне байланысты жинақталған слайд, сөзжұмбақ.
Барысы.
I.  Ұйымдастыру.  Балалармен  амандасу,  сабаққа 
дайындығын тексеру.
II. Жаңа сабақ. 
Сабаққа  қызығушылығын  ояту.  «Сөз  сырына  саяхат» 
бөлімінде сөзжұмбақ шешу.
1. Көркем шығармада өмірдің жағымсыз жақтарын күлкі 
ете мысқылдай суреттеу  (Сатира)
2. Есімдіктің бір түрі  (Өздік)
3. Тұрақты сөз тіркесі  (Фразеология)
4. Саусақпен санағандай  (Аз)
5. Жансыз затты жандандыра суреттеу  (Кейіптеу)
6.  -ыншы,  -інші  жұрнақтары  арқылы  қандай  сан  есім 
жасалады? (Реттік)
7. Шамадан тыс асыра суреттеу  (Гипербола)
8. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала  (Фонетика)
9. Өлең тармақтарында белгілі бір сөз не сөз тіркесінің 
жол басында қайталануы  (Анафора)
10. Уақ сөзінің антонимі  (Ірі)
   
 
                                                        
С           
Ө         
      З               

  З 
  Е             
Р           
Г               
 
     
Е         
         
Р   
І     
 

51
- Сөзжұмбақтан қандай сөз оқуға болады?
Сөз зергері деген сөзді оқуға болады.
-  Дұрыс.  Біз  бүгін  сөз  зергері  атанған  жазушы  Ғабит 
Мүсіреповтің  өмірі,  шығармашылығы  және  әңгімесімен 
танысамыз. Сендер жазушы туралы не білесіңдер? Төменгі 
сыныпта  оның  қандай  әңгімелерімен  оқып  таныстық? 
(Балалардың жауабын тыңдау)
«Білген сайын келеді біле бергім...» деп аталатын бөлімде 
балаларға жазушы өмірінен дайындалған слайд көрсетіледі.
Баяндау.  1902-1985  жылдар  аралығында  өмір  сүрген. 
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге 
келген. 1923-1926 жылдары Орынбор қаласында жұмысшы 
факультетінде  оқыған.  «Қазақстан»  баспасында  редактор 
(30-жылдары),  «Қазақстан  әдебиеті»,  «Соц.Қазақстан» 
геазеттерінде бас редактор болған.
Ғабит Мүсірепов – жазушы, драматург, аудармашы.
Жазушы 1933 жылы орыс жазушысы Максим Горкийдің 
«Адамның  тууы»,  «Өлімді  жеңген  ана»  деген  әңгімелерін 
қазақ  тіліне  аударды.  Гуманист  жазушы  М.Горкийдің  адам 
деген  ардақты  атты  жоғары  бағалауы,  өмірге  рух  себуші, 
тіршілік  иесі  аналардың  қоғамдағы  рөлі  жазушыға  үлкен 
ой  салды.  Жазушының    әйел  образдары  күшті  жасалған 
шығармаларына қатты қызығып өзі де ана туралы «Ананың 
анасы»,  «Ананың  арашасы»,  «Ашынған  ана»,  «Ер  ана», 
«Ақлима» атты әңгімелер жазды.
Біздің бүгінгі талқылайтынымыз – жазушының «Ананың 
анасы» атты әңгімесі.
Мен сендерге бұл әңгімені өз беттеріңмен оқып, мазмұнын 
біліп келіңдер деген болатынмын. (Сөз кезегі оқушыларда)
Кітаппен  сөйлеу  стратегиясы.  Оқығандарын  еске 
түсіру. Мазмұнын қысқаша баяндату.
Дәптермен  жұмыс.  Кейіпкерлер  бейнесін  топтастырып 
жазу. Талдау (Балалардан жазғандарын сұрау)

52
                             Бала би          Ана
                                                                 Жалпақ балуан
              Молда
       Әйтілес
                                                                  Жанай балуан
                       Сарыбай    Рамазан саудагер
Негізгі кейіпкерлерді анықтау, оларға мінездеме беру.
- Негізгі кейіпкерлер кімдер?
- Жалпақ балуан, ана.
- Топтастыру әдісімен анаға мінездеме бер
(Тақтада жазу)
                жасқанбайды         ер мінезді
                                                                  отқа түсуге әзір
  көзі 
 ашық 
 
                 өткір сөзді      қайратты            батыл 
Сұрақ қою. «Мағынаны таны».
-  Қайратты  дедік,  оның  бойына  қайрат  бітіріп  тұрған 
қандай күш?
- Аналық махаббат.
- Ананың батырлығы неде?
-  Ол  оқтай  ұшқыр  жүйрік  торымен  жұлдыздай  ағып 
келіп жаудан қалың жылқыны айырып алады да, өзі төбеге 
шығып  зорлықшыларды  қасына  шақырады.  Сескенбейді, 
қорықпайды. 
 
Кейіпкерлері  
 
Ана   

53
   
   
 
Оқулықтан ананың сөзін тауып оқыту (Менің атым – 
әйел,  мына  қыздың  анасымын!  Бәрің  де  анадан  тудыңдар! 
Анамен  алыспайды  да,  атыспайды  да.  Нең  бар  еді  менің 
жалғызымда?  Кел,  ботам,  өзіме!  –  дегенде  қолымдағы 
қыздың  қалай  ыршып  кеткенін  білмеймін,  секіріп  барып 
шешесінің мойнына асылды).
- Жалпақ балуан туралы не айтасыңдар?..
-  Қалай  ойлайсыңдар,  қырық  жігіт  пен  Жалпақты 
тізе  бүктірген  қандай  күш,  нендей  құдірет?  (Әйел  өзінің 
басындағы  ауыр  халді,  өзі  күнде  көріп  жүрген  теңсіздікті 
айтады)
Жалпақ  анасының  сөзінен  кейін  қандай  күйде  болады? 
(Таудан құлағандай)
- Ананың нақты есімі айтылмайды? Себебі не?
(Балалардың жауабын тыңдау)
Шығармашылық жұмыс (Ойтолғау жазу)
«Ана  деген  асыл  жан  ғой  әрқашан...».  Балалардың 
жазғандарын оқыту.
Үйге тапсырма. Әңгіме құрылысын талдауға дайындалу.
Бағалау.
Шешсең жұмбақ – көңіл тынбақ
Біреуге найза түйрейді,
Өзі де содан күйрейді.
Ол не?                                   (Ара)
Судан шығып келеді,
Суға салса  өледі.
Ол не?                                    (Тұз)
(Жеті жүз жұмбақ. А., “Жалын”, 1985, 16, 17-беттер.)

54
Ақмарал ОМАРОВА,
Мирон негізгі жалпы білім 
беретін мектебінің мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы,
Жаңатаң ауылы.
«ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫ                   
БОЙЫНША ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН 
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
Құрметті оқушы!
Әдебиет  –  сөз  өнері.  Ол  жүрегіңе  асыл  қасиеттерді 
ұялатып,  адамгершілікке  тәрбиелейді.  Егеменді  елімнің 
және  өзіңнің  келешегіңнің  жарқын  болуы  үшін  бұл  пәнді 
шынайы сүйе біл! Құрметтей біл!
Сенің  бұл  пәнге  деген  құрметің  ынталы  оқуың  мен 
тапсырмаларды тиянақты орындауың болып табылады.
Конструкторлық 
жоба 
технологиясы 
бойынша 
жасақталған  жұмыс  дәптеріңде  әр  түрлі  тапсырмалар 
берілген. Орындауға кірісер кезде мыналарды ескер:
Терең  ойлан!  Ойыңды  жинақта!  Ойыңды  жүйелі 
құрастыр!  Ойыңды  дәлелдейтін  мәліметтерге  назар  аудар! 
Іштей  сөйлеп  қайтала!  Батылдықпен  ойыңды  еркін  түрде 
ауызша, жазбаша мұғаліміңе және сыныптастарыңа жеткіз!
Конструкторлық  жобалау  технологиясы  (Қанипа 
Бітібаева)

55
            Б2                          Б7                          Б4
                 «Қыз Жібек»            Жырдың            «Қыз Жібек»
                   жырының              көркемдік         жырындағы 
                 композициясы        ерекшелігі         халықтық
                                                                        салт-дәстүрлер
    Б1                                                                            Б3
   Жыр мәтінімен                                                «Қыз Жібек»
    жұмыс                                                           жырының 
                                                                        шығу тарихы
   Б9 «Қыз Жібек»                                       Б10  Диалог
 жыры және фильм                               жұрналды толтыр
      Б5 «Қыз Жібек»                           Б 6 «Қыз Жібек» 
 жырының ерекшелігі                  жырының құрылысы
                                          
                                           Б 8 
                         Кейіпкерлеріне мінездеме
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ

жүктеу 2.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет