Қазақ хандығына 550 жыл Қасым хан Жәнібекұлы



жүктеу 88.16 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.06.2017
өлшемі88.16 Kb.

Қазақ хандығына - 550 жыл

Қасым хан Жәнібекұлы

"Қасым хан салған қасқа жол"

Қасым хан Жәнібекұлы

( 1445 - 1521) жылдар аралығында өмір 

сүрген.  

(1445- 2015)  

туғанына 570 жыл

(1511 - 1521)

10 жыл Қазақ хандығын басқарды

Қасым хан 

Шыңғыс 

хан ұрпағы

Құйыршық хан

Барақ хан

Жәнібек хан

Қасым хан

Сартақтай       Қоныша     

Сасы Бұқа

Шымытай

Орыс хан

Қасым ханның шежіресі

Шыңғыс хан

Жошы

Орда Ежен

Үлкен ұлы 

Жошыдан тарайды.

Қазақтың ұлы 

хандарының бірі де 

бірегейі. 

Жәнібек ханның тоғыз ұлы ішінде 

тарихта аты ерекше - Қасым хан

Әдік

Жаныш

Қамбар

Тыныш

Ұснақ

Жәдік

Иренші 

(Жиренші)

Махмұд

Қасым

Қасым ханның анасы Жағам бегім 

Мұхаммед Шайбани ханның інісі, Махмуд 

сұлтанның шешесінің туған сіңлісі.

Мамаш және Хақназар деген екі ұлдары 

болған.

1470 - жылдарға дейін ешбір еңбекте кез -

деспейді. Өйткені

1460 жылдың соңы мен 

1470 жылдың басына дейін 

мемлекетті саяси тұлғалар 

Керей мен Жәнібек хандар 

басқарған.

1470 - жылдың бас кезінде Жәнібек ханнан 

кейін Бұрындық ханның қолына өтеді.

Бұрындық хан тұсында Қасым хан сұлтандық дәрежеде болды. 

Ақыры Бұрындық хандығын тастап, Самархандағы 

қызына кетуге мәжбүр болады. Жат елде қайтыс болды.

Қасым хан  жеке билікке ұмтылмай, ел бірлігіне жарыш-

ақ түсірмей, Бұрындықтың  ел басқарудағы қабілетсіздігі

не араша түсе алмайды. 

Ата - бабасынан қалған дәстүр, тектілік оның бойынан 

табылады. Ол тек қана хандық әулеттің жолын жалғастырушы 

емес сонымен бірге қалыптасқан жаңа саяси, этникалық 

жағдайларға сай хандық билікті, мемлекеттілікті дамытушы 

тарихи тұлға  ретінде тарихта өз орнын алған  болып  саналады.               

қайраткер                             тарихи тұлға

Қасым хан Мұхаммед шайбаниді 

талқандап, оның мемлекетінің құлауына 

себепші болды. 

Қасым хан XVI- ғасырдың басында

саяси тұлғаға айналды.

• 1510 жылы Шайбани әскерін 



жеңген кезі.

1510 жылы Шайбани әскерін жеңген 

кезі.

Қасым ханның одасы бірде Жетісуда Қаратал 

өңірінде, бірде Шу өзені бойында, енді бірде  

Сарыарқада Ұлытау етегінде, кейде Батыста 

Жайық жағасында болған. 

Қасым хан билеген кезде қазақтар дария 

маңындағы қалалар үшін  қақтығыстар мен 

соғыстар одан әрі жалғасты.

Қасым хан Жәнібекұлы.

Хандықтың солтүстік  шекарасы Алакөл, 

Көкше, теңіздің (Балқаш) солтүстік 

жағалауы арқылы Жайық, Еділ өзендері 

сағаларына дейінгі жерлерді алып жатыр.

Бір шеті Жайық, бір шеті - қазіргі 

Солтүстік - Шығас Қазақстан, Сайрам 

аймағы, Сырдың бойындағы қалалар, міне 

мұның барлығын бағындырған - Қасым хан.

Қасым хан билік құрған жылдары қазақтардың 

үш бөлігі де бір мемлекет құрамына бірікті.

Қасым хандығының аумағы Батыста 

Түркістан қалаларына дейін Оңтүстік 

Шығысында 

Жетісудың Солтүстік бөлігінің тау -

лары мен таулы бөктерлеріне дейін 

созылып жатыр.

Қасым хандығының аумағы

Қан майдандағы ерлігімен, ел 

басқаруға қосар ақылымен,

көрші елмен байланысты 

қиыннан жол табар саясат-

керлігімен, жұртты соңынан 

ертіп әкетер шешіндігімен ел 

көзіне түседі.

Қасым хан тұсында қазақтар өз ал-

дына тәуелсіз, дербес мемлекет

есебінде Орта Азия мен Еуропаға              

белгілі болды.

Қасым хан билеген кезде қазақтар үшін қақтығыстар 

мен соғыстар одан әрі жалғасты.

Қасым хан Моғолстанмен айырылмас достық қатынаста болуға тырысты. 

Өйткені Қасым хан Моғолстан ханы Саидтты Шайбани әулетінің 

жауы деп білді. 

Қасым хан басқарған тұста қазақ елі Еуропаға таныла 

бастады.

Моғолстанның ханы Сұлтан Саид ханмен достық қатынас 

орнатады. 

1513 - жылғы ерекшеліктер.

Ташкентке жорық жасауы Қазақ хандығы

Қараталда отырғанда Сайрамның билеушісі

қаланы Қазақ хандығының билігіне береді. 

1518 - жылы Батыс Қазақстан түгелдей

дерлік Қазақ хандығының қол астына 

өтеді.

Орта ғасырлық  тарихшылар  қазақ 

хандарының ішінде   

Қасым ханнан басқа ешкімге 

баға берген емес. 

М. Х. Дулатидің 

"Тарихи Рашиди" атты еңбегінде 

Қасым хан жайлы кездеседі.

Қасым ханның  жеке келбетіне дейін суреттеп 

берді.

Ол Дешті Қыпшаққа толық билігін таратты, оның 

халқы миллионнан асты. Жошы ханнан кейін бұл 

жұртта дәл мұндай күшті хан болған жоқ. 

Мұхаммед Хайдар Дулати 

әйгілі тарихшы, әдебиетші. 

Камал ад - Бинай 



"Бұрындық ханның әскерлері 



ішіндегі атақты баһадүрі және 

мықты сұлтанның бірі болды"



Қадырғали Жалайыр



орта ғасырдағы қазақтың 

ғқ ғұлама ғалымы.


Жәнібек хан ұлдары ішінде аса белгілі болған 

Қасым хан еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысына 

патшалық етті. Төңірегіндегі уәляттарды 

өзіне қаратты. Қасым ханның соңғы 3-4 жыл 

өмірі Еділ - Жайық бойында өтеді. Қайтыс 

болғанда Ұлы хан 75-76 жастар шамасы еді. 

Сарайшықта жерленген деп жазады. 

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. 

Ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы. 

Қасымды таныған тұлға 

Сардар Қасымға 

Баласы Жәнібектің Сардар Қасым,

Қазақтың біріктіріп, құрап басын.                      

Осы жер ата- қоныс шекараң деп,

Найзамен сызып кеткен шекарасын. 

Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани

парсы тарихшысы, саяхатшы.



Бұрындық хан мен Қасым 

сұлтан Қазақ елінің көзі мен 

жанары, Қыпшақ даласының 

атақты хандары мен әскер -

басы.

Қазақ хандығы Қасым хан тұсында 

дәуірлеу биігіне көтерілді. 

Көп қырлы қасиеттерінің бірі - ел 

қорғау ісіндегі әскери қолбасшылық 

өнері жайында ерекше тоқталып 

айта кету керек. 

Ұлы бегі III -Василий (1505-1533) 

жылдары билік жүргізген еді.  

Қазақ хандығымен байланыс 

орнатуға ұмтылды.

осы кезде Мәскеудің

Қазақтар туралы көп мәлімет алуға 

тырысты

Москваның Қасым ханға жеке 

көңіл аударуы, біріншіден 

Қазақ хандығының қуаттылығына 

байланысты болса, екіншіден мемлекет 

қайраткері ретіндегі рөліне байланысты.

XVI-ғасырдың 70-ші жыл-

дарында құрастырылған 

"патша архивінің тізімінде 

38-ші жәшік - онда Қасым 

хан тұсындағы қазақтар 

бар", деп жазған.   

Өкінішке орай, бұл 

қағаздар бізге жет-

пей, өртеніп кетті. 

Ешқандай мәлімет

тер қалмады.     

Бұрынғы Жошы ұлысы, одан кейінгі 

Алтын Орда жерінде XVI ғасырдың 

басындағы ең қуатты мемлекет - Қазақ 

хандығы болды. Оның  ханы Қасым хан 

еді. 

XVI - ғасырдың басынан халықаралық 

қатынастардың дербес субъектісіне 

айналды.

Қасым хан көрші мемлекеттермен 

белсенді сыртқы саясат жүргізеді. 

Батыста Ноғай Ордасымен бір кезде бейбіт 

қатынаста болса, кейін ел үшін, жер үшін 

теке-тіреске түсті. 

Қасым ханның Иран мен Әзірбайжан жерінде 

құрылған Сефевид (Қызылбас) мемлекетімен   

дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 

"Дешті Қыпшақ патшасы" мықты билеуші деп атап көрсетті.

Қажы Хусейн Малек 

кітапханасының 

солтүстік кіре берісі. 

Тегеран 14 қазан 2010 

жыл. Мақала авторының 

түсірген суреті.

Қасым хан ержүректігімен және өзгелерді өз 

соңынан ерте білу қабілетімен көзге түскен .

Жүйрік атты жақсы көрген, 

оларды жақсы  айыра білген. 

Әскери талантыменде көзге 

түскен.  

Тірі кезінде - ақ ол туралы, Қазақ хандығының атақ -

даңқы жайлы, мәліметтер көрші елдердің бәріне 

тарайды. 

Бейбіт кезде әділ де білгір ел басы 

ретінде халық құрметіне бөленді .

Ұрыс күндері әскери 

қабілетімен дараланса.



Қасым хан өз халқының барлық қадір-қасиетін 



бойына жинақтаған, ақыл-парасатымен ғана емес, 

жайсаң мінезімен, адамгершілігімен дара тұрған 

ғажайып тұлға. Ол жаңа жерлер жаулап алу 

жайын емес, қол астындағы халқының бірлігін 

сақтау, күшейтуді бірінші кезекке қояды.

ҚАЗАҚ  ХАНДЫҒЫНЫҢ АТАҚ - ДАҢҚЫ ЖАЙЛЫ 

МӘЛІМЕТТЕР КӨРШІ ЕЛДЕРДІҢ БӘРІНЕ ТАРАЙДЫ.

Ел тыныштығын, хандықты нығайтуды 

өмірлік мұраты деп білді.

Өз заңында  Құран талаптарына қайшы 

келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. 

"Қасым хан салған қасқа жолы"

«Хан болсын, ханға лайық заң болсын, 

батыр болсын, жорық болсын, жорық 

жолы мақұл болсын. Абыз болсын, 

абыз сыйлау парыз болсын, би болсын, 

би түсетін үй болсын.» - деген ереже -

лер енген. 

Мысалы:



Жеті атаға дейін үйленбеу, әменгер-



лік, құдалық жол - жоралар, қазылық 

билік. Ол халықтың көкейінен шыққан 

әрі ежелден келе жатқан билік дәстүр

ді, әдет - ғұрып  «Жарғыны» жаңғыр -

тып, күшейтті. 

Заң ережелері:

1) мүлік заңы: (жер дауы, мал - мүлік дауы) 

2) қылмыс заңы: (кісі өлтіру, талау, шапқын -

шылық жасау, ұрлық қылу)

3) әскери заң: (аламан міндеті, қосын жасақ -

тау, қарақазан, ердің құны тұлпар ат) 

4) елшілік жоралары: (шешендік, ибалылық) 

5) Жұртшылық заңы: 

Ат жарыс, мереке, той.

Бұл жарғы халық арасында ілтипатпен

"Қасым хан салған қасқа жол, Есімхан 

салған ескі жол" деген қағидамен белгілі. 

"Қасқа жол"

"Ескі жол"

Қасқа жолдың қағидалары XVII - ғасырға 

жетіп, Есім хан тұсында

(1598 - 1628) Есімханның ескі 

жолы деп жаңғыртылды. 

"Қасқа жол"атты заңдар 

жинағында белгілеп берсе

"Қасым хан салған қасқа жол"

“Қасым ханның 

қасқа жолы”

“Есім ханның 

ескі жолы”

“Нұрсұлтанның 

нұрлы жолы”

бүгінде ол дәстүр жалғасын тауып, елбасы   

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 

«Қазақстан 2050» атты 

даму стратегиясына ұласып отыр. 

Заман талабына сай, қазақтың  "қара қылды 

қақ жарған" деген әділ талаптарынан туын-

даған заңдар жинағы. 

Ә.Х. Марғұланның айтуына қарасақ, заң 

саяси жағдайдың  шиеленіскен кезінде туған.  

Бұл қазақтың от ауызды, орақ тілді,  елге 

сыйлы билерінің ықпалымен Қасым ханның 

ерте заманнан халықтың мойындап келген 

«Жарғы» заңын күшейткен. 

Осы себепке байланысты халық 

Қасымның шариғат жолын 

алмай, билер заңы «Жарғыны»  

алып, жаңадан көтергенін ұнатып, 

оны «Қасым ханның қасқа жолы» 

деп атап кетті дейді . 

"Қасым ханның қасқа жолы“ деген атпен халық 

жадында сақталған қазақтың тұңғыш конституциялық 

құжатының негізін жасаумен әйгілі болған ұлы хан.

Сарайшық қаласы XIII - XIV ғасырларда 

гүлденді. Хан ордасы да осы қала болды.



Қадырғали Жалайырдың айтуынша Қасым хан Сарайшықта жерленген. 

Қасым хан жерленген Сарайшық 

қаласының қалдығы  мен қала орны

қала қалдығы 

қала орны 

Сол кездегі қала  қазіргі Атырау қаласынан 

солтүстікке қарай бес шақырым жерде.

Қасым ханға деген құрмет,

Қостанайда Қасым хан атындағы көше бар.

Қасым ханның қайтыс болған жылы туралы мәліметтер 

1521 жылы сәуір айында Мәскеудің ұлы бегі III Василийге хабар 

берген. 

ұлы бегі III Василийге 

"Қазақтың Қасым ханы қайтыс 

болды"деп хабарлаған.

Қасым ханның 1521 жылы 

қайтыс болғаны туралы ұлы 

бегі III - Василийдің Хажы -

Тархандағы хабаршысы 

Заня Зудовтың мәліметі.

«Қазақтың Қасым ханы 

қайтыс болды» деп хабар-

лаған. 

Қасым ханның Сарайшықтағы мазарының

XVI - ғасырдың басында құламай аман есен 

тұрғанын жазды.

Қазіргі кезде оқулықтар мен кейбір зерттеу еңбектерінде, Ұлы 

тұлғаның қайтыс болған жылы 1518 - 1523 аралығында кез 

келген жылды көрсетуде. Кейбір деректерде 1521 жылдың 

қысында қайтыс болды делінеді. 

XVI-ғасырдың бірінші ширегінде 

қазақ атын жер жүзіне жеткіз-

ген. 

Қасым ханның қазақ билеушілерінің 

болашақ өкілдеріне қалдырған өнеге 

жолы - елдің саяси бірлігін сақтауы 

мен мемлекеттің ең басты көрсеткіші 

хандық билікті нығайтуы, оны мойын-

датуы еді.   

Қасым ханның қазақ өмірі мен қазақ 

тарихында алатын орны, міне осын-

дай.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Кәрібаев Б.Б. Қасым хан. /Б. Кәрібаев //Ана тілі. - 2011. - № 69. - 5-6 б.

2. Кәрібаев Б.Б. Қасым хан /Б. Кәрібаев  //Мәдени мұра. - 2011. - № 6 - 60-67 б.

3. Қазақ хандығының өрлеуі. Қасым хан //Аяған Б.Г. Қазақ хандығының тарихы: құрылуы, 

өрлеуі, құлдырау /Б.Г. Аяған. - Алматы, 2011. - 114-132 б. 

4. Қасым хан //Кәрібев Б.Б. Тарих, тұлға, уақыт /Б.Б. Кәрібев. - Алматы, 2004. - 217-219 б.

5.Қасым хан // Тарихи тұлғалар. - Алматы, 2011. - 51-55 б.

6. Қасым хан Жәнібекұлы (1445-1518) //Аңыз адам. - 2014. - № 21. - 1-37 б. 

7. Қасым хан. Хандықтың өрлеуі //Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 

Бес томдық. - 2-том. - Алматы, 2010. - 373-377 б.

8. Қиғылық жылдар // Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі /М. Мағауин. – Алматы,

1995. - 58-63 б. 

жүктеу 88.16 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет