«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0.97 Mb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата29.04.2017
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ж.КЕГЕНБЕКОВА,

Д.Қонаев атындағы орта мектеп,

Алматы облысы,

Кербұлақ ауданы

11-СЫНЫПТЫ ҰБТ-ға ДАЙЫНДАУ

 

Мақсаты:  оқушылардың  қазақ  тілі  салаларынан  алған 



білімдерін жаңғырту; ұжымдық, деңгейлік тапсырмалар арқылы 

оқушылардың  есте сақтау қабілеттерін дамыту; оқушыларды 

белсенді  ойлауға,  әр  сұрақтың  шешімін  таба  білуге,  алған 

білімдерін  іс  жүзінде  қолдана  білуге,  жауапкершілікке, 

еңбексүйгіштікке,  бастаған  істі  аяғына  дейін  жеткізе  білуге 

тәрбиелеу. 

Түрі:  білім мен дағдыны қалыптастыру.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, жаттығу, тест.

Көрнекілігі:  плакат,  компьютер,  интерактивті  тақта,  тест,  

деңгейлік тапсырмалар, 

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.  «Миға шабуыл»

Мұғалім.  -Балалар,  ҰБТ-да  5  сабақтан  сынақ 

тапсыратындарың белгілі. ҰБТ 5-маусымда болатын болса, бір 

сабаққа дайындалуға неше күн қалды? Бүгін наурыздың 12-сі.

-ҰБТ-ға  85  күн  қалды.  Бір  сабаққа  дайындалуға  –  17  күн 

қалды.  Наурыз  айында  19  күн  қалды,  сәуір  айында  -30  күн, 

мамыр айында -31 күн, маусым айынан 5 күн қалды. Барлығы 

-85  күн,  оны  5  сабаққа  бөлсек,  1  сабаққа  дайындалатын  күн 

шығады)

- Олай болса, қазақ тілінен дайындығымыз қалай?



ІІ.  «Сен  білесің  бе?»  Жалпы  сыныпқа  сұрақ:  (сұрақтар 

оқушылардың өткен байқау сынағында көп қате жібергендеріне 

орай алынды, арасында нақтылау, жетек сұрақтар болды).

2. Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды? 

(1992 жылы 4 маусымда) 

3. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? 

(130-дан аса) 

4. Қазақстанда «Тіл туралы» Заң қашан қабылданды? 

(1989 жыл 22 қыркүйек) 

5. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? 

(орыс, татар, түрік, ұйғыр, неміс, грек, т.б) 

6. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? 

(түркі тілдес) 

7. Қазақ әліпбиі қалай құрылған? Неше әріп бар? 

8. Қазақстанның ең алғашқы астаналарын ата. 

9. Қазақстан Республикасының Президенті қашан сайланды? 

(1991 жылы 1 желтоқсанда) 

Қорытынды  сөз.  Енді  мен  бүгінгі  сабақты  ҚР  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарында айтылған Қазақстан 

халқына  Жолдауымен  қорытындылағым  келеді.  «Қазақ  тілі  бүгінде 



ғылым  мен  білімнің,  интернеттің  тіліне  айналды.  Қазақ  тілінде 

білім  алатындардың  саны  жыл  өткен  сайын  көбейіп  келеді.  Еліміз 

бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. 

Олардан  мыңдаған  азаматтар  қазақ  тілін  үйреніп  шықты,  әлі  де 

үйренуде. Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге 

ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар 

береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика 

бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір 

ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! 

Оны  даудың  тақырыбы  емес,  ұлттың  ұйытқысы  ете  білгеніміз 

жөн». 

V.  Бағалау.  Әділ  қазылар  қай  топтың  жеңгенін,  қалай  жауап 

бергендері жөнінде тоқталып өтеді. (Үш топтан алдын ала сайланған 

студенттер топ мүшелерін бағалайды). 

VI. Үйге тапсырма: Өз болашақ мамандығыңыз туралы қысқаша 

мәтін құрастырыңыз.



140

141


1.Қазақ  халқы  араб  әліпбиінен  латынға  қай  жылы  көшті? 

Орыс әліпбиіне ше?

2. Буын үндестігі (сингормонизм) деген не?

3. «Омоним» мен  «көп мағыналы» сөздің айырмашылығын 

айтыңдар.

4.  Тұрақты  тіркестерге  (фразеологизмдерге)  мысал 

келтіріңдер.

5. Одағайдың түрлерін ата. 

6. Шылау және оның түрлері.

7. Көсемше мен есімшенің жасалу жолдарын айтыңдар.

8. «Көп біліп, дөп сөйлеген – шешен, аз біліп, көп сөйлеген - 

мылжың»,- деп айтқан кім? а) Платон; ә) З.Қабдолов.

9. «Шешендік тәлім» кімнің еңбегі? а) Квинтилиан;                     ә) 

Ж.Баласағұн.

10. «Шешен сөз»  ұғымын термин ретінде алғаш қолданған  

ғалым кім?       а)А.Байтұрсынов; ә) Ж.Аймауытов.



ІІІ.Оқушыларды 3 топқа бөлу (өткен байқау сынағының 

сараптамасы бойынша бөлінеді)

1-топ. «Фонетика» тобы    (төменгі деңгей)

2-топ. «Лексика» тобы       (орта деңгей)

3-топ. «Синтаксис» тобы   (жоғары деңгей)

 ІV. Білмегеніңді сұрап ал. (Топпен жұмыс)

1-топқа тапсырма:

1. Дауыссыз дыбыстарды топтастырыңдар.

2. Дауысты дыбыстарды топтастырыңдар.

3. Буын, буынның түрлері.

4. Дыбыс үндестігі.

5. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.

2-топқа тапсырма:   

1. Сөздің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасы.

2. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы.

3. Көнерген сөздер мен жаңа сөздер.

4. Диалект сөздер, кәсіби сөздер, термин сөздер.

5. Кірме сөздер.

3-топқа   тапсырма:

1. Жай сөйлемнің түрлері. 

2. Салалас құрмалас сөйлем деген не?  Түрлері?

3. Сабақтас құрмалас сөйлем деген не? Түрлері?

4. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі жайында не білесің?

5. Тыныс белгілерін қойыңдар: а) Бірақ ғажап таң тамаша 

жалғыз  балық  алтын  балық          ә)  Сенің  ана  тілің  шексіз  бай 

тегеуріні мықты тіл  қымбатты балам



V. Сен бәрін де білесің!!! (жеке оқушымен жұмыс)

Әр топқа өз тақырыптарына байланысты тест тапсырмалары 

беріледі;

 Жеке оқушылармен жұмыс:

1. Орындарында отырып жұмыс жасау;

2. Тақтада жаттығу-тест жұмысын жүргізу;

3. Компьютерде онлайн тест жұмысын жүргізу;

4.  Ұялы  телефонды  пайдалану  арқылы  онлайн  тест 

тапсырмасын орындау.

VI. Білімдерін бағалау. Айтшы, саған қай гүл тиесілі? 

Қызыл гүл – 21-25 ұпай аралығында білетін оқушыға;

Сары гүл  -  14-20 ұпай аралығында білетін оқушыға:

Көк гүл -  4-13 ұпай аралығында білетін оқушынікі.



VII. Үйге: 1. Сөзжасам, морфологияны қайталау

 2.ҰБТ-ға дайындық: тест тапсырмаларын шешу.

Мұғалім. Бүгінгі сабақты ұлы данышпан  Абай атамыздың 

мына бір өлең жолдарымен аяқтайық:   

  

 

Білімдіден шыққан сөз,



          Талаптыға болсын кез.

        Нұрын, сырын ұғуға,

              Көкірегінде болсын көз.

                                                        Абай. 

142

143


Мақсатына жеткенін көзбен көріп,

«Мұғалім бол!» дейтұғын сөзбен өріп.

Арқа қағып, шабыт бере қолпаштай,

Үлкен разы болатын бата беріп.

Оны көрсек, шықпайтынбыз селтеңдеп,

Қатарласа жүрмейтінбіз кердеңдеп.

Қазіргі жас тыңдамайды ұстазды,

Мейлі, қазір айналса да жер мен көк.

«Ұстазды шәкірт тек сыйлауға хақылы!»

Деген жалғыз қадиға бар болатын.

Оны бұзған, қоқиланған «батырды»,

Үйдегілер бірден жөнге салатын.

Қарсы келмей, сыйлайтұғын тік тұрып,

Айтатұғын ұлылығын ұқтырып,

Сол кездегі қадір, құрмет қайда екен?

Күйе жағып, жала жауып ұттырып.

Шәкірт шықса биікке көңілі толып,

Қуанады балаша риза болып.

Алғыс айтсақ, ұстазға жетіп жатыр,

Анық басып жүретін, бәрін шолып.

Ешкім де өрге шықпас, өзін мақтап,

Жаратпайды ұстазды кетсең даттап.

Алып шығар межеден Абайша айтсам:

«Еңбегі мен ақылы екі жақтап!».

Міне, менің жан қалауым осындай,

Кім сұраса, жауап берем тосылмай.

Еккенін елеп, атын оның ардақтап,

Жүрсе екен кім болса да басынбай!

Мәртебенің тұлпарына нық мініп,

Жарысқа түс оза шауып, қақ тіліп.

Ізет пенен қошеметке бөленіп,

Әріптесім, мерекеңде тұр күліп! 



Ұстаз шығармашылығы

Ж.ТӨЛЕУБАЕВА, 

№25 жалпы орта білім беру мектебі.

Павлодар қаласы



ЖАН ҚАЛАУЫМ

Ақын емен, көрмекшімін сөз түзіп,

Өз жанымның қалауына көз сүзіп.

«Білім – теңіз, мектеп - кеме», білесіз?!

Сол кемемен мен де келем бір жүзіп.

Жан қалауым, бар қалауым – ұстаздық.

Ізгілік пен парасатты ұстамдық.

«Білім» атты шыңға шығып шәкіртпен,

Мәңгілікке әнге айналған құштарлық.

Ұстаздықты таңдап едім, жан қалап,

Жұмсамаққа, күш пен қуат, зор талап.

Әкем салған сара жолдан тайқымай,

Ұлағаттың жүгін бірге арқалап.

Мұратына жетсе, кетер құлпырып,

Ұстаздарды ғылым, білім құлпы ғып.

Керек еткен кілтін салып ашатын,

Алла оны жаратқан ғой мықты ғып.

Таусылмайтын жазулардан бас алмай.

Қоғамдағы жұмыстардан тыс қалмай,

Жас ұрпақтың зейінін аша дамытып,

Үйретеді  ұшуды  талмай самғай.

Ұстаз елге әрдайым пана болған.

Сауатсыздық жоюда сана болған.

Әуелі, ел басқарған ағаларым,

Ұстаз алдын көргеннен дана болған.


144

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Бас редакторы – Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.



“Қазақ тілі мен әдебиеті” – 

ай сайын шығатын республикалық ғылыми-

педагогикалық және әдістемелік жұрнал.

Құрылтайшы және шығарушы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» 

және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.



Теріп, беттеген – Айнұр ХАБИДУЛЛАҚЫЗЫ.

Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларындағы 

ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 

және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 

комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 

айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 

қою туралы №6266-ж Куәлігі берілген.

Басуға 09.10.2015 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32

Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.

Шартты басылым табағы – 8.0.

Есептік баспа табағы – 7.68. Таралымы –2200.

Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75746.



Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы,

Гайдар көшесі, 123-үй. Қарасай батыр қиылысы.

Бас редактордың қабылдау бөлмесі және 

бөлімдер...............268-32-48.

Факс......................243-15-53.   

Электрондық пошта: Kazulagat@mail.ru.

Жұрнал сайты: www.kazhu.kz

Басылатын жері – ЖК Асубаев С.Ш.

ЕЖЕМЕСЯЧНЫЙ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ 

НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ И МЕТОДИЧЕСКИЙ 

ЖУРНАЛ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ 

ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 

ӘДЕБИЕТІ» ЖӘНЕ «ҰЛАҒАТ»

 © «Қазақ тілі мен әдебиеті», №10, 2015 ж., 144 бет, Алматы.



Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ

жүктеу 0.97 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет