«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0.97 Mb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата29.04.2017
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  1-жүргізуші.   қалың қазақтың аяулы ұлына  айналған 

Мұқағали  Мақатаев  көзі  тірі  болғанда  84  жасқа  толар  еді. 

Артына өлместей өміршең өлең -жырларын қалдырған ақиық 

ақынға арналған  «ӨМІРГЕ ШУАҚ ТӨККЕН ӨЛЕҢМЕНЕН» 

атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай,

Мына жұртым неге жатыр тойламай.

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай қойғаны-ай, -

деп  жырлаған  алаштың  ақиық  ақыны  Мұқағали 

Мақатаевтың  туған  күніне  орай  айтылған  өлең-жырлар, 

қойылымдар мен баяндамалар, би мен ән де ұлы ақынның 

құрметіне арналады.

«Арыз  жазып  кетейін»  өлеңін  Әбдіманап  Нұрәділ 

мәнерлеп оқыды.

2-жүргізуші.   Кезінде ақиық ақын М.Мақатаев:

Ақынмын деп мен  қалай айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын, -

деп  қарапайым  қазақтың  қара  өлеңінің  жілігін  шағып, 

майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен 

ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп 

оқыды.  Мұқағали  шын  мәнінде,  біртуар  екенін  халыққа 

таныта білді.

«Қара өлең».Тұрсынбай Назерке оқыды.

1-жүргізуші.  Он жасар болашақ ақын майданға кеткен 

әкесін аңсап, балауса жырымен былайша толғанады:



Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен,

Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен.

Мінеки, көп ай болды хабары жок,

Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен.

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жаңа біткен жалбыз еді.

Мінеки, көп ай болды хабары жоқ,

Біз-дағы әкемізге зармыз енді.

 «Ұлыма» өлеңін Мүтән Ұлдана оқыды.



124

125


  «Қайран  Қарасазым-ай»  өлеңін  Өндірбай  Бақтыгүл 

оқыды.


2-жүргізуші.  Ақан  серінің  «Ақтоты»  әнінің  бірінші 

шумағының  әсерімен  өлең  бастап,  оны  өз  көңіл-күйіне 

икемдеп  өңдеп,  қазақтың  қара  өлеңіне  сүйене  аяқтаған  

бұл  өлең    небәрі  үшінші  сынып  оқушысының  ақындық 

бастамасымен қоса, үйренер ұстаздарын дұрыс таңдағанынан 

дерек беріп  тұрғандай. Еліктеп болса да өлең жаза бастаған 

осы он жастан кейін кемелденген  Мұқағали:

Шаруаның баласы болғасын ба?

Айналыстым шаруамен он жасымда.

Майдандағы әкеме оқ жібердім,

Айырбастап күлшемді қорғасынға, - 

деп шыншылдықпен әсерлі суреттейді. 



1-жүргізуші.    «Бір өлеңі – біл елдің мұрасындай» ақын 

поэзиясы  адамның  ішкі  жан  дүниесінің  нәзік  сезімдерін, 

оның  құштарлығын  шынайы  да  әсем  бейнелейді.  Оның 

«Автограф» деген ойлы да тебіреністі өлеңін оқып көрейікші.

«Автограф» өлеңін Әбдіманап Нұрәділ оқыды.

2-жүргізуші.  Ақын  Мұқағали  Мақатаевтың  сөзіне 

жазылған  «Саржайлау»  әні  де-қазақтың  жүрегінен  орын 

алған  әндердің  бірі.  Бойында  қазақтың  қаны  бар  жанның 

бәрін  рахатқа  бөлейтін,  тамыр-тамырына  қан  жүргізетін 

ғажап ән.

Ән: «Саржайлау». Орындайтын Әбдіманап Нұрәділ.



1-жүргізуші.    Мұқағали  Мақатаев  махаббат    пен 

достықты,  поэзия  мен  табиғатты  жырлады.  Бірақ  оның 

шығармашылығында Отан тақырыбы  ерекше орын алады.  

Ақын  поэзиясы  -  өзі  өсіп-өнген  туған  жеріне  деген  шексіз 

махаббаттың дәлелі. Мақатаев поэзиясы негізінен туған елі 

мен туған тіліне деген махаббаттан құралған отансүйгіштік 

сезімге толы.     

-Ақын өлеңдеріне кезек берейік.

  Оқушылар «Үш бақытым», «Елім барда», «Ғашықпын», 

«Шеше, сен бақыттысың», «Қазақстан» өлеңдерін нақышына 

келтіріп, мәнерлеп оқыды.  

  2-жүргізуші.        Ақын  Фариза  Оңғарсыноваға  арнап 

жазған өлеңінде:

 « ...Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,



 Тастағысы келеді күрсінуге....» - 

деп  өзінің  ішкі  сырын  ашады.  Ақын  Фаризаны  өзіне 

қалай  дос  санаса,  Фариза  да  Мұқағалиды  дос  ретінде 

қадірлей білген. Фариза ақиық ақынға  «Мұқағали Мақатаев 

–қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты 

жанашыры  болған  суреткер.  Ол-  ең  алдымен  ақын.    Қазақ 

жырының құдыреті» деп баға берді.

 «Фариза»  әнін Әбділда Күнсұлу орындады.

 «Наурыз» әнін Тасболат Жансая орындады.

 1-жүргізуші.

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім,

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім - 

деп  ақын  жырлағандай  кезекті  ақынның  өлеңдеріне 

берейік:

Оқушылар «Поэзия», «Анкета», «Муза», «Пай, пай өмір»,  

«Бүкіл дүние мұсылмандарына хат»  тағы басқа да өлеңдерін 

мәнерлеп жатқа оқыды.



2-жүргізуші.  1960  жылы  «Қазақ    әдебиеті»  газетінде 

Әбділда Тәжібаев өз атына жолдаған  Мұқағалидың  бір топ 

өлеңін  бастырды.  Оған  алғы  сөзінде:  «Ойыңды  байытып, 

сезіміңді тыңайтар жырлар оқығанда  қуанбасқа бола ма?»  

Өзіңнен  де  оттылау,  жігерлілеу  жас  жеткіншек  жеткенде  


126

127


мақтанбасқа бола ма?» - деп жазды.

  Слайд  көрсету.  Мұқағали  Мақатаевтың  өмір  жолына 

тоқталу.

  1-жүргізуші.        Мұқағали  Мақатаев  әдебиетке  де, 

қоғамдық  қызметке  де  қызу  араласқан,  ауылда    ауылдық  

кеңестің  хатшысы,  орыс  әдебиеті  пәнінің    мұғалімі 

болып келген ол қазақ   радиосының  дикторы, «Жұлдыз» 

журналының    әдеби  қызметкері,  Жазушылар  одағы  поэзия 

бөлімінің  жастар жөніндегі кеңесшісі міндеттерін атқарды. 

Ақынның  арман-мақсаты,  бүкіл  шығармашылық  өзекті 

нысанасы не екен дегенге келсек: 

Жылап келіп, келмейді  жылап кеткім,

Ана өмірді келеді бір-ақ тепкім.

Жамандықты жақсартып, жақсылықты,

Одан әрі келеді  шуақты еткім-

деген өлең жолдарынан анық байқалып тұрғандай.

«Бесік басында» әнін орындайтын әуез пәнінің мұғалімі 

Таштенова Нұргүл.



2-жүргізуші.  Мұқағали шығармалары оқырман жүрегіне 

сәуле түсіреді. Себебі ақын туған жерін, туған халқын, ана 

тілін  жанындай  сүйеді.  Оның  кез  келген  шығармаларынан 

жердің,  елдің  биік  рухы  сезіледі.  Оның  «Аққулар 

ұйықтағанда» поэмасын тебіренбей оқу мүмкін емес. 

Тұманбай  Молдағалиев  былай  дейді:  «Мұқағали 

поэмаларының  ең  асылы,  ең  биігі-«Моцарт»,  «Жан  азасы» 

мен «Аққулар ұйықтағанда» поэмаларын айтар едім. Бұлар 

–  алтын  ішінде  меруерттей  сәуле  шашатын  ұлы  дүниелер. 

«Аққулар  ұйықтағанда»  поэмасы  1973  жылы  «Жалын» 

журналына  жарияланды.  Бұл  поэманы  оқығанда  менің  өз 

жеке басымның қуанышын сөзбен айтып жеткізе алмайтын 

сияқтымын.»  Ақын поэманы  Ғабит ағаға апарып оқытады. 

Разы  болған  жазушы  Ғабит  Мүсірепов  Мұқағалиға  алтын 

қаламды сыйлады. 

Көрініс. «Аққулар ұйықтағанда».



1-жүргізуші.  Уақыттың  құдіретін    сездірген,  мәңгілік 

оқылатын  жыр  жазған  Мұқағали  Мақатаев  мұралары 

ешқашанда  өлмек  емес.  Бүгінгі  ұрпақ  ақынның  жаны 

жұмбақ  болғанымен,  шығармаларынан  шынайы  сезімнің, 

адалдықтың  ақ  таңы  арайлап  атады.  Осы  арайлы  таңның 

шапағына әрбір оқырман шомылып, нұрлы шуағынан ләззат 

алсын деген оймен ақынның  өлеңдеріне кезек береміз.

«Бабаларым,  рахмет  сендерге»  өлеңін  Оразбек 

Аяулымоқиды. 

2-жүргізуші.        «Жазылар естеліктер мен туралы,

                               Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

                               Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

                               Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы!»  

- Ақынның жүрегі сезімтал ғой. Көзі тірісінде «Жазылар 

естеліктер мен туралы» деп аз ғұмырының жалғасатынын дәл 

басып айтуы-көрегендік. Иә, уақыт өткен сайын Мұқағали 

ақынның тұлғасы дараланып, биіктеп бара жатқаны –ақиқат. 

Оның поэзиясы – халық байлығы. Ендігі кезекті ақын жайлы 

естеліктерге береміз:

«Жазылар  естеліктер  мен  туралы»  өлеңін  Төлемұрат 

Алмат оқыды.

1-оқушы:  «Жыр басы Қарасаздан басталған М.Мақатаев 



бүгінде  ән  болып  қалықтап  жыр  болып  жұлдыздармен  

сырласып, сонау поэзия әлемінде шырқап барады».

                                                                             Рза Қуандықова.

2-оқушы:  Өлең  өлмейді.  Ендеше,    оны  жазған  ақында 



өлмейді.  Олай  болса  М.Мақатаевта  көз  жұмған  жоқ. 

Қатарымызда,  күнбе-күн  қасымызда.  Әне  ол  мұзбалақ 

қыранша дүр  сілкініп, бүкіл  залды бір өзі толтырып, жазық 

маңдайы жарқырап, жалтырап жыр оқып тұр!...»                                                                                           

                                                                                                Ә.Тәжібаев.

128

129


3-оқушы:  «Мұқағали    мөлдірліктен,  тазалықтан,  биік 

адамгершіліктен тұратын»

                                                                          Лашын Әзімжанова.

4-оқушы:  -  «Қазақ  халқының  бір  ғана  Абайы  болса, 



Мұқағали  да  жалғыз.  Құдіретті    ақынға  көзі  тірісінде 

көрсетілмеген  құдіреттің,  берілмеген    сый-сияпаттың 

орнын  толтырудың  бір  жолы,  бір  жөні  бар:  ол  ақынның  

қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу.»

                                                                                                   Қ.Құрманғалиев.

5-оқушы:    «Мұқағалидай  ақын  болған  халық-бақытты 



халық»   

                                                                                                      Ф.Оңғарсынова.

1-жүргізуші: Жыл сайын Мұқағали тойланады,

                       Өлеңнің тарайды бойға нәрі.

                       Жас ақындар талпынып, шабыттанып,

                       Мұқағали жайында толғанады, - 

деп  ендігі  кезекті  мектебіміздің  Мұқағали  атасының 

жолын жалғастырушы жас ақындарымызға берейік:



2-жүргізуші.       Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,

                             Секілді бәрі  менен көз алмаған.

                             Кең дүние  кеңде етсең сыбағамнан,

                             Шырылдаған сәбидей мазаңды алам,- 

дейтін  қайран    Мұқағали  енді  ешкімнің  мазасын  ала 

қоймаса  да,  осынау  өлмес  өлең  шумақтарының    туған  

халқына,  тіпті    бүкіл  айдай  әлемге  арналғанын  ескерейік. 

Мұқағали ғасырда  бір туатын, үлкен қанаты бар, адамның 

көзі  талатын,  биікке  ғана  самғайтын  алып  құсқа  теңеуге 

болады.  Мұндай  алып  құстар    жерге  әр  қонған  сайын, 

қанатының  бір  қауырсынын  оңдырмай  сындырып  алып, 

күйзеледі.  Бірақ  тынышталудың  орнына  сол  аспанда  ала 

–  алмаған  өші  бардай  бүкіл  күш-қайратын  биікке  жинап, 

келесі жолы одан да биікке ұшады.



2-жүргізуші.      Аузын ашса жүрегі көрінетін,

                          Көмейінен отты жыр төгілетін.

                          Қайран Мұқа, әруақты ақынсың ғой,

                          Қас тұлпардай жер тартып тебінетін.

Бейнет кешіп жасыңның жастығында,

Көрдің талай пақырдың қастығында.

Мазақ қылды-ау біреулер іші күйіп,

Сәттеріңді айналған тас тұғырға.

 

 

 



 

Қазақ қалай қазақпен кектеседі,

 

 

 



Керек емес біреудің от көсеуі.

 

 



 

Тілден безіп жүргендер бір сөзіңнің,

 

 

 



Дәмін алса ешқайда кетпес еді. 

 Ақиық ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын елі де, 

ақынның  ой  мен  сезім  астасқан  жырларын  жаттаған  жас 

қауым да ешқашан естен шығармайды деп сенеміз. Осымен 

бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.


130

131


                                                                             Г.ДАДАНОВА,

                                               

 

Бастөбе сервистік – 

техникалық колледжі.

Алматы облысы,

Қаратал ауданы,

  Бастөбе ауылы

                                                                

         

 ЖАУҺАР ЖЫРДЫ 

         ЖҮРЕГІНДЕ ТЕРБЕГЕН

                                   (поэзиялық еске алу кеші)

Мақсаты:  жыр  дүлділі,  ақын,  жазушы–Фариза 

Оңғарсынованың 

өлеңдерінің 

мазмұнын 

терең 

ұғындыруға,  ақын  шығармалары  арқылы  елін,  жерін,  



Отанын  сүйе  білуге,  сөз  өнерін  қадірлеп  қастерлей  білуге, 

ақынжандылыққа  тәрбиелеу.  Білім  алушылардың  поэзияға 

деген  сүйіспеншіліктерін  арттыру.  Ақынның  өмірі  мен 

шығармашылық жолымен таныстыру. Поэзияның құдіретін 

сезіндіру. 

Безендірілуі:  кітап  көрмесі,  ақынның  портреті,  ақын 

туралы пікірлер, слайд, аудио, бейне құралдары, шарлар.       

Сәлемдесу 1-жүргізуші:  Армысыздар ұлағатты ұстаздар!

                   2-жүргізуші:  Қадірменді қонақтар!

                   3-жүргізуші:  Білім алушылар!

                   4-жүргізуші:  Жыр сүйер қауым!

1-жүргізуші. Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің 

қайшылығында туады. Ал, дарын – Алланың айрықша мейір 

шапағаты  түскен  пендесіне  берілер  шуақты  нұр  секілді. 

Ата  күші,  ана  сүті,  киелі  топырақтың  жебеуі,  өмір  сүрген 

ортасының демеуі, тірліктің 90 тарау иірімі, жаныңа жайлы 

адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қылып 

қалыптастырады. 

2-жүргізуші. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем 

емес.  Солардың  бірі  –  жүректерді  жан  жылуымен  ерітіп 

поэзия  әлемінің  биік  шыңдарын  өз  еркіне  бағындырып, 

қиялға  қанат  сермеген  Атыраудың  ару  ақыны,  Қазақ  ССР 

Жоғарғы  Кеңесінің  Құрмет  грамоталары  мен  «Құрмет 

белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне 

еңбегі сіңген қызметкері, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 

депутаты  болған  халық  жазушысы  Ф.Оңғарсынованың 

құрметіне арналады.

1-жүргізуші.  Баршамызға  белгілі  «Поэзия  падишасы» 

атанған  Ф.Оңғарсынова  күні  кеше  ғана  көз  алдымыздан 

мәңгіге ғайып болды. Тірі болғанда 76 жас мерейтойын атап 

өтер  едік,  амал  қанша    жүрек  жарды  жырларымен  барша 

халықты  мойындата  білген  дара  талант  иесінен  мәңгіге 

айырылып қалдық.   



2-жүргізуші.  Осыған  орай  ақынымызды  1-минут 

үнсіздікпен еске алайық. 



1-жүргізуші. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кем 

де,  кем.  Ақынның  жазған  жырлары  сандуғаштың  үніндей 

жағымды  болып  халық  арасына  кеңінен  таралды.  60– 

жылдары  әдебиет  әлемінің  айшықты  жанры  –  поэзияда 

адуынды  жырларымен  көпшілікті  елең  еткізген  ақын 

апамыздың сан – салалы лирикалық шығармаларында сыры 

ашылмаған қаншама дүние жатқаны баршаға аян. Ақын өмірі 

өлеңімен ұштасып жатты.                       (презентация) 



2-жүргізуші.  Шындық,  қайсарлық,  адамгершілік, 

махаббат, 

сенім 

секілді 


философиялық 

ойлар 


Ф.Оңғарсынованың  поэзиясында  нанымды,  салмақты 

көрініс  тапқан.  Саяси-әлеуметтік  тақырыптарды  әуелде 

публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-

бірте  философиялық,  психологиялық  монолог  формаларға 

ауысып, суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан ананы нақты 

сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді. 



132

133


«Өмір», «Өлең» атты өлеңдері оқылады.

   1-жүргізуші.   О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

                           Саған көңіл бұлқынар күш ағыны.

                           Сағынышымды қанат қып саған қарай,

                            Балапандай талпынып ұшамын мен.

    2-жүргізуші.   «Сені қалай сүю керектігін

                    Мен ешқандай кітаптан оқымадым»-

деп туған жерге деген өзінің сағынышын, ерекше сезімін 

шынайы суреттейді. Ақынның нағыз елін сүйгендігін, жерін 

сүйгендігін, патриот екендігін мына өлеңнен көре аламыз.

«Азаттықты аңсау» өлеңі оқылады.

  1-жүргізуші.  Ақын  өз  заманының  ар-ұжданы.  Ол 

болашақ  үшін  өмір  сүреді,  әлденеден  мұңайған  кезінде, 

біреудің  пасықтығынан  жүрегі  мұздаған  кезінде,  кешегі 

досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, 

сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы  - поэзия. 

  2-жүргізуші.  Ақын  өз  жанының  құпиясын,  арманын, 

махаббатын көп жазады. Ақын жырында әйелдер бейнесінің 

көңіл-күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жәй жырлау 

емес, қазіргі заман талабының биік өрісіне лайықтап жырлау 

– Фариза туындыларының бір қыры. 

«Мол  арман»,  «Үміт»,  «Күйзелу»,    «Мұз  үстіндегі  ой» 

атты өлеңдері оқылады.

1-жүргізуші.  Өз-өзіммен өртеніп барам жанып,

                       Жүректен жас ағады тарамданып.

                       Менде жоққой бұл күнде тым болмаса,

 

 



  Ақтарылар алдыңда саған барып.

 

 



  Жасқа ғана толады жанар налып,

 

 



  Мен үшін тұр дүние қараң қалып.

2-жүргізуші.      -Ия  ....      дұрыс  айтасың,    әйелдер  жан 

дүниесіне  барлау  жасауда,  ақын  жетістігі  мол.  Оны  өзі 

де  ашып  айтады:  «Адам  деген  күрделі  жаратылыс  қой. 

Соның  ішінде  әйел  халқының  жан-дүниесі    өз  алдына 

бір  әлем.  Менің  өз  жырларымды  сол    әйел  жанының  сан 

күйін  мүмкіндігім  жеткенше  жеткізгім  келеді.  Менің  бұл 

тақырыптағы  лирикалық  кейіпкерім  –  әйелдер.  Олардың  

тағдыры,  жан-дүниесі,  күлкісі  мен  көз  жасы  өлеңдерімнің 

арқауы» деген екен. 

  «Бөбегім»,  «Қыз  сөзі»,  «Әйел  атты  ұлылық»  өлеңдері 

оқылады.

1-жүргізуші.  Ф.Оңғарсынованың  әр  тақырыптағы 

лирикалық  шығармалары,  ондағы  кейіпкер  әлемі,  яғни 

лирикалық қаһарман мәселесі, ақындық шеберлік сырлары 

әр адамды қызықтырары айдан анық. 



2-жүргізуші. Күллі шығармашылық-өнерпаздық қабілет – 

талантымен дараланған. Ақынның өлеңдерінде жасандылық 

жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам 

мінезіндегі,  келеңсіз  тұстарды  да  дәл  нысанаға  алуымен 

ерекшеленеді.

1-жүргізуші. 

Ақынның 


жанын 

қашанда 


шығармашылығына  терең  бойлап,  жан-жүрегін,  сезім 

сыңғырын, ішкі күйзелісін, шығармашылық жан тебіренісін 

терең түсіне білген.

2-жүргізуші.  Өзінің замандастарының бірі ақиық ақын, 

Мұқағали  Мақатаевтың  Фариза  Оңғарсыноваға    арнаған 

өлеңін тыңдасақ.

  «Фариза,  Фариза  жан,  Фариза  қыз»  әні  орындалады. 

(бейнебаян)

1-жүргізуші.  Ф.Оңғарсынова  поэзиясының  табиғатын 

тану  –  алыптардан  бастау  алады.  Көркем  сөз  зергерлері 

Ғ.Мүсірепов,  Ә.Тәжібаев,  Ш.Мұртаза  өрбіткен  баянды 

бағам  –  байлауды  ақынның  өз  тұстарынан  және  қаламдас 

іні-сіңлілерінен  К.Ахметова,  Ә.Кекілбаев,  Т.Шапай  және 

басқалардың пікір пайымдарының мәні зор болды.

Ә.Тәжібаев. «Фаризаны оқысам, қанаттанып қаламын».

Ш.Мұртаза -  «Поэзияның дүлділі, прозаның шебері»



134

135


Әдеби композиция.

  1-жүргізуші.   Жастайынан қанып ішіп жырыңнан,

 

Өлең атты әлемді шың ұғынам.



 

75-те жер жер қойнына кеттіңіз,

 

Төмен түспей таудай биік тұғырдан.



  2-жүргізуші.  75-жыл жалғастырып жыр көшін,

 

 



   Жас талаптың бекемдедің іргесін.

 

 



   Өлмей тұғын өлең – жырың барда, апа,

 

 



  Сіз тірісіз мәңгі бізбен біргесіз.

Осымен  бүгінгі  «Жауһар  жырды  жүрегінде  тербеген» 

атты поэзиялық кешіміз аяқталды.

Колледж кеңістігінде

Г.УСКЕНБАЕВА,

Қазтұтынуодағы 

Сауда-экономикалық

колледжі.

Астана қаласы



ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ҰЛТТЫҚ ТІЛІ 

Сабақтың  мақсаты:  білімділік-студенттерге  қазақ  тілі  және  «Тіл 

туралы»  заң  жөнінде  білім  беру.  Мәтінмен  дұрыс  жұмыс  жасай 

білуді  меңгерту;  дамытушылық-студенттер  бойында  ой  еркіндігін 

қалыптастыру;  қысқаша  мазмұндату  арқылы  тіл  дамыту,  сөйлеу 

мәдениетін  қалыптастыру.  Бағыт-бағдар  бере  отырып,  өздігінен 

жұмыс  істеуге,  іздену  барысында  шапшаңдық  танытуға,  өздігінен 

қорытынды  шығаруға    машықтандыру;  тәрбиелік-студенттерді 

қазақтың  мақал-мәтелдері  арқылы  жақсы  мінез-құлыққа,  еңбекке, 

адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу. 

Оқыту әдістері: модульдік оқыту технологиясы арқылы ой тастау,  

ой талқы. Оқыту түрі: сайыс сабақ, өздік жұмыс сабағы. Пәнаралық 

байланысы:  тарих,  әдебиет.  Оқыту  құралдары:  интербелсенді  тақта, 

суреттер, кітаптар, парақшалар. 

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: 

-амандасу; студенттердің қатысуын түгелдеу және аудиторияның 

дайындығын тексеру. 

ІІ.  Үйге  берілген  тапсырма  «Менің  Отаным  –  Қазақстан» 

тақырыбына эссе жазып келу болатын. Дәптерлерін жинап аламын. 

IIІ.  Жаңа  сабақ  барысы.  Оқытушының  сөзі.  Студенттер  назарын 

жаңа  сабаққа  аудару  мақсатында  студент  шығармашылығынан  өлең 

жолдары  оқылады. 



«Қазақ тілі» 

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі 

Бірақ оған адам аз бас иетін. 

Қазақ тілі – қазақтың дара тілі, 

Кейбіреулер түсінбес қасиетін. 

Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды 

Орыс тілі сіңген ғой санамызға. 

Неге олар тілім деп қуанбайды? 

Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба? 

Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым, 

Өз тілімде керемет ақыл-ойым 

Қасиетті қазақ тілі-бабам тілі 

Ол- тарих, сенің, менің абыройым! 

-Жақсы, балалар, бүгінгі сабағымыз тіл мерекесі қарсаңында қазақ 

тіліне  арналады.  Бұл  сабақты  сайыс  сабағы  ретінде  өткізейік  деп 

шештік. Бұл сайыс үш бөлімнен тұрады: 

1- бөлім. Рөлдерде ойнап, өз ойларын жеткізу. 

2- бөлім. Мәтінмен жұмыс. Аудару, тапсырмаларды орындау. 

3- бөлім. Сұрақ –жауап кезеңі. 

Студенттер үш топқа бөлініп отырған. Әрбір топ өз тобының атын 

айтып, таныстырып өтеді: 

1-топ-Көшпенділер. 2-топ-Достар. 3-топ-Бірлік. 

-  Балалар  тіл  дегенде  ойларыңа  қандай  сөздер  түседі?  Кәнекей 

бірге жазайық. Сендермен бірге РАФТ сызбасын толтырайық: 

Тақырыпшалар

Кім жазады?

Кімге/неге 

жазады?


Не жазады?

136

137


«Қазақ тілі- 

мемлекеттік тіл» 

«Тілім менің- 

тірлігімнің 

айғағы» 

«Тіл тағдыры- ел 

тағдыры» 

«Тіл- ел 

байлығы» 

«Тіл бас жарады, 

бас жармаса тас 

жарады»


Ақындар, 

жазушылар, 

Елбасы, тілші 

ғалым, 


А.Байтұрсынұлы, 

халық, оқушы, 

т.б.

Газетке, 



келешек 

ұрпаққа, 

журналға, 

теледидар 

бағдарламасына, 

қабырға газетіне

Мақала, 

шығарма, 

хат, өлең, 

реферат, 

эссе, мақал- 

мәтелдер, 

жұмбақ, 

ұсыныс, т.б.

Студенттер өздері айтқан тақырыпшаларын тақтаға жазады. 

Ал,  балалар,  енді  осы  тақырыпшаларды  пайдаланып,  өзіміз 

рөлдерде ойнайық. 

Дайындалуға 10 мин. Берілген уақыт өткен соң, әр студент ғалым 

болып, тілші болып, ақын болып өзінің жазған эссесін, шығармасын, 

өлеңін, мақал-мәтелдерін оқып, ұсыныстарын көрсетеді. 

1-оқушы.  Қазақстан  Республикасындағы  тiл  туралы  Заңы 

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы 

тiл  туралы»  Заңы  1997  жылғы  11  шiлдеде  қабылданды.  Осы  Заңы 

4-бабында:  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттiк  тiлi-қазақ 

тiлi.  Мемлекеттiк  тiл-мемлекеттiң  бүкiл  аумағында  қоғамдық 

қатынастардың  барлық  саласында  қолданылатын  мемлекеттiк 

басқару,  заң  шығару,  сот  iсiн  жүргiзу  және  iс  қағаздарын  жүргiзу 

тiлi.  Сонымен  бiрге,  Үкiмет,  мемлекеттiк  органдар  мемлекеттiк 

тiлдi яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн 

нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы 

үшiн көмек көрсетуге мiндеттi деп көрсетiлген, т.б. 

2-бөлім.  Студенттерге  қысқаша  алынған  мәтіндер  жазылған 

парақтар таратылады. Мәтінмен жұмыс. Тапсырмасын орындау. 

1- топқа. «Ана тілі» 

Бүгінгі таңда қай ұлтты, қай халықты алсақ та, бәрінің өз ана тілі 

бар.  Әр  халық  өз  ана  тілін  ардақтайды.  Тілді  жасаушы  –  халықтың 

өзі.  Әр  ұлттың  өкілі  өз  ана  тілінің  ертеңін  ойлауы  керек.  Тіл  өмір 

бойы халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген адамның ертеңі, 

болашағы жоқ. Ана тілінсіз ұлт мәдениеті, ұлт әдебиеті жоқ. 

а) Мәтінді аудар. 

б) «Полиглотты» орында: 

...- үлкен мектеп.(өмір) 

...- самая большая школа. (жизнь) 

Отан үшін ... түс күймейсің. (отқа) 

За родину иди ... не сгоришь. (в огонь) 

... – алтын қазына (кітап) 

...- золотое сокровище (книга) 

2-топқа: «Қазақстан табиғаты» 



Қазақстан  тек  далалы  өлке  емес.  Ол-  Хан  Тәңірі  секілді  көкті 

тіреген  пирамидасы  бар  таулы,  далалы  өлке.  Ал  көлдеріне  келсек, 

Көкшетаудың  көгілдір  сулары,  Каспий  теңізі,  Балқаш,  Есіл,  Ертіс 

өзендері мен Тянь-Шанның көздің жасындай мөлдіреп жатқан көлдері 

еске  түседі.  Қазақстан-кең  байтақ  өлке.  Алтай  ну  ормандары,  Іле 

тоғайы, Қостанай мен Балқаш жағалауындағы қайыңдар жайқалған 

орманды өлке. Осылардың барлығы да Қазақстанды, оның байлығын 

бүкіл әлемге паш етеді. 

а) Мәтінді аудар. 

б) қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, морфологиялық талдау 

жаса. 


3-топқа: «Қазақстан Республикасының туы». 

Қазақстан  Республикасының  туы  тік  бұрышты,  ені  1  метр, 

ұзындығы  2  метр,  көгілдір  мата.  Көгілдір  түс-бейбітшіліктің, 

тыныштықтың,  жарқын  болашақтың,  ашық  аспанның  нышаны. 

Тудың  ортасында  жарқырап  шыққан  шұғылалы  күн  орналасқан. 

Бұл- бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран 

құс бейнеленген. Дала құсы-дарқандық пен қырағылық, биікке самғау 

белгісі.Тудың  сол  жағында  қазақ  халқының  ұлттық  өрнегі  бар. 

Өрнек  қазақ  халқының  салт-дәстүрін,  мәдениетін,  ұлттық  өнерін 

білдіреді. Күн, қыран құс, өрнек алтын түспен бейнеленген. Алтын 

түс-  молшылықтың,  байлықтың  белгісі.  Тудың  авторы,  суретшісі- 

Шәкен Ниязбеков. 

а) Мәтінді аудар. 

б) қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. 

Қорытынды түйін: 

IV. Жаңа сабақты бекіту. 

3-бөлім. Сұрақ-жауап әдісі: 

1. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды? 

(1989 жылы 22 қыркүйекте) 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет