Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



жүктеу 0.65 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата23.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

501

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

ЕЖЕЛГІ ҚҰРЫЛЫСТАР

Көне обалар

Ежелгі дəуірлерден сақталған сəулет өнері ескерткіштерінің бірі – жерлеу орны 

болып табылатын көне обалар. Олар қабір үстіне тастан, топырақтан немесе осы екеуін 

белгілі бір ретпен араластыра үйінді етіп тұрғызу арқылы жасалады. Обаның астынан 

шұңқырлап, ағаштан қиюластырып немесе тастан қалап қабірхана жасалынады. 

Қазақстан өлкелерінде сан мыңдаған түрлі дəуір обалары бар. Сақ дəуірінен бастап 

үлкен «патша обалары» күрт көбейді. Тарих, археология ғылымдарына баға жетпес 

деректер берген Есік обасы («Алтын адам»), Бесшатыр, Шілікті обасы, Тасмола, Берел 

қорымы, Сынтас, Бесоба қорымы еліміздің бірегей ескерткіштеріне жатады.

Құлпытас

Бейітке қойылатын тас белгіні құлпытас деп атайды. Құлпытастың көптеген түрлері 

бар. Ғұн заманы, түркі, қыпшақ, түргеш дəуірлерінде адам бейнесінде қашалған 

құлпытастарды қою дəстүрі кең жайылған. 

Ислам дінінде қабір басына белгі қоюға рұқсат етілгенімен, аса үлкен құлпытас қойып, 

оған адамның, малдың немесе əлдебір заттың суретін бейнелеуге тыйым салынған. 

Сондықтан кейінгі кезеңдерде бейнелі құлпытастар орнына құлпытастарға өрнектер 

салу, Құран сүрелері мен аяттар жазу орын алды. Құлпытастарды əрлеу, нақыштау, 

бедерлеу ісі сол кезеңде өмір сүрген халықтың қолөнері, салт-дəстүрі, əдет-ғұрпынан 

хабар береді.



502

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Кесене

Қабір, бейіт, зират, мола басына салынған күмбезді ескерткішті кесене деп атайды. 



Күмбез

Кейбір ғимараттар мен құрылыстардың төбесінің тіреусіз дөңес етіп жабылғанын 

көруге болады. Мұны күмбез деп атайды. Күмбез көбінесе шеңберленіп, кейде 

көп қырлы етіп жасалады. Күмбез ғимарат төбесін жаба отырып, үстіңгі салмақтың 

қабырғаға біркелкі таралып түсуін қамтамасыз етеді. 

Күмбез жасау б.з.б. ІІІ ғасырдан белгілі. Күмбез жасау ісі алғашқыда шыбықтарды 

иіп, балшықпен сылап, күрке жасау негізінде пайда болған. Уақыт өте келе күмбезді 

тастан жəне кірпіштен қалап жасайтын болған. Дөңес əрі үшкілденіп келетін күмбез 

жауын-шашыннан жақсы қорғайтын. Күмбез арқылы ғимараттың төбесін тіреусіз жабуға 

болатындығы жəне күмбездің ғимараттың сырт пішінін əсем əрі биік етіп көрсететін 

қасиеті оны кеңінен пайдалануға себеп болды. 

Төбесі күмбезбен жабылған мазарларды да қазақтар күмбез деп атайды. Қазақстанда 

бүгінгі күнге дейін сақталған күмбезді ғимараттар қатарына Жошы хан күмбезі, Алаша 

хан күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, т.б. көптеген мазарлар 

жатады. Кейінгі жылдары да Қазақстанда төбесі күмбезді көптеген ғимараттар: 

«Арыстан» емдеу-сауықтыру кешені, Оқушылар сарайы, Қазақтың Мемлекеттік 

орталық мұражайы, Ақтаудағы сауда-орталық ғимараты, Алматыдағы Орталық мешіт, 

Астанадағы Президент салтанат сарайы, т.б. салынды.



503

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Мазар

Мазар – қаза болған адам қабіріне тұрғызылатын 

сəулет ескерткіші. Қазақ жерінде мазар тұрғызу 

дəстүрі ежелгі көшпелілер дəуірінен (андронов 

мəдениеті, сақ дəуірі) бастау алған. Оның ең 

ертедегі үлгісіне Баланды-2 ескерткішін (б.з.б. IV 

– ІІ ғғ.) жатқызады. Қазақстандағы Қозы-Көрпеш 

– Баян сұлу, Алаша хан, Бабажы қатын кесенелері 

ортағасырлық мазар саналады. Мазарлар Маңғыстау 

түбегінде жəне Батыс Қазақстанда көп кездеседі. 

Қазақ жеріндегі мазарлардың пішіні, негізінен, шаршы немесе шеңбер үлгісінде 

келіп, төбесі күмбезделіп өрілетін болған. Қабырғасы шикі немесе күйдірілген 

кірпіштен қаланған. Ислам діні мен мəдениетінің өркен жаюына байланысты мазардың 

қабырғалары мен маңдайшаларына аят жəне хадис үзінділері жазылып, қабір басына 

құлпытас қойылатын болды.

СƏУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ІНЖУ-МАРЖАНДАРЫ 

Асан ата  кесенесі

Қазақ жері əулие-əнбиелер құрметіне тұрғызылған 

мазар, күмбез, кесенелерге бай. Сондай кесенелердің 

бірі – Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Жеті 

əулие» қорымындағы Асан ата кесенесі. Ол ел аузында 

Асан Қайғының мазары делінеді. Асан Қайғы XIV 

ғасырдың соңы – XV ғасырдың басында өмір сүрген 

ақын, жырау əрі би ретінде танылған тұлға. Қазақтың 

алғашқы хандары Керей мен Жəнібектің ақылшысы 

болған. 


Халқының қамын ойлап, күңіренген оны халық Асан Қайғы деп атап кеткен. Асан 

Қайғы жеті жыл еліне жайлы қоныс іздеп, қазақ жерін түгел шолып шыққан. Көптеген 

жерлерге өзінің сын, бағасын берген. Асан Қайғыны халық қадір тұтып, қабірінің 

басына ескерткіш-кесене тұрғызған. Ғасырлар бойы сақталған кесене сəулет өнерінің 

тамаша туындысы ретінде белгілі. Кесене күйдірілген қызыл кірпіштен биіктігі 7,60 м 

етіп салынған. Іргеліктен 3 м жоғары кірпіштерді тігінен өріп, белдеу жасаған. Асан ата 

кесенесі 1982 жылдан мемлекет қорғауына алынды. 


504

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Қорқыт ата күмбезі 

Қорқыт дананың қабірі қай жерде екенін тап басып айту 

мүмкін емес. Оның мазары туралы көнекөз адамдардың 

əрқайсысы əр түрлі айтады. Неғұрлым анығы һəм 

атақтысы – Сырдарияның төменгі ағысындағы Қармақшы 

қыстағының маңындағы мазар. Осы мазар ұзыннан 

созылған сегіз қырлы үлгіде, төбесі күмбезделіп салынған. 

Бұрыштары оюлармен өрнектелген. Мазарға жалауы бар 

ұзын сырғауыл қойылған. Өкінішке орай, Сырдарияның 

ағынды суы бұл күмбез бен қабір басындағы белгіні 

баяғыда шайып жіберген. Қазір сол жерге жаңа күмбез 

салынған. 

Қорқыттың күмбезді мазарынан əр кез қобыз күйі естіліп 

тұрған деседі. Оның жаңа кесенесі төрт қобыз бір-біріне 

сүйеніп тұрғандай етіп биікке салынған, одан қобыздың 

сырлы əуезі шығып жатқандай болады.



Алаша хан күмбезі

Ұлытау өңіріндегі көптеген сəулеттік 

ескерткіштердің ішіндегі шоқтығы 

биік, тұлғалы туындысы Алаша хан 

күмбезі. Алаша хан күмбезі Ұлытаудың 

Қаракеңгір өзенінің жағасында биік 

жотаның үстінде тұр. Күмбездің 

нақты қай кезде салынғаны белгісіз. 

Ғалымдар күмбезді Қарахан əулеті 

заманында (X  XIII ғғ.) салынған сəулет 

өнерінің ескерткіші деген пікір айтады. Күмбездің биіктігі  10 метр. Ол күйдірілген 

қызыл кірпіштен қаланған. Кіреберіс сол жақ бұрышындағы баспалдақ арқылы жоғары 

көтеріліп, кесене үстіне шығуға болады. Күмбездің сырты əр түрлі кірпіштерден 

геометриялық өрнектер жасау арқылы көркемделген. Порталы мен күмбезі жұқа сырлы 

қаптамалармен қапталған екен. Бірақ олар бүгінгі күнге дейін сақталмаған. 

Халық арасында Қорқыт қобыз бен күйдің атасы саналады. Ол өзі ойлап тапқан 

қобызбен күй тартып, ажалды жолатпаған екен. Қорқытты ел шежіресінде мəңгілік 

өмір жыршысы, бақсылардың атасы, ұлы сазгер ретінде қастерлейді.



505

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Алаша хан туралы көптеген аңыздар бар. Қазақ аңыздарында Алаша хан түркі 

тайпаларының басын қосқан хан ретінде танымал. Ғалым Шоқан Уəлихановтың 

жазбаларында мынадай жолдар кездеседі. «Түркістанның Қызыл Арслан деген ханы 

баласы алапес болып туылғандықтан, оны ұнатпай «Алаша» деген ат беріп, Сыр 

бойынан Арқаға жер аударып жібереді. Бала өсіп ержеткен соң, оның қасына жігіттер 

жиналып, елде беделі артады. Алаша білімпаз, кемеңгер кісі болғандықтан, жұрт оны 

қадірлеп хан көтереді».



Қозы-Көрпеш – Баян сұлу мазары 

Қазақ даласында ғасырлар бойы айтылып келе 

жатқан ең ескі аңыз-жырлардың бірі – Қозы-Көрпеш 

– Баян сұлу. Олардың күмбезі Семей облысыңдағы 

Аягөз өзенінің оң жағасында Таңсық ауылында 

орналасқан. Бұл – VІ – VІІ ғасырлардағы көне түрік 

заманынан қалған ескерткіш. Мазар шошақ күмбезді, 

қалақ тастан төрт қырлы етіп салынған. Биіктігі – 12 

метр. Ертеде оның жанында қолдарына қасиетті құты 

(ыдыс) ұстаған 3 əйел адамның (Баян сұлу, апалары Ай 

мен Таңсық) жəне бір ер адамның (Қозы-Көрпеш) тас 

мүсіндері болған деседі.

Жырда Баян сұлу мен Қозы-Көрпештің махаббаты, бір-біріне деген 

шын сүйіспеншілігі, аз уақыт қызық көріп, дүниеден ерте кеткендігі 



Айша бибі мазары 

Халық аңызы бойынша, Айша бибінің көркіне ақылы сай сұлу болған. Қарахан 

елінің батыры Айшаға ғашық болады. Қыз да жігітті ұнатып жүреді. Тойға жақын 

қалғанда шығыстан шапқан жауға батыр аттанып кетеді. Сол соғыстан қайтып келе 

жатқан жігітті Айша күтіп алмақшы болып, қарсы шығады. Асы өзеніне келіп, Айша 

бибі суға шомылмақшы болады. Судан шығып, киімін киіп жатқанда сəукеле ішіне кіріп 

кеткен жылан қызды шағып алады. Өлер алдында батыр екеуі жолығып, некелеседі. 

Батыр жігіт сүйген жары Айшаға арнап зəулім күмбез орнатыпты. Осы күмбез Тараз 

қаласының маңында орналасқан.

жайында жəне ғашықтардың бақытты өмірлеріне кедергі болған опасыз Қодар туралы 

жырланады. Аңыз бойынша, мазардың ішіне екі гүл өсіп, ортасына тікенек шығады 

екен. Екі гүл – екі ғашық – Қозы мен Баян, ал тікенек – Қодар.



506

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Ғимараттың сақталған жалғыз қабырғасының 

өзін зерттеу барысында XI – XII ғасырларға 

тəн құрылыстың ою-өрнектерінің əсемдігіне, 

құрылысшылардың шеберлігіне таң қаларлықтай. 

Ғимараттың төрт қабырғасы да əшекейлі 

етіп оймышталған кірпіштермен бір-біріне 

үшкілдеп, қиыстыра қаланған. Есік-терезелерінің 

маңдайшалары шығыс үлгісінде текшелене өріліп, 

шатыр арқалығымен байланыстырылған. Бұлардың 

барлығы да өрнекті тақташалармен көмкерілген. 

Айша бибі мазарындағы қолданылған ою-

өрнектер бүкіл қазақ даласына тəн құрылыстарды 

безендірудің жиынтығы деуге де болады. Мазар 

қабырғасының сырт бетіне қаланған төрт бұрышты 

кірпіштерге ойылып салынған ою-өрнектер үлгі-



Бекет ата мешіті 

Бекет ата 1650 жылы Жем өзені 

бойындағы Ақмешіт деген жерде туылған. 

Ол қасиетті дарынымен елден ерекше 

болған. Тауды қашап жер асты мешітін сал-

ған. Ел арасында ақыл-парасатымен, иман-

дылығымен, əділдігімен «əулие» деген атқа ие 

болған ірі тұлға. Маңғыстаудағы аса киелі жер 

–  Оғландыдағы Бекет атаның мешіті. Ел аузында 

Бекет ата туралы аңыз, шежірелер өте көп. Бекет атын 

ауызға алған адам қандай қиыншылықтан болса да жол 

тауып шығатындай көрінеді. Ол салған мешіт қасиетті орын 

ретінде қадірленіп сақталып келеді.

бітімі жағынан бірдей болғанмен, көлемінде ептеп 

те болса ауытқу бар. Мұның өзі əрбір кірпіштің 

қалыпта құйылмай, қолдан ойылғанын көрсетеді. 

Бүгінде туған өлкеміздегі сəулет өнерінің інжу-

маржандарының бірі – Айша бибі мазарын қалпына 

келтіру жұмыстары жүргізілді.


507

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Арыстан баб кесенесі 

Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы 

ретінде кеңінен танымал. Ислам дінінен басқа отыз үш дінді білгені жəне əулие кісі 

болғаны жайлы халық арасында аңыз бар.

Арыстан баб кесенесінің ең көне бөлігі – қабірхана шамамен ХІІ ғасырда салынған. 

XIV ғасырда мазар қайта қалпына келтірілген. Кесененің салынуы жайында мынадай 

аңыз тараған. 

Мəуереннахр билеушісі Əмір Темір Қожа Ахмет Иасауидің құрметіне кесене 

тұрғызуға жарлық етеді. Кесененің қабырғалары қаланып болған түні алып өгіз келіп, 

дуалдарды мүйізімен соғып, құлатып кетеді. Кесене қабырғалары қайта тұрғызылып, 

күмбездері қаланғанда əлгі оқиға тағы қайталанады. Осындай оқиғалардан кейін Əмір 

Темірдің түсіне ақ киімді қария кіріп: «Алдымен Қожа Ахметтің алғашқы ұстазы 

– Арыстан бабтың қабірінің үстіне мазар сал», – дейді де ғайып болады. Ертеңінде 

Əмір Темір Арыстан баб əулиенің қабірінің басына кесене тұрғызуға жарлық береді. 

Ол салынып біткенде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің құрылысы 

ойдағыдай аяқталады. Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысы аймағындағы көне Отырар 

жерінде Арыстан баб кесенесі бой көтереді. 

Кешен ХХ ғасырларда жергілікті халықтың қаражатымен қайта өңделген. Дəліз-

қақпа маңдайшасындағы мəрмəр тақтаға һижра бойынша 1327 жыл деп соңғы құрылыс 

жүрген  уақыты көрсетілген. 

Кесене дəлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелер 

мен қабірханаға бөлінген. Арыстан бабтың əулиелігін халық мойындаған. Сондықтан 

бүгінгі күнге дейін бейсенбі сайын əулие басына түнеп, ғибадат етушілер кездеседі. Ел 

арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. 



508

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Қарахан кесенесі

Cəулет өнерінің тамаша туындыларының бірі – 

Қарахан кесенесі. Ол Тараз қаласындағы «Ежелгі 

Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайында 

орналасқан. Кесене Қарахан əулетінен шыққан 

хан Ша-Махмұд Бұғра Қарахан қабірінің басына 

орнатылған.

Аңыз бойынша, Қарахан Айша деген қызға 

ғашық болыпты. Бірақ жаугершілік заман екеуінің 

қосылуына кедергі болған көрінеді. Ақыры, 

екеуі қосылуға серттесіп, қыз Қараханның 

ауылына қарай жол тартады. Жолда Айша бибі 

суға шомылып шығып, киімін киіп жатқанда сəукеле ішіне кіріп кеткен жылан қызды 

шағады. Қарахан есінен танып, əлсірей бастаған Айшаны молдаға апарып, некесін 

қидырады. Айша бибі осы жерде батырдың қолында көз жұмады. Сөйтіп, Айша бибінің 

қайтыс болған жеріне мазар тұрғызады. Қасынан Қарахан өзіне де мазар салғызады. 

Қарахан есімі ел арасында беделді, əулие кісі ретінде танылған. Содан оның мазары 

ел ішінде «Əулие ата күмбезі» аталған жəне шамамен ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ 

ғасырдың басына дейін қазіргі Тараз қаласы Əулиеата атанған. 

XI ғасырда салынған «Əулие ата күмбезі» ХХ ғасырдың басына дейін сақталған. 1906 

жылы көне күмбездің орнына жаңа кесене тұрғызылды. Күмбездің ұшар басына оюлы 

ағаш діңгек қойылып, бөлменің ішіне бесік тəрізді сағана орнатылған. Ғимараттың 

солтүстік-шығыс бұрышынан төбесіне шығатын баспалдағы бар. Кіреберіс тепкішектің 

үстінде төрт аласа шырақасты бағандары болған. 1979 жылы Қарахан кесенесіне жөндеу 

жұмыстары жүргізілді. 

Баб Ата күмбезі

Баб Ата күмбезі – қазақ даласындағы шежірелі жерлердің бірі. Баб Ата (Ысқақ баб) 

Түркістан өлкесіндегі беделді дін иелерінің бірі болған. Оның қабірінің басындағы 

құлаған көне мазарының орнына ХІХ ғасырда жаңа күмбез салынды. Күмбез күйдірілген 

шаршы кірпіштен ортағасырлық үлгіде бой көтерген. Құрылыстың астыңғы негізгі 

бөлмелері төртбұрышты. 

Кесененің бас күмбезі биік етіп тұрғызылған. Шағындау екінші күмбез де осы 

үлгіде қаланған. Баб Ата күмбезінде намаз оқитын үлкен бөлме, сағана, діни-рəсімдік, 

т.б. бөлмелер бар. Бөлмелер сыланып, əктеліп, өрнектелген. Күмбездердің ішкі жағы 

жазулармен көмкеріліп, өсімдік тектес өрнектермен безендірілген. 



509

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

Жошы хан күмбезі

Қазақстан жерінде қайталанбас бітімді тарихи ескерткіштер өте көп. Соның ішінде 

тарихи тағдырымен, сəулеттік-көркемдік бітімімен айрықша көз тартатындардың бірі – 

Жошы хан күмбезі. Күмбез Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, 

Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан. Күмбез Алтын Орданың негiзiн салушы, қазақ 

хандарының арғы атасы – Жошы ханға арнап салынған. Ертедегі қазақ аңыздарының 

бірінде Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы құлан аулап жүріп, нөкерлерінен алысқа 

ұзап кетеді. Осы кезде құландар үйірінің бір ақсақ құланы Жошыға тап береді. Ақсақ 

құлан шабуылының тегеурінді болғаны сондай, Жошы хан атынан құлап, қаза табады. 

 Жошы хан күмбезіне жүргізілген қазба жұмыстары кезінде күмбездегі екі қабірдің 

біреуіндегі адам сүйегінің оң қолы жоқ екендігі анықталған. Бұл «Жошыны аң аулап 

жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірді» немесе «Жошыны жерлегенде бір қолы жоқ 

болған» деген халық аңызына  сəйкес келеді. Екінші қабір Жошының үлкен бəйбішесі 

Бектумыштікі болса керек. 

Күмбез шамамен 1228 жылы бой көтерген. Оның керегесі өрнектелген кірпіштермен 

қапталған. Бірақ бүгінде ол өрнектелген кірпіштердің жекелеген сынықтары ғана 

сақталған. Қос қабатты зəулім күмбезінің сыртқысы көркемдік үшін бедерлі кірпіштермен 

əшекейленген. Күмбездің ішкі жағында Жошының қарамағында болған оғыз, арғын, 

қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы, т.б. тайпалардың таңбалары салынған. 


510

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

ҚАЗІРГІ ҚАЛАЛЫҚ СƏУЛЕТ 

ӨНЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Тəуелсіздік кезеңінен бері Қазақстанның көптеген қалалары мен ауылдарының, 

əсіресе, Алматы жəне Ақмола облыстарының келбеті айтарлықтай өзгерістерге 

ұшырады. Ірі-ірі əкімшілік ғимараттары мен тұрғын үй кешендері, көптеген жаңа 

ескерткіштер пайда болды. 

Алматы қаласында тəуелсіздік жылдары салынған бес жұлдызды Президент 

резиденциясы, «Анкара» (авторы – Бижан Туберг, Түркия) жəне «Рахат-Палас», 

«Астана» қонақ үйлері мен т.б. құрылыстар əсемдіктерімен көз тартады. Соңғы сəулеттік 

үлгілермен банк, кеңсе, сауда кешендері, үйлер мен супермаркеттер бой көтеруде. Оның 

ішінде Астана, Алматы қалаларында салынған «Рамстор» ғимараттарын атап өтуге 

болады. 

Əсіресе, сəулет өнерінің ең үздік жетістіктерін пайдаланып, Астана қаласында алуан 

түрлі ғимараттар салынуда. Президент резиденциясы мен Министрлер Кабинетінің 

əкімшілік ғимараты жəне Парламент Үйі, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің 

ғимараты, Қаржы министрлігінің кешені, «Самал» тұрғын үйлер ауданы, аэропорт, Есіл 

өзені аймағындағы кешен, т.б. айтып өтуге болады. Соңғы кезеңдерде бұл аймақтарда 

жаңа Үкімет үйі, «Сити-маркет» сауда орталықтары, Спорт сарайы, Ұлттық мұражай, 

Еуразия университетінің ғимараттары салынды. «Бəйтерек» кешені мен Бейбітшілік 

пен келісім сарайы əсемдігімен көз қызықтырады.

Алматы телемұнарасы

1975 – 84 жылдары Алматы қаласының 

маңындағы теңіз деңгейінен 1000 метр биік 

Көктөбе беткейіне Алматы телемұнарасы 

тұрғызылған. Оның архитекторлары: Н.Г. 

Терзиев, А.Н. Савченко; конструкторлары: Н.К. 

Акимов, Б.В. Остроумов. Мұнараның биіктігі – 

372 метр, онда екі жүрдек лифт жəне арнаулы 

жүк көтергіш жұмыс істейді. 146 метр биіктігінде 

қала көркін тамашалауға арналған алаң бар. 

Мұнараға орнатылған антенналар арқылы 80 

– 190 км қашықтыққа 5 арнада телехабар жəне 

4 арнада радиохабар толқындары таратылады. 

Алматы телемұнарасы – жер сілкіну қаупі жоғары 

таулы ауданда бой көтерген бірегей кешен.


511

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

«Бəйтерек»

Астана қаласындағы сəулет өнерінің бірегей туындысы 

– «Бəйтерек» кешені. «Бəйтерек» кешенін жобалаушы 

архитекторлар тобы – А.Рүстембеков, С.Базарбаев пен 

Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы – М.Вахштейн, 

интерьер дизайншысы – А.Оспанов; ал құрылысын 

«Имсталькон» ААҚ құрылыс компаниясы салған. 

«Астана – Бəйтерек» құрылысы Елбасы Н.Назарбаевтың 

нобайы негізінде өмірге келді. Құрылыс Есіл өзенінің 

сол жағалауында орналасқан. Металдан, əйнектен 

жəне темір бетоннан жымдаса өріліп, бой көтерген 

зəулім «Бəйтеректің» биіктігі – 97 метр, диаметрі – 27 

метр. Ұшар басында алтын шар (ол 76,9 метр биіктікте 

орналасқан) ілініп тұрған биік ағаш түрінде пайда болған 

жаңа алып құрылыс «Бəйтеректің» сəулетті сипаты жа-

ңа астананың ажарын аша түсті. Арнайы шынылармен 

əйнектелген «Бəйтерек» күмбезінің салмағы – 70 

тонна, ал алтын шардың үстіңгі ауданы – 1553 метр. 

Осынау ғаламат шардың залынан Астана қаласының 

көрінісін тамашалауға болады. «Бəйтерек» кешенінде 

келушілердің демалып, төңірегін көруіне мүмкіндік 

беретін дəмханасы да бар. 

Астананың символына айналған «Бəйтерек» – 

елорданың халық ең көп баратын жері. 



Бейбітшілік пен келісім сарайы

Қазақстандағы сəулет өнерінің бірегей туындысы 

– Астана қаласындағы «Бейбітшілік пен келісім 

сарайы». Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 

2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. 

Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің 

жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған 

сарай өзара рухани түсінушіліктің əлемдік 

орталығына айналды. Ғимарат пішіні пирамида 

түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы 

Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 

холлы тəрізді етіп салынған. Бейбітшілік пен келісім 

сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы


512

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

СƏУЛЕТ ӨНЕРІ

ұлтаралық жəне дінаралық келісім орталығы, мұражай, 1,5 мың орындық опера залы, 

қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере 

отырып салынған.



Астана мұхитбағы

ТМД елдері ішіндегі алғашқы жəне жалғыз мұхитбақ Астана қаласында ашылды. Бұл 

– мұхиттан 3000 шақырымнан аса қашықтықта жатқан əлемдегі жалғыз океанариум. 

Мұхитбақтың сыйымдылығы – 3 миллион литр. Мұхит суын əзірлеу үшін 120 тонна теңіз 

тұзы пайдаланылған. Əлемнің əр түкпірінен теңіз жануарларының жүзден аса түрінің 

2000-нан аса данасы əкелінген. Мұнда арнайы жасалған 11 шақырымдық құбырлар, 

34 күшті сорғы, 6 құм сүзгілері, судың химиялық құрамы мен мөлдірлігін қамтамасыз 

етіп тұратын су тазартқыш мұхитбақ мекендеушілерінің өмір сүруін қамтамасыз етіп 

тұрады.

Мұхитбақ үлкен аквариумнан жəне əр түрлі көлемдегі он бір аквариумы бар екі көрме 



бөлімінен тұрады. Океанариумның ең қызықты бөлігі – үлкен аквариум. Оның түбінде 

жылжымалы жолмен жабдықталған 70 метрлік əйнек туннел бар. Əйнегінің қалыңдығы 

– 7 см. Осы суасты туннелі арқылы теңіз түбімен жыртқыш акулалардан қол созым 

қашықтықта серуендеп жүре аласыз. Мұнда мұхитбақтың ең үлкен мекендеушілері – 

акулалар, алып теңіз алабұғасы жəне басқа да үйірлі балықтарды көріп тамашалауға 

болады.


Көрме бөлімдеріндегі аквариумдардан таңғажайып теңіз жануарлары мен 

балықтарының жекелеген түрлерін кездестіресіз. Бірінші көрме бөлімінде Оңтүстік 

Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның тұщы су қоймаларының балықтары 

топтастырылған. Мысалға, бұл жерден нағыз жыртқыш пираниялар мен оның 

шөпқоректі жуас туыстарын, теңіз жұлдыздарын, түрлі шаяндарды табуға болады. 

Екінші көрме бөлімінде: теңіз аттары, теңіз инесі, сиыр балық, ит балық, түлкі балық, 

актиниялар тəрізді маржан жартастарын мекен етушілер топтастырылған. Бұл жерден 

қауіпті балықтар: кірпі балық, тас балық мурена, т.б. көре аласыз.



513


жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет