«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық


Н.ЕСБОСЫН, №10 дарынды балаларға арналған



жүктеу 0.97 Mb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата29.04.2017
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Н.ЕСБОСЫН,

№10 дарынды балаларға арналған 

Қызылорда облыстық қазақ-түрік 

лицей-интернаты.

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ПЕДАГОГ 

РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫМА 

РЕФЛЕКСИЯНЫҢ ЫҚПАЛЫ

  

Ұстаз.  Осы  бір  сөздің  астарында  мәртебе,  құрмет,  ізгілік 



ұғымдары жатқан секілді көрінеді маған. Кім-кімде қадір тұтқан 

адамын,  жақсылықты  бойына  дарытқан  жанды  «Ұстазым»  деп 

әспеттейді.  Сол  деңгейден  көріну  әрбір  бала  тәрбиелеп  жүрген 

мұғалімнің арманы болса керек. Бүгінгідей жаҺандану заманында 

өзгерістер көшіне ілесіп, заман талабына сай болу және ғаламдық 

өркениеттен қалып қоймайтындай шәкірт оқытып, тәрбиелеу үшін 

мұғалімнің өзі көш алдында жүруі керек. Ал ол үшін не істеу керек? 

Әрине,  іздену  керек,  білімін  жетілдіру  керек.  Осы  тұста  атақты 

педагог  К.Д.Ушинскийдің:  «Мұғалім  -  өзінің  білімін  үздіксіз 

көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  ал  оқуды,  ізденуді  тоқтатқанда, 

оның мұғалімдігі де жойылады,» - деген сөзі ойға оралады.

Іздену  мен  білім  жетілдірудің  де  түрлі  жолдары  бар.  Соның 

бірі  –  деңгейлік  оқыту  бағдарламасы  бойынша  білім  жетілдіру. 

Осы  бағдарлама  бойынша  білім  алу  мүмкіндігі  үстіміздегі  оқу 

жылы маған да туды.  30 жылға жуық еңбек өтілі бар,  тәжірибесі 

әбден  қалыптасқан,  өзіндік  сенімді  әдіс-тәсілдері  бар  және  оны 

әріптестеріне  насихаттап  жүрген  маман  ретінде  алғашында 

әлдеқалай  болады  екен  деп  алаңдаушылығымның  болғаны 

жасырын емес. Жаздың жайма шуақ күндерінің бірінде Қызылорда 

қаласындағы  педагогикалық  шеберлік  орталығында  алғашқы 

дәрісімізді  бастап  та  кеттік.  Бұрынғыдай  ұзын  сонар  лекциялар 

мен кітап оқулар басталатын шығар деп күткенмін. Жоқ, «Бұл ән 

бұрынғы әннен өзгерек...» дегендей, мүлде басқа әдіс. Талдырмаш 

қана жас қыз, жас болса да сөзі нық, өзіне сенімді тренер Жібек 

Сатыбалдықызы  басынан-ақ  бәрімізді  баурап  алды.  Үйрететін 


28

29

нәрсесін бізден сұрайды, біз жауап іздеп әуреміз. Сөйтсек, өзімізге 



жасату арқылы баланы қалай оқытудың жолдарын үйреніп жатыр 

екенбіз. Бұған дейін талай оқысам да, Адольф Дистервегтің: «Нашар 

ұстаз  шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп 

табуға үйретеді,» - деген сөздерінің мәнін енді жете түсінгендей 

болдым. 

Сонымен,  жаңа  форматтағы  педагог  ретінде  қалыптасу 

үшін,  алдымен,  «Мұғалімдер  оқушыларды  ХХІ  ғасырға  қалай 

дайындайды?» деген сұраққа әлем елдерінің білім беру үдерісіндегі 

ерекшеліктерді сарапқа сала отырып, еліміздегі білім беру жүйесін 

реформалау  керектігіне  көз  жеткіздік.  Өзгерудің  қажеттігін 

сезіндік. Өзгеруді өзімізден бастауды білдік. Деңгейлі бағдарлама 

оқу  тәжірибесін  өзгерту  үшін  не  істеу  қажет,  сонымен  қатар, 

осы өзгерістерді қалай енгізу керектігі туралы негізгі идеяларды  

үйретті. Соның ішінде рефлексия туралы, оның мән-маңызы мен 

сабақтарыма қалай қолданып жүрмін және білім сапасын көтеруге 

ықпалы қандай деген мәселе төңірегінде ой қозғамақпын. 

Жалпы,  рефлексия  –  адамның  өз  істерінің  мәнін  түсіну,  олар 

туралы  ойлану  барысында  өзіне  өзінің  нені,  қалай  жасағаны 

туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында 

басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа 

шығаруы.  Иә,  бұл  қасиет  бойымызда  бұрыннан  да  бар.  Күнде 

кешкілік бүгінгі ісімізді, айтқан сөздерімізді ойша шолып,  есеп 

беріп,  ертеңімізге  жоспар  құрып  аламыз.  Ұлы  Абай  да  15-қара 

сөзінде:  «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне 

бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса,  айында бір өзіңнен 

өзің есеп ал!» – дейді. Демек, «рефлексия» деп ат қойып, айдар 

тақпағанымыз  болмаса,  бұл  әрекет  қанымызда  бар.  Бірақ  соны 

қағазға түсіру немесе жүйелі күнделікті сабағымызда түрлендіріп 

қолдану болмағаны ақиқат. Деңгейлік курстан өте жүріп, алдымен, 

өзіміз  әр  сабақтан  соң  рефлексиялық  күнделік  жазуды  үйрене 

бастадық. Оның әр түрлі пішіні болғанымен, ең басты қағидасы, 

осы  сабақтан  соң,  өзіме  не  алғанымды  немесе  қандай  қателік, 

кемшілік жібергенімді оны келесі сабақта қалай басқаша жасауға 

болатынын жазып қою керектігіне, оның тиімділігіне көз жеткіздім. 

Мысалы,  алғашқы  рефлексиялық  күнделігімдегі  бір  күннің 

соңына  мынадай  жазбалар  түсіріппін:    «Мен  бүгін  қандай 

қорытынды ой түйдім: Дайын білімді оқып не түсіндіргеннен гөрі 

оқушы  өзі  қорытынды  жасауға  әрекеттенсе,  тиімді  болады  екен. 

Ол ойындар, постер дайындау түрінде болса тіпті тиімді.Оқушыға 

кері байланыс есебінде түрлі әдіспен рефлексия жасату керек екен. 

Бүгінгі күннен өз тәжірибеме не алам: Жоғарыда жазылған сергіту 

сәттері және бір сөз арқылы ән айту сергітуі, ойындар, постермен 

жұмыстар,  топқа  бөлу  әдістері,  Моцартэффект  (музыка  арқылы 

ойлану),  сабақты  қорытындылауда  жапсырма  қағазға  жазып,  не 

үйренгенімді  чемоданға,  бүгінгі  сабақта  не  артық,  керек  еместі 

қоқыс  жәшігіне,  жетілдіру  керек  нәрселерді  еттартқышқа  салу 

әдісін аламын, сабағыма қолданамын.»

Қазір сол күнделікте жазылған жазбаларым арқылы сабағыма 

тиімді,  ыңғайлы  әдістерді  тез  тауып  қолдана  қоямын,  яғни, 

шығармашылық жұмысыма әдістемелік көмек болып тұр.  «Білім 

ағашы»,  «мақсат  ағашы»  арқылы,  түрлі  көңіл-күйді  білдіретін 

смайликтер  арқылы,  «соңғы  сөзді  мен  айтам»  әдісі  арқылы, 

рефлексиялық  күнделік  арқылы,  кейіпкермен  сырласу  арқылы, 

т.с.с. сан алуан әдіс-тәсілдермен  оқушыларға рефлексия жасатып, 

кері байланыс алып жүрмін және мұның сабағымды жетілдіруге, 

түрлендіруге үлкен ықпалы тиюде.

Қазіргі  білімдік  мақсаттарға  сай  білім  алушыны  рефлексия 

жасауға  дағдыландыру  мұғалімнің  басты  міндеттерінің  бірі 

болғандықтан,  бұл    сабағымның  негізгі  компоненті  бірі  болып 

келеді.  Сабақ барысында өзім де, оқушылар да рефлексия жасауды 

үйреніп келеміз. Осы рефлексия арқылы оқушының да қажеттілігін 

білеміз, оларды да жинақылыққа баулимыз. Оқушының да бірден-

бір өзіндік пікірін білудің жолы - рефлексия. Өткен сабақта алған 

білімдеріне  рефлексия  жасай  отырып,  оқушылардың  сабаққа  

деген  қызығушылықтары  артып,  бір-бірімен  пікір  таластыра 

отырып,  ашық  сөйлесу,  сұрақ  қою  дағдылары,    ортада    еркін  

сөйлеу    дағдылары    қалыптаса    бастады.    Сабақ    кезеңінде  

бұйығып отыратын кейбір оқушылар сенімді  болып, өз ойларын 

аз  да  болса  жүйелеп  еркін  айта  бастады.  Оқушылардың  өзін-өзі 

реттеуі, ізденісі көбейді. Әрине, баланың өзі жасаған әрекеттеріне 

байланысты  басынан  өткен  сезімдерін  қайта  оралта  алуы,  ол 

жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды 

талап етеді. Бастапқыда оқушылар үшін бұл қиындық туғызғаны 

да жасырын емес. 



30

31

10-сыныптың  «Қазақ  әдебиеті»  пәніне  арналған  «Жұмыс 



дәптерінде»  әр  тақырыпқа  берілген  тапсырмалардан  соң, 

рефлексияға  орын  қалдырған.  Міне,  осы  тұста  оқушылар 

қиналыстарын білдіріп жататын. Бұл заңды да еді. Біз, өзіміз де, 

көбінесе,    талдауды  жүзеге  асырғанбыз  да,  жинақтауға  аса  мән 

бермегенбіз. Ол бар салада осылай болып келді. Бала екеш бала 

да ойыншықты шашып тастау, яғни, бұзып тастауды оңай жүзеге 

асырады да, керісінше құрастыруға қиналады. Сондықтан өсе келе 

де бүтінді бөлшектейді де, ал бөлшекті басқаша етіп құрастыруды 

да  игере  алмайды.  Бұл  саясаттан  да  болған  шығар  деп  те 

ойлаймын,  кейде. Анализ дегенді жақсы түсіндік те, синтездеуді 

білмедік  қой.  «Тауына  қарай  аңы,  заманына  қарай  заңы»  деген 

осы шығар. Әріптестеріміздің сабағына қатыссақ та, талдағымыз 

келіп  тұрады.  Тырнақ  астынан  кір  іздеп,  мүлт  кеткен  тұсын 

аңдып отырғандай көрінеміз. Осы сабақтан өзім не үйрендім, мен 

өткізсем қалай басқаша құрастырар едім, ең бастысы, оқушылар 

әрекеті,  білім  сапасына  әсері  қалай  болды,  оқушы  үніне  құлақ 

түрелік, оқушы деңгейімен баға берейік дегенді енді қолға алып 

келеміз.  Байқайсыз  ба,  менің  жаңа  форматтағы  мұғалім  болып 

қалыптасуыма  рефлексияның  қаншалықты  әсер  етіп  жатқанын?! 

Мұнан менен гөрі оқушының, болашақ иесінің  ұтары мол болып 

отыр. Себебі, олар келешекте әрбір ісіне есеп бере алатын, ненің 

дұрыс,  ненің  бұрыс  екенін  ой  елегінен  өткізетін,  өз  әрекетіне 

жауап  бере  алатын  адам  болып  қалыптасады,  яғни,  психикалық 

қызметінің өзгеруіне рефлексия арқылы ықпал етудеміз.

Ал, енді өз басым,  мұғалім ретінде, оқушыларға уақыт бере 

отырып, олардың ойларын, пікірлерін шыдамдылықпен тыңдауға 

дағдыландым.  Әдебиет  сабақтарында  оқу  материалының 

ауқымды  болуына  байланысты  әңгімелесу  көбіне  мұғалім  мен 

жақсы  оқитын  оқушы  арасында  жүретін.  Сабақ  барысында  тек 

сыныптың  көшбасшысы  ретінде  жақсы  оқитын  оқушылар  ғана 

сөйлеп, гуманитарлық пәндерге қызығушылығы төмен оқушылар 

сөйлемей, ескерусіз қалатын. 

Сабақ  барысында  оқушылар  алған  білімдерін  өз  беттерімен  

қорытындылап,    өмірде  пайдалануға  бағыт  алды  деп  ойлаймын. 

Ал өзім осы сабақтарды өткізу барысында іс-тәжірибем  туралы,  

өткізген  сабақтарым  туралы  сыни  ойлай  отырып,  рефлексия  

жасауға  үйрендім. 

Міне,  білім  беру  жүйесіне  жақсы  жағынан  өзгеріс  енгізудің  

тағы бір толқыны үдеріске қосылды. Оның бірі –мен. 

«Барлық  дамыған  елдердің  сапалы  бірегей  білім  беру  жүйесі 

бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда 

бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Орта білім жүйесінде жалпы  білім  

беретін  мектептерді  Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  

деңгейіне  жеткізу  керек.  Оларды  оқыту  нәтижесі  оқушылардың 

сындарлы  ойлау,  өзіндік  ізденіс  пен  ақпаратты  терең  талдау 

машығын игеру болуға тиіс», - дейді  Елбасы Н.Назарбаев 2014 

жылғы Жолдауында.

Иә,  «Жай  мұғалім  түсіндіреді,  жақсы  мұғалім  көрсетеді, 

керемет  мұғалім  жасатады,  ұлы  мұғалім  шабыттандырады,»  - 

демекші, оқушыларымызды шабыттана ой толғауға, сындарлы ой 

ойлауға,  әріптестерімізге  ой  қозғауға  өзіндік  ізденісіміз  арқылы 

ықпал етпекпіз.

   

   


 

32

33

Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс



Г.ТАСҚАЛИЕВА,

№3 ЖОББҚМ.

Батыс Қазақстан облысы,

Жаңақала ауданы,

Жаңақала ауылы



ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ. ҚЫЗЫЛ 

КІТАП

Мақсаты: «Қызыл  кітап»  поэмасын  оқыту  арқылы  

идеясын    түсінуі,    оқушының    шығарманы    көркем  

сезіммен  қабылдауы,  мәтінмен  жұмыс  жүргізуі,  сөйлеу  

дағдысын    қалыптастыруы,    тақырып    оқиғаларын  

салыстыруы. Көрнекі құралдар:  слайд, ақын портреті, 

қосымша мәліметтер, интерактивтік тақта. Түрі:  жаңа 

білімді меңгерту. Әдіс-тәсілдері:  сын тұрғысынан ойлау 

мен  дамыту  технологиясы,    «Алтын    балық»    әдісі,  

топтық  жұмыс,  талдау, пікірлесу. Күтілетін  нәтиже:  өз  

беттерімен  кез келген  тапсырмаларды  орындай  білуге  

машықтанады.    Бір-біріне    көмектеседі.    Оқушылар  

өздерін    еркін    ұстай    отырып,    ойларын    тиянақты  

жеткізеді,  тапқырлық  қасиеттерін  шыңдайды.

Сабақтың барысы: психологиялық дайындық. 

Амандасу- салтымыз, қошеметтеу - парқымыз!

Сәлем  - сөздің атасы

Әркімнің бар санасы

Ізетпенен   баршаға

Тілек  тілеп  қарашы!    Сәттілік,  бестік  баға,  жақсы 

күн тілеймін! (Тілекті балалар  жалғастырады.) 

Қызығушылығын  ояту.

«Алтын  балыққа  арналған  аквариум»  әдісі.

Оқушыларға  жасырын  суреттер  таратылады,  кімге  

балық  түссе  сол  алтын  балық  болады,   оқушы  алтын  

балықтың    маскасын    киіп    ортаға    шығады.    Басқа  

оқушылар    оған    сұрақтар    қояды.  Егер    жауап    бере  

алмаса  топ  мүшелері  көмектесуіне  болады. 

Топтық  жұмыс.

1-тапсырма. Осы поэманың идеясын ашып көрейікші, 

кімнің қандай пікірі бар? Ой бөлісейік! 

 - Бүгінгі тақырыбымыз: Қадыр Мырза Әлі. «Қызыл 

кітап» поэмасы. (2мин.)

Мағынаны    тану.  Оқулықпен,  мәтінмен  жұмыс. 

Поэмадағы  таныс  емес  сөздерді  теріп  жазыңыздар.(5 

мин). 


 2-тапсырма. Түсіндірме сөздікпен жұмыс:

 Ондатр - бағалы су жануары;

Лама- түйенің бір түрі;

Ілбісін- мысық тұқымдас жыртқыш аң;

Дронт - ұшпайтын құс (суретін көрсету);

Онагр- есек тәрізді сүт қоректі жануар;

Тарпаң- жабайы жылқы.

3-тапсырма.  І топ. Аң-құс атауларын топтастыру.

ІІ  топ.  Поэмадағы  кейіпкерлердің  іс-әрекетін  бес 

жолды өлеңмен көрсет.

Кейіпкерлер 

аңдар. 


1. Зат есім.

2. Сын есім.

3. Етістік.

4. Сөйлем.

5. Синоним.

ІІІ топ. Поэмадағы түйінді ойды тап.

            


34

35

            Одан көріп,



            Ақыры бұдан көріп,

            Таласқаннан не таппақ,құлан,керік?!

            Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен,

            Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі!,

                                  

                                ***

Өкініштің мылтығын оқтайды шөл.

Солқ - солқ етіп жылайды

Опат болған

Перзенттерін еске алып,

Жоқтайды жер.

Мұғалім сөзі: 

Отыра алмас ұл шыдап,

Қызың шыдап.

Жоғалғандар тізімі - ұзын шұбақ.

4-тапсырма.  Адамзатқа  хат.  (музыка  «Хайуанаттар 

әлемі»)

5-тапсырма.  3 топқа да ортақ тапсырма. Оқушылар 



алдарындағы тапсырманың мазмұнын ашады.   (Мұғалім 

Қызыл  кітап  туралы  мәлімет  береді,  мониторинг 

көрсетеді. Қызыл кітап анықтамасын шығару)

Әр    топ      лидерлері    өздерінің    топ    мүшелерін  

бағалайды.    Қорытынды    бағаны    айтады.    Бағалау  

өлшемдері  жазылған  парақшалар.

Рефлексия.  Оқушылар    «Қызыл    кітапқа»    деген  

тілектерін    жапырақтарға    жазып,    мәуе    ағашына  

жапсырады.

Плакат


Стикер

Сабақты бекіту: Толғаныс. Автор орындығы

Мұғалім.  Оқушылар,  ортадағы  мына  отырғыш 

автор  орындығы  деп  аталады.  Бұнда  «Қызыл    кітап»  

поэмасына  еніп,  оқырмандар  қойған  сұраққа  жауап 

беруіміз  керек.  Қане,  кім  «Қызыл    кітап»  болғысы 

келеді.

(Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады. )



Үй  тапсырмасы:  «Қызыл  кітап»  поэмасы  туралы 

қосымша мәлімет жинау.

ІІІ. Толғаныс. Қорытынды сөз.  

Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,

Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.

Жоқ! Өлмеймін!

Правом жоқ өлуге,

Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!



36

37

Б.ШАРИПОВА,



№3 ЖОББҚМ.

Батыс Қазақстан облысы,

Жаңақала ауданы,

Жаңақала ауылы



АБАЙДЫҢ ПОЭМАЛАРЫ

Мақсаты: 

А.Құнанбайұлының 

өмірі 


мен 

шығармашылығы  туралы  білімдерін  қорытындылау. 

Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы 

мен идеясын таныту. Кейіпкерлеріне мінездеме жасау. 

Поэманың  сюжеті  шығыстық  болғанымен,  мән-

мағынасы  Абайдағы  өзекті  ойдан  келіп  шыққанын 

меңгерту.Ұлы 

ақынға 


құрмет, 

шығармалары 

арқылы  балалар  бойына  адамгершілік  қасиеттерін 

тәрбиелеу.  Оқушыларды  жаман  мінез-құлықтардан, 

іс-әрекеттерден  сақтандыру.  Әр  оқушының  сын 

тұрғысынан ойлап, ой қорыта және қорғай білуіне қол 

жеткізу.

Көрнекіліктері:  «Абай  елі»  фото  кітабынан  шығыс 

ғұламаларының суреттері: Физули, Низами, Фирдоуси; 

бүктеме, слайд, кітаптар.

Сабақтың  өту  әдісі:  сын  тұрғысынан  ойлау,  қате 

жіберу,  қатені  тап,  микрофон,  талдау  жасау,  сұрақ-

жауап, ассоциация.

Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Сабақтың жоспары:

Психологиялық тренинг. 

I. Қызығушылығын ояту: сөзжұмбақпен жұмыс.



Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім? 

Талабын тас қияға өрлеткен кім? 

Құба жон, құбақан құм, құла қырда

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Абайдың суретін көрсету арқылы 



«Мына тұрған Абайдың суреті ме,

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл, қайрат,білімді тең ұстаған

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?»

-деп жыр алыбы Жамбыл айтқан екен деп сабақтың 

тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Абай 


шығарма-

шылығы


Өлеңдері 

мен күйлері

Қара сөздері

 Аудармалары Поэмалары

«Қатені  түзет»  әдісі  арқылы  оқушылар  ауызша 

жіберілген қателерді түзейді.

-Қандай әлеуметтік мәселелерді толғады?

-  Абай  өлеңдеріндегі  ғылым  мен  білім  туралы 

ойларына байланысты не айта аласыңдар?

«Жігіттер, ойын-арзан, күлкі-қымбат»-дегенде, нені 

меңзейді?

Татулықты,  жолдастың  қадірін  түсіну,  кез 

келген  адамның  қолынан  келе  бермейді,  достықта 

сатқындықтың да орын алатындығын айтады, адамды, 

адамзатты сүю деген ұғыммен парапар.

Аудармалары.  «Қатені  жіберме»  әдісі  арқылы 

оқушылар ауызша жіберілген қателерді түзейді.

-  Кімдерден  аударды?  Халықтың  өміріндегі 

жағымсыз  іс-әрекеттерді  әшкерелей  білді.  Қандай 

әндері  бар?  Неше  күйі  бар?  «Торжорға»,  «Май  түні», 

«Майда қоңыр»....


38

39

-  Қарасөздер  дегеніміз  қандай  туынды?  Қай  жылы 



жазды? Бірінші қара сөзін қандай мақсатта жазды? Абай 

қара сөздеріндегі негізгі мәселе не деп ойлайсыңдар?

Тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге бола ма?

«Толық адам» деген тіркесті қалай түсінеміз? Ел де, 

заман да түзу, кемел болады.

Қарасөздері  бойынша  «Галереяға  саяхат»  әдісімен 

жүректен  шығатын  қасиеттерді  Абай  болжаған  кемел 

адам белгілерін айқындайық. Жүрек сызбасына көрсету. 

Абай  насихаты-Ынтымақшыл,  арлы,  адал,  еңбекқор, 

иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.

- Жақсы, балалар, Абайдың неше поэмасы бар?

Поэмалары қалай аталады?

Біз, бүгін сол поэмалардың бірі «Ескендір» поэмасын 

талдаймыз.

-Жалпы, балалар, поэма дегеніміздің өзі не?

-«Поэма»-грек  сөзінен  шыққан,  «туынды»  деген 

мағынаны береді, өлеңмен жазылады.

Жаңа сабақ.

Сабақ эпиграфы

Ку өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер,

Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!

Ұятың мен арыңды малға сатып,

Ұятсыз  иман  жоқ  түпке  жетер,  -бұл  Абай 

Құнанбайұлының қай шығармасынан алынған үзінді?

«Ескендір»  поэмасының  сюжетін  алғаш  рет  неміс 

романтикалық  әдебиетінің  көрнекті  ғалымы  болған 

француз  Алберт  фон  Шамиссо(1781-1838)  сюжетті 

Талмудтан  алған,  Шамиссодан  В.А.Жуковский  1844 

жылы  аударады.  Мұнда  А.Македонскийдің  қырып-

жоюы  туралы  жырлайды.  Бұл  сюжет  Абайды  да 

қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар.

Поэмаға  Ескендірдің  аты-жөнін,  әкесін,  тұрған 

жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы, тәрбиешісі 

болған Аритотельді қосады.

«Ескендір»-Абайдың 

гуманистік 

көзқарасын 

тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы. Шығыс 

елдеріне  Ескендір  Зұлқарнайын  деген  атпен  тараған, 

Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі 

қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған.

Ақын  Ескендірдің  өмірбаяндық  деректерін  дәл 

келтіреді  де,  оның  дүние  жүзін  жаулап  алмақ  болған 

шапқыншылық  саясатын  сынауға  ауысады.  Сол 

себепті  кіргізеді.  Әңгімеде  жауыздыққа  жетелейтін 

тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты 

соған  қарсы  қояды.  Қақпа  мен  адамның  көз  сүйегін 

символ  ретінде  алады  да,  ол  жұмбақтарды  ақылға 

шештіреді.

«Бұл-адам көз сүйегі»,-деді ханға.

Тоя ма адам көзі мың-мың санға?

Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,

Өлсе тояр, көзге құм құйылғанда.

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.

Аристотельдің  даналық  сөзі  қанағатсыз  Ескендірге 

ой  салады,  ол  алған  бетінен  қайтады.Сөйтіп,  ақын 

Аристотельге  Ескендірді  бағындырып,  жауыздықты 

әділетке  жеңгізді.Оқиға  әділдік  пен  жауыздықтың 

бетпе-бет кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің мінез 

қүлқы,  іс-әрекеті  біртіндеп  ашылады.Поэманың  бас 

кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы болып, 

оның өн бойында көрініп отырады. Аристотель соңында 

ғана  көрінеді.Ақынның  өсиет-үлгілік  қорытындысы 

Ескендір  екеуінің  сөздері  мен  іс-әрекетінен 

шығарылады. 42 шумақты.


40

41

- Поэманы үйден оқып келгендіктен, талдау сатысына 



шығамыз.

-Ақынның поэмасына негізгі арқау болған тақырып не?

Негізгі тақырыбы-Ескендір.

Әділдік пен жауыздық арасындағы тартыс.

Поэманы алты бөлімге бөлу арқылы мазмұнын жеткізу.

Ескендірдің  іс-әрекеті-әскер  жиып  қарулану,  жауға 

аттану, қырып жою, қаласын тартып алу.

«Қытайша ет» (Китайский десерт) әдісі арқылы жоспар 

құру, тексеру, бағалау.

1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары.

2. Жорықтағы бұлаққа кездесуі. 

З. Ескендірдің бұйрығы.

4. Қақпаға кездесуі.

5. Күзетшінің сөзі мен сыйы.

6. Аристотель шешімі. Өсиет, ақыл сөз.

Өсиет- айтылатын уағыз, келелі кеңес түріндегі өлең. 

Адамды парыз бен міндетті, ерлікті, елдікті тұжырымдап 

айту.


Поэмадағы  кейіпкерлерді  сызба  арқылы  көрсетіп, 

мінездеме беру.

Образдар:  Ескендір,  Аристотель,  мифологиялық 

образдар (табиғат, жұмбақ бұлақтар, алтын қақпа, күзетші, 

орамалға түйген сүйек)    Ел жаулағыш

Көрсеқызар

Сөздерді табу

Баққұмар Қызғаншақ

Қанішер

Тойымсыз  Қанағатсыз



Ашуланшақ

 Мақтан сүйгіш

 гуманист

Энциклопедиялық еңбектердің авторы ақыл иесі

 Әділ

 байсалды 



 ғалым

 гректің ойшылы 

Ескендірдің тәрбиешісі

Поэмадан  кейіпкерлер  бейнесі  ашылатын  жолдарды 

тауып  оқу.  Диалог  сөздерді  табу.  Күзетші  мен  Ескендір 

диалогін  оқыту.  Ескендірдің  психологиялық  жай-күйін 

ақын қалай берген? Тауып оқы. (Оқулықпен жұмыс)

Әдеби-теориялық ұғымдар.

1. Дария суындай -теңеу.

2. Қол, әскер-синоним.

3. Ел, халық-синоним.

4. Патша, хан-синоним.

Түсіндірме сөздік:

1.  Хакім - ғалым.

2.  Данышпан - оқымысты.

3.  Иман - дін, Алланы мойындау.

4.  Ғибрат - үлгі.

5.  Нәпсі - құмарлық.

6.  Араны -көз тоймау.

«Еркін жазу» стратегиясы. «Канағат қарын тойғызар» 

«Автор орындығы»   стратегиялары.

Бекіту:  Абайдың  ойынша  халықты  қандай  адамдар 

басқару керек?

Осы поэмадан кандай қорытынды шығаруға болады?

Ашкөзденуден сақтану   Ойланып іс-жасау

Пенделіктен арылу

Қанағат ету Иманды болу

Күлкішілдіктен   сақтану

«Броун  қозғалысы»  әдісі  арқылы  сұрақтардың 

жауаптарын іздеу.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет