Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж



жүктеу 5.01 Kb.

бет23/25
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Использованные источники: 
 
1.
 
Гасанов Н.Н. О культуре межнационального общения //Социально-политический 
журнал.  1997.  № 3.  С. 233; Он же. Особенности формирования культуры 
188 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
межнационального общения в многонациональном регионе //Педагогика.  1994.  № 5.  С. 
12. 
2.
 
Гумилов Л. «Как возникают и исчезают народы?». Л.,1984.  
3.
 
Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М.: Наука, 1983, с. 58.  
4.
 
Нойман Р. Особенности межличностного восприятия в международных трудовых 
коллективах:Автореф.канд.психол.н. – М. 1985. С. 23. 
5.
 
Лебедева  Н.М.,  Марковская  О.В.  Взаимосвязь  социальных    представлений 
русских  и  немцев  с  психологическими  характеристиками  культур.  Психологический 
журнал, 2006, том 27, №4, С. 77-85.  
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  о  различных  функциях  и  особенностях  этнического 
общения. 
SUMMARY 
This article reviews about different functions and peculiarities of the ethnical relations.  
 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН 
ДАМУ ТАРИХЫ 
 
М.Ә.Перленбетов, 
психология ғылымдарының докторы,профессор 
Н.А.Айманбетова, 
Қайнар Академиясының магистранты 
 
Спорт  психологиясы  жарыс  және  жаттығу  жағдайында  адам  психикасы 
ерекшеліктерінің  көрінуі  мен  дамуының,  сондай-ақ  топтық  өзара  әрекеттестік 
заңдылықтарын  зерттеуге  ерекше  мән  береді.  Психологияның  басқа  да  көптеген 
бағыттары  сияқты  Қазақстандағы  спорт  психологиясы  ΧΧ  ғасырдың  60–70  жылдары 
қауырт дамыды; бастапқыда бұл салада негізгі зерттеулер спортшылардың қабілеттері мен 
мүмкіндіктерін,  спорттық  жаттығулардың  елімізде  нәтижелігін  арттыру  амалдарын 
зерттеуге жұмылдырылған. Қазіргі уақытта спорт психологиясының зерттейтін мәселелері 
анағұрлым көбейді.  
Спорт  психологиясында  ғылыми  сабақтастықтың  болуы  тарихи  заңдылық. 
Сондықтан  Ф.А.  Гребаус,  В.  Ким,  В.Ф.  Сопов,  Б.К.  Қаражанов,  А.А.  Ахметовалар 
зерттеулері мен еңбектері дәстүрлі түрде еске алынуы тиіс.  
Қазақстанда  спорт  психологиясының  дамуы  1945  жылдың  1  наурызында  елімізде 
тұңғыш жоғары дене шынықтыру оқу орнының ашылуынан  бастау алады. Содан бастап 
Қазақ дене шынықтыру институтының педагогика және психология кафедрасында алғаш 
рет жалпы психология мен спорт психологиясы пән ретінде өткізіле бастады [1].   
Қазақстандағы  спорт  психологиясының  пайда  болуы  институтқа  Ф.А.  Гребаустың 
келуімен тығыз байланысты.  Оның зор қажыр-қайраты мен бай тәжірибесінің арқасында, 
дене  шынықтыру  институтында  психология  курсын  сапалы  түрде  жүргізуге  мүмкіндік 
туды.  
Ф.А. Гребаус спортшы-студенттердің психологиялық білімді терең  меңгеруіне көп 
көңіл бөлді. Бұл мақсатта оның бастауымен 1955 жылы 900 зерттелінушіден құралған топ 
«Түйсік»,  «Ерік»,  «Эмоция»,  «Ойлау»,  «Есте  сақтау»  тақырыптарында  2500-ден    астам  
жазбаша  жұмыс  түрін  атқарған.  Бұл  саладағы  тұңғыш  зерттеулер  психологиялық  оқыту 
әдістемесін жоспарлы түрде жүргізу мен ұйымдастырудың негізін қалады.  
1956 –
1970 жылдар  аралығында ҚазДШИ-да спорт психологиясы курсын оқытудың 
әралуан қырларын қарастырған 10-ға жуық эксперименталды еңбектер жарық көрді. Бұл 
тұрғыдағы  Ф.А.  Гребаустың  еңбектері:  «Студенттердің  үлгеріміне  оқу  материалын 
189 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
түсіндіру қарқынының ықпалы» (1958), «Психология пәнін оқытуда 1 курс студенттерінің 
жеке  дара  ерекшелігін  зерттеу  мәселесі»  (1960),  «ҚазДШИ-да  психология  пәнін  қайта 
құрудың  тұңғыш  қадамдары»  (1961),  «Психологтардың  сабақ  жүргізудегі  тапсырманы 
қолдану тәжірибесінен» (1964) және т.б. 
Бұл  тақырыптарға  жіті  қызығушылық  танытылуы  институттарға  арналған 
психология  оқулығының  әлі  де  болса  жарық  көрмегендігімен,  «Спорт  психологиясы» 
курсының енді ғана жүйелене бастауымен тығыз байланысты. Бұл кезеңдегі спорттық іс-
әрекетті  зерттеу  спортшы  психологиясының  жеке  мәселелері  аясын  қамтыған.  Мұндай 
зерттеулерге  Ф.А.  Гребаустың  «Әдеттегі  қозғалыс  қарқынына  дыбыстық  және  жарық 
сигналдардың  ықпалы»  (1959),  «Берілген  қарқындағы  қозғалысты  меңгерудің  сапасына 
әдеттегі қозғалыс қарқынының теріс әсері» (1960) тақырыбындағы  еңбектері енеді [2].  
Осылардың  қатарында  А.Ш.  Тәжібаевтың  «Спортшыларды  байқампаздыққа 
тәрбиелеу  мен  бақылау  әдісі»  (1968),  «Спортшылардың  жарыс  уақытындағы    ойлау 
қабілеті» (1972) атты зерттеулері де бар. 
Практика  талаптары  нақты  мақсатты  көздей  отырып,  эксперименталды  сипаттағы 
жұмыстардың  жүргізілуіне  түрткі  болды.  1961  жылдан  бастап  спорттағы  қиындықтар 
(кедергілер), спортшыларды жарысқа даярлау мәселелерінің жалпы қырларын зерттеуші 
еңбектер жарыққа шықты. Бұл жұмыстарда спортшылардың психологиялық даярлығының 
болашақ жүйесінің элементтері қарастырылады.  
Бұл  кезеңдегі    Ф.А.  Гребаус  пен  М.В.  Кимнің  «Спортшылардың  жарысқа  деген 
психологиялық  даярлығына  тұрмыстық  өмір  жағдайының  ықпалы»  атты  мақаласы 
қазақстандық  спорт  психологтарының  аталмыш  маңызды  әлеуметтік-психологиялық 
тақырыпта жазылған бүгінгі күнге дейінгі тұңғыш әрі құнды еңбегі.  
60-
шы  жылдардың  ортасында  қазақстандық  спорт  психологиясында  жаңа  бағыт  – 
психикалық  өзіндік  реттеу  пайда  болады.  Бұл  өзекті  мәселеге  Қазақстанның  спорт 
психологтары да белсене атсалысты. Спорттық жаттығу әдісі ретінде психикалық өзіндік 
реттеуге  бұл  кезеңде  А.С.  Роменнің  еңбектері,  ең  негізгісі  –  «Өзін-өзі  иландыру  және 
оның адам ағзасына ықпалы» (1970) атты кітабы зор пайдасын тигізгенін атап өткен жөн.  
Психикалық  күйді  басқарудағы  өзіндік  реттеудің  ауқымды  мүмкіндіктері, 
экстрималды  жағдайдағы  спортшының  іс-әрекетке  даярлығы,  функционалды  қорлардың 
жұмылдырылуы адамға бұрынғыдай емес,  тереңірек сипатта  қарауға ықпал етті.  Спорт 
психологиясында    пайда  болған  жаңа  бағыт  –  психогигиена  спортшылар  реакциясын, 
патологиялық-психологиялық  реакциялар  мен  қажетті  терминдерді  қолдана отырып,  тек 
қана психодидактика деңгейінде емес, сонымен бірге психотерапия аясында қарастырды.  
50-
60  жылдардағы  қазақстандық  спорт  психологтарының  зерттеулері  заманауи 
психологиялық  зерттеу  әдістерімен  қамтамасыз  етілмегенділігінен,  даму  жағынан 
кешеуілдеді.  
1972  жылға  дейін  жарияланған  зерттеулер  сұрақтама  әдістері,  бақылау,  әдебиет 
көздерін саралау, жанама психофизикалық белгілерді тіркеумен ғана шектелді. Дегенмен 
бұл  жылдарда    Қазақстандағы  спорт  психологтарының    зерттеу  жұмыстарының  ең 
маңыздысы – қолданбалы бағыттың негізін тұңғыш қалағандар кафедра қызметкерлері   – 
Ф.А. Гребаус, М.В. Ким, А.Ш. Тәжібаев болды. Олардың шәкірттері қазіргі таңда да спорт 
психологиясының маңызды мәселелерін шешумен айналысады. Атап айтқанда спорттық 
ұжымның  психологиялық  қамтамасыз  етілуі  мәселесін  (Ф.П.  Суслов,  С.В.  Богородский, 
Б.К.  Қаражанов,  А.А.  Ахметова,  В.Ф.  Сопов,  В.Б.  Литвинчук  және  т.б.);  жас 
спортшылардың даярлығы мен тәрбиесі мәселелерін (Б.К. Қаражанов, Е.Ф. Бородина, В.И. 
Кнорр,  В.Ф.  Сопов);  аутогенді  тренинг  және  психикалық  реттеуді  (А.С.  Ромен,  Э.С. 
Искакова,  Б.М.  Хамзин,  Б.К.  Қаражанов,  В.И.  Симоненко,  В.Ф.  Сопов  және  т.б.) 
қарастырған. 
Қазақстанда спорт психологиясы 1972-1976 жылдары қарқынды даму үстінде болды. 
Жетпісінші жылдарда зерттеу нәтижесін тұтынушылар – практик-жаттықтырушылар мен 
ұйымдастырушы мамандар психикалық реттеу мәселесіне көп қызығушылық танытты [3].  
190 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
Бұл  қызығушылық  1973  жылы  Республиканың  жоғары  спорттық  шеберлік  мектебі 
аясында  Мәскеуде  өтетін  КСРО  халықтарының  V  Спартакиадасына  қазақстандық 
спортшыларды  психологиялық  даярлауға  бағытталған  ұйымдастыру  шараларына  түрткі 
болды (ұжымның басшысы Қаз КСР-на еңбегі сіңген жаттықтырушы  И.П. Иванова).  
Спорт психологиясына деген қызығушылықтың артуына 1973 және 1974 жылдары 
Алматыда  психикалық  өзіндік  реттеу  тақырыбына  байланысты  өткізілген  қос  бірдей 
Бүкілодақтық  конференция  тың  серпін  берді.  Бұл  конференцияда  қазақстандық 
авторлардың  (А.С.  Ромен,  О.В.  Дехтяр,  А.П.  Астафьев  А.Я.  Киреев,  Г.В.  Павлова) 
еңбектері жария етілді. Олардың еңбектері спорттың әралуан – күрес, ескек есу, садақ ату, 
мәнерлеп  сырғанау,  гимнастика,  баскетбол  және  т.б.  түрлеріндегі  психикалық  өзіндік 
қалыпқа келтіру әдістерін қолдануды зерттеу мен тәжірибе бөлісу мәселелеріне арналды.  
Жоғары  спорттық  шеберлік  мектебінің  спорт  психологтарымен  белсенді  түрдегі 
жұмысы  бір  жағынан  практик-жаттықтырушылар  қызметінің  сапалы  түрде  жақсаруын 
қамтамасыз  етсе,  екінші  жағынан  тәжірибелі  жаттықтырушылар  мен  Қазақ  дене 
шынықтыру институтының кешегі түлектерінің ғылыммен айналысуына септігін тигізді. 
«Спортшылардың психологиялық даярлығы» (Алматы, 1974) атты жинақта экстрималды 
жағдайдағы  психологиялық  тұрақтылыққа  тәрбиелеу  мәселесі,  биікке  секірушілердің 
психологиялық даярлығы, орта және алыс қашықтыққа жүгіруші желаяқтардың орталық 
жүйке  жүйесінің  іс-әрекетінің  психологиялық    өзгерістері  тақырыптарында  практик-
жаттықтырушылардың (Е.С. Кадяйкин, В.И. Симоненко т.б.) еңбектері ұсынылған.  
Бұл  спорт  психологиясы  туралы  жинақта  жеңіл  атлетика,  велоспорт,  гимнастика, 
күрес,  садақ  ату,  семсерлесу,  шаңғы  тебу  сынды  спорт  түрлері  саласындағы  түрлі 
психологиялық  зерттеулер  жарияланды.  Қазақстанның  спорт  психологтарының  бай 
тәжірибесі  ҚазКСР  Спорт  комитеті  (басшысы  М.Б.  Кизикенов)  әдістемелік  кабинеті 
базасында психодиагностика және психогигиена топтарына біріктірілді.    
Алдымен  ол  бойынша  спортшы  мен  жаттықтырушының  (С.В.    Богородский,  В.Ф. 
Сопов, И.А. Деражинская, А.А. Ахметова және т.б.) жеке дара ерекшеліктері зерттелінді. 
Бұл  еңбектерде  қағидалы  заңдылықтарды  анықтайтын  күрделі  психологиялық  әдістер 
қолданылды; Минесоттық көпфакторлық тест (ММРI),  Р. Кэттелдің 16 факторлық тесті, 
Тематикалық апперцепциялық тест (Мюррей мен Хекхаузен үлгілері бойынша), Айзенк, 
Тейлор, Люшер тестілері т.б.  
Психикалық күйзелісті жағдайдың диагностикасын өңдеген  (Б.К. Қаражанов, В.Ф. 
Сопов, М.И. Горанько, Д.У. Бисембаева және т.б).  
Б.К. Қаражанов психикалық күйзеліс жағдайын  П.А. Анохиннің әралуан деңгейдегі 
(гуморальді,  физиологиялық,  әлеуметтік-психологиялық)    қағидасына  сүйеніп  зерттеген. 
Ол  бойынша  шиеленіс  деңгейін  бағалау  критериін  өңдеуге  ықпал  еткен  балалар  мен 
жеткіншектердің  бейімделуші  реакциясы  анықталды.    В.Ф.  Сопов  тұлға  ерекшелігіне 
байланысты    психикалық  жағдай    қарқынының  заңдылықтарын  зерттей  келе,  
спортшылардың  жай-күйіне  мақсатты  түрде  ықпал  етуге  септігін  тигізетін  оптималды 
әрекет ету аймағын бөліп қарастырған. 
Үшінші  бағытта  психикалық  жағдайды  реттеу  мен  психикалық  тұрақтылықты 
жүйелеу  тұрғысындағы  жұмыстар  атқарылды  (Ромен  А.С.,  Симоненко  В.И.,  Астафьев 
А.П.,  Дехтяр  О.В.,  Киреева  А.Я.,  Павлова  А.Я.,  Сопов  В.Ф.,  Кизикенов  М.Б.,  Ахметова 
А.А., Герасименко В.Г., Исакова Э.С., Исаков С.Г.)   
Қазақстандық  спорт  психололгтарының  ғылыми  тұрғыдағы  жоғары  деңгейлі 
зерттеулері  одақ    пен  шет  елдерде  өткізілетін  ғылыми  іс-шараларға  белсенді  түрде  ат 
салысуына жағдай жасады.  
1976-
85  жылдар  аралығында  спорт  психологиясы  әртүрлі  дәрежедегі  спортшылар 
мен  команданың  психологиялық  даярлығын  қамтамасыз  ету  мәселесімен  ұштаса  даму 
нәтижесінде жоспарлы түрдегі практикалық жұмыстар қолға алынды.  
ҚазДШИ-дың  педагогика  және  психология  кафедрасының    оқу-зерттеу 
лабараториясы негізінде В.В. Кузьмин және В.Ф. Сопов спорттың әралуан түрі бойынша 
191 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
жаттығатын  ҚазКСР  студент-спортшылары  мен  құрама  командаларына  психологиялық 
және психопрофилактикалық көмек түрін ұйымдастырды. 
КСРО  халықтарының  ΧVIII  спартакиадасына  (1983)  қазақстандық  спортшыларды 
даярлауға  Б.К.  Қаражанов,  С.В.  Богородский,  В.Ф.  Соповтармен  бірге  қазақстандық 
психологтардың дәстүрін жалғастырушы ғылыми жастар одағы да белсене ат салысты.[4] 
1991  жылы  В.Ф.  Соповтың  бастамасымен  спортшылардың  даярлығын  ғылыми-
практикалық  тұрғыда  қамтамасыз  ететін  Республикалық  «Ғылым  және  Спорт»  атты 
орталық    құрылады.  Дәл  осы  практикалық  жұмыс  орталығында  Қазақстанның  барлық 
спорт психологтарының тәжірибелері жинақталды.  
Осы жылы кафедра тағы бір биік шыңды бағындырады. Н.А. Логинова докторлық 
диссертациясын қорғайды. Екі жылдан кейін тағы да үлкен жетістік – И.Ф. Андрущишин 
педагогика ғылымдарының кандидаты атағына ие болады. 
1992-
1995  жылдар  аралығында  В.Ф.  Сопов  пен  И.Ф.  Андрущишин  спорт 
психологиясы  бойынша  Мәскеуде  өткен  1-ші  және  2-ші  Халықаралық    Конгреске 
қатысады.  1993  жылы  В.Ф.  Сопов  психология  бойынша  Кельнде  өткен  Халықаралық 
Конгреске қатысты.  
Республика  бойынша  қазақстандық  педагогика  және  психологияның  өзекті 
мәселелеріне байланысты 1990-2001 жылдары тақырыптық оқулар, семинарлар, ғылыми-
теориялық  конференциялар  жыл  сайын  өткізіліп  келген.  Бұл  іс-шараға  Республиканың 
барлық жоғарғы оқу орындарының  азаматтары белсенді түрде ат салысқан. Бір өкініштісі 
– 
бұл ғылыми форумда Қазақстанның спорт психологиясы тақырыбында бірде бір мақала 
оқылмапты.  
2001  жылы  педагогика  ғылымдарының  кандидаты  Г.Д.  Әлімжанованың 
«Студенттерді  денсаулық  педагогикасына  оқытудың  ғылыми-әдістемелік  негізі»  атты 
үлкен  әдістемелік  жинағы  шықты.    Бір  жылдан  кейін  Г.Д.  Әлімжанова  валеологияның 
педагогикалық  негізін  жан-жақты  ашатын  «Мектеп  оқушыларының    салауатты  өмір 
сүруін қалыптастыру: Әдістемелік-теориялық негізі» атты монографиясын шығарды.  
Дегенмен,  соңғы  кезде  спорт  психологиясы  төңірегінде  ғылыми  зерттеулердің 
аздығы  байқалады.  Сондықтан    жас  ғалымдарды  психологиялық  ілімдермен  сусындата 
отырып, олардың дене тәрбиесіндегі, спорттағы зерттеулерін қарқынды дамыту үшін жан 
жақты жағдайлар жасау қажет.  
 
Әдебиет
1.
 
Қаражанов Б.Қ. Спорттағы психологиялық шиеленіс. Алматы: ҚазСТА 1978 ж. 
2.
 
Сопов В.Ф.  «Психическое состояние в спортивной деятельности», 1978г. 
3.
 
 
Айманбетова Н.А. Спорт психологиясы. Алматы: ҚазСТА, 2012-181б. 
4.
 
Ким А.М., Қасымжанова А.А., Садықова А.Т., Жаркенов Қ.И. Спорт 
психологиясы. Алматы: ҚазҰУ, 2014ж-132 б. 
 
Резюме 
В  статье  представлена  история  развития  спортивной  психологии  в  Казахстане. 
Подробно описываются становление спортивных школ, кафедры, основного ВУЗа в РК и 
вклад  отечественных  ученых-специалистов,  внесшие  значительный  вклад  в  спортивную 
психологию. 
 
Summary 
The history of sport psychology in Kazakhstan is shown in the article. The formation of 
sport schools, specialized department, main higher education institutions in the Republic of 
Kazakhstan and donation of domestic scholars who made the significant contribution into sport 
psychology are described here in detail. 
 
 
192 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ   БІЛІМІН  БАҒАЛАУДЫҢ  
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ  ТЕОРИЯЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕР 
 
Жақаева Айгүл Жұмағалиқызы, 
Алматы обл. Панфилов ауданы. Шолақай ауылы 
 
Ж.Бусақов атындағы орта мектеп,  
мектепке дейінгі шағын орталығының  
бастауыш сынып мұғалімі 
 
Қазіргі  таңда  ғылымының  өзекті  де,  өткір  мәселелерінің  бірі  оқушылардың  білім 
сапасын  арттыру,  оқыту  мәселесін  жақсарту  болып  отыр.  Соған  байланысты 
оқушылардың  білім  бағасына  және  сол  білімді  бақылау  жүйесі  жайлы  құжат  “Жалпы 
білім  және  кәсіптік  бағдар  беретін  мектеп  реформасының  негізгі  бағыттарында”  бұл 
мәселеге  жоғары  мән  беріледі.  Құжатта  былай  делінген:  “Оқушылар  білімін  бағалауда 
қандайда  болмасын  жалаң  бүркемелеушілікке  жол  берілмеуін  міндетті  түрде  қадағалау 
қажет”. 
Бұл талаптардың жүзеге асуы осы таңдағы оқушылардың білімін бақылау жүйесіне 
жоғары  сын  қоя  отырып,  жан-жақты  талдау  жүргізуді  қажет  етеді.  Қазіргі  қалыптасқан 
білімді  бақылау-тексеру  жүйесіне  қанағаттанбау  (білім  сапасының  көрсеткіштері  және 
оны тексеру тәсілімен қоса) мәселелері дидактикалық материалдар бетінде жиі ескеріліп, 
әрі айтылып жүр. 
Осы  күндегі  білім  бағасы  жүйесінің  бірден-бір  кемшіліктерінің  бірі  ғалымдар 
пікірінше, айрықшаланған көрсеткіштердің көптігі, көпжақтылығы және кереғарлығы. Бұл 
көрсеткіштердің осындай қыры білім бағасының мазмұндық сипатының жойылуына, әрі 
осы  мазмұнға  сәйкес  бағаға  практикалық  тұрғыда  бағдарлануға  қиындық  туғызады. 
Сондықтан да, білім сапасының теориялық негізделген принциптерін жасау мәселесі және 
соған  сай  психологиялық  тұрғыда  оқушылардың  білімін  тексеру  тәсілдері  қазіргі  таңда 
ерекше  қиын  әрі  күрделі  болып  отыр.  Осы  мәселені  шешу  жолдарын  іздеу  –  біздің 
зерттеуіміздің  негізгі  мақсатын  құрайды.  Тәжірибелік  әдістер  мен  оқушылардың  білім 
сапасын бағалау критерийлерінің соған сәйкес оқыту, меңгеру теориясымен органикалық 
байланысын  талап  ету  мәселесі  –  педагогикалық      диагностиканың  негізін  құраушы 
принцип болып табылады. 
Осындай диагностикалық оқыту іс-әрекет негізінде қалыптасқан қарым-қатынас қана 
теориялық  тұрғыда  негізделген  деп  есептеледі.  Дегенмен,  білім сапасын  бағалау  жүйесі 
ғылыми  негізделіп,  тікелей  оқыту  теориясына  байланысты  болса  да,  өмірлік  тәжірибеде 
толық жүзеге аса алмайды. Білім сапасының диагностикасы бұл шектелуі оқу әрекетінің 
үрдісі  дамыған,  толыққанды  сипаттағы  оқытудың    теориясына  сүйенген  жағдайда  ғана 
жойылады.  Бүгінгі  таңда  Д.Б.  Эльконин  және  В.В.  Давыдов  жасаған  оқыту  әдістерінің 
теориясы осыған толық мысал бола алады. Бұл теорияда ғылыми пән ұғымының жүйесін 
қисынды    психологиялық  талдау  негізі  ретінде  арнаулы  оқу  мазмұны  және  оны  игеру, 
меңгеру процесін ұйымдастыру егжей-тегжейлі жасалған. 
Кеңес    педагогы  П.П.  Блонский  “Егер  екі  мұғалімнің    пәндерінен  білімдері, 
әдістемелері, тәсілдері қолдануы бірдей болса, онда жақсы мұғалім мен нашар мұғалімнің 
айырмашылығы  неде?-  деген  сұраққа  былай  деп  жауап  береді.  “Жақсы  мұғалім  үшін 
барлық оқушылар әр түрлі, бірдейі жоқ, ал нашар мұғалім үшін барлық оқушылар бірдей”. 
Мұғалімді  тәрбиелей  келе:  ”оқушының  әр  қайсысының  жеке  ерекшеліктерін  көруге 
үйрету керек”, - деді [1,186 б.]. 
Батыс  психологиясына  білімді    тексерудің  сандық  әдісін  қолдану  тән.  Кейбір 
психологтардың  айтуынша,  жетістік  сынақтарын  құрастыруда  1-ші  орынға  оқушылар  
меңгеретін  мәліметтер  көлемінің  бағасы  қойылады  да,  ал  ереже  бойынша,  шеберлікті 
меңгеру бағасы екінші орынға түсіп қалады. 
193 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
Оқыту  нәтижелерінің  сапалы  бағалау    мүмкіндіктерін  көптеген  шетелдік 
зерттеушілер  Б.С.  Блумның  “Оқыту  мақсаттарының  таксономиясын”  қолданумен 
байланыстырады [2, 240 б.]. 
Б.С.  Блум  оқыту  мақсаттарының  таксономиясының  танымдық,  эмоционалды 
(аффектілік), психомоторлық салаларын  ерекше бөліп көрсетеді. Танымдық салада келесі 
категориялар жүйесі ерекше бөлінген:  
а) білім;  
б) интеллектуалды шеберліктер (түсіну, ауысу, қолдану, талдау, біріктіру, баға). 
Кейбір  мазмұнды  меңгеру  деңгейлерін  бағалау  үшін  сынақ  тапсырмаларының 
жүйесі  жасалынған.  Білімді  тексеруге  арналған  сынақтар  тобы  жаңа  мазмұн  бірліктерін 
меңгеруді  келесі  деңгейлерде  анықтауға  бағытталған:  1)нақты  дәлелдерді,  фактілер 
туралы  білім  деңгейі;  2)  терминдер  туралы  білім  деңгейі;  3)  ереже,  принциптерді  білу 
деңгейі. 
Бірақ та, бұл білім түрлері қарапайым жаттап алу нәтижесінде пайда болуы мүмкін 
және де білім сапасы дәстүрлі жаттап алғанды түсінумен байланысты. 
Б.С.  Блумның  ерекше  еңбегі    табандылықпен  “түсіну”  дегеннің  мазмұнына  терең 
үңілуі  болып  саналады.  Оның  ойынша,  мектептерде  “түсіну”  туралы  интуитивті  ұғым 
үстемдік етеді, ал ол негізінен нық, мінез-құлық критерийлеріне ие болуы тиіс. Осындай 
критерийлер  ретінде  Блум  келесі  ақыл-ой  шеберліктерін  бөліп  көрсетеді:  көшіру  – 
оқылғанның  мазмұнын  өзге  сөздермен  айтып  бере  алу  шеберлігі;  қорытынды 
(интерпретация)  -  айтылғанды  сол  кезеңде  ауыстыра  білу  шеберлігі,  немесе  мәндіні 
мәнсіз-деп  ажырата  білу  шеберлігі;  экстраполяция-кейбір  салдарларды  алға  тарта  алу 
шеберлігі немесе оқиғаның әрі қарай дамуын, өрбуін айтып бере алу. Бір жағынан, түсіну 
дегеніміз меңгерілген мазмұнды жаңа жағдайларда қолдана білу [3, 146 б.]. 
Б.С.Блум  жасаған  “Анықтама”  оқыту  міндеттерін  есептеуде  жетістік  сынақтарын 
құрастырушылар  еңбектерінде кеңінен қолдау тапты.         
“Оқыту мақсаттарының таксономиясы” кеңестік ғылымға да кеңінен танымал.  
Оқытуға  жалпы  қабілеттілік  сияқты  оқушылардың  ойлау  әрекетінің  интегративті 
сипаты  ретінде  оқыта  алушылықтың  көрсеткіштері  ұсынылады  (С.М.Жақыпов, 
Н.Қ.Тоқсанбаева).   
Профессор  Н.Қ.Тоқсанбаева    өзінің  ғылыми  жұмысында:  ”Бала  мектепке  келгесін 
ғылыми  ұғымдарды  меңгере  бастайды.  Оның  білім,  дағдыларды  түсінуі  ғылыми 
ұғымдардың  негізін  меңгере  білуге  қолайлы  жағдай  туғызады.  Әрбір  ұғымда  мазмұн 
болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу 
қажет” деп тоқталады [4,30 б.]. 
Оқу әрекетінің құрылымы, мазмұны туралы  теориялық ұғымдардың   дұрыстығын 
бағалау  үшін  және  оқыту  нәтижелерін  тексеріп-бақылау  мақсатында  түрлі 
диагностикалық әдістер қолданылады. Оларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады. 
І. Оқыту әрекетінің жекелеген бөліктерінің қалыптасқандығын анықтайтын әдістер: 
моделдеу  әрекеті  (Л.И.  Айдарова),  тексеру  және  бағалау  әрекеті  (Г.А.  Цукерман),  оқу 
міндеттерін қою және оны қабылдау әрекеттері (В.В.Репкин, Д.Б. Дмитриев). 
2. Бастауыш мектеп оқушыларының теориялық    білімдерінің   тәжірибелік оқытуда  
дамытушылық әсерінің көрсеткіштері бойынша бағалау әдістері (Н.Қ.Тоқсанбаева). 
Бұл диагностикалық әдістер тобының көп бөлігі абстрактілі материалда жасалды. 
Соңғы  жылдары  оқу  әрекетінің    тұжырымдамасы  шеңберінде  теориялық  білімнің 
сапалы  сипаты  және  олардың  диагностикалық  әдістері  жайлы  проблеманы  шешу 
жұмыстары  жасалып  келеді.  (Г.Г.  Микулина,  М.А.  Семенова,  В.А.  Львовский,  И.В. 
Ривина). Бұл зерттеулердің жалпы методологиялық сипаты: бұларда білім оқу-танымдық 
әрекеттер тілінде суреттеледі де, білімді  тудырады әрі жүзеге асырады. Оқу әрекеттерінің 
арнаулы сипаты пәнге  ерекшелігіне - ғылыми, теориялық пән байланысты.   
194 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
 
Баланың  оқу-  әрекет  жүйесінің  мақсаты  белгілі-бір  обьектінің  генетикалық  - 
бастапқы қатынасын бөліп алу, бұл қатынасты нақтылау, яғни тұтас негізден бөліп алған 
жеке  бөліктің пайда болуын қадағалау. 
Оқушының  оқу-әрекетінің  мазмұны  мына  сияқты  білімнің  сапалы  сипатында 
байқалады, бұл заттылық (пәнділік) – оқушы үшін түпкі қатынасты және оның қасиеттерін 
бөліп  алу;  жүйелік  –  түпкі,    бастапқы  қасиеттердің  жеке  байқалу  тұстарын  шығара  алу 
мүмкіндігі, жалпыламалық- көптеген қасиеттерді тұтас бір негізге жеткізу. 
Оқушының  оқу    әрекеттерінің  пәнділігі,  жүйелілігі  және  жалпылығы  ол  балада 
теориялық (ғылыми) түсініктің қалыптасқандығын білдіреді. 
И.В.  Ривина  зерттеулері  оқу-  әрекеттердің  жүйелілігін  оқып-игеруге  арнайы 
бағытталған. 
Автор  арқылы  бұл  көрсеткіштің  мазмұны  баланың  қабілеті  арқылы  көрініп, 
әрекетінің аналитикалық және конструктивті құрылымдарын сипаттау арқылы ашылады: 
 
а)  обьектіні  өзара  байланысты  бөліктер  жүйесі  деп  талдап  және  бұл  жүйенің 
құрылуының жалпы принципін бөле алу. 
б) бөлінген принцип негізінде жаңа бөліктер жүйесін құрастыру. 
Осылай  жасалған  диагностикалық  қарым-қатынаста  пәнділік,  жүйелі  обьектіні 
ұймдастыру  принципін  түсіну  бола  отырып,  әуел  бастан-ақ  жүйелік  мазмұнында  орын 
алады. 
Сонымен,    бағалау  жоқ  жерде  түзету,  толықтырылу  енгізілмегендіктен,  оқыту  ісі 
тұңғиыққа тірелері сөзсіз. 
Қорыта  келе,  жоғарыда  айтылғандарды  бір  сөзбен  топшылағанда,  дамыту 
бағалауының түрлерін қысқа, түрде мектеп мұғалімдері үшін екі нұсқаушы құрал ретінде 
беруге болады: 
 1. 
Мектеп тәжірибесінде мұғалімнің үстемдік құралы ретіндегі және тек оқушының 
оқу әрекетінің нәтижесі болатын бағалаудан аулақ болуы керек. Бағалау оқу процесінде 
бүкіл қатынасушылардың әрекетіне және оқу процесінің бүкіл жақтарын қамтуына (әдіс, 
тәсіл  және  нәтиже)  қарау  керек.  Мұғалім  бағасы  оқушылардың  өзін-өзі  бақылауын 
ауыстыра алмайды. 
2. 
Бағалаудың  тиімді  жүзеге  асуы  үшін  мұғалімнің  оқушы  тапқан      түзету,  әдіс-
тәсілдеріне  дұрыс  қарым-қатынасының  болуы  шарт.  Оқушылардың  түрлі,  соның  ішінде 
жеке,  өзіндік  оқу  міндеттерін  шешудегі  талаптары,  ұжымдық  салыстыруларының  пайда 
болуы, өзара талқылау – міне бұның барлығы оқу-танымдық мотивтердің қалыптасуына 
әкеліп соғатынын есте сақтау керек. 
Ал,  бұл  жағдайдың  барлығы  сөзсіз,  мұғалімнен  терең  кәсіптік  дайындықты, 
шеберлікті, табандылықты, аса терең қабілеттілікті қажет етеді. 
Ы.  Алтынсарин  мұғалімнің  жадына  мына  жәйтті  мықтап  шегелейді:  ”Ол  кіммен 
істес  болып  отырғанын  еш  уақытта  да  ұмытпауы  керек.  Егер  балалар  бірдемені 
түсінбейтін  болса,  онда  оқытушы  оларды  кінәламауға  тиіс.  Ол  балалармен  сөйлескенде 
ашуланбай,  жұмсақ  сөйлесу,  шыдамдылық  етуі  керек,  екі  ұшты  астарлы  сөз,  орынсыз 
терминдерді қолданбауы керек”,-деп мұғалімнің тәлімгерлік жұмысына сын айтады [5,89 
б.].  
Бұл  кіші  сынып  оқушысын  орындаушы  міндетке  емес  оқудың    субьектісі  орнына 
қойып тәрбиелеудің басты талабы болып табылады. Егерде тек мұғалім сұрақтарына ғана  
жауап бермей, сонымен қатар оған сұрақ қоя алатын оқушыны тәрбиелеп шығарса, онда 
ондай  оқушыда  оқу  ынтасы  қалыптасады,  яғни  ол  өз  бетінше  жаңа  оқу  мақсаттарын 
қоюға, өз бетінше сол мақсаттарға жету тәсілдерін табуға үйренеді. 
Тоқсанбаева  Н.Қ.  өзінің  “Оқыту  процесі  жүйесіндегі  танымдық  іс-әрекеттің 
құрылымы” деген кандидаттық диссертация жұмысында былай дейді:   
«Оқу материалдарын ұғыну - өте күрделі әрекет. Ұғынудың өзі бірнеше кезеңдерден 
тұрады.  Мәселен,  оның  бірінші  кезеңі–  таныстыру  кезеңі  деп  аталып,  онда  бала  нені, 
қалай  оқу  керектігі  жайында  қажетті  мағлұматтар  алады.  Одан  соң  бала  ойындағысын 
195 
 

Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж. 
 
өзіндік  тәжірибесі  арқылы  көрсетеді.  Ал  үшінші  кезеңде  ұғынғанын  сөзбен 
тұжырымдайды, төртінші кезеңде бала ұсынған нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші 
кезеңде балада зат пен құбылыс туралы белгілі бір ұғым қалыптасатын болады» – дейді 
[3
,102 б.]. 
Сонымен  қорыта  келе,  бастауыш  мектеп  оқушыларының  оқу  іс-әрекеті  негізінде 
білімдерін  бағалауда      оқу  іс-әрекеттін  ұйымдастыра  отырып,  белсенді  оқыту  әдістерін 
және мотивацияға сүйенген жағдайда ғана оқытуда жоғары нәтижелілікке қол жеткізуге 
болатындығы дәлелденді. 
 

1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал