Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



жүктеу 0.65 Mb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата23.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК 

ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ

білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала 

өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, 

өзінің сезім-күйін əнге қосуға машықтанады, музыкалық əдеби кештерге араласады. 

Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды. Сол кездің саяси-əлеуметтік өмірін 

тереңірек танып, туған елінің бодандықтағы мүшкіл халін түсініп, санасы толысқан 

шағында елге оралады. Ел ішіндегі əлеуметтік теңсіздіктер мен сыртқы өктемдік пен 

əділетсіздікті жай бақылап қана қалмайды, өзінің ұстанымын тиісті жерінде өнерімен де, 

іс-əрекетімен де көрсетіп отырады. Əсіресе, əлеуметтік теңсіздікті əшкерелеген əндері 

ел ішіне тарай бастайды. Оның осы тақырыптағы «Ақ сиса», «Шормановқа», «Бұзау 

зары», «Тұтқын зары», «Толғау», «Арап ұрыға», «Бозторғай», «Хаулау» т.б. жəне туған 

жерге деген сағынышын баяндайтын «Сүйіндік», табиғатты суреттейтін «Баянауыл», 

«Ұлытау», «Жаздың күні», махаббатты жырлайтын «Сұрша қыз», «Шолпан», «Лəйлім», 

«Гауһар қыз» т.б.  əндері жұртшылыққа кеңінен танымал. 

Жасы ұлғайған шағында Жаяу Мұса біртоға тірлік құрып, саятшылықпен 

айналысады.

Жаяу Мұса – қазақтың əн өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық 

жаңалықтар енгізіп, əуен-сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Ол 

өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арман-

аңсарын əнмен бедерлей білді. Оның əлеуметтік көзқарастары, азаматтық ұстанымдары 

сол кездің демократтық-ағартушылық озық идеяларымен астасып жатты. 

Жаяу Мұса əндерін күні бүгінге дейін халық сүйіп тыңдайды. 



Ақан сері

Қорамсаұлы Ақан cepi (Ақжігіт, 1843 – 1913) – қазақ халқының 

əнші-композиторы, ақын. Солтүстік Қазақстан облысының 

Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөл маңында туып-өскен. 

Денесі Айыртау ауданындағы «Бұлақ басы», «Құлагер құдығы», 

«Құлагердің ақ шарбағы» деген жерде. Шыққан тегі – арғын 

ішіндегі қарауыл. Ақан алғашқыда ауыл молласынан сауат ашып, 

сонан соң Қызылжардағы Уəли (Ахметуəли) медресесінде (1856 

– 1859) оқыған. Кейін ауылына оралып, өмірін бipжола өнерге 

арнаған. Халық Ақанның бойындағы қайталанбас биік өнерді жоғары бағалап, оның 

сұлу да сырлы өлеңдерін сүйіп айтып, бекзаттығын қадірлеп «Ақан cepi» атандырған.

Сал-cepілік дəстүрді барша сəн-салтанатымен ұстанған Ақан cepi жүйрік ат, қыран 

бүркіт, құмай тазыны жанына cepiк еткен. Мұндай салт оның əншілік-ақындық 

шабытына тұғыр болып, «Құлагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Екі торы ат», 

«Перизат», «Тер қатқан» сияқты тамаша əндердің дүниеге келуіне ceбепкер болған. 

Сондай-ақ оның «Көкшетау», «Сырымбет», «Кербез сұлу» деп аталатын əндері – туған 



535

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК 

ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ

жер, өскен елге деген перзенттік махаббатының жарқын айғағы. «Хат жаздым қағаз 

алып, қалам, сия» деп басталатын Ұрқия атты əйеліне арнаған өлеңі, «Ақ көйлек», 

«Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың» деп аталатын өмірінде көңілі 

шын құлаған Ақтоқты сұлуға арнаған əндері терең сырлы, ғажайып сезімге толы.

Ақан cepi əндері Қазақстан композиторларының шығармаларына арқау болған. 

Е. Брусиловский «Жалбыр» операсына Ақан серінің «Құлагер», «Балқадиша» əндерін 

қолданған. Қазақ¬тың əйгілі ақыны I.Жансүгіров «Құлагер» поэмасында, жазушы-

драматургтер F. Mүcipeпов «Ақан cepi – Ақтоқты» трагедиясында, С. Жүнісов «Ақан 

cepi» романында, көрнекті ком¬позитор С. Мұхамеджанов «Ақан cepi – Ақтоқты» 

операсында Ақан cepiнiң бейнесін сомдаған.

Балуан Шолақ

Балуан Шолақ Баймырзаұлы (1864 – 1916) – əнші, ком-

позитор, ат ойынының түрлі тəсілін меңгерген шабандоз, 

күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген 

балуан. Осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен халық оны 

еркелетіп «Балуан», ал жас күнінде оң қолының саусағын 

үciтіп алуына байланысты «Шолақ» атанған ол тарихта 

«Балуан Шолақ» есімімен танылған. Шындығында, азан 

шақырылып қойылған аты – Нұрмағанбет. Ол Ұлы жүздің 

дулат тайпасының сəмбет руынан шыққан. Бірақ аталары 

ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмipi Көкшетау өңірінде өткен.

Балуан Шолақ 14 жасынан күреске түсіп, балуандықпен аты шығады, шауып келе 

жатқан ат үстінде əр түрлі күрделі жаттығулар жасап, ат құлағында ойнаған спортшы 

атанады. Мұның үстіне əн-күйге деген құштарлығы ерте оянып, Біржан сал, Ақан 

серілердің əндерін бабына келтіріп, тамылжыта орындайтын болады. Осындай 

өнерлерін көпшілікке көрсетіп, ел аралап, салдық құрады, жалғыз-жарым жүрмей, 

маңына əнші-күйші, балуан, өнерпаз жастарды жинап, жиын-тойға қатысып жүреді. 

Өзі cүйіп орындайтын Арқа сазгерлерінің əншілік-шығармашылық дəстүрін бepік 

ұстанып, кейін өзі де əн шығара бастайды. Оның «Көкшетау», «Желдірме», «Ащылы-

айырық», «Дікілдек», «Қос перне», «Құлан кiciнec» əндері Арқа өңіріне кеңінен тарап, 

көпшіліктің сүйіп тыңдар əніне айналады. Оның əндерінің əуеніндегі батылдық, өршіл 

мінез Балуан Шолақтың өзінің шамадан тыс қайрат-күшін байқатып тұратындай тым 

жігерлі болып келеді.

Балуан Шолақтың атын алысқа жайған атақты əнінің бipi – «Ғалия». Бұл – мөлдір 

махаббатты сазды əуен, нəзік сезіммен жырлаған ғашықтар əні. Музыка зерттеушілері 

бұл əнді Балуан Шолақ шығармашылығының шырқау биігі деп бағалайды.



536

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК 

ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ

Өмірінің соңғы кезінде Жетісуға арнайы ата жұртын іздеп барып, ондағы ағайын-

туыстарымен танысып қайтады. Осы сапарында Арқаның көптеген əндерін Жетісуға 

жеткізеді.

Белгілі музыка зepттeyшici А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше 

əндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 əні» жəне «Қазақтың 500 əні мен күйі» 



жинақтарына енгізеді.

АЙТЫС ӨНЕРІ

Ақындар айтысы – халық шығармашылығының үлкен бір саласы. Айтыстың шығу 

тамыры тереңде жатыр. Ол халықтың тұрмыс-салтына, мəдени ерекшелігіне 

байланысты туып, қалыптасқан. 

Айтыс – қазақтың төл сөзі, айтысу, жарысу, сынасу ұғымында қолданылады. 

Ақындар айтысы қазақтан басқа қырғыз, қарақалпақ халықтарының да өмір 

тіршілігінен орын алған. Ертеде айтыс шығыс пен батыстың кейбір елдерінде (Араб, 

Үндістан, Иран, т.б.) де болған. Бірақ əр елде əр түрлі тəсілде айтылған. 

Айтыс өнері бірден қалыптаса қоймаған. Ұзақ даму жолынан өткен. Көшпелі өмір 

салты да айтыстың дамуына əсер еткен. «Өнер алды – қызыл тіл» деп бағалаған халық 

айтыс өнеріне ерекше мəн берген. Талантты ақындардың айшықты айтыстарын 

ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Айтыста ел өміріндегі ең маңызды мəселелер 

көтеріледі. Жиналған халық айтысты тамашалап, рухани лəззəт алады. Сондай-ақ 

қайсы ақын сөзінің ұғымды болғанын бақылап, бағалап отырады. 

Ақындар айтысы – көптің көз алдында өтетін сөз жарысы, өнер сайысы. Екі 

жақтан айтысқа түскен ақындар өлеңді қолма-қол суырып салып айтуы шарт. 

Айтысқа түсуші ақындарға қойылар талап, бірінші, тыңнан ой құрап, құрастырып 

өлең шығару болса, екіншіден, айтысушы қарсы ақынның аяқ астынан қойған талап, 

сұрағына өлеңмен ұтымды жауап беріп, сөз қайтаруы қажет, үшіншіден, ақындар 

өлеңді мақамына келтіріп, домбыраға қосып, белгілі бір əуен-сазбен айтуы тиіс. 

Музыкалық аспап айтыстың əсерлілігін арттырады. 

Қазақ тұрмысында ақындар айтысы жүйрік аттардың бəйгесі сияқты, айтысқа 

түсіп жеңген ақындарға да бəйге берген. Ақындар айтысы ел намысының қорғаушысы 

болғандықтан, ақынды əуелі өз руы ішінде сынап алып барып, ұлы дүбірлі үлкен айтысқа 

жіберетін болған. 

Халқымыз ертеде өткен ақындар айтысының дүлдүлі Біржан мен Сараны, 

Кемпірбай мен Шөжені, Жанақ пен Орынбайды, Көкбай мен Əріпті, Əсет пен 

Рысжанды, Жамбыл мен Құлманбетті т.б. елдің ар-намысын қорғаушылар деп, 

көтермелеп, олардың айтыс өлеңдерін сан ғасыр өтсе де ұмытпай біздің дəуірімізге 

жеткізген. Ол, біріншіден, ақындардың талантын қадір тұту болса, екіншіден, сол ел, 

ру намысын қорғаған ақындардың өлең-жырын кейінгі ұрпақтың көкейіне ұялатып, 

олардың отаншылдық сезімін оятудың құралы деп санаған.

537

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК 

ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, əдет-ғұрып, салтына байланысты туған 

айтыстар мазмұнына қарай бірнеше жанрлық тақырыптарға бөлінеді. Олар: ақындар 

айтысы, қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ айтысы, өлі мен тірінің айтысы, дін айтысы, 

мысал айтысы жəне т.б. 

Айтыс өнерінің қиын түрі – жұмбақ айтыс. Бұл айтысқа түсетін ақындар жан-

жақты білімді болуы керек. Өйткені жасырған жұмбақты тез шешіп беру оңай емес. 

Мысалы, айтыскер ақын Ырысжанның айтқан төрт жұмбағын Əсет іркілмей шешіп

жеңіске жетеді. 

Дін тақырыбына арналған айтыстар да бар. Кейде діни сауаты бар ақындар ислам 

дінінің қағида-шарттарын сауал түрінде беру арқылы айтысқан.

«Өлі мен тірінің айтысы» деп аталатын бір топ айтыс үлгілері де кездеседі. 

Айтыстың осы бір түріне Жұманазар мен домбыра, Темірбай мен сиыр жəне т.б. 

айтыстар жатады.

Айтыстың кең тараған бір түрі – қыз бен жігіт айтысы. Айтыстың бұл түрін 

«қайымдасу» деп те атайды. «Қайымдасу» жеңіл əзіл-қалжыңнан не танысудан 

басталады. Кейде жаттанды өлеңдермен де айтыса береді. Той-томалақтың сəнін 

келтіретін «қайымдасу» жеңіл əуенмен айтылады. Өлеңнің алғашқы екі тармағы 

қайталанып отырады. Айтысушылар өз жандарынан соңғы екі тармақты ғана 

қосады. Сондықтан «қайымдасуды» айтыстың жеңіл түрі деп есептейді. Осы арқылы 

ақындар сөз сайысына дағдыланып, төселеді.

Бұрынғы ақындар өздерінің талап-талантын айтыста сынаған. Өнер жарысына 

түскен ақын əріптесін тапқырлығымен, дəлелді, дəйекті сөзімен тоқтата білсе 

ғана жеңіске жеткен. Көптің көз алдында өтетін сөз сайысынан сүрінбей өткендер 

ғана ақын атағына ие болған. Дүбірлі айтысқа түсіп, елге танылғанға дейін ауыл 

арасындағы шағын бас қосуларда сөз қағыстырып, өнер жарыстырып, тəжірибе 

жинаған. Атақты ақындар: Жанақ, Түбек, Сабырбай, Орынбай, Кемпірбай, Шөже, 

Ұлбике, Сүйінбай, Жамбыл. Əсет, Ырысжан, Ақсұлу, Сара, Біржан, Мұсабек, 

Құлманбет жəне т.б. талант иелері айтыс арқылы халыққа танымал болды.

Нағыз төкпе ақындар айтысының қандай арнада өрбитінін алдын ала ешкім де 

білмеген. Ең бастысы – төгіп айтатын сөз шебері қарсыласына қарымта жібермейді. 

Ол үшін шындыққа табан тіреген ақын сөз өнеріне шешен де шебер болуы керек. 

Табанда тауып айтар тапқырлық та – негізгі шарттың бірі.

Ақындар айтысында заманның артық-кемді міндеріне сын айтылады. Олардың 

батыл да, батырып та сөйлеуіне еркіндік беріледі.

Жамбыл мен Құлмамбеттің айтысында өз елінің байлығын мақтан еткен 

Құлмамбетке қарсы Жамбыл ел қорғаны ерлерді үлгі етеді. Халықтық қасиетті қадір 

тұта сөйлеген Жамбыл жеңіске жетеді. 

Айтыс кезінде ақындар ақиқатты айтудан жалтармаған. Халыққа арқа сүйеген 

олар өз ойын батыл айта алған, ешкімнен именбеген. Сүйінбайдың Тезекке:

538

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК 

ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ

Атандың осы күні Тезек төре,

Елден жылқы қоймаған кезеп төре.

Телі менен тентекті тияды десе,

Өзің ұрлық қыласың, əттегене! – деуі осыны дəлелдейді.

Айтыс өнерінің таңдаулы үлгісі – Біржан мен Сараның айтысында халықтың 

арман-аңсар сезімі айтылады.

Соңғы кездері айтыс ерекше қарқынмен дамып келеді. Ақындар айтысы жиі өткізіліп, 

ежелгі дəстүр қайта жалғасын тапты. Қазіргі мен бұрынғы айтыстардың мазмұн 

жағынан айырмашылықтары бар. Өнер сайысына түскен ақындар ру атынан сөйлемейді. 

Аудан, облыс, қала атынан айтысқа түседі. Белгілі бір аймақ пен шаруашылықтағы 

кемшіліктерді сынайды, жақсыны жария етеді. Ел өміріндегі мəнді мəселеге назар аударады. 

Сондай-ақ айтыс ақындары бұрынғыдай жеке бастарындағы міндерін қазбаламайды. 

Жарасымды əзіл-қалжың айтқаны болмаса, тұрпайы сөзге бара бермейді.

Қазіргі кезде қолма-қол төгіп айтатын, ұшқыр да ұтымды жауап бере алатын 

ақындар тобы көбейді.

Қыз бен жігіт айтысы

Бұл айтыс халықтың əдет-ғұрып, салтына байланысты ойын-сауықтар кезінде айтылған 

жəне жиналған жұртты көңілдендіру, күлдіру, əн мен өлең қызығына батыру негізінде 

туған. Негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу. Қыз бен жігіт айтысы екі 

жастың амандасуынан басталып, əзіл-оспақ, əдемі қалжың ретінде айтыла береді. Айтысқа 

түскен қыз бен жігіт кейде көңіл сырын, бір-бірін ұнататындығын да білдіріп отырады. 

Қыз бен жігіт айтысы ойын-сауыққа жиналғандарды көңілдендіріп күлдіру, қызыққа 

батыру тілегінен туғандықтан, айтысқа қатысушылар бір-бірін жеңу, жүлде алу мақсатын 

көздемейді. Өлеңнің құрылысы көбіне он бір буынды өлең түрінде келеді. 

Жұмбақ айтыс

Ойын-сауық үстінде, көпшіліктің жиналған жерінде «Жұмбақ айтыс» өткізілетін 

болған. Жұмбақ айтысқа қатысушылар ақындық қасиетімен қоса, тапқыр ойлы, табиғат 

құбылысына жетік, өмір сырын терең ұққан білімді адам болуы керек. «Жұмбақ 

айтыс» айтыстың басқа түрлерінен қиынырақ. Себебі ол тапқырылық пен білгірлікке 

құрылған. «Жұмбақ айтыс» өнері адамның қиял-күшін дамытуға, не түрлі тылсым 

жұмбақтар сырын білуге үйретеді, соған септігін тигізеді. Жұмбақ өмір шындығынан 

алынады. Жалпы жұмбақ тектен-тек айтыла бермейді, оның да өзіндік айтары, түйіні 

болуға тиіс. Қазақ халқында жұмбақ айтысқа қатысқан ақындар – Рысжан, Əсет, 

Шөкей, Күңбала, Нұржан, Сапарғали. Ұшқыр қиялға негізделген жұмбақ айтыс – 

өнердің ерекше жанры. 


539

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК 

ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ

Қайым айтыс

Айтыстың бір шумақ өлеңмен қайырып отыратын шағын түрі «Қайым айтыс» деп 

аталады. Бұл сөз «қайыра айту», «қайта жауаптасу» деген ұғымнан шыққан. «Қайым 

айтыс» қыз бен жігіттің, құрбы-құрдастардың арасында өтеді. Қайым айтыстың басқа 

айтыстардан ерекшелігі бір ауыз сөзбен қайырылып отырады, көбіне қыз бен жігіттің 

қарама-қарсы мəндегі сұрақ-жауаптарына құрылады. Бұл шумақтардың алғашқы екі 

жолын қыз да, жігіт те қайталап айтуы мүмкін. Осы жайт алғашқы «Қайым айтыс» 

үлгілерінің тым қарапайым, жанынан қосып айтуға жеңіл болып келетінін көрсетеді. 

«Қайым айтыста» əзіл-оспақ, шымшыма, астарлы сөздер қатар жүреді. Қайымдасулардың 

басым көпшілігінде бір-бірін əжуалап, іліп-қағыту да, сыпайы мақтаулар да орын 

алады. 

Бəдік айтыс

Адамның дүние тану дəрежесінің, наным-сенімдерінің елесі сияқтанып, салт 

жырларының əріден келе жатқан бір түрі – «Бəдік айтысы». Ерте кезде айналшық 

ауруымен ауырған малды «бəдік болды» деп, ауруды үркіту мақсатымен «бəдік» айтатын 

болған. Ол үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізген. Айтыстың тақырыбы 

– бəдік. Бəдік – олардың түсінігінде айналшық ауруының иесі. Соған өлеңмен əсер 

ету керек. Сөзбен бірде жалынып, бірде қорқытып, ауру малдың басына қонған пəлені 

көшіру керек. Осы мақсатпен жастар екі жақ болып айтысады. Кейінірек малдың ауруын 

емдейтін, бəдікті көшіретін бұрынғы бəдік кеші жастардың сауық кешіне айналады. 

Мазмұны енді жастардың көңіл күйін көтеретін, əзіл-қалжың ретінде айтатын салт 

өлеңі дəрежесінде қалған. 

Дін айтысы

Дін иелері, қожа-молдалар қазақ арасына ислам дінін үгіттеп, тарату үшін айтыс 

өлеңдерін де пайдаланған. Дін иелері өздерінің қолына ұстаған ақындарына əдейілеп 

тапсырып, жұрттың жиналған жерінде дін үгіттерін айттырған, не туралы жəне қалай 

айтуды алдын ала ескертіп те қойған. Осы негізде діни тақырыпқа арналған айтыс 

өлеңдері туған. Айтыстың негізгі тақырыбы дін əңгімелері, дін үгіті болады. Сұрау-

жауап ретінде аспан əлемі, жердің асты-үсті, табиғат көріністері, хайуанаттар дүниесі 

айтылады. Бұлардың барлығын жаратушы бір құдай екендігін айтып, халықты соған 

нандырмақ болады. Бес уақыт намаз оқу, ораза ұстау, қайыр-садақа, үшір-пітір беру 

жайы да айтылады. Дін айтыстары əр түрлі діни ұғымдарды елге тарату құралы ретінде 

пайдаланылған. Өлеңдік жағынан алғанда, дін айтыстары үздік шыққан айтыс тобына 

жатпайды. Тек дін жайын сөз ететін қара дүрсінді өлеңдер түрінде келеді. 



540

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК 

ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ

АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ ШЕБЕРЛЕРІ

Шал ақын

Шал ақын, Тілеуке Құлыкеұлы (1748 – 1819) – ақын. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан 

облысында дүниеге келген. Əкесі Құлыке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. 

Шал ақынның өлең, жырларынан өз дəуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. 

Бұлардың бəрінде дерлік жақсылық пен жамандық, əділдік пен зұлымдық, ынсап пен 

тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік 

тəрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады. Шал ақын кезінде ел өмірінен 

елеулі орын алған айтыс-қағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр қиялды 

тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы мол көрінеді. Бір топ жырлары «XVIII 

– XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962), «Үш ғасыр жырлайды» 

(1965), «Алдаспан» (1971), «XVIII – XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес 

ғасыр жырлайды» (1984) жинақтарында жарық көрген.



Шөже Қаржаубайұлы

Шөже Қаржаубайұлы (1803 – 1884) – ақын. 

Ол қазіргі Көкшетау облысы Қызылту ауданында 

дүниеге келген. Жастай ауруға шалдығып, екі 

көзінен бірдей айырылған. Бала кезінен қобыз, 

домбыра тартып, ақындық өнеріне машықтанған. 

Жоқшылық пен жарымжандықтың ауыр зардабын 

тартқан. «Дəукейге», «Домбыра шыққан тыңқылдан», 

«Бəйдікті мақтағаны» т.б. өлеңдердің авторы. Шөже 

– ірі айтыс ақыны. «Көзіме он жеті ақын түк қылған 

жоқ» деуіне қарағанда, өз заманындағы аты мəлім 

ақындардың біразымен айтысқан секілді. Шөже 

– белгілі эпик ақын, əнші əрі композитор. «Қозы 

Көрпеш – Баян сұлу» жырының ең көркем əрі толық 

нұсқасы Шөженің айтуымен тараған. Оның халық 

ауыз əдебиетінің асыл үлгілері мен ел шежіресінің 

асқан білгірі екенін кезінде Ш. Уəлиханов атап көрсеткен. Абай Құнанбайұлы, С. 

Торайғыров Шөженің ақындық талантын жоғары бағалаған, жасқанбай тура айтатын 

өткірлігін қатты құрметтеген.


541

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК 

ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ

Сүйінбай Аронұлы

Сүйінбай Аронұлы (1815 – 1898) – ақын. Алматы 

облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында 

дүниеге келген. «Менің пірім – Сүйінбай, Сөз 

сөйлемен сыйынбай ....», – деп Жамбыл оны өзіне 

ұстаз тұтқан. Сүйінбай шапырашты руының екей 

əулетінен шыққан. Халық қамын көздеген Өтеген, 

Қарасай, Сұраншы, Саурық батырлар туралы дас-

тандар шығарған. Оның Қатаған ақынмен, Те-

зек төремен айтыстары белгілі. Бұл айтыстардан 

Сүйінбайдың ақындық тапқырлығы, турашылдығы, 

үстем тап озбырлығын шенеген қайсарлығы ай-

қын көрінеді. Сонымен бірге, оның шешендік 

нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері 

де («Мақсұтқа», «Қасымға», «Болыстарға баға») 

көптеп кездеседі. 

Сүйінбай шығармалары алғаш жеке кітап болып І.Жансүгіровтың құрастыруымен 

1935 жылы, ал екінші рет 1976 жылы жарық көрген.

М.Əуезов «Сүйінбай – Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп бағалады. Сүйінбай 

Аронұлының атында Алматыда көше бар.



Сара Тастанбекқызы

Сара Тастанбекқызы (1853 – 1907) – ақын. Ол Алматы 

облысы Ақсу ауданы «Тастемір тоғайы» мекенінде дүниеге 

келген. 15 жасында əкесі өліп, жоқшылық көреді. 1868 

жылы Тұрысбек қажы Сараны 40 жастағы Жиенқұлға 

айттырады. Жетім қыз үшін мал алып отырған Тұрысбек 

қажының əрекетіне Есімбек қажы қарсылық білдіріп, 

Сараны өз ауылына көшіріп алады. Сөйтіп, жас қыздың 

басы дау-шарға түседі. Бұл жай «Тұзақ» атты дастанында 

суреттелген. «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға 

алдында», «Торығу» т.б. толғаулары, «Қош бол, елім» 

т.б. өлеңдері бар. Сараның дарынды ақын, майталман сөз 

шебері екенін танытқан шығармасы – Біржанмен айтысы. 

Сара 1889 жылы Əсет Найманбаевпен, 1900 жылы 

Төребай Есқожаұлымен айтысқан.


542

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК 

ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ

Шашубай Қошқарбаев (1865 – 1952) – қазақтың белгілі айтыскер ақыны, сазгер, əнші, 

гармонь, домбыра аспаптарында шебер орындаушы. Ол Қарағанды облысы Балқаш 

қаласындағы «Қызыл шоқы» деген жерде дүниеге келіп, ғасырға жуық ғұмыр кешті.

Жасынан өнерге құштар, зерек Шашубай Қошқарбаев көптеген қисса, дастандарды 

жатқа білген. Біржан салды өзіне ұстаз санап, оның əндерін ел арасында айтып, 

насихаттаған. Бірнеше əннің авторы, өзгеше талант иесі Шашубай халықтың еркесі 

атанған. Өмірінің 76 жылын жыр төгіп, əн шырқауға арнаған. Ол тек əн шығарып 

қоймай, тойлар мен жиындарда өткізілетін айтыстарға қатысқан. Суырып салма ақын 

атанған Шашубай Қошқарбаев қазақ музыка өнеріне өшпес із қалдырған. Шашубайдың 

«Майда қоңыр», «Жетім қыз», «Кедейлік», «Ақ қайың» т.б. əндері халықпен бірге жасап, 

өнер əлемінен ерекше орын алды. 



Шашубай Қошқарбаев

Əсет Найманбайұлы

Əсет Найманбайұлы (1861 – 1922) – ақын, əнші-композитор. 

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының 

Бақты ауылында дүниеге келген. Əсет кедей шаруа отбасынан 

шыққанымен, ескіше оқыған, көзі ашық адам болған. Əсет 

– негізінен, айтыс ақыны. Ол Ырысжан, Əріп, Бақтыбай, 

Кəрібай, Қали, Сəмбет деген ақындармен жəне Мəлике қызбен 

айтысқан. 

Əсет Найманбайұлының «Салиха – Сəмен», «Ағаш ат», 

«Перизат», «Үш жетім қыз», «Нұғман – Нағым», «Мəлік – 

Дарай», «Жəмсап», «Кешубай» атты қисса-дастандары, «Жас 

жігіт надандықпен алданады», «Өсиетнамада», «Сүйенген, 

жаным, жалғыз өзің», «Сеніспей, уағдалы серттен қайтпа», «Қарақұрсақ Күшік 

болысқа», «Ақырғы сөз», «Жас шама» т.б. көптеген шығармалары бар. Ол А.С. 

Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударып (еркін аударған), оны өзі қисса етіп 

жырлаған. 

Əсет мұраларының ішінде халыққа кеңінен тарағаны – оның əндері. Ол Біржан сал, 

Ақан серіден дəуірлеген Арқа əнінің дəстүрін жалғастырып дамыта түсті. Оның «Кіші 

Ардақ», «Үлкен Ардақ», «Қарагөз», «Мақпал» əндерінде психологиялық тереңдік пен 

адамның жан дүниесін қозғайтын нəзік лирика, Ақан əндерінің əсері байқалады. 

Ақын шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б.Адамбаевтың құрастыруымен 

басылды. Жинаққа Əсеттің 34 өлеңі (əнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дастан-қиссасы 

жарияланса, 1988 жылғы Б.Нұржекеевтің «Əсет» атты жинағына 29 əн мəтіні, 71 өлеңі, 

10 айтыс-қағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген.


1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет