2 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДА БЕЙНЕЛЕНГЕН САКРАЛДЫ-ҒҰРЫПТЫҚ ОРЫНДАРДЫҢ КӨРІНІСІ Аңдатпа
Мақалада қазақ прозасында бейнеленген сакралды-ғұрыптық орындардың көрінісі қарастырылады. Автор сакралды-ғұрыптық орындардың басты сипаттары жалпы қазақ прозасы арқылы жан-жақты сараланады. Қазақ әдебиетінде сакралды-ғұрыптық орындардың көрінісі аңыздық сюжеттер арқылы жетіп отырады. Мақалада қазақ прозасында өз туындыларына аңыздық желілерді арқау еткен жазушылардың шығармалары назарға алынады. Қазақ прозасындағы М.Әуезов, Ә.Кекілбаев, І.Есенберлин шығармалары кешенді қарастырылады.