«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2.63 Kb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата06.05.2017
өлшемі2.63 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Психологиялық дайындық.
1
13
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет.  Тарихи-
әлеуметтік жағдай. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай 
Алтынсарин.
1
14
Абай, Шәкәрім Құдайбердіұлы.
1
15
Нарманбет Орманбетұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы  
(тест)
1

12
16
Әнші-ақындар шығармашылығы.  Сегіз сері 
Баһрамұлы, Біржан сал, Ақан сері.
1
17
Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Әсет 
Найманбайұлы.
1
18
ХХ ғасыр әдебиеті.   Ахмет Байтұрсынұлы, 
Міржақып Дулатұлы, Сұлтанмахмұт, Спандияр 
Көбеев,
1
19
Сәбит Дөнентаев, Сәкен Сейфуллин, Мағжан 
Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов.
1
20
Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгірұлы, Жамбыл, 
Ғабиден Мұстафин.
1
21
Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, 
Ілияс Есенберлин.
1
22
Қасым Аманжолов, Әбілда Тәжібаев, Хамза 
Есенжанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов.
1
23
Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Тахауи 
Ахтанов, Тұманбай Молдағалиев (тест)
1
24
Психологиялық тренинг. 
1
25
Мұқағали Мақатаев,Сәкен Жүнісов, Қадыр Мырза 
Әли,  Әбіш Кекілбаев.
1
26
Шерхан Мұртаза, Олжас Сүлейменов, Төлеген 
Айбергенов, Сапарғали Бегалин.
1
27
Иса Байзақов, Фариза Оңғарсынова, Мұхтар 
Шаханов, Күләш Ахметова.  
1
28
Жұмекен Нәжімеденов, Әбу Сәрсенбаев, Бердібек 
Соқпақбаев, Бауыржан Момышұлы.
1
29
Мұхтар Мағауин, Қалижан Бекқожин, Оралхан 
Бөкей, Баубек Бұлқышұлы, Дулат Исабеков, Сайын 
Мұратбеков.
1
30
Қарауылбек Қазиев, Төлен Әбдіков, Қалмақан 
Әбдіқадыров, Насреддин Сералиев, Қуандық 
Шаңғытбаев.
1
31
Әлем әдебиеті.  Абу Абдулло Рудаки, Омар Хайям,  
Д.Дефо,  Джек Лондон, Шандор Петефи, О.Генри, 
Мақтымқұлы, Фраги, А.С.Пушкин.
1
32
Шыңғыс Айтматов, Расул Ғамзатов, Ғабдолла Тоқай, 
«Манас» жыры.
1
33
Әдебиет теориясы.
1
34
Тест жұмыстары.
1

13
3.  Қазақ  әдебиетінен  тестіге  дайындыққа  қатысты  
пайдаланылған оқулықтар тізімі

Оқулық 
Авторы
Баспасы, жылы
1
Әдебиет,   
5-сынып 
Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, 
Г.Құрманбай.
А., «Атамұра», 2005.
2
Әдебиет,   
6-сынып
К.Ісләмжанұлы, 
С.Тілешова, Б.Әрінова, 
Р.Баттал.
А., «Атамұра», 2005.
3
Әдебиет,   
7-сынып
Р.Құтқожина, 
Қ.Бітібаева, 
Қ.Жаманбаева
А., «Атамұра», 
2007.
4
Әдебиет,   
8-сынып
С.Мақпырұлы, 
Г.Құрманбай, 
А.Қыраубайқызы.
А., «Мектеп», 2009.
5
Әдебиет,   
9-сынып
Т.Ақшолақов, 
Т.Жұмажанова, 
С.Қалиев, С.Дүйсебаев.
А., «Мектеп», 2005.
6
Әдебиет,   
10-сынып
(жарат.-
матем.)
Қ.Алпысбаев, 
Б.Әбдіғазиұлы,  
Б.Сманов, 
Ж.Сәметова.
А., «Мектеп», 2006.
7
Әдебиет,   
10-сынып
(қоғ.-гум.
бағыт)
С.Қирабаев, Ұ.Асыл, 
Т.Құрманбай, 
С.Дүйсебаев. Б.Әрінова.
А., «Атамұра», 
2006.
8
Әдебиет,   
11-сынып
(жарат.-
матем.бағыт)
Қ.Алпысбаев, 
Б.Әбдіғазиұлы, 
Б.Сманов, 
Ж.Сәметова.
А., «Мектеп», 2006.
9
Әдебиет,   
11-сынып 
(қоғам.-
гуман.бағыт)
З.Қабдолов, 
С.Қирабаев, 
Х.Әдібаев.
А., «Мектеп», 2007.
4. Қосымша пайдалануға болатын оқулықтар тізімі.

Оқулық 
Авторы, 
құрастырушылар
Баспасы, жылы
1
Қазақ әдебиеті,  
8- сынып 
Қ.Жұмалиев, 
Т.Ақшолақов.
А., «Мектеп», 1976.
2
Әдебиет теориясы Қ.Жұмалиев.
А., «Мектеп», 1978.
3
Қазақ совет 
әдебиеті 
(факультативтік 
хрестоматия)
Құрастырған: 
Ә.Дайырова.
А., «Мектеп», 1985.

14
4
Қазақ совет 
әдебиеті
С.Қирабаев, 
Р.Бердібаев, 
Н.Ғабдуллин.
А., «Рауан», 1989.
5
Қазақ әдебиеті, 
10-сынып 
(хрестоматия)
Құрастырған : 
Ә.Шәріпов.
А., «Рауан», 1990.
6
Қазақ әдебиеті, 
10-сынып 
Қ.Жұмалиев, 
Т.Ақшолақов.
А., «Рауан», 1990.
7
Қазақ совет 
әдебиеті, 
11- сынып
С.Қирабаев, 
Р.Бердібаев, 
Н.Ғабдуллин.
А., «Рауан», 1991.
8
Қазақ әдебиеті, 
11-сынып
Х.Әдібаев, 
М.Базарбаев, 
З.Қабдолов, 
Р.Нұрғалиев.
А., «Рауан», 1994.
9
«Бес ғасыр 
жырлайды».
М.Байділдаев, 
М.Мағауин.
А., «Жазушы», 
1989.
Ұлттық  бірыңғай  тестіге  дайындаудың  ең  тиімді 
жолдары: 1) алдымен пән мұғалімі өз пәнін жетік білетін 
маман  болуы  керек;  2)  оқушы  5-11  сынып  материалдарын 
тест жаттау арқылы емес, әдебиет бағдарламасында берілген 
әр  тақырыпты  оқып,  білім  жүйесін  күнделікті  арттыру 
арқылы іс жүзіне асыру керек; 3) мұғалім берілген білімнің 
сапасын аптасына кем дегенде үш рет мониторинг арқылы 
жүйелеп, үлгерім көрсеткішін көрсетуі керек.
Шешсең жұмбақ – көңіл тынбақ
Аттан биік,
Қойдан аласа.
Ол не?                         (Ер-тоқым)
Әкесі – тышқан,
Шешесі – құстан.
Ол не?                         (Жарқанат)
(Жеті жүз жұмбақ. А., «Жалын», 1985, 5, 14-беттер.)

15
Таным табиғатында
Саян ЖИРЕНОВ,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 
доценті міндетін атқарушы, ф.ғ.к. 
ОККАЗИОНАЛИЗМДЕРДІң 
ТІЛТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
Тіл  біліміндегі  лингвокогнитивтік  зерттеулер  тіл  та-
биғатын  тануға  жаңаша  көзқарастарды  қалыптастыруда. 
Тілдік  элементтерді  лингвокогнитивтік  аспектіде  зерттеу 
арқылы адамзат баласының танымдық әрекеті нәтижесінде 
қалыптасқан  ақпараттардың  адам  санасындағы  жан-
жақты толығу жолдары мен тілдегі көрінісін қарастырады. 
Тіл  біліміндегі  когнитивтік  лингвистика  ғылымы  адам 
болмысына  тән  танымдық  тетіктердің  тілдік  және  тілдік 
емес әрекеттердің барлығын басқарып, кейде жадыда сақтау, 
қабылдау,  тарату  және  эмоциялық  құрылымдардың  тілдегі 
орнын сөз етеді. Аталған мәселелерді қарастыру барысында 
когнитивтік  зерттеулер  кеңінен  қолданысқа  енуде. 
Когнитивтік  лингвистика  адам  санасындағы  танымдық 
тетіктердің  ерекшелігін  қарастыруда  тұлғаның  тілдік 
санасындағы дүниенің біртұтас болмысы мен тілдік сананың 
құрылымын  модельдеуге  қатысты  зерттеулер  жүргізеді. 
Аталған  зерттеулердің  нәтижесінде  дүние  болмысын 
танудағы  адамның  үш  деңгейлі  психикалық  қатынасын 
(сезімдік  қабылдау  деңгейі,  түсінік  қалыптастыру  деңгейі, 
ойдың тілдегі көрінісі) қарастыру арқылы адам санасындағы 
ақпараттар  жиынтығы  бірігіп,  белгілі  бір  концепт  жүйесін 
тудырады. 
В.фон  Гумбольдттың  «Адамның  ойлау    қабілеті  тек 
тілдік    базада  көрінеді»  деген  тұжырымына  арқа  сүйеу 

16
арқылы  тілдік  элементтердің  болмысындағы  танымдық 
қасиеттеріне  адамның  ойлау  жүйесінің  тікелей  қатысты 
болатындығын көруге болады.  Мәселен, адам санасындағы 
сыртқы  факторлардың  ықпалынан  туындаған  ақпараттар 
жүйесі  субъектінің  эмприкалық  тәжірибесімен  толығып 
көмкеріледі.   
Лингвокогнитология 
ғылымындағы 
концептуалды 
дүние  бейнесінде  жалпыадамзаттық,  ұлттық,  тұлғалық 
танымдық әрекеттердің өзара әрекеттесуі – заңды құбылыс. 
Алайда  дүние  бейнесі  тек  қоршаған  ортадағы  заттар  мен 
құбылыстардың  қарапайым  бейнесінен  ғана  тұрмайды, 
сонымен  қатар  тілдік  тұлғаның  бейнеге  деген  көзқарасы 
оның  заттар  мен  құбылыстарға  деген  қатынасын  да 
көрсетеді.  Адам  баласына  тән  әлеуметтік  таным  жүйесі 
тілдің  ұлттық  жүйесінде  таңбалық  көрініс  табады  және 
дүниенің  тілдік  бейнесін  құруға  белсенді  түрде  қатысады. 
Мұны  тілдік  жүйедегі  окказионал  сөздердің  табиғатын 
лингвокогнитивтік  тұрғыдан  қарастыру  арқылы  көруге 
болады. Ал тілдегі окказианализмдер дегеніміз тіл білімінде 
тосын  сөз  деп  түсіндіріледі.  Окказионализмдер  –  тіл 
білімінің лексикология мен семасеология, лингвостилистика 
салаларында қарастырылып келе жатқан тілдік бірлік. 
Қазақ  тіл  біліміндегі  соңғы  кездегі  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына  антропоцентристік  бағыттағы  мәселелерді 
зерделеу  мен  этностың  рухани  мұраларын  әлемдік 
масштабтағы руханият әлемімен салыстыра саралау арқылы, 
зерттеу  нысанының  басқа  ғылым  түрлерімен  тоғыспалы 
нүктеге  түйістіру  арқылы  өзара  байланысын  ашу  сияқты 
міндеттер  қойылады.  Осы  орайда  қазақ  тілі  лексикалық 
қабатындағы  окказионализмдерді  тілдік  тұлғаның  образды 
ойлау  мәнері  арқылы  туған  қолданыстар  ретінде  зерттеу 
жұмыстары адам ойының ұшқырлығы мен сөзінің танымдық 
болмысына  қатысты  тың  мәліметтермен  танысуға  болады. 

17
Тілдегі окказионал қолданыстар адам табиғатына тән тілдің 
динамикалық жүйесінің белсенді үдерісін көрсетеді.  
Тілдегі  окказионализмдердің  мағыналық-мазмұнына 
қатысты «Рождение слова» атты еңбегінде В.В.Лопатин «Сам 
термин показывает, что подобные слова созданы однажды, 
по  случаю.  Они  созданы  и  живут  лишь  в  определенном 
контексте  и  вне  этого  контекста  не  воспроизводятся»  деп 
түсіндіреді  [Неологизмы  и  окказиональное  образование. 
М.,  1973,  25-б.].  Тілдегі  окказинолды  бірліктер  тіл 
білімінде  жекелеген  авторлардың  шығармаларының 
негізінде  жекелік  авторлық  қолданыс  ретінде  біршама 
қарастырылған.  Н.И.Фельдман,  И.С.Улуханов,  А.Лыков, 
В.Лопатин, Е.Земская, Л.Киселева, Э.Ханпира, Г.Мұратова, 
Л.Еспекова, А.Бейсенбай, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде 
окказионализмдердің табиғатына тән мәселелер біршама сөз 
болады.  Алайда  қазақ  тіл  біліміндегі  окказионализмдердің 
зерттелу  барысы  соңғы  уақыттарда  ғана  қолға  алынғаны 
болмаса,  ертеректегі  зерттеулерден  окказионализмге 
қатысты  түбегейлі  зерттеулердің  аз  екендігін  байқауға 
болады.  Қазақ  тіл  біліміндегі  окказионализмдерге 
қатысты  мәселелерді  жеке  авторлық  шығармалардың  тілін 
зерттеген  еңбектермен  қатар  тілдегі  жаңа  қолданыстармен 
(неологизмдер)  сабақтастықта  қарастырылады.    Қазақ 
тіл  білімінде  окказионализмдердің  терминдік  атауымен 
мағыналық  түсіндірмесіне  қатысты  да  бірізділік  жоқ. 
Мәселен,  академик  Рәбиға  Сыздық  окказионализмдерді 
«тосын сөз» деп таныса, Х.Нұрмұханов «окказионализмдер 
мәнмәтіндік  қалауына  қарай  тек  бір  ғана  қолданымдық 
болып  қызмет  атқаратын  сөздер»  деп  сипаттама  береді. 
А.Алдашева «Авторлық жаңа сөздер немесе индивидуальды-
авторлық  сөздер»  десе,  Л.Еспекова  «Окказионализм», 
Г.Мұратова «окказионал сөздер» деген атауды ұсынады. Ал 
тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде «Окказионал 

18
сөз – тосын сөз» деген қысқаша түсінікте беріледі. Сондай-
ақ  ғылыми  айналымда  окказионалды  сөздердің  терминдік 
атауының әркелкілігін «бір қолданар сөздер», «тосын сөздер», 
«экспромт сөздер», «әдеби неологизмдер», «заңсыз сөздер», 
«стилистикалық  неологизм»,  «авторлық  неологизмдер», 
«авторлық 
жасалымдар» 
деген 
секілді 
түсінікте 
қолданылуы окказионалды бірліктердің табиғатының толық 
ашылмағандығын  көрсетеді.  Алайда  аталған  бірліктердің 
табиғатына зер салу арқылы окказионал қолданыстар тілдік 
тұлғаның белгілі бір жағдайға байланысты ғаламды танудағы 
образды ойынан туған сөз тудыру қажеттілігі арқылы өмірге 
келген индивидуалды сөздер мен тіркестер болып табылады. 
Тіл біліміндегі окказионализмдердің теориялық негізіне 
қатысты  Г.Мұратова  окказионалды  сөздерге  тән  басты  екі 
қасиеті бар екендігін айта келе, ол қасиеттерге, біріншіден, 
автордың  индивидуальдық  шығармашылығының  нәтижесі, 
екіншіден,  бір-ақ  рет  қолданылатындығы  деп  көрсетсе 
[Көркем әдебиет тіліндегі қажеттілік пен кездейсоқтық. А., 
2002,  3-б.],  Л.Еспекова  «Окказионализмдердің  пайда  болу 
себептері  автордың  «мақсатты  ойына»  негізделген.  Жаңа 
сөз, тың тіркестердің жасалу тәсілі ХІІ ғасырдан басталса, 
қазіргі окказионалдар – соның жалғасы. Сол дәстүр жалғасы 
болса  да  әрбір  қолданыстың  өзіндік  жаңалығы,  авторлық 
ізденістердің  жемісі  болып  табылады»  дей  келе,  жеке 
автордың  қолданысында  пайда  болған  жаңа  сөздер  мен 
тілдік  жаңа  сөздерді  ажыратудың  төмендегідей  белгілерін 
көрсетеді:  уақыт  өту  барысында  сөз  жаңашылдығының 
сақталу-сақталмауы; авторының болу-болмауы; мәнмәтінмен 
байланыстылығы;  әдеби  тілге  ену-енбеуі;  сөздің  қандай 
мақсатпен  туындап  отырғанын  ескеру  қажеттігін  сөз  етеді 
[Қадыр  Мырзалиев  поэзиясындағы  окказионализмдер. 
Ф.ғ.к.дисс.  А.,  1998,  128-б.].  Аталған  еңбектердегі 
окказионалды  бірліктер  негізінен  жекелеген  ақын-

19
жазушылардың  шығармашылығындағы  өзіндік  сөз  саптау 
мәнерімен (стильдік қолтаңбасы), тіл дамуы мен сөздік қорға 
қосқан  үлесі,  әдеби  тілдің  дамуына  қосқан  қызметі  деген 
мәселелермен  сабақтастырыла  қарастырылады.  Сондай-
ақ  қазақ  тіл  білімінде  окказионализмдерді  тілдегі  жаңа 
қолданыстағы сөздер немесе неологизмдермен сабақтастықта 
қарастырған  зерттеулер  де  окказионализмдерге  біршама 
тоқталып  кетеді.  Мәселен,  Қайсар  Қадырқұлов  тілдегі 
неологизмдерді  «жаңа  сөз»  және  «жаңа  сөз  қолданыстар» 
деп екі топқа бөледі. Мұндағы «Жаңа сөздер дегеніміз – жаңа 
мазмұн мен жаңа формада тілімізге басқа тілден өзгеріссіз 
не  дыбыстық  өзгерістерге  ұшырап  енген  сөздер.  Жаңа  сөз 
қолданыстар  дегеніміз  –  жаңа  мазмұны  мен  ескі  формада 
немесе ескі мазмұн мен жаңа формада, басқа тілден енген 
сөздердің  жаңаша  қолданысқа  түсуі»  дегенді  айта  келе, 
жеке  автордың  қолданысында  пайда  болатын  сөздерге  «...
жаңалық сипат беруі шамалы, өйткені ол сөз контекстен тыс 
ешқашан  қолданылмауы  мүмкін»  дегенді  айтады  [Қазіргі 
қазақ тіліндегі жаңа қолданыстар. Ф.ғ.к.дисс. А., 1995, 23-
б.].
Ш.Бәйтікова  «Қазақ  тіліндегі  неологизмдер»  атты 
еңбегінде  тілдегі  жаңа  қолданыстағы  бірліктердің  заттық 
және  мағыналық  дәлдігін  анықтауда  окказионал  сөздердің 
атқаратын  рөлі  зор  екенін  айтады.  Сондай-ақ  олардың 
құрамында ұғымға сыймайтындары да болатынын, олардың 
бәрін тілімізге енгізсек, тіл мәдениетінің тазалығына нұқсан 
келтіретінімізді, окказионал сөздерді жаңа қолданыстардың 
құрамына  қоспай,  «кездейсоқ»  қалпында  қараған  тиімді 
деген пікірді алға тартады [Қазақ тіліндегі неологизмдер. А., 
1971, 88-96-б.]. 
Окказионализмдерді 
лингвокогнитивтік 
аспектіде 
қарастырудың  негізінде  басқа  тілдік  деңгейлермен 
салыстырғанда тосын сөздің тосын ойдан туатындығын, ал 

20
аталған мәселелер санадағы әрекеттестікке тікелей қатысты 
болатындығын  байқауға  болады.  Тілдегі  жаңа  сөздің 
туындауы мен  лексикалық құрамнан орын алуына сөзжасам 
үдерісі  мен  лингвистикалық  және  экстралингвистикалық 
факторлар  қатысады.  Ал  аталған  әрекеттер  танымдық 
қызметі мен ой-санасының сабақтастығына тікелей тәуелді 
болады.  Тіл  білімінде    окказионалды    қолданыстардың  
лингвокогнитивтік  болмысын    анықтауға,    олардың  құры-
лымдық  семантикалық,  когнитивтік  моделдеріне  сай 
классификациялау тосын сөздің тосын ойдан туатындығын 
көрсетеді. 
Тілдегі  окказионализмдердің  басты  ерекшелігі  тосын-
нан  қолданылатындығы  мен  тіл  шеберлігін  көрсететін  бір 
қолданар тосын сипатында. Қоғамдық ортадағы әрбір тілдік 
тұлғаның өзіндік ерекшелігі олардың ойлау мәнері мен сөз 
саптауындағы  окказионалды  бірліктердің  қолданысынан 
анық  көрінеді.  Көркем  мәтінде  немесе  поэтикалық 
мазмұнды  тілдік  қатынаста  окказионализмдердің  өзіндік 
бітім  болмысын  көруге  болады.  Жалпы  окказионалды 
бірліктер  –  жалпыға  ортақ  халық  тілі  болумен  қатар 
эстетикалық  сезімнің,  образды  ойдың  да  тілі,  сондықтан 
оған  ерекше  талғам  қажет.  Әрбір  коммуникант  тіліндегі 
сөз  байлықтарын  игере  білу,  оның  ішкі  дүниесіне  бойлау 
дәрежесі түрліше болып келеді. Сондықтан да көрікті ойдың 
көркем суретін салуға жұмсалатын амал-әрекеттің әр қилы 
бедері, көркемдік кескіні, эстетикалық әсері бар. Сонымен 
қатар ойды бейнелеп көркем жеткізуде окказионал сөздердің 
атқарар рөлі ерекше екеніне көз жеткізуге болады және олар 
өзара қарым-қатынас барысында  экспрессивті-эмоционалды 
реңк беретіні сөзсіз. 
Окказионализмдердің  көркем  әдебиет  жанрында 
жиі  қолданылуы  тілдік  тұлғаның  белгілі  бір  әдеби-
эстетикалық,  көркем  идеялық  мақсатты  көздеуден  туған 

21
құбылыс  екендігін  байқауға  болады.  Тілдегі  окказионалды 
қолданыстар  қоршаған  ортадағы  жаңа  заттар  мен 
құбылыстарды индивидуалды тұрғыдан тану арқылы оларға 
қатысты  жаттанды  атауларды  өзгертіп,  сөздің  мағыналық 
реңкін қоюлатып, бейнелеуіш фигураларға қосалқы қызмет 
атқарысатын,  жеке  тілдік  тұлғаның  танымдық  көкжиегінің 
өрісін көрсететін тілтанымдық категория болып табылады.   
Тілдегі  окказионалды  бірліктердің  пайда  болуына 
экстралингвистикалық  факторлардың  да  ықпалы  күшті, 
өйткені  қоршаған  ортаны,  дүние  болмысы  мен  ақиқат 
әлемді  этникалық  тұрғыда  танудың  бірден-бір  жолы 
экстралингвистикалық  факторлардың  көмегімен  жүзеге 
асады. Тілдегі окказионалды бірліктердің ішкі құрылымына 
когнитивтік тұрғыда бойлау арқылы тек лингвокогнитивтік 
аспектіде  ғана  емес,  тіл  білімінің  зерттеу  деңгейін  логика, 
психология, социология, философия ғылымдарымен астасып 
кететін күрделі тілдік бірлік деп тануға болады. 
Окказионалды  қолданыстардың  лингвокогнитивтік 
табиғатын  тануда  Г.Гиздатовтың  когнитивтік  құрылымдар-
дың  теориясына  қатысты  мына  пікірін  басшылыққа  алу 
арқылы  аталған  тілдік  бірліктердің  табиғатын  танымдық 
тұрғыда  тануға  болады.  Бұл  мәселеге  қатысты  ғалым 
когнитивтік  модельдерді  бірнеше  сатыға  жіктеп  көрсетеді: 
«Когнитивтік  модель  үш  түрлі  сатыдан  тұрады:  біріншісі 
–  ойлау  дәрежесі.  Онда  сана  әрекетінің  дәрежесі  көрініс 
табады.  Екіншісі  –  алдын  ала  ойлау  дәрежесі.  Мұнда 
логикалық  ойлаудың  бастапқы  үлгілерін  білдіретін  сана 
әрекетінің  дәрежесі  көрініс  табады.  Үшіншісі  –  ойлаудың 
төменгі дәрежесі. Онда сезім арқылы бейне қалыптастыру 
әрекетінің дәрежесі көрініс табады» [Типология и динамика 
когнитивных  моделей  в  речевой  деятельности.  Ф.ғ.к.дисс. 
А.,  1999,  187-б.].  Демек,  ғалымның  айтуы  бойынша, 
когнитивтік  модельді  объективтендіруші  рефлексиядан 

22
және  субъективтендіруші  рефлексиядан  құралатындығын 
байқауға болады. Аталған үш сатылы елекке окказионалды 
қолданыстардың  қатысатындығы,  олардың  жасалуы  үш 
түрлі модельден толық өтетіндігін байқауға болады. 
Когнитивтік  лингвистикада  тілдің  басты  қызметі 
танымдық механизмді анықтаудың қаруы мен алғышарттары 
ретінде  қарастырылады.  Әрбір  тіл  белгілі  бір  дүниені 
этникалық  таным  шеңберіне  сәйкес  таңбалайды  әрі  сол 
тілде  сөйлеуші  санасында  дүние  бейнесінің  ойсурет 
кейпіндегі сұлбасын қалыптастырады.  Адамзат баласының 
танымдық  әрекетіне  дүниені  тануға  бағытталған  бір 
дамушы  үрдіс  ретінде  қарау  арқылы  нысанның  ұқсастығы 
мен  айырмашылығын  ажыратуға  мүмкіндік  алады.  Бұл 
әрекеттердің  нәтижесінде  лингвокогнитологияның  басты 
бірлігі  концепт  қалыптасады.  Ал  концептіні  анықтау  үшін 
дүниенің  кейбір  өзіндік  ерекшеліктерімен  қатар  заттық 
құндылықтары,  олардың  нысандармен  өзара  қатынасын 
және  когнитивтік  ұжымдық  сананың  сипаты  әрі  бағасы 
айқындалуы қажет. Адамзат баласына тән ұлттық менталитет 
және рухани мәдениет ең алдымен тосын құбылыстан туған 
тосын  сөздер  окказионалды  бірліктердің  бейнелі  мазмұны 
арқылы  көрінеді.  Ұлттық  сананың  келбетін  (формасын) 
көрсететін бейнелі құралдар санатына тілдегі окказионалды 
бірліктерді  жатқызуға  болады.  Мысалы,  окказионалды 
бірліктер  нысанның  өзіндік  белгілері  арқылы  дүниені 
тілтанымдық әрекеттер арқылы қабылдаудың бір тәсілі деп 
түсінуге  болады.  Адам  санасындағы  жалпы  танымның  ең 
ұтымды  әрекеті    және  адам  қабылдауындағы  әмбебептық 
дүниелер  тосын  ойға  құрылады.  Бұл  феноменнің  негізі 
психологиялық  қабылдау  мен  ассоциативтік  ойлау  әрекеті 
тілдегі окказионалды бірліктердің қолданысынан көрінеді.
Окказионалды  бірліктердің  когнитивтік  семантикасы 
арқылы  дүниенің  ұлттық  бейнесін  көруге  болады. 

23
Концептінің  көрінісі  болып  саналатын  дүние  бейнесі  – 
адам  санасының  абсалютті  ақиқаты  десек,  адам  оның 
қалыптасуын  өмірде  алдына  қойған  мақсатына  сай 
орнықтырады.  Адам  шынайы  әдіс-тәсілдері  арқылы 
өзіне  қарапайым  әрі  айқын  дүние  бейнесін  тілтанымдық 
тетіктер арқылы қалыптастыруға ұмтылады. Демек, адамзат 
баласы  ақиқат  дүниені  өз  танымындағы  дәрежеге,  яғни  өз 
санасындағы  ойсуретке  ауыстыруға  тырысады.  Аталған 
танымдық әрекеттер арқылы тілдік тұлға объективтік емес 
дүние бейнесін жасауға ұмтылады. Осындай дүние бейнесін 
жасауға адамның танымдық жүйесі қатынасады. 
Резюме
В  статье  подробно  рассматривается  языкознательная 
форма  употребления  окказиональных  единиц.    А  также 
говорится  о  национальном  образе  мира  и  познавательном 
горизонте  языковой  формы  через  когнитивную  семантику 
окказиональных единиц в языке.
Resume
The  article  discussed  in  detail  linguistics  form  of 
occasional  units  usage.  Also  refers  to  the  national  image  of 
the world and the cognitive horizon of linguistic form through 
the cognitive semantics of occasional units in the language.
Шешсең жұмбақ – көңіл тынбақ
Мұртыменен туады,
Мұртын күнде жуады.
Ол не?                                   (Мысық)
Ол өсіп әуре,
Ел кесіп әуре.
Бұл не?                                  (Шаш)
(Жеті жүз жұмбақ. А., “Жалын”, 1985, 77, 78-беттер.)
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет