«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0.97 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата29.04.2017
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Үйге  тапсырма:  131  жаттығу,  1-тапсырма:  өлеңді 

мәнерлеп  оқып,  құрамындағы  сын  есімдерді  тіркескен 

сөзімен қоса теріп жазыңдар.

  2-тапсырма:    Өз  әжелерің  туралы  шағын  шығарма 

жазыңдар. Бағалау.

Қосымша:  127-жаттығу.  ҚР  туы  мен  Елтаңбасын 

суреттеп жазу.

Күн тудың ортасында орналасқан. Жарқыраған алтын күн 

бейнеленген. Шуағы мол. Мейірімділік, жылылық ұялатады.

Бұлтсыз ашық аспан, көгілдір түс. Дала бүркіті-қырағылық 

пен  биіктіктің  белгісі.  Елтаңбада  шаңырақ  және  қанатты 

пырақ бейнеленген. Қанатты пырақ-жас ұрпақтың арманы, 

биікке самғауы. Бес бұрышты жұлдызы бар. Қазақстанның 

әрбір  азаматтың  шаңырағы  биік  және  берік  болсын  деген 

ниетпен  жасалған.  Танымдық  тапсырма:  жаз,  қыс,  күз, 

көктем.


88

89

                                                                       Г.ӨМІРЗАҚОВА,                                                                         



                                          С.Сауранбаев атындағы 

орта  мектеп.

                                                                         Алматы облысы,

                                                                        Райымбек ауданы

                                                                             



ЗАТ ЕСІМ

                                                       



(6-сынып)

      


Сабақтың  мақсаты:  білімділік-сөз    таптарын 

оқыту, зат есім туралы түсініктерін кеңейту; тәрбиелік-

оқушыларды  сөз  асылын  қадірлеп, тілді құрметтеуге 

тәрбиелеу; дамытушылық-оқушыларға  жүйелі  ойлау, 

ойын    әсерлі    жеткізуге,  шығармашылық  ізденістерін  

аттыруға  ықпал  жасау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру, 

тест, талдау, СТО әдісі.

Сабақтың  көрнектілігі:сызба,  сөзжұмбақ,  тест 

сұрақтары, слайдтар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру.  Оқушылармен    сәлемдесу,  оқушы  

зейінін    сабаққа  аудару,  топқа    бөлу.  Топ    басшысын  

белгілеу.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге  берілген  116-жаттығуды  екі  топтан  төрт 

оқушыға    оқытып,  көмекші  сөздерді  тауып,  неліктен  

көмекші сөз  делінетінін  дәлелдеу.

III.Слайдпен жұмыс. Сұрақтар интербелсенді тақта 

арқылы көрсетіледі.Әр топ өзіне қойылған сұрақтарға 

толық жауап береді.

1. Қазақ  тілінде  қанша сөз табы бар?

2. Морфология нені зерттейді?

3. Сөздің түрлерін ата.

4. Атауыш сөздер дегеніміз не?

5. Көмекші сөздер деп  қандай  сөздерді атаймыз?                                   

6. Одағай сөздер нені білдіреді?

Ой қозғау кезеңі. Сөзжұмбақ шешу.

Сұрақтарға    жауап    беріп,  сөзжұмбақты  шешкенде  

торкөзде Зат есім деген сөз шығады.  

                                     Сұрақтары:

1. Абайдың әжесі (Зере)

2. Қазақтың ұлы ақыны (Абай)

3.Абайдың  Лермонтовтан  аударған  шығармасы 

(“Жартас”)

4. Абайдың атасы ( Өскенбай)

5. Абайдың інісі (Оспан)

6. Абайдың поэмасы (“Ескендір”)

7. Абайдың баласы( Әбдірахман)

 Жаңа сабақтың мақсаты айтылады.

V. Жаңа сабақты түсіндіру 

 Зат  есім қандай  сөз табы?

 Топтастыру.

      «Зат есім” сызбасына назар  аударып, оқушылардың 

сөйлеуіне ықпал ету.

Оқушы  жауабы: сызбадағы  туыстық  атауларға  ата, 

ана, іні, бөле, жиен, нағашы, жеңге, құдаша, т.б. сөздер 

жатады.Оқушыларға  сызба  арқылы  ой түйіндетіп, зат 

есімнің ережесін  шығарту.

Орыс    тілінде  бүкіл    тіршілік    иесіне  “кім?”  деген  

сұрақ  қойылса, қазақ тілінде  бұл сұрақтың  тек  адамға  

ғана  қатысты  сөздерге  қойылатынын  айта  кету керек.

Мағынасына  қарай  зат есім:1. Жалпы.

                                                  2.Жалқы. 

Сызбадан  жалқы  есімдерді  тауып, емлесін  түсіндіру.

ІV.1.Оқулықпен    жұмыс.  120-жаттығуды    орындау.


90

91

Сөйлемдерді  2 топтың мүшелері оқып, жалқы есімдерді 



тауып талдайды.

2.  Тақтамен  жұмыс.  Тақтаға  2  топ  бойынша  2 

оқушыны шығарып  ұлдары сөзіне  фонетикалық және 

морфологиялық сатылай кешенді талдау жасап жазу.

3.  Сергіту  сәті.    «Кім  тапқыр?»  ойыны.  Мақалдың  

жалғасын  табу. 

1,2-топқа  да  мақалдар  беріледі.  Топ    мүшелері  зат 

есімдерді тауып, сөйлем   мүшелеріне  талдайды.

1.Ақыл-тозбайтын тон,

     ...(Білім)-таусылмайтын кен.

2. Ата балаға...(сыншы)

3. Татулық-табылмас...(бақыт) 

4. Бас аман болса,...(бөрік) табылады.

1, 2-топқа да сұрақ. Қай сөз зат есім?

Піспепті алма,          Байлық-нан,                                                          

Піскенше алма.        Сөзіме  нан.

Өнерлі  екен  өрмекші,             

Бұрышқа  торын  өрмекші.

V. «Ой қорыту» стратегиясы.

Тест сұрақтарын  тарату, оқушының өзіне тексерту.

 1. Зат  есім сөздің  қай тобына кіреді?

 а) Көмекші сөз;       ә) атауыш;     б) одағай. 

 2. Жалқы есімді тап:

 а) тау,көл;     ә) Алатау, Мұхтар;     б) дәптер, жазушы. 



 3. Жалпы есімді тап:

 а) Құс;           ә) «Алпамыс батыр» жыры;      б) Тоғжан.

 4. Зат есім қандай сөз табы?

  а) Заттың қимылын білдіреді;

  ә) Заттың сынын білдіреді; 

  б) Заттың атын білдіреді.

 5. Зат есімнің сұрақтарын ата:

 а) Не істеді? Қайтті?           ә) Кім? Нелер?       

б) Қанша? Нешінші? 

Білімін  есепке алу слайдына  бағасын  қондыру.

VI.Бекіту. 

Не білдім?

Нені білгім келеді?

Нені үйрендім?

Үйге тапсырма беру. Көркем әдебиеттен зат есімге 5 

сөйлем жазып, сөйлем мүшелеріне талдап келу.

 Оқушылардың білімін бағалау.


92

93

Н.МҰХАНҒАЛИЕВ,



М.Мирманов атындағы жалпы 

орта білім беретін мектеп.

Батыс Қазақстан облысы,

Жаңақала ауданы, 

Бірлік ауылы

 ТІЛ ҰСТАРТУ 

  (Абай әндері)

Мақсаты

Абай  шығармашылығының  жаңа  қырын 



анықтау, қазіргімен салыстыру.

Күтілетін 

нәтиже

А)  Абайдың  әні  бар  басқа  өлеңдерімен 



танысады.

Б)    Әндерінің қалай айтылатынын үйренеді.

С)  Әндерінің  шығу  тарихын  бірлесіп 

анықтайды, зерттей біледі.

Керекті   

жабдықтар

Оқулық,  жұмыс  дәптері,    қалам,  «Абай» 

энциклопедиясы, интерактивті тақта, ноутбук.

Пайдаланылған 

әдіс–тәсілдер.



СТО:    ББҮ  әдісі,  жоғары,  төменгі  дәрежелі 

сұрақтар, қызығушылықты ояту.



АКТ:  Ноутбук  арқылы  ән  тыңдату, 

интерактивті тақта арқылы тапсырмалар беру.



Жаңа  тәсілдер:  зерттеушілік  әңгіме, 

визуалды 

оқыту, 

«Жұптасып-ойлан-



бөліс»  әдісімен  үй  тапсырмасын  тексеру, 

«Тыңдайтын  үшбұрыштар»    әдісімен  жаңа 

сабақты меңгерту, «Серпілген сауал» әдісімен 

сабақты  қорытындылау,  «Екі  жұлдыз,  бір 

ұсыныс» арқылы бағалау, кері байланыс.

Тапсырмалар

* Ынтымақтастық 

атмосферасын қалыптастыру. 

*  Оқушылардың  сұрақ  қою  және  олардың 

жауаптарына қарай әрекет ету.

*  Бірлескен  оқу:  талантты  және  дарынды 

оқушылар. 

Сабақ барысы

Сабақ 


кезеңдері

Уақыты  Мұғалім әрекеті     Оқушы әрекеті

Кіріспе

2 минут


2 минут

6 минут 


1. Ұйымдастыру.

2.Оқушыларды 

Абайдың 17 

кара сөзінде 

кездесетін ақыл, 

қайрат, жүрек 

арқылы 

3 топқа бөлемін.



3. Үй 

тапсырмасын 

тексеру: 

Абайдың 29 қара 

сөзін талдау,

 «Жұптасып-

ойлан-бөліс» 

әдісімен тексеру. 

Жақсы 

дайындалып 



келген оқушыны 

мадақтаймын.

Сабаққа әзірлеу.

Топқа бөлініп 

отырады, топ  

ережесін еске 

түсіреді.

Үйден оқып келген 

тапсырманы әр 

топтан бір оқушы 

айтады. Бір-біріне 

сұрақ береді. 

Тұсаукесер 4 минут Алдымен 3 топқа 

Абайдың 3 әнін 

алдарындағы 

ноутбук арқылы 

тыңдату. 

Алдарындағы 

ноутбукті қосып, 

әнді мұқият 

тыңдайды.


94

95

Негізгі 



бөлім

9 минут «Тыңдайтын 



үшбұрыштар»  

әдісімен топтар 

энциклопедиядан 

оқып, ән 

жайында

мәлімет 


алмасады.

Әрқайсысы 3 

адамнан тұратын 

топта бірлесіп 

жұмыс жасайды.

Бірі-тақырыпты 

энциклопедия 

бойынша түсіндіреді.

1



минут



Оқушыларға 

маршруттық 

карта, деңгей 

бойынша 


тапсырмалар 

беріледі. 

1-топ өлеңді 

құрылысына 

талдайды. 2-топ 

өлеңнің бір 

шумағын буынға 

бөліп, буын түрін 

анықтайды.

3-топ сын 

есімдерді тауып, 

түрлендіреді.

 Екіншісі – 

тыңдап, анықтау 

үшін сұрақтар 

қояды. Үшіншісі 

– бақылайды кері 

байланыс жасайды. 

«Екі жұлдыз, бір 

ұсыныс» арқылы 

бағалалайды.

Әрбір оқушы 

өзіне берілген 

тапсырманы 

орындайды, 

түсінбегендерін 

топпен талқылайды. 

Орындап болған соң 

өлшемдер бойынша 

өзін-өзі бағалайды. 

Қоры-


тынды 

5 минут «Серпілген 

сауал» әдісімен 

сабақты бекіту. 

Бір  оқушы 

сабақ барысы 

туралы ойын 

айтса, екіншісі 

толықтырады, 

үшіншісі 

барлығын 

бір жауапқа 

біріктіреді.

Оқушылар сабақ 

бойынша алған 

білімдерін ортаға 

салады, бір-бірін 

толықтырады, 

жауаптарын бір 

жерге тоғыстырады.



96

97

                                                                Б.МАМБЕТОВА,



                                             ҚазГЗУ   гуманитарлық  

заң    колледжі.

                                                      Астана  қаласы                                                            



ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ

 

Сабақтың  мақсаты: студенттердің  сөздік  қорын  молайтып, 



ауызекі  сөйлеу  тілін    дамыту,  грамматикалық    материалды  

меңгерту,   теориялық білімдерін тәжірибеде  қолдану  дағдысын   

жетілдіру;

Міндеттері:  білімділік-студенттердің    етістіктің    шақ  

категориясы    жайында    алған  білімдерін    еске  түсіріп, 

практикалық  жолмен  меңгерту,  мәтін    талдау    арқылы  

сауатты    сөйлеу    мәдениетін   қалыптастыру;  дамытушылық-

студенттердің  ой-өрісін    кеңейту,  ынта  қойып  тыңдау,  жазу  

қабілетін   дамыту,  пәнге  қызығушылығын  арттыру; тәрбиелік- 

әңгімедегі ойды арқау ете отырып студенттерді адамгершілік, 

еңбексүйгіштік,  ынтымақтастық    қасиеттерге    тәрбиелеп,  

келешек  мамандыққа  баулу.

Типі:  іздену  сабағы.

Түрі:  жаңа   білімді   меңгерту.

Әдіс-тәсілдері:    әңгімелесу,    проблемалық-ізденушілік,  

өздік   жұмыс. 

Пәнаралық  байланыс:  қазақ  әдебиеті,  тарих,  азаматтық   

құқық,  құқықтану.

Көрнекілігі:  Ы.Алтынсарин  портреті,  еңбектері,   слайд  

материалдары.

Сабақтың  барысы. 

І. Ұйымдастыру.  Сәлемдесу.  Сабаққа   бейімдеу.

ІІ. Тілдік  жаттығу.  Абай   Құнанбайұлы.  «Көзімнің   қарасы»   

әні. (Студенттер   әнді   хормен    айтады).  

ІІІ.  Жаңа    сабақ.  Етістіктің    шақтары.  Ы.Алтынсарин. 

«Атымтай Жомарт»   әңгімесі.  Кіріспе. (Студенттерге  сабақтың  

тақырыбы  мен  мақсатын  хабарлап,  алдын  ала  жаңа  сабаққа  

өздігінен  оқып  келуге  берілген  тапсырманы   тексеремін). 

а) Өздік   жұмысын   тексеру.

1-тапсырма.  Ы.Алтынсариннің   өмірбаяны   мен   еңбектерін    

оқып    келдіңіздер.  (Ұжымдық   жұмыс)

2- тапсырма.    

1-топ.  Ы.Алтынсариннің      «Атымтай    Жомарт»    әңгімесін    

түсініп   оқып,  оны   бөліктерге    бөліңіз,   әр   бөлікке   атау   

беріп,  мазмұнын   баяндаңыздар.  (Монолог)

2-топ.  Әңгіме   бойынша  сұрақ-жауап  құрастырып, екеуара  

сөйлесіңіздер. (Диалог)

3-топ.  Жомарт  айтқан  төрт  түрлі  себептің  мағынасын  

ашыңыздар. (Ой  қозғау)

ә)  Өздік   жұмысына  қорытынды.

б) Сөздік   жұмысы.  Әңгіменің   мәтініндегі   жаңа   сөздерді   

талдау. 


1-топ. Сөздердің   синонимін   тауып,  сөйлем  құраңыздар.   

Етістіктерді  тауып,   қай   шақта   тұрғанын   ажыратыңыздар.



Жомарт,  ескі,  дәулет,  тәтті,  жұмсау,  кемшілігі,  еңбек,   

әдет,  үлгі,    алғашқысы,    өне    бойы,    қорқамын,    кейінгілер,  

жарлы,  жәрдем,  сіңімді.

2-топ. Сөздердің  антонимін  мәтіннен  тауып,  олармен   сөз   

тіркестерін  жасаңыздар. 

Сараң,  кедей,  жаңа,  арзан,   соңғысы,  жоғары.

3-топ. Омоним  сөздердің  мағынасын  ажыратып,  сөйлем  

құраңыздар. 

Жарату- ақшаны    тамаққа   жарату,   атты   бәйгеге   жарату. 

(Ұжымдық   жұмыс)

1-тапсырма.  «Көңілге  жел  кіргізу»   тіркесінің   мағынасын   

түсіндіріңіз.



98

99

2-тапсырма. Сөйлемдерді  талдап, ондағы  етістіктердің  қай   



шақта    тұрғанын   ажыратыңыз.

Атымтай  Жомарт  бай  болыпты. Ол  ескі  киім киіп,  отын  

кесіп  шөп   тасиды  екен. 

ІV. Қорытынды.             (Ұжымдық    жұмыс)   

1.    Проблемалық      жағдаят      туғызу      арқылы      сөйлету.                  

(Студенттерді     келешек    мамандықтарына    бейімдеу).

Ы.Алтынсариннің  «Жаман   жолдас»  әңгімесіндегі    екі   

досқа   мінездеме   беріңіздер.  

Ауру  адам- әлсіз   адам- отбасының   әлеуметтік    жағдайы   

төмен,  тұрақты   жұмысы    жоқ,  өзіне   сенімсіз,  т.б.

Дені  сау  адам-отбасының   әлеуметтік   жағдайы   жақсы,   

жұмысы  орнықты,   табысы    жоғары,    туған-туыс,  жора- 

жолдастары   көп,  т.б.  

Аю- ауыртпалық,   қиындық,  бәле-жала.

2.    «Еңбек»,      «Адамгершілік»,    «Жақсылық        пен   

жамандық» туралы айтылған мақал-мәтелдердің     мағынасын   

түсіндіріңіздер.

3.  «Атымтай  Жомарт» әңгімесі  бойынша  құрастырылған   

тест сұрақтарына жауап беріңіздер.

1.  Өткен  шақта    тұрған  етістікті  көрсетіңіз:

А)  бай  болыпты;

Ә)  тұтынсам;

Б)  ұмытармын;

В)  өзіме  жаратсам.

2.  Келер  шақта  тұрған  етістікті  көрсетіңіз:

А)  тасиды  екен;

Ә)  үй  болдыңыз;

Б)  мал  берген;

В)  сіңімді  болар.

3.  «Жарлы»   сөзінің  синонимін  көрсетіңіз:

А)  еңбекқор,  елгезек;

Ә)  қонақжай,  жайбасар;

Б)  кедей,  бейшара;

В)  даяшы,  аспазшы.

4.  Жомарт сөзінің  синонимін  көрсетіңіз:

А)  еріншек,  қалжыңбас;

Ә) күйгелек,  сабырлы;

Б)  мейірбан, мырза;

В)  бауырмал,  көңілшек.

5.  Жәрдем сөзінің  синонимін  көрсетіңіз:

А)  көмек, рақым;

Ә)  сіңімді,  дәмді;

Б)  аш, жалаңаш;

В)  әдет, үлгі.

6. Мақалдан  антонимді  табыңыз:

Аш  бала   тоқ  баламен   ойнамайды.

7.  Байлық  сөзінің  синонимін  көрсетіңіз:

А)  тұтыну, жарату;

Ә)   отын, шөп;

Б)  еңбек, бейнет;

В)  дәулет, қазына.

8.  Ы.Алтынсарин   әңгімелерін   көрсетіңіз:

А)  «Қара  өгіз», «Балқия»;

Ә)  «Бақытсыз  Жамал», «Қамар  сұлу»;

Б)  «Батыр Баян», «Қыз - Жібек»;

В)  «Өтіріктің  залалы», «Бақша  ағаштары».

9.  Әуелгісі  сөзінің  синонимін  көрсетіңіз:

А)  біріншісі, алғашқысы;

Ә)  кейінгісі, артқысы;

Б)  соңғысы, ортаңғысы;

В)  бұрынғысы, екіншісі.

10.  Синонимдік  қатарды   көрсетіңіз:

А)  күнәлі, айыпты; 



100

101


Ә)  жирену, ұмыту;

Б)  жел  кіру, қорқу;

В)  ішіп-жеу,  жұмсау.

     V. Үйге  тапсырма. 

1.  Етістіктің    шақтарына    тест    сұрақтарын  

құрастырыңыздар. 

2. «Жомарттық  деген  не?»  тақырыбына   шағын   әңгіме  

жазыңыздар.



АҚЫЛДЫҢ КЕНІ

 

 

Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам 

мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім. 

 

 

 

 

                 Абай Құнанбайұлы.

 

Мінез-құлық - әркім өзінің кейпін көрсететін айна.

 

 

 

 

 

 

          И.Гете.

 

Жақсы мінез-бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы.

 

 

 

 

 

 

        У.Гэзлит.

 

Сенім  әдет  болып  қалыптасқанда  ғана  мінезге 

айналады.  Тек  қана  әдет  арқылы  адам  өз  мінезін 

қалыптастырып, ойы іске айналады.

 

 

 

 

 

            К.Д.Ушинский.

 

Халықтың  кемеліне  келіп  өркендеп  өсуі  үшін  ең 

алдымен азаттық пен білім қажет.

                                                                   Г.ТЕМІРҒАЛИЕВА,



К.Мендалиев атындағы ОЖББ мектебі.

Батыс Қазақстан облысы,

Казталов ауданы

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДІ 

ҚАЙТАЛАУ 

(8-сынып)

Мақсаты:  Салалас  құрмалас  сөйлем,  оның  түрлері, 

мағынасы,  жасалу  жолдары  туралы  алған  білімдерін 

пысықтау, бекіту.

Міндеттері:

   •


 Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін бір-бірінен 

ажырата білуге үйрету.

   • 

Оқушылардың бір-бірін оқыту, бір-бірінің білімін 



бағалау  дағдыларын жетілдіру.

     •  


Тақырып бойынша белгілі бір ой-тұжырым жасату.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар  салалас  құрмалас  сөйлем,  оның  түрлерін 

ажырата біледі.

Бірін-бірі оқыту, білімдерін бағалау дағдысы жетіледі.

Тақырып бойынша ой-тұжырым жасайды.

Оқу құралдары: оқулық,  дидактикалық материалдар.

Сабақ түрі: білімді бекіту сабағы.

Оқыту  әдістері:  топтық,  жұптық  жұмыстар,  Блум 

таксономиясы бойынша жаттығу, тапсырмалар.

                               Сабақ барысы:

Уақы-

ты

Блум Сабақты 



ұйымдастыру 

формасы


Мұғалімнің 

іс-әрекеті

Оқушының 

іс-әрекеті



102

103


2  мин.

Ұйымдастыру 

кезеңі.

Тренинг 


«Шаттық 

шеңбері» 

Оқушылар 

амандасады,

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық,

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.

Міне, сіздермен біз 

үлкен киіз үйді құрдық. 

Осы киіз үй сияқты 

біздің мектебіміздің 

қабырғалары мықты 

болып, шаңырағы биік 

болсын дегім келеді.

Оқушылар зейінін 

сабаққа аудару.

Шаттық 

шеңберін 



құрады.

2 мин.


Топқа 

бөлу.


От, Су, Күн суреттері 

арқылы 3 топқа бөлу.

От. Қай кезде де, қандай 

жағдайда да от болып 

жанып, өз

білімдерін насихаттай 

білетін жандар.

Су. Жандары 

жақсылықты сүйетін, 

көңілдері судай таза, 

жаңалықтарға жаны 

құмар оқушылар.

Күн. Жанындағыларға 

жылу сыйлап жарқырап 

жүретін, сәуле шашып 

белсенділікпен жұмыс 

жасайтын топ.

5 мин.


Білу

«Жіңішке 

сұрақтар»

Мұғалім 


сұрақтарды 

ауызша оқып 

тұрады. Әр 

жауаптың 

бірінші әрпін 

алғанда бүгінгі 

тақырыптың 

аты шығады.

(САЛАЛАС). 

Шыққан 


тақырыпты 

тақтаға жазады.

Оқушылар 

сұрақтарға 

жауап береді. 

Әр жауаптың 

бірінші 

әрпін жазып 

отырып, 

сабақтың 

тақырыбын 

шығарады.



104

105


10 

мин. 


Түсіну «Уақыт 

шеңбері»


Уақыт 

шеңберіндегі ең  

маңызды ереже 

– талқылауға 

барлығы 

түгелдей 

қатысулары 

керек.


І топ: Салалас 

құрмаластың 

байланысуы, 

түрлері және 

ережелері

ІІ топ: 


Жалғаулықты, 

жалғаулықсыз 

түрлері.

Оқушылар 

шеңбер болып 

отырады, 

бүгінгі 

тақырып 


аясындағы 

талқылауға ат 

салысады.

Оқушылар 

салалас 

құрмалас 

сөйлем 

жайында өз 



білгендерін 

ортаға салады.

ІІІ топ: Салалас 

құрмаластың 

тыныс белгілері 

Мұғалім тыңдап, 

қосымша түсінік 

беріп отырады.

Топтағы 

оқушылар 

постер 

қорғайды.



10 

мин.


Қол-

дану


Ойлан, 

топтас, 


талқыла!

Әр топқа 

тапсырмалар 

беріледі.

1-топ: Салалас 

құрмалас 

сөйлемнің 

жалғаулықтарын 

сәйкестендіреді.

2-топ: Салалас 

құрмалас 

сөйлемді 

ережесімен 

сәйкестендіреді.

 3-топ: Салалас 

құрмалас 

сөйлемді 

ережесімен 

сәйкестендіреді.

Берілген 

тақырыпты 

құрмалас 

сөйлемдерді 

қатыстыра 

отырып ашу.

5 мин. Талдау «Ойлан, 

тап» және 

тест.


Тест 

сұрақтарына 

талдау 

жасалады.



Оқушылар 

шығармадан 

алынған 

үзіндіні 

тауып, 

салалас 


түрлеріне, 

тест 


сұрақтарын 

талдайды.

   

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет