Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



жүктеу 0.65 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата23.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

ƏЙГІЛІ ЕСКЕРТКІШТЕР

Қазақстан тəуелсіздік алған уақыттан 

бергі жылдарда салынған архитектор-

лық ескерткіштерді төрт топқа бөлуге 

болады. 

Алғашқы топқа ата-бабалар мен та-

рихи тұлғаларға арналған ескерткіш тер 

жатады. Бұлар: Қорқыт ата мемориал ды 

кешені (Қызылорда), Домалақ ана мұ-

нарасы (Оңтүстік Қазақстан облысы), 

Бекет ата мешіті (Маңғыстау), Сарайшық 

(Атырау облысы), Қарасай, Ағынтай 

батыр кесенелері (Айыртау, Солтүстік 

Қазақстан облысы). 

Қазақ халқының тарихи тұлғалары-

на арналған ескерткіштер: Мұхаммед 

Хай дар Дулат (Тараз), Əбілқайыр (Ақ-

төбе), Абылай хан (Алматы), Бейбарыс 

сұлтан (Атырау), Шақшақ Жəнібек (Арқалық), Қаракерей Қабанбай (Астана), Əйтеке 

би, Қазыбек би, Төле би (Астана), Ш.Уəлиханов (Кішкенекөл, Солтүстік Қазақстан 

облысы), Абай, Шəкəрім (Семей), Абай (Астана). 

Бұл ескерткіштердің пайда болуы ұлттың тарихи танымының жаңғырып, рухани 

мұраларға деген ынтасының өскендігін байқатады. 2001 жылы 27 тамызда Алматы 

қаласынан 35 км қашықтықта Алматы – Бішкек тас жолының бойынан қазақ халқының 

жоңғарларға қарсы соғысына арналған мемориал ашылды. Бұл ескерткіш 300 жыл 

бойы жоңғар басқыншылығына қарсы тұрып келген қазақ халқының ерлігі мен бірлігін 

танытады. 

Тəуелсіздік кезеңіндегі ескерткіштердің екінші тобы қазақ халқының белгілі 

қайраткерлеріне арналған. Мұның қатарына А.Байтұрсынов (Қостанай), М.Жұмабаев 

(Солтүстік Қазақстан), С.Торайғыров (Павлодар), Қажымұқан (Оңтүстік Қазақстан), 

Қ.Сəтбаев (Алматы) ескерткіштері жатады. 

Үшінші топ ескерткіштерін «қаһармандар» деп атауға болады. Олар: Б.Момышұлы 

(Тараз), Мəншүк пен Əлия (Алматы), С.Нұрмағанбетов (Көкшетау) ескерткіштері. 

Осы топтың қатарына Астана, Тараз, Шымкент қалаларындағы саяси қуғын-сүргін 

құрбандарына арналған мемориалды кешендерді қосуға болады. 

Ескерткіштердің төртінші тобы əдебиет жəне өнер қайраткерлеріне арналған. 

Соңғы онжылдық ішінде Ж.Жабаевқа (Алматы), Н.Байғанинге (Ақтөбе), М.Əуезовке 

(Шымкент), А.Пушкин мен Т.Шевченкоға (Алматы) ескерткіштер орнатылды.



514

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Мемориал құрылыстaр

Белгілі бір халықтың, қалалардың тарихы мен 

жеке тұлғалардың еңбегін есте қалдыруға арналып 

салынған архитектуралық-мүсінді ескерткіштерді – 

мемориал құрылыстaр дейді. Мемориал құрылыстар 

Қазақстан аумағында өте көп. Мемориал құрылыстар 

тарихы өте ертеден бастау алады. Мысалы: Қарағанды 

облысындағы Бегазы мазары (б.з.б. XVІ – ХІ ғғ.), 

Дəндібай мазары (б.з.б. ХІ – ІХ ғғ.), Қызылорда 

облысындағы Баланды-2 кешені (б.з.б. ІV – ІІ ғғ.), 

1975 жылы Алматы қаласындағы 28 

панфиловшылар саябағында «Даңқ» мемориалы 

орнатылды. Бұл ескерткіш-кешен 1941 жылы 

16 қарашада Мəскеу түбінде Дубосеково 

разъезіндегі Алматыда жасақталған генерал-

майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар 

дивизиясының (1075-атқыштар полкі 4-ротасы 

2-взводының) 28 жауынгерінің ерлігін мəңгі 

есте қалдыру үшін орнатылған. Сəулетшілері 

– Т.Бəсенов, Г.Сейдалин, В.Н. Ким жəне 

мүсіншілері – В.В. Андрющенко, Р.Е. Артимович. 

Ескерткіш-кешеннің төр жағында жауға қарсы 



«Даңқ» мемориалы

Абат-Байтақ кешені (ХІV – ХV ғғ.),

28 панфиловтер

Ақтөбе облысындағы Абат-Байтақ кешені (ХІV – ХV ғғ.), Атырау облысындағы Жұбан 

күмбезі (ХІХ – ХХ ғғ.) жəне т.б. кешендерді айтуға болады. Қазақстанның батыс 

облыстарында мемориал құрылыстар құлпытас, қойтас, сандықтас, үштас, қошқар 

бейнелі тас т.б. тұрады. Мемориал құрылыстар тас қорымдар түрінде де (сағана тамдар) 

кездеседі. Соңғы кезеңде Қазақстанда ірі-ірі мемориал құрылыстар салынды. Олар 

белгілі тарихи оқиғаларға, («Ерлік даңқы» мемориалы, 1970, мүсінші – Н.Соболев; 

архитекторы – Т. Жəнібеков, Ақтөбе қаласы), еңбек жолындағы адамдарға («Шахтер 

даңқы» монументі, 1978, мүсінші – А.П. Билык, архитекторы – А.Мальков, Қарағанды 

қаласы) т.б. орнатылды.

ұмтылған панфиловшы жауынгерлер мүсіні орнатылып, алдындағы алаңға мəңгілік 

алау жағылған. Оның екі қапталындағы ұзын гранит қабырғада «Отанымыздың 

бостандығы мен тəуелсіздігі үшін шайқаста ерлікпен қаза болғандардың даңқы мəңгі 

арта берсін» деген жазу қазақ жəне орыс тілдерінде жазылған. Ал екі босағасында 1917 



515

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

– 1920 жылдардағы Азамат соғысына қатысушыларға арналған «Ант» жəне 1941 – 1945 

жылғы соғысқа қатысушыларға арналған «Даңқ кернейшісі» деп аталатын мүсіндік 

топтама бар. Мемориалға кіреберісте Ұлы Отан соғысындағы одақтас халықтардың 

қаны төгілген «қаһарман қалалардың» топырағы сақтаулы сандықтастар қойылған.

Абай ескерткіші

1960 жылы Алматыда Абай Құнанбайұлына қоладан құйылған 

ескерткіш қойылды (мүсінші – Х.Е. Наурызбаев, архитектор 

– И.И.Белоцерковский). Ескерткіштің жалпы биіктігі – 13,7 м. 

Трапеция пішімді тұғыры қызыл граниттен қаланған. Сол қолында 

қолтығына қыса ұстаған кітап, оң қолы желбегей жамылған 

шапанының шалғайында, ақынның терең ой үстінде келе жатқан 

сəті бейнеленген. Абай ескерткіші – жеке адамға қойылған алғашқы 

көлемді ескерткіш. Осы алаңға кейін салынған Республика Сарайы, 

«Арман» кинотеатры, «Қазақстан» қонақ үйін жобалаған сəулетшілер 

де Абай ескерткішінің тасаланып қалмауын көздеді. Нəтижесінде, 

қазір бұл алаң тек Абай ескерткіші емес, тұтас архитекторлық 

ансамбльдің көрнекті үлгісі болып тұр. Алматыдан кейін Абай 

ескерткіші 1968 жылы Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Абай 

кеңшарында (мүсінші – П.Е. Куценко), 1971 жылы Семей облысы 

(қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Абай поселкесінде (мүсінші – 

В.Ю. Рахманов) жəне 1977 жылы Семей қаласында (мүсінші – Д.Г. 

Элбакидзе) тұрғызылды.



Мұхтар Əуезов ескерткіші

Ұлы жазушы М.Əуезовке қойылған алғашқы ескерткіш 

1967 жылы Алматы қаласындағы Қазақ академиялық опера 

жəне балет театры жанындағы алаңға қойылды (мүсінші – 

Т.Досмағамбетов, архитектор – М.Меңдіқұлов). Шойыннан 

құйылған ескерткіш-мүсіннің тұғыры баспалдақ түрінде 

жасалған. Биіктігі – 6 м. 

Екінші ескерткіш 1980 жылы Алматы қаласындағы Қазақ 

академиялық драма театры алдына орнатылды (мүсінші – 

Е.Сергебаев, архитектор – О.Баймырзаев, М.Жақсылықов 

жəне А.Қайнарбаев). Оған 1982 жылы Қазақстанның 


516

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры қара сұр граниттен 

қаланған. Биіктігі – 6,8 м. Жазушы терең ой құшағында бейнеленген, оң қолында кітабы, 

желбегей жамылған шапаны бар. Ескерткіш театр ғимаратымен əсем үйлесім тапқан. 

1987 жылы ұлы жазушының туғанына 90 жыл толар қарсаңда Семей қаласында Ертіс 

өзенінің бойына тағы бір ескерткіш тұрғызылды. Қоладан жасалған мүсін ескерткіштің 

биіктігі – 5 м (мүсінші – Т.Досмағамбетов, архитекторы – А. Қайнарбаев).

Кенесары хан ескерткіші

Астана қаласында Есіл өзенінің жағасына 2001 жылы 

Кенесары ханға ескерткіш орнатылды. Қоладан құйылған 

ескерткіштің биіктігі – 7 метр. Граниттен қойылған тұғырының 

биіктігі – 8 метр. Айналасындағы басқа ғимараттармен жақсы 

үйлесім тапқан. Мүсіншісі – Н.Далбай, архитекторы – Шота 

Уəлиханов.

Жамбыл Жабаев ескерткіштері

Тараз қаласында Жамбыл Жабаев атындағы алаңда 

1961 жылы Жамбыл ескерткіші орнатылған. Ақын 

ұлттық киімде, сол қолына домбыра ұстап тұрған 

күйінде кескінделген. Мүсін мыс араластырылған 

шойын қоспасынан құйылып, қола жалатылған. 

Тұғыры төрт бұрышты биік етіп жасалып, қызғылт 

гранит тақталармен қапталған. Мүсіннің биіктігі 

– 5 метр. Сəулетшісі – В.Сощенко, мүсінші – 

Х.Наурызбаев. 

Алматы қаласындағы Жамбыл көшесі мен Достық 

даңғылы қиылысында Жамбылға арналған тағы да 

бір белгілі ескерткіш орналасқан. Бұл ескерткіш 

1996 жылы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығын 

əлемдік деңгейде атап өту қарсаңында орнатылған. 

Ескерткіш мөлдір бұлақ жағасында қолына домбыра 

ұстап отырған ақын тұлғасын бейнелейді. Қоладан 

құйылған мүсіннің биіктігі – 3 м, тұғырының биіктігі 

– 1 метр. Мүсіншісі – Б.Əбішев, сəулетшілері – 

С.Баймағамбетов, С.Фазылов, Т.Ерғалиев. 



517

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Əліби Жангелдин ескерткіші

1975 жылы Алматы – 1 темір жол вокзалы алаңында белгілі мемлекет қайраткері Əліби 

Жангелдинге ескерткіш-мүсін орнатылған. Мүсін қоладан құйылып, өрнекті белдікпен 

жиектелген мəрмəр тұғырға орнатылған. Жалпы биіктігі – 11 метр. Мүсіншілері – 

Т.Досмағамбетов пен О.Г. Прокопьева, сəулетшісі – Шота Уəлиханов. Өзі орналасқан 

алаңның келбетіне жарасымды, вокзал үйімен үйлесім тапқан.



Бауыржан Момышұлы ескерткіші

Қазақстандағы əйгілі ескерткіштердің бірі – 

Тараз қаласының орталығында, Жамбыл облыстық 

Қазақ драма театрының алдына қойылған Бауыржан 

Момышұлы ескерткіші. Халық батыры Бауыржан 

Момышұлының батыл кейпін сомдаған бұл ескерт-

кіш айрықша тартымды етіп жасалған. Ескерткіш 

2000 жылы орнатылған. Мүсіні қоладан құйылып, 

тұғы 

ры граниттен қойылған, оның етегіндегі 



бас 

палдақ 


тар жалтыратылған қызыл граниттен 

жасалған. Мүсіннің биіктігі – 4,6 метр, тұғыры – 

3,3 метр. Тұғырдың бетіндегі гранит тақташаға 

батырдың «Жұлдызы» салынып, «Бауыржан 

Момышұлы» деп жазылған. Мүсіншілері – 

Д.Əлдеков, Н.Рүстемов, сəулетшілері – С.Дембай, 

Н.Баекеев. 

«Тəуелсіздік» монументі

ХХ ғасырдың аяғындағы қазақ елінің егемендігі мен тəуелсіздігінің айғағы саналатын 

«Тəуелсіздік» монументінің орны айрықша. Ол Республика алаңында орналасқан. 

«Тəуелсіздік» монументі еліміздің тəуелсіздігіне 5 жыл, Желтоқсан оқиғасына 10 жыл 

толуына орай 1996 жылы 16 желтоқсанда ашылды. «Тəуелсіздік» монументінде қазақ 

халқының ежелгі тарихы мен қазіргі кезеңі тұтас қамтылған. Монумент Қазақстандағы 

ғана емес, əлемдегі көрнекті ескерткіштердің бірі болып саналады.

Ескерткіштің архитекторы – Ш.Уəлиханов, мүсіншілері – Н.Далбай, Ə.Жұмабаев, 

сəулетшілері – Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев, т.б. бас конструкторы – С.П. Каламкаров. 

Ескерткіштің діңгегі тастан құралып, оның биіктігі 28 метрге жетеді. Оның үстіңгі 

жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол 


518

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

қолында садағы, белінде қанжары мен жебелері бар қорамсақ 

асынып алған дулығалы жас сарбаздың тұлғасы бейнеленген. 

Оның биіктігі 6 метр, ал салмағы 4 тонна болады.

«Тəуелсіздік» монументінің екі жағын айнала қазақ халқының 

сонау сақтар дəуірінен тəуелсіздіктің жариялануына дейінгі 

тарихи кезеңдерін көрсететін бейнелер жасалынған. Діңгектің 

төрт жағында төрт мүсіндік бейне: дала данасы – ақылгөй абыз ата 

мен жүрегі мейірімге толы ақ жаулықты Жер-ана жəне олардың 

алдыңғы жағындағы құлыншаққа мінген бала мен қыздың 

бейнесі орналасқан. «Тəуелсіздік» монументі ұлттық сəулет өнері 

тарихында ерекше орын алады. 



АТАҚТЫ СƏУЛЕТШІЛЕР 

МЕН МҮСІНШІЛЕР 

Шота Уəлиханов

Уəлиханов Шота Ыдырысұлы – Қазақстанның 

еңбегі сіңген архитекторы, Қазақстанның құрметті 

сəулетшісі, профессор. Ол 1932 жылы қазіргі Ақмола 

облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауданында 

туылған. 1956 жылы Мəскеудегі архитектура 

институтын бітірген. Шота Уəлиханов басқа 

архитекторлар жəне мүсіншілермен бірге бірнеше 

ірі ғимараттардың, 20-дан астам монумент пен 

ескерткіштердің авторы болып табылады. Солардың 

ішінде Алматы қаласындағы «Динамо» стадионы, 

«Универсам» дүкені, «Казгипрозем» институтының 

ғимараттары жəне Абай, Ш.Уəлиханов, Ə.Жангелдин, 

Ғ.Мұратбаев, «Тəуелсіздік» монументі, т.б. 

ескерткіштер бар. 

Ол – Қазақстанның архитектурасы туралы 

көптеген іргелі еңбектердің де авторы. 


519

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Малбағар Меңдіқұлов

Малбағар Меңдіқұлов (1909 – 1986) – қазақ халқынан 

шыққан тұңғыш архитектура профессоры, Қазақстанның 

еңбек сіңірген сəулетшісі, Алматы қаласының тұңғыш бас 

архитекторы. Ол Орынборда дүниеге келген. Ташкенттегі 

Ортаазиялық индустриалды институттың архитектура 

факультетін бітіріп, сонда еңбек жолын бастаған. 1941 

жылы Ташкент қаласының бас архитекторы қызметін 

атқарған. Навои даңғылын жəне Ташкент каналын салған. 

Малбағар Меңдіқұлов – Алматы қаласындағы «Неке 

сарайы», Ж. Жабаевтың, М. Əуезовтың ескерткіштері мен 

тағы басқа ғимараттардың авторы. Қазақ архитектурасын 

өркендету, зерттеу саласында 70-тен астам ғылыми еңбек, 

4 монография, «Қазақ архитектурасының тарихы» деген 

екі томдық кітап жазған.

Хакімжан Наурызбаев

Хакімжан Есімханұлы (1925) – Қазақстанның 

тұңғыш кəсіби мүсіншісі, халық суретшісі. Ол Қостанай 

облысында дүниеге келген. Харьковтағы көркемөнер 

институтын бітірді. Алматы қаласындағы көркемсурет 

училищесінде тұңғыш рет мүсіншілер үйірмесін 

ұйымдастырып, сонда сабақ береді.

Хакімжан – бірнеше мүсіндік портреттердің авторы. 

Алматыдағы «Абай» (қола, 1960 ж.), «Шоқан» (қола, 

1969 ж.), Тараз қаласындағы «Жамбыл» (шойын, 1963 

ж.), «Салт атты Жамбыл» (қола, 1958 ж.) жəне тағы 

басқа монументті ескерткіштердегі бейнелерді шынайы 

суреттеді.

Гипс пен мəрмəрден жасалған кейіпкерлерінің 

жан дүниесін терең əрі жан-жақты аша білді. X. 

Наурызбаевтың еңбектері Қазақстанның көркем-сурет 

галереясында сақтаулы.


520

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Төлеген Досмағамбетов

Досмағамбетов Төлеген Сəбитұлы – мүсінші, 

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. 

Ол 1940 жылы Солтүстік Қазақстан облысы 

Уəлиханов ауданы Мұртық ауылында дүниеге 

келген. Алматы көркемсурет училищесін (1959), 

Ленинград кескіндеме, мүсін жəне архитектура 

институтын бітірген (1965). 

Т.Досмағамбетов – мүсіндік портреттер 

мен көптеген ескерткіштердің авторы (басқа 

да мүсіншілермен бірге). Олар: М.Əуезов 

(Алматы, Семей), Ш.Уəлиханов (Көкшетау), 

Ғ.Мұратбаев (Алматы), Д.Қонаев (Алматы), 

Қ.Сəтбаев (Алматы), А.Байтұрсынов (Қостанай), 

І.Жансүгіров (Талдықорған), т.б. Ə.Жангелдиннің 

ескерткіші үшін 1976 жылы Қазақстанның 

Мемлекеттік сыйлығын алған.

Сергебаев Ескен Аманжолұлы – мүсінші, 

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 

1940 жылы Алматыда туылған. 1969 жылы қазіргі 

Санкт-Петербург қаласындағы кескіндеме, мүсін 

жəне архитектура институтын бітірген. 

Е.Сергебаев мүсін өнерінің қондырғылы, 

монументті, монументті-безендіру салаларымен 

айналысады. Ол – Абай (ағаш), М.Əуезов (мыс), 

əл-Фараби (Оңтүстік Қазақстан облысы, мыс) 

мүсіндерінің авторы. Сондай-ақ Н.Байғаниннің 

(Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, бетон), 

І.Жансүгіровтың (бұрынғы Жансүгіров ауылы, 

қола) М.Əуезовтың (Алматы, қола мен гранит) т.б. 

ескерткіштерін жасаған. М.Əуезовтың ескерткіші 

үшін 1982 жылы Қазақстанның Мемлекеттік 

сыйлығын алған.

Ескен Сергебаев


521

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

МҰРАЖАЙЛАР

Ескерткіштерді, өнер туындыларын, мəдени құндылықтарды т.б. мұраларды сақтап, 

жинақтап, өзгелерге таныстыратын мекеме мұражай деп аталады. Мұражай заттық 

жəне рухани жəдігерлерді танытуда, зерттеп, оның нəтижелерін насихаттауда маңызды 

рөл атқарады. 

Мұражай негізгі бағыты жағынан: тарихи мұражайлар, көркемөнер мұражайы, 

жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражайлар, кешенді мұражайлар, мемориалдық 

мұражайлар болып бөлінеді. Мұражайларда жəдігерлерді жинау, есепке алу, сақтау, қайта 

қалпына келтіру, зерттеу нəтижелерін тарату бағытында қыруар еңбектер атқарылады. 

Қазақстанда – Оңтүстік мемлекеттік мұражайы (1930), Ə.Қастеев атындағы 

Республикалық өнер мұражайы (1935), Президенттік мəдени орталық (2000), 

Мемлекеттік алтын жəне асыл металдар мұражайы (1994), Қазақстан ҒА Археология 

мұражайы (1973), Ұлттық валюта мұражайы (1993), Кітап мұражайы (1978), Ықылас 

атындағы Республикалық халық саз аспаптар мұражайы (1980), «Əуезов үйі» ғылыми 

орталық мұражайы (1962), т.б. мұражайлар жұмыс атқарады. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Орталық мұражайы

Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік Орталық мұражайы 

– Орта Азиядағы ең ірі де көне 

мұражайлардың бірі. Ол 1925 

жылы Қазақ өлкелік Орталық 

мұражайы болып құрылды. 

1929 жылы Алматы қаласына 

көшіріліп, Жетісу губерниялық 

мұражайымен біріктірілді. 1944 

жылдан ол қазіргі атымен атала 

бастады. Алматы қаласындағы 

мұражайдың жаңа ғимараты 1985 жылы салынды. Оның қорында Қазақстанның ежелгі 

дəуірінен бастап қазіргі күнге дейінгі тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам 

жəдігерлік бұйым жинақталған. 

Мұражайдың археология қорындағы сирек кездесетін жəдігерлер – ежелгі обалар мен 

көмбелерден табылған қола, күміс, алтын бұйымдардың жасалу мəнері бағзы дəуірдегі 

бабаларымыздың мəдени жетістіктерін көрсетеді. 



522

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Мұражайда Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі көшпелілердің тұтынған 

алуан түрлі бұйымдарының жиынтығы бар. Археология қорында Қазақстанның көне 

қалаларының материалдық мəдениетінен мəлімет беретін заттар, түркі жауынгерлерінің 

қару-жарақтары, Ұлы Жібек жолы арқылы жеткен шет ел тауарлары мол. Қазақстан 

жерінен табылған көне түріктерге қатысты тас мүсіндер, балбалдар, ескерткіштер, 

бітік тастар жиынтығы да мұражай қорында сақтаулы. Мұражайда Қазақстанның əр 

өңірінен жинақталған халқымыздың материалдық мəдениетінің ескерткіштері, түрлі 

шаруашылық жəне тұрмыстық бұйымдары, əшекейлер, ұлттық киім-кешектер, ыдыс-

аяқтар, кілем, алаша, сырмақ, тұскиіз секілді этнографиялық мүліктер сақталған. 

Мұражай қоры жыл сайын жаңа бұйымдармен толықтырылып келеді.

Қазақстан Республикасының 

Президенттік мəдениет орталығы

Астана қаласындағы ғылыми жəне мəдени-ағарту мекемелерінің бірі – Президенттік 

мəдениет орталығы. Орталық 2000 жылы 24 қазанда ашылды. Ол жұртшылықты Қазақ-

стан халықтарының тарихи-мəдени жəдігерлік мұраларымен, сондай-ақ дүниежүзілік 

мəдениет жəне өнер жауһарларымен жүйелі түрде таныстырып отыруды мақсат тұтады. 

Онда тарихи мұражай, көпшілік кітапхана мен концерт залы орналасқан. 

Мұражайлар ғимараттың бес қабатына бөлінген. 1-ші қабатында «Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік атрибуттары мен символикасы», «Қазіргі Қазақстанның 

саяси-қоғамдық өмірі» жəне Этнография залы орналасса, 2-ші қабатында Археология 

галереясы, «Ежелгі Қазақстанның көшпенділер мəдениеті» мен «Алтын жəне асыл 

металл бұйымдар» залы, ал 3-ші қабатында Тарих галереясы, 4-ші қабатында «Егемен 

Қазақстан», 5-ші қабатында Бейнелеу өнері галереясы орын тепкен. Мұражай тарих 

пен мəдениет ескерткіштерін жинап, сақтау жұмыстарын жүргізеді. 

Дүние жүзі елдерінің 40 тіліндегі 700 мың кітап қоры жинақталған орталық 

кітапханасы республикадағы ең бай кітапханалардың бірі болып саналады. 

Археология мұражайы

Археология мұражайы Қазақстандағы археологиялық 

қазбалар кезінде табылған көне заман мұраларын сақтап, 

зерттейтін мекеме болып табылады. Бұл мұражай 1973 

жылы Тарих, археология жəне этнография институтының 

жанынан ашылған. Мұражайдың негізгі мақсаты – 

Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамының ежелгі дəуірінен 

бастап, кейінгі орта ғасырға дейінгі аралықтағы даму 

жолын заттай деректер арқылы көрсету. Мұражайда 


523

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде жəне кездейсоқ табылған көптеген 

ескерткіштер сақталған. 

Мұражай бұйымдары үлкен төрт бөлімге бөлінген. Олар өз ішінде кезеңдер мен 

аудандарға жіктеледі. Көрменің бірінші бөлімі «Алғашқы қауымдық қоғам мен 

оның ыдырауы» тақырыбына арналған. Мұнда Қазақстан аумағында тас дəуірінде 

пайдаланылған тастан жасалған құралдар мен қарулар, сəндік бұйымдар қойылған. 

Қола дəуірінің ескерткіштеріне арналған екінші бөлімде Андрон мəдениетінің, Беғазы-

Дəндібай мəдениетінің бұйымдары қойылған. Мұражайдың келесі бөлімі ерте темір 

ғасырына (б.з.б. VІІІ ғасыр – б.з. V ғасыры) арналған. Бұл бөлімнен қаруларды, ат 

əбзелдерін, сүйектен жасалған бұйымдар мен қоладан құйылған аңдардың бейнелерін, 

т.б. құнды ескерткіштерді көруге болады. Орта ғасырлардағы алуан түрлі ескерткіштер 

мұражайдың төртінші бөліміне жинақталған. Бұл бөлімнен қазақ жеріндегі 

ортағасырлық қалалардың орындарына жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде 

табылған көптеген бұйымдарды тамашалауға болады. 

Абайдың əдеби-мемориалдық мұражайы

Абайдың əдеби-мемориалдық мұражайы – Абайдың əдеби мұрасын сақтап, 

насихаттауға арналған тарихи-мəдени мекеме. Ол Семей қаласында орналасқан. Абай 

жақын ағайындарын жұмылдырып, 1892 жылы Əнияр Қожабайұлы Молдабаевқа 

қаладан үй сатып əперген. Сол үй Абай, Шəкəрім, Көкбай, Ақылбай, Əбдірахман, 

Тұрағұл, Мағауия, Кəкітай т.б. қалаға келгенде қонатын үйіне айналған. Комиссар 

көшесіндегі № 116 үйде кейін де ел зиялылары, алаш азаматтары бас қосып, жиын 

өткізетін болған. Əнияр Молдабаевтың екі қабатты осы үйі 1940 жылы сəуірде Абайдың 

туғанына 95 жыл толу мерекесі қарсаңында Абайдың əдеби-мемориалдық мұражайына 

айналдырылды. Мұражай қорында 13 мыңға жуық (оның ішінде 7500-і негізгі қор 

саналады) құнды жəдігерлер қойылған. Абайдың өзі 1885 жылы Семейдегі тарихи-

өлкетану мұражайы қорына тапсырған байырғы ұлттық бұйымдар, ақын шығармалары, 

алғашқы кітаптары, Абайдың дүние жүзі халықтары тілдеріне аударылған өлеңдері, 

Абайдың əдеби мектебінің аса ірі өкілдерінің шығармалары, сондай-ақ абайтанушы 

ғалым-зерттеушілердің бірегей еңбектері сақтаулы тұр.

1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет