«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2.63 Kb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата06.05.2017
өлшемі2.63 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ләззат  ҒҰБАЙДОЛЛАҚЫЗЫ, 
Орал қаласындағы 
№44 жалпы орта білім
 беретін мектептің мұғалімі.
                        ТІЛДІК НОРМА ЖӘНЕ                                                                                                                                             
                        ЖАңА ҚОЛДАНЫСТАР
                                                          (10-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  қоғам  өміріндегі 
өзгерістерге  байланысты  туындаған  жаңа  қолданыстар 
мен  олардың  лексика-грамматикалық  ерекшеліктерін 
түсіндіру  және  олардың  тілдік  норма  ретінде  қалыптасу 
жолдары  туралы  түсініктерін  кеңейту;  дамытушылық  – 
оқушылардың  ой-өрісін  дамыта  таным  көкжиегін  кеңейту, 
өзіндік пайымдауға, қорытынды жасай білуге дағдыландыру; 
тәрбиелік  –  сөз  мәдениетіне,  жүйелі  ойлай,  сөйлей  және 
жаза  білуге,  өз  тілінің  қадір-қасиетін  жете  түсінуге, 
ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Түрі, типі: аралас сабақ. Әдісі: дамыта оқыту. Көрнекі- 
лік:  тіл,  сөз  туралы  ғалымдардың  пікірлері,  жаңа 
қолданыстағы  сөздер  жазылған  плакат,  тілдің  баю 
жолдарының сызбасы (киіз үй макеті кейпінде). Пәнаралық 
байланыс: қазақ әдебиеті. Пайдаланылған әдебиет: «Жаңа 
атаулар» (А., 1992),  Рәбиға Сыздық, Ғабдолла Қалиев, Шора 
Сарыбаев.  «Қазақ  диалектологиясы»  (А.,  «Мектеп»,  1979), 
Ғабдолла Қалиев. «Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселесі» (А., 
«Ғылым»,  2002),  Рәбиға  Сыздық.  «Сөздер  сөйлейді»  (A., 
«Санат», 1994).
Сабақтың барысы. 

25
Ұйымдастыру.  Сабақтың  мақсаты,  бөлімдермен  та-
ныстыру.
Үй тапсырмасын сұрау.
І.  Зерттеушілік саты. Үйге берілген ізденіс тапсырма-
лары бойынша дайындығын тексеру.  Тақырыпқа қосымша.
1. Тілдегі жаңа қолданыстардың тууы, қалыптасуы және 
тілдік норма (Оқушы ізденісі).
Дәйексөз: Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу 
адамды мәдени қоректендіре түседі. Әсіресе, ана тілін білу, 
оның қасиетін түсіну – басты парызымыз.   Ілияс Омаров.
2. Тілдегі жаңа қолданыстардың пайда болуына себепші 
жағдайлар  (Сызба  арқылы  көрсету,  оқушы  өз  ізденісі 
бойынша түсіндіреді).
Сөздік құрам
Калька
Балама 
табу
Көне немесе 
жергілікті 
сөздерді 
пайдалану
Бағалауыш 
сөздерді 
қолдану
Сөздік қор
Дәйексөз:  Қазақ  баласы  бірінде  жоғын  бірінен  алуға, 
ауысуына  әбден  болады,  жатырқаудың  керегі  жоқ.  Біздің 
тексеретініміз – бөгде, бөтен жұрттан өзіміздегі бар сөздің 
орнына тіл кіріп бара жатса, соны алып тастап, қазақ тілін 
аршып, тазартып отыру.
 
Тіл байлығы 
Жұрнақ жалғау 
арқылы 
Түбірді 
біріктіру 
Жаңа мағына 
 үстеу 
Сөз 
тіркесі 

26
Қазақтың өзінен жаңа тілдер көбейіп, табыла берсе, оған 
қуану керек, сонда тіліміз бай болады. 
                                                       Жүсіпбек Аймауытов.
3. Тілдегі жаңа қолданыстардың жасалу жолдары (Оқушы 
ізденісі, түсіндіруі).
Дәйексөз: Әдетте «жаңа сөз» дегеніміз – тілде бұрыннан 
бар сөздердің (түбірлердің) бір-бірімен қосақталуы, тіркесуі, 
мағына  ауыстыруы  сияқты  амал-тәсілдердің  бірі  арқылы 
құбылған  түрлері,  яғни,  бұрынғының  «жаңғырықтары». 
Бірақ олар естіліп барып өшіп кететін дыбыс жаңғырықтары 
емес,  ...  сөздік  қазынаны  молайтатын,  тілдің  ілгері  даму 
үдерісін көрсететін бағалы «дүниеліктер». 
                                                                Рәбиға Сыздық.
ІІ.  Танымдық  саты.  Оқулықпен  жұмыс.  Оқулықта  бе-
рілген 102, 103, 104- жаттығуларды орындау.
Сөздікпен  жұмыс.  Берілген  сөздердің  шығу  төркінін 
анықтап, бүгінгі мағынасын айту, сөйлем құрау.
ІІІ. Қолдану сатысы. Тапсырмалар
1.  Теледидар,  радиодан  естіген,  газеттен  теріп  жазған 
жаңа  қолданыстағы  сөздердің  баламасын  айтып,  сөйлем 
құраңдар. Бұл сөздер әдеби тіл нормасына енген бе, жоқ па?
2. Сөйлемдердегі кірме сөздердің байланысын табыңыз, 
бұл сөздер тілдік нормаға айналған ба?
Асты  сызылған  сөзге  талдау  (морфологиялық, 
синтаксистік) жасаңыз.
3. Сурет бойынша жаңа қолданыстағы сөздерді пайдалана 
отырып, сөйлемдер құраңыз.
4. Берілген сөздердің мағынасын айқындаңыз, баламасын 
айтыңыз. 
Бағалау (Топтардың бірін-бірі бағалауы).
Үйге тапсырма беру. Оқулықтағы 104, 105-жаттығуларда 
берілген  сөздерді  пайдаланып  тест  сұрақтарын  құрастыру 
(10 сұрақ).

27
Назгүл БОЛАТБАЙ,
«Тайпақ» жалпы орта білім 
беретін мектебінің мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы,
Ақжайық ауданы,
Қарауылтөбе ауылы.
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  бұрынғы  өтілген 
материалдармен  сабақты байланыстыру, сөз құрау, сөйлемді 
дұрыс  құру  тәсілдерін  меңгерту,  өз  ойын  жинақтап  әдемі, 
көркем тілмен  жеткізе білуге ұмтылдыру; дамытушылық 
–  логикалық  ойын  дамыту,  дұрыс,  анық  сөйлеуге 
жаттықтыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, 
шығармашылық  қабілетін  дамыту;  тәрбиелік  –  мәтін 
арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне 
білуге,  сөз  мағынасын  келістіре  оларды  дұрыс  қолдануға, 
дәл түсінуге тәрбиелеу. 
Түрі:  саяхат  сабағы.  Әдісі:  сұрақ-жауап,  түсіндіру, 
семантикалық  картамен  жұмыс,  салыстыру.  Көрнекілігі: 
дауыссыз  дыбыстарға  тірек-сызба,  семантикалық  карта, 
парақшалар, плакаттар, интерактивті тақта.
Сабақтың өтілу барысы.
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру. 259-жаттығу.
Пысықтау сұрақтар:
1. Дауысты дыбыс дегеніміз не? Оларды ата.
2.  Жақтың  қатысына  қарай  дауысты  дыбыстар  нешеге 
бөлінеді?
3. Тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

28
4. Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?
5. Еріндік, езулік дыбыстарды ата.
6. Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды ата.
III. Жаңа сабақ.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, аспан мен жердің 
арасында,  сонау  Жайықтың  жағасында  «Дыбыс»  хандығы 
болыпты. Дыбыс хандығын Фонетика деген хан басқарыпты. 
Хандықтың  алып  жатқан  аумағы  ұшқан  құстың  қанатын, 
жүгірген  аңның  тұяғын,  адамның  аяғын  талдыратындай 
үлкен  болыпты.  Фонетиканың  қол  астында  дыбыстар 
қауымы өмір сүріпті. Қауым Дауысты дыбыстар ұлысы мен 
Дауыссыз дыбыстар ұлысына бөлініпті.
Дауыссыздармен  көрші  отырған  дауыстылар  ұлысын 
Дауысты ақсақал басқарыпты. Дауысты қария табиғатынан 
сөзге  шешен,  әнге  ұста,  жезтаңдай,  күміс  көмей,  рухани 
мәдениеті зор қария екен. Оның бұл жақсы қасиеті барлық 
ұрпақтарының бойында бар екен. Бұлардың ішінде жат адам 
көрсе шүйіркелесіп сөйлесіп кететін «ашықтар» да, бөтенді 
көргенде бұйығатын «қысаңдар» да бар.
Дауыссыз  дыбыстар  ұлысын  жасы  жүзге  таяған  Дауыс-
сыз  қария  басқарыпты.  Дауыссыз  ақсақалдан  тараған 
жиырмадан астам ұрпағы болыпты. Ақсақал туысынан сөзге 
шорқақ, тұйық болғандықтан, өзінің балалары да сөзге сараң 
болып ержетіпті.
Қария  Қатубай,  Кендірбай,  Пернебек,  Фазабек  сияқты 
мінездері  қатты,  алған  беттерінен  қайтпайтын  бір  сөзді, 
қайсар да алғыр ұлдарын елдің қорғаны болсын деп алға бір 
бөлек қойыпты. Ал, орташа Бәтібек, Вагонбай, Ғаламшарлар 
алдыңғы  буын  ағаларына  қарағанда  мінездері  өзгешелеу, 
жұмсақтау екен. 
Кіші Ризабек, Лазыбек, Нарбай, Меңбек ұлдары алдыңғы 
ағалары  сияқты  қайтпас  қайсар  да,  тұйық  та  емес,  жиын-
тойда  «әу»  деп  айтарлық  дауысы  бар,  «ауыздыға  –  сөз, 

29
аяқтыға  –  жол  бермейтін»  шешен  де  емес,  бірақ  ешкімге 
сөзден есе бермейтін «үнді» жандар болыпты.
Әр елдің бір тентегі болады дегендей, екі елдің арасында 
іріткі  салып,  не  онда  жоқ,  не  мұнда  жоқ  жүрген  бір  жан 
болыпты.  Оның  аты  Ужан  екен.  Ужанның  қылығына 
шыдамаған  ақсақалдар  оның  мәселесін  талқыға  қояды. 
Ақсақалдар  Фонетика  хандығына  жүгініпті.  Фонетика 
ханы  мынадай  шешім  қабылдапты:  «Дауыссыз  ағайынмен 
тіркескенде  дауыстының,  дауысты  ағайынмен  тіркескенде 
дауыссыздың сөзін сөйлеп, екі рулы елдің арасын бітістіріп 
жүретін бол» деп үкім айтыпты.
Бұл шешімді Дыбыс атаның барлық ұрпақтары қолдапты. 
Сонан  бері  қаншама  жылдар,  ғасырлар  өтсе  де  Дыбыс 
хандығы тұтастығы бұзылмай іргелі ел болыпты.
Ал, енді, балалар, Дауысты ақсақал басқарған елді танып 
білсек,  енді  Дауыссыз  қария  басқаратын  елмен,  оларды 
мекендейтін дыбыстармен танысайық.
  
Дауыссыз  елінде  олардың  жеті  атасы  өмір  сүрген  екен. 
Сол ауылдарды аралайық.
I.Ата  ауылы.  Жасырынған  әріптер.  Бос  торкөздерге 
тиісті дауыссыз дыбыстарды қойсаң, жерлес ақынымыздың 
«Ана тілі» туралы өлеңінен үзінді оқи аласыңдар.
II. Бергі ата ауылы. 262-жаттығу. Көп нүктенің орнына 
жұп дауыссыздардың тиістісін қою.
 
Дауыссыз       
дыбыстар 
Қатаң                     
П, ф, к, қ, т, с, 
ш, щ, ц, х, һ, ч 
Ұяң                        
Б, в, г, ғ, д, 
ж, з 
Үнді                                
Р, л, й, м, н, 
ң, (у) 

30
   
   
 
III.  Арғы  ата  ауылы.  «Достар»,  «Тілек»,  «Білім» 
сөздеріне дыбыстық талдау жасау. 
IV.  Баба  ата  ауылы.  Адасқан  әріптерді  орнына  қойып 
сөйлем құра:
1. а, б, л, ш, а, б, а, қ, а.   
2. ғ, л, м, а , м, ұ, і.     
3. м, а, л, а, қ.
V. Ұлы ата ауылы. «Аспан», «Жер» сөзіндегі дауысты 
дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.
VI. Түп ата ауылы. Венн диаграммасы.
Дауысты дыбыстар
Дыбыс 
(ортақ)
Дауыссыз дыбыстар
Өкпеден шыққан 
ауа кедергіге 
ұшырамайды, тілдің, 
ерін мен езудің, 
жақтың қатысына 
қарай бөлінеді. 
Үннен тұрады.
Дыбыстау 
мүшелері 
арқылы 
жасалады. 
У дыбысы.
Өкпеден шыққан ауа 
кедергіге ұшырап 
шығады, қатаң, ұяң, 
үнді болып бөлінеді. 
Салдыр мен үннен 
жасалады.
VII. Тек ата (ататек) ауылы. «Тізбектен шығып қалма» 
ойыны.  Әліпби  тәртібімен  сөздер  айту,  мүдірген  оқушы 
ойыннан шығып қалады.
Үй тапсырмасы.
1. 261-жаттығу. Дауыссыз дыбыстардың астын сызу.
2. Бірдей дауыссыз дыбыстан басталатын сөйлем құрау.
Бағалау.

31
Ақмарал ЖҰМАБЕКОВА,
№173 лицейдің мұғалімі.
Алматы қаласы.
ТҰЛҒАЛАС ФОРМАЛАРДЫ           
САЛЫСТЫРА ҮЙРЕТУ
(Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау)
1. Да, де, та, те:
1) -да, -де, -та, -те – жатыс септігінің жалғауы. Мысалы: 
Үйде қонақтар отыр.
2) Та, те, да, де – демеулік шылау. Мысалы: Үй де, бала 
да тап-таза (Үй, бала тап-таза.)
2. Әрі:
1) Әрі – үстеу. Мысалы: Балалар, әрі отырыңдар (Қайда 
отырыңдыр? мекен үстеу)
2)  Әрі  –  жалғаулық  шылау.  Мысалы:  Мұхтар  Әуезов  – 
жазушы әрі ұстаз (М.Әуезов – жазушы, ұстаз)
3)  Әрі  –  септеулік  шылау.  Мысалы:  Орманнан  әрі  тегіс 
жол бар.
3. Ы, і:
1)  -ы,  -і  –  тәуелдік  жалғауының    III  жағы.  Мысалы: 
арман-ы, дәптер-і. 
2) -ы, -і – сөз тудырушы жұрнақ. Мысалы: қазақы салт-
дәстүр, түркі тілдері.
4. Кейін:
1) Кейін – мезгіл үстеу. Мысалы: Ежелгі дәуір әдебиеті 
кейін зерттелді (қашан зерттелді?)
2)  Кейін  –  мекен  үстеу.  Мысалы:  Мұрат  кейін  шегінді 
(қайда шегінді?)
3)  Кейін  –  септеулік  шылау.  Мысалы:  Сабақтан  кейін 
кездесу болады (сабақтан шығыс септігінің жалғауы)

32
5. Қы, кі, ғы, гі:
1) -қы, -кі, -ғы, -гі – сын есім тудырушы жұрнақ. Мысалы: 
Қысқы кеш те болды. 
2)  -қы,  -кі,  -ғы,  -гі  –  қалау  рай  жұрнағы.  Мысалы: 
Оқы+ғы+м келеді.
3)  -қы,  -кі,  -ғы,  -гі  –  сөз  тудырушы  жұрнақ.  Мысалы: 
теп+кі, бұр+ғы, шал+ғы, соқ+қы.
6. А, е:
1)  -а,  -е  –  барыс  септігінің  жалғауы.  Мысалы:  Ел+ім+е 
еңбек еткім келеді.
2)  -а,  -е  –  есім  сөздерден  етістік  тудыратын  жұрнақ. 
Мысалы: ойын+а, жиын+а, сын+а, дем+е, ат+а.
3)  -а,  -е  –  көсемшенің  жұрнағы  (көсемшенің  жұрнағы 
етістікке жалғанады). Мысалы: Көр+е-көр+е көсем боласың.
7. Сын, сін:
1) -сын, -сін – жіктік жалғауының III жағы. Мысалы: Ол 
мектепке бар+сын. Ол мектепке кел+сін.
2) -сы+н, -сі+н, -сы – тәуелдік жалғауының III жағы, -н 
–  табыс  септігінің  жалғауы.  Мысалы:  Бала+сы+н  оқытты. 
Дәрі+сі+н әперді.
8. Ын, ін:
1)  -ын,  -ін  –  өздік  етістің  жұрнағы.  Мысалы:  Сәби  өзі 
ки+ін+ді.
2)  -ын,  -ін  –  сөз  тудырушы  жұрнақ.  Мысалы:  түй+ін, 
жи+ын.
3) -ы+н, -і+н – жалғаулар. Мысалы: тәуелдік жалғауының 
III жағы, -н – табыс септігінің жалғауы. Мысалы: Кітаб+ы+н 
оқыды.
9. Ым, ім:
1)  -ым,  -ім  –  сөз  тудырушы  жұрнақ.  Мысалы:  ки+ім, 
біл+ім, қыс+ым, түс+ім, әл+ім, кес+ім, өр+ім, өн+ім. 
2) -ым, -ім – тәуелдік жалғауының I жағы, жекеше түрде. 
Мысалы: менің бауыр+ым, дәптер+ім, біл+ім+ім, ки+ім+ім, 

33
шаш+ым.
10. Ды, ді, ты, ті:
1) Ды, ді, ты, ті – демеулік шылау. Мысалы: Бұл оқиға он 
жыл бұрын болған-ды.
2) -ды, -ді, -ты, -ті – табыс септігінің жалғауы. Сұрағы: 
кімді,  нені.  Мысалы:  Сабақ+ты  оқыдым,  жаттығу+ды 
жаздым. 
3)  -ды,  -ді,  -ты,  -ті  –  сын  есім  тудыратын  жұрнақ. 
Сұрағы:  қандай,  қай.  Мысалы:  Мейірім+ді  ана,  орман+ды 
дала, құм+ды жер, сүт+ті сиыр.
4)  -ды,  -ді,  -ты,  -ті  –  жіктік  жалғауы.  Көсемшенің 
жұрнақтарынан  (-ып,  -іп,  -п,  -а,  -е,  -й)  кейін  жіктік 
жалғауының  III  жағы  болады.  Сұрағы:  не  істеді?,  қайтеді? 
Мысалы: Әкем демалысқа шығ+а+ды.
5) ды, ді, ты, ті – жедел өткен шақтың жұрнағы.
а)  түбір  етістікке  тікелей  жалғанғанда:  бар+ды,  күл+ді, 
айт+ты, іш+ті, сөйле+ді.
ә) туынды етістікке жалғанғанда: ой+ла+ды, таза+ла+ды, 
ойын+а+ды, жи+ын+а+ды.
б)  етістіктің  болымсыз  түріне  жалғанса:  кел+ме+ді, 
оқы+ма+ды, жаз+ба+ды.
в) етістіктің етіс түріне жалғанса: ки+ін+ді, жу+ын+ды, 
отыр+ғыз+ды, 
сен+дір+ді, 
кет+ір+ді, 
сөйле+т+ті, 
айт+ыл+ды, таза+ла+н+ды, сал+ыс+ты, сөйле+с+ті.
11. Мен:
1) Мен – жіктеу есімдігі. Мысалы: Мен ауылда тұрамын.
2)  Мен  –  жалғаулық  шылау.  Мысалы:  Туыстарым  мен 
достарымды қонаққа шақырдым.
3) Мен – көмектес септігінің жалғауы. Мысалы: Арбамен 
ағаш тасыды.
12. Сен:
1) Сен – жіктеу есімдігі. Мысалы: Сен өнегелісің.
2) Сен – етістік, бұйрық райдың II жағы. Мысалы: Сен 

34
менің айтқаныма сен.
13. Ол (сұрақ қою арқылы ажыратамыз):
1)  Ол  –  жіктеу  есімдігі.  Мысалы:  Ол  –  тәртіпті  оқушы 
(Кім тәртіпті оқушы?)
2) Ол – сілтеу есімдігі. Мысалы: Ол жарыста біз жеңеміз 
(Қай жарыста?).
14. Біреу (мағынасына қарай ажыратамыз):
1) Біреу – жинақтық сан есім. Мысалы: Ауылда мектеп 
біреу (санын білдіріп тұр).
2) Біреу – белгісіздік есімдігі. Мысалы: Біреу есікті қағып 
тұр (зат есімнің орнына қолданылып тұр).
15. Ма, ме, ба, бе:
1) -ма, -ме, -ба, -бе – етістіктен зат есім тудырушы жұрнақ. 
Мысалы: Оқушылар көр-ме-ге барды.
2)  -ма,  -ме,  -ба,  -бе  –  болымсыз  етістіктің  жұрнағы. 
Мысалы: Ел үшін аян+ба, ерлігіңе – сын.
   
   
 
Жеңіскүл РЫСПЕМБЕТОВА,                                                                 
                                    №48 Әуелбек Қоңыратбаев атындағы  
орта мектептің мұғалімі.
Қызылорда облысы,
                                                                        Шиелі ауданы.
                        ШЫЛАУДАН ӨТКЕНДІ 
                    ҚАЙТАЛАУ 
                              (6-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  шылаудың  түрлерін, 
ерекшеліктерін,  емлесін  оқушыларға  меңгерту;  тәрбиелік 
  тез  ұтымды  пікір  қалыптастыруға,  адамгершілікке 

35
тәрбиелеу;  дамытушылық  –  алған  білімдерін  пысықтау 
арқылы баланың ой өрісін, сауаттылығын дамыту.
Түрі:  өтілген  сабақты    қайталау.  Типі:  біріккен  сабақ. 
Әдісі:  жаттығу,  топпен,  жұппен  жұмыс.  Пәнаралық 
байланыс:  әдебиет,  бейнелеу,  информатика,  орыс  тілі. 
Көрнекілік:  сызба,  сұрақтар  жазылған  ұяшықтар, 
компьютер,  электронды  оқулық,  «Қызықты  грамматика» 
кітабы (А., 1989). 
Сабақ барысы: 
І.  Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысуын,  да-
йындығын бақылау.
ІІ.  Үй  тапсырмасын  сұрау,  қорыту.  Үстеудің  мағына-
лық, құрамдық түрлерін қайталау, сұрақ-жауап жүргізу.
ІII. Жаңа сабақ.
Оқулықтағы  шылау  тақырыбын  пысықтауға  арналған 
сұрақтар бойынша  жұмыс жүргізу. Оқушылардың көмегімен 
сызба жасау.
 
Шылау 
Ерекшеліктері  
Түрлері 
Қасиеті 
Толық  лексикалық 
мағынасы жоқ 
Түрленбейді 
Септеулік 
Жалғаулық 
Демеулік 
Септік тұлғадағы 
сөзбен тіркеседі 
Сөзбен сөзді 
байланыстырады 
Күшейту, тежеу 
мағынасын
 
үстейді 

36
Сабақты  бекіту.  Әр  топтан  екі  оқушы  компьютерден, 
мұғалім көмегімен тапсырмаларды ашады. 
№1. Әсемпаз болма әрнеге ....
Өлеңді  жалғастыр.  Шылауларды  ата.  Өлеңнің  атын, 
авторын білесің бе?
№2. Ішінде шылау кездесетін үш мақал жаз. 
№3.  Электронды  оқулықты  ашып  «Менің  Отаным  – 
Қазақстан» тақырыбына мәтін құра. Шылаулардың болуын 
ескер.
№4. Жалғау мен шылауды ажырат. Жұмбақтың шешуін 
тап.
Жоқ өзін (де) көз(де), құлақ (та), мойын (да).
Ұзындығы жазулы тұр бойын(да). 
Оқулықпен, тақтамен жұмыс.
Шылауларды  теріп  жаз.  Түрлерін  ажырат.  Ұяшықтарды 
 
Емлесі 
Орыс тілінде 
кездесуі 
Орхон-Енисей 
жазбаларында 
Өзі тіркескен сөзден 
бөлек жазылады 
Кейбіреуі дефис (-) 
арқылы жазылады 
Предлог 
Союзы 
Частицы 
Учун-үшін 
Сайу-сайын 
Йеме-және 

37
ашу. Топпен жұмыс.
№1  тапсырма.  Берілген  екі  сөзден  шылау  жаса.  Кез 
келген біреуіне сөйлем  құра.
Ін + үш                             айда  + ал
Ай + қар                           ақ + бір
Есе + бір                           мен + деген
Сын + тұр                         есе + әсір
№2 тапсырма. Мына шылауларды тор көздерге тізбектей 
жаз. Бір сөйлем құра.
Алайда, - ақ, болмаса, қой.
Б О Л М А С А Л А Й Д А Қ О Й
№3 тапсырма.
Әрбір  гүлдің  күлтелеріне  сәйкес  келетін  шылау  жаз. 
Біреуін қатыстырып сөйлем құра.
№4  тапсырма  (Анаграмма  Ә).  Берілген  торкөздерді 
Ә  әрпімен  басталатын  шылаулармен  толықтыр.  Біреуін 
қатыстырып сөйлем құра.
    
     
ә
 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

38
№5 тапсырма.
      
     
      ЕСЕ
Тор көздерді  соңы «есе» болып аяқталатын шылаулармен 
толықтыр. Біреуін қатыстырып сөйлем құрастыр.
№6 тапсырма (Анаграмма Т).
Т әрпінен басталатын шылауларды жаз, сөйлем құра.
    
 Т
Сергіту сәті.
Жылдам сұрақ, ұшқыр жауап.
1. Әрі зат есім, әрі демеулік шылау (ау). 2. Бір әріптен қана 
тұратын  шылау  (я).  3.  Сан  есім  мен  зат  есімнің  бірігуінен 
жасалған шылау (үш+ін). 4. Әрі жалғаулық, әрі демеулік (да, 
де, та, те). 5. Сан есім мен сын есімнің бірігуінен жасалған 
шылау  (бір+ақ).  6.  Сілтеу  есімдігінің  алдына  дауыссыз 
дыбыс қойсаң, жалғаулық шылау (және) шығады.
IV. Оқушыларды бағалау. Компьютерде жұппен жұмыс 
істеген,  ұяшықтардағы тапсырмаларды орындаған, сабаққа 
белсенді қатысқан жеке оқушыларды мадақтау, бағалау.
V. Үйге тапсырма. Әдеби шығармадан шылаулардың әр 
түріне екі мысалдан жазу. Сілтеме көрсету.
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

39
Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Жанна ӨМІРБЕКҚЫЗЫ,
Абай атындағы көпсалалы 
мектеп-гимназияның мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы,
 Қалбатау ауылы.
«КЕРҚҰЛА АТТЫ КЕНДЕБАЙ» 
ЕРТЕГІСІ
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  а)  ертегі  мазмұнын  түсіндіру, 
басқа  ертегілерден  айырмашылығы    мен    ұқсастығын 
ажырата  білуді  үйрету,  Кендебай  бойындағы  адами 
қасиеттерді нақтылап ашу; ә) оқушылардың шығармашылық 
қабілеттерін,  жоспар  құру  дағдыларын,  өзіндік  пікір  айту, 
ауызекі сөйлеу тілі мәдениетін дамыту; б) Кендебай мінезін 
ашу  арқылы  адамгершілікке,  қамқор  да  мейірімді,  адал  да 
қарапайым болуға, айналасындағы адамдарға қол ұшын бере 
білуге тәрбиелеу. 
Түрі: сазды, сахналық сабақ. Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ой 
қозғау,  шығармашылық  қабілеттерін  арттыру  жұмыстары. 
Көрнекілігі:    слайдтар,  үлестірмелі  қималар,  мақал-мәтел 
сәйкестіру плакаты.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ

жүктеу 2.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет