Қазақ прозасында бейнеленген сакралды-ғҰрыптық орындардың КӨрінісі



жүктеу 115.5 Kb.
бет4/6
Дата09.02.2022
өлшемі115.5 Kb.
#17099
1   2   3   4   5   6
Қазақ прозасындағы сакральдық-ғұрыптық орындар
абай аударма, Айтыстыњ даму тарихы мен зерттелу аясы, көркем шығармалардағы абай бейнесі, акша каражаттары аудиты, СӨЖ 1 аралык, Психология срс срсп №1 Жұма Нұрүл, 6М021400-Литературоведение каз., Бердібай Айнұр, 8класс кмж, ГРАФИК, Есептер, Алданай Жамал МӨЖ -7, ісшара, Абильдинова Г.М., Оспанова Н.
Нәтижелер. Қазақ прозасында фольклорлық үлгілердің жиі кездесуі шығарманың көркемдік тәсілін байытып қана қоймай, ұлттың дүниетанымы мен өзіндік ойлау жүйесін, құндылықтар дүниесін ашып береді.

Сакралды-ғұрыптық орындардың негізгі белгілері халық арасында айтылатын өзіндік аңыз, ерекше оқиғалармен тығыз байланысты. Кез келген киелі орын туралы сөз болғанда оған тән аңыз не әсерлі әңгіме қоса айтылатыны ақиқат. Қазақ қаламгерлері фольклорлық, мифологиялық, аңыздық оқиғаларды өз шығармаларында «тірілту» арқылы адам баласына ортақ замана сырын, рухани өміріміздің кейбір жұмбақ заңдылықтарын ашуға талпыныс жасады. Сакралды-ғұрыптық орындардың көрінісі қазақ прозасында аңыздық желілер мен мифтер арқылы көрініс береді.

Қазіргі таңда сакралды орындар туралы жергілікті халықтың түсінігі әр түрлі. Ол сол аймақтың тұрғындарының таным-түсінігі мен сеніміне барып тіреледі. Көркем шығармаларда бейнеленген сакралды-ғұрыптық орындарды қазіргі таңда жергілікті халық кие тұта ма, қастерлі жер деп біле ме деген сұрақ туындауы мүмкін. Яғни, кейбір аймақтардың тұрғындары сакралды орындарды тек қана тарихи орын деп қарауы немесе тіпті ондай орынның бар екендігінен де бейхабар болуы мүмкін. Жалпы адамзат қоғамындағы әрбір халықтың дүниетанымының, болмысының, ділінің (менталитет) ерекшеліктеріне сәйкес тарихи дәуірлерде қалыптасқан өзіне тән рухани-мәдени құндылықтары бар екендігі ақиққат болса, бірақ сол рухани-мәдени құндылықтардың дазаман мен уақыт талабына сай өзгеріп отыруы ғажап емес.

Қазақ халқының дүниетанымы, рухани мәдениеті, табиғат, мәдениет, қоршаған орта туралы түсінігі мифология арқылы толығып отырады. Ғалым Ғ.Есім: “Мифология – адамдардың өзін қоршаған орта туралы түсінігін тарихи, өздігінен болды деп сенетін түрлі бейнелер, кейіпкерлер мен оқиғалар арқылы жеткізуі. Мифологиядағы бейнелер арқылы ұжымдық түсінік қалыптасады. Мифология сол кездегі адамдардың таным объектісі. Онда адамшылық нормалары сөз болады. Олардың түйгендері мен түйсінгендері санасында екшеліп, көркемөнер үлгілері түрінде (сурет, ән, би, салт, т.б.) көрініс береді. Осыдан біртіндеп әлемдік мәдениет нұсқалары жинақтала бастайды”, - дейді [4, 8].

Талқылау. Қазақ прозасында сакралды-ғұрыптық орындардың көрінісінің бірін М.Әуезовтің “Қорғансыздың күні” атты повесінен аңғарамыз. Шығармада баяндалатын “Күшікбай батыр” туралы аңыз былайша өрбиді: Күшікбaй бaтыр жиырмa бір жacындa дүниe caлғaн eкeн. Eртe күннeн жортуылғa aттaнып, Уaқтың көп бaтырлaрының aрacындa бұғaнacы қaтпaғaндығынa қaрaмaй, тaлaй қиын-қыcтaудa aқыл тaуып, қaжымaй қaйрaт, eрлік көрceткeн.Оcындaй өнeрінің aрқacындa eртe күннeн бaтыр aтын aлғaн eкeн. Cоңғы жылдaрдa көздeгeн мaқcaты қолбacылық болып, aяғындa  оғaн дa жeтіп, eгecкeн eлінeн кeгін aлып, иeгeр қылып жүргeндe шeшeк шығыпты. Шeшeк aуру болып, төceктe қозғaлa aлмaй, көп уaқыт жaтып қaлғaн. Cол кeздe  Күшікбaй aуырып жaтыр дeгeнді ecтіп, тaлaйдaн өшін aлмaй жүргeн Уaқтың бір бaтыры жaуының жaнын aуыртпaқ болып, бeлдeудe бaйлaулы тұрғaн қызыл бecті дeгeн aтын тaл-түcтe тaртып aлып кeтіпті. “Пәлeншe aтыңды aлып кeтті” дeгeн aғaйынның жeтімcігeн cөзін ecтігeндe, жaны шыдaмaй, aуруымeн aлыcып, жылқыдaн aт aлғызып, жaлaңaш eтінe бір шeкпeнді киe caлып, жaуының aртынaн қуып кeтіпті. “Бaтырды мұқaттым” дeп, үйінe кeліп, жaңa жaйлaнып, жaуы отырғaндa: Күшікбaй aтын ойнaқтaтып, нaйзacын түйілтіп, өрт cөндіргeндeй болып зәрін шaшып, жeтіп кeлгeн. Cол бeтімeн caмcaғaн қaлың қолғa
“cоғыcaмын, қaн төгeмін” - дeп әлeк caлғaн. Бірaқ жиылғaн eлдің ішіндeгі бacты aдaмдaр “Уaқтың бaлacы бірін-бірі өлтіріп aрaндacпacын” - дeп, aт-шaпaн aйыбымeн Күшікбaйдың aтын қaйырыпты. Бaтыр eлінe қaйтa қaйтқaндa, aуруы мeңдeй бacтaп, aтқa әрeң жүріп, оcы күнгі бeйіті тұрғaн биіктің бacынa кeлгeндe мұршacы құрып, нaйзacын тірeп aттaн түcіпті. Cонaн cоң бacын оңғa қaрaтуғa ғaнa шaмacы кeліп, жaн-тәcілім қылғaн. Aртынaн aғaйын-туғaны жылaп бaрca: шeшeгінің aуыздaрын шeкпeн қaжaп, қотырының cуы шeкпeннің cыртынa шып-шып шығып кeткeн дeйді. Бaтырдың көп мұрaтынa жeтe aлмaй, жac күніндe қуaты қaйнaп, долдaнып өлгeндігінeн молacы тұрғaн биіктің бaуырынaн борaн, ызғaр aйықпaйтын болғaн eкeн, – дeп, бaғaнaғы кәрі әңгімecін тоқтaтушы eді” [5, 7-8].

Шығaрмaдa cюжeттік тұрғыдa Күшікбaй бaтыр турaлы aңызғa нaзaр aудaру, идeялық-эмоционaлдық бояу бeріп, бaтыр бeйнecі мeн оның ірі іc-әрeкeттeрін идeaлдaндыру – aвтордың aңызды әңгімeдe бeйнeлeнгeн нaқты оқиғaлaрғa қaрcы қою ұcтaнымынaн хaбaр бeрeді. Мұндaй caлыcтыру шығaрмaғa тeрeң, aуқымды пcихологиялық caлмaқ бeргeн. Бaтырдың қaһaрмaндық қимылдaры мeн оның ұрпaқтaрының – тірі aдaмдaрдың іc-әрeкeттeрі үнeмі caлыcтырылып отырaды. Бaтырдың қaһaрмaндық, eрлік өлімі – нaқты өмірлік қaқтығыcтың мәнін тeрeңірeк түcіндірeтін эпикaлық фон. Шығaрмaдa мәңгіліккe болaтын идeaлды, эпикaлық бacтaу мeн күндeлікті, рeaлды нaқтылық caлыcтырылғaн.

Аңыздық сюжеттерді қолдану қазақ халқының таным-түсінігіндегі «киелілік», “сакральдылық” ұғымдарының өте өзекті екенін алға тартады. Бүгіндe Күшікбaй бaтыр жeрлeнгeн жeргe жол жүріп кeлe жaтқaн, қaйтa қaлaғa кeтіп бaрa жaтқaн жолaушылaр мeн мeймaндaр дa тоқтaмaй өтпeйді. Өйткeні, қacиeтті жeр. Оcы қacиeтті жeрдe тұмa бұлaқтaн қыcы-жaзы eмдік қacиeті бaр мөп-мөлдір шипaлы cу aғып жaтaды. Тоқтaғaн жолaушылaр шипaлы cуды eмдік қacиeті бaр дeп, aрнaйы әкeлгeн ыдыcтaрынa құйып aлып жaтaды. Жeрлeнгeн жeрінe ecкeрткіш орнaтылғaн.

Сакралды орындарда белгілі бір ғұрыптардың жасалынатынын жоғарыда айттық. Сакралды орындарға кесене, мола, бейіт, құдық, мазар, там, күмбез т.б. орындар кіреді. “Қазақ және басқа да Орта Азия халықтарында қасиетті рухқа құлшылық ету рәсімі зиярат орнында дұға ету, Құран сүрелерін оқу, сағат тіліне қарама қарсы бағытта зиярат орнын айналу (тауап), молаға, құлпытасқа, есікке, табалдырыққа, қабірдің қоршауына, мазар кіреберісіне, шамдарына, ағаштарға қол тигізіп кейіннен бетін сипау, ағаштарға киімнен кесіндіні байлау, қасиетті құдық пен бұлақтан алынған суға жуыну, дәрет алу, жануарларды құрбандыққа шалу элементтерін қамтиды” [3, 29].

Жазушы Әбіш Кекілбайұлының прозасынан да сакралды-ғұрыптық орындардың көрінісін жиі байқаймыз. Әбіш Кекілбайұлы – аңыздық желілерді көркем шығармаға арқау етіп, оны шебер әрі оңтайлы қиюластыру арқылы әдебиетте өз қолтаңбасын қалдырған жазушы. Әбіш прозасындағы ең бір таңдаулы шығармаларының қатарында “Күй” повесі ерекше аталады. Шығармада адай мен түрікмен елінің арасындағы даулы қақтығыс, сол қақтығыстан жазықсыз жапа шегіп қаза болатын Абыл күйшінің тағдыры суреттеледі. Психологиялық иірімдері өте терең, ерекше астармен баяндалатын шығарма бір оқығаннан өзіне баурап алып, жетегіне ала жөнеледі.

“Күй” повесінде Темірбаба әулиеге қатысты аңызда былай баяндалады: “Түрікменнің найзасынан кие қашып, боса берген соң, Темірбаба: “Мен өлсем, осы төбенің басына жерлеңдер, дұшпанның иті енді менің молама сарымасын десеңдер, бұдан әрі бір елі шегінбеңдер”, - деп кетіпті. Содан бері беліне қанжар ілуге қауқары жететін еркек кіндік атқа мінер күн туса, Темірбабаның басына келіп кетпегі шарт”. Шығармадағы екі халық та “құдірет” деген күшке иланады әрі ата-баба сөзінен асып кете алмайды. “Осынау жермен-жексен боп жерге сіңіп бара жатқан әулие зиратта әзірге еңсе көтеріп, айбын шақырып тұрған қабірдің басына шаншылған сойдақ қара тас қана. Етім тірі дейтін еркек кіндік оны бір сүймей кетпеген. Марқұм бабасы Оғылан да көңілі қалып налыса да, көңілі тасып масаттанса да, осында келуші еді” [6, 29]. А.Мәуленовтің пікірінше, Әбіш Кекілбаев тарихи аңыздардың мазмұнын желі еткенімен оның көркем шығармадағы сюжеттік қызметіне, амал-тәсілдеріне, орны мен рөліне өзгертулер енгізіп, өз идеясы мен мақсатына сай пайдаланады. “Күй” повесіндегі “Қараман ата”, “Шопан ата” және т.б. әпсаналар мен Абыл күйшіге байланысты айтылатын аңыздардың айтылуы мен көркем повестегі өзгеше бейнеленуінен көрінеді” [7, 20]. Шығармада баяндалатын “Қараман ата” туралы аңыз дауласқан екі жақты бітімге шақыратындықтан Қараман атаның екі халыққа да ортақ әулие екендігін танимыз. Шығармада автор аңыздық сюжетті ұтымды пайдалану арқылы көптен бері екі халықтың да ығырын шығарған жаулықтың нүктесін қоятын Қараман атаның әулиелік қасиетін үлкен символдық мәнге айналдыра білген: “Әулие қараны атсаң, қара атты ат, біз айыпты десең, бізді ат!”- депті. Сонда ердің басындағы біз анадай жерге ұшып кетіпті, қара ат табанда қатыпты. Әулиенің өзі де кінәні адайға да, айладырға да артпай тар заман, қысталаң қалға аударып, кәрін қара атпен бізге түсірді, енді екі елдің жауласатын жөні жоқ! – деп бітімімен тарасыпты” дейді аңыз. Бұл жерде аңыздың көшпелі түркі халқына тән ерекшелігін де ескерусіз қалдыруға болмайды. Ата-баба бейітін кие тұту, әруаққа сенімшілік ара-жігі ажырап, жауласып отырған қазақ пен түрікменге бірдей ортақ. Екі жақта соғысудан әбден титықтаған, бірақ намыс қай-қайсысының болмасын кішіреюіне, жеңілгендігін мойындауына жол бермейтін үлкен бөгет. Сол тосқауылды ыдыратып, бейбітшіліктің орнауына себеп болған өмірден өткеніне талай жыл болған Қараман ата әулиенің құдіретті кесімі. Тарихи оқиға басқаша болуы да мүмкін, бірақ соның өзін кейінгі ұрпаққа жеңіс ретінде танытып тұрған – ол аңыз.

“Күй” повесіндегі әпсананың осындай керемет Темірбаба әулие мен Шопан атаның арасындағы құдірет сайысы арқылы көрінеді. Теңіз жағасында аяғын суға малып отырған Темірбаба жер түбінен – Хорезмнен келе жатқан Шопан атаның аяғының дыбысын естіп отырыпты. Шопан ата қасына келіп, өз жөнін айтып, Темір бабадан жөн сұрапты. Осы кезде Темірбабамен құдірет салыстырғысы келетінін айтады. “Құдіретіңді, әуелі, өзің көрсет”, - депті Темірбаба. “Ендеше, жүзіңді бұр”, - депті Шопан ата. – Анау жайылып жүрген бір үйір қара құйрықты көрдің ғой!”. “Көріп отырмын”, - депті Темірбаба. Шопан ата сол арада шөрелеп шақырған екен, үйірдің алдында құлағын қайшылап осқырынып тұрған ортеке маңырап жетіп келіп, етегін жалап жата кетеді. Шопан ата текені пышақсыз бауыздап, терісін сыпырып, сойып, жіліктеп-мүшелеп, жайратыпты да тастапты. Сосын етін терісіне үйіп орап, үстінен алақанымен бір сипап өткен екен, теке орнынан атып тұрып, сілкініп-сілкініп алып, бір маңырапты да, анадай жерде жатқан үйіріне қарай шауып ала жөнеліпті. Енді кезек Темірбабаға тиіпті. Темірбаба балағын тізесіне дейін түріп, қарнын жарып ыңыранып, ақ көбік атып жатқан көк теңізге қойып кетіпті. Кетіп барады, кетіп барады. Көк теңіз қарсы айырылып, аяғының тиген жері қара жер болып қала беріпті. Шопан ата неғып тұр екен деп артына бұрылса, ол сәлдесін шешіп ап, бұлғалықты салып жатыр екен. Шопан ата сонда: “Әулиелігіңе сендім, бұдан әрі жүре берсең, көк теңізді жарып, дұшпандар келетін жол саларсың деп қайтардым”,- депті. Анау жатқан кішкене қара түбек содан қалыпты”[6, 105].

Осы қара түбектің пайда болуы туралы халық ауызындағы аңыздың тағы бір нұсқасы былай баяндалады. Теңіз жағалай жүріп, баласы суға кетіп, құтқара алмаған Темірбаба теңіз бетін үш рет “Өмір бойы осылай сапырылып жат!”, - деп қамшылапты. Темір бабаның қамшысының тиген жері қара жер болып қалыпты. Содан бері теңіздің (аралдың) Форт – Шевченко беті тынымсыз сапырылысып, ал керісінше, Бекдашы беті тыныш жатады екен. Қазақ ұғымындағы әулиелік – адам бойында кездесетін ерекше қабілет қасиеттермен бағаланады десек, шығармада ол Шопан атаның текені пышақсыз бауыздап, терісін сыпырып жайратып тастаған соң бір сипап өткенінде қайтадан маңырап, шауып ала жөнелетінімен көрінсе, Темірбабаның көк теңізге қарсы жүргенде жүрген жерінің бәрінің қара жер болып қала беруі арқылы автор әпсананың құдіреттілік қасиетін суреттейді. Бірақ автордың бұл аңыздық сюжетті шығармада берудегі басты мақсаты – түрікмендердің шекара межесін белгілеу болып табылатынын байқау қиын емес. Көк теңізге сұғына кіріп жатқан түбек те осындай кереметтіліктен дүниеге келген деген аңыздың түйінін көруге болады.

Бүгінде Темірбаба әулиенің орны Маңғыстау облысының, Жаңаөзен қаласынан 85-90 км оңтүстік бағытында орналасқан. 2002 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мамандарымен зерттеліп, Маңғыстау облысы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген. Қорымда 200-ге жуық әр типті объектілер орналасқан. Қорым орталығында зиярат етушілер жиі келетін әулие Темір баба қабірі бар. Қабір басына кесене салынған. Темір баба – мықты жауынгер, батыл, әруақты адам болған дегенді жергілікті тұрғындар аңыз қып айтады. Темір баба мен қасиетті Шопан ата кездесіп, әруақ салыстыру нәтижесінде Кендірлі аралы пайда болған дейді.

І.Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясында сакралды-ғұрыптық орындар туралы тарихи аңыздар берілген. Мысалы “Қаһар” романындағы Бесқұлан туралы аңыз былайша баяндалады. “Алашаханның жақсы көретін баласын тағы құлан үйірі басып өлтіріпті. Қатты қапаланған әрі мейлінше ашуланған хан, құлан біткенді қыруды бұйырады. Кімде-кім оларды қырып бітірсе соған ғажайып көп сыйлық пен ең сұлу кіші қызын бермекші болады. Домбылақ деген батыр ханның тілегін орындаймын деп уәде береді. Өзінің Иней, Қабан деген жүйрік аттарын мініп құландарды қуады, қайда қашса да қоймай бейшараларды қырады. Ақырында бес-ақ құлан қалады. Олар Шу өзенінен өтіп құмға қашады. Осы құландардың Шудан өткен жерін Бесқұлан дейді. Құмға қуып шыққан батырдың аттарының жете алмай зорығып өлген жерлерін Иней, Қабан деп атапты. Ханның қызын алам деп құм арасында қаңғып өлген Домбылақ батырдың моласы деп қазақтар Шудың теріскей жағындағы моланы көрсетеді...”[8, 193-194]. Сонымен бірге шығармада Алашаханға қатысты аңыз да баяндалады.

І.Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясында кеңінен қолданылған фольклорлық мотивтер және этнографиялық материалдар тарихи роман жазуда маңызды орын алады. Жазушы қазақ халқының бұрынғы дәстүрлерін, салттарын жаңғыртып, түркі, монғол халықтарының өте ертедегі тұрмыс көріністеріне тоқталады, бұл баяндау тәсілін жандандырып, тарихи роман жанрын қызықты етеді. Романдағы жазушының кеңінен қолданған аңыз-әпсаналары шығарманың көркемдік, танымдық құндылығын арттыра түседі. А.Мәуленовтің пікірінше: “І.Есенберлиннің “Көшпенділер” атты тарихи тақырыпқа жазылған шығармасында аңыз, миф, хикаялар жаңаша сипат алып, мазмұндық-фомасын өзгертіп, романның стильдік өрнегін байытып, сюжеттерін ширықтыра түсті. Осы кезге дейін онша мән берілмей келе жатқан миф, хикая, әпсана-хикаят жанрларының көркем прозадағы көп мағыналық, көп қабаттылық қызметі айқын көріне бастады” [7, 4].

Көркем шығармалардағы сакральды орындар арқылы қаламгерлер өз оқырманын рухани құндылықтардан, ел мен жер тарихынан хабардар етті. Бұл туындылар халықтың өткені мен бүгінін байланыстырушы алтын арқау, ұлттық код деп айта аламыз. Қаламгерлер кеңестік дәуірде идеологиялық тұрғыда айтуға болмайтын жабық тақырыптарды да кей жағдайда оқырман қауымға осылай жеткізіп отырды.



жүктеу 115.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет