Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж



жүктеу 5.01 Kb.

бет9/25
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК 
МӘСЕЛЕЛЕР 
 
Ошақбаева Ж.Б.  
БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану  
                                       
институтының аға ғылыми қызметкері,  
                                                     
философия ғылымдарының кандидаты 
 
Қазақ  қоғамында  үлкен әлеуметтiк  орын  алған,  халықтың  ақылшысы  болған  ақын-
жыраулар  болды.  Олардың  шығармаларында  адам  мен  қоғам  мәселесi,  әлеуметтік 
мәселелер  кеңiнен  жырланды.  Жыраулардың  көздегенi  жеке  адамның  не  рудың  мүддесi 
емес, тұтас халықтың, қоғамның мүддесi едi. 
Қазақ  қоғамында  адам  мен  қоғамдық  қарым-қатынастар  жүйесі  тікелей  өмір  сүру 
тәжірибесінен  туындаған.  Адамдар  арасындағы  қарым  қатынас,  рухани  құндылықтар 
ойшылдар  шығармаларынан  орын  алды.  Ол  кезде  адамдар  арасындағы  сыйластық 
қатынастар  бәрінен  де  жоғары  тұрған.  Онтологиялық  болмыстан  туындаған  қарым-
қатынастар ұрпақтан ұрпаққа дәстүр арқылы беріліп отырған. Адам өз елінің ортасында 
тіршілік  ете  отырып,  өз  қабілетіне  сай  әрекет  етеді,  халқының  салт-сана,  әдет-ғұрпын 
белгілі  бір  дәрежеде  орындай  отырып,  дамытып,  кеңейтіп  отырады.  Хандық  кезеңде 
осындай  өзіндік  тарихи  ерекшелігі  бар  қазақ  қауымы  қалыптасты.  Оның  түп  негізі 
туысқандық, қандастық қатынастар болды.  
73 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
Қазақ  даласында  өзiнiң  құрылымына  сәйкес  басқару  жүйесi  болған  және  негiзгi 
субъектiлерi хан мен хан кеңесшiлерi–сұлтандар, жыраулар, би-шешендер, батырлар, ру 
басы  ақсақалдар  едi.  Олар  қазақ  қоғамының  саяси-әлеуметтiк  мәселелерiнiң  негiзiн 
шешетiн кеңес мүшелерi едi. 
Хан – кең далада көшiп-қонып күн кешкен қазақ халқын бiр ортаға жинақтап, 
халқының намысын қорғай бiлген тарихи феномен. Әз Жәнiбек хан, Керей хан, Тәуке 
хан, Қасым хан, Есiм хан, Абылай хандар қазақ халқының елдiгiн, ерлiгiн асыра бiлсе, 
олардың қасында Төле, Әйтеке, Қазыбек би сияқты билер мен Асан, Үмбетей, 
Ақтамбердi, Бұқар сияқты жыраулар болған. Жыраулар хан мен халықтың арасындағы 
тұлға едi. Хандарға қарсы пiкiр айту тек жыраулардың ғана қолынан келдi. Мұны Асан 
қайғының Жәнiбек ханға айтқан сөзiнен көремiз: 
 
 
Ай, хан мен айтпасам бiлмейсiң
Айтқаныма көнбейсiң. 
Шабылып жатқан халқың бар, 
Аймағын көздеп көрмейсiң, -  [1, 28б.]  
деп  хан  әрекеттерiне  әдiлеттi  баға  бере  отырып,  олардың  адамшылық  қасиеттерiн 
басшылыққа  ала  бiлген  ол  әдiлеттiлiктi  хан  саясатынан  iздейдi.  Ханға  әділетсіздікті 
әкелетін  оның  саяси  өмірден  хабарсыздығы,  жайбарақаттығы  деп  білген  Асан  қайғы 
соғыс, қақтығыстарды болдырмау үшін өз ойын ханға жеткізе білуге тырысады. 
 
Мұнан соң қилы-қилы заман болар, 
 
Заман азып, заң тозып жаман болар. 
 
Қарағайдың басына шортан шығып,  
Балалардың дәурені тәмам болар   [1, 28б.]  
Хан  халықтың  жанын  түсініп,  рухын  көтере  білді.  Сол  үшін  де  халық  оларды 
қадірлеп,  қастерледі.  Бұқар  Абылайдың  бойынан  кереметтей  ел басқарушылық  қасиетiн 
таныса,  Абылай  хан  өзi  құрған  мемлекеттiк  саясатында  Бұқар  жыраудың  айтқан  ақыл-
кеңесiне құлақ асып отырған, Бұқардың бойынан болашақты болжағыш, әулие, дарын иесi 
екенiн көрген. 
Бұқар:  
Ашуланба, Абылай… 
Өкпеңменен қабынба, 
Өтiңменен жарылма, 
Орыспенен соғысып, 
Басына мұнша көтерген 
Жұртыңа жаулық сағынба, - [1, 104 б.] 
 
деп,  халықты  бiрлiкке,  бүтiндiкке  шақырып,  ел  бостандығының  қамын  көздейдi.  Халық 
пен хан арасында дәнекер болған жырау «басшысыз халық азады, халықсыз хан тозады» 
дегендi мықтап ескертедi. Мемлекеттiң айбары олардың бiрлiгiнде дейдi.  
 
Бұқар  жырау  сол  замандағы  ел  билеу  iсiне  араласып,  өз  пiкiрiн  өткiр  айтып, 
келтесiнен кесiм шығарып отыратын би де бола бiлген. Хан болса да, қара болса да жөн 
сiлтеп, жолға салып отырған.  
 
Абылай ханның қасында  
Бұқарекең жырлайды, 
Жырлағанда не дейді  
Соғыспа деп жырлайды [1,104 б.]. 
 
Бұқар  елдi  бұра  тартқан  сұлтан,  ру  басы  адамдардан  отты  сөзiн  аямаған.  Халық 
бұқарасы мен хан арасындағы түсiнушiлiк мемлекеттiң тiрегi екенiн бiлген. Алмас тілді, 
74 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
дуалы ауыз ақылшы, данагөй, тілегі қабыл болған батагөй, тілдің майын тамызып, сөздің 
балын  ағызатын  суырылған  шешен,  хан  шеше  алмаған  мәселелерді  шешіп,  ерекше  ой-
пікір  өрбітетін  әулие  жырауды  Абылай  хан  қасынан  бір  елі  қалдырмаған.  «Көмекей 
әулие»  Абылай ханның дұрыс шешім  қабылдауына, қос бүйірден төніп тұрған екі алып 
мемлекеттің  арасында  оңтайлы  саясат  ұстауына,  әскери  дипломатиялық  қарым-
қатынастарды  реттеуге  барынша  ықпал  жасайды.  Бұқар  шығармаларында  Ресей 
империясының  отарлаушылық,  басқыншылық  саясаты,  зұлымдық  әрекеттері 
әшкереленеді. Отан қорғау, қорғаныс қабілетін күшейту, жер-суды жат қолынан сақтау, ел 
билеу  тәсілдерін  мүлтіксіз  меңгеру,  ханның  жақсы  қадамдарын  қолдап,  теріс  істерін 
істетпеу,  заман  ағымын  жіті  аңғару,  ұлттық  мүддені,  салт-дәстүрді,  адамгершілік 
қағидаларын сақтау жырау толғауларының саяси-әлеуметтік мазмұнын анықтайды.  
Бұқар жырау ұрымтал тұстарда ғана оқиғаға араласып, байламды ойларын айтады. 
Онда  да  бірден  кесіп-пішіп  тастамайды,  әуелі  халқына,  содан  соң  Абылайдың  өзіне  ой 
тастаудан,  ақыл  қосудан  аспайды.  Ешкімнің  арасына  жік  салмай, бөлмей,  бөлшектемей, 
бітістіре сөйлейді. Қатал сөзін, қату қабағын өзінің ең жақыны Абылайға ғана көрсетеді. 
Қалғандарына  құлықты,  пейілді  мінез  танытады.  Абылайға  қаттырақ  тиетіні:  сен  тақта 
отырсың,  ендеше  бәріне  сен  жауапкерсің  дегені.  Абылай  мұны  жақсы  түсінеді. 
Абылайдың  –  Абылайлығы  да  сол.  1711-1781  жылдары  өмір  сүрген  Абылай  хан  да  өз 
заманының  перзенті  болатын.  Өзінің  ең  негізгі  мақсаты  ретінде  күшті,  тұрақты,  қуатты 
Қазақ  хандығын  құруды  көздеген  Абылай  1771  жылы  Түркістанда  Орта  жүздің  ханы 
болып  сайланды.  Абылай  Қытай  империясы  мен  Ресейдің  арасында  қалған  Қазақ 
хандығының  халықаралық  саяси  жағдайының  күрделілігін  ескере  отырып,  осы  екі 
мемлекетпен  терең  саяси  қатынастарды  алғашқы  орынға  қою  қажеттілігін  түсінді. 
Құқықтық  тұрғыдан  Абылай  қатаң  заңнама  қолдаушысы  болды.  Бірлікке  ынталандыру 
арқылы  күшті  орталық  билік  құрған  хан,  бірлікті  баянды  қылу  үшін  отырықшы 
мәдениетке  баулуға  тырысады.  Осы  ойларын  толыққанды  жүзеге  асыру  үшін  Абылай 
Орта  Азияға  ықпал  етудің  маңызды  кілті  Түркістан  аймағын  өзіне  қаратып,  хандықтың 
экспансиясы үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.  
Абылайдың  арманы  –  елінің  тыныштығын  қорғап  қалу,  ерінің  мойнына  бұғалық 
кигізбеу, қазіргі тілмен айтқанда: Қазақстанның тәуелсіздігін сақтау. Өйткені Бұқар қария 
айтқандай: 
 
Бір жағыңда орыс 
Бір жағыңда шүршіт тұр. 
Тап бергенде, шап беріп, 
Қайтпексің баудай жайратса
 
Сондықтан да елің мен ел билеушілерінің ниеті бір жерден шығу керек. Біреуі билік 
пен  мансаптың  құлына  айналып,  айналасын  жарылқаудан  аспаса,  екіншісі  қарын  қамын 
күйттеп,  күйбең  тіршілік  пен  сүйрең  сөзді  қуып  жүрсе,  онда  қазақ  көші  қисайды, 
түзелмеске кетті дей беріңіз!  
Жыраулар  өз  толғауларында  адам  және  қоғам  жайлы,  тiршiлiкте  болып  жатқан 
өзгерiстер,  оның  мән-мағынасы  жөнiндегi  түсiнiктерiн  баяндайды.  өздерi  өмiр  кешкен 
жаугершiлiк  заман  талабына  сай  ғұмыр  кешкен,  кейде  тiптi  батыр,  қолбасы  да  болған 
жыраулар  ерлiк  сарынды  отаншыл  жырлар  туғызады.  Адам  мен  қоғам  жыраулар  үшiн 
мызғымас бiрлiкте. Адамның қоғамға қатынасы, адамдардың қоршаған ортаны, қоғамды 
тануы,  оны  адамның  өз  игiлiгiне  жаратуы,  оның  қасиетiн  қастерлей  бiлуi  олардың 
жырларында анық көрiнедi. 
Асан  қайғы  саяси  тұрақтылық  пен  бейбіт  өмірді  жақтаушы.  Ол  геостратегиялық 
тұрғыдан Қазақ хандары үшін ең маңызды орын алуы керек жәйт - Батыс пен Шығысты 
жалғастырып, Шыңғыс хан дәуіріндегі мәдени, рухани орталық болып табылған Еділ мен 
Жайықты иеленуді ұсынады. Бұл жырау тілімен айтқанда Жерұйық түсінігіне саяды. Асан 
75 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
қайғы  -  хандық  биліктің  жақтаушысы,  әрі  жыршысы.  Жырау  үшін  халықтың  жағдайын 
жақсартудың  көзі  -  хан.  Кез  келген  жағдайда  Асан  қайғы  реформаның  жоғарыдан 
жасалуын 
қалайды, 
яғни 
эволюциялық 
дамуды 
қолдайды.  
Қазтуған  жыраудың  саяси-құқықтық  ойлары  туған  жер,  атамекенді  қорғау,  ата  жұртты 
мадақтау, елдің тыныш өмірін жақтау екендігі айқын. Ол Еділ мен Жайыққа жетер жер 
жоқ екендігін, Ноғайлы қазаққа жететін халық жоқ екендігін, бірақ халықтың бұрынғыдай 
дәстүрлі  өмір  кешуіне  қауіп  төніп  келе  жатқандығын  баса  айтады.  Заманның  өзгерісін 
ескеріп, жаңа заман талаптарына сай өмір сүру керек. Халық бірлігі - басты құндылық.  
Саяси және құқықтық ойлардың ішінде Қазтуған ойларының ерекшелігі сонда, көп 
жылдар алдын ала болатын жәйларды болжаған жырау, халық тағдырын дәл табады. Дәл 
тауып  қана  қоймайды,  осы  жағдайлардың  орын  алуына  ықпал  еткен  себеп,  салдарды 
қарастырады.  Бодандықтан  аман  қалудың  жалғыз  жолы  -  рухы  тәуелсіз,  күшті  келешек 
буын,  ұрпақ  қалыптастыруда.  Алайда,  түрлі  тарихи  процестер  нәтижесінде  бодандыққа 
түскен  қазақ  халқының  өзі  де  бұл  проблемалардан  алшақ  қала  алмады.  Жастарды 
тәрбиелеуде ұлттық нышандарды ескермеу, ұлттық ділдің, діннің, тілдің қолдану аясынан 
шығып кетуі ұлттың аман қалуына қауіп төндірді. Бұл қауіп еліміз тәуелсіздік алғаннан 
кейін де жойылған жоқ.  
Қазақ    хандығы  дәуiрiнде  қоғамның  басты  әлеуметтiк  мәселелерiнiң  бiрi  жер-су, 
жайлы қоныс, жылы қыстау мен шаруашылық өнiмдерiн ел мүддесiне сай қамтамасыз ету 
болып табылады. Осы ерекшелiктер жыраулар дүниетанымына әсерлi ықпалын тигiзедi. 
Жыраулар жер мен адам өмiрiн бiр-бiрiмен байланыстыра қарайды. Адам өзi өмiр сүрiп 
отырған жердiң бағасын, құнын бiлуi керек, өмiрдiң өткiншi екендiгiн, өлген соң да жерге 
қайтып келетiнiн сезiнуi керек, бiрақ оған дейiн әркiм өз арман-мүддесiн орындауы керек 
дейдi. Асан қайғы Ойыл мен Жем бойынан қоныс аударуды жөн көрмейдi. 
Қазтуған  жырау  адам  баласы  ең  алдымен  жерге  борышты,  осы  жерде  ол  дүниеге 
келедi, өзiнiң адамдық кейпiне ие болады дейдi. Едiлдi қиып тастап кету мүмкiн емес. Бұл 
– 
Қазтуған  батырдың  дүниеге  келген,  кiндiгiн  кескен  жерi.  Сондықтан  да  бұл  жер  оған 
ыстық.  Жырау  халыққа  өздерi  өмiр  сүрiп  отырған  жерiн  құрметтеу  керек  екендiгiн 
үйретедi.  
Жыраулар – мемлекеттегі, хан сарайындағы көреген саясаткер, ханның ақылшысы, 
қолбасы  әрі  дауылпаз  ақыны  бола  білді.  Жыраулар  хан  кеңесінің  белсенді  мүшесі, 
мемлекет  басқару  ісіне  тікелей  қатысы  болған,  саяси,  қоғамдық  мәселелерді  шешуге 
араласып  отырған.  Соғыс  кезінде  ханның  жеке  өзіне  де,  әскери  кеңесте  де  ақыл-кеңес 
беріп, болжау жасап, өз ойларын ашық айтқан. Ұрыс алдында жауынгерлерге арнап жыр 
толғап, олардың рухын көтеріп отырған. Қажет кезде өздері де шайқасқа қатысып, ерлік 
көрсеткен.  Жыраулардың  ішінде  қолбасылары  да  болған,  тайпалар  мен  руларды 
басқарған. Олар жаңа құрылған мемлекеттің күшті, хан билігінің мықты болуын көздеп, 
сол кездегі әдебиетті, мәдениетті мемлекетке, ханға қызмет еткізген. Өздерін әміршінің, 
мемлекеттің қызметшісі деп білген. Ханның кеңесшісі, бас идеологы болғандықтан олар 
үлкен  мемлекеттік  маңызы  бар  мәселелер  бойынша  ғана  толғаған,  өз  сөздерін  тікелей 
әміршіге  арнаған.  Әдетте  елді  толғантқан  жағдайлар  мен  төтенше  оқиғалар  кезінде 
сөйлеген. Сондықтан оларды халық та, хан да қадірлеген, жау шапқан, ел дағдарған кезде 
олардан ақыл-кеңес сұраған.  
Мемлекет басқаруда ең маңыздысы ел тәуелсiздiгiн қорғау болса, сол жолда ханға, 
батыр  қолбасшыға  рух  берiп,  жiгерлендiрiп  отырған  жыраулар  болды.  Олар  тек  елдiң 
қамын  ойлады,  шығармаларында  халықтың  бiрлiгi,  тұтастығы,  басқа  елдермен  қарым-
қатынасы  жырланды.  Ақтамбердi,  Шалкиiз,  Доспамбет  жорықтарға  қатысқан  батыр, 
қаһармандық  күрестiң  жыршысы  едi.  Олар  өз  заманының  мән-мағынасын  түсiнiп,  оның 
аумалы-төкпелi  болмысын  заңды  объективтi  процесс  деп  санады,  өткенге  өкiнiп,  ескiнi 
аңсамады, өз уақытының тарихи-табиғи тынысын қалтқысыз қабылдап, соған сәйкес өмiр 
сүрдi.  Жыраулардың  әрі  суырып  салма  ақын,  әрі  батыр,  әрі  данагөй,  сәуегей  болуының 
76 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
себебі де сол кезеңдегі қазақ хандығының өмір салты мен тұрмыс-тіршілігінің көшпелі-
бақташылық болуы мен жиі жаугершілікті басынан кешіруіне байланысты еді.  
Қазақ мемлекетiнiң негiзi елдiң рулық ара қатынасынан құралса, оның қайнар бұлағы 
туысқандық, мейiрiмдiлiк сезiмнiң артуы арқылы құралатынын жыраулар жақсы түсiндi. 
Ол кездегi алға қойған саяси-әлеуметтiк талап қазақ деген ұлттық сананы рулық, жүздiк 
ұғымның  шеңберiнен  асырып,  түбi  бiр  тұтас  мемлекеттiк  дәрежеге  көтеру  едi. 
Жыраулардың  арманы  қазақ  жұртын  қабырғалы  мемлекет  қатарына  қосу  болды. 
Халықтың  басын  бiрiктiремiз  деп  талай  қиындықты  бастан  кешiрдi,  алдаспан  жырлары 
ханды да, қараны да аямады. Олардың әрбiр жырын жеке бiр тарих деуге болады, себебi 
сол кездегi халықтың әр қадамын бейнелеп, құнды мәлiметтер берiп отырады.  
Жыраулар шығармаларында сонымен бірге билеушіге, әміршіге деген оппозициялық 
ой-пікірлер  де  жиі  болған.  Хан  мен  сұлтанға,  олардың  кей  шешімдеріне  наразылық 
білдіріп,  келіспеушілігін  ашық  көрсеткен.  Кейде  оларды  сынға  да  алып  отырған.  Олай 
болу  себебі,  «біріншіден,  жыраулардың  көбісі  қай  жағынан  болса  да  хан-сұлтандармен 
терезесі  тең  ақсүйектер  тұқымынан  шыққандығы;  екіншіден,  олардың  әміршіге, 
мемлекетке  деген  адалдығы;  үшіншіден,  жыраулардың  ел  алдындағы  орасан  биік 
беделдігі;  төртіншіден,  көшпелі  хандық  мемлекетіндегі  «өзіндік  демократияның» 
болғандығы; бесіншіден, қазақ қауымында «өнер алды – қызыл тіл» деп бағаланып, «бас 
кеспек  болса  да,  тіл  кеспек  жоқ»  деген  қағида-шарттардың  мықтылығы  еді»,  -  дейді 
С.Қасқабасов [2,7 б.].  Жыраулар поэзиясындағы басты тақырып - қазақ хандығын құрған 
ру мен тайпаның татулығы мен бірлігі, мемлекетті нығайту мен оның жауынгерлік күшін 
арттыру  болды.  Бұл  жыраулар  поэзиясында  елдің  тәуелсіздігі  мен  мемлекеттің  нығаюы 
үшін  жан  аямай  күрескен  батырлар  мен  қайраткерлерді  көтермелеп,  мадақтау  дәстүрін 
қалыптастырды.  Жыраулар  идеалды  әміршінің  бейнесін  жасай  отырып,  адамдар 
жоқшылық көрмей, бақытқа кенелетін утопиялық қоғамды да суреттейді.  
Қоғам – халықтың бір-біріне деген қарым-қатынасы. Сондықтан қоғам дамуындағы 
әрбір қадам – бұл адамдық болмыстың, адамдық мәннің өзгеруі; қоғамда болып жатқан 
қиындықтар мен дағдарыстар – адамзат тіршілігіндегі қиындықтар мен дағдарыстар мәні. 
Әрбір  тарихи  кезең  адам  дамуының  белгілі  бір  деңгейімен,  оның  бейімділігімен, 
қажеттілігімен,  өзгеру  мен  жетілу  әдістерімен,  адамдар  арасындағы  қатынастар  мен 
олардың  табиғатқа  қатынасының  сипатымен,  адамның  еркіндігі  мен  еріксіздігінің  мәні 
мен дәрежесімен сипатталады. Адам тарихы әр кезеңде әртүрлі, адамның саналы немесе 
бейсаналы кезеңі қандай болса сондай. Сонымен бірге адам бір дәуірден екінші дәуірге 
өтерде өзінің жалпы ерекшелігін: еңбек пен ойға бейімділігін, өзінің өмірлік іс-әрекетінің 
қоғамдық  сипатын,  табиғатпен  әрекеттестігін,  әлемді,  адами  өмірді  көркем  меңгеру 
мүмкіндігін  сақтайды.  Осы  ерекшеліктерді  сақтай,  үздіксіз  дами  отырып  адам  өз  өзіне 
мәңгілік проблема болып қалады. Бұл адамның негізгі ерекшеліктерінің мәні.  
Қай  кезде  болмасын  қоғам  дамуын  түсiну  үшiн  оның  өткенiне  үңiлу  керек. 
Сондықтан  бүгiнгi  қоғам  қажеттiлiктерiн  бiлу  үшiн  елiмiз  егемендi  мемлекет  болып, 
әлемнiң  көп  елдерiмен  тереземiз  тең  болған  кезде  қазақ  халқының  қоғамдық-саяси, 
әлеуметтiк мұралары мен рухани қазыналарын терең зерттеп, халықтың бай мәдениетiн, 
фольклорын, философиясын өз дәрежесiнде көрсете бiлуiмiз керек.  
Қазақ мемлекетiнiң негiзi елдiң рулық ара қатынасынан құралса, оның қайнар бұлағы 
туысқандық, мейiрiмдiлiк сезiмнiң артуы арқылы құралатынын жыраулар жақсы түсiндi. 
Ол кездегi алға қойған саяси-әлеуметтiк талап қазақ деген ұлттық сананы рулық, жүздiк 
ұғымның шеңберiнен асырып, түбi бiр тұтас мемлекеттiк дәрежеге көтеру едi. Олардың 
арманы  қазақ  жұртын  қабырғалы  мемлекет  қатарына  қосу  болды.  Халықтың  басын 
бiрiктiремiз деп талай қиындықты бастан кешiрдi, алдаспан жырлары ханды да, қараны да 
аямады. Олардың әрбiр жырын жеке бiр тарих деуге болады, себебi сол кездегi халықтың 
әр  қадамын  бейнелеп,  құнды  мәлiметтер  берiп  отырады.  Қазақ  жыраулары  ежелгі 
ұстаздық  дәстүрін  толық  сақтап,  дамыта  әрі  өз  дәуірінің  талап-талғамына,  болмысына 
сәйкес сөз өнерін тақырып пен мазмұн, идея мен түр жағынан байыта түсті. Бүкіл түркі 
77 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
халқының тарихында, рухани ғұмырында зор роль атқарған жыраулар өзінің әлеуметтік-
саяси, мәдени қызметін сақтап, қазіргі жаңа дәуірге жеткізе білді.  
 
                                              
Әдебиеттер:  
1
 
Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-
жырауларының  шығармалары.  Үш  томдық.  (Құрастырған.  М.Мағауин,  М.Байділдаев).  - 
Алматы: Жазушы, Т.І. 1984.– 256 б.  
2    
Қасқабасов С. ХҮ-ХҮШ ғ-ғы қазақ әдебиеті (компендиум). –  Алматы:  Әдебиет 
және өнер институты, 2005. – 64 б.  
Резюме 
В  статье  рассматривается  творчество  жырау,  которые  призывали  к  единству  и 
сплоченности казахского народа. Жырау предстает после-довательным сторонником идеи 
упрочения  степной  государственности.  Они  постоянно  поддерживали  объединительную 
политику  хана  в  казахских  жузах,  оказывали  существенные  влияния  на  решения  им 
некоторых сложных вопросов управления подвластным народом при разборе межродовых 
споров и тяжб.  
 
Summary 
Work of zhyrau is examined in the article, that called to unity and solidarity of the Kazakh 
people. Zhyrau appears the consistent supporter of idea of strengthening of the steppe state 
system. They constantly supported unifying politics of khan in Kazakh juz, rendered substantial 
influences on decisions to them some stumpers of management by subject people at the analysis 
of intergeneric spores and lawsuits.  
 
 
ФИЛОСОФСКИЙ АНАЛИЗ ЦЕННОСТИ ПРИРОДЫ В ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ 
ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 
 
Кульжанова Ж.Т. 
кандидат философских наук 
Казахский Агротехнический Университет  
им. С. Сейфуллина, г. Астана 
 
Переход  от  палеолита  к  неолиту  ознаменовался  появлением  земледелия  и 
скотоводства,  что  привело  к  подлинной  революции  в  жизни  древних  обществ.  Начался 
процесс активного преобразования окружающей природной среды более разнообразного 
использования  природных  ресурсов,  флоры  и  фауны  отдельных  регионов.  При  этом 
особое значение  имело  зарождение  производства  материалов,  которые  не  встречались  в 
природе.  Это  стало  возможным  благодаря  практическому  овладению  некоторыми 
химическими  процессами  (особенно  реакциями  восстановления),  открывшему  дорогу  к 
изготовлению глиняной посуды, развитию металлургии и т.д. 
Но в, то, же время, хотя и медленно, развитие орудий труда все же совершалось. При 
собирании диких плодов, съедобных трав, охоте человек вначале пользовался попавшими 
ему  под  руку  готовыми  природными  предметами,  которые  после  разового  применения 
выбрасывались.  Ко  времени  второй  межледниковой  эпохи  возникает  производство 
каменных  орудий  [1,с.55].  В  находках,  относящихся  к  верхнему  палеолиту,  отмечается 
уже довольно высокий уровень их изготовления. 
Активно  преобразовывая  природу,  человек  изменялся  сам,  развивался  его  разум. 
Известно,  что  этот  процесс  происходил  высокимитемпами  обычно  при  возникновении 
затруднений и осуществлении поставленных целей при сложных или тяжелых природных 
условиях деятельности. При этом появление новых идей, способов, средств, позволяющих 
78 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
преодолеть  встречающие  препятствия,  совершались  не  сразу,  а  в  ходе  более  или  менее 
длительного  развертывания  противоречия  между  наличными  техническими 
возможностями и потребностями в их умножении и усилении, необходимом для решения 
новых задач. 
В  древности  роль  природных  факторов  в  жизни  общества  ощущалась  не  столь 
сильно,  но  все-таки  была  уже  заметной.  В  эпоху  раннего  палеолита,  когда  борьба  за 
обеспеченность  пищей  охватила  всю  деятельность  человека  и  единственным  способом 
добычи  средств  к  существованию  являлись  собирательство  и  охота,  жизнь  людей  была 
практически  растворена  в  природе.  В  этих  условиях  человек  одухотворял  окружающую 
природную  среду,  чувствовал  себя  во  власти  таинственных  сил.  Для  палеолитических 
обществ  были  характерны  целостное  восприятие  действительности,  пересечение 
материального  и  духовного,  поиски  причин  душевных  переживаний,  жизненных 
требований во внешнем мире. Господствующие анимистические представления, в общем, 
препятствовали  выделению  человека  из  природы,  развёртыванию  активной 
преобразовательной  деятельности.  В  архаическое  время  люди  главным  образом 
приспосабливались к окружающей их среде. 
Анализ  орудий  времен  палеолита  и  неолита  показал  поразительное  единообразие 
технологических  операций,  использовавшихся  в  самых  различных  регионах  нашей 
планеты. Например, «на всем огромном пространстве, где встречаются ручные рубила, - в 
Западной  Европе,  по  всей  Африке,  в  Передней  Азии  и  на  Индийском  полуострове  –  в 
продолжении 100 или 200 тысяч лет их применения одни и те же четыре – пять видов этих 
рубил повторяются с удивительным постоянством» [1, с.56]. Однако в дальнейшем такое 
единообразие  стало  нарушаться.  Хотя  внутренняя  логика  и  законы  развития  техники,  в 
общем, были по-прежнему, одинаковымидля всех стран, реализация этих законов шла уже 
разными путями» [2, с.9]. 
В  древних  земледельческих  странах  –  Вавилоне,  Египте,  Китае,  Индии  -жизненно 
важной была борьба с засухами и наводнениями. Созданиеиррагационных систем и иных 
гидротехнических сооружений началось здесь за несколько тысячелетий до нашей эры и 
привело к немалым, порой даже весьма впечатляющим, достижениям. Достаточно сказать, 
что  часть  таких  сооружений  не  только  сохранилась,  но  и  продолжает  поныне 
функционировать в ряде мест. Вместе с тем развёртывание сети иррагиционных систем в 
древневосточных  странах,  обусловив  получение  стабильных  урожаев,  значительно 
ослабило  стимулы  к  преобразованию  деятельности,  дальнейшее  улучшение  приёмов 
земледелия. 
Разумеется,  существенной  причиной  заторможенности  технического  развития 
являлась консервативность социально-экономической структурывосточных цивилизаций, 
ядро которых составляли сельскохозяйственные общины. Как писал К. Маркс, «простота 
производственного  механизма  этих  самодовлеющих  общин,  которые  постоянно 
воспроизводят себя в одной и той же форме … объясняет тайну неизменности азиатских 
обществ…»  [3,  с.371].  Соответственно  и  система  ценностей  цивилизаций  древнего 
Востока тысячелетиями оставалась практически постоянной. К тому же в ней преобладали 
религиозные  мотивы.  В  частности,  анемические  моменты  долгое  время  сохранялись  в 
философских  учениях  Индии  и  Китая.  Все  это  закрепляло  зародившееся  ещё  в 
первобытную  эпоху  преклонение  перед  природой,  вело  к  абсолютизации  эстетического 
освоения действительности, которое считалось лучшим путём познания истины [4, с.30]. 
Усиливалось  и  своеобразное  «раздвоение»  технической  деятельности,  точнее  её 
целенаправленности.  Основные  силы  общества  сосредоточиваются  на  строительстве 
всевозможных  храмов  и  святилищ.  И  лишь  незначительные  средства  выделяются  для 
эксплуатации ирригационных систем. 
Вообще-тоговоря, строительство сооружений культового назначения, явившееся по 
своей сути одной из форм жертвоприношения, возникло ещё со времен неолита [1, с.173]. 
С  тех  пор  масштабы  подобного  рода  деятельности  возрастали  и  достигли  в 
79 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
рабовладельческом обществе едва ли не максимума возможного, отнимая нередко почти 
все  людские  и экономические  ресурсы  (во  всяком  случае,  львиную  их  долю).  Наиболее 
характерный  и  широко  известный  пример  –  строительство  египетских  пирамид.  И  роль 
ценностных установок, господствовавших в древнем Египте, выражается здесь особенно 
наглядно. В этой связи можно согласиться с М.А. Коростовцевым в том, что «для египтян 
запросы  их  религии  представлялись  первостепенными,  гораздо  более  важными,  чем 
заботы о жилище и хлебе насущном» [5, с.266]. 
И  все  же,  хотя  мистическая  ориентация  древних  обществ  вызывала  пустую  трату 
средств и ресурсов, а порой даже их полное истощение, в ходе реализации поставленных 
иллюзорных  целей  происходило  определенное  развитие  технических  средств.  Ряд 
технических изобретений (в том числе и относящихся более позднему времени – компас, 
бумага, порох и др. - стал впоследствии достоянием всего человечества [6, с.65]. Правда, 
осуществлялись подобные находки обычно случайно, как, например, открытие в VII в. н.э. 
китайскими алхимиками пороха. Вместе с тем упорное следование поставленным целям 
(пусть  даже  имевшими  мистическое  обрамление  или  окраску,  скажем,в  случае  поисков 
философского камня, эликсира долголетия и пр.) чаще наталкивало на такие случайности 
и, следовательно, в какой-то степени способствовало развертыванию позитивной стороны 
технической и познавательной деятельности. Именно древневосточные алхимики создали 
рядкрасителей,  препаратов,  включающих  серу  и  ртуть,  добились  успехов  в  развитии 
техники  химического  эксперимента  и  т.д.  Однако  в  целом  сам  характерценностных 
ориентаций  восточных  цивилизаций  древности  (и  средневековья),  как  и  известная 
закостенелость  этих  ориентаций,  в  значительной  мере  препятствовал  прогрессу  в 
техническом освоении действительности. Последнее начинало отставать от достигнутого 
в древней Греции, а затеми в Риме, не говоря уже о развитии техники начиная с эпохи 
Возрождения в Европе. 
В отличие от восточных обществ социально-экономическая жизнь античной Греции 
была весьма динамичной. Здесь происходило сравнительно быстрое развитие земледелия, 
ремесла, торговли, мореходства и т.д., чему способствовало и географическое положение 
Средиземноморья,  где  пересекалисьпути  различных  цивилизаций.  В  итоге  ценностные 
ориентации античного мира претерпевали значительные изменения. 
С 
усилением 
хозяйственной 
деятельности 
природные 
явления 
переставаливосприниматься  как  нечто  сугубо  божественное.  В  сознании  людей 
начиналось отделение мифологических богов от природы, которая все большое ценилась в 
качестве  предмета  утилитарного  пользования  [7].  Возникает  поиск  норм  человеческого 
поведения  не  в  природных  и  даже  не  в  божественных  наставлениях,  а  в  мире  самого 
человека.  По  существу,  здесь  впервые  было  обращено  внимание  на  то,  что  ценность 
природы определяется ее (природы) включенностью в человеческую деятельность. Такая 
установка окончательно утвердилась и стала руководством в практике в период Римской 
империи,  когда  практический  подход  к  окружающей  природной  среде  получил  самое 
широкое  распространение  [2,  с.48].  Утилитарная  ценностная  ориентация  античности  к 
природе стимулировала расцвет технической мысли. В связи с тем, что античная культура 
носила  преимущественно  городской  характер,  развитие  техники  шло  в  основном  и  по 
линии  градостроительства,  сооружения  дорог,  гаваней,  каналов,  водопроводов. 
Прогрессировали  также  военная  техника,  кораблестроение,  различные  кустарные 
производства  и  т.д.  Конечно,  в  Древней  Греции  и  Риме  строили  и  храмы.  Но  на  их 
сооружение  расходовалось  несравненно  меньше  общественных  средств,  чем  на  Востоке 
[1, с.179]. 
Можно  привести  много  примеров,  свидетельствующих  о  высоком  уровне  развития 
инженерной  мысли  античности.  В  этот  период  были  сделаны  важные  технические 
изобретения Архимедом, Героном Александрийским, Витрувием и др. [8, с.487]. Однако в 
целом античное общество не реализовало возможностей, которые открывались перед ним 
благодаря  развитию  техники.  Основная  причина  этого  коренилась  в  самой  природе 
80 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
рабовладельческого  способа  производства,  где  главным  орудием  труда  выступал  раб. 
Понятно,  что  в  таком  обществе  не  было  достаточно  сильных  социально-экономических 
потребностей  (и,  следовательно,  стимулов)  в  разностороннем  техническом  прогрессе  и 
всемерном  применении  его  достижений.  Нередко  те  или  иные  технические  находки 
использовались  лишь  как  занимательные  игрушки,  хотя  много  позже  они  сыграли 
немаловажную  роль  в  развитии  производительных  сил  ипроизводственных  отношений. 
Даже водяная мельница, изобретенная в  I веке до н.э., начала практически применяться 
лишь в средние века. 
Таким образом, утилитарная ценностная ориентация в отношении природы оказалась 
в древней Греции и Риме довольно ограниченной. К тому же наряду с ней (и вопреки ей) 
здесь  действовал  и  другой  принцип  –  «познание  ради  познания»,  что  было  связано  с 
возникшим разделением труда на умственный и физический. 
В  эпоху  средневековья  прагматическое  отношение  к  природе  было  предоставлено 
целым рядом обстоятельств, среди которых немалую роль сыграло господство церкви и 
христианской  идеологии  (если  говорить  о  европейских  странах).Духовная  жизнь  в 
значительной  мереопределялась  теми  положениями  Библии,  которые  утверждали  идею 
необходимости  жить  на  земле  в  самоотречении,  чтобы  попасть  в  рай.  И  действие  этой 
установки  явилось  не  последней  причиной  того,  что  эпоха  Возрождения  получила  в 
наследство  от  средних  веков  в  основном  лишь  многочисленные  церкви  и  какое-то 
количество угасших центров культуры. 
Однако  начавшееся  после  длительного  перерыва  оживление  социально-
экономической  жизни  в  Европе,  связанное  с  зарождением  капиталистического 
производства,  неизбежно  должно  было  привести  к  смене  господствовавшихценностных 
ориентаций.  Возникает,  вернее,  возрождается,  античная  тенденция  к  усилению 
утилитарного  отношения  к  природе.  Здесь  следует  отметить  значительное  влияние 
арабо-мусульманской культуры на становление системы ценностей эпохи Возрождения, 
в  частности  на  эмансипацию  человека  от  библейского  «первородного  греха»  [9,  с.392]. 
Вместе  с  тем  обращается  все  большее  внимание  на  идеи  пользования  природой  в  их 
христианской  интерпретации,  согласно  которой  бог  предназначил  человеку 
владычествовать  над  всей  землей  и  над  всем  живым  на  земле.  Короче  говоря, 
формировалась  установка  на  господство  над  природой,  и  эта  установка  в  свою  очередь 
оказывала  растущее  воздействие  на  развитие  технического  освоения  природной 
действительности,  способствовала  осознанию  необходимости  союза  науки  и  техники, 
теоретического и практического знания. 
Все  технические  изобретения  до  эпохи  Возрождения  опирались  на  обыденное 
знание.  С  наступлением  же  этой  великой  эпохи  начало  возникать  понимание  того,  что 
возможности  техники  могут  неизмеримо  увеличиться  при  использовании  научных 
открытий.  Об  этом  впервые  сказал  великий  Леонардо  да  Винчи:  «Увлекающийся 
практикой  без  науки  –  словно  кормчий,  входящий  на  корабль  без  руля  или  компаса  … 
Всегда практика должна быть воздвигнута на хорошей теории» [10, с.180]. 
Философское  обоснование  необходимости  союза  между  наукой  и  техникой  было 
дано Ф. Бэконом. Идея о том, что «в недрах природы таится много весьма полезного, что 
не  имеет  родства  или  соответствия  с  уже  изобретенным  и  целиком  расположено  за 
пределами  воображения»  [11,  с.212]  соединяется  им  с  мыслью  о  безграничных 
возможностях  человека,  который  способен  превратить  «знание  в  силу».  Методология 
«естественной  философии»,  разработанная  Ф.  Бэконом,  как  нельзя  лучше  отвечала 
потребностям  зарождавшегося  капитализма,  и  основные  её  установки  были  подхвачены 
ещё при жизни Бэкона выдающимися естествоиспытателями. 
По Ф. Бэкону, ценность науки – не знание ради знания, а насыщение производства 
техническими новшествами. Цель же изобретений – полезность, улучшение жизни людей, 
использование  сил  природы.  В  том  же  духе  высказывается  и  Р.  Декарт:  «Зная  силу  и 
действие окружающих нас тел так же отчётливо, как мы знаем различные занятия наших 
81 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
ремесленников,  мы  могли  бы  точно  такими  же  способами  использовать  их  для 
всевозможных применений и тем самым сделаться хозяевами и господами природы» [12, 
с.305]. 
В  Новое  время  Ф.  Бэкон  и  Р.  Декарт  закладывают  мировоззренческие  основы 
инструментального  отношения  человека  к  природе,  связывая  научные  исследования  с 
материальной  выгодой.  Знание  природных  свойств  и  законов  становится  общественной 
ценностью.  Естествознание  теснит  религию,  христианские  догмы.  Ценность  последних 
падает. 
Ручные  орудия  труда,  ремесленные  инструменты  образовали  технический  базис 
традиционного  общества.  Их  вполне  хватало  для  того,  чтобы  решать  хозяйственные 
задачи того времени и служить людям, ориентированным на общинный образ жизни и его 
ценности.  В  работе  «Хозяйственная  этика  мировых  религий»  М.  Вебер  писал: 
«Крестьянам, тесно связанных с природой и во всем своем хозяйственном существовании 
зависевших от элементарных природных сил, была настолько близка магия – заклинание 
духов, пребывавших в силах природы или над ними, или простое обретение расположения 
божества, что вырвать их из этой исконной формы религиозности могло лишь глубокое 
преобразование  всей  жизненной  ориентации,  произведенное  либо  другими  слоями 
общества,  либо  мощными  пророками,  легитимизированными  в  качестве  колдунов 
благодаря совершенным ими чудесам» [13, с.58]. 
Водяная  мельница  –  прообраз  машины,  имеющей  двигатель,  передаточный 
механизм,  рабочее  орудие.  И  как  только  была  изобретена  паровая  машина,  началась 
механизация  производства.  Приводимые  в  движение  силами  пара  технологические 
машины  быстро  вытеснили  ремесленный  труд  текстильщиков,  кузнецов  и  т.д.  «Уже 
Гегель  видел,  -  пишет  Ясперс,  -  какие  последствия  влечёт  за  собой  скачок от  обычных 
орудий труда к машине. Прежде всего, это – значительный прогресс, орудие труда – ещё 
нечто косное, вещь, которую я использую в своей деятельности как бы формально, и при 
этом  сам  превращаюсь  в  вещь,  ибо  в  этом  случае  источником  силы  является  человек. 
Машина  же,  напротив,  -  самостоятельное  орудие,  с  ее  помощью  человек  обманывает 
природу, заставляя её работать на себя. Однако обман мстит обманщику» [14, с.126]. 
В  своей  совокупности  машинная  техника  образовала  технический  базис 
индустриального  общества.  Техническая  революция  конца  XVIII  -начала  XIX  века 
ознаменовала  собой  переход  общества  в  царство  машин.  М.  Вебер  отметил  ряд 
особенностей  горожан,  которые  оказались  чрезвычайно  полезными  для  становления 
индустриального общества. Он писал:  «Общим для бюргерского слоя была тенденция в 
сторону  практической  рационализации  жизненного  поведения,  что  вытекало  из  типа  их 
жизнедеятельности, относительно далекой от воздействия сил природы. В основе всего их 
существования лежал расчет и стремление господствовать над природой и людьми, пусть 
даже с помощью самых примитивных средств» [13, с.58]. 
Появление технологических машин, использование сил природы в промышленности 
завершается  стандартизацией  деталей  различных  механизмов,  что  сделало  возможным 
массовое производство. Изготовление стандартных компонентов технических устройств и 
сборки из них различных изделий резко повысили производительность труда и выдвинули 
промышленное  производство  на  первый  план  в  народном  хозяйстве.  Индустрия  стала 
господствующим сектором экономики. 
Индустриальное  общество  имеет  ряд  характерных  признаков.  Оно  основано  на 
машинном  производстве,  товарно-денежных  отношениях,  предпринимательстве  и 
наёмном труде, получении прибыли, значительных накоплениях общественного богатства 
и крупных инвестициях в экономику, а также на научной организации труда, техническом, 
экономическом и политическом рационализме. 
Индустриальное общество не только дало массовое производство и потребление, но 
и  вызвало  к  жизни  ряд  противоречий,  которые  в  определённой  степени  оказались 
неожиданными для людей и разрушительными для основы их существования. 
82 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
В  индустриальном  обществе,  если  использовать  хайдеггеровскую  терминологию, 
техника  превратилась  в  часть  бытия  человека  [15].  Человек  оказался  затребованным 
техникой.  Техническая  система  разрешает  существовать  только  тем  явлениям,  которые 
принимают её правила игры, ее требования и исключает (или минимизирует), те явления, 
которые могут подорвать ее стабильность. 

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал