«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0.97 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата29.04.2017
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Б.НОҚАТОВА,

 Манашы орта мектебі.

Маңғыстау облысы, 

Бейнеу ауданы



 АНТОНИМДЕР  

  

                                                                                        



Сабақтың мақсаты: білімділік-өтілген материалдарды 

еске  түсіріп,  қайта  жаңғырту,  жаңа    тақырыпты  жүйелі 

түрде  жете  түсіндіре  отырып,  жаңа  тақырыпқа  сай 

мысалды  оқушының  өзіне  талдату  жолымен  ережені 

өздеріне  қорыттыру,  тақырыпты  саналы  түрде  меңгерту; 

дамытушылық  –талдау  жұмыстары    арқылы  білімдерін, 

сөздік  қорын,  сөйлеу  мәдениетін  дамыту,  ойлау  дағдысын, 

көркем  жазу  мен  сауатты  жазу  дағдыларын  жетілдіру, 

шығармашылық  қабілеттерін  арттыру;  тәрбиелік  -  өз 

ұлтының  тілін,  рухани  байлығын  құрметтеу,  тапқырлыққа 

баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.



Сабақтың түрі:  аралас сабақ.

Сабақтың  әдіс  тәсілі:  түсіндіру,  ойландыру,  сыни 

тұрғыдан оқыту стратегиясы, шығармашылық жұмыс.



Көрнекілігі:  оқушылардың  таным  қабілеттерінің  даму 

деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті 

тақтада слайдтар.

Сабақтың    барысы:  І.  Ұйымдастыру.  Оқушылармен 

амандасу,  түгелдеу.  Оқушылардың  зейіндерін  сабаққа  

аудару.                                                                                                                       

Психологиялық дайындық.  

                    Қазақ тілі!

                    Ол  менің  ана тілім.                                                                                                                              

                    Ләззат – қуат                                                                                                                                    

                    Сөйлессем табатыным. 

      Тізілтіп  сөз маржанын                                                                                          

       Жазғанымда,                                                                                                                   

       Білем анық бағымның                                                                                                

       Жанатынын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.                         

2. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?

4. Омонимдер дегеніміз не?

5. Туынды омонимдер дегеніміз не?

6. Синонимдер деп қандай сөздерді айтамыз?

7. Зат есімдерден болған синонимерге мысал келтір.

8. Сын есімдерден болған синонимдерге мысал келтір.

9.  Етістіктерден болған синонимдерге мысал келтір.

10.Үстеулерден болған синонимдерге мысал келтір.



Сөзжұмбақ.

1. Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы (лексика)

2. Бағалы сөзінің  синонимі (құнды)

3. Белгілі бір тақырыпқа арналған сөйлемдер жиынтығы.

(мәтін)

4. Алыстан  бір қара  көрінді. Айгүл  анасы сыйлаған 



қара көйлегін кигісі келді. Асты сызылған қандай сөздер?  

(омоним)


5. Білімді сөзінің синонимі  (оқыған)

6.Бір ғана ұғымды білдіретін сөздер қалай аталады? 

(синоним)

7. Күшті сөзінің синонимі (мықты)



ІV. Жаңа сабақ. Өзіндік ізденіс - білім негізі.

Интерактивті тақтадан биік тау мен аласа таудың суреті, 

кактус  гүлі  мен  адыраспан  шөбін  салыстыру  арқылы 

оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін 

ескертемін.  

-Балалар, антоним грек тіліндегі anti қарсы, anota атау 



74

75

дегенді білдіреді. Ендеше, сіздер мысалдарға сүйене 



отырып, қандай қорытындыға келдіңдер?

  -Мағыналары  бір-біріне  қарама-қарсы  болып  келетін 

сөздерді антонимдер деп атаймыз.

   -Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын 

болымды, болымсыздық мағына бірдей емес. Оларды 

былайша салыстырып көрсетуге болады.



Антонимдер                  Болымды  –  болымсыздық 

мағыналар:           

жақсы – жаман                          жақсы – жақсы емес

ал – бер                                      ал – алма 

сулы – құрғақ                            сулы – сусыз 

көңілді - қапалы                        көңілді – көңілсіз

                                       Антонимдер

Мағыналары бір-             мақал – мәтелдердің,                   ойды әсерлі, бейнелі

біріне қарама- қарсы        жұмбақтардың  құрамында          жеткізудің  оңтайлы 

сөздер 

                 жарыса  қолданылады                                құралы



Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,

Алдамаған кім қалды тірі жанда?

Алыс – жақын қазақтың бәрін көрдім,

Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.

(Өлеңді  дауыстатып бір оқушыға оқытамын.)

      -Ал, балалар, бұл кімнің өлеңі?

      -Абай туралы не білеміз?

      -Кім Абайдың бір өлеңін оқып береді?

 - Қане, балалар, тақтадағы өлеңнен мағынасы бір – біріне 

қарама – қарсы болып тұрған антоним сөздерді табайық.

(Дос – дұшпан, алыс – жақын)

    Антонимдер  сын  есім,  етістік,  зат  есім,  есімдік, 

үстеулердің  құрамында кездеседі. Тақтадағы сызбаға назар  

аударыңыздар.

     Көп нүктенің орнына антонимдерін ауызша тапқызу.

Антонимдер

Сын есім


 Етістік

Зат есім


    Есімдік 

Үстеу


Ауыр-жеңіл,

кең-тар,


ыстық- суық,

жас-кәрі,

артық-кем,

аш-тоқ,


арық-семіз,

оңай-қиын

Озу-қалу,

кету-келу,

қону-ұшу,

шашу-жинау,

ашу-жабу,

кіру-шығу,

күлу-жылау,

сату-алу


Өтірік-шын,

обал-сауап,

алғыс-

қарғыс,


бақ-сор,

пайда-зиян,

жаз-қыс,

 күн-түн


Анау-

мынау,


әне-міне,

осы-сол


Ерте-кеш,

ақырын-шапшаң,

жоғары-төмен,

алыс-жақын,

әрі-бері

Оқулықпен жұмыс.

87-жаттығу.

  Әсем,  тез,  шебер,  зор  сөздерінің  антонимдерін 

тауып жазыңдар.

 Әсем-сүйкімсіз (ұсқынсыз), тез-баяу (жай), шебер-

олақ, зор-әлсіз. 



Топтық жұмыс.

1-топ. Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-

мәтелдер айту.



2-топ.  Құрамында антоним кездесетін  жұмбақ айту.

3-топ. Құрамында антоним кездесетін  жаңылтпаш 

немесе өлең айту.



Кім жылдам?

88– жаттығу.

  •

  Мәтінге  ат  қойыңдар,  тақырыптың 



мазмұнымен байланысын байқаңдар.

   

         

• 

Мәтіннен  синоним,  антоним    сөздерді 



тауып, жеке-жеке топтастырып  жазыңдар. 

76

77

  



  Рух  күші  адамды  жеңілмейтін  етеді:  жүректілік 

–  адам  ізгілігінің  жанары.  Жүректі  адам  ізгілік  пен 

зұлымдықты  көзбен  көріп  қана  қоймай,  жүрекпен 

де  сезінеді.  Ол  қайғы,  қасірет,  адам  намысын  қорлау 

сияқтылардың  жанынан енжар өте алмайды.

     Ер балалардың күші, шымырлығы – ізгілік дәні 

себілетін  топырақ.  Ізгілік  күшті,  батыл,  ер  жүректі 

болғанда ғана нәтижелі болады.

                                                             (В.Сухомлинский)

Тақырыбы:  Жүректілік – адам ізгілігінің жанары.

Антоним:     ізгілік –зұлымдық 

Синоним:  қайғы, қасірет; күш, шымырлық; күшті, 

батыл, ер жүрек.

V. Сергіту сәті. Күй тыңдау.

Шығармашылық жұмыс.

      Мақал-мәтелдер.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті 



сөздерді  қойып, антонимдерді тап.

1.Өлі арыстаннан  .... тышқан артық. (тірі)

2. Еріншек егіншіден .... масақшы озады.   (елгезек)

3. Палуанға оң,  .... бірдей.      (терісі)

4. Ит үрер жақсыға да, .... да.    (жаманға)

VІ.  Сабақты  бекіту.

      Сабақты    тақтадағы    перфокарта  бойынша 

қорытындылау.

 

Антонимдер Сын есім



Етістік

Зат есім


Есімдік

Үстеу


күлу-жылау

+

жаз-қыс



    +

әне-міне


    +

жоғарғы-


төмен 

   +


күн-түн

    +


 

  

т е р е ң -



саяз

    +


ерте-кеш

    +


өмір-

өлім


    +

қону-


ұшу

   +


көп-аз

 

    +



    

VІІ. Үйге тапсырма.

      42-беттегі 89-жаттығуды орындау. Берілген сөздердің 

синонимдес,  антонимдес,  омонимдес  сыңарларын  табуды 

тапсырамын.                     

 


78

79

                                                                                



Ә.ПІРІМОВА,

                             №138 Абай атындағы орта мектеп.                                                              

Қызылорда қаласы



МАТАСУ

(7-сынып)

Сабақтың мақсаты: сөздердің байланысу түрлері туралы 

білімдерін тереңдету, матасу байланысу түрі туралы түсінік, 

грамматикалық негізін меңгерту, алған білімін практикалық 

жұмыспен ұштастыру. 



Міндеттері:  білімділік-сөз  бен  сөздің  ілік  септік 

жалғаулы  сөз  бен  тәуелдік  жалғауы  арқылы  байланысуын, 

өзіндік  ерекшелігі  мен  мәнін,  жасалуын  бірлесе  отырып 

анықтау,  оқыта  игерту;  дамытушылық-дүниетанымын 

кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру;   

тәрбиелік-пәнге  деген  қызығушылығын,  белсенділігін 

арттыру.

Типі: жаңа білімді меңгерту.

Түрі: оқыта-үйрету.

Әдіс-тәсілі:  проблемалық  ізденіс,  талдау,    ойын,  жеке 

оқушымен жұмыс.



Көрнекілігі: сөзжұмбақ, слайд, кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:  оқушылармен  амандасып,  түгелдеу. 

Сабаққа  назарын  аударту.  Қанық  түстерді  таңдау    арқылы 

оқушыларды топқа бөлу.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

а) 245-жаттығу.

ә)  Топтық  жұмыс.  Қиысу  байланысу  түрі  тақырыбында 

постер қорғау. Топтарды өзара бармақ арқылы бағалау.



3. Өткен тақырыпты пысықтау. 

  4.Сабақтың мақсатын қою.

Күн ретін, жаңа сабақ тақырыбын хабарлау.

5. Жаңа сабақ.

Еске түсіру.

Тәуелдік жалғау нені білдіреді? Түрлерін ата. Ілік септік 

жалғауы қандай?

Жұптық жұмыс.

Сызба бойынша сөз тіркесін құра.

Ілік септігіндегі сөз  

Тәуелдік жалғаулы сөз

Айманның 

Оның 

Сіздің 

Жазушының 

Біздің

кітабы


арманы

балаңыз


өмірі

көше


«Ойлан. Жұптас. Бөліс» стратегиясы.

Топтық  жұмыс.    Құраған  сөз  тіркесінің  бағыныңқы 

және  басыңқы  сыңарлары  қалай  жасалып  тұрғандығын 

анықтаңдар.



Матасудың негізгі белгілері:

 • 

Матаса байланысқан сөздер-ілік септікті сөздер мен 

тәуелдік жалғаулы сөздер.

 • 

Матаса  байланысқан  сөздер  көбіне  есімді  тіркес 

болады.

 •

  Матаса  байланысқан  сөздердің  кейде  бірінші,  кейде 

екінші компонеттерінің жалғауы түсіп те жазыла береді.

 • 

Матаса  байланысқан  сөздердің  компоненті  көбіне    

екеу, кейде одан да көп болып келеді.

Топ пікірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау.



Тұжырым  жасау.  Бағыныңқы  сыңары  зат  есім  немесе 

заттанған  сөз  ілік  септік  жалғауында,  екінші  сөз  тәуелдік 



80

81

жалғауында  келу  арқылы  байланысқан  сөз  тіркесін  матаса 



байланысқан сөз тіркесі немесе матасу деп атаймыз. 

Матасу- ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің 

байланысуы. 

Матаса байланысқан 

есімді сөз тіркесі

Матаса байланысқан 

(заттанған)  етістікті сөз 

тіркесі

Бағыныңқы 

сыңар

Басыңқы 


сыңар

Бағыныңқы 

сыңар

Басыңқы 


сыңар

Ілік септік 

жалғаулы сөз

Тәуелдік 

жалғауын 

қабылдаған 

зат есім, сын 

есім, сан есім,                

есімдік, 

үстеуден 

болады.

Ілік септік 



жалғаулы сөз

Есімші, 


тұйық етістік 

тұлғасындағы 

етістіктен 

болады.


менің ойым, оның арманы

Досымның  оралуы,  әкемнің 

айтқаны, менің сенгенім

        


Тәуелдік жалғауын қабылдаған үстеуден болады.

      Географиялық  атаулар  мен  мекеме,  ұйым  атауларында  ілік 

септік көбіне жасырын келеді.

Қолдану.

247-жаттығу.

Менің саяхатым, саудагерінің керуені, т.б.

248-жаттығу.

Күмістің  пайдасы,  балуанның  жұдырығы,  менің 

күнделігім, т.б.



Талдау-білімді ұштау.

Матаса  байланысқан  сөздерді  тауып  оларға 

морфологиялық талдау жасаңдар.

Қалау  ағасының  қатты  бұзылған  түрін  таныса 

да,  оған  айылын  жимай  күліп  келе  жатыр.  Есейдің 

көңілі  одан  да  жүрдек.  Мынау  дала  келбеті  де  соны 

танытады. Мұхтар Абай өлеңдерімен сусындап өсті. 

Біздің ауыл қаладан он шақырымдай жерде орналасқан.

Шығармашылық тапсырма.

«Сөз  тізбек»  ойыны.  Оқушы  ілік  септігіндегі  сөзді 

айтады,  келесі  оқушы  оны  тәуелдік  жалғаулы  сөзбен 

байланыстырады.

«Менің сыныбым» тақырыбына шағын мәтін жазыңдар.

Сергіту сәті.

Матаса байланысқан мақал-мәтелдер айтыңдар.

Еріншектің ертеңі бітпес.

Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

Ағасы бардың жағасы бар, 

Інісі бардың тынысы бар.

Туған елдің түтіні ыстық,

Туған ананың күтімі ыстық. 



Жеке оқушымен жұмыс.

Таратпа №1

Синтаксис термині қай елдің сөзі?

Сөздер грамматикалық байланысқа түсуі үшін қандай 

заңдылыққа сүйенеді?

Қиыса  және  матаса  байланысқан  сөздерге  мысал 

келтір. 

Таратпа №2

Матасу дегеніміз не?

Сөздердің байланысу тәсілдеріне мысал келтір.

Болашақ сөзіне фонетикалық талдау жаса.

5. Білімді бекіту.

ББҮ  әдісі  арқылы  оқушылар  алған  білімдерін 

саралайды. 


82

83

Кестені толтырыңдар.



     Білемін 

     Білгім келеді 

     Үйренгенім

7.Үй тапсырмасы. 249-жаттығу.

8. Бағалау. Рефлексия.

АҚЫЛДЫҢ КЕНІ

 

 

 

Мұғалім  өзінің  білімділігімен,  жүріс-тұрысымен, 

жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де 

оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.

 

 

 

 

 

Мәлік Ғабдуллин.

 

 

Үйрету  үшін  ұрсудың,  пайдалы  болу  үшін  намысқа 

тиюдің түк қажеті жоқ.

 

 

 

 

 

Ф.Ларошфуко.

 

 

Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген 

сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол - кемел ұстаз.

 

 

 

 

 

К.Д.Ушинский.

 

 

 

 

 

 

 

   

 

                



Ж.ӨМІРЖАНОВА,

Ақтас негізгі мектебі.

Солтүстік Қазақстан облысы,

Есіл ауданы

       


СЫН ЕСІМ

Мақсаты: білімділік- сын есім туралы жалпы мағлұмат 

алу, сын есімнің сындық қасиеттерін ашу; дамытушылық- 

түрлі  әдістерді  пайдалана  отырып,  оқушылардың  ой 

қабілеттерін,  сөздік  қорларын,  байқағыштық  қасиеттерін 

дамыту; тәрбиелік- Абай өлеңдерін, әндерін жатқа айтқызып, 

талдау барысында әдемілікті, әсемділікі түсіне білуге, туған 

табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие 

беру.


Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілік:  оқулықпен  жұмыс,  жаттығу,  салыстыру 

әдістері.



Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:

         а) амандасу;

         ә) түгелдеу;

         б) кезекшімен сұхбат.

Өткен сабақты қайталау.



а)  Семантикалық  карта  (5минут)    арнайы  жасалған 

кеспе қағаздарды таратып беру арқылы зат есімді қайталау.



   ә) Шағын тест (зат есімге байланысты)

2. Жаңа сабақты түсіндіру.

  - Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын сөзжұмбақ шешейік.



84

85

Сөзжұмбақты  шешкенде  тігінен  бүгінгі  сабақтың 



тақырыбы шығады. 

Сұрақтары:

1. Класс сөзінің қазақшасы.

2. Күзден кейін қандай мезгіл келеді?

3.  Қыста  қатты  жел  соғып,  күн  суытады.  Бұл  қалай 

аталады?


4. Қыс мезгілінің алғашқы айы?

5. ҚР астанасы қалай аталады?

6. ҚР қандай мемлекет?

7. Орта білім алатын жер?

Сөйтіп,  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы  «Cын  есім» 

болмақ.


Қазақ тілі- өте бай тіл. Оның құрамында мыңдаған сөздер 

бар.  Сол  сөздер  мағыналарына,  атқарылатын  қызметіне, 

сұрағына қарай 9 топқа бөлінеді. (Оқушылар атайды, тақтаға 

іліп отыру) Соның бір тобы зат есімді қайталадық, келесі бір 

тобы «сын есім» деп аталады.

Cуреттен  алдымен  зат  есімдерді  теріп  жазайық  (сурет 

бойынша жұмыс)

Алма 


Түсі қандай? – қызыл 

Дәмі қандай? –тәтті 

Көлемі қандай? – үлкен 

Иісі қандай – жағымды, жұпар иіс 

Жеп болғаннан кейін қандай баға бересіңдер?

(жақсы піскен алма екен дейміз)

Алманың сапасын анықтадық.

Қызанақ қызыл, алмұрт жасыл, әдемі үй, ақ жұмыртқа, 

қызыл алма, жасыл жүзім, қарбыз тәтті, қызыл анар. 

Осы  сөздерден  сындық  қасиеттерді  білдіретін  сөздерді 

тауып көрейікші?

1.Заттардың түсі қандай болып келеді?



Ақ, көк, күлгін, қызыл

2.Заттардың көлемі қандай болып келеді?



Үлкен, кіші, аласа

3.Заттардың пішіні (формасы) қандай болады?



Дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш

Сонымен осы сөздер заттың қандай қасиеттерін білдіріп 

тұр?

Заттың түсін, көлемін, сапасын білдіріп тұр.



Осы сөздерге сұрақ қойыңдаршы. 

Қандай, қай?

Ендеше осыдан ереже шығарып көрейік.

   Сын есім қандай, қай деген сұрақтарға жауап беріп, 



затың түрін, түсін, көлемін, сапасын білдіретін сөз табын 

сын есім дейміз.

«Мен  қандаймын?»  ойыны.  Әр  оқушы  өз  есімінің 

алғашқы дыбысына байланысты сын есім ойлауы қажет. Өз 

есімімен тіркестіріп сөз тіркесін құрау.  

Ақылды  Айболмын,  әдепті  Әлішермін,  инабатты 

Индирамын, рақымшыл Рабиға, айбарлы Алтынаймын.

       Сындық ерекшеліктеріне кесте толтыру.

     Не?

  

Түсі



Көлемі

 

Дәмі



 Пішіні (формасы)

Қарбыз


қызыл

үлкен


тәтті

      дөңгелек

Пияз

сарғыш


кіші

ащы


      сопақша

Құрт


ақ

кіші


ащы, 

тәтті


     дөңгелек

Қант


ақ

кіші


тәтті

    төртбұрыш

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі ?  (күз)

-  Жылдың  төрт  мезгіліне  де  өлең  жазған  қай  ақынды 

білесіңдер ? (Абай )

- Дұрыс айтасыңдар. Абай – қазақтың ұлы ақыны.



86

87

-«Күз» және «Қыс» өлеңін талдау.



                        

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп

Жапырағынан айырылған ағаш қурай.

Сын есімдер: сұр, дымқыл, суық, жасыл.

                        



   Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы-үскірік аяз бен қар

Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.

Сын есімдер: ақ, суық.

128-жаттығу.

Тапсырма: төмендегі сын есімдерді мағыналық жағынан 

байланысатын зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.

Салқын: су, ауа, түн, күз, тер, көзқарас.

Терең: теңіз, сезім, білім, жер, ой.

Әдемі: жазу, қыз, шаш, күлкі, көйлек.

Жеңіл: тас, киім, машина.

Ұзын: жол, жіп, адам, сақал.

Қатты: жел, сөз, жер, күлкі, дауыс.



«Бір сөзбен айтқанда қандай дейді?» ойыны.

-Жақсы оқитын, тәртібі жақсы оқушы (үлгілі)

-Сөзге шебер адам                                  (шешен)

-Тез ашуланатын адам                            (ашуланшақ)

- Сабақ оқымайтын оқушы                     (жалқау)

- Бойы ұзын адам                                     (бойшаң)

- Айтқанға сенетін, еш нәрсені байқамайтын адам (сенгіш) 

Бекіту:  сын  есімнің  ережесін  білдік,  қандай  сөз  табы 

екенін білдік, қандай сұраққа жауап беретінін білдік. Кластер 

арқылы көрсету.



Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ

жүктеу 0.97 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет