«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1.86 Kb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата10.09.2017
өлшемі1.86 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
«Қазақ тілі мен 
әдебиеті» және 
«Ұлағат» 
жауапкершілігі 
шектеулі 
серіктестігінің 
ай сайын 
шығатын 
Республикалық 
ғылыми-
педагогикалық, 
әдістемелік 
жұрналы 
                        
 
Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ...
АБАЙ.
         
                  ҚАЗАҚ ТІЛІ
 
                   МЕН 
                   ӘДЕБИЕТІ
                               
1958 жылдың                 
                                                                     наурыз айынан 
                                                                     бастап шығады
                      
         9/2013   
ҚЫРКҮЙЕК
    
МАЗМҰНЫ
Көкейкесті көзқарас
Гүлмира АҚМАҒАНБЕТОВА.     Оқушыларды жобалау-зерттеу қызметіне
                                                             үйрету жолдары.................................................3
Жұпаркүл ХАЛМҰРЗАЕВА.         Қазақ тілін тереңдетіп оқыту – қоғамдық-
                                                             әлеуметтік өмір талабы...................................10
Нұрила ОМАРОВА.                        Жаңа технологияны сабақта пайдалану.........16
Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Айкөркем ЖҰМАҒАЛИ.                Көп нүкте. Сөйлем соңына қабаттасып
                                                             қойылатын тыныс белгілер.............................22
Әсем ПІРІМОВА.                             Қатемен жұмыс жүргізу жолдары..................28
Айымжан МАНКИШЕВА.             Тұрақты тіркестер...........................................33
Ұлман БЕКЕТОВА.                         Түбір мен қосымша.........................................37
Раушан ЖҰМАНҚЫЗЫ.                Жинақтық сан есім..........................................42
Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Хуралай АЛДАНЫШ.                     Әбділданың «Толағай» әдеби ертегісі...........45

Ботагөз ДОСҚАЗИЕВА.                   Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша
                                                               тест тапсырмалары........................................52
Зәурехан ОСПАНОВА.                      Ілиястың «Күйші» поэмасы.........................61
Бақыт АХАНОВА.                             Тұманбай Молдағалиев. «Бауырлар»..........66
Элмира ХАЛЕЛОВА.                        Қалмақан Әбдіқадыровтың 
                                                               «Қажымұқан» әңгімесі..................................70
Рита СЕЙІТМАҒАМБЕТОВА.        Махамбет Өтемісұлы. «Тарланым».............74
Гүлжан МҰХАМБЕТЖАНОВА.     Ғабит Мүсірепов. «Ананың анасы»............78
Надежда АМАНШАҚЫЗЫ.             Джек Лондон. «Мексика ұлы».....................87
Саламат ТАУБАЕВ.                           Абайдың табиғат лирикасы..........................92
Тұрсын ШҮКІРБЕК.                         Сәбиттің «Саятшы Ораз» әңгімесі..............96
Оқулыққа қосымша
Бибігүл ҚУАНЫШҚҰЛҚЫЗЫ.       Балалар жыршысы – 
                                                                Мұзафар Әлімбаев......................................101
Авторлық бағдарлама
Гүлжан ҚОСЫМОВА.                       «Қазақ жазу таңбалары жүйесінің
                                                                тарихы» таңдау курсы................................110
Зоя МАТАН.                                         «Мұқағалитану» қолданбалы курсы.........113
Патима ӘЛІМБЕКОВА.                    «Мағжантану» таңдау курсының
                                                                күнтізбелік жоспары...................................122
Сыныптан тыс сабақ
Өтебай СЕРӘЛІ.                                  «Сөйлей білу - өнер» сайысы...................127
Жас маманға жәрдем
Элмира ОМАРОВА.                            «Қорқыт ата кітабы»..................................131
Сәндігүл ЕЛЕУОВА.                           Толықтауыш және оның түрлері...............134
Алмат ШАРАПАДИНҰЛЫ.               Абайдың «Ескендір» поэмасы..................136
  
Көмекші құрал
Гүлден РАМАЗАНОВА.                      5-сынып «Әдебиетіне» арналған
                                                                 жұмыс дәптері............................................139
       
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
Құсиын Айтқалиев, Шәмша Беркімбаева, Қанипа 
Бітібаева, Жанғара Дәдебаев, Гүлтас Құрманбаева,                                     
Мекемтас Мырзахметұлы, Қуандық Мәшһүр Жүсіп,                      
Нұрша Оразахынова, Бақтияр Сманов, Жансейіт Түймебаев, 
Рақымжан Тұрысбек, Нұргелді Уәлиұлы.

3
Көкейкесті көзқарас
Гүлмира АҚМАҒАНБЕТОВА,
Қызылорда облысының
Қармақшы ауданындағы
№85 орта мектеп директорының  
ғылыми-әдістемелік жұмыстар 
жөніндегі орынбасары.
ОҚУШЫЛАРДЫ ЖОБАЛАУ-
ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІНЕ ҮЙРЕТУ 
ЖОЛДАРЫ
Қазіргі  кездегі  қоғамның  білім  ордаларының  алдына  
қойып  отырған  негізгі  мақсаты  –  жан-жақты  білімді  жас 
ұрпақты  тәрбиелеу.  Жан-жақты  білімді  жеке  тұлғаның 
логикалық  ойлау  қабілеті  дамыған  болуы  керек.  Бұл  – 
мейлінше  қиын  да  ұзақ  үдеріс,  өйткені  бұған  жету  үшін 
алдымен  ұғымдар  беріліп,  ол  ұғымдар  санамен  игеріліп, 
жүйеленіп  қалыптасуы  қажет.  Оқушының  білімі  де  осы-
лайша  қалыптасады.  Ол    логикалық  түрде  ойлап,  саналы, 
жан-жақты  қабылдайтын  болуы  қажет.  Адам  табиғаты-      
нан  әр түрлі қабілетті болып туылады және қабілеттердің 
дамуы да әр түрлі болады.
Қабылдау бес топқа бөлінеді.
Механикалық қабылдау: мұнда оқушы білімді жаттап 
алады, практикада пайдалана алмайды.
Индуктивті  қабылдау:  мұнда  оқушы  білімді  жаттап 
алады, практикада пайдалана  алмайды.
Саналы  қабылдау:  оқушылар  ережені  дұрыс 
қабылдайды, практикада да пайдалана алады. 
Ішкі  қабылдау:  оқушы  ережелерді,  оны  дәлелдеуді 

4
толық  түсінеді,  оның  дұрыстығына  күмәнданбайды,  оны 
практикада пайдалана алады.
Толық  қабылдау:  қабылданған,  бекітілген,  байланыс-
қан, бір сөзбен айтқанда, жүйеленген білімді қабылдау.
Бұл  қабылдауларға  тек  оқушылармен  түрлі  бағытта  (іс-
әрекетке  ізденушілікке  баулу  жұмыстары)  жұмыс  жүргізу 
негізінде қол жеткізуге болады.Көп оқушылар механикалық 
қабылдау деңгейінде қалып қояды, алған білімін практикада 
пайдалана  алмайды.  Сондықтан  оқушылардың  білімді 
қабылдауын жоғарылатуда жобалау әдісін пайдалану тиімді 
рөл  атқарады.  Жобалау(құрастыру)  мақсат  қоюдан  бастап, 
жаңа жүйе тиімділігін тексеруге дейінгі аралықты қамтиды.
  Жоба әдісі 1920 жылдары Америкада жасалған, негізінен 
белсенді  оқуға  негізделген.  Бұл  кезде  оқушы  белсенді 
қызмет  етеді,  өзінің  қызығушылығын  танытады,  білімін 
практикада пайдалана алуына мүмкіндік туады. «Мәні бар 
проблемаларды не үшін, қайда, қалай пайдалануға болады?» 
деген сұрақтарға жауап іздейді, алған білімін пайдаланады, 
жаңасын  іздейді,  мұғалім  оған  жол  көрсетеді.  Мұғалімнің 
қызметі  –  оқушыны  уақтылы  дұрыс  бағытқа,  дұрыс 
ақпарат  алатын  жаққа  қарай  бағыттау,  ал  оқушы  қызметі 
–  өз  бетімен,  өз  күшімен,  әр  түрлі  білімдерін  пайдаланып 
проблеманы  шешу,  дұрыс  қорытынды  шығару.  Шынайы 
ізденіс  үшін  оқушыда    байыптылық,  аңғарымпаздық, 
ойлылық, зерделілік, талдай, саралай білу, сыни көзқараспен 
қарай  білу  дағдылары  болу  керек.    Үстірт  оқу,  баға  үшін 
оқулықтағы немесе ұстаздарының айтқанын қайталап шығу 
ізденіске  жетімсіз.  Осылайша  проблеманы  шешу  жобалау-
зерттеу қызметіне айналады.
Жобалауға  қойылатын  негізгі  талаптар:  зерттеу  не 
шығармашылық  бағыттағы  мәні  бар  проблемаларды 
таңдау; теориялық білім мен практикалық іс-әрекет жасау 

5
белсенділігін көрсететін нәтижелер; оқушының іс-әрекеті; 
жобаның құрылымы, ондағы кезеңдер нәтижелері; зерттеу 
арқылы іс-әрекет жүйесін көрсету.
Іздену,  зерттеу  жұмысын  проблема  (жауабын  тосып 
тұрған  немесе  әлі  де  дұрыс  шешілмеген,  қарама-қайшы 
пікірлер) туғызады делік. (Проблема (грек сөзі) – қиындық, 
шешімін күтіп тұрган мәселе деген мағынаны білдіреді). Ең 
алдымен,    «Проблема  деген  не?»  сұрағына  ойлануға  тура 
келеді.  «Кез  келген  «Неге?»  деген    сұрақтың  барлығында 
проблема жатыр» деп түсіну дұрыс емес.
Проблемаға  негізінде  жауабы  дайын  емес,  беймәлім, 
шешімін  тілеп  тұратын,  яғни,  жаңа  өнімді,  жаңа  білімді  
қажет  ететін  мәселелер  жатады.  Оқушы  оны  өзі  шешіп, 
өзі  табуы  керек.  Дайын  білімді  қайталап  айтып  беруі 
зерттеушілікке  апармайды.  Оқушыны  оқулықтағы  білім 
мазмұнымен  шектемей,  қосымша  құжаттарға,  ғалымдар 
еңбегіне, өз бетімен ізденуге, талпынуға бағыттау керек. 
Оқушыны  көркем  шығарманы  оқи  отырып,  оның   
негізінде қандай проблема жатқанына, жазушы не айтпақшы 
болғанына,  қандай  мәселелер  көтерілгеніне,  соның 
айналасында  ойлануға  жетелеу  керек.  Мысалы,  Мұхтар 
Әуезовтің  «Қорғансыздың  күні»  шағын  әңгімесінің  өзі 
проблемаларға  толы.  Осы  сабақта  оқушыларға  мынадай 
ойлар тастадым:
- Әңгімеде жас бала Ғазизаның Ақан болыстың мазағына 
ұшырауы,  жантүршігерлік  сұмдық  суреттеледі.  Ғазиза  осы 
тағдырға неге ұшырады, кім кінәлі, тек Ақан болыс па?
-  Жазушы  не  айтпақ  болған,  әңгіме  негізіндегі  ой  нені 
меңзетеді?
-  Әңгіме  неге  табиғатты,  боранды  суреттеуден  баста-
лады?
-  Оқиғаға  еш  қатысы  жоқ  Күшікбай  батыр  неге        

6
жазылған?
Әңгіменің ең соңына үңілдіріп, оқып бердім. 
-  Ғазиза  сұмдардың  қолынан  қаза  тапты.Ойлаңдаршы, 
жазушы неге осылай аяқтаған? Басқаша аяқтауға болар еді 
ғой.
Енді соның шешімін, жауабын іздеуге уақыт бердім. 
-  Шебер  жазушы  табиғаттың  дүлей  күші  –  боранды 
суреттей  отырып,  әңгімеде  баяндалған  сұмдық  оқиғаны 
меңзетеді де, «Кім қатал, кім дүлей, боран ба әлде Ақандар 
ма?» деген ой тастайды.
-  Күшікбай  батыр  тарихын  лирикалық  шегініс  арқылы 
әңгімелей  отырып,  оны  Ақандарға  қарама-қарсы  қоятын 
сияқты.  Нағыз  ер  кім?  Соңғы  демі  қалғанша  елін,  жерін 
жаудан  қорғаған  Күшікбай  ма  әлде  қорғансыз  сәбиді         
қорлап жауыздық жасаған Ақан ба?
Әңгіме  негізіндегі  басты  мәселе  –  қорғансыздар 
проблемасы.  «Жазушы  қорғансыз  Ғазизаны  соңғы  көрініс 
арқылы қорғайды» деген жоба құрастырдық.
«Жетім»  әңгімесі  бойынша  оқушылар  проблемалық 
сұрақтарды өздері дайындап, шешімін табуға ізденді:
- Әңгіменің басқа әңгімелермен үндестігі.
- Әңгімедегі қорғансыз, панасыз кім?
- Оның тағдыры қалай шешіледі?
-  Жауыздық,  қаталдық  жеңіске  жетеді,  нәзіктік, 
мейірімділік, мөлдір жастық, ар-ұят табанға тапталады, ана 
жүрегі қан жұтады. Жетім жер жастанады. Осылайша ауыр 
трагедияны көрсетуге автор нені мақсат еткен?
Тапсырманы  жеке-дара  орындаған  соң  оқушылармен 
бірігіп, «Пікірталаста шындық көзі ашылады» деген қанатты 
сөзді басшылыққа ала отырып, сыныпта пікірталас өткіздік. 
Оқушылардың  қабілеті,  икемділігі,  дарыны  осындай 
жұмыстарда  көрінеді.  Шығармашылық  оқушылардың  өз 

7
беттерімен зерттеу, іздену, қорытынды жасау іс-әрекеттеріне 
түрткі жасай отырып, оларды ғылыми ізденіске жетелейді. 
Зерттеу  –  жаңа  бір  өнім,  нәтижеге  қол  жеткізу 
мақсатындағы ізденіс, танымдық іс-әрекет.
Жоба  –  бір  нәрсенің,  жаңа  өнімді  жасау  үшін  керекті 
құжаттар,  сызбалар  жиынтығы,  алдын  ала  жасалынған 
жоспар, мәтін, нобайлар.
Оқушылардың  зерттеушілік  ізденіс  нәтижесі  туралы 
сөз қозғағанда, мұғалімге мына маңызды жайтты ұғып алу 
қажет: бұл жұмыстың барлық кезеңдерінде біздің күтетін ең 
маңызды нәтижеміз – оқушының шығармашылық қабілетінің 
дамуы, баланың жаңа білім, дағдыларын игеруі, зерттеушілік 
әрекеті,  ең  маңыздысы  –  нәтиже,  яғни,  оқушылардың  өзі 
ойлап тапқан шығармашылық өнімі.
Оқушыны  жобалау-зерттеушілік  атынан  қызметіне 
жетелейтін қадамдар
І қадам
Сені не қызықтырады? Анық біле алмай жүрсең, 
өзіңе-өзің мына сұрақтарды беріп, ойланып көр.
- Сені не қызықтырады? Қай сұрақтың жауабын 
таба алмай жүрсің?
ІІ қадам
Өзіңді қызықтырған сұрақтар бойынша 
материалдар жинақта, тізімін жаса. Кітапханаға 
бар, ұстазыңнан көмек сұра.
 
                    
Зерт-
теу 
Зерттеулердің практикалық көрінісі. Ол 
жаңа өнім, ғылыми жаңалықтардың 
модель, схема, т.б түріндегі берілуі. 
Практика жүзінде жоба иесі өз 
жаңалығын, тапқан өнімін сол арқылы 
нақты көрсетеді, жасайды. Теориялық 
зерттеуден айырмашылығы да – сол. 

8
ІІІ 
қадам
Тапқандарыңды жүйелеп, керекті, өзіңе ұнаған 
жерлерін қысқаша жазып алып жүр. Үлгі:
Ав-
торы
Еңбек-
тің 
аты
Қай 
жылы,
 қай 
жерде 
шыққан?
Не 
айтыл-
ған?
Кітап-
тың 
беті
ІV 
қадам
Жобалау және зерттеу. Тақырыбыңды таңдап 
алғаннан кейін соның айналасында өзіңше 
іздену, зерттеу жұмысыңды баста. Іздену, зерттеу 
жұмысын жүйелі бір тәртіппен жүргіз.
Жобалау-зерттеушілік  қызметке  қойылатын  ғы- 
лыми  талаптар:  проблема;  ізденіс,  зерттеу;  баяндау, 
салыстыру;  тұжырым,  қорытынды;  дәлелдеме;  мақсатқа 
жету, нәтиже; батылдық, табандылық; орынды ақыл-кеңес, 
пікірлерді тыңдай білу; қателіктен қорықпау, мойындай білу.
Жобалау-зерттеу  арқылы  орындалатын  жұмыс-
тардың  қорытындысы  пікірталас,  реферат,  тұсаукесер 
рәсімі, ғылыми жоба түрінде қорғалады.
Жобаны бағалау тәсілдері:
1) жобаға қатысушылардың әрқайсысының белсенділігі; 
2) қатысушылардың бір-біріне көмегі мен байланысы; 
3)  алынған  проблеманың  ашылуы,  басқа  білімдерді 
пайдалана білуі; 
4)  қабылданған  шешімді  дәлелдей  білуі,  өзінің  ойын 
жеткізе білуі, қорытындысын дәлелдей алуы; 
5) жұмыстың нәтижелерін көрсетудегі көркемділігі.

9
Оқушыны    өз  беттерімен  орындаған  жұмыстарының 
нәтижесін міндетті түрде дәлелдеп отыруға және дәлелдеу, 
тек  өз  пайымдауларын  ғана  емес,  нақты  мысалдарға, 
ғалымдар еңбектеріне, қосымша материалдарға, ең бастысы, 
мәтінге негізделуі қажет екендігіне назар аударту керек.  
Зерттеу  не  шығармашылық  бағыттағы  тапсырмалар,  ең 
алдымен, оқушылардың тіл байлығын дамытады; екіншіден, 
тапқырлыққа,  шешендікке  баулиды;  үшіншіден,  қабілеті, 
дарынының  дамуына  түрткі  жасайды;  төртіншіден,  алған 
білімді  тәжірибеде  пайдалануға  мүмкіндік  туғызады; 
бесіншіден, дербес ізденіске, өз беттерімен соның негізінде 
бір «өнім» жасауға жетелейді. Жан-жақты мұғалім өзі білім 
ала алатын адам қажет болып отырған кезеңде алған білімін 
түрлі  проблемаларды  шешуге,  келешекте  кәсіби  маман-
дығын  таңдай  отырып  таным  белсенділігін  қалыптастыра 
алатын  тұлға тәрбиелейді.
Өз  ойымды  ұлы  Абай  атамыздың  «Ұстаздық  еткен 
жалықпас  үйретуден  балаға»  деген  қанатты  сөзімен 
қорытындылай  отырып,  төмендегідей  ұсыныс-пікірімді 
айтқым келеді:
«Оқушының  алған  білімін  өмір  сүруге  пайдалануға 
дайындаңыз. Оқушыларда өз бетінше танып білу іс-әрекетін 
жүргізу үшін білім жиынтығы болуы тиіс екенін ескеріңіз. 
Оқушылардың зерттеу қызметін пайдалана білу дағдысын 
(ақпаратты  жинақтау,  оның  қажеттісін  пайдалану,  әр 
түрлі  болжам  жасау,  қорытынды  мен  шешім  қабылдау 
қабілетін)  дамытыңыз.  Зерттеу  не  шығармашылық 
бағыттағы  мәні  бар  проблемаларды  табуға  үйретіңіз. 
Жобалау-зерттеу  жұмысының  мақсатына  жетуіне  көңіл 
бөліңіз».

10
Жұпаркүл ХАЛМҰРЗАЕВА,
Сырбай Мәуленов атындағы 
№37 орта мектептің мұғалімі.
Астана қаласы.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ТЕРЕңДЕТІП  
ОҚЫТУ  ҚОҒАМДЫҚ-  
ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІР ТАЛАБЫ
Тіл − сөйлеу, ойлау, қарым-қатынас құралы, тіл − әрбір 
адам,  ұлт,  мемлекеттің  қадір  тұтар  ардағы.  Қоғамның 
көркейіп, ілгерілеп дамуы қашанда сол қоғам мүшелерінің 
біліктілігі мен білімдігіне байланысты екені аян. Сондықтан 
бүгінгі өтпелі кезең тудырған қиындықтарды жеңе отырып, 
жасап  жатқан  ісіміздің  баянды  жалғасын  тауып,  жемісті 
болуы  үшін  алдымызда  білікті  де  білімді  ұрпақ  өсіру             
міндеті тұр.
Біліктілік  адамның  өмір  жасында    көргені  мен  естіге-
нінің  тиімдісін  көңілге  тоқудан,  ал  білімділік  тікелей                         
оқудан құралмақ.
«Тіл − сарқылмас қазына» дегенді жиі айтамыз. Оған дау 
жоқ. Сонымен бірге, ол – жанды құбылыс. Ол – халықпен 
бірге  дамып,  елдің  күнделікті  қарым-қатынас  ісінде, 
қызметтік қажеттілігіне қарай жаңа сапа иеленіп, толығып, 
байып отырмақ. Мемлекеттік дәрежеде көтерілген тілдің де 
даму бағдары осы деңгейде жүзеге асуы мүмкін.
Ұлтымыздың  ұлы  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынұлы  «Өз 
алдына  ел  болуға  өзіндік  тілі,  әдебиеті  бар  ел  ғана  жарай 
алады» деген екен. Халқымыздың ғасырлар  бойы аңсаған 
тәуелсіздігін  нығайтудың,  ұлтымыздың  тұтастығын  сақтап 
қалудың  негізгі  алғы  шарттарының  бірі  –  ана  тіліміздің  

11
мерейін көтеру, пайдалану, аясын кеңейту. Осы ізгі парызды 
орындауға білім ошақтарының, ұстаздардың,  әсіресе, қазақ 
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің орыны ерекше екені  – 
дау тудырмас мәселе.
Қазіргі  кездегі  қоғамда  болып  жатқан  өзгерістерді 
демократияландыру,  ізгілендіру  үдерістері    баланың  еркін 
дамуын, белсенді шығармашыл болуын талап етеді. Мектеп 
бітірген  баланың  сан  алуан  қиындықтардан  қиналмай 
өтуі  оның  ақылының,  еркін  сезімінің  және  оның  жалпы 
дамуының деңгейіне байланысты.
Қазақ  тілін  тереңдетіп  оқытудың  жолға  қойылуы  − 
бүгінгі  қоғамдық-әлеуметтік  сұраным  талабынан  туындап 
отырған  мәселе.  Мемлекеттік  мәртебеге  ие  болған  қазақ 
тілінің  қолданыс  өрісінің  кеңеюі,  біршама  жылдар  бойы 
өзге тілдің өктемдігінен табиғи арналарынан ажырап қалған 
ана  тілімізді өрістетуге деген талаптың күшеюі республика-  
мыздағы  білім  беру  жүйесінің  негізгі  буыны  болып 
саналатын  жалпы  білім  беретін  мектептерде  бұл  пәннің 
рөлі,  маңызының  арттырылуына  қажетті  алғышарттарды 
қалыптастыруды керек етеді. Бұл орайдағы негізгі шарттар − 
қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын жаңарта отырып, оқушыға 
терең  білім  беру,  олардың  коммуникативтік  біліктілігін 
арттыру, ана тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде 
дұрыс қолдана білу іскерліктерін жетілдіру.
Қазақ  тілінен  терең  білім  беру  оқушыға  академиялық 
тіл  біліміндегі  бар  ғылыми  категорияларды  үстемелеп 
ұсынуымен  шешілмейді.Білімді  тереңдетуге  оқушының 
өзіндік  танымы  арқылы  ғана  қол  жеткізілетінін  ескеру 
қажет, яғни, білім мазмұнының оқушы біліктілігінің базасы 
болатындай  әдістемелік  жолдарды  белгілеу  шешуші  рөл 
атқаратынына мән беру қажет. 
Қазақ  тілінің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 

12
стандарттарына,  белгіленген  талаптарға,  жаңартылған 
білім  мазмұнына,  оқушы  меңгеруге  тиіс  міндетті  білім 
деңгейлеріне  табан  тірей  отырып,  қазақ  тілін  тереңдетіп 
окытуға  қатысты  міндеттер  мен  нәтиже  межелері                                                     
белгіленеді.
Жалпы  білім  беретін  мектептерде  оқытылатын  қазақ 
тілінің мақсаты тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, 
тіл  қызметтерін  жүйелі  меңгерген,  сөз  мәдениеті  талап-
тарына сай білік-дағдылары жетілген дара тұлға даярлауға 
мүмкіндік  туғызу  болып  қойылғаны  белгілі.  Олай  болса, 
қазақ  тілін  тереңдетіп  оқытатын  арнайы  мектептер  мен 
сыныптардағы мақсат та осылай қойылады.
Тек  айырмашылық  оқушының  өзіндік  ізденістеріне 
негіздей  отырып  білім  алуына  және  біліктерді  меңгеруіне 
қажетті  жағдайларға  молырақ  мүмкіндік  беру  мәселесі 
ескеріледі.
Тереңдетілген  бағдарламалардағы  қосымша  сағаттар  да 
оқушының  өздік,  шығармашылық  жұмыстарды  орындауға 
жұмсауына  мән  беріледі,  яғни,  білім  мен  білік  оқушының 
өздігінен ізденуіне, түрлі тілдік жағдаяттарда тіл жұмсауға 
төселуіне  және  оның  лингвистикалық  дүниетанымының 
кеңеюіне  жол  ашатындай  тілді  әр  қырынан  өздік  әрекеті 
арқылы тану жолымен меңгертіледі.
Тереңдей білім беру ақпараттық сипаттан гөрі танымдық 
жүйеге  қарай  бейімделе  беріледі.  Тереңдетіп  оқытылатын 
мектепте  немесе  сыныпта  тапсырма  оқушы  үшін  бірдей, 
міндетті талап түрінде қойылады.
Қазақ  тілінің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 
стандартында 
қазақ 
тілінен 
5-сыныптан 
бастап 
факультативтік 
сабақтар, 
ал 
7-сыныптан 
бастап 
тереңдетілген  бағдарламалармен  жұмыс  ұйымдастыруға 
болатыны  айтылған.  Сол  себепті  бұл  бағдарлама 

13
5-11-сыныптар  аралығын  қамтиді.  7-сыныптан  бастап 
тереңдетілген жағдайда болашақ мектептің 7-9-сыныптары 
негізгі сатыға, ал 10-11-сыныптар бағдарлы мектепке тиесілі 
екені де ескерілуі тиіс. Оның үстіне жаңа бағдарламаларда 
білім  мазмұны  жүйелілік,  білімнің  толықтығы,  сатылы-
сабақтастық  ұстанымы  бойынша  түзілген,  яғни,  тіл  білімі 
салалары бойынша берілетін білімдер бір сыныпта түгелдей, 
теория  толық  тұрғыда  оқытылады  да,  кейінгі  сыныптарда 
тек қайталанып, өзге салаға қатысы тұрғысынан пәнішілік, 
салааралық байланыс деңгейінде жаңғыртылады.
Еліміздің 
Президенті 
Нұрсұлтан 
Назарбаевтың 
«Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде»  деген  қанатты 
сөзімен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру туралы үнемі 
алға қойып келе жатқан міндеттерін орындау аясында қазақ 
тілін  тереңдетіп  оқытуды  2008-2009  оқу  жылында  қолға 
алып,  тереңдетілген  сыныпқа  емтихан  арқылы  іріктелген 
«жақсы»  және  «өте  жақсы»  оқиды  деген  оқушыларды 
қабылдадық.
«Қазақ 
тілін 
тереңдетіп 
оқу 
бағдарламасы» 
5-11-сыныптарға  арналған,  авторлары  Ж.Дәулетбекова, 
Е.Арын,  Г.Махамбетовалар  дайындаған  тереңдетілген 
ңұсқаларды басшылыққа алдық.
5-сыныпқа келген оқушылармен жұмыс жүргізе отырып, 
олардың 4-сыныптағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен жазба 
жұмыстардан, шығармалардан алған тоқсандық қорытынды 
бағаларын  кестеге  түсіріп,  І  тоқсандағы  өзіміздің  қойған 
бағаларымызбен салыстырдық, яғни, бала білімін зерттеуден 
жұмыс жүргізуді жөн деп санадық. Көркем жазу, сауаттылық, 
сөздік  қор  жұтаң  болды.  Бала  көп  сөздің  мағынасын 
түсінбейді, еркін сөйлеп, әңгімелеуге төселмеген, теориялық 
білім  негізі  жұтаң  болғанын  байқап,  әр  педагогикалық 
кеңестерде  жүргізілген  жұмыс,  нәтиже,  кемшілік  жайында 

14
қорытындылап  отырдық.  5-6-сыныптарда  осы  айтылған 
кемшіліктерді жоюға сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану 
арқылы қол жеткіздік.
Көркем  жазуы  нашар  оқушыларға  әдемі  әріптерді 
жазу  үнемі  жаттығу  арасында,  үйге  қосымша  тапсырма 
ретінде  берілді.  Ал  сауаттылықты  нормаға  сай  ету  үшін 
сөздік  диктантты  көп  алып,  оны  бір-біріне  тексертіп, 
бағалау  әдісін  пайдаландық.  Сөздік  қорды  байыту  үшін 
факультатив сабақта «Синонимдер сөздігі» пайдаланылып, 
сабақ  жоспарланып,  көбіне  ойын  түрінде  жүргізілді.    Сол 
сияқты  сөзден  сөз  тудыру,  суретті  сөйлету,  сөзжұмбақ 
құрастыру, мәтінге лайықты сурет салу, «рөлдік ойындар», 
бейнетаспамен  жұмыс  және  электрондық  оқулықтардан 
пайдаланып  топтастыру  стратегиясын,  «кубик»  стра-
тегиясын  қолданғанда  білім  сапасының  артып,  оқушы 
қызығушылығының арта түскенін байқадық.
Әсіресе, сынып жетекшімен, ата-анамен қарым-қатынас 
тығыз  болу  қажет.  Үнемі  түсіндіру,  әңгімелесу,  телефон 
арқылы байланыс жасау, күнделік арқылы байланыс жасау, 
ата-аналар  жиналысын  жиі  өткізу  жұмыстары  жүргізілуі 
қажет.
7-9-сыныптарда  оқушы  біліміне  қатаң  талап  қою  үшін 
алдымен  мұғалім  өзінің  біліміне  қатаң  талап  қоя  білуі  
керек.  Мұғалім  үнемі  ізденіс  үстінде  жүруі  қажет,  өйткені 
7-сыныпта  оқушы  ақпараттық  білімінен  танымдық  білімге 
аяқ  басады.  Мұғалімнің  өзіне  тосын  сұрақтар  қояды, 
дәлелдейді.
Оқушылар  ережені  оқып  отырып  тірек-сызба  жасауға 
дағдыланып,  оны  мысал  арқылы  түсіндіріп,  талдауға, 
дәлелдеуге машықтанады.
Қазақ тілін тереңдетіп оқытудың ерекшеліктері қосымша 
сағаттарда  оқушының  өздік,  шығармашылық  жұмыстарды 

15
орындауға жұмсауына мән беру болғандықтан проблемалық 
оқыту технологиясын тәжірибе барысында пайдаланудамыз. 
Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес 
мәселелерді  өз  беттерінше  шешуге  жұмылады.  Проблема-
лық  жағдаятты  шешу  арқылы  оқушылардың  шығармашы-
лық  ойлауы  дамиды,  зияткерлік  таным  үрдісі  жетіледі. 
Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар 
оқушылардың  ғана  өзіндік  ойлауына,  өзіндік  ізденісіне 
бағытталады, білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным 
белсенділігін  арттыруға  түрткі  жасайды.  Проблемалық 
сұрақтарды,  жағдаятты  шешу  –  шығармашылық  үдеріс. 
Мәселен,  үйге  тест  сұрақтарын  құрастыру  берілгенде              
оқушы  оқып  отырып,  келесі  бір  оқушыға  проблема            
тудыратын сұрақ және жауап іздеп табады және т.с.
Шығармашылық  дегеніміз  –  адамның  белсенділігі  мен 
дербес  іс-әрекетінің  ең  жоғарғы  формасы.  Ж.Дистервег 
«Жаман  мұғалім  ақиқатты  өзі  айтып  береді,  ал  жақсы 
мұғалім  оқушының  өзін  ізденуге  жетелейді»  дейді.                                                                                                   
Ізденуге  жетелеуде  үй  тапсырмасының  рөлі  де  өте  зор. 
Үйге  берілетін  тапсырмалар:  баяндама  жазу,  еркін 
тақырыпқа шығарма   жазу, теледидар бағдарламасындағы 
жаңалықтардан  хабарлама  жазу,  оны  талдау,  туған-                                                                    
туысының біреуіне портрет жазу, сын есімді тап, т.с.с
Қазақ тілін тереңдетіп оқыту барысында тез түсіндіретін, 
тауып  сөйлейтін  тапқыр,  сөз  сайысында  алғыр  да  өткір 
тілмен таңғалдыратын, қарсыласқа шебер тойтарыс беретін, 
ақыл-ой қабілеті зор, әуезді де әсем сөйлейтін, тілі шебер де 
шешен, ең бай, ең таза қазақ тілін сүйетін, қадірлейтін, сөз 
қадірін зерделейтін шығармашыл, қазақ тіл білімі салаларын 
меңгерген, мәдениетті сөйлейтін жеке тұлға қалыптастыруда 
еңбек етіп келеміз деп айта аламыз.
«Қыран  түлегіне  қайырылмас  қанат  сыйлайды, 

16
ұстаз  түлегіне  алға  бастырар  талап  сыйлайды»  дейді 
дана      халқымыз.  Тәуелсіз  еліміздің  ертеңгі  болашағы  
білімді  ұрпақтарды  тәрбиелеу  мұғалімдерге  бұрынғыдан 
да  зор  жауапкершілікті,  замана  ағымына  бейімділікті, 
жанқиярлықты  талап  ететінін  осы  саладағы  педагогтар 
қауымы  жақсы  түсінеміз.  «Ана  тілін  армансыз  бойға 
сіңіріңіздер,  өйткені  бабаларымыздың  ғұмыр  тәжірибесі, 
дүниетанымы,  мінез-құлқы,  өзіндік  болмыс-бітімі  осы 
тілде  қаттаулы  жатыр»  деген  Нұрсұлтан  Әбішұлының                                                                                                       
сөзін басшылыққа алуды мақсат етейік.

Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 1.86 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет