«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0.97 Mb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата29.04.2017
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ж.ӨТЕШҚАЛИЕВА,

Жаңабұлақ ОЖББМ.

Батыс Қазақстан облысы,

Ақжайық ауданы,

Жаңақала ауылы



ЖҰБАН МОЛДАҒАЛИЕВ. АР-ҰЯТ

Сабақтың  өту  әдісі:  баяндау,  сұрақ  -  жауап,  топтау,  ой 

жинақтау,  көрнекіліктер  мен  жұмыс,  талдау.  Міндеттері: 

білімділік-  жерлес  ақиық  ақынымыздың  өмірі  мен 

шығармашылық жолынан мағлұмат беру; дамытушылық-тіл  

байлықтарын, шығармашылық  қабілеттерін, ізденімпаздық 

деңгейлерін  дамыту.  Туған  жерді  қадірлеп,  сүйе  білуге 

жұмылдыру;  тәрбиелік:  сабақты  халықтық  педагогикамен 

байланыстыра  отырып,  Абайша  айтқанда  Толық  адам 

тәрбиелеу.  Адамның  бойындағы  ең  жоғары  қасиет  ар  - 

намысты жоғары қоятын жеке тұлға тәрбиелеу.

Пәнаралық  байланыс:  Тарих,  қазақ  тілі,  география, 

өлкетану.

Өту барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

ІV. Қорытындылау:

Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан.

Анық төмен болмай ма хайуаннан?

Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан.

Шәкәрім Құдайбердіұлы.

 Ынсап - ұят, ар - намыс, сабыр, талап,

Бұларды керек қылмас ешкім қалап.

Терең ой, терең ғылым іздемейді,

Өтірік пен өсекті жүндей сабап.

Абай Құнанбайұлы.

1920  жылы  5  қыркүйекте  Батыс  Қазақстан  облысы, 

Тайпақ ауданындағы Жыланды ауылында туған.

Әр  бала  жатқа  білетін,  қазақ  рухын  асқақтатқан  “Мен 

қазақпын” дастанын жазған дара тұлға ұрпағына өлмес мұра 

қалдырды.

“Жесір тағдыры”, Айттым сәлем”, “Қыран дала”, ”Сел”, 

”Байқоңыр  баспалдақтары”  т.б.  дастандары,  том-том 

туындылары,  Жұбан  Молдағалиев  атын  ғасырдан-ғасырға 

жеткізе береді.

Біз,  ұрпақтары,  Жұбан  аға  есімін  Қазақстан  мен  ҚСРО 

Мемлекеттік  сыйлықтарының  иегері  болғаны  үшін  емес, 

біртуар ірі Қазақ болғаны үшін ардақтаймыз.

Бүгін,  біздер,  Жұбан  атамыздың  “Ар  -  ұят  ”туралы 

өлеңімен танысамыз.

- Балалар, ар, ұят, намыс, ождан дегенді қалай түсінесіздер?

-  Ар,  намыс,  ұят  туралы  мақал-мәтелдер,  нақыл  сөздер 

айтып көрейік.

1. Әрлі болғанша, арлы бол.

2. Ұялмаған арын жейді.

3. Ұлдың ұяты – әкеге,

Қыздың ұяты – шешеге.

4. Арыңды жасыңнан сақта.

5. Өлімнен ұят күшті.

1. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.

2. Өлеңнің мазмұнын талдау.

3. Өлеңге талдау жасау.

Өлең тармақтардан тұрады. Оны өлең жолдары дейміз.

Әр  тармақ  бунақтардан  тұрады.  Бунақ  дегеніміз 

тармақтардың  ырғаққа  бөлінуі.  Бунақты  буын  жасайды. 

Өлең  тармақтарының  санына  қарай  шумақ  шығады.  Қазақ 

өлеңі көбіне 4 тармақтан тұрады. Әр тармақтың аяғындағы 

буындар  үндестігінен  ұйқас  шығады.  Анафора  –  өлең 

тармақтарында  белгілі  бір  сөз  немесе  сөз  тіркесінің  жол 

басында  қайталану.  Эпифора  –  өлең  тармақтарындағы 

белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында қайталануы.



Ұятпен надандық өлшенеді,

Ұятпен адалдық өлшенеді,

Ұятпен арамдық өлшенеді.

«Ажалдан әркім - ақ бір өлер,

Ұяттан бір емес, күнде өлер.

Ұят ол – өлімнен күшті» деп,

Ұятқа ежелден түнеді ел.

44

45

С.СЫҒАЙ,



«Сарыжаз орта мектеп мектепке 

дейінгі шағын орталығымен және 

Ақбейіт бастауыш мектебімен» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Алматы облысы,

Райымбек ауданы

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН. 

АҚСАҚ КИІК

Мақсаты: 

білімділік-оқушыларды 

С.Сейфуллиннің                                

өмірі,  шығармашылығымен  таныстыру.  «Ақсақ  киік»    өлеңінің 

идеясымен таныстыру, құрылысына  талдау жасау; дамытушылық-   

оқушының ой-өрісін дамыту. Ізденушілікке дағдыландыру. Пәнге 

деген  қызығушылығын  арттыру;  тәрбиелік-табиғатты  қорғауға 

тәрбиелеу.  Ұлтжанды    болуға,  Отанын,  елін  сүюге  тәрбиелеу. 

Көрнекілігі:  С.Сейфуллиннің  портреті.  Тірек-сызба,  Қазақстан 

картасы, жануарлар суреті. Пәнаралық байланыс: тіл, география, 

биология.  Түрі:  жаңа  білімді  меңгерту.  Әдіс-тәсілдері:  баяндау, 

түсіндіру. Сатылай кешенді талдау, топтастыру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру:

А) Сәлемдесу; Ә) Реттілікке көңіл бөлу; Б) Түгелдеу; В) Сабаққа 

әзірліктерін тексеру.

II. Білімдерін тексеру.

1. «Ой шақыру» стратегиясы.

ІII. Жаңа білімді меңгерту.

                          Бәйтерек ағашы туралы не білеміз?

 Бәйтерек киелі ағаш  саналады. Көкпен таласа  ұзақ жылдар 

өсетін  болғандықтан, халқымыз батырларының еңбегін бағалап, 

«Бес  арыс»,  «Үш  бәйтерек»  деп  таныған.  «Абайдың  інілері, 

қазақтың  ірілері»  деп  ақын  жырлағандай,  бүгінгі  сабағымызда 

С.Сейфуллиннің 

өмірі, 


шығармашылығымен 

танысамыз. 

Экраннан  Қазақстан  картасы  көрсетіліп,  С.Сейфуллиннің  туған 

жері таныстырылады.

Жігіт пен қарияның айтысы:

Қазақ қарт. Ол ұят!

Автор: - деді сол қазақ қарт, -

Қазақ қарт: - Өлсең де ожданнан безінбе!..

Автор: Жас жігіт күлді оны мазақтап:

Жігіт: - Ұятың нан болса, езіп же.

Қазақ қарт: - Жеп келем, жеп келем туғалы

Адам боп жүргенім сондықтан, -

Автор: Деп қария тепсініп тулады.

Әттең тек жігіт жоқ оны ұққан.

Жігіт: - Мен емес ұят деп өлетін,

Автор:- деп жігіт айтысты тұжырды.

Қазақ қарт:- Сен де бір өліксің ендеше,

Тірі боп жүрсең де санақта.

Адам ол өледі мен десе

Ұяттан айрылған сағатта.

1. Бұл өлеңнің мазмұны не туралы?

2. Жігіттің өзінен үлкен адаммен айтысуы дұрыс па?

3. Адамның қандай адамгершілік қасиеттерін білесіздер?

4. Сіздер үлкен адаммен айтысар ма едіңіздер? 

5. Жігіт дөрекі сөздер қолданған ба?

1991 жылы мамыр айында Құрайлысайда Ж.Молдағалиевке 

ескерткіш  орнатылды.  Оның  ашылу  салтанатына  Қ.Мырза 

Әлі,      А.Бақтыгереева,  ақынның  жұбайы  Софья  апай  мен 

ұлдары Қуандық пен Азамат қатысты.

Тебіреніп тобылғы мен тораңғы

Туған жердің шуағына орандың.

Азамат боп кетіп едің бір кезде,

Ауылыңа  ескерткіш  боп  оралдың!  -  деп  Қадыр  Мырза 

Әлі  “Ақын  рухымен  сырласу”  өлеңінде  толғаса,  Ақұштап 

Бақтыгереева “Халқым, өмірге Жұбанша биіктен қараңдар, 

үлкендерді  Жұбанша  сыйлаңдар,  Жұбандай  әулие  ұрпақ 

өсіріңдер!”- деп салиқалы сөзін жиналғандарға арнаған.

Суырып салма ақын Сағынтай Бисенғалиев сол салтанатта

Болады бүгін қалай жырым мұңды

Бейнеңе қарап тұрып сыр ұғындым.

Өлеңнің өлкесінде қыран едің,

Тауыпсың туған жерде тұғырыңды - 

деп жүрекжарды арнауын арнады. Қорытындылау. 


46

47

        Сәкен    Сейфуллин  1894  ж.  қазіргі  Жезқазған  облысы, 



Жаңаарқа  ауданында  туған.  1905-1908ж.  Нілдідегі  орыс–

қазақ    мектебінде  1908-1910ж.  приход  мектебінде  1910-1913ж. 

Ақмоладағы  қалалық  училищесінде  1913-1916ж.  Омбыдағы 

мұғалімдер семинариясында оқыған.

  Тұңғыш  өлеңдер  жинағы  1914жылы  «Өткен  күндер»деген 

атпен  Қазанда  басылып  шығады.  Өмірлік  шындықты  ашатын 

«Кел,  жігіттер»,  «Тұлпарым»,  «Сағындым»,  «Қамаудан», 

«Адасқандарға», «Шаһид  болған  достарыма», «Түрмеден қашып 

шыққанда» өлеңдері бар. Ақын драмалық шығарма жазуда да көп 

еңбек етеді. «Бақыт жолында» драмалық шығармасы  1917 жылы 

жазылып,  1920  жылы  Орынборда  басылып  шығады.  «Қызыл 

сұңқарлар» драмасы 1922 жылы Орынборда басылып шығады.

Поэмалары:  1924жылы  «Домбыра»,  1926жылы  «Экспресс», 

1929жылы  «Көкшетау»,  1933жылы  «Альбатрос»,  1934  жылы 

«Қызыл  ат».  Прозалық  шығармалары:  «Жезқазғандар»,  «Айша» 

повесі, «Тар жол, тайғақ кешу» романы.

Табиғатты  қорғау,  табиғаттың  әсемдігі  тақырыбындағы 

«Аққудың айырылуы» поэмасы, «Ақсақ киік» өлеңі бар.

2.    «Мағынаны  тану»  стратегиясы.  Өлеңді  мәнерлеп  оқып, 

мазмұнымен таныстыру.

Жоспар: 1. Бетпақ дала табиғаты. 2. Сұлу бөкен. 3. Төнген қауіп.

4. Жаралы киік. 5. Мейірімсіз мерген.

«Ақсақ  киік»  өлеңінде  шөл  даланың  сұлу  жануары-киік 

жөнінде  айтылады.  Киік  Сарыарқада  мекендейді.  Сарыарқа-

Орталық  Қазақстанды  алып  жатқан  аймақ.  Батыс  пен  шығысқа 

дейін 1200км өңірді алып жатыр.

Экраннан  Қазақстан  картасы  көрсетіліп,  Сарыарқадағы 

Бетпақдала таныстырылады.

   Бетпақдала-Сарыарқада орналасқан. Батысы-сазды, шығысы- 

құмды, тасты, шөлді жер. Киік осындай шөлді мекендейді. XХғ. 

басында киік саны күрт азайып, бұл киелі жануар  «Қызыл кітапқа» 

алынған екен.С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңі де осы  жайлы. 

Қысы-жазы  ел  болмайтын  Сарыарқаның  Бетпақ    даласында 

киіктер  мекендейді  екен.Шөлді  мекен  еткен  екі  көзі  мөлдіреген 

жануарды атып, мүйізін саудалап та жатады екен. Бетпақ далада 

жалғыз киік келе жатады. Шыбын жанына пана іздеп, аппақ денесі 

қызыл қанға боялып, анда-санда тоқтап есін жиып алып, қайтадан 

аяңдайды.Осындай сұлу жануарды қандай мерген көзі  қиып атты 

екен? Мұңын шағуға, жан-жарасын айтуға тілі жоқ, оның шыбын 

жанының  қиналғанын  мөлдіреген  екі  көзінен-ақ  білуге  болады. 

Сұлу денесі қанға боялған күйі әлсіреп жығылады. 

Экраннан киіктің әсем суреті көрсетіледі.

IV. «Ақсақ киік» өлеңін сатылай кешенді талдау.

1. Авторы – С.Сейфуллин 1894 ж. қазіргі Жезқазған облысы, 

Жаңаарқа  ауданында  туған  ақын,  сазгер,  драматург,  қоғам 

қайраткері.  2.  Тақырыбы-  «Ақсақ  киік».  3.  Жанры  –  поэзия.                        

4. Идеясы- табиғатты қорғау. Жан-жануарларды аялау. 5. Шумақ 

саны – 17. 6. Тармақ саны – 68. 7. Буын  саны-11. 8. Бунақ саны-3.

Арқаның  /Бетпақ  деген/ даласы бар.              а

Бетпақ –шөл/ойлы-қырлы/ панасы бар.           а

Сол  шөлде  /ел  жоқ, күн  жоқ /өсіп-өнген,     б

Жәндіктің /киік  деген / баласы бар.                 а

9. Ұйқас  түрі – қара  өлең  ұйқасы.                  а а б а

10. Әдеби-теориялық  ұғымдар:

Метафора – ақ  бөкен –сахараның  бота  көзі.

Эпитет-әдемі  танау, байғұс  бөкен, ақсақ  киік, қара  жер, ақ  

дене, қызыл қан, қураған  шөл, қоңылтақ   жел, мөлдіреген  көз.

11.  Өлеңнің  түйіні –«Аяныш  сезімі  жоқ  бір  қазақ-ау!

      Дәл  көздеп  жүрегінен  атқан  мерген.»

4. «Түртіп алу» стратегиясы.

Оқушылар таныс емес сөздерді белгілеп отырады.

Экранға сөздік жазылады.

 Сөздік: 

 Таңы -  жануардың  әсем,  сұлу  мүсіні;

 Қу  баялыш – шөп атауы;

 Сегіз  көштік – ұзындық  өлшемі;

 Қос – шатыр, күрке;

 Бетеге – шөп атауы.

5. «Ой-толғаныс» стратегиясы. Венн диаграммасы.

С.Сейфуллиннің  «Ақсақ  киік»  өлеңі    мен    І.Жансүгіровтің 

«Күй» поэмасын салыстырып, ортақ қасиетін табу.

V. Қорытындылау. Инсерт картасын толтыру.

VI.  Білімдерін бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру.                                                                    



48

49

Қ.ЖҰМАҒАЛИЕВА,



№7 Е.Халықов атындағы ЖОББМ.

Атырау облысы,

Құлсары қаласы

Б.МАЙЛИННІҢ «ТҮЙЕБАЙ» 

ӘҢГІМЕСІНДЕГІ 

КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ МІНЕЗДЕМЕ

Мақсаты:  білімділік-әңгіме  мазмұнын  пайдаланып, 

кейіпкерлерге  мінездеме  беруге  дағдыландыру,  ойын 

жүйелі,  әдеби  тілмен  жеткізуге  машықтандыру; 

тәрбиелік-мейірімділікке,  жаман  әдеттерден  аулақ 

болуға тәрбиелеу; дамытушылық-ой-өрістерін, қиялын, 

тіл  байлықтарын,  сөздік  қорларын,  байланыстырып 

сөйлеу  шеберліктерін,  шығармашылық  қабілеттерін 

дамыту. Көрнекілігі: слайд, шағын көрініс,үлестірмелі 

қағаздар,түрлі-түсті қаламдар.    Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, 

сұрақ-жауап, драмалау,топтастыру. Түрі: аралас сабақ. 

Пәнаралық  байланыс:  тарих,  қазақ  тілі.  Алдын-ала 

жүргізілетін  жұмыс:  топқа  бөлу,  белгілі  тақырып 

бойынша  өлең,ой-толғау  дайындау.  Сабақ  барысы: 

I.Ұйымдастыру:  сабаққа  көңілдерін  аудару:  Эпиграф 

оқу. Сабақты Ы.Алтынсаринның өлеңімен ашу: 

                   «Бір Аллаға сыйынып, 

                    Кел, балалар, оқылық! 

 

            Оқығанды көңілге, 



                   Ықыласпен тоқылық!»

II.Үйге берілген тапсырманы тексеру: 

1. Б.Майлин өмірінен;

2. «Түйебай» әңгімесі бойынша түсінік.

III. Жаңа сабақ: Кейіпкерлерге мінездеме.

1. Кіріспе: Ой шақыру: Көрініс – «Молданың сабағы»

2.Негізгі  берілетін  ұғым:  Мәтін  мазмұнын  

басшылыққа  ала  отырып,  басты  кейіпкерлерге 

мінездеме беру(топтарға тапсырмалар тарату).

1-тапсырма. Балаға неге « Түйебай» деп ат берілген, 

өз  ойың?  Мәтінді  пайдаланып,  Түйебайға  толық 

мінездеме  бер.  Әңгімедегі  оқиға  мен  қазіргі  оқуды 

салыстырып, өз ойыңды ортаға салып көр.

                             Түйебайға  хат.

2-тапсырма. Ауыл неге «Қоржын томар» аталған?

Мәтін мазмұнына сүйеніп, молдаға мінездеме бер.

Молданың қылықтарын өз ұстаздарыңның әрекетімен 

салыстырып, әңгімеле. Өлең  «Дүмше молда».

3-тапсырма. Ауыл балаларының жұмыртқа іздеуінің 

себебі неде?  Әңгімеші балаға мәтін мазмұнына сүйене 

отырып, мінездеме бер.

Түйебай  өлімші  болып  таяқ  жегенде  әңгімеші 

баланың  таяқтан  аман  қалуының  себебін  мәтіннен 

мысал келтіре отырып әңгімеле.

Ой толғау «Кім кінәлі?»  Есті шынықтыру жаттығуы: 

«Бейімбет» сөзжұмбағы.

1.Түйебай нені іздеймін деп сабақтан кешікті?                             

2. Түйебайдың әкесі кімнің малайы болды?                                  

3.Молданың Түйебайға айтатын екі сөзінің бірі?                             

4.Әңгімеші баладан ағасы неше жас үлкен?

5.Молданың қаламнан кейін қолданатын құралы?

6. Көшкен үйдің саны.

7. Түйебайдың  шешесі кімнің малын сауды?

8. Алғаш сөзінің синонимі?

Қорытынды. « Сабақтан алған әсерім».

Бағалау.  Үйге  тапсырма:1.Түйебайдың  тағдыры, 

Түйебайға  хат;  2.  «Тәуелсіздік  жемісі»  тақырыбына 

шағын шығарма.                  

                                                                                                                                                                     


50

51

Р.ЕСЕТОВА,



«№23 жалпы білім беру орта мектебі» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ақтау қаласы



СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ. 

ҚАМАР СҰЛУ

Мақсаты:  жазушының өзі өмір сүрген кездегі қазақ 

әйелінің  теңсіздігін  шығармасына  арқау  ете  отырып, 

сол  дәуірдегі  қоғамдық  шындық  оқушының  ұғымына 

жеткізіледі;  өмірде  жақсы  мен  жаманды  ажырата 

білуге,  әділетсіздікті  болдырмау  үшін  жол  тауып, 

онымен күресуге, айналасындағыларға бақыт сыйлауға 

тәрбиеленеді;  дұрыс  шешім  қабылдап,  ойларын 

нақты,  дәлелді,  дұрыс  жеткізе  білуге  бағытталады. 

Түрі: сот сабағы. Әдісі: СТО,  пікірталас. Көрнекілігі: 

С.Торайғыровтың  суреті,  «Қамар  сұлу»  романы, 

Д.Әбілев «Сұлтанмахмұт» романы, Б.Кенжебаев  «Асқақ 

арман». Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, тарих, 

құқық.


Сабақтың  жүрісі:  I.  Ұйымдастыру.  Оқушылармен 

амандасу,  оларды  түгелдеу.  Шығарманың  мазмұнын 

қысқаша әңгімелету.

II. Әдебиет теориясы.

        -Иә,  үйге  берілген  тапсырма-С.Торайғыровтың 

«Қамар  сұлу»  романы.  Роман  дегеніміз  –  эпостық 

жанрдың  жоғарғы  түрі.  Роман  өмір  құбылыстарын, 

адамдар  арасындағы  қарым-қатынастарды  кең 

қамтып,  терең  суреттейтін  қиыннан  қиысқан  оқиғалы 

шығармалар.  Оның  биік  сатысы  эпопея  деп  аталады. 

(М.Әуезов «Абай жолы» )

Әр  шығарманың  тақырыбы  мен  идеясы  болады. 

«Қамар сұлу» романының тақырыбы мен идеясы не?

Тақырыбы  –  қазақ  әйелінің  теңсіздігі,  сол  кездегі 

Сұлтанмахмұт  өмір  сүрген  уақыттағы  қоғамдық 

шындық  (қалың  малға  сатып,  шалдардың  жас  қыз 

алуы,  әлділердің  әлсіздерге  зорлығы,  дінмен  бастары 

айналған қазақ халқының ауыр тұрмысы )

Идеясы – жастардың білім алып, өз құқын қорғауы,  

теңіне  қосылып,  азат  өмірді  аңсауы,  халқын  алға 

сүйреп, бақытты ету.

III. Ой қозғау.

  -   Романда жастар бір-бірінен бақыт таба алды ма?

  - Жоқ. Жастар қосыла алмады. Қамар қалың малға 

сатылып, Жорға Нұрымның қолында қаза тапты.

   - Неге деп ойлайсыздар?

   - Нұрымды сүймеді. Нұрым теңі емес, жасы елуде. 

Қамар – он бесте. Қамар Ахметті сүйеді.

        -  Ендеше,  Қамардың  өліміне  кім  кінәлі?  Соны 

білейік. Сол мақсатқа жету үшін Сот сабағын жүргізейік.

IV. Көрініс.

Рөлдерде:  Сот  төрағасы,  Хатшы,  Айыптаушы, 

Куәгерлер, Ақтаушы.

Хатшы  орнынан  тұрып,  сот  төрағасының  келетінін 

хабарлап, орындарынан тұрғызады.

Сот төрағасы: - Қарастырылатын мәселе – біреу. Он 

бес жастағы Қамардың өліміне кім кінәлі? Ендеше, осы 

мәселені шешу үшін айыптаушылар мен қорғаушыларға 

сөз беремін.

Айыптаушы:-Құрметті,  сот  төрағасы.  Арамыздан 

өмірден өз бақытына жете алмаған екі жас кетіп отыр: 

біреуі – 15 жастағы Қамар сұлу, екіншісі – 21 жастағы 

Ахмет.  Қамардың  әкесі    Омардан  шағым  түсті.  Ол 

қызының  өліміне  себепкер  болған  Жорға  Нұрым, 

Оспан  би,  Қалтан  қажыны  айыптайды.  Елу  жастағы  

Жорға Нұрымның байлығына қызыққан олар Қамарды 

әкесі жоқта қалың малға сатқанын, қызының да, өзінің 

де, ағасының да  оған қарсы болғанын, бірақ үстем тап 

өкілдері  жеме-жемге  келгенде,  жастардың    обалына 

қалғанына дәлелдер келтіреді. 

Жорға  Нұрым:  -  Атым  –  Нұрым,  Қамардың  құдай 

қосқан қосағымын. Жасым – елулерде. Қамарды әуелден 

ұнатушы ем. Ай десе аузы, күн десе көзі бар  сұлуды 


52

53

кім алғысы келмейді. Құдайға шүкір, мал десе малым 



бар, байлық десе байлығым бар, болыстығым өз алдына 

дегендей... Бәйбішем барда Қамарды тоқалдыққа алуға 

балаларымнан, бәйбішемнен қорықтым. Енді іздегенге 

сұраған  дегендей,  бәйбішем  қайтыс  болған  соң, 

арманыма  қол  жеткізгім  келді.  Барлық  нәрсені  малға 

сатып алуға болады деп ойлаушы ем... Қамар көнбеді. 

Зорлық  көрсетіп,  жігіттеріммен  бірге  бір  түнде  алып 

қашып  кеттім.  Маған  келген  соң  ауырды.  Қаратпаған 

бақсы-балгерім қалмады. Ол жарықтықтар қолдарынан 

келгендерінің  бәрін істеді. Әкесі қаладан дәрігер әкелді. 

Кәпір келмегенде...

Оспан: - Иә, Жорға Нұрымды жасына қарамай күйеу 

қылғаным рас. Бұл – құдайдың көктен айдап түсірген 

жақсылығы.  Шылқымайға  кірдім,  төбем  –  жайлау, 

төсім – қыстау болып есім шықты. «Қыдырдың» бетін 

қайтармай  уәде  беріп  жіберейін  десем,  інім  Омардың 

мінезінен  қорықтым  да,  Нұрымға  әкесі  келген  соң 

хабарын  беремін  дедім.  Бірақ  Нұрым  қоймаған  соң, 

қырық жылқы, он түйе, бес жүз сом ақшаға Қамарды 

саудалап, қалың малын алып қойдым.

Сот төрағасы: - Қамардың өліміне кім кінәлі? Жорға 

Нұрым ба? Әлде Оспан би мен Қалтан қажы ма?  Әлде 

Заман ба?

V.  Оқушылардың  пікірі  тыңдалады.  Қамарға  хат 

жазылады.

VI.Қорытынды  сөз:  -  Сендер  Жорға  Нұрымды 

кінәладыңдар.  Ол  да  дұрыс.  Меніңше,  мұның  бәріне 

заман кінәлі. Автор сол замандағы шындықты көрсете 

келе, жаны күйзеліп отырып, заманына лағнет айтады.  

С.Торайғыров, бар болғаны, жиырма жеті-ақ жас өмір 

сүрді. Ол туған халқын, елін сүйді. Сол үшін «Қараңғы 

қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» армандады.

Сендер де әділ, шыншыл, елжанды болып, туған елдің 

дамуына үлес қосыңдар.

VII.  Үйге  тапсырма:  «Арманда  кеткен  арулар» 

тақырыбына ойтолғау жазып келу.

VIII. Оқушыларды бағалау.

Б.ҚАЙБАЛДИЕВА,

«№29 орта мектеп. 

Ақтөбе қаласы



Т.АХТАНОВ. ШЫРАҒЫҢ 

СӨНБЕСІН

  Мақсаты:  білімділік–оқушыларға  шығарма  мазмұнын 

толықтай  меңгерту,  кейіпкерлер  бейнесін  ашу,  кейіпкерлердің 

ішкі  сарайына,  сезім  сырларына  терең  бойлай  отырып, 

жазушының  ойын  ұғындыру,  тақырыбы  мен  идеясын  ашу;                                                                                                              

дамытушылық–әр  оқушының  ой-қиялына  ерік  бере  отырып,  

өзіндік ой түюге, пікірін айтуға төселдіру, актерлік шеберліктерін 

дамыту;  тәрбиелік  –  оқушыларды  Отансүйгіштік  сезімге, 

адамгершілік қасиетті жоғары ұстауға, адал достыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білімді меңгерту.    Әдісі: СТО, топпен жұмыс, талдау.                                                                                                       

Көрнекілігі:  жазушы  портреті,  Т.Ахтанов  «Шырағың  сөнбесін» 

романы, бейнетаспа. Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен  сәлемдесу, сабаққа зейіндерін аудару. 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Т.Ахтановтың өмірі, шығармашылығы.  

ІІІ.  Жаңа  сабақ.  Оқушыларды  эпиграф    арқылы    жаңа  сабақ 

тақырыбымен таныстыру.

«Тахауи  Ахтанов  кім?»  –  десе,  мен:  «Үлкен  үшеу:  «Қаһарлы 

күндер»,  «Боран»,  «Шырағың  сөнбесін»,  –  дер  едім».                                                                                                                                           

                                                                                Зейнолла Қабдолов. 

Сабақ жоспары:

1.  Шығарма  мазмұнын ашу 

2.  Сахналық қойылым.

3.  Кейіпкерлерге мінездеме

4.  Кейіпкер әрекеттеріне көзқарас

1.  Мазмұнды ашу. (Үш топ оқушылары алдын ала берілген 

роман мазмұнын төмендегі тақырыптар бойынша нақты әрі толық 

ашулары қажет).

І. Назираның отау құруы.

ІІ. Назираның деревняда жан сақтауы.


54

55

ІІІ. Соғыспен арпалысқан өмір.



2. Мазмұнын сахналық қойылым арқылы қорытындылау.

3. Кейіпкерлерге мінездеме беру.(топпен жұмыс)

ІV. Сабақты бекіту.

4. Ой қозғау. Менің кейіпкерлерге көзқарасым. (оқушылармен 

жеке жұмыс) 

І. Назираның Қасымбек қазасынан

 кейін Абанға қосылуы дұрыс па?

       Дұрыс

       Бұрыс 

 

ІІ.Николайдың Светаны



кешірмеуіне көзқарасың

       Оң

       Теріс

 

ІІІ. Ел басына күн туған 



заманда бас сауғалап

Отанын сатқандарға көзқарасың 

      Теріс

V.  Мұғалімнің қорытынды сөзі.

«Шырағың сөнбесін» романында соғыстың неліктен болмауы 

керектігін, адамзаттың неліктен соғысу үшін жаралмайтынын баян 

етті.  Бастан-аяқ  бірінші  жақтан,  тек  кейіпкер  көзімен  жазылған, 

кейіпкер  болғанда  да  әйел  кейіпкердің  көзімен  жазылған,  оның 

үстіне  қан  майданда  жүрген  әйелдің,  оның  үстіне  аяғы  ауыр 

әйелдің көзімен жазылған роман.    Біріншіден, бұл романды талдап 

шығу үшін бір күн әрине, аздық етеді. Екіншіден, соғыс суреттерін 

әйелдердің көзімен суреттейтін, сол қанды қырғындағы әйелдердің 

психологиясын мұншалықты терең бейнелеп беретін мұндай тағы 

бір  роман,  қазақ  прозасында  жоқ.  «Шырағың  сөнбесін»  романы 

—  қазақ  әдебиетінің  әскери  жанрдағы  санаулы  жәдігерлерінің 

бірі.  Сонау  сұрапыл  соғыс  зобалаңын  елестету  арқылы  бүгінгі 

бейбіт өмір бесігінде тербеліп өсіп келе жатқан жас ұрпаққа сабақ 

боларлық шығарма.

Үйге тапсырма беру. Бағалау.


Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ

жүктеу 0.97 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет