Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



жүктеу 0.65 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата23.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ 

ДАЛА ƏУЕНДЕРІ

Əн-күй өнері қазақ даласында халықпен бірге жасап келеді. Қазақ халқының 

тарихындағы айтулы оқиғалар əн-күй жанрында өз көрінісін тауып отырған. Əншілер 

мен күйшілер халықтың мұң-мұқтажын, арман-тілегін, мақсат-мүддесін əндері мен 

күйлеріне қосқан. Негізінен, əншілер əндерінің мəтінін де, əуенін де өздері шығарған 

жəне ол əндерді халыққа өздері орындап берген, музыкалық аспапты өздері тартып, 

өздері сүйемелдеп отырған. Сол сияқты күйшілер де күйді өздері шығарып, өздері 

орындаған. Көне заманнан бері сан ғасырлық тарихы бар 50-ге жуық ұлттық əн-күй 

аспаптары қолданылып келеді. Олар: қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, 

жетіген, т.б. 

Қазақ халқының арғы замандағы əн өнері туралы дерек аз. Тек дүйім жұртқа кеңінен 

танымал болған ХІХ ғасырда өмір сүрген Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Жаяу 

Мұса, Естай, Майра, т.б. сияқты əйгілі əнші өнерпаздардан бері қарайғы тарихты ғана 

білеміз. Қазақтың əн өнерінің аса дамыған жері – Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы 

сияқты табиғаты көркем, көшпелі салт-дəстүрді, əдет-ғұрыпты бергі заманға дейін 

ұстанған қасиетті өңірлер. 

Қазақтың күй өнері – ешбір халықта жоқ, өзіндік орындау мəнерімен, орындаушылық 

дəстүрімен, тақырыптарының əртүрлілігімен ерекшеленетін музыкалық аспаптық 

жанр. Күй ХІV ғасырдан бастап қалыптасқан. Күйдің əуендік құрылысы, ырғақтық-

орындаушылық əдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі 

келсе, Дəулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген

Тəттімбеттің күйлері əуені əсем, тəтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың 

күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық 

дəстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке – төкпе жəне шертпе 

күй мектептеріне бөлінеді.  

Қазақта қобыз күйі ерекше жанр болып саналады. Қобызды қасиетті аспап ретінде 

қазақтар аса қадір тұтады. Ерте дəуірде өмір сүрген Қорқыттан бастап ХІХ ғасырда 

өмір сүрген Ықыласқа дейін күйші-қобызшылар көп болған.

ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙШІЛЕРІ

Қорқыт

Ұлы ойшыл, нұсқалы ақын, көріпкел, бақсы, 

аңыз кейіпкері Қорқыт баба IX ғасырда Сыр 

бойында өмір сүрген. Ол – дүние үнін қобыздың 

қыл ішегіне сыйғызған, күй шалу дəстүрін 

алғаш орнықтырушы, күйші, сазгер. Қорқыт ата 



544

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ 

күйлерін тыңдағанда дүние күңіренгендей, кейде дала сөйлеп тұрғандай əсер аласың. 

Оның «Қорқыт», «Аққу», «Қорқыттың сарыны», «Желмая» жəне т.б. күйлері халық 

жадында мəңгі сақталған.

Көптеген бақсы, күйші, жыраулар Қорқытты пір тұтқан. Аты аңызға айналған Қорқыт 

баба өлімге қарсы күресуші, адамзат баласына өмір іздеген жан ретінде суреттеледі.

Сырдария өзенінің жағасында ерекше қобыз пішінді Қорқытқа арналған зəулім 

ескерткіш көтерілді. Бұл – атақты архитектор Бек Ыбыраевтың туындысы. Жел тұрғанда 

осы ескерткіштен уілдеген үн естіліп, күй төгіледі.

Тəттімбет

Тəттімбет Қазанғапұлы (1815 – 1862) – шертпе күйдің 

негізін қалаған классик күйші-сазгер. Ол Қарағанды 

облысындағы Мыржық тауының бойында дүниеге келген. 

Ол жастайынан өнерлі ортада өскен. Оның ата-бабаларының 

ішінде кемеңгер билер, ақылды шешендер, қалжыңқой 

адамдар көп болған. Тəттімбеттің күй шеберлігін игеруіне 

əкесі ықпал еткен. Əкесі Қазанғап орта дəулетті, өнерге 

жақын кісі болған.

Тəттімбеттің шығармашылығы қазақтың музыка 

тарихында ерекше орын алады. Аспапты музыкада шертпе 

күйлер дəстүрлі күй мектебіне жатады. Тартылу, шертілу 

əдісі бөлек болады. Асықпай, баяу қос ішекті алма-кезек 

даралап шертуді қажет етеді. Əр түрлі қағыстармен қуа 

тартуды көтермейді. Ол – «Сылқылдақ», «Былқылдақ», 

«Алшағыр», «Бес төре», «Балбырауын», «Сарыжайлау», 

«Қосбасар» (бірнеше нұсқасы бар), «Көкейкесті» т.б. 

күйлердің авторы.



Құрманғазы Сағырбайұлы

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818 – 1889) – қазақ халқының классик күйші-сазгері, 

төкпе күйдің шебері. Ол қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында Жиделі 

деген жерде дүниеге келген. Оның ұстазы – Ұзақ деген күйші. 

Тəттімбеттің 40-тан астам күйі бар. Оның күйлеріне əсерлі, асқан лирикалық сарын, 

ойшыл, қиялшыл жанның терең сезім толғаныстары тəн. 

Жастайынан өнерге құмар болып өскен Тəттімбеттің таланты тасада қалмады. Ол 

шығарған күйлер талай буынның рухани азығына айналды.



545

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ 

Құрманғазы есімі көп ұлтты халықтар арасына кеңінен 

тараған. Ұлы күйші қазақтың аспапты музыкасын 

өркендетуге, оның дамуына шексіз үлес қосты. Сазгердің 

жүрек жарды туындылары көршілес халықтар арасында 

да танымал. Сондықтан оны «Күй атасы» деп атайды.

Құрманғазы Сағырбайұлы – халқының мұң-

мұқтажын, арман-тілегін, қуанышын өз күйлерінде 

көрсете білген күрескер күйші. Оның күйлерін тыңдаған 

адам тебіренбей қоймайды. Белгілі «Адай», «Сарыарқа», 

«Серпер», «Кішкентай», «Кісен ашқан», «Түрмеден 

қашқан», «Аман бол, шешем, аман бол», т.б. туындылары 

– халқымыздың баға жетпес рухани байлығы.

Қайталанбас өнер иесі, ірі тұлға, күйші Құрманғазы – 

қазақ елінің мақтанышы.

Ықылас Дүкенұлы

Ықылас Дүкенұлы (1843 – 1916) – қазақ халқының 

дəулескер күйші-қобызшысы. Ол Жезқазған облысының 

Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Оның атасы мен əкесі 

қобызшы болған. Киелі өнер ұлдарына да қонып, Ықылас 

қобыз əуенімен ер жетеді. Қорқыт ата аян беріп, əкеден 

балаға жеткен өнер, қобыз үні тағы да үзілместен жалғасын 

табады.


Ықылас – қазақтың ұлттық ыспалы аспапты музыкасының 

көрнекті өкілдерінің бірі. Тұлғасы рухани тарихымыздың 

төрінен орын алған. Ол – атақты Қорқыт бабадан кейінгі қобызға тіл бітірген адам.

Қобыздың құдіретті үнін түрлендіріп құбылтқан Ықылас – ғасыр үнін ғасырларға 

жеткізген асқан күйші. Оның «Аққу», «Ерден», «Қасқыр», «Жалғыз аяқ», «Жез киік» 

жəне тағы басқа күйлері – халықтың асыл мұрасы.

Көнеден жеткен қобыз өнерін артында қалған мұрагерлері жалғастырып келеді.

Дина Нұрпейісова (1861 – 1955) – Құрманғазының талантты шəкірттерінің бірі жəне 

дəулескер күйші-сазгер. Ол Батыс Қазақстан облысындағы «Бекетай құм» деген жерде 

дүниеге келген. Тоғыз жасынан домбыра тартқан. Динаның 1870 жылы Құрманғазымен 



Дина Нұрпейісова

546

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ 

кездесуі өнерге деген сүйіспеншілігін арттырды. Жас қыздың 

дарынына тəнті болған күй атасы оның болашағынан үлкен 

үміт күтеді.

Д. Нұрпейісованың орындаушылық шығармашылы ғында 

өзіне ғана тəн дəстүрі бар. Өмірінің барлық мəні, мақсаты 

болған музыканы еш уақытта есінен шығармай, қолынан 

домбырасын тастамаған. Құрманғазыдай ұста зын өмір бойы 

қадірлеп, мадақтаумен өткен.

Дина Нұрпейісова 1937 жылы Алматыға шақырылды. 

Еңбегі бағаланып, «Қазақстанның халық əртісі» деген атақ 

берілді. Динаның «Бұлбұл», «Əсемқоңыр» жəне т.б. күйлерін 

бүкіл əлем біледі.

Əбікен Хасенов

Əбікен Хасенов (1895 – 1958) – дарынды актер əрі күйші-сазгер, Тəттімбеттің 

дəстүрін жетік меңгеріп, өнерін жалғастырған шертпе күйдің шебері. Ол Қарағанды 

облысында дүниеге келген. Əбікен 1934 жылдан М. Əуезов атындағы мемлекеттік 

драма театры сахнасында ұзақ жыл еңбек етеді. Қызмет ете жүріп, күйшілік өнерін де 

қатар жалғастырады. Оның терең ойлы «Қоңыр күй» туындысы қазақ өнері тарихында 

ерекше орын алған.

Əбікен Хасеновтың актерлік, күйшілік шеберлігі бағаланып, сазгерге «Қазақстанның 

еңбек сіңірген əртісі» атағы берілді.

Ə. Хасенов дүниеге келген аудан орталығында оның есімімен аталатын музыка мектебі 

бар. Онда қабілетті балалар тəрбиеленуде. «Таланттың өнері өшпейді» деген осы.

Темірбек Ахметов

Темірбек Ахметов (1919 – 1952) – дарабоз күйші, сазгер. Ол Алматы облысында 

дүниеге келген. Темірбектің музыкаға деген ықыласы бала күнінен байқалды. Себебі 

ол жастайынан өнер дарыған ортада өскен. Оған белгілі күйші Тілендінің де тигізген 

ықпалы аз болмады.

Жетісулық күй мектебін жете меңгерген Темірбектің шығармалары аспапты музыка 

өнерінің бір саласы – теріс бұраудағы күйлердің ең озық үлгісіне жатады. Орындалу 

мəнері – төгіп тартылатын жаңаша құрылым.

Темірбек Ахметов 1937 жылдан Құрманғазы атындағы оркестрде еңбек еткен. 

«Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі» Темірбек Ахметовтың «Шернияз», «Жетім 

бала» атты күйлері шебер орындайтын домбырашылардың репертуарынан берік орын 

алады.


547

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ 

Нұрғиса Тілендиев

Нұрғиса Тілендиев (1925 – 1998) – «Қазақстанның 

халық əртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу 

күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы 

облысында дүниеге келген. Оның əкесі күйші, анасы əнші 

болған. Өзі домбыра тартуды бес жасынан меңгерген. Он 

екі жасында оркестр құрамында ойнайды. Өнерге қанат 

қағуына академик А. Жұбанов ықпал етеді. Нұрғиса аспапты 

музыка өнерінің жаңаша өркендеп дамуына жол ашады. 

Дəстүрлі музыканы жете меңгерген өнер саңлағы көптеген 

спектакльдер мен көркем суретті фильмдерге əн жазған. 

Халық арасында кеңінен танымал өлеңдері де аз емес. 

Үкімет қаулысымен «Отырар сазы» оркестрі 1999 жылдан бастап Н.Тілендиев 

атындағы этнографиялық оркестр деп атауын өзгертті. 



КҮМІС КӨМЕЙ ƏНШІЛЕР

Мəди Бəпиұлы

Мəди Бəпиұлы (1880 – 1924) – халық ақыны, əнші-

композитор. Ол Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 

дүниеге келген. Қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағы. Жасынан-

ақ əншілік, домбырашылығымен аты шығады. Ақан сері, 

Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты саңлақтармен 

кездесіп, өнер сайысына түседі, өнеге алады. Жалған жала 

жабылып, жазықсыз абақтыға түседі. Түрмеде елін, жерін 

сағынып, əділетсіз заманға қатты налып «Қаракесек» əнін 

шығарады. Мəдидің бұдан басқа да «Үшқара», «Шіркін-ай», «Мəди» атты жан сезімін, 

көңіл күйлерін бейнелейтін шабытты шығармалары бар. Бұл əндердің біразы кейінгі 

қазақ операларында пайдаланылуда.

Мəди 1916 жылғы халық азаттық көтерілісіне үн қосқан. Патшаның жергілікті 

əкімдерінің озбырлығын əшкерелейтін жырлар толғаған. Мəди Бəпиұлының əн 

мəтіндерінен басқа өлеңдері əлі жинақталмаған. 

Мəдидің шығармалары туралы А.Жұбанов зерттеу еңбектер, ал Ə.Əбішев «Найзағай» 

атты роман, Ə.Бектасов «Мəди» атты кітап жазды.


548

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ 

Кенен Əзірбаев

Кенен Əзірбаев (1884 – 1976) – халық ақыны, 

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 

Жамбыл облысында дүниеге келген. Əкесі – Əзірбай, 

шешесі – Ұлдар əнші жəне домбырашы адамдар. 

Жасынан бойына өнер дарыған Кенен əн-жырға құмар 

болады. Ол он бір жасынан өлең, əн шығара бастайды. 

Тырнақ алды туындылары – «Бозторғай», «Көкшолақ», 

«Қордай». Айтыс өнеріне ерте араласып, дастан жырын 

да жырлайды.

Жамбыл, Балуан Шолақ, Шашубай сияқты белгілі əнші-ақын, композиторлардан 

үлгі-өнеге алған. Жыр алыбы Жамбылмен жарты ғасырдай бірге жүрген.

К.Əзірбаев халқымыздың ауыз əдебиеті нұсқаларын есіне мол сақтаған. Оның 

айтуымен жазып алынған фольклорлық мұралар Əдебиет жəне өнер институтының 

қолжазба қорында сақтаулы.

Қашаубаев Əмipe

Қашаубаев Əмipe (1888 – 1934) – қазақтың атақты əншісі. Шығыс 

Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының 

етегінде дүниеге келген. Кедей шаруа жанұясында туып-өскен. 

Жастайынан əншілік өнерпаздығымен жұрт аузына ілігіп, ел аралап 

əн салып, қараөткелдік Сəтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу 

Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уəлиқызы сияқты арқалы 

əншілермен танысып, өнерін шыңдай түседі. 1924 жылы Семейде 

өткен өнерпаздар байқауында Қали Байжановпен бipгe бас жүлдеге 

ие болады. Мұнан кейін əншілік даңқы алысқа жайылып, 1925 жылы 

Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертте екінші орын 

алып, күміс медаль иемденеді. Əміре – шет елде өнер көрсеткен тұңғыш қазақ əншісі. 

Арнайы шақыртумен Мəскеу консерваториясының залында қазақ əндерін шырқайды. 

Сол жылы Германияның Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде 

концертке қатысып, ерекше көзге түседі, қазақтың өpeci биік əншілік өнеріне əлем 

тыңдаушыларының көзін жеткізеді. 

Əміре əнші ғана емес, қазақтың ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі 

болды. 1925 жылы Қызылордада ашылған жаңа театр труппасына қабылданып, «Еңлік 

– Кебекте» Жапалдың, «Айман – Шолпанда» Жарастың рөлін ойнайды. Концерттік 

қойылымдарға жиі-жиі шығып, халықтың əн өнерін насихаттауға айрықша үлес 

қосады.


549

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ 

Қазақтың «Ағаш аяқ», «Үш дос», «Қанапия», «Қызыл бидай», «Смет», «Жалғыз 

арша» сияқты классикалық əндері Əміре айтқан үлгі-өнегемен орнығып, кейінгі 

əншілердің репертуарларында жалғасын тауып келеді. Бұл орайда Ж.Елебеков, 

М.Ержанов, Ж.Кəрменов, Қ.Байбосынов, М.Ешекеев, Б.Тілеуханов сияқты жез таңдай 

əншілер Əміре өнерін лайықты жалғастыра алды. 



ƏНШІЛІК ӨНЕР

Əншілік, вокалдық өнер – музыканы əншінің дауыспен орындауы, музыкалық 

шығарманың образды идеялық мазмұнын əнші дауысының мəнер-күшімен жеткізу, 

ашу өнері. 

Əншілік өнерінің жеке ансамбльдік жəне хор түрлері бар. Əншілік өнер жанр, стиль 

жөнінен де дараланады. Негізінен, опералық жəне камералық жанрларға бөлінеді. 

Опералық əншілік – вокалдық өнердің барлық түрін қамти отырып, театр ойын-сауық 

өнерімен, драмалық əрекетпен тығыз астасып жатса, камералық əншілік – лирикалық 

əндер мен романстарды орындайтын жеке əншілерді, шағын вокалдық ансамбльдерді 

қамтиды. 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОПЕРА, ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫ

Күлəш Байсейітова

Күлəш (Гүлбаһхрам) Жасынқызы Байсейітова (1912 – 

1957) қазақтың күміс көмей əншісі, қазақ опера өнерінің 

негізін қалаған атақты халық əртісі. Күлəш Байсейітова 

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. 

Əкесінің əндерін қызыға тыңдаған Күлəштің əншілік табиғи 

дарыны ерте байқалып, көзге түседі. Ол жасынан əкесі 

Жасыннан тыңдаған өлеңдері мен жырларын нақышына 

келтіріп орындаған. 1930 жылдан бастап əншінің Қазақ 

драма театрында шығармашылық өрлеуі басталады.

Ол 1930 жылы қазақтың тұңғыш құрылған драма театрына 

қабылданып, табиғи дарынымен театрдың үздік əртістерінің қатарынан орын алды. 

Б.Майлиннің «Майдан» пьесасындағы Пүліш рөлін ойнап, сахналық қабілетін көрсете 

білді. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы басты кейіпкердің рөлін үлкен 

шеберлікпен орындаған опера əншісі өзінің өрен жүйрік өнер иесі екенін танытты. 

Күлəш жасаған опералық кейіпкерлер – қазақ сахнасында əншілер үшін үлкен өнер 

мектебі.


550

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ 

Күлəш өзінің əсем лирикалық сопрано дауысымен халықтың құрметі мен 

сүйіспеншілігіне бөленді. Ол шет ел жəне туысқан республика композиторларының 

операларындағы басты кейіпкерлердің бейнесін тұңғыш сомдады. Театр сахнасында 

Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Жібек жəне М. Əуезов пен 

И.В. Коцыканың «Айман  Шолпан» музыкалық комедиясындағы Айман бейнелерін 

тамаша шеберлікпен орындаған.

Күлəш есімі дарынды музыканттар мен əншілерді дайындайтын музыка мектебіне 

берілген. 1980 жылдан бері қазақ халқының əндерінен К. Байсейітова атындағы 

Республикалық байқау өткізіліп жүр. 



Кəукен Кенжетаев

Кəукен (Əбдірахым) Кенжетаев (25.02.1916 – 

17.03.2008) – əнші, Қазақстанның халық артисі. Ол 

Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге 

келген. 1936 – 41 жылдары Мəскеу консерваториясы 

жанындағы қазақ студиясында оқыған. 1959 жылы Алматы 

консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) 

бітірген. 1942 – 46 жылдары Хабаровскідегі шекарашылар 

ансамблінде қызмет атқарады. 1946 жылдан Қазақ 

академиялық опера жəне балет театрында еңбек етеді. 

1958 жылы Мəскеуде өткен Қазақ əдебиеті мен өнерінің 

онкүндігіне қатысады. 

Кəукен Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семён (Е.Г. Брусиловскийдің «Ер Тарғын», 

«Жалбыр», «Қыз Жібек», «Дударайында»), Жанбота (М.Төлебаевтың «Біржан – 

Сарасында»), Эскамильо (Ж.Бизенің «Карменінде»), Князь Игорь (А.П. Бородиноның 

«Князь Игорінде»), Руслан (М.И. Глинканың «Руслан мен Людмиласында»), Демон 

(А.Г. Рубинштейннің «Демонында», Алексо (С.В. Рахманиновтың «Алекосында») 

партияларын шебер орындады. 1957 жылдан бастап киноға түсіп, Бауыржан Момышұлы 

(«Ел басына күн туса да»), Нұртаза («Əн қанатында»), Танабай («Тұлпардың ізінде»), 

Жаппас («Таудағы шынарда»), Базарбай («Қыз Жібекте»), Қазанғап («Боранды 

бекетте») т.б. рөлдерін ойнады. Кəукен Кенжетаев режиссер ретінде Брусиловскийдің 

«Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Амангелді», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», 

Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», П.И. Чайковскийдің «Қарғаның мəткесі» т.б. операларды 

қойды. 


1979 жылдан өнер академиясында дəріс береді. «Дархан дарын», «Мəжит Бегалин», 

т.б. кітаптардың авторы. Гастрольдік сапармен Польша, Моңғолия, Румыния, Түркия, 

Грекия, Египет, Сирия, Ливан т.б. елдерде болған. Еңбек Қызыл Ту орденімен, 

медальдармен марапатталған.



551

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ 

Роза Бағланова

Роза Тəжібайқызы Бағланова (01.01.1922 – 08.08.2011) – 

халық сүйіспеншілігіне бөленген КСРО халық əртісі. 

1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қазалы 

қаласында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық 

институтында білім алған. 1941 – 1947 жылдары Өзбек 

филармониясы əн-би ансамблінде жұмыс істеп, Ұлы Отан 

соғысы жылдары ұрыс шебінде əн айтқан. 

Розаның музыкаға деген құштарлығы балалық шағында 

пайда болған. Небары 4 жасында ата-анасымен қонаққа 

барған ол əн айтып, би билеп, көпшіліктің назарына түседі. 

Осы кеште болған қонақтар «бұл кішкене де сүйкімді қыз 

əншілік жолды таңдауы тиіс» деген ұйғарымға келген 

екен.


Əншінің жіңішке де нəзік сопраносы тыңдаушыларын таңдандырып, оның бай 

репертуары үнемі ең жоғары деңгейде орындалады. Роза Бағланова əлемнің көптеген 

халықтарының əндерімен танымал, сол себепті гастрольдерде көрермендердің 

махаббаты мен жылы ықыласына бөленуде. «Ах, Самара-городок» əні 1949 жылы 

Бухаресте өткен Бүкілдүниежүзілік жастар мен студенттердің ІІ фестивалінде лауреат 

атануына жол ашты.

Ермек Бекмұхаммедұлы Серкебаев – КСРО халық 

əртісі, КСРО жəне Қазақ Кеңестік Социалистік Рес-

публикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, опе ра 

өнерінің ұстазы. Ермек Бекмұхаммедұлы 1926 жылы 

4 шілдеде Петропавловск қаласында дүниеге кел ген. 

Кішкентай кезінен өте əзілқой Ермекті жақындары 

керемет жақсы көрген. Əжесі Мағышекер немересі десе 

ішкен асын жерге қоятын. Анасы мен немере ағалары 

Ғалымжан, Фазылжан Ермекті скрипкада, мандолин-

де, гармоньда ойнауға үйреткен. Кейінірек ол өзі білім 

алып жүрген мектебінде «неаполитандық» оркестр 

құрады. Ұлының құмарлығын байқаған əкесі оны 

П.И. Чайковский атындағы Алматы музыка учи ли-

щесінің скрипка сыныбына береді. Ермектің үлкен му-

зыка əлеміне бағытталған өмір жолы осылай ашылған 

Ермек Серкебаев


552

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ 

еді. Ермек Серкебаев Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының вокал 

факультетінің студенті болып жүріп, Опера жəне балет театрында Абайдың күрделі 

партиясын орындайды. Содан бері Ермектің лирикалық баритоны тыңдаушыларының 

сүйіспеншілігіне бөленуде.

1953 жылы Е.Серкебаев Бухаресте Халықаралық вокалшылар конкурсының лауреаты 

атанады. 1973 жылдан бері Алматы консерваториясы студенттеріне өз шеберлігінің 

құпияларын үйретуде, ал 1983 жылы профессор атағына ие болды. 



Бибігүл Төлегенова

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова – КСРО халық 

əртісі, КСРО жəне Қазақ Кеңестік Социалистік 

Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 

Бибігүл 1929 жылы 16 желтоқсанда Семейде əншілер 

отбасында дүниеге келген. Анасы əнді жақсы айтып, 

əкесі скрипкада ойнаған.

Бибігүл балалық шағынан көркем-шығар машылық 

үйірмеге қатысқан. Оның əншілік жолына түсуіне 

жазушы Галина Серебрякованың септігі тиген. 

1951 жылы консерваторияда оқып жүрген кезінде 

Бибігүлдің лирикалық-колоратуралық сопраносының 

əсемдігі жоғары бағаланып, қазақ радиосына əнші 

ретінде жұмысқа шақырылады. 1954 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Опера 

жəне балет театрындағы труппаға кіреді.

Бибігүл Төлегенова Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрімен бірге 

республиканың барлық өңірі мен Кеңес Одағын түгел аралайды. Ол опера сахнасында 

Қыз Жібек, Еңлік, Гүлбаршын, Виолетта, Джильда жəне басқа да бейнелерді жоғары 

деңгейде орындайды.

Рахима Жұбатұрова

Рахима Жұбатұрова атақты опера əншісі, Қазақстан -

ның халық əртісі. Рахима Жұбатұрова 1943 жылы 

Əндіжанда (Өзбекстан) туған. Алматы консерваториясын 

бітіріп, 1975 жылдан Абай атындағы Опера жəне балет 

театрының əншісі болған.



553

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

ƏН-КҮЙ ӨНЕРІ 

Талантты əнші репертуарында Сараның (М.Төлебаев, «Біржан мен Сара»), Дананың 

(Е.Г. Брусиловский, «Ер Тарғын»), Гүлбаршын мен Қамардың (Е.Рахмадиев, «Алпамыс» 

пен «Қамар сұлу») Татьяна мен Иолантаның (П.И. Чайковский, «Евгений Онегин» мен 

«Иоланта») жəне басқа да көптеген кейіпкерлердің əйгілі партиялары бар.

Рахима Жұбатұрова өз өнерін Австрия, Германия, Польша жəне Югославия 

театрларының сахналарында көрсеткен.

Əлібек Дінішев

Əлібек Дінішев – опера əншісі, тенор. Əлібек 

Мұсаұлы 1951 жылы 30 шілдеде Алматы 

қаласында дүниеге келді. 1970 жылы Алматы 

музыка училищесін, 1976 жылы Алматы 

консерваториясының вокал факультетін бітірді. 

Қазақ филармониясының əншісі ретінде 1978 

жылдан бастап Абай атындағы Опера жəне балет 

театрында қызмет атқарады. 

Əлібек Дінішевтің репертуарында Ленскийдің (П.И. Чайковский, «Евгений Онегин»), 

Владимирдің (А.П. Бородин, «Князь Игорь»), Айдардың (А.Қ. Жұбанов пен Л.А. 

Хамиди, «Абай»), Төлегеннің (Е.Г. Брусиловский, «Қыз Жібек») жəне басқа да танымал 

кейіпкерлердің көптеген партиялары бар. Ол – КСРО жəне Қазақ КСР халық əртісі. 

Нұржамал Үсенбаева

Нұржамал Пернебекқызы Үсенбаева – Қазақстан халық 

əртісі, опера əншісі. Ол 1958 жылы шілдеде туған. 1984 

жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын 

бітіріп, Абай атындағы Опера жəне балет театрында əн 

айта бастайды. Нұржамал Қыз Жібек пен Дананың (Е.Г. 

Брусиловский, «Қыз Жібек» жəне «Ер Тарғын»), Ажардың 

(А.Қ. Жұбанов пен Л.А. Хамиди, «Абай») бейнелерін 

тамаша орындады.

Биік деңгейдегі кəсіби шеберлік пен шынайылық, баурап 

алар сахналық тартымдылық пен табиғи талғампаздық 

оның əншілік өнеріне тəн қасиет. Үсенбаеваның 

репертуарында  ұлттық жəне шет ел композиторларының 

əр алуан шығармалары бар. Ол гастрольдік сапармен шет 

елдерде өнер көрсетті. 2000 жылы Қазақстан Мемлекеттік 

сыйлығының иегері атанды.


1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет