«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0.97 Mb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата29.04.2017
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

     Ғ.ШӘРІПЖАНОВА

   Алматы энергетика және 

байланыс университеті.  

- СЫ, -СІ, -СЫН, -СІН 

ҚОСЫМШАСЫ

  

Мақалада  сөз  формасын  жасаудағы  –сы,  -сі,  -сын,  -сін 



қосымшасының функциялық ерекшелігі қарастырылады.

-Сы, -сі, -сын, -сін қосымшалары-есімдерге қосылып, 

субъектив  мәнді  етістік  жасайтын  өнімді  жұрнақтар. 

Субъектив  мәнді  білдіретін  етістіктерге  мынадай 

сөздерді жатқызамыз: асқақта, өгейсі, еркінсі, өзімсіну, 

дандайсу,  сараңсу,  салақсы,  жетімсіреу,  жалғызсырау, 

жатсырау,  азсыну,  көпсіну,  қамсыну,  керексіну, 

қажетсіну,  ауырсыну,  обалсыну,  тарсыну,  қорсыну, 

әбессіну, алалау, т.б. 

Кісімсіну,  оқығансу,  білгенсу,  көкірегін  көтеру 

деген  етістіктердің  білдіретін  мағынасы  –  эмоциялық 

мағына.  Бірақ  олардың  мағынасы  таза  эмоция  емес, 

амал-әрекетке, болған қозғалыс пен қалпына баға беру 

мәнін қоса береді. Яғни, мұндай етістіктер (субъектив 

мәнді етістіктер) қозғалысты, әрекетті және эмоцияны 

жалаң білдірмей, көзқарасты, баға беруді де білдіреді. 

Екінші  сөзбен  айтқанда,  субъектив  мәнді  етістіктерге 

айналадағы  заттардың  қозғалысы  мен  амал-әрекетіне, 

кеңістіктегі  қалпына  айтушының  өзіндік  көзқарасын 

білдіретін  сөздерді  жатқызамыз.  Осы  ретте  оларға 

мынадай анықтама бердік.  Амал-әрекетке айтушының, 

істеушінің (субъектінің) өзіндік көзқарасын білдіретін 

етістіктер субъектив мәнді етістіктер немесе субъективті 

етістіктер деп аталады.

Сонымен 

субъектив 

мәнді 

етістіктердің 



семантикалық құрылымы үш түрлі семадан құралады. 

Олар:  1)  амал-әрекет;    2)  көңіл-күй  (эмоция);  3)  баға 

беру семасы. Осы семалық элементтер субъектив мәнді 

етістіктерді  мағыналық  жиынтыққа  біріктіріп,  жеке 

лексика-семантикалық топ етеді /1/. 

Субъектив  мәнді  етістікті  көп  тілшілер  жеке 

лексика-семантикалық топ ретінде мойындай бермейді. 

Етістік  сөз  табын  зерттеген  ғалымдар  А.Хасенова, 

А.Ысқақовтар  субъектив  мәнді  етістіктерді  жеке 

лексика-семантикалық  топ  ретінде  көрсетпеген. 

Етістіктің бұл лексика-семантикалық тобы Ы.Маманов 

пен                        М.Оразовтардың жіктемелерінде аталып 

өтіледі. Бірақ бұл соңғы екі ғалым да субъектив мәнді 

етістіктердің семантикалық қырына да, грамматикалық 

сипатына да арнайы тоқталмаған.     Субъектив мәнді    

етістіктер    жеке      лексика-семантикалық   топ      ретінде      

М.Оразовтың жетекшілігімен жазылған  Ғ.Танабаевтың 

кандидаттық диссертациясында  арнайы зерттелді /1/.

Субъектив  мәнді  білдіретін  етістік  жасайтын 

қосымшалардың біріншісі - -сы, -сі, -сын, -сін; екіншісі 

-  -ымсын,  -імсін  қосымшасы;  үшінсіші  -  -сыра,  -сіре. 

Ы.Маманов  қос  функциялыққа  қатысты  –сы,  -сі 

формасының  сөз  тудырушы  да,  форма  тудырушы  да 

қызметі бар деген пікір айтады.

-Сы,  -сі  формасы  мен  –сын,  -сін  өзара  синонимдес 

жұрнақ. Олар бірінің орнын  бірі ауыстырып қолданыла 

алады. Алайда олардың арасында мағыналық тепе-теңдік 

жоқ. Олардың мағынасында аздаған айырмашылық бар. –Н 

жұрнағы өздік етіс жұрнағы десек, -сын, -сін –мен келген 

етістіктің мағынасы субъектіге қатыстылығы жоғары, ал –

сы, -сі -де абстрактылық бар. Мысалы, Оған тыйылмаған, 

аюсынған Абайды көріп алармын (М.Әуезов). –Сен өйтіп 

өтірік  періштесінбе!  (Б.Нұржекеев).  –  Не  оттап  тұрсың 

а?!  –деп,  жаңағы  шешенсінген  жігіттің  алдына  жетіп 

барды          (М.Байғұтов). – Оны дос деп ойлау керек. 

Босқа ділмарсынып көп аптыға берме (Р.Райымқұлов). 

Бұл қосымшаларды екі морфемаға ажыратуға болады: 

-сын, -сін > сы+н, сі+н. Бұл қосымшалардың мағынасы, 

көбінесе, бір-біріне сәйкес келеді. Бірақ біраз сөздердегі 

–сын,  -сін  қосымшасы  қосылатын  түбірге  –сы,  -сі 

жалғанбайды.  Мысалы,  көрсін   (көрсі  емес),  ащысын

 


14

15

(ащысы емес), азсын (азсы емес), көпсін (көпсі емес), 



әбессін (әбессі емес). Біздіңше, қосымшалардың бұлай 

қолданылуы сөздердің семантикасына байланысты. 

Адамсын,  көрсін  құрамындағы  –сын,  -сін  тарихи 

жағынан екі морфемаға бөлінеді. –Сы, -сі қосымшасы 

туралы  жоғарыда  айтылды,  ал  –н  морфемасы  –  етіс 

қосымшасы. Ол оның мағынасынан да анық байқалады. 

Салыстырыңыз,  адамсы  сөзі  тек  көзқарасты  білдірсе, 

адамсын  сөзінде  нақты  объектілік  мағына  бар  және 

әрекетті  орындаушы  актив  не  пассив  болуы  мүмкін. 

Өздік етісте де, ырықсыз етісте де әрекетті орындаушы 

пассив болып көрінеді. Міне, осы пассивтік субъективтік 

мәннің қалыптасуына жағдай жасаған сияқты /1/.

-Сы,  -сі,  -сын,  -сін  қосымшасы  барлық  кезде 

субъектив мәнді етістік жасамайды. Мысалы: кеберсіну, 

лықсу, көбенсу, қатерсі, т.б. 

-Сы, -си, -сын, -син қосымшаларының этимологиясын 

нақты    анықтауға  мүмкіндік  жоқ.  Бұл  қосымшаның 

тарихы туралы ғалымдар көбінесе жорамал түрінде пікір 

айтқан. Белгілі түрколог ғалым Э.В.Севортян –са, -сэ, -сү, 

-су,- сы, -си және –сын, -сүн қосымшасының тегі бір деп 

есептейді  /2/.  Г.И.Рамстед  бұл  қосымшаны  салыстыру, 

теңестіру  мағынасын  білдіретін  –сы  қосымшасымен 

байланыстырады  /3/.  М.  Оразов  –сы,  -сі  қосымшасын 

сияқты,  сымақ,  симан  сөздерімен  байланыстырады/4/. 

-Сы,  -сі  қосымшасы  есімше  формалы  етістіктерге 

қосылып,  қолданылады  да,  субъектив  мәнді  етістік 

жасайды.  Мысалы,  әзілдескенсу,  айтқансу,  сөйлегенсу, 

түрткенсу,  ұстағансу,  алғансу,  бергенсу,  ойнағансу, 

отырғансу, тұрғансу, жантайғансу, ұйықтағансу, қосқансу, 

теңестіргенсу, балағансу, баптағансу, т.б. 

-Сы,  -сі  аффиксі  есімше  тұлғасындағы  етістіктерге 

қосылып, жалған қатынасты білдіретін етістіктер жасайды 

/1/.

Ы.Маманов  –сы,  -сі  аффиксі  есімше  формасынан 



кейін 

жалғанған 

кезде 

сөзжасамдық 



қызмет 

атқармайды  деген  пікір  айтады.  Өз  сөзімен  айтқанда: 

«-Сы,  -сі  жұрнағы  арқылы  туынды  түбір  етістіктер

 

жасалады. Қазіргі қазақ тілінде –сы, -сі жұрнағының 



екі түрлі қызмет атқаратындығы байқалады. Біріншісі, 

кейбір  есім  сөздеріне  жалғанып,  заттың  өзгеру  күйін 

білдіретін салт етістіктер жасайды. Мысалы, салақсы, 

толықсы, т.б. –Сы, -сі қосымшасының екінші қызметі 

–  есімше  формаларына  жалғанып,  сол  жалғанған 

сөзін модификацияландырады, яғни, жалғанған сөзіне 

субъективтік рең білдіретін етістік формасын жасайды» 

/5/. Түркологиялық еңбектерде бұл қосымшаның форма 

жасаушылық қызметі жайлы айтылмаған деуге болады. 

Ы.Маманов есімше формасынан кейін жалғанған –сы, 

-сі  қосымшасының  қызметінің  форма  тудырушылық 

екендігін  анықтайды.  Ғалым  –сы,  -сі  қосымшасын 

форма тудырушы деп анықтауда оның есімше формалы 

етістікке  түгелдей  жалғануын,  яғни,  грамматикалық 

абстракция  жасау  сипатын  негізге  алған.  Сонымен, 

Ы.Маманов  еңбектерінде  қазақ  тіліндегі  бұл 

қосымшаның  сөзжасам  мен  формажасамға  қатысы 

ғылыми  негізде  тілдік  қағидаға  сай  анықталған  деуге 

болады. 

                              Әдебиеттер:

1 Танабаев Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі субъектив мәнді 

етістіктердің  семантикалық  құрылымы.  Канд.  дисс.  

Автореф. – Алматы, 2005. -30 б.

2  Севортян Э.В. Аффиксы именного словообразования 

в азербайджанском языке. –Москва. Вост. Лит.., 1966. 

-225 с.


3 Рамстед Г. И. Введение в алтайское языкознание. 

Морфология. –Москва, 1957. -254 с.

4  Оразов  М.  Семантика  казахского  глагола.  Докт. 

дисс.- Алматы, 1983. 

5  Маманов  Ы.Е.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Лекциялардың 

текстері. – А., 1973. -89 б.

В  статье  рассматриваются  функциональные 

особенности  аффиксов  –сы,  -сі,  -сын,  -сін    в 

формировании слов.

The functional features are examined in the article affixcs 

of  –сы, -сі, -сын, -сін in forming of wands.


16

17

Асылдың сынығы



Н.ЫСҚАҚОВА, 

   Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік Орталық мұражайы.

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАН ІНІСІ 

ЫСҚАҚТЫҢ ҰРПАҒЫМЫН

  

«Жеті  атасын  білмеген  -  жетесіз»,  -  дейді  дана  халқымыз. 



Алдағы ұрпақтары ризашылықпен, құрметпен еске алатын болсын 

деген ниетпен аз-кем текті баба шежіресінен мағлұмат беруді жөн 

көрдім.

Ұлы  ақын,  қазақ  жазба  әдебиеті  мен  әдеби  тілінің  негізін 



қалаушы, философ Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 170 жылдық 

мерейтойы қарасаңында тікелей ұрпағы, асылдың сынығы ретінде 

өзімнің Азат атам жасаған шежіресін таратуды жөн көрдім. Мен – 

данышпан бабамыз Абай Құнанбайұлының туған інісі Ысқақтың 

тікелей ұрпағымын.     

Жетінші атам Өскенбай Ырғызбайұлы (1778-1850) – Абайдың 

туған атасы жастайынан зерек, есті азамат болған. Әкесі Ырғызбай 

дүниеден озған соң ел ағасы Кеңгірбай би өзі қартайған шағында 

Өскенбайды  тәрбиелеп,  ел  билігін  қолына  беріп,  оны  би  қояды. 

Өскенбайдың  бәйбішесі  Зере  апамыздан  (шын  аты  –  Тоқбала 

Бектемірқызы)  –  Құттымұхамбет,  Құнанбай,  Тайбала  есімді  екі 

ұл, бір қыз сүйеді. Құттымұхамбет жас кезінде қайтыс болыпты. 

Зереден  кейінгі  төрт  әйелінен  Өскенбай  би  тоғыз  ұл  көрген. 

Тобықты елін билеген Өскенбай ата орта жасқа келгенде ел билігін 

үлкен ұлы Құнанбайға тапсырады [1, 474-б.].

Алтыншы  атам  аға  сұлтан,  қоғам  қайраткері  Құнанбай 

қажы  Өскенбайұлынан  (1804-1986)  –  Абай  мен  Ысқақ  тараған. 

Өскенбайдан  басталған  билікті  оның  ұрпағы  150  жыл  бойы  Кеңес 

өкіметі  билікке  келгенге  дейін  қолдарынан  шығармаған.  Құнанбай 

қажының  да  төрт  әйелі  болды.  Бәйбішесі  Әйбөбектен  (Күңке) 

Құдайберді  туды.  Ұлжан  анадан  Тәңірберді,  Абай  (Ибраһим), 

Ысқақ,  Оспан,  ал  үшінші    әйелі  Айғыздан  Халиулла,  Смағұл, 

Кәмшат  туған,  төртінші  әйелі  Нұрғанымнан  ұрпақ  болмаған  [1, 

370-б.]  Құнанбай  бабамыздың  балаларының  арасында  Абайдың

 

айтқанымен  жүріп,  тәрбиесін  көріп,  ағаларын  арқа  тұтқан 



інілері  Ысқақ  пен  Оспан  өзара  тату  болған.  Бірақ,  Оспан  жас 

шағында қайтыс болады.  

  Бесінші  атам  Ысқақ  Құнанбайұлы  (1847-1901)  –  Абайдың 

өзінен кейінгі туған тете інісі. Ол да Ұлжан анадан туған. Бірақ, 

Құнанбай  әкесінің  үлкен  әйелі  Күңкенің  қолында  тәрбиеленген 

[1, 612-б.]. Алып күштің иесі Ысқақ атам өте шаруақор, ақкөңіл, 

сөзге  шешен, байыпты, мінезді, екі сөйлемейтін, шомбал денелі, 

жомарт жан болған екен. Ол кісі Абай ағасының шаруашылығын 

өз  істерімен  қоса  жүргізіп,  оның  білім,  ғылыммен  айналысуына 

мүмкіндік жасаған. Ысқақ атам Абайдың қолын ұзартқан. Кедей-

кепшіктің жағдайын көп ойлайтын, қолы ашық жан болған екен. 

Ысқақ атам ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таныған. Абайдың 

ұйғарымымен, халқының қалауымен 9 жыл болысқа сайланып, ел 

басқарған. Ерте дүниеден озған ағасы Құдайбердінің балаларына 

-  Шәкәрім  бастаған  інілеріне  ерекше  қамқорлық  көрсеткен. 

Құнанбай  тетелес  үш  баласы  –  Тәңірберді,  Абай,  Ысқақты  бір 

күнде  үйлендіріп,  еншілерін  беріп,  бөлек  отау  етіп  шығарған. 

Абай мен Ысқаққа Ащысу бойындағы Тесіпшыққан қорығы мен 

Ақшоқыдан жер береді. Алғашқы жылдары бірге тұрған Абай мен 

Ысқақ арасындағы тату-тәтті туыстық қарым-қатынас өмір бойына 

үзілмеген.  Араларына  2-3  ай  салып    Ділдәдан  туған  Мағауия 

мен  Тектіден  туған  Кәкітай  бірге  тай-құлындай  тебісіп,  сырлас, 

мұңдас,  құрдас  туыс  болып  өсті.  Текті  жастай  қайтыс  болғанда 

Кәкітай Абай атаның ауылында Ділдә ананың бауырында өсіп ер 

жетті. [2, 116-б.]

Төртінші  атам  Ғабдүлхакім  Ысқақұлын  (1869-1915)    ата-анасы 

Кәкітай деп еркелетіп атап кеткен. Кәкітай атам 8 жасынан бастап ауыл 

молдасынан 4 жылдай сауатын ашып, түрікше және арабша хат таныған. 

Кәкітайдың  ерекше  зеректігін  байқаған  Абай  оны  өзіне  бала  етіп 

алып, Мағауиямен бірге тәрбиелеген. Семейге бірге ертіп барып, орыс 

тілін үйреткен. 1-2 жыл ішінде Кәкітай ата орыс тілін жетік біліп қана 

қоймай, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларын, Еуропа елдері 

мәдениетімен танысып, өз заманының білімді азаматына айналды [2, 

129-б.]. Кәкітай-Абай ағасының мұраларын тұңғыш бастырушы. Ол 

кісі Абай атаның барлық өлеңдері мен поэмаларын, ғақлия сөздерін 

жинақтап, тұңғыш рет өмірбаянын жазып, өз қаражатымен 1909 жылы 



18

19

Петербургте алғашқы жинағын бастырып шығарғандығы



    көпке мәлім.

 Үшінші атам Әрхам Кәкітайұлы (1885-1962). Кәкітай атамның 

Әрхам атам тұңғышы болғандықтан, қазақтың қалыптасқан салты 

бойынша  Ысқақ  атасы  мен  Абай  атасының  тәрбиесіне  берген. 

Абай атамыз қайтыс болғанда Әрхам атам 19 жаста болған екен [3, 

9-б.]. Осы жасқа дейін Абай атасының қасында отырып, сөздерін 

естіп,  өлеңдерін  жаттап,  оның  ақын,  өнерлі  шәкірттерімен  бірге 

музыка аспаптарын және дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын жетік 

меңгерген. Әрхам атам байдың ұрпағы ретінде көп жылдар бойы 

қуғында  жүрген.  Мұхтар  Әуезов  бастаған  қазақ  зиялыларының 

тікелей  араласуының  арқасында  Абай  ұрпақтары  ақталып 

еліне  қайтқан  екен.  Әрхам  атам  елге  оралысымен  Семейдегі 

және  Жидебайдағы  Абай  мұражайының  іргетасын  қаласып, 

оны  Абай  мұраларымен  толықтырған.  Абай  мұраларын  жинап, 

шығармаларына  анықтама,  түсінік  беріп,  мұражай  қорын 

қолжазба, естелік, ғылыми зерттеулермен байытқан. Абай атаның 

көптеген өлең-жырларын, ол кісінің әйел теңдігін көздеген игі ісін 

баяндайтын «Зағипа» атты дастанын және «Абайдың өмір жолы» 

повесін жазып қалдырған.   

 Өз атам Азат Әрхамұлы (1928-1996) – Әрхам атамның кенже 

ұлы. 1951 жылдан Аягөз қаласындағы № 2 мектепте қазақ тілі мен 

әдебиетінің мұғалімі, Ысқақ атасы мен Әрхам әкесінің ісін ілгері 

дамытып, Ұлы Абай мұрасын насихаттаумен үзбей шұғылданған 

[4, 6-б.]. Атам мен апам Қарлығаш Құлшыбекқызы да осы аталған 

мектепте  жарты  ғасырға  жуық  қызмет  істеп,  шәкірт  тәрбиелеп, 

ата-аналардың  құрметіне  бөленген  жандар.  Жұбайы  Қарлығаш 

екеуі бірлесе отырып, Абай ұрпағы ретінде Аягөз қаласындағы №2 

мектепте Абай мен М.Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайын 

ұйымдастырған, оны 1987 жылы Мұхтар атамыздың 90 жасқа толу 

мерейтойы қарсаңында ашты. 

  Бұл  мұражай  Абай  мен  Мұхтардың  және  кейін  қосылған 

Шәкәрім  атамыздың  өмір  жолы  мен  шығармашылық  мұрасын 

оқушыларға  тереңдете  жеткізіп,  насихаттаудың  мәдени  ошағына 

айналды.  Мұражай  Азат  атам  мен  Қарлығаш  апамның  Абай  ата 

ұрпағы атынан Аягөз қаласының халқына, ұрпақтарына қалдырған 

бағалы ескерткіш-тартуы деп білеміз. 

 Азат атам осы мұражайды ашу қарсаңында «Құнанбай қажы 

ұрпақтары» атты шежіре құрастырған. 

Әкем Әлішер Азатұлы (1951-2010) – Аягөз қаласында дүниеге 

келген.  Бірақ,  2  жасынан  Жидебай  қорығында  орналасқан 

мұражайда  тұратын  атасы  Әрхам  Кәкітайұлының  қолында 

тәрбиеленген.  Дана  Құнанбай  атамыздың  үйінде,  жерінде  тұрып 

Ұлы Абай, Кәкітай аталарымыздан нәр алған Әрхам атамыз әкем 

Әлішерді  де  ата-бабасының  тарихын  жақсы  білетін  зерделі  етіп 

тәрбиелеген.  Әкем  мектепке  барар  жылы  Әрхам  ата  Қарауылға 

көшіп  келген.  Әлішер  әкемнің  келбетінде  Абай,  Ысқақ,  Кәкітай 

бабаларының  бейнесі  тұратын,  ол  кісінің  бойында  аталарынан 

бойына  сіңірген  қасиеттері  де  аз  емес  еді.  Барлық  музыкалық 

аспаптарда  (пианино,  домбыра,  мандолина,  гармонь,  гитара, 

т.б.)  ойнап,  ән  салып,  пьесаларда  түрлі  рөльдерді  сомдап, 

жақындарының  тойларында  асаба  болып  та  жүретін  еді. 

Қазақстанға әйгілі «Қаламқас» ансамбілінің құрамында оркестрде 

мандалинде  ойнаған,  өнерге  таласы  бар  жан  еді.  Әкем  Әлішер 

барлық саналы өмірін жас ұрпақты білім нәрімен сусындатумен, 

адамгершілікке  тәрбиелеумен,  ұстаздықпен  өткізді.  1981-1998 

жылдары  Аягөз  қаласындағы  №  44  теміржол  орта  мектебінде 

тарих  пәнінің  мұғалімі,  кейіннен  меңгеруші  болып  қызмет 

атқарды.  Сол  жылы  Алматы  қаласына  қоныс  аударып,  ұстаздық 

қызметін жалғастырып, меңгеруші, бір жылдары директор болып 

қызмет атқарды. 

Байқап қарасам, Абай сынды ұлы бабамызға інісі Ысқақтан бастап, 

одан тараған ұрпақтарының еңбектері де жалғасын тапқандай.

           Шыңғыста Абай сынды дана туған,

           Шәкәрім, Мұхтарлар дара туған.

           Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Әрхам-

           Ақындықпен әкенің жолын қуған

–  деп  жырлайды  Азат  атам.  Ақындық  ұлы  қасиет  атадан  балаға 

дарыған Азат Әрхамұлы да, әкем Әлішер де өлең шығаратын. [4, 4-б.] 

Әлішер әкем Азат атамның өлеңдерін жинақтап «Сырлы жүрек» атты 

кітабын шығарып, әке алдындағы бір парызын өтеген еді. 

 Асқар тау әкем 2010 жылы мамыр айында сырқаттанып дүниеден 

өтті. Әкем Әлішер үнемі текті ұрпақтан тарағанымызды мақтан етіп 

айтып, аталарымыздың мұраларын жинайтын. Таяуда тікелей ұрпағы 

болғандықтан, Құнанбай атамнан бастаған шежіре, сол кісіден тараған 

ұрпақтарының фотосуреттері мен мұраларын өзім қызмет атқаратын 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының қорына 



20

21

Ұлы Абай атаның туғанына 170 



жыл толу мерейтойы қарсаңында 

сый  ретінде  тапсырдым.  Осылай  ізгі  қадам  жасауды  өзіме  биік 

парыз санадым. «Алмас қанжар қын түбінде жатпас» деген емес 

пе! Аса құрметпен қастерлеп өткізілген бұл құнды фотосуреттер 

Абай  Құнанбайұлының  материалдар  кешенін  толықтыра  түсіп, 

мұражай  қорында  сақталып,  экспозицияларға  қойылып,  ғылыми 

айналысқа  еніп,  өскелең  ұрпақты  бабынша  жаухар  қазынасымен 

тәрбиелеуде зор үлесін қосады деген сенімдемін. 

Әдебиеттер:

1 Абай энциклопедия. – Алматы, 1995. – 720 б.

2  Жанболатұлы  М.  Тобықты  -  Шыңғыстау  шежіресі,  ІІ  том, 

2004. – 424 б.

3 Ысқақова М.Ә. Ұлы Абайға адалдық. – Семей, 2002. – 251 б.  

4 Ысқақов Ә.А, Бидалинова Қ. Сырлы жүрек. – Алматы, 2006. 

– 144 б.

   


   

 

Педагог пайымы



Қ.ЖӘНІБЕКОВА,

№247 орта мектеп.

Қызылорда облысы, 

Жаңақорған ауданы,

Бесарық бекеті



ТӘЛІМГЕРЛІК ЕТУДІҢ 

ТИІМДІЛІГІ

  

Тәлімгерлік  -  (mentoring)  ұзақ  уақытқа  созылатын,  тәлімгер 



(тәжірибелі,  озық  педагог)  мен  тәлім  алушы  (тәжірибесі  аз 

педагог)  арасында  сенімді,  жеке  тұлғаға  бағытталған  қарым-

қатынас құру үдерісі. Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы 

екі адам арасында оқу қарым-қатынасын құруға негізделген және 

түйінді  дағдыларды:белсенді  тыңдай  білу,  тәжірибені  дамыту 

үшін  бірқатар  күрделі  сұрақтар  қоя  білу  дағдыларын  дамытуға 

бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, 

қолдау  көрсетуге;  соның  ішінде  қажетті  түйінді  қасиеттерді: 

сенімділік,  ортақтастық,  шынайылық,  адалдық  танытуға  дайын 

болады(Garret-Harris & Garvey, 2005) деп көрсеткендей,  бірінші 

деңгей  бағдарламасы  тәжірибелі  мұғалімдерді  өз  мектептерінде 

құзырлы  коуч  пен  тәлімгер  болуға  бағыттаған.  Бірінші  деңгей 

бағдарламасы  бойынша  курсты  аяқтаған  мұғалімдер  оқу 

қоғамдастығын  құрып,  жаңа  идеяларды  іске  асыру  үшін  өз 

мектебінде  тәжірибеге  өзгеріс  енгізуді  жоспарлайды.      Мен 

бірінші деңгей бағдарламасы бойынша бірінші бетпе-бет кезеңін 

аяқтаған  соң,  осы  оқып-үйренген    білімімді,  жаңа  идеяларды 

іске асыру үшін өзімнің жұмыс жасайтын  №247 орта мектебіме 

тәжірибелік кезеңімді өткізуге келдім.  Ең бірінші мектеп басшысы                                  

Т.Өтеевпен    пікірлесіп  кездестім.(1-сурет)  Пікірлесу  барысында, 

тәжірибе кезеңінде мен қандай тапсырмалар орындау керектігіне 

тоқталып,  мұғалімге  арналған  мектептегі  тәжірибе  кезеңіндегі 

тапсырмалардың  бірі:  бір  мұғалімге  тәлімгерлік  жасап,  көмек 

көрсету екенін айттым. Таныстырылым өткенде бір мұғалім тәлім 

алушы  болатынын  жазыпты.      Мен  ол  мұғаліммен  пікірлестім.  


22

23

Тәлім алушымен пікірлесу барысында, ең бірінші, ол әріптесіме 



тәлімгерлік ететіндігімді,оның сабағын бағалауға емес, тек өзімнің 

үйренген  әдіс-тәсілдерімді  сабақ  барысына  қолданып  үйрету 

екендігін  және  сабағына  қатысуға  болатындығы  жөнінде  рұқсат 

сұрадым. Ол өзінің келісімін берді.(2-сурет)

  Менің тәлім алушымның қысқаша түйіндемесіне тоқталсам, 

Бегімбетова Нұргүл  Атымтайқызы. Ол 1983 жылы 23 қыркүйек 

күні  дүниеге  келген.  Еңбек  өтілі-8  жыл.  II  санатты  мұғалім. 

Мамандығы  ағылшын  тілі  пәнінің  мұғалімі.  Қазір  №247  орта 

мектебінде    ағылшын  тілі    пәнінен  сабақ  береді.  Енді  өзара 

келісімнен кейін, мен тәлім алушыдан қандай қажеттіліктері бар 

екенін сұрадым. Тәлім алушым менен  осы курстың  мақсатымен  

егжей-тегжей  түсіндіруімді  сұрады.  Мен    бірінші  деңгей 

бағдарламасының негізгі мазмұнымен және өзімнің бірінші бетпе-

бет кезеңінде оқып үйренген  әдіс-тәсілдерім барысына тоқталып 

өттім.Тәлім алушымның келісімін ала отырып, бір дәстүрлі үлгіде 

өткізген  сабағына  қатысып    бақылау  жүргізуді,  суретке    және 

бейнежазбаға түсіретінімді ескерттім.

Тәлім  алушым  сыни  ойлауға  үйретудің  әдістерін  сабағына 

қолданып,әдіс-тәсілін  өзгерткісі  келетінін  айтты.  Енді  мен  бұл 

ойға ауызша жауап беріп ғана қоймай, оны сабақ барысында қайта 

жоспарға  енгізіп,  оқушылармен  қайта  жұмыс  жасау  керектігін 

айтып  түсіндірдім.        «Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулықтағы» 

тәлімгерлік туралы жазылған қағидалармен тереңірек таныстырып, 

жаңаша үлгіде өтетін тізбектелген сабақтар жайында кеңес бердім.  

Ең  бірінші  өткен  дәстүрлі  сабағына  қатыстым.  Сабақ  басталар 

алдында,тәлім  алушы  сол  күнгі  сабақ  жоспарымен  таныстырды. 

Сабаққа 19 оқушы қатысты. Сыныпты топқа бөлген. (4-сурет)Тәлім 

алушы сабағында  топқа бөлуде сәтсіздіктер болды.  Топпен жұмыс 

жасағанда  топ мүшелері арасында келіспеушілік  болғанын, бір-

бірінің пікірін тыңдамағанын, белсенділердің бірыңғай бір топта 

кеткенін байқадым. Тапсырма берілгенімен орындаушы жоқ десе 

де  болады.  Барлық  салмақ  мұғалімге  түсті,  өзі  мәтінді  аударды, 

түсіндірді. Енді  осыдан шығу үшін  не істеу керек екенін-,  тәлім 

алушымен  бірге отырып  талқылап, келесі сабақтың жоспарына 

ендіруді  түртіп отырдым. Тәлім алушы сабақты үй тапсырмасын 

сұрақ  қою  арқылы  сұрады.    Жаңа  сабақтың  тақырыбы:  «Спорт 

жайында». Мұғалім  тақырыпты өзі интербелсенді тақта арқылы 

түсіндіріп  өтті.  Топтарға  сөздікпен  жұмыс  жасауға  тапсырмалар 

берді. Сабақ барысында байқағаным, үй тапсырмасы бойынша да, 

жаңа сабақ барысында да тек ғана белсенді оқушылардың  сабаққа 

араласқанын көрдім. Сабақ қорытындысында, оқушылар сабаққа 

түгелдей    атсалысып  қатысқан  жоқ.  Қоңырау  соғылып,  сабақты 

аяқтады.  Оқушыларға  тапсырманы  жылдамдатып  орындаңдар 

деген  сияқты  ескертпені  көбірек  айтты.  Яғни,  мұғалімнің   

сабақ  барысындағы  45  минутты  тиімді  пайдалануға  мүмкіндігі 

болмады.  Себебі  Тапсырманы  жүйелеп  бере  алмағандықтан  ба, 

толық  орындалмады  және  оқушыларды  бағалап  үлгермеді.  Мен 

осы  сәттегі  сабақ  барысына  көңіл  бөлдім.  Әрбір  көңіл  бөлген 

ойларымды  бақылау  парағыма  жазып  отырдым.  Осы  бақылау 

барысында мен алдыма мына сұрақтар аясында жауап іздеуді және 

соның  нәтижесін  қалай  көруге  болатынын  мақсат  етіп  қойдым. 

Келесі сабақта осындай кемшіліктерді болдырмау, баланы сабаққа 

қалай  қызықтыру  үшін,  тәлім  алушыммен  не  істеу  керектігін 

қарастырдым

    Сабақ  аяқталған  соң,  тәлім  алушы  екеуміз    кездесіп, 

сабақ  барысына  қайта  оралып,  қандай  әрекеттерді  байқағаным 

туралы  өзара  пікірлестік.  Тәлім  алушы  өзінің    сабақ  барысында 

қысылғандығын, ағылшын тілін оқушының меңгеруі қиын екенін 

айтты.Сабақта  үндемей  отыратындар  сол  қалпында  қалғанын 

өзі  мойындады.  Мен  оның  келесі  сабаққа  жоспар  жасауына 

көмектестім. Ең алдымен, ұйымдастыру жұмыстарын жоспарлауға 

бағыт-бағдар  бердім.  Онда  сыныпты  түрлі  тәсілдермен  (түске, 

мезгілге, математикалық сандарға, т.б байланысты) топқа бөлуге, 

сабақ арасында бала жалықпас үшін, сергіту сәттерін ұйымдастыру 

керек екенін, жаңа сабақ барысына баланы қызықтыру мақсатында 

түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды (cыни тұрғыдан ойлауға үйретудің) 

және бағалаудың түрлерін (басбармақ, бағдаршам, екі жұлдыз, бір 

тілек,  т.б.)  керектігін  айта  отырып,  сол  әрекеттерді  іске  асыруға 

көмектестім.  Сонымен  бірге  тапсырманы  уақытқа  ыңғайлап 

қоюды ескерттім.

Постер жасау кезі

Екінші сабақтағы  кез                             

Сергіту сәті (5-сурет)                                 

    Топтық жұмыс(6-сурет)      

Бұл сабақтан кейін мұғаліммен кері байланыс орнатып, келесі 


24

25

сабағын  өзгертілген  сабақ  формасында  өткізуге  кеңес  бердім.



Екеуміз  бірлесе  отырып,  жеті  модульді  ықпалдастыра  отырып 

сабақ жоспарын жасадық.

 Сабақ барысында сыныпты үш топқа бөліп, постерге жұмыс 

берілді.  (6-сурет)  Жаңа  сабақты  кешегі  өткен  тақырыппен 

байланыстыра  отырып,  топтарға  тапсырмалар  берді.    Бұл 

тапсырма барысында оқушылар  жазған хаттарын  жарыса оқып 

жатты.  Сүйікті  актерлеріне  еліктеу  деген  топтық  тапсырманы 

белсенді  орындады.Сабақты  қорыту  барысында,  оқушыларды 

«басбармақ» арқылы бағалатты. Мен оқушылардың сабаққа деген 

қызығушылығының  артқандығын,  сыныпта  бұрынғы  сабақтарға 

қарағанда  баланың  ойлау  қабілеттерінің  дамығандығын,  

ізденушіліктерінің артқандығын байқадым. Сабақ соңында тәлім 

алушымен    жүргізілген    сабақ  жөнінде    бейнежазбадан    қарап   

отырып, сабағын талқылап,  тікелей  байланыстар  орнаттым. Осы 

сабақ  кезінде тәлім алушы оқушыларға тапсырмаларды  ауызша, 

жазбаша  орындату  арқылы  алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана 

білу дағдылары  жүзеге асырып отырды.

    Келесі сабағы «Музыканы  қайталау»  тақырыбында  болды. 

Сыныпты    математикалық  сандар  бойынша    үш  топқа  бөлді.  

Сабақ  барысында  топтық  тапсырмаларды  орындатты.  Джигсо 

әдісін  пайдалана  отырып,  әр  топқа  тапсырма  берді.  (7-сурет)

Деңгейлік тапсырма, постерге бес жолды өлеңді қорғатты. Ұшақ 

жасап,  осы  өтілген  тақырыптарға  сөздер  жазғызды,  сыныпта 

қалыс  қалған  оқушы  болмады.    Екі  жұлдыз,  бір  тілек  арқылы 

кері  байланыс  жасады.    Кері  байланыс  арқылы  топпен    жұмыс  

жасаған    оқушыларға  ұнағандығы  байқалды.    Бұл  сабақта  

оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап берулеріне көңіл бөлдім. 

Тәлімгерлік барысында  оқушылардың топпен жұмыс жасаудағы 

ынтымақтастығын  бақыладым. Тәлім  алушының  сабақтарынан  

кейін кері  байланыс  алып отырдым.

Кері байланыс және келесі әрекеттер жоспары.

Бақылаушы нені атап көрсетті ? Келесі адымдар.

Екінші  сабақ  барысында  әр  топтың  оқушылары  тақырыпты 

постерге  жазу  арқылы  ашып  көрсетті.  Келесі  сабақта  хат,  эссе 

жазуды арнайы  өлшемдер беру  арқылы дайындады.

Үшінші  сабақ  бойынша    пайдаланған  «ұшақ  жасау»  әдісін 

орындаған кезде, оқушылар белсенділік танытып, ашық сұрақтар 

қойды.  Сабақ барысында мәтіндегі түсініксіз сөздермен   жұмысты  

жиі  жасады. 

Бұрынғы сабақта жаңа тақырыпты мұғалімнің өзі түсіндіретін, 

ал  осы сабақта менің үйреткенімдей әр топтарға тапсырмалар берді. 

Оқушылар  топта  бірлесіп  жұмыс  атқарып,  бір-бірінің  пікірлерін 

тыңдап, сыни тұрғыдан ойлап, постерге сызба, суреттерін салып, 

белсеніп  жатқанын  байқап  отырдым.  Оқушылар    белсенділік 

танытып,  жаңа  тақырыптың  мазмұнын  түсінгенін  көргенде,  

тәлім алушының өзі таңқалды.Оқушылар ынтасы артып, жұмыла 

жұмыс жасауға машықтана бастады.  Топтық жұмыс оқушыларды 

белсенді ететініне, сыни тұрғыдан  ойлауына,  бір – бірінің айтқан 

пікірлеріне құрметпен қарап, ынтымақтастыққа баулитынына енді 

көзім жетті деп өз ойын білдірді.

    Тәлім алушымен менің қарым-қатынасым  өте жақын болды. 

Біз  бұрыннан  әріптес  ретінде  жақын  болғандықтан  ба,  өзара 

пікір  алмасқанда  еркін  сөйлестік.  Тек  мектеп  кабинетінде  ғана 

емес,  түсінбеген  жерлерімізді  сұрау  үшін  ұялы  телефон  арқылы 

да  байланысып  отырдық.          Тәлімгерлік  ету  нәтижесінде  мен  

тәлім aлушының тәжірибесінің өзгергенін байқaдым. Ол  сабақты 

сыныпта  психологиялық    ахуал  туғызудан    бастады.  Мұғалім  

аз    сөйлеп,  оқушылардың    пікірін    тыңдауға,  әрбір  тапсырмаға  

уақыт бөлетін болды. Өз жоспарына жеті модуль  аясындағы әдіс-

тәсілдерді енгізгенін байқадым.  

 Құзырлы  тәлімгер тәлім алушыға нақты мәселені  белгілеуге 

көмектеседі  және  оның  жеке  тәсіліне,  нақты  мән  -  мағынасын  

және  жұмыс  тәсілінің  ыңғайына  сәйкес    келетін  іс  әрекеттің 

оңтайлы бағытын  таңдауға септігін тигізеді. (МАН).Шынтуайтқа 

келгенде, ол- көмек көрсетуге арналған үш сатылы құрылым. Бұл 

құрылымның бірінші кезеңі үдерістің басында тәлім алушының іс-

әрекетін және оның тәжірибені өзгерту үшін не істегісі келетінін 

анықтауға  бағытталған,  екінші  кезең-  тиімді  шешім  таңдауды, 

үшінші  кезең-  өзгерістерді  енгізуді  мақсат  етеді.  Осыған  дәлел 

ретінде,  тәлім  алушы  өзінің  ой-пікірін  былай  жеткізген.    Менің  

тәлімгермен қарым-қатынасым өте тығыз байланыста болды. Оған 

дәлел ретінде, біз кәсіби әңгіме өткізу барысында, ең біріншіден, 

бір-бірімізге  деген  сенімділік,  әріптес  ретінде  достық  қарым-

қатынас деп ойлаймын. Біз бір-бірімізге  деген ой-пікірімізді ашық 

түрде жеткізе білдік. Себебі, менің тәлімгерім мені ашық жарқын 


26

27

жүзбен  қарсы  алғандықтан  деп  ойлаймын.  Бұған  дәлел  ретінде, 



мен  тәлімгермен  пікірлескен  сәттерімді  фотосуреттерге  түсіріп 

алдым.


      «Мен өзімнің тәлімгерімнің жұмыс тәжірибесінен көптеген 

нәрсе  үйрендім.  Мысалға  алатын  болсам,  жеті  модульдің  не 

екенін,  сол  арқылы  түрлі  әдіс-тәсілдерді,  оны  сабақ  барысында 

қалай  қолдану  керектігі,  баланы  ынталандыру  үшін  бағалау 

түрлерін,  топқа  бөлуді,  кері  байланыс  орнатуды  білдім.  Сабақ 

барысында  мен  өзімді  қанша  еркін  сезінгеніммен,  топ  алдында 

қысыламын.  Дегенмен  де  өзгерістер  енгізуге  болатынына  көзім 

жетті, болашақта балалармен бұдан да жақсы жұмыс жүргізе деп 

өз  ойын  қорытындылады.  Келешекте  тәлім  алушымен    бастаған 

жұмысымды  жалғастырамын.  Тәлім  алушыға      бағдарламаның 

негізгі мазмұны  өзара байланысты  жеті  модуль туралы тереңірек  

мағлұмат,  оларға  бағыт-бағдар  беріп,  белсенді  ынталандырып,  

оның кәсіби дамуына  қолдау көрсетемін.

                                     

   

   


 


Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ

жүктеу 0.97 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет