Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



жүктеу 0.65 Mb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата23.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

БИ ӨНЕРІ

Қазақ би өнері – халықтық фольклордың көне түрлерінің бірі. Ол туралы Қазақстан 

жерінде сақталған тастағы суреттер, тарихи деректер, орыс саяхатшылары, 

тарихшылары, ғалымдарының этнографиялық жазбалары сыр шертеді. 1934 жылы 

Қазақ музыкалық театры (қазіргі Қазақ опера жəне балет театры) құрылғаннан 

565

БИ ӨНЕРІ

Шара Жиенқұлова

Шара (Гүлшара) Баймолдақызы (1921 – 1991) – 

қазақтың атақты бишісі, халық əртісі. Ол Алматы 

қаласында туған. 

Биші өзінің өнер жолын қазақтың драма, опера жə -

не балет театрынан бастаған. Б.Майлиннің 

«Майдан», М.Əуезовтың «Еңлік – Кебек», «Қаракөз» 

жəне т.б. пьесаларында ойнап, операларда ұлттық 

билерді орын 

даған. Қазақ филармониясында 

қызмет етіп, 1962 – 1966 жылдары əн-би ансамблін 

басқарған. Ұлттық би өнерін дамыту үшін ел 

аралап, халық билерін, əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін 

зерттеген.

Ш. Жиенқұлованың жетекшілігімен «Айжан 

қыз», «Қара жорға», «Қырық қыз» жəне т.б. көптеген 

билер дүниеге келді. Сахналық бидегі бейнелердің 

ішкі жан сұлулығын шебер шендестіре білген Шара 

қазақ би өнерінің дамуына мол үлес қосты. 

Зəуірбек Молдағалиұлы

Зəуірбек Молдағалиұлы Райбаев (1932) – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер 

қайраткері, халық əртісі, қазақ балет əртісі жəне педагог. Алматы мен Санкт-Петербург 

хореография училищелерінің жетілдіру сыныбын, Мəскеу Мемлекеттік театр жəне өнер 

институтының балетмейстерлік бөлімін бітірген. Алматыдағы Абай атындағы Опера 

жəне балет театрының балетмейстері болған.

Зəуірбек Райбаевтың репертуарында П. Чайковскийдің «Аққу көлі» мен «Ұйқыдағы 

ару», Ғазиза Жұбанованың «Аққұс туралы аңыз», Қ. Қожамияровтың «Чин-Томур» 

жəне тағы басқа шығармалары бар.

Зəуірбек – 1957 жылы Мəскеуде өткен жастар мен студенттердің Дүниежүзілік 

фестивалінің жəне бүкілодақтық эстрада əртістері конкурсының лауреаты.

кейін сахналық билерді шығару қолға алынды. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан 

бастап ұлттық балетмейстерлер қазақтың фольклорлық билерін, оның ұлттық 

ерекшеліктерін зерттей бастады. Өңделген фольклорлық билер алғашқы сахналық 

билермен бірігіп, қазіргі заманғы қазақ билерінің негізін құрды.


СПОРТ

567

СПОРТ

ҚАЗАҚТЫҢ БЕС АЛЫБЫ

БАЛУАН ШОЛАҚ

(1864 – 1919)

Балуан Шолақ (шын аты-жөні – Нұрмағанбет 

Баймырзаұлы) – балуан, əнші-сазгер, сан қырлы өнер иесі. 

Жас кезінде бір қолының бас бармағы үсіп, содан «шолақ» 

атанған. Кішкентайынан атқұмар ол небір шу асауларды 

жалынан ұстап, тырп еткізбей үйреткен. Ат үстінде 

түрегеп тұрып өнер көрсеткен. Теңге ілу, сайыс, көкпар 

ойындарында алдына жан салмаған.

Алып күш иесі Троицк қаласында Ресейдің атақты 

балуаны, дүние жүзінің чемпионы Иван Кореньді жығып, 

қабырғасын сындырады. Осыдан кейін оның даңқы 

шығып, көпшілікке тарайды. Ресей жаттықтырушылары 

кəсіпқой балуан боласың деп Орынбор, Санкт-Петербург қалаларына шақырады. Бірақ 

жүрген жерінде той-думанға үйренген, халқының еркесі болған ол елін, жерін қимай, 

бұл ұсыныстан бас тартады.

Көкшетауда өткен ояздың съезінде елу бір пұт (қазірше есептесек, 816 килограмм, 

бір тоннаға жуық салмақ) гірдің тасын көтеріп, жиналған жұртты таң қалдырады. Алып 

күш иесі Балуан Шолақтың осы гірдің тасын көтергені жəне Корень балуанды қалай 

жыққаны туралы деректер өзінің шығарған өлеңдерінде кездеседі. 

Əн-күйге құмар Балуан Шолақ екі өнерді қатар дамытқан. Ол ел аралап, салдық 

құрған жəне жалғыз жүрмей, маңына өнерлі жастарды (əнші, күйші, балуан) жинаған. 

Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал мен Ақан серінің əндерін орындап қана қоймай, халық 

арасында насихат жүргізген.

ҚАЖЫМҰҚАН БАЛУАН

(1871 – 1948)

Қажымұқан Мұңайтпасов – əлемдік аренаға шыққан қазақтың тұңғыш балуаны, 

дүние жүзінің бірнеше дүркін чемпионы.

Қажымұқан он төрт жасында саудагер байға жалшы болыпты. Бірде бай оны 

атшанамен шөп алып кел деп жұмсапты. Қыс мезгілі екен. Қайтар жолда қар жауып, 

аты шананы тарта алмай зорығып өліпті. Қажымұқан ойланбастан атты шөптің үстіне 

лақтырып тастап, шананы атымен бірге өзі сүйреп алып келіпті. 


568

СПОРТ

Қажымұқан күрес өнерін өзінің туысы Ержақ 

балуаннан үйренеді. Кейін Санкт-Петербургтегі 

атақты Лебедевтің балуандар мектебінде əбден 

шыңдалып толысады. Осы кезде даңқы жер жарған 

Иван Поддубныймен достасады. Алекс Аберг, Збышко 

Цыганевич, Иван Шемякин сияқты орыс, поляк жəне 

Қара Ахмет, Мұстафа атты түрік балуандарын жеңіп, 

аты əлемге əйгілі болады. Жапон балуаны Саракаки 

Жиндофуды «джию-джитсу» күресі əдісімен жығады. 

1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң Қажымұқан туған 

елі – Қазақстанға оралады. Ел-жұртты аралап əр түрлі 

ойын көрсетеді. Үстіне 20-30 адам отырғызылған 

арбаны тісімен сүйрейді. Іші адамға толы бір жарым 



БҰЛАНБАЙ ЖАЙЛАУЫ

(1747 – 1845)

Зайсан өңірінде сұлу Сауыр тауының бір сайы «Бұланбай жайлауы» деп аталады. 

Сарқырап аққан тау өзенінің сол жақ биік жарқабағында тайқазандай қара тас бар. Бұл 

тасты Бұланбай биік дөңге шығарып, өзіне мəңгілік ескерткіш етіп кеткен. Балуанның 

алыптығын ат көтере алмағандықтан, оны барар жеріне түйеге мінгізіп апаратын 

болыпты.


Балуан туралы ел аузында мынадай бір əңгіме бар. Бұланбайдың отызға тақаған шағы 

екен. Ол арғы беттен жайлауға қарай түскен бес қытайды көреді. Олар «біз бұл елден 

алым-салық жиғалы келдік» деп қағаздарын көрсетеді. «Кетіңдер бұл жерден» дегенге 

көнбеген қытайларды Бұланбай қамшымен бір-бір салып, терең құздан лақтырып 

жібереді. Қытай елі əскер шығарып, бүкіл елді қырамыз деп ескертеді. Сонда Бұланбай 

өз еркімен беріліп, түрмеге түсіпті.

Бір күні Қытай императоры зəулім сарайдың алдындағы арыстанның тас мүсінін 

көтерген адамның тілегін орындаймын деп жар салыпты. Күшін сынауға келгендер 

мүсінді орнынан қозғалта да алмапты. Сонда бір уəзір: «Бұл тасты түрмеде жатқан 

қазақтың балуаны көтеруі мүмкін», – дейді.

тонна машинаны үстінен жүргізіп өткізеді. Кеудесіне кесек тасты қойғызып, балғамен 

ұрғызады. Темір жол рельстерін мойнына салып, галстукша иеді.

Қажымұқан Ұлы Отан соғысы жылдарында қартайғанына қарамастан, осындай 

ойындар өткізіп, жиған ақшасына ұшақ жасатқан. Оған ұшқыш Б.Шалабаев 

отырып, талай ерліктер көрсеткен. Қазір Шымкент облысының Темірлан ауылында 

Қажымұқанның мұражайы бар.



569

СПОРТ

Императордың бұйрығымен Бұланбайды тас 

арыстанға алып келеді. Ол: «Маған бір ай мұрсат 

етіңіздер. Алдымен қойдың етін беріңіздер. Сонан соң 

екі қолымды иығыма дейін қайыс арқанмен шандып 

байласаңыздар, мен тасты көтеремін», – деп жауап 

қайырыпты. Бұланбайдың тілегі орындалады. Дүйім 

елдің алдында ол арыстанның тас мүсінін қос қолдап 

кеудесіне қойып, іле-шала басынан асыра көтеріпті. 

Күшіне разы болған қытай императоры Бұланбайды 

сый-сияпатпен еліне қайтарған екен.

ҚАЗАҚБАЙ ҚАЖЫ БАЛУАН

Қазақбай балуан XX ғасырдың бас кезінде Алтай аймағында өмір сүрген. Оның 

«қажы» атануы жөнінде қызық əңгіме бар.

1900 жылдары жетпістен асқан Шəукебай қажылыққа бармақшы болады. Халық 

Шəукеге «жасыңыз болса келіп қалды, сонау Меккеге қалай жетесіз?» дегенде, 

«жанымда Қазақбай жүрсе, еш қауіп-қатер жоқ» деп жауап беріпті. Сөйтіп, жиырма 

шақты адам қажылыққа аттанады. Қазақбайдың ол кезде он алтыға толып, ел арасында 

танылған кезі. Көшке ілесе алмай қалған түйені мойнына салып көтеріп, жылқының 

кісендерін бытырлатып үзгені, тағаларды алақанға салып, бір қысқанда сындырғаны 

дүйім елге тарап үлгерген болатын.

Қажылыққа баратындар керуенге ілесіп сан алуан елдерді, сусыз шөлдерді басып, 

қиыншылықпен жетеді екен. Жолшыбай керуенбасы: «Жақын арада суық суы, саялы 

ағаштары бар бұлаққа жетеміз. Сол арадан тынығатын жер таңдаңдар», – дейді.

Біраздан соң сары құмның арасынан жап-жасыл кілемдей ағаштың басы мұнартып 

көрінеді. Қазақбай жүгіріп барып, бұлаққа жақын шынар ағашының астына алашасын 

жаяды да, кері кетеді. Адамдарын ертіп келсе, жаңағы жерге отыз шақты адам үлкен 

қалы кілем төсеп отырып алыпты. «Бұл біздің орын еді, мен белгілеп, алашамды жайып 

кеткем» деген Қазақбайға əлгілер «өй, Самарқанның сары кілемі тұрғанда, қазақтың 

алашасына не жоқ?!» деп орындарынан қозғалмайды. Ашуланған Қазақбай кілемнің 

шетінен қос қолдап ұстап сілкігенде, əлгі отыз шақты адам үйме-жүйме болып бірінің 

үстіне бірі құлап, ойран-топыры шығыпты. Кілемдерін алуға мұршалары да келмей 

қаша жөнеліпті.



570

СПОРТ

ҚАСЫМХАН БАЛУАН

Қасымхан жас кезінде бір бай орыстың жылқысын бағады. Жаздыгүні демалысқа 

келген байдың Петербургтегі офицер баласы мен Қасымхан достасып кетеді. Бірде екеуі 

ат қорадағы жылқыларды өзендегі суға түсіріп, суарып жүргенде байдың баласы суға 

батып кетеді. Қайғыдан қаһарланған əкесі Қасымханды «баламды əдейі өлтірдің» деп 

Сібірге айдатады. Уссурийскіде Қасымхан тайганың ағашын кесіп, шпал дайындайды. 

Бөренелерді ойыншық құрлы көрмей, аударып-төңкеріп, иығына салады. Қолтығына 

қысып көтеріп, тұтқындардың жəне түрме басшыларының арасында құрметке ие 

болады.

Бір күні ат қорада əбден жемге тойып, ерігіп тұрған семіз аттарды тарантасқа жегіп, 



орыс əскерінің генералы əйелімен серуенге шығады. Əбден тойынып күйі келіскен 

тоқ аттар делбеге бой бермей, ала қашады. Тарантастың дөңгелектері жерге бір тиіп, 

бір тимей, қаңбақтай қаңғалақтай ұшады. Бір уақытта құйғытып шауып бара жатқан 

аттардың алдынан Қасымхан шыға келеді. Ол арбаны өткізе беріп артқы білігінен қос 

қолымен ұстап, талтайып тұра қалады. Аттар тырп етпей тоқтай қалады. 

Аттардың арынының күштілігі соншалық, Қасымханның аяғы тізесіне дейін жерге 

кіріп кеткен көрінеді. Өздерін қатерден құтқарған Қасымханға риза болған генерал оны 

айдаудан босатып, еліне қайтарыпты.



571

СПОРТ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАНЫМАЛ 

СПОРТШЫЛАРЫ

ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ 

(грек-рим күресі)

Қазақ халқының кеңінен танымал болған 

спортшыларының бірі, грек-рим күресінен Олимпиада 

ойындарының жеңімпазы, балуан – Үшкемпіров 

Жақсылық. 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы 

Байзақ ауданы Тегістік ауылында дүниеге келген. 

Бапкерлері – Р.Ильматов, В.Псарев, В.Угренинов. Ол 

Семей мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік 

спорт жəне туризм академиясын бітірген. Қазақстан 

жəне халықаралық турнирлердің жеңімпазы. КСРО 

чемпионатының алтын, күміс жəне қола жүлдегері. 

КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы. 1980 

жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдесін, 1981 

жылы Əлем чемпионы атағын жеңіп алды. 1980 жылы 

Мəскеуде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы 

болды. Қазақ КСР-сы Мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы, Республикалық 

кəсіподақтардың Ерікті дене шынықтыру, спорт одағы спорт мектебінің директоры 

қызметін атқарды. 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры. Спорттағы 

жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.


572

СПОРТ

Серіков Шəміл – грек-рим күресінен Əлем жəне 

Олимпиада чемпионы болған қазақстандық балуан. Ол 

1956 жылы 5 наурызда Алматы қаласында дүниеге кел-

ген. 1979 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт жəне 

туризм академиясын бітірген. Жаттықтырушылары – 

А.Алдабергенов, Ж.Жарков. 

1978 жылы Украинадағы Запорожьеде, 1979 жылы 

Бухарестте өткен жарыста КСРО чемпионы атанды. 

1978 жылы Мексикадағы Мехико қаласында жəне 

1979 жылы АҚШ-тағы Сан-Диегода өткен жарыста 

Əлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ресейдің Мəскеу 

қаласындағы 1980 жылы өткен ХХІІ Олимпиада 

ойындарының алтын жүлдегері болды. Қазақстанның 

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 

1989 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.



ШƏМІЛ СЕРІКОВ 

(грек-рим күресі)

СЕРІК ҚОНАҚБАЕВ

(бокс)

Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, 1979 

жəне 1981 жылдардағы Еуропа жеңімпазы, 1982 

жылғы Əлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 1979, 

1981 жылдардағы Əлем кубогының иегері, 1980 

жылғы XXII Олимпиаданың күміс жүлдегері.

Біздің елімізде бокс өткен ғасырдың 30-шы жыл-

дарында пайда болды. Клубтар мен саябақтарда 

көрсетілетін ойындар жастарды боксқа баулуда 

маңызды рөл атқарды. Қазақстанның боксшылары 

əлемдік спорт тарихына өз табыстарымен енді. 1980 

жылғы Олимпиадада əлемге танылған əдісқой боксшы 

С. Қонақбаев «кубалық кедергіні» тойтарды. Жарты 

мəрелік жекпе-жекте куба боксшысы Хосе Агилара-

ны жеңді.

Мəре жекпе-жегінде аздаған артықшылығымен Серіктің қарсыласы – тəжірибелі 

италияндық Олива жеңіске жетті. Серік Қонақбаев күміс жүлдегер атанды. 



573

СПОРТ

ЖАРМҰХАМЕДОВ ƏЛЖАН МҰСЫРБЕКҰЛЫ

(баскетбол)

НЕЛЛИ КИМ

(спорттық гимнастика)

ƏМИН ТҰЯҚОВ

(жеңіл атлетика)

КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-

ның, Еуропаның бірнеше дүркін жеңімпазы, 1978, 

1979 жылдардағы əлем жеңімпазы, XXI жəне XXII 

Олимпиадалардың жеңімпазы.

КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның 

үш дүркін чемпионы, əлем кубогының жеңімпазы. 

Қазақстанның танымал спортшыларының бірі баскетболшы – Жармұхамедов Əлжан 

Мұсырбекұлы. 1944 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шыршық ауданы Табақсай 

ауылында дүниеге келген. 1970 – 1974 жəне 1976 – 1980 жылдар аралығында КСРО-

ның чемпионы болды. Сонымен қатар 1972 жылы Германияның Мюньхен қаласында 

жəне 1980 жылы Мəскеуде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы болды. 1967, 

1971 жəне 1979 жылдары Еуропаның чемпионы атағын жеңіп алған. «Құрмет белгісі» 

орденімен марапатталған.

Ептілік пен қимыл арқылы əсемдікті көрсететін спорт 

түрі бар. Ол – гимнастика. Нелли Шымкент өңірінде 

дүниеге келген. Үшінші сыныптан бастап гимнасти-

камен айналысқан. Ол бойындағы табиғи дарынымен 

ерекшеленді. Екі жылдан соң Нелли спорт шебері бағдарламасы бойынша жарысқа 

түсті. КСРО халықтары Спартакиадасында алтын алқа тақты. Монреальда үш алтын 

алқаға ие болды: командалық біріншілік, еркін жаттығулар жəне секіру. Көпсайыстан 

күміс алқа алды. Мəскеуде топтық біріншілікте жəне еркін жаттығуда екі алтын 

алқаны иемденді. Нелли Ким – əлем спортының жарық жұлдызы. 

Алғашқы болып қазақстандық Ғұсман Қосанов 100 шақырымды 10,2 секундта 

жүгіріп өткен. Сондай рекордты математика пəнінің мұғалімі, қазіргі жеңіл атлетика-

дан Қазақстан құрама тобының жаттықтырушысы Əмин Тұяқов қайталады.



574

СПОРТ

Көрермендерін баурап əкететін осындай жары-

стар əлемнің көптеген елдерінде өтті. Əмин Тұяқов: 

«Əсіресе, 1965 жылғы Киевте өткен кездесу есімде. Біз 

американдық олимпиада жеңімпаздарынан озып кетіп, 

жаңа рекорд жасадық», – деп есіне алады. Бұл жұлдызды 

сəт еді. Тұяқов пен оның топтағы достарына «КСРО-

ның еңбегі сіңген спорт шебері» атағы берілді.

Қазір ол жас жеткіншектерді жеңіл атлетиканың 

шыңын жаулауға баулуда.



ДƏУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВ

(грек-рим күресі)

ВЛАДИМИР ТИХОНЕНКО

(баскетбол)

Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-

ның жеті дүркін, 1987 жылғы Еуропа, 1987 жылғы 

жəне 1989 жылғы Əлем кубоктарының жеңімпазы, 

1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері, 

1992 жылғы XXV Олимпиаданың қола жүлдегері.

КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, 1985 жылғы Əлем біріншілігінің күміс 

жүлдегері, 1987 жылғы Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері, 1988 жылғы Сеулде 

өткен XXIV Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Дəулет Тұрлыхановтың грек-рим күресінде зор 

табыстарға жетуіне əрі бапкері, əрі тəрбиешісі 

болған əкесі Болат Тұрлыхановтың ықпалы зор. 

Өзінің спортпен айналысқан ғұмырында Дəулет əлем 

жеңімпаздарымен сайысқа түсіп, көптеген жеңістерге 

ие болды. Үш олимпиадаға қатысты. Сеулдегі Олим-

пиада – Дəулет үшін біріншісі. Ол онда күміс жүлдегер атанды. Атлантадағы Олимпиа-

дада Дəулет Тұрлыханов жарысқа да қатысты, бапкер де болды. Өз командасына жəне 

сол Олимпиаданың жүлдегері болған шəкірті Юрий Мельниченкоға демеу бере білді.



575

СПОРТ

ВЛАДИМИР ВОХМЯНИН

(тапаншамен ату)

АЛЕКСАНДР ПАРЫГИН

(бессайыс)

КСРО-ның халықаралық дəрежедегі спорт шебері, 

1982 жылғы Еуропа жеңімпазы, 1982 жəне 1986 

жылдардағы əлем жеңімпазы, Əлем кубогының иегері, 

ХХV жəне XXVI Олимпиадалардың қола жүлдегері.

Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, 1994 

жылғы Азия мен Азиялық ойындардың жеңімпазы, 

1996 жылғы Атлантадағы Олимпиада жеңімпазы.

Халықаралық аренада қазақстандық баскет-

болшылардың мерейі жылдан-жылға үстем болуда. 

Баскетболшыларымыз олимпиадалық ойындарда 

жүлделі орындарға ие болып жүр.

Владимир бала күнінен баскетболмен айналысты. 

Баскетбол өмірінің маңызды бөлігі болды. Оның 

шеберлігі күннен-күнге артты. Олимпиада құрама то-

бына кірді.

1988 жылы Сеулде өткен Олимпиадада көрермен-

дер баскетболшылардың таңқаларлық ойынын тама-

шалады. Құрама топтағы В. Тихоненко Олимпиада 

жүлдесіне қол жеткізді.

Теміртаулық Владимир Вохмянин Қазақстаннан 

бірінші болып, тапаншамен тез атудан Барселонда 

өткен XXV Олимпиадада қола жүлдеге ие болды.

Бəрі де кəдімгідей басталған еді. 1974 жылы тапан-

шамен ату бөліміне қабылдау жарияланды. Оны жас 

бапкер Анатолий Бабушкин жүргізді. Володя – алғашқы жазылған оқушылардың бірі. 

1980 жылы КСРО кубогінде үшінші орынды алып, кейін Еуропа біріншілігіне қатысып, 

жастар арасында алтын алқаның иесі болды, Олимпиадалық топқа кірді.

Қазіргі бессайыс түрлерінің (ату, қылыштасу, жүзу, 

атқа салт міну, жүгіру) өзіндік қиындықтары бар.


576

СПОРТ

Саша мектепте оқып жүрген жылдары жүзумен айналысты. Ату шеберлігіне оны 

спортқа еңбегі сіңген бапкер А. Бабушкин баулыды. Қылыштасуды Қазақстанның ең 

мықты деген бапкерлері үйретті. 1996 жылғы Олимпиадада Парыгин бессайыстың 

бірінші түрінен – дүбірлі тапаншамен атуда 11-ші орын алды. Қылыштасудан үміті 

ақталып, 1-ші орынға ие болды. Жүзуден – 21-ші орын. Атқа салт мініп жүруден екінші 

орынға ие болды. Енді жүгіру. Мəреге бір жарым айналым қалғанда қазақстандық 

спортшы ресейлік Зеновты басып озды. Александр Парыгин осылайша жігерлілігінің 

арқасында жеңіске жетіп, жанкүйерлерін таңғалдырды.

АНАТОЛИЙ ХРАПАТЫЙ

(ауыр атлетика)

БОРИС АЛЕКСАНДРОВ

(шайбалы хоккей)

КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-

ның бірнеше дүркін, Еуропа жəне əлемнің бес 

дүркін жеңімпазы, 1988 жылғы Сеулде өткен XXIV 

Олимпиаданың жеңімпазы, 1996 жылғы Атланта-

да өткен XXVI Олимпиадалық ойындарының күміс 

жүлдегері.

КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, 1976 жылғы 

Винсбургтағы XII қысқы Олимпиада ойындарының 

жеңімпазы.

Қазақстан ежелден балуандарымен, батырлары-

мен əлемге əйгілі.

Анатолий Храпатый – əлемнің ең күшті 

балуандарының қатарына кірген Қазақстанның 

бірегей алып спортшысы. 1977 жылы Атбасардағы 

балалар спорт мектебінің табалдырығын көптің бірі боп аттаған Анатолийден Олим-

пиада жеңімпазы шығады деп сол кезде ешкім ойламаған. Олимпиадалық ойындарға 

Анатолийді ауыр атлетикадан ең үздік мамандардың бірі А. Стерликов дайындады.

Өскемен қаласынан хоккей ойыны дегенде көздері 

жанып тұратын балаларды көптеп кездестіруге 

болады. Борис Александров – осындай хоккейді 

ұнататын балаларға үлгі. Жоғары дəрежелі шеберге 


577

СПОРТ

ВЛАДИМИР СМИРНОВ

(шаңғы тебу)

ШИШИГИНА ОЛЬГА ВАСИЛЬЕВНА 

(жеңіл атлетика)

Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, 1994 

жылғы Олимпиаданың жеңімпазы, Əлем кубогының 

екі дүркін иегері, төрт дүркін əлем жеңімпазы. 

Қазақстан Республикасының «Халықтар достығы» 

жəне «Даңқ» ордендерінің иегері.

жасөспірімдер қызыға да, қызғана да қарайды. Ол көптеген балалардың хоккейге деген 

жолын ашты.

Борис Александров үшін олимпиадалық ойындарға қатысып, жеңіске жету өміріндегі 

ең маңызды кезең еді. Ноганодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық құрама 

бесінші орынды иемденді. Бұл – үлкен жеңіс. Мұндай зор табыс – хоккеймен көп жыл-

дар бойы айналысқан Борис Александровтың еңбегі.

Ол əлемдегі ең күшті шаңғышылар – бірінші үштік тобына кіреді. Владимир 

Смирновтың таңқаларлық шеберлігіне барлық шаңғышылар қызығады.

Смирнов Щучинск қаласында дүниеге келген. Ол шаңғымен 12 жасынан айналысқан. 

Өзі туралы Володя:

– Мені кішкентайымнан классикалық əдіспен шаңғы тебуге баулыды. Ал өзім үлкен 

қашықтықты ұнатамын. Алдыңғы үштікке шығамын деп ешқашан ойламағанмын. Бірақ 

олимпиадалық ойындардағы күтпеген табысым мені одан əрі үміттендірді, – дейді. 

Ұзақ жылдар бойғы тынымсыз жаттығу жұмыстары Владимирді марафондық жарыс-

та табысқа жеткізді.

Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылы 23 желтоқсанда 

Алматыда туылған. Казақтың туризм жəне спорт академиясын 

бітірген. Қазақстан жəне КСРО-ның жасөспірімдер арасындағы 

чемпионы. 100 метрге кедергілі жүгіруден 1993 жылы Азияның 

қола жүлдегері жəне 1998 жылы Азия чемпионы атанды. ХІІ – 

ХІІІ Азия ойындарының жеңімпазы болды. 1995 жылы Əлем 

чемпионатының күміс жүлдегері жəне 1999 жылы Əлем чем-

пионы атағын иеленді. 1995 жылы Швецияда өткен жабық зал-

да 60 метрге кедергілі жүгіруден Əлем чемпионатының күміс 


578

СПОРТ

жүлдесін ұтып алған. Ғ.Қосановты еске алуға арналған халықаралық жарыстардың 100 

метрге жəне 100 метрге кедергілі жүгіруден жеңімпазы. 2000 жылы Австралия астана-

сы Сиднейде өткен Олимпиадалық ойындардың чемпионы болды. «Барыс» орденімен 

марапатталған.

ЕРМАХАН САҒИҰЛЫ ИБРАИЫМОВ 

(бокс)

ЖИРОВ ВАСИЛИЙ ВАЛЕРЬЕВИЧ 

(бокс)

Ибраиымов Ермахан Сағиұлы – қазақтың бокстан 

танымал спорт шебері. 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл 

облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылында 

дүниеге келген. Бокспен шұғылдануды 1985 жылы Та-

раз қаласында бастады. Ермахан 1995 жəне 1999 жыл-

дары Азия чемпионы, 1995 жылы əскерилер арасындағы 

əлем чемпионы атанды. ХХVІ Олимпиадалық 

ойындардың қола жүлдесін иеленді. 1997 жəне 1998 

жылдары Əлем чемпионатының күміс жүлдегері, ХІІІ 

Азия ойындарының жеңімпазы, Əлем кубогінің қола 

жүлдегері. 1999 жылы Азия құрлығының ең үздік бок-

сшысы атанды. 2000 жылы Австралия астанасы Сид-

ней қаласындағы ХХVІІ Олимпиадалық ойындардың 

чемпионы болды. Атланта, Сидней қалаларында өткен 

олимпиадалық ойындарда Қазақстанның туын көтеріп 

шықты. ХХVІІ Олимпиадалық ойындардағы жеңісі 

үшін I дəрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. 2002 

жылдан бокстан Қазақстан құрама командасының бас 

жаттықтырушысы. 

 Қазақстанның танымал спортшыларының бірі – 

Жиров Василий Валерьевич. Ол 1974 жылы 4 сəуірде 

Балқаш қаласында туылған. Бокспен 12 жасынан бастап 

жаттыға бастады. 1989 – 1991 жылдары жасөспірімдер 

арасындағы республиканың, 1990 жылы КСРО-ның 

чемпионы атанды. 1993 жылы Германияның Берлин 

қаласында өткен Дүние жүзі чемпионатында күміс, 


579

СПОРТ

САТТАРХАН БЕКЗАТ 

(бокс)

1995 жылы Венгрияның астанасы Будапештте қола 

жүлдені ұтып алды. 1994 жылы Жапонияның Хироси-

ма қаласындағы ХІІ Азия ойындарының қола жүлдегері 

атанды. Орталық Азия елдері 1-ойындарының, Азия 

құрлығының жəне 1996 жылы АҚШ-тың Атланта 

қаласында өткен ХХVІ Олимпиада ойындарының чем-

пионы атағын жеңіп алды. ХХVІ Олимпиада ойында-

рында ең үздік боксшыға берілетін В.Баркер кубогін 

иеленді. 1997 жылдан бастап толығымен кəсіпқой 

боксқа ауысты. Жиров ІВF версиясы бойынша 

кəсіпқойлар арасындағы əлем чемпионы (2000). «Пара-

сат» орденімен марапатталған.

Олимпиадалық ойындардың чемпионы атағын жеңіп 

алған спортшылардың бірі – Саттархан Бекзат. Ол 1980 

жылы 4 сəуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар 

ауданы Балтакөл ауылында дүниеге келген. Бапкерлері 

– Н.Жұмабаев, В.Везирякин. Қазақстан біріншілігінің 

қола жүлдегері, Германия мен Финляндияда өткен жəне 

Қазақстандағы Ə.Нұрмақанов атындағы халықаралық 

турнирлердің жеңімпазы болды. Жастар арасында Азия 

біріншілігінің жүлдегері, Əлем біріншілігінің күміс 

жүлдегері. Қазақстан біріншілігінің, К.Əбдəлиев жəне 

С.Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирлердің 

жеңімпазы атанды. Азия чемпионатының, ІІІ Орталық 

Азия ойындарының жəне Венгриядағы халықаралық 

турнирдің, Испаниядағы, Чехиядағы халықаралық 

турнирлердің жеңімпазы, Мəскеудегі Гран-при 

кубогінің иегері болды. 2000 жылы Австралияда Сид-

ней қаласында өткен ХХVІІ Олимпиада ойындарының 

алтын жүлдегері атанды. І дəрежелі «Барыс» орденімен 

марапатталған. 2000 жылы 31 желтоқсанда Түркістан 

қаласында қаза болды.


580

СПОРТ

АРТАЕВ БАҚТИЯР

(бокс)

БАҚЫТ СƏРСЕКБАЕВ

(бокс)

Боксшы Артаев Бақтияр 1983 жылы 14 наурызда Та-

раз қаласында дүниеге келген. 2004 жылдан бокстан 

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Бапкері – 

Н.Ақұрпеков. Қазақстандық жəне халықаралық жары-

старда бірнеше дүркін жеңімпаз болды. 2002 жылғы 

Азия чемпионатының (Филиппин) жəне 2006 жылғы 

Азия ойындарының (Катар) күміс жүлделерін иелен-

ген. 2005 жылы Қытайда жəне 2007 жылы Америкада 

өткен Əлем чемпионаттарында екі рет қола жүлдені 

жеңіп алған. Грекияның Афины қаласында 2004 жылы 

өткен олимпиадалық ойындардың жеңімпазы жəне 

олимпиадалық ойындардың ең үздік боксшысына 

берілетін Баркер кубогінің иегері болды. І дəрежелі 

«Барыс» орденімен марапатталған.

Бақыт Сəрсекбаев – 69 килограмм салмақтағы бок-

стан ХХІХ жазғы Бейжің олимпиадалық ойындарының 

чемпионы. Ол 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облы-

сында туылған. Бокспен 12 жасынан бастап Өзбекстанда 

тұрған кезінен айналысқан.

2004 жылы Өзбекстаннан ата қонысына көшiп кел-

ген Бақыт Қазақстанда 69 килограмм салмақта өзiне 

тең келер боксшы жоқ екенiн дəлелдеп бердi. Бейжің 

Олимпиадасы ойындарын өте жоғары деңгейде өткiздi. 

Алғашқы жекпе-жекте Канада боксшысын тас-талқан 

етiп ұтты. Одан кейін молдовалық боксшыны да тізе 

бүктірді. Ширек финалда Сəрсекбаев өзiнiң ежелгi 

қарсыласы өзбекстандық Дилшод Махмудовты жеңдi. 

Жартылай финалда кездескен кəрiс боксшысы да 

Бақыттың басымдығын мойындады. Ақтық айқаста 

бүкiл Куба халқының үмiт артқан боксшысы Карлос 

Суарестi ойнап жүрiп ұтты.



581

СПОРТ

ИЛЬЯ ИЛЬИН

(ауыр атлетика)

Бақыттың бұған дейiн де талай жарыста бағы жанғанын жанкүйерлер жақсы бiледi. 

Азия құрлығында екi дүркiн чемпион атанған Бақыт 2007 жылы Чикагода өткен Əлем 

бiрiншiлiгiнде бесiншi орынға табан тiреген-дi. 2006 жылы Дохада жалауы көтерiлген 

Азия ойындарында боксшыларымыздың жеңiп алғаны жалғыз алтын медаль болса, сол 

жалғыз алтынның иесi де осы Бақыт Сəрсекбаев еді.

Бақыт Сəрсекбаев – Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, І дəрежелі «Барыс» 

орденінің иегері.

Ильин Илья Александрович – жастар арасында екі 

дүркін Əлем чемпионы, ересектер арасында екі дүркін 

Əлем чемпионы, Олимпиада жеңімпазы. Ол 1988 

жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге 

келген. 1996 жылы 8 жасында облыстық арнайы бала-

лар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтер 

мектебіне ауыр атлетика бөліміне қабылданады. Оны 

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген бапкер Пак 

Вилорий Викторович жаттықтырады.

Илья 1997 жылы 9 жасында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан 

Республикасының жеңімпазы атанды. 2001 жылы 13 жасында ауыр атлетикадан 

«Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие болып, Қазақстан ауыр 

атлетикасының тарихындағы ең жас спорт шебері ретінде танылды. 2003 жылдан бастап 

халықаралық жарыстарға қатыса жүріп, Илья жастар арасында екі дүркін Əлем чемпио-

ны болды. Ол 2005 жылы Дохада (Катар) өткен ересектер арасындағы Əлем чемпиона-

тында 85 кг салмақ дəрежесінде бірінші орын алады. Келесі жылы Санто-Домингода 

өткен Əлем чемпионатында 94 кг салмақ дəрежесінде өз жетістігін қайталайды. Осы-

лайша екі рет əлемдік рекорд жасайды. Дəл осындай балғын шағында дүние жүзінің 

теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз 

техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. 

Дүниежүзілік спорт ареналарында жүлделі нəтижелерге қол жеткізгені үшін 2005 

жылы мемлекеттік «Құрмет» орденіне лайықталынған болатын. Ал оның ең ірі жеңісі 

– Қытай елінің Пекин қаласында өткен ХХІХ жазғы Олимпиада ойындарындағы алтын 

жүлдесі. Ол 94 кг салмақта алтын медальді жеңіп алып, небары 20 жасында олимпиа-

да чемпионы атанды. Осы жетістігі үшін мемлекеттік І дəрежелі «Барыс» орденіне ие 

болды.


ДАЛА ДАНАЛАРЫ 

ШЫҒЫСТЫҢ ҰЛЫ ҒҰЛАМАЛАРЫ

ДАЛА ДАНАЛАРЫ

583


Əбу Насыр Мұхаммад əл-Фараби

Əбу Насыр Мұхаммад əл-Фараби (870 – 950 жж.) – аса көрнекті философ, ғалым-

энциклопедист, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деген атпен белгілі ғұлама. 

Қолөнер кəсібі жəне ғылымның негіздері жөніндегі білімін Фараб (Отырар) қаласында 

алған. Ол өзінің туған тілі – түрік тілінде оқыған. Білімін толықтыру мақсатымен Шаш, 

Самарқанд, Исфахан, Хамадан қалаларына сапар шегеді. Содан соң Араб халифатының 

мəдени орталығы Бағдадқа жол тартады. Онда араб тілін өте жетік меңгеріп, ежелгі 

грек философиясын, математиканы оқиды. Логика мен медицинаны, музыка мен 

астрономияны зерттейді. Əл-Фараби өз өмірінің 

соңғы кезін Дамаск пен Халеб қалаларында 

өткізеді. Ғалымдар, ақындар арасында 

ол өзінің білімінің тереңдігімен, 

кеңдігімен көзге түседі. 

Əл-Фараби батыл кісі болған. 

Атқа міну өнерін жақсы мең ге-

ріп, садақ атудың шебері атан-

ған.  Əл-Фарабидің  ғы лы  ми 

мұрасы Шығыс пен Ба тыс-

тың ғылымы жə не мə-

де ние тінің  да муына 

үлкен ық пал етті.



ДАЛА ДАНАЛАРЫ

584


Қадырғали Жалайыр (ХVІ 

– ХVІІ ғасырдың басы) – аса 

көрнекті орта ғасыр тарихшысы. 

Ол би жəне аса білімді кісі болған. 

Шығыс тарихын жəне мұсылман 

мəдениетінің тарихын жетік 

меңгерген. Араб, парсы тілдерін 

өте жақсы білген. Қазақстан, 

Орта Азия жəне Оңтүстік Сібірдің 

Қадырғали Жалайыр

көптеген қалалары мен облыстарында болған. Қоғам өмірін жан-жақты білуінің 

арқасында ол сұлтан Онданның ұлы Ораз Мұхаммедтің тəрбиешісі (аталық) ретінде 

жоғары лауазымды қызмет атқарған.

Қадырғали Жалайыр – XVII ғасырдың басында Қазақ хандығы туралы тарихи еңбек 

жазған тұңғыш қазақ ғалымы. Ол өз кітабында Шыңғыс хан əулетінің жəне Алтын Орда 

билеушілерінің тарихын жазады. Оның жазған көптеген деректері қазақ халқының 

тарихи ауыз əдебиетінен алынғандықтан, басқа тарихи шығармаларда кездеспейді. 

Қадырғали Жалайырдың кітабының арқасында ХV – ХVІ ғасырлардағы Қазақ 

хандығының тарихын білеміз. Біздің заманымызға қазақ халқының тарихи мəдениеті – 

аса бай мұрасы осы тарихшының еңбегі арқылы жетті.


ДАЛА ДАНАЛАРЫ

585


Жүсіп Баласағұн

Жүсіп Баласағұн (XI ғ.) – аса көрнекті ақын, философ, адам жанын терең түсіне 

білген данышпан. Ол Қарахандар мемлекетінің саяси жəне мəдени орталығы – 

Баласағұн қаласында дүниеге келген. Мұсылманша жан-жақты білім алған. Араб, 

парсы поэзияларының жəне түрік фольклорының қыры мен сырын жетік білген.

Жүсіп XI ғасырда өсіп келе жатқан түріктік өзіндік сананың жəне мұсылман 

идеологиясының негізінде тамаша тарихи-көркем шығарма – «Құтадғу біліг» 

(«Құтты білік») атты классикалық поэмасын жазады. Бұл дастанда көне дəуір ақыны 

адамгершілікті, адалдықты тебірене жырлайды. Оқу-білімге, инабаттылыққа шақырады. 

Хан мен уəзірден бастап, атшы мен емшіге дейін қоғам алдындағы міндеттерін адал 

орындауға меңзейді. Парасатты өмір сүру мен дұрыс заңдылықты үйлестіре білу 

бақыттың негізгі ұстанымы ре-

тін де  түсіндіреді. 

Жүсіп – ғасырларға ұласа-

тын поэтикалық жəне эпика-

лық дəстүрде қалыптасқан 

түрік сөздігінің шебері. 

«Құтадғу біліг» барлық 

түрік халықтарының 

тарихи əрі мəдени 

мұрасы, рухани 

өзегі болып 

табылады.



ДАЛА ДАНАЛАРЫ

586


Махмұт Кашқари (XI ғасыр) – аса көрнекті ғалым, филолог. Қарахандар 

мемлекетінің билеушілері əулетінен шыққан. Қашқар қаласында алған білімін 

Бұхар мен Нишапурда жалғастырған. Махмұт жас кезінен-ақ түркі тайпаларының 

тіліне, əдебиетіне жəне этнографиясына үлкен көңіл бөліп, қызыға зерттейді. Орта 

Азия жерін қоныстанған түркі елдерін түгелдей аралап, олардың өмірі, салт-дəстүрі 

туралы баға жетпес деректер жинайды. Осы лингвистикалық, тарихи, мəдени жəне 

фольклорлық деректердің негізінде ортағасырлық түркілер өмірінің энциклопедиясы 

болып саналатын үш томдық «Диуани лұғат ат-Түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») 

атты еңбегін жазады. Бұл шығармада Қазақстан аймағы жəне түркі тайпалары туралы 

баға жетпес құнды деректер бар.

Махмұт Қашқари – алғашқы 

түркілік əлем картасының ав-

торы. Дөңгелек əлем кар та-

сы мұсылман карто гра фия-

сының жүйесінде елеу 

лі 


орын алады. Картаның 

орта шеніне Қарахандар 

астанасы – Баласағұн 

қаласын орналастыруы 

оның түркілер жеріне, 

өзінің мемлекетіне де-

ген сүйіспеншілігін 

біл дірсе  керек.



Махмұт Қашқари

ДАЛА ДАНАЛАРЫ

587


Мұхаммед Хайдар Дулат

Мұхаммед Хайдар Дулат (Дуглати) (XVI ғасыр) – аса көрнекті тарихшы, ақын, 

мемлекет қайраткері жəне əскербасы. Белгілі дулат руынан шыққан. Өз заманына сай 

жоғары мұсылмандық білім алған. Ол түрік, араб жəне парсы тілдерін жетік білген. 

Өлең жазып, сурет салумен де айналысқан. Қолөнер кəсібінің шебері болған: ағаштан 

ою ойған, асыл заттар, жебе мен садақ, пышақ жасаған, құрылыспен айналысқан, ою-

өрнек салған, т.б. жетік білген.

Үлкен мемлекеттік жəне əскери қызметтерде болып, ұзақ жылдар бойы Моғол стан-

ның (Қашғар хандығы) ханы Саидтың ұлының тəрбиешісі болып қызмет атқарады. Өзі 

билік құрған Үндістанның Кашмир қаласында қайтыс болған. 

Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түрікменстан жəне Үндістан жерлерінде өткен көптеген 

оқиғалардың куəгері əрі оларға қатысушы ретінде Хайдар Дулат баға жетпес тарихи еңбек 

(«Тарих-и Рашиди») жазады. Онда қазақтардың, өзбектердің, қырғыздардың тарихы, 

мəдениеті, шаруашылығы, тұрмысы, салт-дəстүрі жөнінде маңызды деректер келтіреді. 

Оның кітабы Қазақ хандығының тарихы бойынша аса құнды еңбек болып табылады. 

Осылайша Хайдар Дулат тұңғыш рет Қазақ хандығының құрылған мерзімі жəне Жə ні-

бек пен Керейдің тұңғыш қазақ хандары болғаны туралы хабардар етеді.



ДАЛА ДАНАЛАРЫ

588


Уəлиханов Шоқан

Уəлиханов Шоқан (шын аты – Мұхамедқанафия) 

Шыңғысұлы (1835 – 1865) – ғалым, этнограф, ориенталист, 

тарихшы, географ, фольклортанушы. Ол Құсмұрын 

бекінісінде (қазіргі Қостанай облысы) дүниеге келген. 12 

жасына дейін жеке меншік мектепте білім алады. Сонда 

жүріп өлең, жыр, аңыз-əңгімелерді оқып үйренеді. Араб, 

парсы, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгереді. 

1847 жылдың күзінде кадет корпусына оқуға түседі. 

Осында жүріп Оңтүстік Сібір, Байқал, Алтай, Орал, Еділ, 

Каспийді зерттеген П.С. Палластың «Саяхаты», Орал, 

Еділ, Каспий халықтарының тарихы мен этнографиясын 

жазған П.И. Рычковтың күнделігі сияқты сирек 

кездесетін көне қолжазбалармен танысады. 1853 жылы 

кадет корпусын бітірген соң Сібір казак-орыс əскерлеріне 

қызметке жіберіледі. 1854 жылы Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорт Шоқанның 

ерекше қабілетін байқап, өзіне адъютант етіп алады. 1855 жылы К.К. Гутковскийдің 

экспедициясымен Қапалда болып, қазақ ауыз əдебиетінің үлгілерін жинайды. 1856 жылы 

Семенов Тянь-Шанскиймен кездеседі, ол болашақ Шығыс зерттеушісі – Шоқанға бағыт 

беріп, оның ғылыми жұмыстарына ықпал жасайды. Осы жылы Шоқан 2 экспедицияға 

қатысады. Ол қазақтың оңтүстік аймақтарымен тығыз байланыста болған Қоқан 

хандығының экономикалық-саяси жəне əлеуметтік құрылысын жан-жақты зерттеп, 

«Қоқан хандығы туралы жазба» атты белгілі еңбегін жазады. Ыстықкөлдің картасын 

жасауға қатысады жəне осы сапарын «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай 

империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» 

деген тарихи-этнографиялық шығармаларында суреттейді. Уəлихановтың ғылыми 

қызметі Орыс география қоғамының назарын аударып, 1857 жылы 27 ақпанда қоғамға 

мүшелікке алынады. 

Уəлихановтың 1858 жылғы Қашқарияға сапары оның ғылыми қызметіндегі жаңа 

кезең болды. ХІІІ ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 жылы Геос қана болған 

жат өлкеге сапар шегіп, ол жайлы «Алашты шаһардың немесе Қытайдың Нан Лу 



провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қамалының жайы» деп 

аталатын тамаша еңбек жазады. Бұл – Шоқанның ғылыми мұраларының ішіндегі ең 

ірісі, Шығыс Түркістан тарихы жөнінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. Еңбекті 

Ресей мен шетелдік Шығыс зерттеушілері жоғары бағалады. Ол 1865 жылы Лондонда 

«Орыстар Орталық Азияда» деген атпен ағылшын тіліне аударылып басылды. Оның 

бірқатар еңбектері неміс, француз тілдеріне де аударылды. 



ДАЛА ДАНАЛАРЫ

589


«АСЫЛ СӨЗ» АТАЛАРЫ

Абай Құнанбайұлы

(1845 – 1904)

ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА

Ғылым таппай мақтанба, 

Орын таппай баптанба, 

Құмарланып шаттанба, 

Ойнап босқа күлуге. 

Бес нəрседен қашық бол

Бес нəрсеге асық бол, 

Адам болам десеңіз – 

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы – XIX ғасырдың 

екінші жартысында қазақ сөз өнерін жаңа биікке 

көтерген ұлы тұлға.

Ол Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан 

облысы) Шыңғыстау бөктеріндегі Қасқабұлақ деген 

жерде дүниеге келген. Əкесі Құнанбай аға сұлтан 

болып, ел билеген. Өз дəуірінің білікті, қайраткер 

адамы болған.

Жасынан зерек Абай ауылда əжесі Зеренің 

бауырында туған халқының мəдениетінен терең білім 

алған. Ел ішіндегі беделді би-шешендер мен ақын-

жыршылардың өнегесін құлағына құйып өскен. Он екі жасында əкесі Семей қаласына 

əкеліп, Ахмет-Риза медресесіне оқуға береді. Кейін орыс мектебінде білім алады. Семей 

кітапханасынан Шығыс, Батыс ақындары мен ғұламаларының еңбектерін оқиды.

Ұлы ақыннан қалған мұра сан жағынан аса мол болмағанмен, көркемдік пішіні 

мен мазмұн байлығы жөнінен қазақ əдебиетін бұрын-соңды болмаған шыңға көтерді. 

Сондықтан да Абайды қазақ халқының дана ақыны, қазақ əдебиетінің классигі, 

данышпан ойшылы деп ардақ тұтамыз.



Тілеуің, өмірің алдыңда, 

Оған қайғы жесеңіз. 

Өсек, өтірік, мақтаншақ, 

Еріншек, бекер мал шашпақ – 

Бес дұшпаның білсеңіз. 

Талап, еңбек, терең ой, 

Қанағат, рақым ойлап қой – 

Бес асыл іс көнсеңіз...

ДАЛА ДАНАЛАРЫ

590


Ыбырай Алтынсарин

(1841 – 1889)

КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!

Кел, балалар, оқылық, 

Оқығанды көңілге 

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар, 

Шамнан шырақ жағылар, 

Тілегенің алдыңнан, 

Іздемей-ақ табылар...

Кел, балалар, оқылық, 

Оқығанды көңілге 

Ықыласпен тоқылық.

Сиса көйлек үстіңде 

Тоқуменен табылған... 

Сауысқанның тамағы 

Шоқуменен табылған... 

Өнер-білім бəрі де 

Оқуменен табылған...

Ыбырай Алтынсарин – қазақтың алғашқы 

ағартушы-педагогы, қазақ жазба əдебиетінің 

классигі, балалар əдебиетінің негізін салушы, аса ірі 

кемеңгер тұлға.

Ол Қостанай облысы Тобыл өзенінің жағасында 

дүниеге келген. Атасы Балқожа ел арасында аса 

қадірлі би болған. Балалық шағын ата қолында 

өткізген Ыбырай өз халқының салт-дəстүрін, 

мəдениеті мен өнерін сүйіп өскен. Мұсылманша 

сауат ашқан. Кейіннен орыс мектебі мен мұғалімдер 

семинариясын тəмамдаған. Орыс мəдениетін жетік 

меңгеріп, сол арқылы Батыс мəдениетіне қол созған. 

Өлең жазуға бала кезінен ден қойған.

Ыбырай Алтынсарин бар саналы ғұмырын өз 

халқына білім беруге арнаған. Қазақ даласында 

мектептер ашып, алғашқы оқулықтар, көркем 

шығармалар жазған. Мектеп ісінің жүйесін құрған. 

Балаларды оқуға шақырған. Сондықтан оны «Дала 

қоңырауы», «Қазақ балалар əдебиетінің атасы» деп 

құрметпен атайды.



ДАЛА ДАНАЛАРЫ

591


Жамбыл Жабаев

(1846 – 1945)

БАЛАЛАРҒА

Балалар, аманбысың, шырақтарым, 



Майысып көлге біткен құрақтарым! 

Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын, 

Ішінен асып кетсе бір аптаның.

«ХХ ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы 

Жамбыл 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде 

дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім 

ала алмаған. Бірақ көңілі зерек, көкірегі ояу дарынды 

бала білім дариясынан терең сусындап өскен. Он 

төрт жасынан өлең айтып, жыр додасына түскен. 

«Жетісу ақындарының алтын діңгегі» болған атақты 

Сүйінбай ақыннан он бес жасында бата алған. Ел 

ішіндегі əділетсіздік пен келеңсіздіктерді өлеңге 

қосып, халық құрметіне бөленген. 

Қабырғасы қатая келе, айтыстарға қатысып, 

Айкүміс, Бақтыбай, Досмағамбет, Шашубай, 

Құлмамбет сияқты ірі айтыс ақындарын жеңіп, Жетісу 

өңіріне атағы шыққан. Оның даңқы қазақ арасында 

ғана емес, көршілес қырғыз еліне де танымал болған. 

Жетісу, Қаратау, Сыр бойы мен қырғыз елін аралап, 

өнер көрсетіп, өзі де өнеге үйренген.

Жамбыл адамгершілік пен ақиқаттың, батырлық 

пен ерліктің туын биік ұстап, жырға қосқан.



Қонаққа келді, міне, Жамбыл атаң, 

Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам.

Қарт бабаң дəуіріне мейірі қанған, 

Қуанып жастығына сендей ботам.

Білемін өмірлерің тұрған жайнап, 

Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап. 

Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су – 

Бəрі де сендердікі əлемге айғақ.

ДАЛА ДАНАЛАРЫ

592


ШƏКІРТ ОЙЫ

Қараңғы қазақ көгіне 

Өрмелеп шығып, күн болам! 

Қараңғылықтың көгіне 

Күн болмағанда, кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін 

Жылытуға мен кірермін.

Еңбек, бейнет тарауы 

Рақатқа сарқылар. 

Қыздырып күннің қарауы, 

ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясының жарық жұлдыз ы 

– Сұлтанмахмұт Торайғыров бар-жоғы 27 жас жасады.

Ол Ақмола облысында дүниеге келген. Əкесі шаруа адамы 

болған. Жасынан өлең жазып, ерекше қабілетімен көзге түс-

кен. Мұсылманша хат таныған. Оқуға əке дəулеті жетпеген дік-

тен, ол бай ағайындарының көмегімен Троицк қаласындағы 

медресеге барады. Бірақ жəрдем болмағандықтан, ақын ұзақ 

оқи алмайды. «Айқап» журналының редакциясына жұ мыс қа 

орналасады. Өз бетімен ізденіп, білімін жетілдіріп, шығар-

машылығын шыңдаумен болады. Араб, парсы тілімен қоса, 

орыс тілін үйренеді.

Сұлтанмахмұт аз ғана ғұмыр сүрсе де, артына тəлімі мол 

мұра қалдырып кетті. Қазақ поэзиясындағы Абай, Ыбырай, 

Шəкəрім қалыптастырған ағартушылық идеяны шыңдап, 

оны ерекше романтикалық қуатпен толықтырды. Қазақ 

əдебиетінде XX ғасыр басында пайда болған роман жанрын 

қалыптастыруға үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кім 

жазықты» сияқты өлең мен проза араластырыла жазылған 

романдары сол дəуірдің озық туындылары саналады.

Сұлтанмахмұт қазақ əдебиетінде жалынды публицист 

ретінде де өшпес із қалдырды.



Надандық теңізі тартылар.

Орны отайып көгерер, 

Қызығын жайлап ел көрер.

Тұрмыс, тағдыр – бірі де 

Бұл мақсаттан бұра алмас. 

Қаһарман Рүстем, Əлі де 

Бұрам деп жолда тұра алмас.

Сыланған жардың күлісі, 

Алдандырмас бір ісі.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

(1893 – 1920)

ДАЛА ДАНАЛАРЫ

593


Махамбет Өтемісұлы

(1804 – 1846)

ЕРЕУІЛ АТҚА ЕР САЛМАЙ...

Ереуіл атқа ер салмай, 

Егеулі найза қолға алмай, 

Еңку-еңку жер шалмай, 

Қоңыр салқын төске алмай, 

Тебінгі терге шірімей, 

Терлігі майдай ерімей, 

Алты малта ас болмай, 

Өзіңнен туған жас бала, 

Сақалы шығып жат болмай, 

Ат үстінде күн көрмей, 

Ашаршылық, шөл көрмей, 

Өзегі талып ет жемей, 

Ер төсектен безінбей, 

Ұлы түске ұрынбай, 

Түн қатып жүріп, түс қашпай, 

Тебінгі теріс тағынбай, 

Темір қазық жастанбай, 

Қу толағай бастанбай, 

Ерлердің ісі бітер ме?

Ерлік пен елдіктің, азаттық пен бостандық-

тың жыршысы, дауылпаз ақын Махамбет 

Өтемісұлы Батыс Қазақстан облысы Еділ мен 

Жайық өзендерінің арасындағы Бекетай деген 

жерде дүниеге келген. Əкесі Өтеміс би болған.

Махамбет бала күнінен ержүрек, балуан, 

құралайды көзге атқан мерген, шебер 

домбырашы, көмейінен жыр төгілген ақын 

болып өседі. Ел ішінде мұсылманша хат танып, 

араб, парсы жəне орыс тілдерін меңгереді. Ол 

күйші де болған. Махамбеттің күйлерін халық 

əлі күнге сүйсініп тыңдайды.

Махамбеттің сан қырлы талантын байқаған 

Жəңгір хан оны өз баласына тəрбиеші етпек 

болады. Бірақ хан ордасындағы əділетсіздікке 

ақын жүрегі көнбейді. Хан алдында ақиқатты 

айтудан танбайды. Оның соңы Исатай – 

Махамбет бастаған көтеріліске ұласады. 

Махамбет – сол көтерілістің рухани көсемі, 

шежіре жыршысы.

Махамбет өлеңдері – ерлік жігерге, 

əділеттілікке, еркіндік пен азаттыққа толы, 

батырлық пен батылдықтың символы іспеттес.


ДАЛА ДАНАЛАРЫ

594


Шəкерім Шығыс Қазақстан облысының Абай 

ауданында өмірге келген. Əкесі Құдайберді 

Құнанбайдың үлкен бəйбішесі Күнкеден туған. 

Шəкерім Абайдың немере інісі болғандықтан, тəлім-

тəрбиені мол алған. Əкесі өмірден өткен соң Шəкерім 

Құнанбайдың тəрбиесінде болады. Ұлттың дəстүр-

өнегесін көріп өседі. 

Шəкерім Абайдың ақыл-кеңесін тыңдап, жас 

кезінен өз бетінше ізденген. Бірнеше тілді (араб, түрік, 

парсы, орыс) еркін меңгерген. 1905 – 1906 жылдары 

Меккеге барып, мұсылмандық жолды мұрат еткен. 

Стамбул кітапханасында болып, ежелгі əдеби, тарихи 

мұраларға назар аударған.

Шəкерім пəлсапалық өлең-поэмаларымен елге 

танымал болған. Ол өлеңді өнер деп танып, оған биік 

талап, талғаммен қараған. «Арман», «Жастарға», 

«Қазақ айнасы» жəне т.б. өлеңдерінде, «Қалқаман – 

Мамыр», «Еңлік – Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу» 

поэмаларында, «Бəйшешек бақшасы», «Өзімшілдік» 

сынды прозалық туындыларында адамның өмірі мен 

еңбегі, тағдыры, талап-тілектері терең танылады.

Шəкерім Құдайбердіұлы

(1858 – 1931)

 ҚАЗАҚТЫҢ «БЕС АРЫСЫ»

Қазақ əдебиетінің бес арысы – Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, 

Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабайұлы. Олар білім, ғылым, жалпы, ұлттық руханият 

саласында ерен еңбек еткен.

Олардың қаламынан туған туындыларда əлеуметтік-қоғамдық жағдайлар, қазақ 

халқының азаттығы мен теңдігі мəселесі басты орын алған. 

«Бес арыстың» өмірі мен шығармашылығы көпке – үлгі, жастарға – өнеге, тəлім-

тəрбие.


ДАЛА ДАНАЛАРЫ

595


Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай облысы 

Торғай өңіріндегі Сарытүбек деген жерде 

туған. Ол жасынан зерек, сергек болып өседі. 

Ауыл молдасынан сауатын ашады. Он үш 

жасында жетім қалып, тағдырдың талқысын 

көп көреді. 

Ахметтің білімге, ғылымға деген ынтасы 

ерте қалыптасқан. Оның өмірге деген ізденіс, 

көзқарастары əр алуан еңбектерінен кең орын 

алған. 


Ахмет Торғайдағы екі сыныптық орыс-

қазақ училищесін, содан кейін Ы.Алтынсарин 

негізін қалаған төртжылдық мұғалімдер 

мектебін үздік бітіреді. «Халық мұғалімі» 

деген атаққа ие болады. Ақтөбе, Қостанай, 

Қарқаралы өлкелерінде ұстаздық қызмет 

етеді. 1913 – 1917 жылдары «Қазақ» газетінде 

редактор болып жұмыс істейді. Халық өміріне 

қатысты жəне қоғамдық-тарихи мəселелерді 

баспасөз беттерінде өткір көтереді. Қалың 

бұқараны еңбекке, білімге, ғылымға үндейді. 

«Қазаққа ашық хат», «Қазақтың бас ақыны», 

«Маса» атты шығармаларында ел, жер 

мəселесін, ұлт пен ұрпақ қамын кеңінен 

қозғайды.

А.Байтұрсынұлы И.А. Крылов туындыларын 

қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген 

атпен бастырған. 

А. Байтұрсынұлы ұстаз-ғалымдығымен 

бүкіл елге танылған. Қазақ тілі грамматикасын 

зерттеп, көптеген оқулықтар мен тіл құралда-

рын жасаған. Араб графикасы негізінде қазақ 

əліпбиін енгізген.

Ахмет Байтұрсынұлы

(1873 – 1938)


ДАЛА ДАНАЛАРЫ

596


Жүсіпбек Аймауытұлы Павлодар облысының Баянауыл 

ауданында өмірге келді. Əкесі Аймауыт, атасы Дəндебай шаруа 

адамдары еді. Жүсіпбек өзі сауатты, жан-жақты өнер иесі болған. 

Керекудегі екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде, Семейдегі 

мұғалімдер семинариясында оқыған.

Жүсіпбек қоғамдық, ұлттық мəселелерге белсене араласып, 

1917 – 1919 жылдары «Алаш» партиясының мүшесі болған.

Ж. Аймауытұлының шығармашылығы əр алуандығымен назар 



Жүсіпбек Аймауытұлы

(1889 – 1931)

Міржақып Торғай өңірінде өмірге келген. Əкесі Дулат сауатты 

адам болған. Міржақып кезінде қазақша-орысша білім алған. 

Ақындық дарыны ерте дамыған. Оның шығармашылығы аса бай. 

«Серке» газетінде жарияланған «Жастарға», «Біздің мақсатымыз» 

атты өлең, мақалалары ұлт қамын, ел жəне жер тағдырын кеңінен 

қозғайды. Өмір, уақыт талаптарына да батыл үн қосады. «Оян, 

қазақ!» кітабы (1909) отарлық езгіні айыптайды. Ұлт намысын, 

рухын көтеріп, жаңа өмір, жақсы тұрмыс жолындағы еңбекке 

шақырады.



Міржақып Дулатұлы

(1885 – 1935)

Міржақыптың ақындығы «Азамат», «Терме» атты жинақтарынан терең көрінеді. 

Ақын өлеңдерінен («Қазақ жерлері», «Арманым», «Елім-ай», «Шəкірт», т.б.) қазақ 

халқын азаттыққа, теңдікке үндеу, оқуға, ғылымға тарту, еңбекке баулу айқын 

аңғарылады. «Бақытсыз Жамал» (1910) романында, «Балқия» (1922) пьесасында қазақ 

əйел, қыздарының тағдырлары суреттеледі. 

М.Дулатұлы  Абай,  Ш.Уəлиханов,  А.Бай тұр сын ұлы лар дың  шығармашылық  мұра-

лары, қазақтар мен қыр ғыздардың шығу тегі жөнінде зерттеу мақалаларын да жазды.

аудартады. «Сарыарқаның сəлемі», «Ғаскер өлеңі», «Ұран», «Нұр күйі» атты өлеңдері 

ұлттық сипатымен жəне көркемдік өрнектерімен ерекшеленеді. «Əнші», «Елес», «Жол 

үстінде» жəне т.б. прозалық еңбектерінде қазақ халқының өмірі мен салт-дəстүрі, 

тарихы мен адамның қилы тағдырлары көркем, қызықты баяндалады.

Жүсіпбек – аударма өнеріне де үлкен үлес қосқан атақты жазушы. Оның 

шығармашылығынан өмір-тұрмыс сырлары, адам орны мен еңбегі, ұлт пен ұрпақ 

болашағы кең көлемде көрініс табады.


ДАЛА ДАНАЛАРЫ

597


Мағжан Жұмабаев

(1893 – 1938)

Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы 

Булаев ауданы «Молодежный» кеңшарында туған. Алғаш 

білімді ауыл молдасынан, мектеп мұғалімінен, содан 

кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінен алған. Омбыдағы 

мұғалімдер семинариясын, Мəскеудегі Əдеби-көркем 

институтын бітіріп, Ташкентте, Қызылжарда ұстаздық 

қызмет атқарған. Мағжанның шығармашылық жолы 

ақындықтан басталды. Ол халық, жер туралы жырлады. 

Ақынның «Жазғы таң», «Қазағым», «Өнер-білім қайтсе 

табылар» атты өлеңдерінде жастарды білімге шақыру, 

азаттық жолға түсу, надандықпен күресу кең орын алған. 

Шығармаларында өмір мен табиғатқа деген құштарлығы 

терең танылған.

Ақынның «Батыр Баян», «Ертегі», «Қорқыт», «Жүсіп 

хан» атты поэмаларында халықтың тари хы, тағдыры мен 

жеке тұлғалардың іс-əрекеттері суреттеледі.

Мағжан бала өмірін, қиял қанатын терең түсінген. 

Оларға арналған шығармаларын жеңіл жəне тартымды 

баяндаған.

М. Жұмабаев қазақстандық педагогика ғылымының 

бастауында тұрды. Ол газеттер мен журналдарға көптеген 

мақалалар жазып, бірқатар оқулықтар мен əдістемелік 

құралдар дайындады. Оқу-ағарту саласында еңбек ете жүріп, 

«Педагогика», «Бастауыш мектептегі ана тілін оқыту жайы», 

«Сауатты бол!», «Əліппе», «Тарту», «Оқу-жазуға үйрету», 

«Ересектерге оқу кітабы», т.б. туындыларын жариялады.

Мағжанның поэзиядағы алғашқы қадамдарынан-ақ 

жарқын, өзіндік таланттың белгілері аңғарылады. «Шолпан» 

өлеңдер жинағы ақынды кеңінен танымал етті. Ол «Батыр 

Баян» поэмасын, Түркістан туралы өлеңдер топтамасын, 

«Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында» поэ-

маларын жазды. М. Жұмабайұлы шығармаларында Шы ғыс 

халықтары мен Батыстың рухани ағындары ұштасқан. Орта 

Азия мен Қазақстан аймағындағы ақындардың алғашқы 

ұрпағына жатады.


ДАЛА ДАНАЛАРЫ

598


ҚАЗАҚТЫҢ «ҮШ БƏЙТЕРЕГІ»

Сəкен Сейфуллин

(1894 – 1938)

Сəкен Сейфуллин Ақмола уезі Нілді болысы, 

бірінші ауылда (қазіргі Қарағанды облысы Ақадыр 

ауданында) өмірге келді. Əкесі Сейфолла домбырашы, 

шешен əрі саятшы болған. Анасы Жамал ертелі-кеш 

Сəкенге аңыз-əңгіме, ертегілер айтып берген. Əке-

шешесінің ықпалымен жас Сəкен көп нəрсені біліп, 

болашаққа үмітін арттыра түсті.

Сонымен қатар Сарыарқаның сайын даласы, 

Есіл, Нұра өзендері мен Оба, Ор тауларының əсем 

көріністері Сəкен шығармашылығының дамуына əсер 

етті. Өсе келе қоғам қайраткері, ақын-қаламгер ретінде 

жұртшылық жүрегіне жол тапты. Қазақ əдебиетінің 

барлық жанрында қалам тартты. Халық өмірін, еңбегін, 

адамның өмірдегі орнын кеңінен суреттей білді.

С. Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты алғашқы 

өлеңдер жинағы (1914) халық өмірі мен тұрмысын 

кең көлемде жырлады. 1916 жыл оқиғасы, төңкеріс шындықтары, өмір-тұрмыс сырлары 

«Тар жол, тайғақ кешу» романында суреттелген. Роман нақтылы дерек, тарихи дəлдік, 

көркемдік ізденістер арқылы берілген.

Оның «Асау тұлпар» (1922), «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926), «Көкшетау» (1929) 

атты өлеңдер жинағы жəне т.б. шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алды.

Қазақ халқы «Үш бəйтерек» деп атап кеткен Сəкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, 

Бейімбет Майлин қазақ əдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды 

драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан 

даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс-əрекеттері, өмірге деген 

құштарлықтары, болашаққа үміт-сенімдері кеңінен танылады. «Үш бəйтерек» 

ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік 

белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, 

жанрлық қырларымен, көркемдік əлемімен байытты.

Қазақ əдебиетінің «Үш бəйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегіне 

жол тапты.


ДАЛА ДАНАЛАРЫ

599


Ілияс Жансүгіров

(1894 – 1938)

Ілияс Жансүгіров Қапал уезі Ақсу болысы 

4-ауыл  да (қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында) 

өмір ге кел ген. Ілияс анасынан ерте айырылып, əке-

сі Жансүгірдің үл 

гі-өнегесін көп көрген. Ескіше 

хат таныған. Аңыз-əң гі ме, шежіре сырларын естіп 

өскен.

Жетісудың бай табиғаты, ақындық, батырлық 



дəстүрлері Ілиястың өмірге, ізгілікке, сұлулыққа 

құштар болып өсуіне көп ықпал етті. Алматы, 

Ташкент қалаларындағы ағарту ісіне қатысты 

курстарда оқыды. Фольклорлық экспедицияға 

шығып, баспасөзге араласты. «Сағанақ» атты 

алғашқы кітабы 1928 жылы жарық көрді. Ілияс тың 

ақындығы «Тілші», «Кедей еркі», «Арман», «Əншіге», «Бұлбұлға» деген ша ғын өлең-

дерінен басталып, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» атты көлемді поэма ларымен 

жалғасын тапты.

Ақын «Дала» поэмасында (1930) Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Сібір мен 

Самарқан, Шу мен Сыр секілді кең-байтақ өлкені мекен еткен қазақ халқының 

өмір-тұрмысын, дəстүр-өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал, «Күй» (1929) жəне 

«Күйші» (1934) поэмаларында өмір мен өнер тақырыбы, тарих пен тағдыр ісі, қазақ 

халқының бастан кешкен оқиғалары тартымды жырланады. «Құлагер» поэмасы 

(1936) Арқа өңірін, əйгілі ақын Ақан сері өмірі мен ас беру рəсімін бейнелейді.


ДАЛА ДАНАЛАРЫ

600


Қазақ əдебиетінің тарихына «Үш бəйтерек» болып енген – Сəкен Сейфуллин, 

Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин бір жылда өмірге келіп, шығармашылық-

тарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өтті.

Қазақ зиялылары, ұлттық əдебиеттің үш бəйтерегі аталған ақын-

жазушылары Кеңес үкіметі тұсында «Алашордашыл-ұлтшылдар» атанды. XX 

ғасырдың 30-шы жылдардағы ойранында жазықсыз, жолсыз жазаға кез келіп, 

жапа шекті. Қуғын-сүргінге ұшырап, атылды.

Қазақ əдебиетіндегі үш бəйтерек – Сəкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, 

Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен, шығармашылық 

ғұмырбаяндары ғибратты да мəнді.

Ұлт руханиятының үш бəйтерегі қазақ сөз өнерін талант табиғатымен де, 

қалам қуатымен де байытқан даңқты да тұғырлы тұлғалар болып табылады.

Бейімбет Майлин

(1894 – 1938)

Бейімбет Майлин Қостанай уезіне қарасты Дамбар 

болысындағы Əйет өзені бойындағы Ақтөбе деген жерде 

туған. Жасынан əкесінен айырылып, анасының тəрбиесінде 

болған. Бай есігінде жүріп, бейнет пен жоқшылықты көп 

көрген. Ауыл молдасынан хат танып, Троицкідегі «Уəзифа», 

Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. 

Бейімбеттің шығармалары – қазақ өмірін, кедей тұрмысы мен 

тіршілігін, ауыл адамдарының еңбек əрекеттерін бейнелейді.

Ақынның «Байдың қызы», «Рəзия қыз», «Қашқан келіншек», «Маржан» атты өлеңдері 

əйел теңдігін, «Кемпірдің ертегісі» – 1916 жыл оқиғасын, «Бөліс» – жер бөлісін, «Өтірікке 

бəйге», «Хан күйеуі» ертегі желісі арқылы адам əлемін суреттейді.

«Шұғаның белгісі» атты прозасында достық, махаббат сезімдері жəне осы жолдағы 

күрестер көрсетіледі.

Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Жасырын жиылыс», «Қос қақпан», «Амангелді», 

«Біздің жігіттер» жəне т.б. шығармаларында өмір талаптары жəне адамның тағдыры 

қызықты да көркем баяндалады. Б.Майлиннің əдеби мұрасы бай мазмұнымен, көркем де 



шеберлік сипаттарымен қазақ əдебиетінде ерекше орын алады. 

Document Outline

  • SEN_BILESIN_BE_501
  • SEN_BILESIN_BE_502
  • SEN_BILESIN_BE_503
  • SEN_BILESIN_BE_504
  • SEN_BILESIN_BE_505
  • SEN_BILESIN_BE_506
  • SEN_BILESIN_BE_507
  • SEN_BILESIN_BE_508
  • SEN_BILESIN_BE_509
  • SEN_BILESIN_BE_510
  • SEN_BILESIN_BE_511
  • SEN_BILESIN_BE_512
  • SEN_BILESIN_BE_513
  • SEN_BILESIN_BE_514
  • SEN_BILESIN_BE_515
  • SEN_BILESIN_BE_516
  • SEN_BILESIN_BE_517
  • SEN_BILESIN_BE_518
  • SEN_BILESIN_BE_519
  • SEN_BILESIN_BE_520
  • SEN_BILESIN_BE_521
  • SEN_BILESIN_BE_522
  • SEN_BILESIN_BE_523
  • SEN_BILESIN_BE_524
  • SEN_BILESIN_BE_525
  • SEN_BILESIN_BE_526
  • SEN_BILESIN_BE_527
  • SEN_BILESIN_BE_528
  • SEN_BILESIN_BE_530
  • SEN_BILESIN_BE_531
  • SEN_BILESIN_BE_532
  • SEN_BILESIN_BE_533
  • SEN_BILESIN_BE_534
  • SEN_BILESIN_BE_535
  • SEN_BILESIN_BE_536
  • SEN_BILESIN_BE_537
  • SEN_BILESIN_BE_538
  • SEN_BILESIN_BE_539
  • SEN_BILESIN_BE_540
  • SEN_BILESIN_BE_541
  • SEN_BILESIN_BE_542
  • SEN_BILESIN_BE_543
  • SEN_BILESIN_BE_544
  • SEN_BILESIN_BE_545
  • SEN_BILESIN_BE_546
  • SEN_BILESIN_BE_547
  • SEN_BILESIN_BE_548
  • SEN_BILESIN_BE_549
  • SEN_BILESIN_BE_550
  • SEN_BILESIN_BE_551
  • SEN_BILESIN_BE_552
  • SEN_BILESIN_BE_553
  • SEN_BILESIN_BE_554
  • SEN_BILESIN_BE_555
  • SEN_BILESIN_BE_556
  • SEN_BILESIN_BE_557
  • SEN_BILESIN_BE_558
  • SEN_BILESIN_BE_559
  • SEN_BILESIN_BE_560
  • SEN_BILESIN_BE_561
  • SEN_BILESIN_BE_562
  • SEN_BILESIN_BE_563
  • SEN_BILESIN_BE_564
  • SEN_BILESIN_BE_565
  • SEN_BILESIN_BE_566
  • SEN_BILESIN_BE_567
  • SEN_BILESIN_BE_568
  • SEN_BILESIN_BE_569
  • SEN_BILESIN_BE_570
  • SEN_BILESIN_BE_571
  • SEN_BILESIN_BE_572
  • SEN_BILESIN_BE_573
  • SEN_BILESIN_BE_574
  • SEN_BILESIN_BE_575
  • SEN_BILESIN_BE_576
  • SEN_BILESIN_BE_577
  • SEN_BILESIN_BE_578
  • SEN_BILESIN_BE_579
  • SEN_BILESIN_BE_580
  • SEN_BILESIN_BE_581
  • SEN_BILESIN_BE_1
  • SEN_BILESIN_BE_2
  • SEN_BILESIN_BE_3
  • SEN_BILESIN_BE_4
  • SEN_BILESIN_BE_5
  • SEN_BILESIN_BE_6
  • SEN_BILESIN_BE_7
  • SEN_BILESIN_BE_8
  • SEN_BILESIN_BE_9
  • SEN_BILESIN_BE_10
  • SEN_BILESIN_BE_11
  • SEN_BILESIN_BE_12
  • SEN_BILESIN_BE_13
  • SEN_BILESIN_BE_14
  • SEN_BILESIN_BE_15
  • SEN_BILESIN_BE_16
  • SEN_BILESIN_BE_17
  • SEN_BILESIN_BE_18
  • SEN_BILESIN_BE_19


жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет