Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



жүктеу 0.65 Mb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата23.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ 

Майра Мұхамедқызы

Майра Мұхамедқызы – опера əншісі. 1969 жылы 9 мамырда 

Құлжада (Қытай) қазақ отбасында дүниеге келген. Əкесі 

– музыкатанушы, композитор, ал анасы – Қытай Халық 

Республикасының халық əншісі. Сондықтан болар, ата-анасы 

қыздарының музыкалық талантын қолдап отырған. Майра 

Қытай халық университетінің музыка бөлімін бітірді. 1994 

жылы отбасымен бірге тарихи Отаны – Қазақстанға оралды. 

Майра Виолетта, Джильда (Д. Верди, «Травиата», «Риголетта») 

партияларын орындай жүріп, Абай атындағы Опера жəне балет 

театрында өз шығармашылығын шыңдай бастады. Əлемнің 

түкпір-түкпірін шарлаған ол «Үлкен опера» француз театрының 

сахнасында тамаша өнер көрсетті. Əмір Қарақұловтың 

«Жылама» көркем фильмінде басты рөлді ойнады. 2000 жылы 

Майра Мұхамедқызы «Тарлан» сыйлығының иегері атанды.

Роза Рымбаева

Қазақстанның халық əртісі Роза Қуанышқызы 

Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семейде 

теміржолшы отбасында туған. Ол əрдайым əсем жəне 

зор даусымен тыңдаушыларының сүйіспеншілігіне 

бөленіп келеді. Жеңістің 30 жылдығына арналған 

республикалық байқау да Роза «Əлия» əнімен зор 

табысқа қол жеткізді. Осы əнімен ол эстрада əлеміне 

жол ашты. 1976 – 1979 жылдары республикалық 

«Гүлдер» эстрадалық ансамблінің, 1979 жылдан 

«Қазақконцерт» бірлестігінің əншісі. Осы кезден 

бастап Роза Рымбаеваның шығармашылық өрлеуі 

басталады. Роза 1977 жылы «Өмір бойы əнмен 

бірге» атты Бүкілəлемдік теледидар байқауында бас 

жүлдеге ие болады. Осы жылы Роза тағы да екі «үлкен жүлдеге» – Болгарияда «Золотой 

Орфей» мен Польшада «Сопот» жүлделеріне қол жеткізеді. 1979 жылы Стамбулда өткен 

халықаралық байқаулардың иегері, 1983 жылы Кубада өткен «Гала – 83» халықаралық 

байқауының бас жүлдегері болады.

Роза Рымбаева 2000 жылы «Парасат» орденін иеленіп, «Эстрада жұлдызы» 

номинациясы бойынша «Жыл адамы» атанды. 2004 жылы Қазақстан Мемлекеттік 

сыйлығын иеленді.


555

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ 

«Досмұқасан»

Əр ауылдан Алматы қаласына оқуға келген бір 

топ жігіттер Политехникалық институтта бастарын 

қосады. Балалық шақтарынан музыкаға əуес болған 

олардың қатарында – Мұрат Құсайынов, Досым 

Сүлеев, Хамит Санбаев, Шəріп Омаров, Бақыт 

Жұмаділов, Александр Литвинов жəне басқалары 

бар еді. Бұл топ музыка мен əн жазып, алғаш рет 

Баянауылда студенттердің құрылыс отрядында 

концерт қояды. Бірақ ол кезде топтың арнайы атауы 

жоқ болатын. Венгерлік достары Янош Карпатый 

жігіттерге «Досмұқасан» деген атауды ұсынады. 

Бұл сөз олардың есімдерінің алғашқы буындарынан құралған еді. Қазақстанның ұлттық 

мақтанышына айналған топ өмірге осылай келген. 

«Досмұқасан» ансамблінің репертуары халықтың құрметіне ие болып, сүйікті 

əндеріне айналды. Бұл – «Той жыры», «Сұлу қыз», «Алматы түні», «Қайдасың», 

«Құдаша», «Куə бол», «Туған жер» жəне т.б. Тіпті Оңтүстік жəне Солтүстік Америкада 

да, Еуропа елдерінде де осы топты қуана қарсы алған. 1977 жылы «Досмұқасан» 

Америкаға бітімгершілік гастролімен барып, 180 концерт беріп келген.

МУЗЫКА ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ

Ахмет Жұбанов

Ахмет Жұбанов (1906 – 1968) – Қазақстанның халық əртісі, қазақ 

музыка зерттеушісі, академик, өнертану ғылымының докторы, 

профессор. Ахмет Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Əкесі мен ағасының ықпалынан музыка өнеріне деген 

құштарлығы артып, жасынан домбыра, скрипка аспаптарында 

ойнауды меңгерген.

Ахмет Алматы консерваториясының халық аспаптар кафедрасын 

басқарды. Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрін 

ұйымдастырды. Күй атасы Құрманғазының шығармашылығын 

терең зерттеді. Оның күйлерін өңдеп, оркестрге түсірді. «Ғасырлар 

пернесі», «Замана бұлбұлы» деген музыка мəдениетінің тарихын 

жарыққа шығарды. Көптеген өнер адамдарын тəрбиеледі. Əн, 

пьеса, операға музыка жазды. Өмірінің соңына таман бастаған 

«Құрманғазы» операсын қызы Ғазиза Жұбанова аяқтады. 


556

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК 

ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ

Болат Сарыбаев

Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927 – 1985) 

қазақ халқының музыка зерттеу саласында мол 

еңбек сіңірген аса көрнекті музыкант. Оның өнерге 

деген құштарлығын аңғарған Дина Нұрпейісова өз 

домбырасын сыйға тартады. Бұл күй анасының оған 

артқан сенімі еді. Динаның ақ батасын алған жас 

өскін Алматы консерваториясын ойдағыдай бітіріп, 

еңбек жолын осы өнер шаңырағынан бастаған. Қазақ 

халқының музыка аспаптарын жинап, отызға жуық 

түрін анықтаған. Археологиялық экспедицияда 

табылған саз балшықтан жасалған үш ойықты 

сазсырнай аспабын қалпына келтіріп, өзі ойнап 

дыбыстандырған.

Б.Сарыбаев сан алуан өнерпаздарды тəрбиеледі. 

Қазақ халқының мəдениетінің дамуына ықпал етті.

Ұлттың аспаптарды қайта жаңғыртуға үлес 

қосқан ғалым Болат Сарыбаев есімі ел есінде мəңгі 

сақталады.

Қамар Қасымов

Қамар Қасымов (1893 – 1966) – қазақ арасынан 

шыққан кəсіби шебер, Қазақстанның еңбек сіңірген 

өнер қайраткері. Ол Павлодар облысы Баянауыл 

ауданында дүниеге келген. Қамар Қасымов жасынан 

қолөнер бұйымдарын жасаумен шұғылданған.

1934 жылы Қамардың басшылығындағы шеберлер 

алғаш құрылған қазақтың ұлт аспаптар оркестріне 

домбыра, қобыз, сыбызғы жəне көптеген музыка 

аспаптарының түрлерін жасаған.

Қамар Қасымовтың өз қолымен əшекейлеп, 

өрнектеп жасаған музыка аспаптары Қазақстанның 

Орталық жəне Ықылас атындағы Халық музыка 

аспаптар мұражайларының қорында сақтаулы тұр.



557

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕАТР 

ЖƏНЕ КИНО ӨНЕРІ 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕАТР ЖƏНЕ КИНО ӨНЕРІ 

Кино – əдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін 

жəне қазіргі аудиовизиялық мəдениеттің техникалық жетістіктерін өзінің ерекшелігіне 

орай пайдаланатын күрделі өнер. Киноның  өзіне тəн мəнерлеу амалдары, көркемдеу 

тəсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дəстүрлері бар. Көріністі 

əр тұстан, əр мөлшерде қамти бейнелеуі, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын 

нанымды көрсете алуы кино өнерінің шығармашылық мүмкіндігін кеңейте түседі. 

Кино, негізінен, төрт салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі фильм, мульти-

пликациялық жəне ғылыми-көпшілік кино.

Киноның тəрбиелік, тағлымдық, танымдық мəн-маңызы өте жоғары. 

Театр – өмір көріністерін драмалық əрекет арқылы көрермендердің көз алдында 

актерлер күшімен бейнелейтін өнердің бір түрі. Театрдың тарихи жағынан 

қалыптасып даму, өркендеу жолы əр ұлттың, əр халықтың өмір-тұрмысымен, 

олардың жалпы тарихымен жəне мəдениетімен тығыз байланысты. Өнердің өзге 

салалары сияқты театрдың да өзіндік ерекшеліктері болады. Ол – əдебиет, музыка, 

кескіндеме, архитектура, би жəне кинематографияның мəнерлі амал-тəсілдерін 

бойына жинақтаған синтезді өнер. Театр – халықты саяси жəне адамгершілік пен 

ізгілікке тəрбиелеудің аса маңызды құралы. 

КИНО ЖҰЛДЫЗДАРЫ

Шəкен Айманов

Шəкен Кенжетайұлы Айманов (1914 – 1970) – 

Қазақстанның белгiлi актерi əрi режиссерi, халық 

əртісі. Ол 1914 жылы 15 ақпанда Баянауылда 

дүниеге келген. Бала кезінен өнерге жақын Шəкен 

көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене араласады. 

Ғ.Мүсіреповтың арнайы шақыруымен Алматыдағы 

Қазақ драма театрына актер болып қабылданады. 

Өмірінің ұзақ жылы театрда өтеді.

Бір-біріне ұқсамайтын сан алуан рөлдерді 

орындаған Ш. Айманов шығармашылық қабілетінің 

мол екендігін көрсете білді. Табиғи дарын, қабілетімен, өткір мінезді əрі сатиралық бей-

нелерімен көрерменнің құрметіне бөленді. Исатайдың, Ақан серінің жəне классикалық 

драматургияда Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясындағы Петруччионың сахналық 

портреттерін жасады. Əсiресе, Алдар Көсе мен Жамбыл бейнелерi халыққа өте 

жақын. 1940 жылдан бастап Шəкен киноға түсіп, қазақ кино өнеріне мол үлес қосты. 



558

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕАТР 

ЖƏНЕ КИНО ӨНЕРІ 

Ш.Айманов режиссер ретiнде «Жамбыл» (1952), «Тақиялы перiште» (1968), «Бiздiң 

қымбатты доктор» (1957), «Атаманның ақыры» (1970) сияқты киноүлгiлерін шығарды. 

Бұл туындылар – нағыз өмiр мектебi, бiздiң ұлттық байлығымыз.

Ол түсірген фильмдер Қазақстан, Орта Азия республикалары кинематографтарының 

арнаулы дипломына ие болған.

Ш. Айманов КСРО Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты (1952), КСРО Халық əртiсi 

(1959) атақтарына ие болды. Оның атымен «Қазақфильм» киностудиясы аталады.



Нұрмұхан Жантөрин

Нұрмұхан Жантөрин – атақты қазақстандық актер, Қазақ 

КСР-ның халық əртiсi. Оның аса жарқын кейіпкерлерiнiң 

бiрi – мəмлүк Бейбарыс сұлтан бейнесi. Күрделi де қарама-

қайшы ұлы тұлға – Бейбарыс көрермен жүрегiнен шықты. 

Бұрын құл болған, кейiн ең жоғары дəрежеге жеткен ол өз 

туған жерiнiң алтын бесiгiне оралуға құштар еді. Ешқандай 

билiк те, байлық та, даңқ та оның сыздаған жүрегiн жаза 

алмады. Өйткенi оның құлағынан сыңғырлаған «көке» 

деген сөз, мұрнынан емшанның ащы иiсi кетпедi. Осы 

рөлi үшiн «Шоқжұлдыз – 90» Бүкiлодақтық фестивалiнде 

Н.Жантөрин арнайы сыйлықпен жəне «Актер шеберлiгiне 

қосқан зор үлесi үшiн» дипломымен марапатталды.

Н.Жантөрин 1928 жылы 22 сəуiрде Жайық өзенiнiң 

жағасында дүниеге келген. Актердiң ата-бабалары – берiш 

руынан шыққан қыпшақтар Едiл мен Жайық өзендерiнiң 

аралығында көшiп-қонған екен.

Ш.Айтматовтың «Аптап» атты шығармасы бойынша түсiрiлген Лариса Шепитьконың 

фильмiнде Жантөрин мықты да тiк мiнездi тракторшы Əубəкiрдiң рөлiн керемет ойнады. 

Өз шығармашылық жолын М.Донскойдың «Алитет тауға барады» фильмiнен бастаған. 

Жантөрин 80-нен аса əр түрлi рөлдерде ойнап, даңқы биік өрлеген.

Бикен Римова

Бикен Ырымқызы Римова (1923 – 2000) – актриса, Қазақстанның халық əртісі. 

Бикен Римова театрды бала кезiнен ұнатқан. Ол драмалық үйiрмелерге қатысып, 

олимпиадаларда жүлделi орындарға ие болған. М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк 

академиялық театрының болашақ əртiсiне Қалыбек Қуанышбаев, Күлəш Байсейiтова, 

Құрманбек Жандарбеков сияқты қазақ драмалық өнерiнiң шеберлерi көп əсерiн 

тигiздi. Жас актрисаның тұңғыш сахнаға шығуы – М.Əуезовтiң «Еңлiк – Кебек» 


559

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕАТР 

ЖƏНЕ КИНО ӨНЕРІ 

трагедиясындағы Еңлiк рөлі. Онда ол кейiпкердiң бүкiл 

драмалық өмiрiн көрсете бiлдi. Жиырма жыл бойы Еңлiк 

бейнесi Бикен Римованың орындауымен сахна төрiнде 

жұлдыздай жарқырап жүрдi.

Оның сахна төрiнде ойнаған рөлдерi – қайталанбас 

бейнелер. Ғ.Мүсiреповтiң «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» 

– Күнікей, «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясында – 

Мəрзия, М.Əуезов пен С.Соболевтің «Абайында» 

– Зейнеп, Т.Ахтановтың «Кездейсоқ кездесуінде» – 

Ғалия, Ə.Тəжiбаевтың «Жалғыз ағаш орман емесінде» – 

Фарида. 1966 жылы Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» 

пьесасындағы ана рөлi үшiн Бикен Римова Қазақ КСР-нiң 

Мемлекеттiк сыйлығына ие болды. Сол кезде Қазақ КСР-

нiң халық əртiсi атағын алды.

1955 жылдан ол киноға түсе бастайды. Көпшiлiгiмiзге Бикен Римова «Шабандоз 

қыздағы» – Баршагүл (1955), «Тақиялы перiштедегi» – Жамал (1968), «Менiң атым 

Қожадағы» – ана бейнесi жəне «Тоғысқан тағдырлар» теленовелласындағы Гүлбибi апа 

кейiпкерлерi арқылы белгiлi.

Асанəлi Əшiмов

Асанəлi Əшiмов – қазақ киносының жұлдызы, актер, 

кинорежиссер, профессор. Оның ойнаған рөлдерi халықтың 

жүрегінен орын тапты. Олар – «Атаманның ақыры» (1970), 

«Қыз Жiбек» (1971), «Транссiбiр экспресi» (1977), «Нанның 

дəмi» (1979), «Түрксiб» (1986) фильмдерi.

Асанəлi Əшiмов 1939 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы 

Сарысу ауданының Байқадам аулында дүниеге келген. 

Қатал соғыс жылдары өткен балалық шағы туралы актер: 

«Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдiм. Бiр күнi сабақ 

кезiнде қалың қар жауған едi. Барлық сыныптастарымды 

ата-аналары үйлерiне алып кеттi. Ал мен суық саз мектепте 

жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едiм. Түнi бойы қатты 

қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейiп шыққандай болдым» деп 

есіне алады.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттiк консерваториясының болашақ студентi 

бола жүрiп, А.Əшiмов «Ботагөз», «Ертiстiң асау толқынында» атты фильмдерге түскен. 

1964 жылы ол М.Əуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының сахнасында 

көптеген жарқын бейнелердi ойнады. «Айдаһар жылы», «Аты аңызға айналған Шоқан» 


560

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕАТР 

ЖƏНЕ КИНО ӨНЕРІ 

фильмдерi үшiн Қазақ КСР Мемлекеттiк сыйлығына ие болды. Өз киностудиясы 

түсірген «Елiм-ай», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» фильмдерiнде түскен.

А.Əшiмов 1980 жылдан берi КСРО халық əртiсi, КСРО жəне Қазақстан Мемлекеттiк 

сыйлығының лауреаты. 2000 жылы «Тарлан» сыйлығының иегерi атанды.

Əмина Өмiрзақова

Əмина Ерғожақызы Өмiрзақова (1919 – 2006) – театр жəне 

кино актрисасы, Қазақстанның халық əртісі. Ə.Өмiрзақова 

1919 жылы 8 наурызда Семей облысы, Шыңғыстау ауданында 

дүниеге келген. 1938 жылы Ленинградтағы театр институтын 

тамамдайды. 10 жыл «Қазақфильм» киностудиясында қызмет 

етедi. 1949 жылдан бастап Қазақ Мемлекеттiк балалар мен 

жасөспiрiмдер театрының актрисасы болды.

Əмина Өмiрзақованың кейiпкерлерi – көбiне қайырымды, 

сүйкiмдi, жұмсақ мiнездi əйелдер. Ш.Аймановтың «Тақиялы 

перiште» фильмiнде Əмина Өмiрзақова ең жылы жүректi ана 

рөлiнде ойнаған. Онда кейiпкер өзiнiң жолы болмаған ұлын жақсы қызға үйлендiргiсi 

келедi.

Əмина апай «Ана туралы аңыз» фильмiндегi ана рөлi үшiн Ленинград 



кинофестивалiнде «Ең таңдаулы ана рөлi үшiн» деген атаққа, 1966 жылы Қазақ КСР 

Мемлекеттiк сыйлығына ие болды.

Актриса өзiнiң ғажайып кейiпкерлерiнiң тiзбегiн құрды. Олар – Шиллердiң «Зұлым дық 

пен махаббатындағы» – Луиза, Ə.Таразидiң «Бұл – менiң тағдырымындағы» – ана, 

Б.Мукаевтiң «Қош бол, ертегiсiндегi» – Айжан. Əмина апайдың орындауындағы ана 

бейнесi кімді болмасын толғандырмай қоймайды. Қазақ киносының əйел-жұлдыздарын 

еске алсақ, бiздің көз алдымызға ең алдымен Əмина апайымыздың жарқын да ашық 

бейнесі келеді.



Меруерт Өтекешова

Меруерт Өтекешова Қаратайқызы (25.02.1951) – 

актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Орал 

қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Алматы 

консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерватория) 

бітірген. 1973 жылдан Қазақ академиялық драма 

театрында қызмет етеді. Осы театр сахнасында бірқатар 

рольдерді сомдады. М.Əуезовтың «Қарагөз» спектаклінде 

Қарагөз рөлі үшін 1982 жылы Мəскеудегі Бүкілодақтық 


561

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕАТР 

ЖƏНЕ КИНО ӨНЕРІ 

Тастанбеков Құман Нұрмағанұлы

Тастанбеков Құман Нұрмағанұлы (10.03.1945) – актер, Қазақстанның халық артисі. 

Ол қазіргі Алматы облысының Сарқант ауданында Покатиловка ауылында дүниеге 

келген. 1969 жылы Алматы өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) 

актерлік факультетін бітірген соң Қазақ академиялық драма театрының құрамына 

қабылданды. Оның алғаш ойнаған рөлі – «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген. Бұдан кейінгі 

кинодағы рөлдері: Мұхамедов («Қыс – мазасыз маусым», ), Ғани («Ағам менің»), Бақыт 

(«Ерекше күн»), Семетей («Аққулар ұшып келеді»), Нұрбек («Махаббат жаңғырығы»), 

Сəкен («Ағама арналған қалыңдық»), Мұрат («Қараша қаздар қайтқанда»), Еркін 

(«Провинциялық хикая»), Болат («Өрнек), т.б. Сезім шынайылығы, психологиялық 

бояуға ден қою – оның актерлік өнеріне тəн қасиет. Ол театр сахнасында Қасым, Құлбек 

Жастар шығармашылығы байқауының лауреаты атанды. М.Өтекешова «Қыз Жібек» 

(1970), «Менің ағам» (1972), «Ұлымның оралуы» (1977), «Қосымша сұрақтар» (1977), 

«Тентек балалар» (1980), «Жылан жылы» (1981), «Өрнек» (1982), «Кінəңді ақта» (1983), 

«Жауын», «Ақ бақсы» т.б. фильмдерге түскен.

(Ш. Айтматовтың «Ана – Жер-анасы» мен «Ақ кемесі» бойынша), Əлібек, Нарша, 

Абыз (М.Əуезовтың «Айман – Шолпан», «Қарагөз» жəне «Еңлік – Кебегі» бойынша), 

Тəңірберген (Ə.Нұрпейісовтің «Қан мен тері» бойынша), Жан (О.Бөкеевтің «Құлыным 

меніңінде»,) т.б. секілді əр алуан рөлдерді сомдап, қызғылықты мінез-кейіптер жасады. 

Ол 1976 жылдан Қазақстан Комсомол сыйлығының лауреаты.



БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

Бейнелеу өнері – дүниені байқау, бақылау, көзбен көріп, түйсіну негізінде оның көркем 

бейнесін тудыратын өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне, негізінен, кескіндеме, мүсін, 

графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру жəне қолданбалы 

өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан оларды да шартты түрде бейнелеу өнеріне 

жатқызады. 

Қазақ халқының бейнелеу өнері ертеден белгілі. Қазақстан аумағындағы 

бейнелеу өнерінің алғашқы ірі туындылары Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық 

Қазақстанда сақталған. Қарағанды облысында Бегазы бейітінен табылған қыш 

сауыттар, Қарғалының атақты алтын тəтісі мен сырғалары, т.б. көне дүниелер – 

шебер мүсінделген өнер туындылары. Айша бибі кесенесі, Қожа Ахмет Иасауи мешіт-

кесенесі, Бабажы қатын күмбезі, т.б. сəулет ескерткіштерінен қазақ халқының ою-

өрнек, əшекей түрлерінің алуан түрін ұшыратуға болады. Бұл күнде қазақ бейнелеу 

өнері кəсіби дережеге жетіп отыр.

562

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕАТР 

ЖƏНЕ КИНО ӨНЕРІ 

Əбілхан Қастеев

Əбілхан Қастеев (1904 – 1973) – қазақ бейнелеу өнерінің 

негізін салушылардың бірі, халық суретшісі, Қазақстанға 

еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол Талдықорған облысы 

Жаркент қаласында дүниеге келген.

1929 – 1936 жылдары Алматыда жəне Мəскеудің 

көркемсурет студиясында оқиды. Бейнелеу өнері бойынша 

көшпелі көрмелерге қатысады. Қастеевтің қаламынан 

туындаған «Жайлауда», «Медеу» атты шығармалары 

туған жерге деген махаббатты, қазақ ауылының өмірін 

жəне əсем табиғатты бейнелейді. Оның Азамат соғысына 

арнаған көркем туындылары көпшілікке танымал. Суретші 

қамтыған басқа да тақырыптар, мəдениет қайраткерлерінің 

портреттері өнер сүйер қауымның көңілінен шықты. 

Көптеген акварельдік топтамалардың авторы Əбілхан Қастеевтің мыңдаған еңбектері 

қазіргі кезде де бейнелеу өнерінің озық үлгісі болып табылады.



Хлудов Николай Гаврилович

Хлудов Николай Гаврилович (07.12.1850) – орыс 

кескіндемешісі. Ол Ресейдің Орел губерниясында дүниеге 

келген. 1872 – 74 жылдары Одесса сурет мектебінде, 

кейін Санкт-Петербург қаласында жеке студияда оқыған. 

1879 жылдан Верный (Алматы) қаласында тұрған. Орта 

мектептерде суреттен сабақ берген. Жетісу облыстық 

басқармасында сызушы, жер өлшеуші қызметтерін атқарған. 

Қызмет бабымен қазақ арасында жиі болған. Осы сапарларда 

ол кескіндеме өнерімен тұрақты айналысады. 1913 жылы 

ол Верныйдағы мұғалімдер семинариясына сызу мен сурет 

пəндерінің мұғалімі болып қайта қызметке оралады. 

Қазақстан Мемлекеттік өнер мұражайы қорында 

Хлудовтың 100-ден аса картина, акварель жəне эскиздері сақтаулы. Суретші «Түнгі 

барымта», «Дауылда қалғандар», «Бие сауу» т.б. суреттерінде қазақ халқының өмірі 

мен тұрмысын шынайы бейнелейді. «Киіз үйде» атты полотнода көшпелілер тұрақ-

жайының құрылымы, оның ішкі жасау-жабдығы, ұлттық киім-кешек, күнделікті 

тіршілік қамы түгел қамтылған. Хлудовтың үздік туындыларының бірі – «Тайынша 

мінген бала». Тайынша үстіндегі күн қақтаған жалаңаш бала бейнесі аптап манауратқан 

дала аясында бірден көзге түседі. Осы сарын «Тау пейзажы» картинасында тағы 



563

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕАТР 

ЖƏНЕ КИНО ӨНЕРІ 

Ғалымбаева Айша Ғарифқызы

Ғалымбаева Айша Ғарифқызы (29.12.1917) – кескіндемеші, киносуретші, 

Қазақстанның халық суретшісі. Қазақ əйелдері арасынан шыққан тұңғыш кəсіпқой 

суретші. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік ауылында дүниеге келген.

1943 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1949 жылы Мəскеудегі Бүкілодақтық 

кинематография институтының сəн жəне көркемсурет бөлімін бітірген. 

Ғалымбаева шығармашылық қызметін «Махаббат туралы аңыз», «Шабандоз қыз» т.б. 

фильмдерге эскиз жасаудан бастады. Ол əр алуан жанрларда жемісті еңбек етті. Суретші 

– «Аяққалқан», «Жайлау соқпағы», «Көне көзі», «Қобыз», «Сары алма», «Қызыл апорт» 

т.б. пейзаждар мен натюрморттар жəне «Батыр ана», «Қазақстан əндері», «Ежелгі 

керамика», «Қостанай. Алтын дəн пирамидалары», «Бейбітшілік» триптихы, «Жердің 

сыйы», «Береке» т.б. шығармалардың авторы. Оның сəндік-монументтік сарындағы 

композициялары да көптеп кездеседі. 

Ғалымбаева отандық портрет жанрының шебері ретінде де белгілі. Оның «Жазушы 

Ғ.Мұстафиннің портреті», «К.Байсейітованың портреті», «Ұлымның портреті»  т.б. 

еңбектері бар. 

Айша Ғарифқызы – «Қазақтың ұлттық киімдері» альбомының авторы. Ол Алматы 

көркемсурет училищесінде жəне ҚазҰПУ-да дəріс берді. 

Айша Ғалымбаева – түрлі мемлекеттік сыйлықтардың, Еңбек Қызыл Ту жəне «Құрмет 

белгісі» ордендері мен медальдардың иегері. 

да кездеседі. 1920 жылы ол Верныйда жергілікті ұлт жастары үшін бірінші сурет 

студиясын ұйымдастырады. Онда болашақ белгілі суретшілер Ə.Қастеев, Ə.Ысмайылов, 

С.А.Чуйков т.б. оқыған.


564

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕАТР 

ЖƏНЕ КИНО ӨНЕРІ 

Сахи Романов

Сахи Романов Александр Иванович (01.08.1926) – 

кино суретшісі, график, кескіндемеші, Қазақстанның 

халық суретшісі. Ол Қызылорда облысы Қазалы 

ауданына қарасты Қарақұм ауылында дүниеге келген. 

1944 – 47 жылдары Мəскеу көркемсурет орта 

мектебінде, 1947 – 48 жылдары Ленинград (қазіргі 

Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін жəне сəулет 

өнері институтында оқыған. 1955 жылы Мəскеудегі 

Кинематография институтын бітірді. Сахи Романов 

«Қанатты сыйлық», «Алдар көсе», «Əн қанаты», 

«Жангелдин отряды», «Найзатас баурайында», 

«Құлагер», «Даладағы қуғын» фильмдерінің декорациясы 

мен костюм нобайларын, «Қырық өтірік» ертегісінің графикалық иллюстрацияларын 

жəне «Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы» топтамаларын жасады. Сондай-ақ 

«Ант. Жер туралы декрет», «Отан аспаны аясында», «Бектау ата» топтамасын, «Аврора 

жаңғырығы» жəне т.б. көптеген картиналарды салды. 

Сахи Романов – Еңбек Қызыл Ту жəне «Құрмет белгісі» ордендері мен медальдардың 

иегері.

Дүзелханов Ағымсалы 

Дүзелханов Ағымсалы Дүзелханұлы (19.08.1951) – суретші, Қазақстанның еңбек 

сіңірген өнер қайраткері (1996). 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1982 

жылы Мəскеу көркемсурет институтын бітірген. Қолданбалы графика, плакат, кітап 

безендіру, кескіндеме, портрет жанрларында еңбек етеді. 

Тарихи, фольклорлық тақырыптағы  жəне балаларға арналған 200-ден астам кітап 

безендірген. «Алтын сарбаз»,  «Түркістан», «Ордабасы», «Оғыз хан»,  «Көроғлы» т.б. 

кескіндеме туындыларының, сондай-ақ «Абылай хан», «Əбілқайыр хан», «Қазыбек би», 

«Əйтеке би», «Төле би», «Қорқыт» т.б. портреттер сериясының авторы. 

Суретшінің туындылары Қазақстанның жəне шет елдердің өнер мұражайларына 

қойылған. 



жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет