Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж



жүктеу 5.01 Kb.

бет24/25
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
Микулина Г.Г. Характеристика  основных  критериев  качества  знаний  учащихся. 
Психология  учебной   деятельности  школьников. / Под.  ред. В.В. Давыдова. - М. Изд-во 
НИИ ОПП АПН СССР, 1982. - С. 165-166. 
2.
Тоқсанбаева  Н.Қ.  Қарым-қатынас  және  оның  тұлға  мәселесін  шешудегі 
маңыздылығы    //  Әл-Фараби  атындағы  ҚазМУ  ғылыми-практикалық  конференция.  – 
Алматы, 2004. – 345 б. 
 3.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев  Р.М. Педагогика. - Алматы, 2002. - 382 б.  
4. 
Алтынсарин  Ы. Таңдамалы  шығармалары. - Алматы: Ғылым, 1955. – Т.1. – 54-68 
бб.9 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев  Р.М. Педагогика. - Алматы, 2002. - 382 б.  
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  теоретические  идеи  о  значимости  оценивания  знании 
учащихся начальных калссов.  
 
Summary 
In article is considered theoretical ideas about the importance of estimation knowledge of 
pupils of initial classes. 
 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ  ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ  ЕРЕКШЕ 
СИПАТТАМАЛАРЫ  
Отарбаева Кульмария,  
Алматы обл. Панфилов ауданы. Шолақай ауылы. 
"Ж.Бусаков атындағы орта мектеп  
мектепке дейінгі шағын орталығымен " 
 
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  
бастауыш пәні мұғалімі 
 
Жаңа  дәуірде  дарындылықтың  табиғатын  испаниялық  дәрігер  Хуан  Уарте  мәнді 
түрде  түсіндірді.    Ол  Испаниялық  империяның  жаңа  дәуірдегі  перспективасын 
мемлекеттік  қызметте  максималды  түрде  ерекше  дарынды  балалармен  байланыстырды.  
Оның  зертетуінің  негізгі  міндеті  кәсіптік  таңдау  мақсатымен  қабілеттілігі  даралық 
ерекшеліктерді  зерттеу  болып  табылады.    Бұл  зерттеу  дифференциалды  психологияның 
пайда болуына үлкен әсер етті. 
Х. Уарте іс-әрекеттің кез-келген түрінде анықталатын негізі қабілеттіліктер сапасы 
ретінде  қиял,    ес  және  интеллектті  бөліп  көрсетті.    Оның  ойынша,    бұл  қабілеттіліктің 
адамда  көрініс  беруі  “ми  темпераменті”    бойынша  анықталады.    Ол  белгілі  бір  ғылым,  
өнер салсында талап етілетін қабілеттіліктерге талдау жасаған.  Осы мақсатпен қолбасшы 
дәрігер,  заңгер,  геологтар тағы басқа “психологиялық портретін”  құрастырды.  Х. Уарте 
талант табиғаттан,  генофонға тәуелді дей отырып,  оның дамуы үшін тәрбие мен еңбек 
қажет  екенін  айтты.    аДамның  табиғи  қабілетіне  сәйкес  келетін  мамандықты  таңдауда 
шатаспас үшін,  кіші жасында көмектесетін әдейі ақыл-ойы  мен білімі жоғары адамдарды 
196 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
бөліп көрсету керек.  Жеке тұлғаның қабілет және дарындылық мәселесін Орталық Азия 
мен Қазақстанның көптеген ғалымдары мен ағартушылары зерттеген. 
Арабтың  сөз  бостандығының  негізін  қалаушылар    (Әл-Хорезми,    Ферғани,    Әл-
Фараби,  Ибн Сина,  Беруни тағы да басқалар)  философия,  логика,  химия,  атсрономия,  
география,  медицина,  психология,  сонымен қатар жасөспірімдерді тәрбиелеуді дамыту 
үшін үлкен үлес қосты. 
Осылай,    Әл-Фараби  “Бақытқа  жету  туралы”    трактатында  этикалық  сұрақтармен 
қатар,    адам  қабілеттілігіне,    оқуды  жақсарту  мақсатындағы  түрлі  тәсілдерді  қолдануға 
назар аудартады. 
Ғылымды  дифференциациялаумен  байланысты    (ХІХ  ғ.)    психология  мен 
педагогикада  адам  психологиясы  мен  қабілеттілігі  туралы  зерттеу  жұмыстары  жүре 
бастады.    Қабілет  түсінігінің алғаш  негізін  қалаушылардың  бірі   -  англиялық  психолог 
Френсис Гальтон  (ХІХ ғ.).  Ол  адамдардың даралық ерекшеліктер мәселесін зерттеді.  Ф. 
Гальтон  өзінің  “Таланттың  тұқым  қуалаушылығы:    оның  пайда  болуы  мен  заңдылығы”  
атты  еңбегінде  қабілеттің  пайда  болуының  әдістемелік  базасын  негіздеді  және  келесі 
заңдылықтарды бөліп көрсетті. 

 
Егер  адам аса  жоғары  қабілеттерге  ие  болмаса,    бір де бір  адам  қоғамда  жоғары 
дәрежеге ие болмайды. 

 
Тек жоғары қабілетке ие болатын адамдардың өмірбаяны талдай келе,  қабілеттің 
кез-келген деңгейі тұқым қуалаушылыққа негізделген деген қорытындыға келеді. 
Э.  Мейман  (ХІХІ-ХІХ  ғ.ғ.)    дарындылықтың  теориялық  негізін  зерттеуді 
жалғастырды.    Ол  дарындылықтың  туа  біткен  аспектілерін  зертетй  отырып,    осының 
негізінде “нышан типтерін”  бөлді.  Осымен қатар,  Мейман табиғи,  жасанды моменттерді 
біріктіруге  ұмтылды.    Бұл  феномен  түрлерінен  дарындылықты  ес,    қиял  тағы  басқа 
даралық ерекшелітерді зерттей отырып,  олар бөлек адамдарда кездесетінін анықтады,  әрі 
адамдардағы  дарындылықтың  деңгейін  анықтауға  көңіл  бөлді.    Э.  Мейман 
дарындылықтың педагогикалық аспектісін:  тәрбие мен дарындылықтың,  табыстылықтың 
және жұмысқа қабілеттілігінің байланысын зерттеген. 
Диффренциалды психологияның зерттелу көзі  -  адамның жекелігі болып табылады,  
бұл істің бастауында неміс психологы В. Штерн (ХХ ғасырдың бірінші жартысында) тұр.  
Ол  ойлау  қабілетін  бағалаудың  шараларын  зерттеп,    “ойлау  қабілеттерін”  зерттеу  үшін 
пайдаланған. 
  
В.  Штерн  бойынша  ақыл-ой  қабілетінің  белгілері  ойлаудың  қандай  да  бір 
жаңашылдыққа  бағытталуы    (ақыл-ой  қабілетін  естен  ерекшелейді)    және  сыртқы 
жағдайға  тәуелділікті  мінездемелейтін    (өмір  талаптары,    міндеттері)    және  өзіндік 
шығармашылық  мәні  бар  данышпандықты  ақыл-ой  дарындылығынан  ерекшелейтін 
үйренусішілік болып табылады. Үйренусішілік қабілеттің жалпылық белгілері,  ақыл-ой 
дарындылығын  мінездемелік  ерекшелігі  бойынша,    ақыл-ой  қабілеті  бар  ғана  облыстың 
мазмұнын қамтумен шектелетін талант ұғымын ерекшелейді. 
Адамның  шығармашылық  мүмкіндіктері  өте  ерте  байқалады.  Өте  қарқынды  даму 
кезеңі  -  2-5 жас.  Осы жас кезеңінде жеке адамның негізі қаланады.  Қабілеттің бірінші  
байқалуы  түрлі  іс-әрекет    түрлеріне  еріксіз  ұмтылудан  байқалады.    Сондықтан,  
шығармашылық  мүмкіндіктердің  алғышарттарын  осы  арадан  іздеу  керек.    Ата-ана,  
тәрбиеші,  мұғалімдердің басты міндеті  -   баланың осы ұмтылыстарын қолдау. 
Ерте жас кезееңінде дарынды балаларды өзгелерден айыратын нәрсе себеп-салдарлы 
байланыстарды бақылау қабілеттілігі және соған сәйкес тиісті қорытындыларды жасау. 
Дарынды  балаларды  ақпаратты  және  тәжірибеені  әрі  жалпылай  білу  қабілеттілігі 
ерекшелендіреді. 
Және  бұл  балалар  жинақталған  білімді  кең  қолдана  біледі.    Кішкентай 
«вундеркиндтер»  үлкен сөздік қорға бай болады,  сұрақ қоя біледі.  Олар үлкен ниетпен 
сөздіктер  мен  энциклопедияларды  оқиды,    сөдер  ойлап  табады,    ақыл-ой  қабілетін 
белсенді ететін ойындарды ұнатады. 
197 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
Дарынды  балалар  зейіні  бір  нәрсеге  аса  шоғырланғыш  болады  әрі  қызыққан  іс-
әрекетінің нәтижесіне жетуде өте табанды болады. 
Дарынды балаларда әділеттілік сезімі өте ерте байқалып,  әділеттілік сезімі өте күшті 
дамыған.    Олар  өздеріне  және  айналадағыларға  жоғары  талаптар  қояды,   әрі  шындыққа 
өте тез,  жылдам үн қосады,  әділдік,  үйлесімді,  табиғатты ұнатады. 
Кішкентай  таланттардың  айқын,    ашық  қиялы  әлемде  жоқ    жануарларды  тауып,  
оларды жолдас етеді,  және фантастикалық өмірді ойдан ойластырады. 
Дарынды  балалар  үшін  аса  жоғары  қорқыныш  тән,    себебі  олар  түрлі  қауіпті 
оқиғаларды қиялдап ойдан шығаурға қабілетті.  Бұл балалар аса сезімтал,  эмоционалды 
тәуелді,  шыдамсыз. 
Дарынды балалар үшін танымдық процестерінің озыңқы дамуы тән болады. 
Қабылдауларының  кеңдігімен  ерекшелене  отырып,    олар  айнала  әлемдегі  болып 
жатқанды тік әрі тез қабылдайды,  сол немесе өзге заттың қалай құралғандығына орай аса 
сұқтанып  көп  нәрсені  құмартып  білгіш  болады.    Олар  бір  мезгілде  бірнеше  процесті 
бақылауға қабілетті және барлық өзгерісті белсенді түрде зерттеуге бейім. 
Олар  заттар  мен  құбылыстар  арасындағы  байланысты  қабылдауға  қабілетті  әрі 
соның  негізінде  қорытындылар  жасай  алады;    оларға  өз  қиялдарында  балама  жүйелеер 
құрау ұнайды. 
Дарынды балалардың ерекше есі тілдік дамумен ерекше жетіле отырып,  ақпараттың 
едәуір үлкен бөлігін жинақтауға бейім.  Әрі оны қарқынды қолдана біледі. 
Дарынды балалардың сөздік қоры бай,  әрі олар оны еркін әрі нақты баяндай біледі.  
Дегенмен,    жеке  қанағаттануы  үшін  олар  жиі  жағдайда  өздерінің  жеке  сөздерін  ойлап 
табады. 
Бұл  балалардың  зейіндерінің  шоғырлануы  ұзаққа  созылады  және  міндетті  шешуде 
үлкен табандылық танытады. 
Дарынды балалардың тағы да кейбір сипаттамалары. 
1.
 
Дарынды  балаларды  жоғары  энергетикалық  деңгей  ажыратады,    әрі  олар 
әдеттегідей аз уақыт ұйықтайды. 
2.
 
Олардың  қол  бұлшық  еттерінің  координациясы  және  қолдарын  меңгеруі  жиі 
жағдайда танымдық қабілеттерінен артта,  яғни кеш дамиды. 
Талай және дарындылық түрлі интеллектуалды және жеке ерекшеліктерде байқалуы 
мүмкін. 
Н.Б.  Шумакованың  зерттеулері  балалардың  жаңа  объектімен  танысқан  кезеңдегі 
пайда болатын қабілеттердің дамуында екі кезеңнің пайда болуын көрсетеді. 
Осы  бастауыш  жас  кезеңіндегі  ең  бір  маңызды  мәселе    -  дарынды  балаларды 
анықтау.    Біріншіден,    жанұяда  дарынды  балалар  өз  дамуларының  бастапқы  кезеңінде 
көпшілік  арқылы  түсінбейтін  болады  да,    жиі  жағдайда  ата-аналардың  өз  балаларының 
белсенді танымдық қабілеттеріне жағымсыз реакция танытуы байқалады. 
Екіншіден,    белсенді  шығармашылық  қабілеттер  балаларда  аса    жоғары  жүйке  – 
психикалық  қозғыштықпен  қатар  жүзеге  асады,    әрі  бұл  шыдамсыздықта,    тәбеттің 
бұзылуында    бас  ауруы,    ұйқының  бұзылуымен  бірге  байқалады.    Дер  кезінде 
көрсетілмеген  медициналық психологиялық түзету шаралары невроздың пайда болуына 
және бірқатар  психосоматикалық аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. 
Үшіншіден,    дарынды  балалар  мектеп  ұжымына  түсе  отырып,    айналадағы 
құрбыларының  орташа  қабілеттілігін  көріп,    өздерін  қолайсыз  сезінеді.    Нәтижесінде 
дарынды балалар өздерін ерекшелеп көрсетпеуге,  «ақ қарға»  болмауға тырысып бағады. 
П.  Торренс  зерттеулері  мынаны  көрсетеді:    дарынды  балалар  ақыл-ой  дамудың 
бастапқы  деңгейлерін  тез  бастан  өткереді  де,    түрлі  жүйкеге  ауырлық  тудыратын 
жұмыстарға қарсылық танытады. 
Жиі  жағдайда  шығармашылық  ойладың  ерекше  оригиналдығы  айналадғылардың 
түсінбестігіне  әкеліп  соғады,    әрі  олардың  бұл  әрекетін  өзгелер    «ауытқу»    деп  түсінуі 
мүмкін.    Дарынды  балалар  мектептегі  2/3  уақыт  бөлігін  құр  босқа    «интеллектуалды 
198 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
қарсылық»    көрсете  отырып  өткізеді.    Дарынды  балалар  өз  құрбыларына  қарағанда 
әлеуметтік бейімделудің бастапқы деңгейлерін тезірек,  жылдамырақ өткереді. 
Сонымен,    дарындылықтың  сақталуы  әрі  дамуы    -  қоғам  прогресін,    өсуін 
қамтамасыз еттеін проблема. 
Дарынды  бала  коллекция  жасаумен  айналысады,    сөздік  қоры  бай,    күрделі 
тапсрымаларды  қанағат  алып  отырып,    орындайды,    жауап  беруде  қиын  жолдарды 
қолданады,    зейінді  шоғырландыруы  жоғары,    тұтас  алғанда  интеллект  коэфициенті 
жоғары. 
Дарынды    баланың  психоәлеуметтік  аспекттері  келесідей  сипатта  мінезделеді:  
әділдік сезмінің күшті дамуы;  бағалықтың жекелік жүйесі кішкентай балаларда өте кең 
және  негізінен  қоршаған  ортаға  әділдік  қарым-қатынас;    көбіне  шындықпен  сәйкес 
келмейтін қиялының жоғарылығы;  әзіл-сықақ сезімінің жақсы дамуы;  әлі шше алмайтын 
мәселелерді  шешуге  талпынуы;    көп  елестету  мен  қиялдың  нәтижесінен  қорқыныш 
сезімінің  болуы;    экстрасенсорлы  қабылдауының  дамуы;    кейбір  дарынды  балаларда 
телепатия,    болжау  қабіелттілігі  болады;    мектепке  дейінгі  жылдары  дарынды  балалар 
оқиғалар  мен  құбылыстарды  талқылауда  эгоцентристтер  болып  табылады.    Бұл  бала 
қатарларының арасында кейбір әлеуметтік ұнатпаушылықты тудырады. 
Балалық    шақтағы  интеллектің  құрамындағы  шешуші  рөлді  Я.А.    Пономареваның 
“әрекеттің шкі жоспары”  сияқты,  ақыл-ой  дамуының жас ерекшелік динамикасы туралы 
еңбегі дәлелдейді.  Ақыл-ой дамуының жасқа байланысты өсуі,  мектепке дейінгі шақта 
қарқынды түрде байқалады екен.  Бес жарым жастан кейін,  бұл жеделдік баяулайды да 12 
жаста әрекеттің ішкі жоспарының дамуы аяқталады. 
Жас  ерекшелік  аспектісінде  интеллект  динамикасымен  бір  уақытта,    теория  мен 
практика  үшін,    бұл  феномендегі  жалпы  және    “арнайы”    қасиеттердің  өзара  қатынасы 
туралы мәселе маңызды  болып табылады.  Интеллектің жалпы және  “аранйы”  кезеңдері  
С.Л.  Рубинштейн  мен  Б.М.  Теплов  көрсеткендей  іс-әрекетте  бірлесе  дамиды,    ол 
оқушының  қандай  да  бір  мектептік  пәнде  табысты  болуынан  байқалады.    Бірақ,    бұл 
даралау С.Л. Рубинштейн  “адамның барлық арнайы қабілеттері  -  бұл оқу мен еңбекке 
қабілеттіліктің  түрлі  көрініс  берулері”    де  айтқанындай,  елестерді  жоғалтуға  әкелмеуі 
керек. 
 
Дарындылықтың түрлерінің дифференциясы классификацияға негізделген критерий 
бойынша анықталады.  Дарындылықта сандық және сапалық аспектіні бөлуге болады. 
Дарындылықтың  сапалық  мінездемесін  талдау  бойынша  түрлерді  адамның 
психикалық  мүмкнідіктерінің  спецификасына  және  олардың  қандай  да  бір  іс-әрекетте 
көрінуіне  байланысты  бөлуді  ұсынады.    Дарындылықтың  сандық  мінездемесін  талдау 
адамның психикалық мүмкіндіктерінің  деңгейін сипаттауға мүмкіндік береді. 
 
Қолданылған әдебиеттер: 
1.
 
Учителю  об  одаренных  детях  (пособие  для  учителя)  под  ред.    В.П.  Лебедевой.  
В.И. Панова – Москва,  Молодая гвардия,  1997, с. 18-26. 
2.
 
Психология  одаренности детей  и  подростков  (под.ред.  Н.С.  Лейтеса,   -  Москва.  
Издат. Центр  «Академия»,  1996,  с. 4-55. 
3.
 
Лейтес Н.С.  Об умственной одаренности.  – Москва,  1960.  С. 158-171 
4.
 
 
Яковлев  Е.    Развитие  творческой  одаренности  детей  школьного  возраста  
(школьный психолог) №39,  2001,  с. 6-7. 
5.
 
Лейтес Н.С.  Способности и одаренность в детском возрасте.  -  Москва,  1984.  
С.3-12,  54-68. 
 
Резюме  
В статье рассматривается об особенностях одаренных детей.  
 
199 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
Summary 
In article is considered about features of exceptional children. 
 
 
   
ОҚУШЫНЫҢ «ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚАБІЛЕТІН»  ДАМЫТУҒА 
ОҚЫТУДЫҢ  ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ   
 
Мукашева  Чекерхан  Турыскелдиевна,  
Алматы обл. Жаркент қаласы  
"А .В Луначарский атындағы орта  
мектеп-гимназия мектепке дейінгі  
шағын орталығымен" коммуналдық  
мемлекеттік мекемесінің  
химия -биология пәні мұғалімі 
  
Білім  беру  жүйесін  ізгілендіру  қазіргі  кезеңдегі  даму  жағдайында  педагог 
кадрлардың  жалпы  және  кәсіби  даярлығына,  олардың  жеке  шығармашылығына  жоғары 
талаптар қоюда. 
Бүгінде  жаһандану  заманында  жас  ұрпаққа  әлемдік  стандартқа  сәйкес  білім  беру 
мәселесі  республикамызда  ғылыми-педагогикалық  тұрғыда  ізденіспен  әлемдік 
жинақталған  тәжірибеге,  отандық  қол  жеткен  табыстарды  саралай  отырып,  ұлттық 
ерекшеліктерді  ескере,  оқыту  мен  тәрбиелеуді  жаңаша  ұйымдастыруымен  көкейкесті 
мәселе болып отыр. 
Қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, 
алған  білімдерін  өз  тәжірибесінде  жаңа  жағдайларда  қолдану  біліктілігін,  ізденімпаз, 
шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы жаңа оқыту технологиясыа  көшу 
екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеуде. 
Қазіргі  таңда  республикамызда  жаңа  оқыту  технологиясыа  көшуге  дайындық 
жұмыстары жан-жақты талқылануда. Мұндағы біздің басты ұстанымымыз-тұлғаның жеке 
дамуына  негізделген,  жан-жақты  зерттеліп,  сараланған  білім  беру  үлгісінің  басым 
бағыттарын  айқындау,  нәтижесінде  еліміздің  әлемдік  өркениетке  негізделген  білім 
саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. 
Жаңа  оқыту  технологиясына  көшу-қоғамдағы  елеулі  өзгерістер  мен  адамдар 
арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды 
қалыптастыруды  көздеген  заман  талабы.Әлемдік  білім  кеңістігіндегі  оқытудың  озық 
технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті 
адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. 
Жаңа оқыту технологиясын оқытудағы басты мақсаты 
қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; 
өзін-өзі дамытуға; 
өз ойын еркін айта білуге; 
өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;  
жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру. 
Қазіргі  ғылым  мен  техниканың  қарыштап  дамыған  кезінде  оқу-білімнің,  соның 
ішінде  болашағымыз-бүгінгі  мектеп  оқушысының  білімі  мен  тәрбиесі  маңызды 
мәселе.Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік 
ой-пікірі  бар,  жан-жақты  дамыған,  білімді  де  білікті  тұлғаны  дайындап,  тәрбиелеу-аса 
құрметті  қоғамдық  міндет.Себебі,  ел  тұтқасын  жан-жақты  білімді  ұрпақ  ұстанған  шақта 
ғана өркениет алға дамымақ. 
Жас  ұрпаққа  білім  беруде,  оларды  болашақ  еліміздің  тұтқасы  етіп  тәрбиелеу-әр 
ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті.Осы міндеттерді орындау мақсатында білім 
200 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде.Осы мақсатта мемлекетіміздің 
білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. 
Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде 
кезең-кезеңімен  өтетін  және  алынған  нәтижелерге  сәйкес  түзету  енгізіліп,  талданатын 
өзгерістер.Сонымен  қатар  білім  беруді  жаңарту  үрдісі  салт-дәстүрді,  мәдени  мұраны, 
жалпы  ұлттық  құндылықтарды  көздің  қарашығындай  сақтауды  талап  ететін  тұрақты 
жүйелерден  тұрады.Сондықтан  да  жаңа  оқыту  технологиясына  көшуді  жүзеге  асыру  –
оның  қажеттілігі  мен  тиімділігін  әр  педагогтың,  әр  ата-ананың  саналы  түрде  түсінуін, 
қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен 
сезімталдықты қажет ететін үрдіс. 
 
Жаңа  оқыту    технологияларының  ерекшелік  жағы  ол  жеке  тұлғалық  қасиеттерге 
бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты 
бағдары-білім  беру,  жаңа  дүниені  ашу  мен  іздену  арқылы  білімді  іс  жүзінде  қолдану; 
баланың  жалпы  және  арнайы  қабілеттерін  дамыту,  білім  біліктерді  игеру 
мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді. 
 
Педагогикалық  әрекет  –  күрделі,  әрі  көпжақты.  Оның  көптеген  компоненттерінің 
ішінен    үш  негізгісін  бөліп  көрсетуге  болады:  мағынасы,  әдістемесі  және  әлеуметтік-
психологиялық компоненттері. Осы үш компоненттің біртұтастығы мен өзара байланысы 
педагогикалық жүйенің міндеттерінің толық жүзеге асуын қамтамасыз етеді. 
Интеллект таным арқылы дамиды. Таным дегеніміз: 
«білім  алу,  объективті  әлем  заңдылығын  түсіну,  қандай  да  болмасын  бір  саладағы 
білім жиынтығы»; 
«шынайы өмірді білдірудің ең жоғарғы формасы. Жеке тұлға сезімдік, эмпирикалық 
және ойлау сияқты танымның әртүрлі деңгейлері, сондай-ақ қабылдау, елестету, ғылыми 
мәтіндер,  заттар  сияқты  таным  формалары  арқылы  ұжыммен  жасалған  білімнің 
объективтік жүйелерін меңгере отырып таниды»; 
Адамның  шынайы  өмірді  білдіруші  процесі,  танымның,  яғни  заттар  мен  тұтастай 
құбылыстарды  білдіретін  қабылдаудың  құрамына  кіретін  түйсінудің  алғашқы  сатысы. 
Осыған  орай,  таным  объектілерінің  негізгі,  тікелей  қабылдай  алмайтын  қабілеттерін 
білуге  ойлау  жолымен  қол  жеткізуге  болады.  Ойлау  сатысындағы  таным  табиғат  заңы 
деген  негізгі,  нақты    факторлардан  негізгі  құбылыстарға  және  абстрактыға  деген 
нақтылықтан қоғамға қарай жылжиды . 
Ал,  Дж.  Рензулли    өзінің  еңбегінде  «интеллект»  түсінігін  әртүрлі  салаларда 
кездесетін орта деңгейден жоғары қабілеттер ретінде қарастырады. Оларға: 
Негізгі интеллектуалдық қабілеттер; 
Арнайы академиялық қабілеттер; 
өнімді және шығармашылық ойлау қабілеттері; 
психологиялық оқып-үйрену; 
визуалдық қабілеттер; 
өнерге деген қабілетттер жатады. 
интеллектуалдық қабілет – жеке өмірді құруға және тұлғаның өз бетінше дамуына өз 
кезегінде әсер ететін, жалпы оның өмірлік іс-әрекетінің өзіндік сипатын ойлаудың жеке 
тұлғалық қабілетін құрайтын жеке тұлғаның ерекшелігі. 
Оқушылардың интеллектуалдық дамуының 5 деңгейін анықтайды: 
Оқушылық  деңгей,  яғни  дайын  күйінде  көрсеткенде  оқылған  материалды  санамен 
танып білу және осы негіздегі типтік тапсырмаларды шешу; 
Алгоритімдік  деңгей,  яғни  типтік  жағдайларда  жиналған  дағдыларды  өзбетінше 
қолдану;  осы  екі  деңгей  репродуктивтік  ойлау  іс-әрекетін  білдіреді,  ең  қолайлы  ортақ 
нәтижелерді таңдай отырып өзбетінше кескіндерді, кестелерді, алгоритм диаграммаларын, 
блоктарды құрастыру. 
Қайта  жасаушы  деңгей  күрделі  тапсырмаларды  шешуде  бірнеше  алгоритмдерді, 
алдын-ала  зерттелген  материалдары  қолдану,  пән  аралық  байланыс.  Оқушылардың 
201 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
пайдалы  интеллектуалдық  әрекеттерінің  ең  жоғарғы  осы  деңгейі  аталған  ғылым 
мәселелерін  толық  көру  материалдарының  алдын-ала  зерттеуін  талдауды  талап  ететін 
тапсырманың  күрделік  деңгейі  байланысты  дифференциялау  сияқты  әдістер  көмегімен 
құрылады; 
Эврикалық  деңгей  -  ақылдық  жұмыстар  нәтижесімен  стандарттық  емес 
тапсырмаларды  шешу,  яғни  тұлғалық-маңызды  жаңалықтар;  зерттелген  материалдардың 
бірнеше  тақырыптарын  бойға  сіңіруді  талап  ететін  проблемалық-логикалық 
тапсырмаларды шешу; қосымша тізім бойынша ақпараттық жинақ жасау, ұйқас ойлауды 
талап  ететін  жұмыс,  себеп-салдарлық  байланыстар  орнату,  ғылыми  әдістерді  біртіндеп 
қолдану. 
Шығармашылық  деңгей  -  мәселелер  қою  және  оны  шеше  білу,  ғылыми  жұмыс 
деңгейі,  нәтижесінде қоғамдық маңызға ие болатындай жаңалық ашу. 
Біз,    осы  пікірге  қосатынымыз,  интеллектуалдық  қабілеттер  деп  сапалы  түрде 
қабылдау,  есте  сақтау,  назарға  алу,  қиял  және  ойлау  сияқты  қабілеттерді  айта  аламыз; 
және  жалпы  білім  беруші  мекемелер  оқушыларының  алғашқы  интеллектуалдық 
мәліметтерін  топтастыра  отырып  біз  «интеллектуалдық  қабілет»  түсінігінің  келесі 
дефинициясын  береміз:  интеллектуалдық  қабілет  дегеніміз  -  оқушылардың  алған 
білімдері  мен  дағдыларын  өзбетімен  үйрену  және  тереңдету  мақсатында  сапалы  түрде 
қабылдау, есте сақтау, назарға алу, қиял мен ойлау қабілеттеріне әсер ететін рационалдық 
таным қызметтерінің жиынтығы. 
 
Оқу  процесінде  жаңа  оқыту  технологиясын  ерекше  орын  алады.  Жаңа  оқыту  
технологиясын қолдану – оқушының оқудағы  іс - әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз 
білімін қолдануға мүмкіндік береді. 
Дамыта  оқыту  технологиясы  –  шығармашылық  ойлауға,  сапалы  дамуға, 
қиялдауға,  есте  сақтау,тіл  дамытуға  бағытталған.  Бұл  технологияның  ерекшелігі: 
оқығанын  пікірсайысқа  салу,  сабақ  құрылымының  тиімділігі,  дидактикалық  ойындар, 
өзіндік  іс  -  әрекет  қарқындылығы,  сабақта  әр  оқушыға  өзін  -  өзі  көрсетуге  мүмкіндік 
беретін педагогикалық жағдай құру. Бұл технологияның бір ерекшелігі «жақсы», «жаман» 
оқушылар деп бөлмей, барлық баланың ой - өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды 
мақсат тұтуы. 
Коммуникативті  оқыту  технологиясы  –  сабақта  диалогтық  және  монологтық 
оқытудағы  жағдайды  жасайды.  Коммуникативтік  әдіс  оқушылардың  танымдық  оқу  іс  - 
әрекетін  ұйымдастырудың  негізгі  құралы  болып  табылады.  Коммуникативтік  әдісті 
қолдану кезінде қарым – қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ 
мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады. 
Жоғарыда көрсетілген барлық технологияларды орынды, шеберлікпен қолдана білсе
үлкен  нәтижеге  жетуге  болатынын  және  жоғары  дидактикалық  жетістіктерді  байқауға 
болатындығы  анық.  Осыған  орай  жеке  тұлғаны  жан  –  жақты  дамытуда  жеке  тұлғаға 
бағытталған  сабақ  құрылымының  технологиясы  да,мұғалімге  қойылатын  талап  та  өзге 
болуы тиіс. 
Жеке  тұлғаға  бағытталған  сабақ  дегеніміз  –  оқушыға  деген  құрмет,ізгі  қатынас, 
оқушылардың  тұлғалық  ерекшеліктері  ашылатын,  қасиеттері  қалыптасатын, 
мүмкіндіктері  жүзеге  асырылатын  оқыту  жағдаяты,  «сахналық  алаң».  Осындай  сабақты 
жобалау  және  өткізу  технологиясы  мұғалімді  жаңа,  бұрын  таныс  емес  кәсіби  позицияға 
қояды:  әр  баланың  жеке  даму  процесіне,оның  тұлғалық  қалыптасуына  кешенді 
педагогикалық бақылау жүргізетін, ол бір мезгілде пән мұғалімі де болуы тиіс. 
Адамның  ойы  білімсіздіктен  білімге,  үстірттіктен  адамның  қызметін 
қалыптастыратын  жағдай  қызметіне  қажет  білімнің  тереңдігі  мен  жан-жақтылығына 
тұрақты  түрде  қозғалыста  болады.  Сондықтан,  оқытушы  нақты  байланыс  бейнелерінің 
психикалық үдерісі және объективті әлемнің  заттары және құбылыстарының қатынастары 
деп түсінетін ойлауды дамытумен белсенді айналысуы керек. 
Оқушының интеллектуалдық  қабілеті төмендегідей мазмұндардан тұрады: 
202 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
1)
 
интеллектуалдық    қабілет    операциялары  (талдау,  синтездеу,  салыстыру, 
жалпылау абстрактылау, нақтылау); 
2)
 
формалар (түсінік, сынау, ой қорытындысы); 
3)
 
түрлері (көрнекі-құралдық-әрекеттік, бейнелік, алаңғасарлы ойлау); 
4)
 
әдіс-тәсілдер (индукция, дедукция).  
Шығармашылық  ойлауды  табысты  дамыту  шарттарының  бірі    педагогтың  сөйлеу 
мәнері  жалпы  интеллектуалдық  ептілікпен  қамтамасыз  ету  болып  келеді. 
Интеллектуалдық қабілеттер мен ептіліктер ойлауын дамыту мәселелері әрқашанда дидак-
ғалымдардың басты назарында. Жетістіктер негізінде философ-психологтар төмендегідей 
ойлау  операцияларынан  тұратын  интеллектуалдық  ептіліктерді  қалыптастырудың  әдіс-
тәсілдерін ұсына отырып осы мәселенің педагогикалық аспектісін қарастырады: 
6.
 
талдау,  яғни  зерттеу  объектісінің  тұтас  құрылымын  құрастырушы  бөлшектерге 
ойша бөлу; 
7.
 
жинақтау, яғни бөлшектерді біріктіре отырып тұтас құрылым жасау; 
8.
 
салыстыру, яғни ұқсастық пен айырмашылық байланыстарын анықтау; 
9.
 
жалпылау,  яғни  мәнді  қасиетер  мен  ұқсастықтарды  біріктіру  негізінде  жалпы 
белгілерді ерекшелеу; 
10.
 
абстрактылау,  яғни  іс  жүзінде  өзбетінше  өмір  сүре  алмайтын 
құбылыстардың кейбір жақтары мен аспектілерін ерекшелеу; 
11.
 
нақтылау,  яғни  жалпы  белгілерден  ерекшелену  және  жеке,  дара белгілерді 
ерекшелеу; 
12.
 
жүйелеу  немесе  жіктеу,  яғни  заттар  мен  құбылыстарды  ойша  топтар  мен 
топтамаларға бөлу. 
И.И. Левиннің еңбегінде біз  педагогтың зияттық ептілігін қалыптастыру мәселесіне 
жүйелілік  тұрғыдан  қарағандығын  байқады.  Оның  ұсынып  отырған  теориялық 
мәліметтерін,  практикалық  нұсқауларын  біз  оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 
ұйымдастыруда қолданамыз. 
I. талдау мен синтездеуге үйрету үшін, ең алдымен: 
1) объектілерді құрамдас бөліктерге бөлу керек; 
2) объектінің кейбір мәнді жақтарын ерекшелеу; 
3) әрбір бөлікті (жақтарды) бір тұтас элемент ретінде зерттеу
4) объекті бөліктерін бір тұтас етіп біріктіру . 
Оқушылардағы  талдау  мен  синтездеу  дағдыларын  дамытуды,  ең  алдымен  оқу, 
ғылыми-көпшілік  және  ғылыми  әдебиетерді  оқу  процесінде  жүзеге  асыруға  болады. 
Мазмұны  мектептік  оқулықтардан  тыс  кітаптар  мен  қосымша  әдебиеттерді  оқу 
оқушылардың білімге деген қажеттілігінің пайда болуымен байланысты және танымдық 
қызығушылықтарды  қанағаттандандыру,  қабілеттілік  пен  бейімділік  құралдары  ретінде 
қызмет етеді. Әдебиетпен жұмыс істеу ғылыми-зерттеу жұмысының бір әдісі. Өзбетінше 
білім алуда кітап білімнің негізгі көзі болып саналады. 
Оқушылар үшін кітаппен жұмыс істеудің ең кең тараған, яғни мәнді, ойлы топтарды 
айқындау, жоспар, конспект, тезис, кескін, кесте, диаграмма, қорытындылар жасау секілді 
тәсілдерден тұратын танымдық деңгей қолайлы. 
Педагогтың қарым-қатынас мәнері – бұл   мәлімет беруде дауыс пен денені қолдану, 
яғни біз көретін және еститін. Біз мәнерді көрсететін  «терезе» деп қарастыруға болады. 
Егер ол сынық, тұманданған, таза емес болса, онда мазмұнды түсінуге кедергі келтіреді, 
ал ол таза болса, «сөздің» барлық аспектілерін жан – жақты қабылдауға мүмкіндік береді. 
 
Мектебіміздің  негізгі басты идеясы аясында оқытушы–ғалымға білікті болу аз, ол 
бәсекеге  қабілетті  болуы  керек,  үнемі  өзін  дамытып  отыруы  керек  деген  басты  сенім 
қалыптасқан.  Мектепте   білімдер кеңістігінде өз орнын нақты алған оқытудың кредиттік 
жүйесінде    оқушы  индивидуалды  жұмыс  істеу  стиліне,  таңдау  траекториясын  алуға  ие 
болады.  
203 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
 
Жаңа  оқыту  технологиясы  білімдер  саласында  жаңашыл      білім  беруге  өтуді, 
«білім»,  «ептілік»,  «дағды»  атты  педагогикалық  тәжірибені,  оқытушылардың      мәдени-
тарихи педагогикаға өтуге мүмкіндік береді.   
 
Жаңа  технология  оқытудың  индивидуализациялау  негізін  береді,  таңдау  сипатына 
ие  және  бәсекеге  қабілетті  жан-жақты  творчестволы  дамыған  тұлғаны  қалыптастырады 
деген құндылықтарды басшылыққа  алады. 
 
Пайдаланған әдебиеттер 
1.  Тоқсанбаева  Н,Қ.  Танымдық  іс-әрекетке  кіріспе.  Монография.-  2006.  –  Алматы: 
Қазақ университеті.-270 б. 
2.Джакупов С.М. Методололгические пробелмы изучения совместной деятельности 
//  Методологические  проблемы  общей  психологии:  Учебное  пособие-Алматы:  Изд-во 
“Қазақ университеті”, 2003. - С. 114-149.  
3.Мұқанов М.М. Ақыл-ой өрісі. -Алматы, 1975. – 181 с. 
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  о  значимости  инновационных  технологии  в  обучении 
детей с интеллектуальными способностями.  
 
Summary 
In article is considered about the importance innovative technologies in training of children 
with mental abilities. 
 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  
 
Тохтахунова Мукарам Мисалимқызы,  
Алматы обл. Панфилов ауданы. Шолақай ауылы 
 
Ж.Бусақов атындағы орта мектеп,  
мектепке дейінгі шағын орталығының  
бастауыш сынып мұғалімі 
 
Адамгершілік  тәрбиесі  дегеніміз  -  оқушылардың  бойында  белгілі  бір  мінез  - 
құлықтардың  сипаттарын  қалыптастыру,  өзіне  және  өзге  де  адамдарға,  отбасының 
мүшелеріне, ата - анасына, тума - туысқандарына, туған жеріне, табиғат пен қоғамға, мемлекет 
пен Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез -құлық, тәртіп нормалары мен ережелерін 
дарыту мақсатын жүзеге асыру бағытындағы ересек адамдардың, тәрбиеші, мұғалімдердің 
қызметі.  Абай:  "Адамның  адамшылығы,  адамгершілігі  -  ақыл,  ғылым,  жақсы  ата,  жақсы 
ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан,-"дейді  
Адамгершілік  тәрбиесі  -  меңгерген  идея,  қоғамдық  моральдың  нормалары  мен 
принциптері,  іс  -  тәжірибелік  әрекетке  қатысуы  негізінде  тұрақты  моральдық  сапаны 
адамгершілік қажеттілікті, сенімді және сезімді, қасиетті, дағдыны және мінез - құлық әдетін, 
әдепті  қалыптастыру  процесі.  Жеке  адамның  үйлесімді  дамуының,  рухани  ізгілік  негізінде 
қалыптасуының  жетекші  жағы.  Адамгершілік  -  адам  жанының  қабылдап  алған  рухани 
сапасы.  Адамның  жақсы  қасиеті  оның  табиғатынан  тыс  болуы  мүмкін  емес.  Табиғат  адамға 
игіліктерді, адамдық қадір - қасиетті, ізгілікті түсінуіне, қабылдауына мүмкіндіктер береді. Бұл 
мүмкіндіктер бара  - бара  шын мәніндегі ізгілікке, адам жанының жақсы сапаларының біріне 
айналады.  Ізгілік  қасиеттер  тектілікке,  білімге,  мәдениетке,  өскен  ортасына,  тәлім  -  тәрбиеге 
байланысты болады. [1]. 
Адамгершілік  тәрбиенің  теориялық  негізін  этика,  әдеп,  әдептілік,  инабаттылық, 
мінез-құлық көркемділігі, парасаттылық құрайды. 
204 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
Адамгершілік  тәрбиесі  міндеттерінің  негізі  -  оқушылардың  белсенді  өмірлік 
позициясын,  саналы  көзқарасын,  сөзі  мен  ісінің  бірлігін,  адамгершілік  қүндылықтарын 
қалыптастыру.  Адамгершілік  тәрбиесі  -  адамның  санасы,  адамгершілік  сезімі,  ар-ұяты, 
адамгершілік  еркі,  қоғамдық  «бағалы  қасиеттері  бір-бірімен  байланысты  тұтас 
адамгершілікті тұлғаны қалыптастыру. 
-
жас  ұрпақтың  туған  жерге,  өскен  ортасына,  ата-анасына,  бауырларына,  Отанға, 
қоғамға, еңбекке, адамдарға, өзінің - өзіне деген қатынасын, сезімін дамыту. 
-
қазіргі  өмір  талабына  сай  тұтас  адамгершілік,  имандылық,  ізгілік,  әдептілік 
қасиеттерін тәрбиелеу. 
Адамның  адамгершілік  қасиеттерінің  қүрылымын  психолог-педагогтар  төмендегі 
бөліктерден:  сезім,  сана,  сенім,  мінез  –  құлық  дағдысынан  құралады  деген  қорытынды 
жасайды.  Тәрбиелейтін  қасиеттеріне  қарай  бұл  бөліктердің  тәрбие  процесіндегі 
жетекшілік ролі өзгеріп тұрады. Абайдың пікірінше, адамгершілік мұраты-«Толық адам». 
Ол  адамның  үш-ақ  қасиеті:  «Нұрлы  -ақыл,  жылы  жүрек,  ыстық  қайрат»  иесін 
қалыптастырудан  тұрады.          Адамгершілік  тәрбиесінің  мазмұны-жүйеленген 
адамгершілік,  имандылық,  ізгілік  қасиеттерді,  сапаны,  сезімді,  ізгілікті  сананы 
қалыптастыру бағытында сан-салалы жұмыс түрлерін жүргізе отырып, жастарды көркем 
мінез-құлық  ережелері,  моральдық  нормалар  туралы  біліммен,  іскерлікпен,  дағдымен 
қаруландыру.  Адамгершілік  қасиеттер  әлеуметтік,  қоғамдық  ортаның  ықпалымен 
қалыптасатындықтан отбасы, мектеп, оқу-еңбек орындарының тәрбиелік әсерін орынды, 
дұрыс ұйымдастыруға баса назар аударған дұрыс. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру 
әдіс-тәсіл,  құралдары  сан  алуан.  Ықпал  ету  механизмдері  де  көп  қырлы.  Адамгершілік 
тәрбиесі адамның ізгілікті қасиеттерін дамыту көзі болғандықтан жеке тұлғаны жақсылық 
жасауға  ынталандыратын  педагогикалық,  тәрбиелік  жағдаяттар  туындата  отырып,  әрбір 
жеткіншек  бойында  имандылық,  әдептілік  қалыптасатындай  жағдай  жасалады.  Өйткені, 
адам  баласына  деген  мейірім  ең  жақын  адамын:  ата-  анасын,  бауырларын  сүюден 
басталады. Адамды ең биік құндылық ретінде бағалау осы сүйіспеншіліктен бастау алады. 
Адамгершілік  адамзат  қоғамының  даму  тарихының  барлық  сатысында  дамып, 
қалыптасып,  әрбір  дәуірдің  өзіндік  қайшылықтарымен  біте  қайысып  жетіледі. 
Адамгершілік  қасиеттер  мен  әдеп  нормаларын,  қарым-қатынас  мәдениетін сақтаған  жан 
ғана әлеуметтік-қоғамдық, құқықтық заң ережелері мен заңдылықты үйлесімдікті сақтай 
отырып  өмір  сүреді.  Ізгілікті  қасиет  негізінде  жалпыланып,  жүйеленген  түрде  адамның 
көзқарасы, қоғамдық болмысы бейнеленіп, оның нақты тарихи, қоғамдық қарым-қатынас 
жүйесінен  алатын  орны  айқындалады.  Ізгілік  арқауы  Мұхтар  Шаханов  сөзімен  айтсақ: 
«Техникалық  санаты  мен  ғылыми  өр  талғамын,  Өз  ұлтының  сан  ғасырлық  рухына...» 
жалғастыра  білетін  Азамат  тәрбиелеуде.  Ұлттық  сана,  ұлттық  болмыс  негізін  қалыптастыру 
жеткіншектерді жалпы адамзаттық құндылық, бағалық, ұлттық төл мәдениет негізінде дүниенің 
мән-мағынасын  түсініп,  игеруіне,  өзгеріске  толы  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  жағдайға 
бейімделіп,  өмірден  өз  орнын  табуына  көмектесу-  бәрі-бәрі  тұлғаның  ізгілікті  қасиетіне 
байланысты. Абайдың пікірінше ізгіліктің басты арқауы - «өз халқының төл мәдениеті. Оған 
ұлттық  бағдар  тән.  Ізгілік  қасиет-  адамның  білімі  мен  намысы,  сенімі,  ар-ұжданы,  мұраты, 
мақсаты, әлеуметтік әдет, мінез-құлық, тәртіпті, қатынасты реттеуші негіз ретіндегі дүниетаным 
діңгегі. 
Адамгершілік  ұғымы  -  педагогика,  психология,  философия  ғылымдарының 
категориясы.  Бұл  ұғымдарға  талдау  жасауда  оған  ықпал  ететін,  онымен  байланысты 
факторларды  анықтау  қажет.  Алдымен,  адамгершілік,  әлеуметтік,  экономикалық 
бағыттағы байланысын. Бұл адамгершілік қасиеттерін әлеуметтік сипатын көрсетеді. Діни 
тұрғыдан  адамгершілік  ұғымы  діни  көзқарасқа  негізделеді.  Таптық  қоғамда  таптық 
сипатта  қарастырылса,  қазіргі  кезенде  педагогика  ғылымы  адамгершілік  ұғымын 
аксиологиялық-құндылықтар  теориясы  негізінде,  рухани-мәдени  негізде  түсіндіреді». 
Қорыта келгенде, адамгершілік тәрбиесінің жүйесі: сезім, сана, сенім, адамгершілік әдет-
дағды  (категориялары)  ұғымдарымен  анықталады  деп  тұжырымдалады  [3].  Ізгілік 
205 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
қасиеттердің  түп-тамыры-адамгершілік.  Бұл  қасиеттер  адамның,  жеке  тұлғаның  өмірге 
көзқарасына,  мінез-құлқына,  өскен  ортасына,  тәрбиеге  байланысты.  Ізгілік  ұғымы  көне 
түркі  әлемінде  «жәуәнмәрттілік»  мағынасында  қарастырылған.  Ал  парсы  тілінде 
«жувонмард» сөзі «жувон» жігіт, жомарттық, қайырымды, кеңпейіл деген ұғым білдіреді, 
яғни  ұнамды  қасиеттер  жиынтығы  деген  мағына  береді.  Ізгілік-адамды  ең  жоғарғы 
құндылық  деп  бағалайтын,  оның  шығармашылықпен  еркін  дамуына  мүмкіндік  беретін 
әлеуметтік құндылықтардың жиынтығын бейнелейтін жалпы философиялық ұғым. Ізгілік 

адамға  тілектестік,  қайырымдылық  қатынас  көрсететін,  оның  беделін  құрметтеушілік, 
қатыгездік  пен  дөрікілікке  келіспеушілік  қасиеттері  бар  жеке  тұлғаның  бейнесі. 
«Гуманизм»  ұғымын  қоғамның  идеологиялық  негізі  тұрғысынан  қарастырып,  оған 
адамның  материалдық,  рухани  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  бағытталған  мораль 
принципі. Гумандық-адамгершілік-психологиялық ұғым. Ол адамжандылық, оны жоғары 
құндылық  деп  саналы  бағалау  және  адамның  қоғамға,  өзге  жандармен  қарым-
қатынасында көрінетін тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы [3]. Гуманизм  - адамгершілік, 
адамға  деген  сүйіспеншілік  идеясын  бейнелейтін  көзқарас.  Гуманизм  -адамгершілік, 
ізгілік,  имандылық.  Гуманды  -  адамгершілік,  биік  парасаттылық.  Гуманизм  адамды 
сыйлау,  оған  қамқорлық  жасау,  оның  күшіне  сену  рухында,  адамның  басқалармен, 
қоғаммен, қарым-қатынасындағы мінезін реттеп отырады. Гуманизм - философия, тарих 
тұрғысындағы  білімдердің,  ерекше  өнердің  жиынтығы  ғана  емес,  сонымен  бірге  ол 
адамның ақыл - ойының ерекше бір қасиеті. Гуманизм-адамның қадір-қасиеті мен құқын 
құрметтеуді,  оның  жеке  тұлға  ретіндегі  бағасы,  адамның  игілігіне,  оның  жан-жақты 
дамуына  жасаған  қамқорлықты  білдіретін  көзқарастардың  жиынтығы.  Ұлы  Абай 
гуманизм  мәселесін  «жәуәнмәрттілік»  философиялық  ұғымы  негізінде  жан-жақты 
қарастырған. Отыз сегізінші қара сөзінде: «Белгілі жәуәнмәрттілік үш хислат бірлән болар 
деген сиддық (шындық), кәрім(ізгілік), ғақыл (даналық)»,-дейді. 
Гуманизм - адамның беделін құрметтеуді, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу мәні 
мен  жолдарын  қарастыратын,  адамгершілік  туралы  теорияларды,  өнер  туындысын, 
көзқарастарды, ой-пікірлерді ғылыми тұрғыдан түсіндіретін ережелер жиынтығы. 
Гумандық - жеке тұлға арасындағы қатынастарда, түрлі ортада адамдардың әрекеті 
мен  қарым-қатынасынан  көрінетін  тұлғаның  адамгершілік  қасиеті  .  Гумандық  қарым-
қатынас адам бойындағы адамгершілік түсінік, сезім, мінез-құлық тұтастығы, бірлігімен 
анықталады. Гуманизм-«humanus» латын сөзі адамсүйгіштік, адамға, адамдық қасиеттерге 
құрметпен қарау; адамшылық, адамгершілік деген мағына береді [4]. 
Гуманизм-адамның  беделін  құрметтеуді,  адамдардың  адамгершілік  қасиеттерін 
тәрбиелеуді  түсіндіретін  көзқарастар,  ой-пікірлер,  өнер  туындысы    Сөйтіп,  ғылыми 
еңбегінде Абайдың идеяларын қортындылай келе, жәуанмәрттілікті мынадай формуламен 
анықтаған. Жәуанмәрттілік = Нұрлы ақыл + Ыстық қайрат + Жылы жүрек.  
Гуманистік ойлардың тарихи сабақтастығын ескере келе адам баласының адамдық 
сипатын  анықтауға  үш  қасиет  жеткілікті.  Бұл  үш  қасиет  гумандықты  толықтырады  деп 
анықтама берген. 
Ізгілік  ұғымымен  қатар  «этика»,  «этикет»,  «әдеп»,  «әдептілік»  ұғымдары  грек 
философтарының  еңбектерінен  бастау  алып,  «мораль  теориясы»,  «адамгершілік  туралы 
ілім» ретінде қалыптасты. Әдеп, әдептілік, кәсіби әдептілік мәселерін зерттеуші ғалымдар: 
И.С.Кон,  С.С.Уткин,  Э.Фаркаш.бұл  ұғым,  түсініктерден  адамгершілік,  ізгілік,  әдеп 
ұғымдарының  сабақтас,  мағыналас  екендігін  атай  отырып,  олар  өзара  ішкі байланыстар 
арқылы  ашылады,  әрі  қоғамдық  салт-дәстүр,  таным-наным,  әдет-ғұрып,  халық  
зандылығымен  түсіндіріледі.Мысалы,  ғалым  С.С.Уткин  «Әдеп  дегеніміз-адамгершілік 
туралы және оның ерекшеліктері мен даму заңдылықтары туралы ілім» дейді. Ал философ 
А.Ф.Шишкиннің  айтуынша  «Әдеп  дегеніміз-әлеуметтік  мән-  мағынасы  бар  моральдық 
даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін білдіретін қоғамдық танымның формасы» дейді. 
Абай  өз  шығармаларында  «адамға  мейірбандық  көрсету,  сұлулыққа  ұмтылу  – 
жоғары  имандылық  қасиетінің  белгісі,  көрінісі»  деп  айтудан  жалықпаған.  «Өзің  үшін 
206 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
еңбек  қылсаң,  өзі  үшін  оттаған  хйуанның  бірі  боласың;  адамшылықтың  қарызы  үшін 
еңбек  қылсаң,  Алланың  сүйген  құлының  бірі  боласың»  деп  ойшыл  ақынның  түйгені 
Ы.Алтынсариннің  «Құдай  тағала  жақтайды»  деген  ойымен  астасып  жатқандай.  Абай 
жолын  қуған  Шәкәрім  ойлары  тарихтың  өн  бойында  қалыптасқан  қазақ  халқының  жан-
дүниесінен,  ұлт  санасындағы  наным-сенім  мен  негізгі  ұғым-  түсініктен  хабар  беретін 
поэтикалық және философиялық-педагогикалық құбылысты игеру болды. Шәкәрім өзіне 
дейінгі  ойшыл  ғұламалар,  ағартушылар  бағыттарына  талдау  жасайды.  Шәкәрімнің 
«Иманым»  деген  үлкен  тақырыпты  қамтитын  циклды  өлеңдері  –  шығыс  үлгісінде 
жазылған  философиялық  еңбек.  Онда  ол:  ‘‘…адам  бойындағы  асыл  қасиеттер  деп 
ержүректік, қайтпас қайсарлық, ақыл мен күш, ептілік, елге, жерге отбасына мейірімділік 
шапағаты аталады” деген ой түйіндейді. 
«Имандылық – әр халықтың салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына, күнделікті өмір сүру 
тәсілдерінде  кездесетін  жөн-жоралғыларына  байланысты  және  адамгершілік  қасиеттерді 
сеніммен ұштастыра отырып, ұрпақ бойында ұлттық ерекшелігіне байланысты туатын ізгі 
қасиеттер жиынтығы». Демек, ол – адамдық қасиет сапасының бір белгісі, адамның сана-
сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін, елінің,халқының, ұлтының мақсатын көздейтін, 
тарихи прогреспен ұштасып отыратын құндылықтар дүниесінің жиынтығы. 
Ізденіс  барысында  байқалған  жағдай  ізгілік  қасиеттері,  адамгершілік,  әдептілік, 
имандылық  қасиеттеріне  қосылып,  олардың  категориялық  анықтамаларының  ішіне 
кіретіндігі,  бұл  жағдайдың  бірыңғай мағыналас  болуы  мен  ізгілік  қасиеттеріне  берілген 
анықтамалардың  көп  таралмағандығын  көрсетеді.  М.Жұмабаевтың  таным  анықтамасы 
бойынша:  «Адамға қалайда болса, қашанда болса пайда келтіретін ой, һәм іс ізгілік деп 
аталады.  Ізгілікке  ұмтылу,  жауыздықтан  безу.Адамның  шын  мағынасымен  адам  болу 
үшін,  өзін  сүю,  жақындарын  сүюмен  қанағаттанбай,  жалпыадамзатты  сүю  шарт,  сол 
адамды ізгі деп атаймыз» деген. [5]. 
Бұл анықтамадан М.Жұмабаевтың ізгілік қасиетіне терең түсінігін байқаймыз. Бірақ 
қазіргі заманға сай толықтыруды қажет етеді. 
Ғалымдар  жеке  тұлғаның  моральдық  сапасын  үш  бөлікке  бөледі:  жеке  тұлғаның 
өзіне  және  жалпы  адамдарға  деген  қатынасты;  жеке  тұлғаның  заттарға,  материалдық 
қүндылықтарға  деген  қатынасы;  жеке  тұлғаның  еңбекке  байланысты  ұғымы.  Бұл  жерде 
гумандық  бірінші  бөлік  құрамына  кіретіндігін  байқаймыз.  Жалпы  алғанда 
психологиялық–педагогикалық әдебиеттерді талдаудан шығатын бір қорытынды: ол-жеке 
тұлғаның  гуманды  сапасына  деген  ғылыми  көзқарастың  әр  түрлі  болып  келетіндігі. 
Дегенмен, «гумандық қасиеті мол жеке тұлғаға тән ортақ қасиеттер: адамдар үшін өмір 
сүру, адамдарға деген сыйластық пен сүйіспеншілік; адамдардың қуанышы мен ренішіне 
ортақтасу; көмектесе, қамқорлық жасай білу. Философиялық анықтама бойынша, ізгілікті, 
адамгершілік қарым-қатынас адамдардың іс-әрекеті мен өмір сүру процесінде туындайтын 
қоғамдық  қатынастың  жиі  кездесетін  ұғым,  ерекше  түр;  сонымен  қатар-  адамдардың 
бірлескен іс-әрекетінде бір-бірімен адамшылық қасиетке негізделген өзара тәуелділігі мен 
байланысының жиынтығы деген түсінік береді.   
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1
 
Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. 
2
 
Аймауытов Ж. Тәрбие жетекшісі. - Орынбор, 1924. 
3
 
Бейсенбаева  А.А.  Пәнаралық  байланыс  негізінде  оқушыларға  идеялық-
адамгершілік тәрбие беру. 1-2 бөлім. – Алматы, 1990. – 157 б. 
4
 
Төлеубекова Р.К. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. Әдістемелік құрал. – 
Алматы: Респ. басп. каб., 1994. – 144 б. 
 
Резюме 
207 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
В  статье  рассматривается  об  основах  формирования  нравственных  ценностей  у 
учащихся.  
 
Summary  
In article is considered about bases of formation of moral values at pupils. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    
 
 
 
 
208 
 



1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал