«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0.97 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата29.04.2017
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Н.ЕЛЕМЕСОВА,

Шәкәрім атындағы облыстық 

дарынды балаларға арналған 

үш тілде оқытатын 

мамандандырылған мектеп. 

Шығыс Қазақстан облысы,

Семей қаласы

НАРМАНБЕТ 

ОРМАНБЕТҰЛЫНЫҢ 

«САРЫАРҚА САЙРАН 

ЖЕРІМ-АЙ» ТОЛҒАУЫ

 

Жалпы мақсаты. Н.Орманбетұлының  отарлық  езгі,  отаршылдық  өктемдікке 



қарсы  үн  көтерген  ақын  екенін  таниды,  «Сарыарқа  сайран 

жерім-ай» толғауын талдайды.

Нәтиже.

Топта жұмыс істеу арқылы оқушылардың жеке тұлға ретінде 



ізденімпаздық қасиеттері, ойларын жеткізу, сөйлеу дағдылары 

дамыды, белсенділіктері артты.

Дереккөздер.

Ғаламтор  жүйесі  (білім  беру  сайттары),  10-сыныптың 

оқулығы мен хрестоматиясы, әдістемелік нұсқаулар.

Жабдықтары.

АКТ  құралдары(интерактивті  тақта,  компьютер),  слайд, 

плакат,  маркер,  постер,  бағалау  парағы,  стикерлер,  карта, 

бағалау белгілері.

Пәнаралық 

байланыс.

География, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, ән.

Әдіс-тәсілдері.

«Мозаика», 

«Ассоциация», 

«Болжау», 

«РАФТ», 

«Диагностикалық сұрақ», «Көркемдік метальды карта», «Бір 

сөйлем» стратегиясы.

Модульдер.

СТО, АКТ

Тапсырмалар, 

әрекеттер.

1. Толғау мазмұнын меңгеру.

2. Мағынаны ашу «топтар бойынша тапсырма)

3. Кері байланыс.

4. Рефлексия.

5. Үйге тапсырма.



56

57

Барысы.

Ұйымдастыру.

Психологиялық 

ахуал. (2 минут)

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Ассоциация.

Әр  түрлі  суреттер:  қалам, 

кітап, айна, тау, су, құмырсқа, 

күн, гүл, бәйтерек, т.б.

Оқушылардың іс-әрекеті.

Әр оқушы көршісіне суретті 

қатыстырып тілек айтады.

Өткен тақырыпқа 

кері байланыс.

8 минут.


Тапсырмамен таныстырады.

Әрекетке 

бағыттайды. 

(Нарманбеттің 

Арқаның 

ақиық 


ақыны 

екенін 


дәлелдетеді).

Формативті бағалау жүргізеді.

Үйде 

дайындаған 



постерлерін қорғайды.

1-топ. Нарманбет-ақын.

2-топ. Нарманбет-азамат.

3-топ. 


Нарманбет 

шығармаларының 

басты 

тақырыптары.



4-топ.  Нарманбет  өмірі 

мен 


шығармаларының 

зерттелуі. 

«Бір 

сөйлем» 


стратегиясы. 

3 минут.


Әр  топ  қорытынды  ретінде 

бір 


сөйлеммен 

түйін 


жасайды.

Т о п т а с т ы р у 

(жаңа топ)

3 минут.


«Сарыарқа» мозаикасы. (өлең 

шумақтары). Бейнекөрсетілім 

және «Сарыарқа» күйі.

Таңдайды.

Топтасады.

Тыңдайды.

Жаңа сабақ

Тақырыпты 

айқындау.

«Болжау» 

стратегиясы.

Мақсат қою. 

2 минут.

Бағыттау:

1. Біз топта қалай бөліндік?

2. Бүгінгі тақырыбымыз?

3. Сабақ мақсатымен 

таныстырады.

1. 

«Сарыарқа» 



өлең 

шумақтары арқылы.

2. Нарманбет 

Орманбетұлының 

«Сарыарқа сайран жерім-

ай» өлеңі.

3. 

Оқушылар 



өз 

мақсаттарын 

қояды, 

(стикерге  жазып,  «өзен 



жиегіне» жапсырады).

Топтық жұмыс.

«Сарыарқа 

сайран жерім-

ай» өлеңін 

талдау.


8 минут+

10 минут.

1-топ.»Кеше-бүгін» 

(салыстырмалы карта).

2-топ.  РАФТ.  «Айтарым  бар» 

(рөлдік ойын).

3-топ.  Диагностикалық  сұрақ 

(неліктен?).

4-топ. Көркемдік карта.

Сарыарқаның  кешегісі  мен 

бүгінгісін  өлең  бойынша 

салыстыра 

көрсетеді. 

Сарыарқа  бейнесіне  енеді. 

Сол  арқылы  өз  жайынан 

хабардар 

етеді 

(өңір 


тұлғалары, 

ерекшелігі,..) 

Географ-этнограф-тарихшы 

ретінде  өлең  бойынша 

талдау  жасайды.  Өлеңнің 

тіліне,  құрылысына  (троп, 

фигура, ұйқас) талдау. 

Жаңа 


тақырып 

бойынша кері 

байланыс. 

Сарыарқа 

образы.

4 минут.


«Сарыарқа сайран 

жерім-ай» толғауы. 

(Сарыарқа образы)

Түйін жасайды. 

Салыстырады. 

Дәлелдейді. 

«Сарыарқа сайран 

жерім-ай» өлеңі бір 

аймақты ғана емес, 

бүкіл қазақ жерін 

қамтыған ұғымды 

білдіреді. (кластер)

Рефлексия.

3 минут.


Ұсыныс.

Білім 


нәтижесін 

саралайды:  «өзеннен 

өтеді», 

«өзенде» 

-сурет, стикер.

Үйге 


тапсырма.

1 минут.


1.Н.Орманбетұлының 

ғылым-білім, 

өнер 

жайлы 


өлеңдерін 

мәнерлеп оқып, талдау.

2.  «Туған  жерім  -  тал 

бесігім»  тақырыбына 

ой-толғау  жазу.  (10 

сөйлем).


Бағалау.

1 минут.


  Ілім  -  ол  білім  алу, 

білім  -  ол  өзіңді  білу. 

Сен өзіңді білмесең - ол 

жай оқығандық.

Топ басшысы 

тобындағы 

оқушыларды 

бағалайды.



58

59

Г.ҚАРЖАУБАЙ,



Миялы орта мектебі. 

Атырау облысы,

Қызылқоға ауданы

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ. 

ЕҢЛІК-КЕБЕК

(10-сынып)

Жалпы мақсаты

Шәкәрім мұрасын     тереңдей оқытып- 

үйрету,  поэманың      мазмұнын  меңгерту, 

көркемдік ерекшелігін ашу.

Оқыту нәтижесі

Кейіпкер  тағдырына  ортақтаса  білуі, 

қауымдасып  жұмыс  істеуге,  бір-бірінің 

пікірін дамыта отырып, өзара сыйластыққа 

үйренуі.


Негізгі идея

Заман  талабына  сай  өз  білімін  өмірде 

қолдана білуі.

Дереккөздер  және 

жабдықтар

Интерактивті  тақта,  қалам,  жазу 

тақтасы, бор, оқулық, хрестоматия, бағалау 

парақшалары, слайд, стикер, смайлик. 

Тапсырмалар

1. «Көпір» тапсырмалары.

2. Поэманы баяндау.

3. Поэманың 

композициялық  құрылысына талдау.

4. Ұқсастық пен даралық.

5. Проблемалық сұрақтар.

6. «Болжам жасау».

 

     


Жүргізілетін жұмыс.

Ұ й ы м д а с т ы р у 

кезеңі 

Мұғалімнің 



іс - әрекеті

Оқушылардың 

іс - әрекеті

Психологиялық 

ахуал 

қалыптастыру. 



Сыныппен сәлемдесу. 

Сабаққа қатысты 

тексеру. 

Топқа бөлу.  Бағалау 

парақшасын тарату.

Мұғаліммен 

сәлемдеседі. 

Топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын 

тексеру.


Ш.Құдайбердіұлының 

өмірі мен 

шығармашылығы.

Оқушылар  

сұраққа жауап 

береді.


Жаңа сабақ.

Қызығушылықты 

ояту сатысы.

Білу.


Өткен істен адамзат бір 

үлгі алмақ…

Естілер көп жазады 

әңгімені


Жазбайды ермек үшін 

әлденені,

Жирентіп жаманынан, 

жақсыны ұғып,

Алсын деп жазады ғой 

өнегені.         

Ш.Құдайбердіұлы                      

Поэманың мазмұнын 

жоспар бойынша 

баяндау.


1. Әңгіме алдында 

айтылған сөз.

2. Он бесінде Кебектің 

аты шықты.

3. Алғашқы кездесу.

4. Берілген уәде.

5. Екеуі тәуекел деп 

кетіп қалды.

Топ мүшелері

 жоспар 


бойынша 

ретімен 


поэманың 

мазмұнын 

айтады.


60

61

Жаңа сабақты 



бекіту.

Мағынаны тану 

сатысы.

Түсіну.  Поэманың 



композициялық  

құрылысына        

талдау.

1.Экспозиция  - 



Кебектің Нысан 

абызға бал аштыруы.                                     

2. Оқиғаның басталуы 

- Кебек пен Еңліктің 

кездесуі.

3.Оқиғаның дамуы - 

Екі жастың бір-біріне 

ғашық болуы.

4. Оқиғаның 

шиеленісуі - Кебектің 

Еңлікті алып қашуы,                                                      

нәрестенің дүниеге 

келуі.

5.Оқиғаның 



шарықтау шегі - Екі 

жасты  өлтіруге                                                                 

шығарылған үкім.

6.Оқиғаның шешімі 

- Қос ғашықтың 

өлімі, сәбидің                                                                      

тауда қалуы.

Топтар өздеріне 

берілген 

сұраққа жауап 

береді. 

Сергіту сәті. Поэзия минуты.     

Шәкәрімдей  ақынның,

Өлеңіне жақынмын.

-------------------------,

Асылы еді  халқымның.    

Топ мүшелері 

ақылдаса 

отырып, үшінші 

жолды өздері 

жазады.

Қолдану.   Ұқсастық пен 



даралық

«Қалқаман-Мамыр» мен 

«Еңлік-Кебек» поэмасын 

салыстыру.

Топтар екі 

поэманың 

ұқсастығы мен 

даралығын 

табады.

Кейіпкерлерге 



мінездеме беру. (Еңлік,  

Кебек, Кеңгірбай, 

Нысан абыз)

Кейіпкерлерге 

мінездеме 

береді.


Талдау.  Проблемалық 

сұрақтар.

1. Дастандағы Еңліктің 

іс-әрекетін қалай 

бағалайсың?

2. Еңлік пен Кебектің  

өліміне кім кінәлі деп 

ойлайсың?

3. Махаббат бар дегенге 

сенесің бе?

Топтар сұраққа 

жауап береді.

Жаңа сабақты 

қорытындылау.

Ой-толғаныс 

сатысы.


Жинақтау.    Болжам 

жасау


1.Сен Кеңгірбай болсаң 

қандай билік айтар 

едің?

2.Егер Еңлік пен Кебек 



тірі болса, олардың 

өмірі қандай болады деп 

ойлайсың?

Оқушылар 

болжам 

жасайды.


Кері байланыс.

–Мен ойымды айтар 

болсам...

Тамара Асардың 

орындауындағы 

Шәкәрімнің 

 «Бұл ән - бұрынғы 

әннен өзгерек» әнін 

үнтаспадан жіберу.

Оқушылар 

бүгінгі 

сабақтан алған 

әсерлерін 

стикерге 

жазады. 

Бағалау.


«Ашық  журнал»  әдісі 

бойынша бағалау.

Бағалау 

парақшаларын 

топбасылар 

талдап айтады.



62

63

Д.ШАКЕРБЕКОВА,



«№29 орта мектеп. 

Ақтөбе қаласы



ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ. 

«АРҒЫМАҚ», «ҚЫЗ ҚУУ» 

ӨЛЕҢДЕРІ

 

Мақсаты



Ақын  шығармашылығымен  танысып,  мағлұмат  алады. 

Өлеңге талдау жасайды. Оқушының сауатты сөйлеу және 

өз ойын еркін жеткізілуі қадағаланады.

Жұмыс нәтижесі

Қазақ  халқының  жылқы  малы  жөнінде  ой  бөлісіп, 

тереңірек  білетін  болады.  Жылқының  түрлерін, 

қасиетін  есте  сақтайды.  Өлеңді  талдау,  мәнерлеп  оқуға 

машықтанады. Топпен жұмысқа үйренеді, ізденеді.

Негізгі идеясы

Сынып оқушыларының топтық тапсырмаларды өз бетінше 

орындауын бақылау.

Әдістер 


мен 

тәсілдер


Топтастыру, СТО стратегиясы, өзін-өзі бағалауы.

Ресурстар

Слайд, таратпа материалдар, стикерлер.

Сабақ жоспары

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. Сыныпты 3 топқа бөлу. 1 

минут. Оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі. 

1. Топтың ережесін таныстыру. 1 минут. 

2.Топбасшы 

мен 

бақылаушы 



сайлау, 

олардың 


міндеттерімен таныстыру.

3.  «Ұшқыш  тілектері»  әр  топ  бір-біріне  тілек  жазылған 

ұшақтар жібереді.

Әр топқа сұрақ-тапсырмалар беріледі. 

1-топ: Әңгімедегі қарт қайда сапар шегіп келеді?

2-топ: Қарт жолда қандай қиыншылықтарға кездесті?

3-топ:  Әңгіменің  «Қаздар  қайтып  барады»  деп  аталу 

себебін қалай ұғасыңдар?

ІІІ. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

1.  Топтағы  оқушылар  жазушының  өмірбаянын  оқып, 

танысып шығады.

2.  «Сөздер  сөйлейді»  кезеңі.  Тақтадағы  тірек  сөздерді 

байланыстыра  отырып,  түсінгендерін  баяндау.  1936  жыл 

18  мамыр,  Алматы  қаласы,  М.Горький.  Өлеңдері,  «Қыш 

кітап»,  «Аз  и  Я»,  «Көгілдір  маршрут»,  «Бабалар  жері», 

«Семей-Невада».

3. «Ой шақыру» кезеңі. «Артығын тап». 

1-топ. құлын, тай, тайлақ, құнан, дөнежін, дөнен, бесті.

2-топ: қазы, айран, қарта, жал-жая, май, қымыз.

3-топ: ер, тұсамыс, қарғы, жүген, доға, үзеңгі, мұрындық. 

Қалай ойлайсыңдар, бұл аталған заттардың барлығы немен 

байланысты?  (жылқы  малымен)  Оқылатын  «Арғымақ» 

және «Қыз қуу» өлеңімен байланыстыру.

1.  Өлеңді  дауыс  ырғағына  салып,  мәнерлетіп  оқытқызу. 

Әр топтан бір оқушыдан оқып шығады.

2. Өлеңнің мазмұнымен жұмыс.

а) Ақын осы өлең арқылы нені көрсетпек?

ә) Ақын осы өлең арқылы нені көрсетпек?

б) Өлеңнен теңеулерді тауып айтыңдар.

в) «Қыз қуу» ойыны қазіргі кезде бар ма?

4. Қабілетті оқушымен жұмыс.

1. Қазақ халқының жылқы малын түстеуі, олардың түстері 

(слайд қорғайды)

2. Түркімен, моңғол, қазақ жылқысын салыстыру.

5. Жеке оқушымен жұмыс.

1-оқушы:  Жабы  туралы  түсінік.  Байырғы  қазақ 

жылқысының бір түрі. Жабының денесі ірі, басы дөрекілеу, 

мойыны  қысқа,  омыраулы,  кеудесі  кең,  жоны  жалпақ, 

сауырлы. Құйрық-жалы ұзын, қалың, әрі етті келеді. Алыс 

жолға төзімді. Салт мінуге де, жегіге де ыңғайлы. 

2-оқушы:    Адай  жылқысы  -  салт  мінілетін  қазақ 

жылқысының  бір  тұқымы.  Бойы  биік,  мойыны  ұзындау, 

шоқтығы  биік,  арқасы  түзу,  сауыры  ұзын  әрі  солыңқы, 

аяғы жуан (біраз етсіз) болады.

3-оқушы:  Көшім  жылқы  -  ет-сүт  бағытындағы,  мініп-

жегуге арналған жылқы тұқымы. Едәуір ірі, бітімі шымыр, 

басы  үлкен,  сүйегі  берік,  жұмысқа  төзімді.  Түсі  қоңыр, 

торы, жирен, күрең болып келеді. 

4-оқушы:  Қазанат  -  батырлардың  жауынгерлік  аты. 

Қазанаттың  дене  бітімі  ірі,  кең  кеуделі,  шоқтығы  биік, 

құйма тұяқты, басы онша үлкен емес, кең танаулы болып 

келеді.  Мініске  берік,  шабысқа  жүйрік.  Қазанаттың  «ер 

аты», «жауынгерлік ат» деп атаған.

ІV.  Сергіту  сәті.  V.  Қорытындылау.  Постер  құру.  1-топ: 

Жылқы малының қасиеттері.

2-топ: жылқымен ойналатын ұлттық ойындар.

3-топ: қазақ әдебиетіндегі атақты сәйгүліктер.

VІ. Үйге тапсырма: Олжас Сүлейменов туралы мәліметтер 

жинақтау, «Арғымақ» өлеңін жаттау.

Бағалау


Кері байланыс орнату. 

64

65

Д.ИСАҒАЛИЕВА,

Батыс Қазақстан облысы,

Зеленов ауданы,

Дарьинск селосы

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 

ӨЛЕҢДЕРІ

                                  

                                                                                                          

Сабақ тақырыбы:

Абай Құнанбайұлының «Кешегі өткен ер Әбіш», «Тұла 

бойың ұят, ар едің», «Талаптың мініп тұлпарын»өлеңдері

Сілтеме:

Әдебиет оқулығы, қосымша деректер

Түрі:

Блум таксономиясына негізделген сабақ



Мақсаты:

Ақын  өлеңдеріндегі  мұң  мен  сырды  ұғыну,  адами 

құндылықтардың  маңызын  жете  түсініп,    құрметтеуге 

тәрбиелеу

Шығармашылық  белсенділіктерін  шыңдау, 



ой- өрісін, дүниетанымын дамыту.

Оқыту нәтижесі:

Тақырыпты  жете  түсіну,    жеткізе  білу,  жаңа  білімді  өз 

бетінше меңгеру, қолдану, талдап жинақтау, құндылығын 

ұғыну. Өздігінен іздену арқылы дүниетанымын кеңейту , 

шығармашылық қабілеттерін таныту.

Оқыту әдістері:

Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (топтық жұмыс, 

диалогтік оқыту),  СТО,  АКТ,  Оқыту үшін бағалау және 

оқуды бағалау.

Қолданылған 

материалдар:

«Абай  Құнанбаев»  деректі  фильмі  электронды  оқулық, 

слайд материалдары, флипчарттар, маркерлер.

Сабақ кезеңдері:

Психологиялық 

ахуал туғызу:

«Шаттық шеңбері» тренингін өткізу, «Автордың еңбегін 

тап» ойыны арқылы топқа бөлу.

Білу:


1. «Абай Құнанбаев» деректі фильмінен үзінді 

(Әбдірахман туралы)

2. Сұрақтар:

-  Абайдың  болашағынан  үлкен  үміт  күттірген  ұлы 

кім?

-  Абай  неге  Әбдірахманға  арнап  бірнеше  өлең 



жазған?

- Абайдың отбасы туралы не білеміз?

-  Ақын Абайды тағы қай қырынан танып білдік?

3. Тапсырма:

а) Өлеңдерін мәнерлеп оқу, мазмұнымен танысу. 

ә) Сөздікпен жұмыс. 

Түсіну:

1. Сұрақтар:



-  Өлең түрі қандай?

-  Өлеңде ақынның қандай көңіл- күйі бейнеленген?

-    Әке  қайғысын  сипаттаған  қандай  шығармалармен 

таныспыз?

2. Тапсырма: Венн диаграммасы арқылы өлеңді 

Ж.  Жабаевтың  «Алғадай  туралы  әрбір  ой»  өлеңімен 

салыстыру.

3. Қосымша дерек:

Ж.Жабаев «Сәлем айт барсаң Абайға» өлеңі.

Қолдану:


1. Сұрақ:

-  Абайдың өлең сөзге қояр талаптары қандай еді?

2. Тапсырма:

Өлеңге  сатылай  кешенді  талдау  жасау.  Көркемдік 

ерекшелігін тану.


66

67

Талдау:



1.  «Абай  Құнанбаев»  деректі  фильмнен  үзінді  (1- 

бөлім)


Сұрақ:

- «Әке балаға сыншы» деген сөздің мағынасын қалай 

түсінеміз?

- Әкесі Абайдың бойынан қандай мін табуы мүмкін?

-  Әкесінің  Абайды  сынға  алу  себебі  неде  деп 

ойлайсыздар?

- Қалай ойлайсыздар,  Абай Әбдірахманды сынады 

ма?


2. Тапсырма:   Ғаламтордан мәлімет іздеу.

Абай мен Әбіш

        Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, 

Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол: 

-  Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан 

кісі  болды  ма?  -  деп  сұрапты.  Абай  сәл  ойланып 

отырыпты да: 

- Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Оны тоғыз 

жасында  Семейдегі  орыс  мектебіне  оқуға  бердім.  Оны 

бітірген  соң,  Петерборға  жібердім.  Қыс  оқып,  жаз 

демалысқа  үйге  келді.  Сұрастырып  байқасам,  оқуы 

жақсы көрінеді. Баламның алымдылығын сынап білейін 

деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып: 

-  Қалқам,  Әбіш,  осы  әлемдегі  жаратылыста  ақ 

зат  асыл  ма,  қара  зат  асыл  ма?  -  деп  сұраған  едім.  Ол 

іркілместен: 

-  Ақ зат асыл ғой, - деді. 

-    Неге,  қара  зат  асыл  емес  пе?  -  дедім  мен.  Әбіш 

бетіме қарап күлді де: 

-  Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен: 

-    Біріншіден,  адам  баласы  барлық  дүниедегі 

жаратылысты  көзбен  көреді  емес  пе?  -  дедім,-  Бірақ 

көздің  ағы  көрмейді,  ортасындағы  кішкене  қарашығы 

ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, 

қағаз  ақ,  одан  адам  оқып  білім  ала  алмайды,  үстіне 

жазған  қара  сиядан  өнер-білім  алады.  Үшіншіден,  жас 

шақта  адамның  сақал-шашы  қара  болады.  Осыған 

байланысты  жас  күнде  адамда  ақыл,  білім,  қайрат  көп 

болады.  Қартайғанда  шаш-сақал  ағарады.  Ал,  адамда 

ақыл, білім, қайрат та азаяды, сондықтан ақтан қараны 

асыл ма деп ойлаймын, - дедім. 

Сонда Әбіш: 

-  Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді. 

-  Ақылмен білдім, - дедім мен. 

-    Олай  болса,  ақыл  мида  болмай 

ма,  ал  ми  ақ  зат  емес  пе!  Екіншіден, 

ақыл  -  нұр,  жарық  зат.  О  да  аққа 

ұқсамай  ма?  -  деді.  Мен  баламның 

тауып  айтқан  сөзіне  риза  болып, 

маңдайынан иіскедім. 

 Жинақтау 

1. Сұрақ:

-  Абай мен Әбдірахман арасында 

қандай үндестік бар? Себебі не?

2.  Тапсырма:  Әбдірахман  моделін 

жасау. 


Өлеңге  сүйене  отырып,  Абай 

іздеген  Толық  адам  белгілерінің  

Әбіште бар екенін дәлелдеу.

Бағалау. 

Ой толғау.

«Абай  іздеген  Толық  Адам  кім? 

Мен кіммін?»

Кері байланыс.  «Білім  ағашына» 

стикерлер  жапсыру  арқылы  сабақтан 

алған әсерлерімен бөлісу.

Бағалау. 

Өзін-өзі  бағалау, 

топ 

басшысының, 



мұғалімнің 

бағалауы.



68

69

Ә.МҰРАТБЕКОВА,



№4 ЖББОМ.

Батыс Қазақстан облысы, 

Бөрлі ауданы, 

Ақсай қаласы



«КҮЙ АҢЫЗЫ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ 

ЖАЗУШЫНЫҢ СӨЗ ҚОЛДАНУ 

ШЕБЕРЛІГІ

Жалпы 


мақсат:

Әңгімедегі  жазушының  сөз  қолдану  шеберлігін 

жан-жақты  талдау.  Шығармашылық  қабілетін, 

таным-түсінігін,  сыни  ойлау,  өз  бетімен  жұмыс 

жасау  дағдыларын  арттыру.  Ынтымақтастыққа, 

тапқырлыққа, ұтымды ой айтуға баулу. 

Сілтеме: 

1.МАН.


2.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.

3.8-сыныпқа 

арналған 

әдебиет 


оқулығы. 

Авторлары:С.Мақпырұлы, 

А.Қыраубайқызы, 

К.Құрманбай. Алматы, «Мектеп», 2012ж. 

Күтілетін 

нәтиже: 


Әңгімедегі  жазушының  сөз  қолдану  шеберлігін 

жан-жақты  талдайды.  Шығармашылық  қабілетін, 

таным-түсінігін,  сыни  ойлау,  өз  бетімен  жұмыс 

жасау дағдыларын арттырады. Ынтымақтастыққа, 

тапқырлыққа, ұтымды ой айтуға үйренеді. 

Негізгі 


идеялар: 

Жазушы тілі  оның сөз қолданысынан көрінеді. Олар 

түрлі  көркемдегіш  құралдарды  қолдана  отырып, 

шығарманы  жандандыра  түседі.  Біз  оқыған  «Күй 

аңызы» шығармасында да ондай тәсілдер өте көп. 

Олар:  диалог,  монолог,  портрет,  теңеу,  т.б.  Одан 

басқа  ұлттық  салт-дәстүр  көріністері  де  шебер 

қолданылған.      

Сабақта 

қолданылатын 

материалдар:

1.Постер, маркер, стикер, тақта.

Оқыту әдістері: Оқытудағы жаңа 

әдістер


АКТ

СТО


Дарынды және 

талантты балалармен 

жұмыс

Көшбасшылық 



ОүБ, ОБ

Жас ерекшелігіне сай 

оқыту

1.Диалогтік оқыту.



2.Жеке жұмыс.

3.Топтық жұмыс.

Дереккөздер:  

  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  журналы, 

«Білімділер» 

және 


«kazmuzik», 

«adebikz»сайттары.

Тапсырмалар:   Топқа бөлу. 

Ой шақыру үшін берілген тапсырма:

а/  Суреттер  бойынша  әңгіме  мазмұнын 

әңгімелеу. 

ә/ «Нар идірген» күйін және оның ел ішіндегі 

тағы бір нұсқасын тыңдау.

Тақырыпты ашу мақсатына берілетін 

тапсырма:

а/ Топтық жұмыс.     

ә/ Егер, онда, өйткені.

б/ Эссе: «Күй сиқыры».

Ойды қорытындылау үшін берілетін 

тапсырма:

Салыстыру.  «Бозінген»  және  «Нар  идірген» 

күйлері.

Поэзия минуты. 



70

71

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті 



Мұғалімнің іс-

әрекеті


Оқушының іс-

әрекеті


І.Оқушыларға 

психологиялық 

ахуал туғызу.

(2мин.)


«Гүл сыйлаймын» 

тренингі.

Оқушыларды 

өнер түрлеріне 

байланысты топқа 

бөлу.


Бір-біріне тілек 

айтады. 


Топқа бөлінеді, 

орындарына 

жайғасады. 

ІІ.Қызығушылықты 

ояту. (7мин.)

Ой шақыру үшін 

берілген тапсырма. 

а/ Суреттер 

бойынша әңгіме 

мазмұнын 

әңгімелеу. 

ә/ «Нар идірген» 

күйін және оның 

ел ішіндегі тағы 

бір нұсқасын 

тыңдау.


 

Суреттер бойынша 

оқиғаларды 

баяндайды.  

Тыңдау, пікірлесу. 

ІІІ.Мағынаны тану. 

(28мин.)

Тақырыпты 

ашу мақсатына 

берілетін 

тапсырма:

а/ Топтық жұмыс.  

1-Теңеу және жай 

сөйлем түрлері.

2- Кейіптеу мен 

сөйлемнің айтылу 

мақсатына қарай 

түрлеріне мысал.

3- Ұлттық салт-

дәстүр көріністері, 

салалас құрмалас 

сөйлемдер.

Топтық  жұмысты 

қорғайды. 

    

 

4-Портрет, сабақтас 



құрмалас сөйлемдер

Топтық жұмыс. 

Жеке жұмыс.

ІV.Қорытындылау. 

(5мин.)

Салыстыру. 



«Бозінген» және 

«Наридірген» 

күйлері.

Поэзия минуты.

Ауызша пікірін 

айтады. 


Жеке жауап береді.

  

V.Үйге тапсырма.



(1мин.)

Күй туралы нақыл 

сөздер жазу, жаттау. 

Үй тапсырмасын 

білу.

VІ.Бағалау. 



(1мин.)

Формативті, топтық 

бағалау

Топқа бағалау 



жасайды, «Екі 

жұлдыз, бір тілек». 

VІІ.Рефлексия. 

(1мин.)


Бүгінгі сабақтан 

алған әсерлерін 

жазу үшін стикерлер 

тарату


Сабақтан алған 

әсерлері мен 

ұсыныстарын 

стикерлерге жазу

 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет