Қазақ тарихының тамыры тереңде Мемлекеттік тілге жастар құрметі 2-бетте 6-бетте 7-бетте Асқақ



жүктеу 341.93 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата11.02.2017
өлшемі341.93 Kb.
  1   2   3   4

www.kazmkpu.kz

Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

Қазақ 

тарихының 

тамыры 

тереңде

Мемлекеттік 

тілге жастар 

құрметі

2-бетте


6-бетте

7-бетте


Асқақ 

әннің кеші

Ұлы Отан соғысы миллион­

даған адамның өмірін алып 

кеткен, талай боздақты қыр­

шын нан қиып, ананы жесір, 

сәбиді жетім еткен қанды шай­

қастарға толы 1418 күн мен түн 

ешқашанда ұмытылмақ емес. 

Еліне, туған жеріне оралмай, 

жат жердің топырағы бұйырған 

ерлерді біз әрқашан құрметпен 

еске аламыз. Бейбіт өмір сый ­

лаған Ұлы Отан соғысы ар­

дагер лерінің ерлігін ардақтау, 

Отан үшін от кешкен батыр­

ларды, майданнан оралмаған 

қайсар жауынгерлерді еске 

алу, рухына тағзым ету шарасы 

Қыздар университетінде болып 

өтті.


Ұлы Жеңістің 70 жылды­

ғына арналған шараға Алма­

ты қаласы Алмалы ауданында 

тұратын 50­ге жуық ардагерлер 

арнайы шақырылды.

(Жалғасы 2-бетте)

сайлау учаскелерінде Қыздар 

университетінің студенттері мен 

тұрғылықты халықтың дауыс 

беруіне барлық жағдай жасалын­

ды.


Алматы қаласында жалпы 513 

сайлау бөлімшесі жұмыс істегенін 

ескерсек, қала бойынша 1 280 966 

азамат Президент сайлауында 

дауыс беру құқығына ие болды. 

Саяси науқанның әділ өтуін Ал­

маты қаласы бойынша 3 мың 600­

ге жуық байқаушы қадағаласа, 

олардың 80­і – шетелдік.

(Жалғасы 3-бетте)

8-бет 


газетінің «наурыз көжесі»

Ұрпақ жадындағы ерлік

№5 (128)


30 cәуір

2015 жыл


Қыздар университетінің студенттері 100 пайыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевқа дауыс берді. Олар бұл ұстанымдарын «Қазақстанның 

дамуын Ұлт Көшбасшысымен ғана байланыстырамыз» деп түсіндіреді.

Биыл қара жерді дүркіретіп, жазықсыз жандардың жанын 

жазылмас жарамен қан жылатқан, көп ұлтты Кеңес халқының ер 

жүректілігі мен қанға сіңген қаһармандығын әлем алдында әйгі 

еткен, зұлматты жылдардағы алапат соғыстың аяқталғанына 70 

жыл толып отыр.

АРУЛАР 100% 

ЕЛБАСЫҒА ДАУЫС БЕРДІ

Мен балалықтың 

елінен келдім...

Дамудың басы – 

бірлікте

Д.Ж.НӨКЕТАЕВА, 

ҚазМемҚызПУ ректоры

Құрметті әріптестер мен 

студенттер! 

Баршаңызды 1 мамыр – 

Қазақстан халқының бірлігі күні 

мерекесімен шын жүректен 

құттықтаймын! «Байлық байлық 

емес, бірлік – байлық» деп 

топшылаған дана халқымыз 

қашанда бірлік пен ынтымаққа 

ерекше мән берген. Береке бас­

тауы – бірлікте. Ауызбіршілік, 

халық бірлігі мен ынтымақтастығы 

қуанышта ғана емес, қиын­қыстау 

кезеңдерде ерекше байқалады. 

Біздің ұлттығымыздың ұлылығы 

осы дан­ақ  көрінеді. 

Ұйымшылдық пен бірліктің 

орасан күш екенін 26 сәуірде 

өткен ҚР Президент сайлауын­

да дәлелдедік емес пе?! Бүтін 

ел болып, сайлауға қатысып, 

нағыз шынайы патриотизмді, 

ұйымшылдық пен іргесі мықты 

мемлекет екенімізді көрсеттік! 

Біз бір ауыздан болашағымыз 

үшін, тұрақтылық пен даму үшін 

бірыңғай, дұрыс таңдау жасадық! 

«140 этностың басын құ­

райтын барлық қазақстан дық­

тардың бірлігі – бұл ғаламат 

құндылық. Біздің міндетіміз – 

оны қорғау, сақтау және байы ту. 

Біз әлемдік мұхитта өз бағытымен 

аман­есен жүзіп келе жат қан 

қайығымызды ешкімнің шай­

қауына жол бермейміз», – деп 

атап өткен Елбасы «Күшті ұлт 

болу үшін – алдымен ішкі бірлік, 

ұйым шылдық пен татулық қажет» 

екендігінде әрбір ісімен дәлелдеп 

келеді. 


Ел бірлігі – ел теңдігі. Сон­

дықтан да ынтымағы мен бірлігі 

жарасқан, татулықтың тірегі 

болған Қазақстанда барлық ұлт 

өкілдерінің терезесі тең. Біз рухы 

– биік, тәні – бекем, тірліктен 

бірлікті артық қойған елміз. Ен­

деше Елбасы ұйытып отырған 

бірлігіміз жарассын! Барымызды 

бағалайық! Ұлттар достастығы 

асқақтай берсін!

Сәуірдің 26­сы күні Қазақстан 

Республикасының кезектен тыс 

президенттік сайлауына орай, 

Қ а з а қ   м е м л е к е т т і к   қ ы з д а р 

педагогикалық университетінің 

аумағында №102 және №105 

сайлау учаскелері жұмыс істеді. 

Алмалы ауданына қарасты бұл 


2

2

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№5 (128)

20 сәуір


2015 жыл

А Қ П А Р А Т



(Басы 1-бетте)

Шара Отан үшін жан қиған, майдан 

даласында қаза тапқан жауынгер­батырла­

рымызды 1 минут үнсіздікпен еске алумен 

басталды.

Аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке 

есте сақтауға ар нал ған ең қастерлі мерекеге 

арналған кешті ҚазМемҚызПУ ректоры 

Динар Нөкетаева салтанатты түрде ашып, 

барша қауымды келе жатқан Жеңіс күнімен 

құттықтап, 50­ге жуық ардагерге Елбасының 

«Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық медальда­

рын табыс етті.

Д.Нөкетаева құттықтау сөзінде: «Аса 

қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері! 

Батыр аталар мен әжелер, ең алдымен 

Қыздар университеті ұжымының атынан 

Сіздерге тағзым етуге рұқсат етіңіздер! 

Баршаңызды Ұлы Жеңістің 70 жылдық ме­

рейтойымен шын жүректен құттықтаймын! 

Ұлы Жеңіс күні барша қазақ стандықтарға – 

ең кей ген қариядан бастап еңбектеген балаға 

дейін, бәріміз үшін ерекше мәнге ие күн. 

Сұрапыл соғыс – 1418 күн тарих беттеріне 

қанмен жазылған миллиондаған қыршын 

кеткен жандардың тағдыры. Отан үшін 

шайқас, ертеңге деген сенім, қажымас 

қайрат пен жігер көпұлтты халықты алға 

жетеледі. Жаудың қарқыны қатты, сайманы 

мен қаруы да әлдеқайда күшті еді, соған 

қарамастан көпұлтты халық бір үйдің ба­

ласындай фашизимге қарсы тұрып, ақыры 

бірлік пен отанына шын берілген жауын­

гер рухты батырлар жауды талқандады. 

«Жас Отан» Жастар қана­

тының съезіне қатысатын де­

легаттар құрамына ену мен 

үшін үлкен жетістіктердің бірі 

болды. Себебі Алматы қаласы 

Алмалы ауданының жастар 

қанатының  жетекшісі ретінде 

бару үлкен жауапкершілік пен 

міндеттерді жүктеді. Сонымен 

қатар бұл менің оқу орнымның 

жетістігі деп білемін. Себебі 

бұл  бас  таулардың  бар лы  ғы 

университеттің арқасы. Біздің 

студенттер – қатарластарым 

әрдайым белсенді, тек қана 

оқу үдерісінде ғана емес, 

сондай­ақ қоғамда болып 

жатқан іс­шаралардан хабар­

дар бола отырып, тұлға болып 

өсу жолында өзіндік ой­пікір 

қалыптастыруға мүмкіндік 

алады. 


Жастар форумы көрікті 

Астананың төрінде байтақ 

даламыздың әр аймағынан 

келген жастармен танысып, 

жүздесуге мүмкіндік беріп 

қана қоймай, пікір алмасуға, 

тәжірибе бөлісуге себепкер 

болды.  Ал, Елбасымен жүздесу 

жастардың жігерін одан әрі та­

сытты, қуаттандырды. Бұлай 

деп айтуға үлкен себеп бар. 

Елбасының ел игілігіне жасап 

жатқан еңбегі ерен екендігін 

баршамыз білеміз. Қартына 

қадірлі, жасына қорған бола 

білген елі сүйген, елін сүйген 

Елбасымен кездесу мен секілді 

жас өркен үшін үлкен мәртебе. 

«Еңбектенсең еленесің, 

бейнетіңнің зейнетіне кене­

лесің» дейді ғой дана халық. 

Астана төріндегі маңызды 

жиын ға қатысуға берілген 

жол дама көптеген жалын­

ды жастармен, түрлі салада 

қызмет атқарып жүрген аға 

буын өкілдерімен танысып, 

өз қабілеттерімді жетілдіруге 

мүм кіндік  берді. 

Сонымен қатар, осы съез­

ден кейін атқарушы хатшы 

лауазымынан жетекшілік ла­

уазымына ие болдым! Мен ел 

дамуы жолындағы мансап өз 

баспалдағымды құрып, нық 

қадамдар жасап жатырмын. 

Бұл мен үшін мақтаныш!

Ендігі кезекте мақ са­

тымыз – «Мәңгілік Ел» ұлттық 

идеясын жүзеге асыру жолын­

да білім алу, аянбай еңбек ету. 

Алғашқы іргетасы қаланды, 

енді қабырғасын қисайтып 

алмай, қазақ елін азаттығынан 

айырмай, тәуелсіздігін тәрк 

етпей, берекесін бытыратпай, 

бірлігін іркілтпей, мықты да, 

қуатты Қазақстан қоғамын әрі 

қарай дамыту өз қолымызда!

Кәмшат МӘЛІК, 

Алмалы аудандық 

«Жас Отан» Жастар 

қанатының төрайымы

Конференция жұмысына Түркия 

елінің Хажжекепе университетінің 

т.ғ.д., профессор Мехмет Дервиш 

Клынчкая, Финляндияның Оулу уни­

верситетінің профессоры Хаутала Ро­

ман, Италияның Сиена универ си­

тетінің профессоры Хаутала Светлана, 

М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер 

институтының директоры Уалихан 

Қалижан, Әл­Фараби атындағы ҚазҰУ­

дың профессоры, тарих ғылымдарының 

докторы, ҚР ҰҒА корр. мүшесі Талас 

Омарбеков, Шығыстану институтының 

бас ғылым қызметкері, филология 

ғылымдарының кандидаты, доцент 

Нәпіл Базылхан және т.б. тарих 

саласының 100­ге жуық мамандары 

мен ғалымдары қатысты.

«Тарихын білмеген елдің болашағы 

да бұлыңғыр болады» деп Нұрсұлтан 

Назарбаев айтқандай, бүгінгі басқосу 

Қазақ хандығының пайда болуы мен да­

муын насихаттауда ғылыми көзқарасты 

қалыптастыру, Мәңгілік Ел ұлттық 

идеясын жүзеге асыру барысында Қазақ 

хандығы тарихын насихаттау, жастар­

ды тарихи тағылыммен таныстыру 

арқылы тарихи сананы бүгінгі талаптар 

тұрғысынан қалыптастыру мақсатында 

өтіп отыр», – деді тарихшы Е.Берлібаев.

«Бүкіл әлем мойындап, алдағы да­

муын қуатты 30 іргелі елдің қатарында 

болжап отырған еліміздің мемлекет 

болып қалыптасуы мен алғашқы ханда­

рымыз туралы тарихи мерекені атап өту 

туралы мемлекет басшысының шешімі 

өте маңызды. Бұл тәуелсіздігіміздің 

іргесінің беріктігінің ғана емес, ата­

бабалар аманатына деген адалдық пен 

құрметтің белгісі. Мәңгілік Ел идеясы­

мен Жаңа Қазақстандық патриотизмді 

іске асыру және қазақ хандығының 

550 жылдығын лайықты атап өту бары­

сында Елбасының халыққа үндеуінің 

тарихи маңыздылығы мен жүктелген 

салмағын сезініп, осыған сай әрекет 

ету баршамыздың міндетіміз», – 

деп халықаралық басқосуды ашқан 

Қ а з М е м Қ ы з П У   р е к т о р ы   Д и н а р 

Нөкетаева қазақ хандығының арғы­

бергі тарихына тоқталып, оқу орынның 

т а р и х   с а л а с ы н д а   ж а с а п   ж а т қ а н 

жұмыстарын атап өтті. 

Жиын барысында Қазақ ханды­

ғының құрылуы мен кейінгі сая­

си тарихы, қазақ мемлекеттілігінің 

қалыптасуы және дамуының тарихи 

оқиғалар желісі, «Мәңгілік Ел» идея­

сымен сабақтастығы, қазақ жерінде 

қалыптасқан тайпалық одақтар және 

мемлекеттер тарихы, қазақ хан­

дығының құрылуы, даму жолы мен 

тағылымы және қазақ тарихының 

бүгінгі зерттелуі мен оқытылуындағы 

жаңалығы, жетістіктері, кемшіліктері, 

оқулықтардың деңгейі жан­жақты 

талқы ланып,  талданды. 

Сонымен қатар, «Мәдени мұра» 

бағдарламасының орындалуы мен қол 

жеткен жетістіктер тілге тиек етілді. 

Конференция жұмысы «Қазақ жеріндегі 

тайпалық одақтар мен мемлекеттер 

тарихын зерттеу мәселелері», «Қазақ 

хандығының құрылуы, қалыптасуы мен 

даму тарихы», «Қазақ тарихының бүгінгі 

зерттелуіндегі жаңалықтар, оқытылуы 

мен насихатталуы» тақырыбындағы 

секциялық жұмыстармен жалғасты. 

«Болашағымызға бағдар ететін, 

ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға 

жетелейтін Мәңгілік Ел идеясы – 

әлем елдерімен терезесі тең қатынас 

құрып, әлем картасынан ойып тұрып 

орын алатын Тәуелсіз мемлекет болу 

жолындағы ата­бабаларымыздың сан 

мың жылдан бергі асыл арманымен 

сабақтас идея» деп қорытындылаған 

қатысушылар: «Қазақ хандығының 

тарихын айшықтауда қазақ жерінде 

өзіне дейін өмір сүрген мемлекеттер­

мен тығыз байланыста және мұрагерлік 

принципін ерекше ескере отырып, 

зерттелуі аса қажет, Қазақ хандығының 

құрылуы мен ірі мемлекетке айналу 

үдерісінің толық сипатын ашу бары­

сында М.Х.Дулатидың «Тарихи Раши­

ди» атты еңбегімен қатар, араб­парсы 

деректерінің үлкен топтарын анықтап, 

осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру 

керек, Қазақ хандығының саяси­

экономикалық және рухани тарихы­

на қатысты насихаттау жұмыстарын 

күшейту қажет» деген қарар қабылдады.



Н.ЕЛЕУХАН

Жастар жігері қуатты

Қазақ тарихының тамыры тереңде

ЖӘРМЕҢКЕ


ЖИЫН

2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау 

тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 

арналған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында Қазақ 

хандығының 550 жылдығы тарихын лайықты атап өту мен насихаттау Жаңа 

Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие өзекті 

мәселе екендігін атап өтті. Осыған орай 24 сәуір күні Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына 

арналған «Қазақ хандығының тарихы мен тағлымының «Мәңгілік Ел» 

идеясымен сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-практикалық 

конференция өтті.

Биылғы жылы маңызы саяси іс-шаралардың өту барысына 

куә болуға, сонымен қатар, қатысуға, қолдау білдіруге мол 

мүмкіндіктер туды. Әрине,  жастар үшін ең бастысы, «Жас 

Отан» Жастар қанатының кезектен тыс ІІІ съезі мен Елбасы  

Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Елбасымен бірге – 

жаңа жеңістерге!» атты жастар форумына қатысу үлкен 

қуаныш.

Ұрпақ жадындағы ерлік

жылдарында жауынгерлерді жеңіске 

жігерлендірген әйгілі әндер шырқалды. Со­

нымен қатар, университетіміздің құрметті 

ұстаздары, ҚР мәдениет қайраткерлері, 

танымал әншілер Меруерт Түсіпбаева «Си­

ний платочек», Гүлнұр Өмірбаева «На­

дежда» әнімен ардақты ардагерлеріміздің 

құрметіне шашуларын арнады. «Томи­

рис» би ансамблінің тамаша биі мен 

студенттердің  әсерлі әндері ардагерлердің 

жүрегіне қуаныш сыйлады. Осылайша, 

биыл да кеуделері орден­медальға толы 

ардагерлерге жылдағы дәстүр бойынша 

сый­құрмет көрсетіліп, гүл­шоқтары та­

быс етілді және арнайы мерекелік дастар­

хан жайыл ды. Бар қиындыққа төзіп, жер 

жаһанға бейбітшілікті өз қолымен сыйлаған 

майдангерлерге қандай құрмет көрсетсек 

те жарасады. Қыздар университеті адамзат 

тарихындағы ең қатыгез соғыста жеңімпаз 

атанған, ұрпағына бейбіт өмір сыйлаған 

ардагерлеріміздің жеңісін әрдайым мақтан 

етеді. Отан үшін жан қиғандарды еске алып, 

олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету – 

бүгінгі ұрпақтың мәңгілік парызы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, 

«Ұлы Жеңіс күні – тек соғыс ардагерлерінің 

ғана емес, барша қазақстандықтардың 

айрықша мерекесі». Қыздар университеті 

ардақты ардагерлерді және барша қазақстан­

дықтарды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен 

құттықтайды. Ардагерлеріміз аман, заманы­

мыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын!



Нәзира ЕЛЕУХАН

Ұрпаққа Ұлы Жеңіс сыйлады. Қаншама 

қан төгіліп, қаншама жан берген бұл Жеңіс 

халық атты ұлы күштің арқасында жет­

кен нағыз Отан үшін күрестің натижелі 

межесі. Сондықтан, бүгінгі жастар, өскелең 

ұрпақ осы бейбіт заманның, Тәуелсіз елде 

өмір сүріп жатқандарын бағалауы керек. 

Біз «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» 

дегендей, Ұлы Отан соғысының батыр­

ларын ешқашан ұмытпаймыз. Құрметті 

Ардагерлер! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ 

ғұмыр тілеймін! Ұлы Жеңістің 70 жылдығы 

құтты болсын!» – деді. Оқу орын басшысы 

сондай­ақ, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 

ерлігін, қазақ жауынгерлерінің қосқан 

үлесін атап өтіп, жастарға бейбіт өмірдің 

қандай қиыншылықпен келгенін айтып, 

болашақ ұрпаққа сыйлаған бейбіт заман, 

еңбектегі теңдесі жоқ ерліктері үшін алғысын 

білдірді. Өз кезегінде ардагерлер көктемнің 

жаймашуақ күнінде көтеріңкі көңіл­күй 

сыйлаған кешке алғыстарын білдіріп, ақ 

баталарын берді.

Ардагерлерді ұлықтауға арналған шара 

Қыздар университеті өнерпаздарының 

дайындауындағы концертке ұласты. 

Ерлік пен елдіктің ерен рухы паш етілген 

концерттік бағдарламада Ұлы Отан соғысы 


3

3

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№5 (128)

30 сәуір


2015 жыл

Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К

Жастар өз 

таңдауын жасады

Менің дауысым – 

менің болашағым!

Басынан талай нәубетті өткізіп, 

«мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы 

көк байрағын көкке көтергеннен бастап 

еңсесін тіктеп, биік белестерді бағындырып 

келеді. Тәуелсіздік алғалы қиын­қыстау 

кезеңдерден сүрінбей өтуге, мемлекеттің 

жарқын болашағы үшін күш­жігерін 

аямаған Елбасы сарабдал саясатының 

арқасында елінің дамуына зор үлес қосты. 

Кеше ғана өткен сайлауда таңмен таласа 

оянып бәріміз дауыс беруге асықтық. Тар­

ланбоз ердің көшбастуына сенім арттық. 

Ел ертеңін Елбасына сеніп тапсырған 

халық сайлауда аса белсенділік көрсетті. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 

сайлаушылардың 97,75 пайыз дауысын ие­

ленген. Бұл халық ықыласы мен сенімінің 

айғағы. Шет елдік сарапшылар сайлау­

да дауыс берушілердің ерекше белсенді 

болғандығын атап өтті. Орталық сайлау ко­

мис сиясының мәліметіне қарағанда, дауыс 

беруге сайлау құқығына ие азаматтардың 

95,22 пайызы қатысқан. 

Дауыс беруге жауапкершілікпен қарау 

керек. Себебі оның артында мемлекет 

тағдыры, халық болашағы тұр. Соны 

сезінген біз сияқты жастар мен тұрғындар өз 

дауысының маңызды екендігін ұғына оты­

рып, дауысы белгіленген бюллетеньдерді 

тиісті жәшікке салдық. Шындығында да 

бұл алғаш дауыс беріп отырған жастар үшін 

үлкен жауапкершілік әрі тарихи күн болды. 

Кемеңгер басшымыздың парасатты 

пайымдары мен салиқалы шешімдері елдің 

өркендеп­ өсуіне жол аша берсін!

Кеше ғана 26 сәуір күні кезектен 

тыс президенттік сайлау өткен болатын. 

Біз, студенттер қауымы да, ел болашағы 

үшін жүргізілген мемлекеттік маңызды 

науқанға бей­жай қарамайтынымызды 

танытып, таңсәріден сайлау учаскесіне 

қарай ағылдық. Өз таңдауымызды жасап, 

кемел келешек үшін дауыс бердік. Менің 

бір байқағаным, ұлттық маңызы бар үрдіске 

атүсті қарамайтындардың қатары көп 

екен.  


Бұрынғы кезде сайлауға кеткен ата­

анасының соңдарынан қарап қала беретін 

кішкентай менің өзім бүгін кәмелеттік 

жасқа толып Қазақстан Республикасының 

Ата Заңына сай дауыс беру құқығына 

ие болып, саяси науқанға тұңғыш рет 

қатыстым. Азаматтық таңдауымды жасап, 

өз қалауыммен бюллетеньге белгі қойдым. 

Бұл – менің алғашқы сайлауым. Өзімді 

қоғамдық өмірдегі рөлімнің маңыздылығын 

сезінгендеймін. Мен бейбіт өмір мен 

жарқын болашақ үшін дауыс бердім. Менің 

таңдауым ұлт болашағы мен ел ертеңі үшін 

өте маңызды. Елдегі басты оқиғалардың бірі 

болып тұрған үрдіске қатысуды азаматтық 

борышым деп санаймын. Сайлауда әрбір 

дауыс маңызды болды, оның ішінде менің 

таңдауым да!

Алдымызда талай бағындырар белестер 

мен асар асулар, әлем көз тігіп отырған 

«Экспо – 2017» көрмесі бар. Осындай сын­

дарлы бұғаудан көрегенді көшбасшы ғана 

топ жармақ . Әрине мұндай жүкті Елбасы­

дан артық көтерер жан табылмасы анық. 



Үміт ОҢЛАСЫН, 

Қазақ 

филологиясы 

және әлем 

тілдері 

факультетінің 

2-курс студенті

Ақерке 

ӨСЕРБАЙ,

Студенттік 

медиа 

клуб мүшесі

ПІКІР


(Басы 1-бетте)

ҚазМемҚызПУ аумағынан орын алған сай­

лау учаскелері дауыс берушілерге таңғы сағат 

7:00­ден бастап есігін айқара ашты. Қыздар 

университетінің дауыс беруге құлшыныс 

білдірген әрбір студенті мен жергілікті ме­

кен­жайы бойынша дауыс беруге келген қала 

тұрғындарына талапқа сай қызмет көрсетіліп, 

таңдау жасауына барлық жағдай жасалынды.  

Дауыс беруге келген әр азаматтың құқығы 

сақталды. Сайлау орындарында полициялық 

күзет пен қоғамдық қолдаушылар тобы белсенді 

жұмыс істеді. Сайлау учаскелерінің қызметтерін 

Еуроодақ, Азия және ТМД елдерінен келген, 

сондай­ақ, ЕҚЫҰ мен АҚШ­тан келген өкілдер 

мен қоғамдық бақылаушылар назарға алды. 

Барлық заңнамалық талаптар сақталған сай­

лау учаскелерінде ешбір құқық бұзушылықтар 

орын алған жоқ. Халықаралық және тәуелсіз 

байқаушыларға сайлау үдерісін толықтай 

бақылау мүмкіндігі жасалып, мемлекеттік емес 

ұйымдар мен БАҚ өкілдері де науқанның өту 

барысын назарда ұстады.

Саяси маңызды әрі ауқымды шара ақпан 

айының 14­і күнінен бастау алған еді. Сол 

АРУЛАР 100% 

ЕЛБАСЫҒА ДАУЫС БЕРДІ

күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 

отырысында биылғы жылы кезектен тыс 

президенттік сайлау өткізу туралы ұсыныс 

жасалды.  Әлемдік экономикалық дағдарыс 

кезінде біздің елімізде кезектен тыс сай­

лау өткізу «Нұрлы Жол – болашаққа бастар 

жол» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға, 

«Қазақстан­2050» Стратегиясында көрсетілген 

елімізді дамытуға бағытталған бағдарламаларды 

дамытуға мүмкіндік беретіні жөнінде ай­

тылып, бүкілхалықтық қолдауға ие болды. 

Кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге 

Демократиялық күштердің «Қазақстан – 2050» 

жалпыұлттық коалициясы бірауыздан қолдау 

білдірді. Қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес 

ұйымдар бастаған қолдау пікірлері бұқарлық 

ақпарат құралдары беттерінде жарияланды. 

Халықтың үні Елбасына жетті. Мемлекет 

басшысы үндеу жариялап, «Жер бетінде саны 

қанша миллион болса да туын тігер ұлтарақтай 

жерді, ұрпағына мирас етер елді арман еткен 

ұлттар қаншама! Елі болғанмен бағдары жоқ, 

бағдары болғанмен берекесі жоқ халықтар да 

көз алдымызда. Қазақстан даму көшіне ілескен 

елдерден суырылып шығып, көш тізгінін 

ұстаған елдердің  санатына бет алды. Бірақ, біз 

өткенді ешқашан ұмытпауға тиіспіз», – деп, 

өткені мен болашағын бағдарлаған басшы сай­

лау өткізуге оң шешімін берді. Сонымен қатар, 

барша қазақстандықтарды белсене қатысуға 

шақырды.


Сайлау өткізілетін күн белгілегеннен­ақ, 

үміткерлер қатары артып, тиісті сынақтардан 

өтіп жатқаны да есімізде. Наурыз айының 

11­і күні өткізілген «Нұр Отан» партиясының 

кезекті XVI съезінде Н.Ә.Назарбаевтың кан­

дидатурасы ұсынылып, мемлекет басшысы 

сайлауға түсуге өз келісімін берген болатын. 

Елдіктің күші – бірлікте екендігі тағы 

дәлелденді. Республикалық қоғамдық штаб 

құрылып, республиканың әр аймағында 

бөлімдері жұмыс істеп, Ұлт Көшбасшысының 

кандидатурасын қолдайтындарын білдірген 

ұлт патриоттарының қатары күн санап артып 

жатты. Жер­жерде өткізілген қолдау акция­

лары, жиындар, жастардың флеш­мобтары – 

бәрі­бәрі де Елбасының ерен еңбегіне құрмет 

көрсетіп, жарқын болашақ жолында бірге 

болатындықтарын ерекше көңілмен жеткізді. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінде ұйымдастырылған «Біздің 

таңдауымыз – Елбасы!» патриоттық шара­

сынан бастап, сайлауға қатысудың құқықтық 

мәселелерінің түсіндірілуіне арналған түрлі 

жиындар арулар ордасындағы белсенділікті 

танытады. 

Сонымен қатар Алматы қаласында 

ұйымдастырылған жастар шараларының 

барлығының ортасында Қыздар университетінің 

студенттері белсенділік танытты. «Нұрлы 

жол – Нұрсұлтан – Қазақстан!», «Біз Елба­

сыны қолдаймыз!», «Біз салауатты Қазақстан 

үшін!» атты акцияларда жастар Елбасымен 

бірге жарқын болашаққа жете тіндіктерін ашық 

білдіріп, зор қошемет көрсетті. 

Кәмелеттік жасқа енді ғана толып, өзіндік 

таңдау жасауға ерікті екендіктерін білген жас­

тар үшін Президенттік сайлау, әрине, өзге 

сайлаулардан өзгеше болды. Елді даму жолына 

бастайтын шынайы көшбасшысын таңдауға 

үлес қосатындықтарына қуанған жастардың 

сайлауға деген ынталары ерекше болды.  

Дәл сайлау күні Гоголь көшесі Алматының 

күнделікті тірлігіне ерекше жан бітірді. 

Себебі, Арулар ордасында орын алған сай­

лау учаскелеріне жатақханада тіркелген 

студенттер өз таңдауларын жасауға ағылып 

келіп жатты. Бұл – жастардың үні. Жігерлі. 

Жалынды. Сайлау учаскелерінде Қыздар 

университетінде тіркелген студенттер белсене 

қатысып, өз таңдауларын жасап, дауыс берген 

болса, Алматы облысына қарасты ауыл, ау­

дандарда тіркелген студенттер де тұрғылықты 

мекен­жай бойынша сайлауға қатысып, дауыс 

берді. Ақпараттық технологияның дамыған 

мына заманында сайлауға келгенін де, дауыс 

беріп жатқанын да әп­сәтте суретке түсіріп, 

әлеуметтік желілерге жариялап, сайлауға 

қатысуға шақырып, айшылық алыс жерлерге 

хат­хабар жолдап жатты. Бұл – бірліктің үні! 

Қазақстан жастарының белсенділігімен 

бүкілхалықтық сайлау жоғары деңгейде өтті. 

Жастар алдыңғы толқын ағаларға қарап бой 

түзейді, ой қорытады. Ересектердің екпінді 

белсенділігі жастардың қалыс қалмауына дем 

берді. Сайлауда барлық дауыс берушілердің 

95,21 пайызы өз таңдауын жасауының өзі 

халықтың белсенділігін танытады. ҚР Орталық 

сайлау комиссиясының есебі бойынша олардың 

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа 8 833 

250 немесе 97,75% дауыс берген. Ал Әбілғазы 

Құсайыновқа – 57 718 немесе 0,64%, Тұрғын 

Сыздықовқа – 145 765 немесе 1,61% сайлаушы 

дауыс берген. Жарасымдылықтың жарқын 

көрінісі сайлау қорытындысынан айқын 

көрінді. Бұл – ынтымағы жарасқан, сенімі 

берік халықтың тілегі!  Ұлт Көшбасшысына 

сенім артқан қазақстандықтардың қолдауымен 

Елбасы жеңіске жетті. Республиканың әр 

аймағында қуаныштың тойы тойланып, фо­

румдар мен басқосулар арқылы шаттық сезімі 

мен болашаққа деген сенім тілектері жолда­

нып, белсене қатысқан әрбір азаматқа алғыс 

айтылды. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 

кемел келешегі үшін қайта сайланғанымен 

әлем елдерінің лидерлері де құттықтау хаттарын 

жолдап жатыр. Сингапур, Италия, Германия, 

Латвия, Египет, Иордания, Финляндия сын­

ды көптеген елдердің басшылары мен БҰҰ 

Бас хатшысы Пан Ги Мун құттықтау хаттары 

арқылы Елбасыға жылы лебіздерін білдіріп, 

тәуелсіз елдің дамуы жолында атқаратын 

жұмысына зор табыстар тіледі. Әрине, мұндай 

құрмет­қошемет мемлекет басшысының осын­

шама жылдар бойы жинаған абыройы мен қатар 

Қазақстанға деген сыйластық, достық қарым­

қатынастың көрінісі екені сөзсіз.

Елбасының аса зор қорытындымен жеңіске 

жетуіне өздерінің де үлес қосқандарын Қыздар 

университетінің студенттері мақтан етеді. 

ҚазМемҚызПУ студенттері бұған дейін де 

ҚР Президенті сайлауының өткізілуіне елден 

бұрын қолдау білдіріп, түрлі акциялар мен ша­

ралар ұйымдастырған болатын. Ал дәл сайлау 

күні арулардың белсенділігі артпаса, бәсеңдеген 

жоқ. Араларында тұңғыш рет дауыс бергендер 

де бар. Олардың қуаныштарында тіпті шек жоқ.

29 сәуір күні Тәуелсіздік сарайында қайта 

сайланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаевты ұлықтау рәсімі болды. Сарабдал 

саясаткердің қайта президенттік қызметке кірісу 

рәсімінің сәні мен салтанаты жарасқан айтулы 

шара жоғары деңгейде өтті. Республиканың 

түкпір­түкпірінен жиналған қауым мемлекет 

басшысының Қазақстан Республикасы Кон­

ституциясына қол қойып: «Қазақстан халқына 

адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының 

Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, 

азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына 

кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы 

Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі 

міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант 

етемін!» – деп, мемлекеттік тілде ант беруінің 

куәгерлері болды. 

Қазақстанның дамуы үшін, еліміздің 

жарқын болашағы үшін бірауыздан берген 

дауыс – мемлекет басшысының лидерлік сара 

саясаты, батыл қадамдары, адам капиталын 

арттырудағы нәзік жандыларға жасап отырған 

қамқорлығы, жастарға, болашаққа көрсеткен 

қолдауы мен білім­ғылым саласына сіңірген 

еңбегі халық тарапынан үлкен қолдаудың 

дәлелі. Елбасының мықты стратегиясымен, 

кемеңгер басшылығымен елдің даму көші 

тоқтамайтындығына сенім мол. Жарқын 

болашаққа Елбасымен жетеміз!


Каталог: images -> news -> KARLYGA -> pdf -> 2015
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
2015 -> Түлектер қауымдасты­ ғының кезекті жиыны
2015 -> Арынбаев ән арнаған әсем кеш
2015 -> Шәкіртақы иегерлері «Экспо –2017» жастар назарында
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады «Халық маркасына» дауыс береміз G38 – жастар жиыны
2015 -> Бағдарламасы 2-бетте 4-5-беттерде 8-бетте Көзілдірік тарихына көз жүгіртейік Қазақтың ұлтжандылығы
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады АҚШ-тан жеткен сүйінші Түркі әлемінің ғалымдары Алматыда бас
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Ғалым жолы – жастарға үлгі «Бекежан» «Қыз Жібектер» ортасында
2015 -> Ұлы дала қыздары Ұлттық
2015 -> КазГосЖенпу – один из старейших вузов Республики Казахстан, первое высшее учеб ное заведение для деву­ шек, осуществляет подготовку вы со ко квалифицированных кад ров по всем отраслям об­ щест венной жизни страны

жүктеу 341.93 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет