Қазақ бiлiм академиясының баяндамалары 4/2015 Журнал 2008 жылдан бастап шығады



жүктеу 3.58 Kb.
Pdf просмотр
бет14/20
Дата01.03.2017
өлшемі3.58 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

ӘОЖ 81-2-512.122 
 
ТІЛДІК ГЕШТАЛЬТ 
 
Ы. Б. ШАҚАМАН 
филология ғылымының кандидаты
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры 
 
Аннотация 
Мақалада қазақ тіліндегі тілдік гештальтты тану мәселесі сӛз болады. 
Түйін сөздер: түр, бейне, зат, гештальт, концерт, әуен 
 
Гештальт  сӛзі  неміс  тілі  арқылы  енген  (Gestalt),  қазақша  тура  ұғымы  түр, 
бейненің тұтас құрылымы дегенді білдіреді. 
Бұл  сӛз  психологияда  қолданылатын  термин  болып  қалыптасқандықтан, 
психика  арқылы  қабылданатын  нәрсе,  заттарды,  олардың  нақты  қасиетін  бӛлшектік 
күйінде  емес,  тұтас  күйінде  танып  білуді  жеткізеді;  зат,  нәрселердің  жекелеген 

137 
 
бӛліктері  кеңістікте  сол  зат,  нәрсе  болып  кӛрініс,  кӛрнекілік  түрінде  тұтастықпен 
қабылдануы  гештальт  болады.  Қарапайым  тілмен  айтсақ,  түр,  бейне,  құрылымның 
бӛлшекпен емес, тұтас қабылдануы – гештальт. 
Неміс психологі Карл Дункер В.Келлердің әуен туралы мысалын негізге алып, 
гештальт ұғымын түсіндіреді: белгілі бір әуен тұтас ойналуымен есте сақталып, кейін 
оның үзіндісі ғана ойналса да, адам оны бірден танып, еске түсіре алады. Сол әуенді 
екінші  рет  естігенде,  есте,  жадымызда  сақталуына  қарай  бірден  танимыз.  Тіпті 
әуеннің  құрылымдық  бірлігі  ӛзгерсе  де,  біз  оны  тұтастықпен  танып,  түсіне  аламыз. 
Себебі негізгі нысана (обьект) – әуеннің ӛзекті мазмұны – біздің санамызда сақталды, 
ал  оның  қосымша  бӛліктері  (фон)  ӛзгере  беруі  мүмкін  Бұл  –  психологиялық 
қабылдаудың түсініктемесі. Ал сӛзге, тілге айналдырсақ, концерт, әуен сӛздері қатар 
айтылғанда,  бірін  бірі  ашып,  бірі  астар  (жалпы  кӛрініс  немесе  фон),  екіншісі  бейне 
(фигура) болып, тұтасып, гештальт болады. Яғни концерт сӛзін айтуда әуен, ән деген 
түсінік санаға оралып, қабылданады. Осылайша тұтастық жасалады. 
К.Дункердің  айтуынша,  екі  құбылыстың  ұқсастығы  біркелкі  бірліктен  тұрса, 
жиынтық  болады;  егер  ұқсастық  екі  тұтас  құбылыстың  қызметтік  құрылымымен 
дәйектенсе,  гештальт  болып  табылады 
[1,  39  б.]
.  Яғни  екі  түрлі  бірлік  ӛзінің 
қызметімен  біріксе,  тұтаса  алады  да,  адамның  оны  бір  зат  ретінде  қабылдай  алуы 
гештальтты түсіндіреді. 
Гештальт  мәселесі  психологияда  зерттелуіне  байланысты  оның  нақты 
белгілері  мен  заңдылықтарын  түсіндіретін    гештальтпсихология  деген  сала  пайда 
болды. Бұл сала зат, нәрсені қабылдау мәселесін зерттеу барысында негізделді. Неміс 
психологтері 
Макс  Вертгеймер

Курт  Коффке
  мен 
Вольфганг  Кѐлер 
бір  бейнені 
бӛлікпен  емес,  жалпы  оны  тұтас  қабылдауды  ұсынды.  Бұл  тұтастық  ӛнертанушы 
Х.Эренфельс  енгізген  гештальт  терминімен  аталатын  болды.  Осылайша 
гештальтпсихология пайда болды. 
Сонымен  гештальт  психологиядағы  назарға  алынатын  негізгі  нәрсе  –  тұтас 
құрылым.  Мысалы,  әр  адамның  жазуы  түрліше  болуына  байланысты  кей  әріптер 
жартылай жазылып, түсініксіз болса да немесе кей әріп жазылмай қалса да, жазуды 
танып,  біліп  дағдыланған  адам  сӛзді  тұтас  оқып,  жетпей  тұрған  белгіні  ӛзі 
жадысымен толықтырып,  тұтас шығарып алады, сӛйтіп тұтас сӛзді немесе  сӛйлемді 
қабылдап,  таниды.  Бұдан  гештальт  ұғымы  айқындалып,  оның  тұтас  құрылым  екені 
білінеді. 
Неміс  психологтері  айналадағы  заттарды  адам  жеке  нысан  ретінде  емес, 
оларды  біртұтас,  қалыптасқан  түр,  бейне  ретінде  қабылдайтынын  айтады.  Ендеше 
гештальт – кейбір құбылыстардың кӛп жақтылығын бір жүйеге келтіретін қызметтік 
құрылым.  Гештальтты  түсіну  үшін  гештальт  болып  қабылданатын  нысан  туралы 
ақпарат,  білім  қоры  толық  болуы  тиіс.  Сонда  ғана  зат-құбылыс  тұтастықта 
қабылданады.  
Гештальт  –  психологиялық  ұғым  бірлігі.  Ендеше  бұл  түсінік  –  адам 
санасының,  жан  дүниесінің  қозғалыс  әрекетіне,  қызметіне  тәуелді;  адам 
психикасының  әлемді  қалай  қабылдауына  қатысты  қолданылатын  сӛз  бірлігі. 
Гештальтты  тілде  тану,  тіл  ғылымында  қарастыру  қиын.  Бұл  орайда  тілдік 
гештальттарды  жинақтай  білу  қажет.  Сонда  ғана  тілдік  гештальт  деген  түсінікті 
қалыптастыру, қабылдау мүмкін болады. 
Гештальт  психологиялық  бірлік  болғандықтан,  әлемдік  бейнені  (қандай  да 
болсын үзіндісін, қырын) тұтастықта кӛре білуді талап етеді. Белгілі бір бейнені бір 
адам  бейне,  кӛрініс  ретінде  тани,  кӛре  білсе,  келесі  бір  адам  оны  бейне  ретінде 
қабылдай  алмауы  да  мүмкін.  Осы  жағынан  алғанда,  гештальт,  фрейм  секілді, 
адамның  білім  аясына,  жиынтығына,  білімдік  қабылдауына  негізделеді.  Осы 

138 
 
белгісімен фреймге ұқсас әрі дерексіз қызметте болады. Екіншіден, гештальт деректі 
қызмет  атқарады.  Гештальт  (тұтастық)  болатын  нәресе  нақты,  деректі  болуы  тиіс. 
Қазақшаласақ,  гештальт  қиындылардан  құрақ  құрай  білуді,  жоқтан  бар  жасауды 
талап  етеді.  Бұл  үшін  білім  қоры,  әлем  бейнесін  кӛре  білетін,  қабылдата,  қабылдай 
алатын адам санасының қызметі мықты болу керек. 
Тіл  ғылымында  (тілдік)  гештальт  түрлі  анықтама,  ереже,  ілім  жиынтығының 
немесе  сӛздің  жасалу  құрылымының  кӛрінісі  болып  табылады.  Бірақ  гештальт 
концептілеу амалы бола алмайды. Керісінше, оның бір түрі болып танылуы мүмкін. 
Себебі гештальт та, концепт сияқты, ойлау әрекетінен туындайды. Алайда концептіде 
мазмұн, ұғымдық мән басты ӛзек болады да, гештальтта тұлғалық сипат, белгі басым 
болады,  содан  соң  оның  мазмұны  таныла  бастайды.  Гештальт  санада  тұлғалана 
бастаған  кезде,  концептілеу  де  жүре  бастайды.  Бұл  жағынан  алғанда,  концепт  пен 
гештальт теңбе тең, тең дәрежелі ұғым болып келеді. 
Танымдық  тіл  ғылымы  үшін  гештальт  зат-құбылыс,  нәрселердің  ӛзін  емес, 
олардың  аталымдық  сӛзбен  берілуі,  жеткізілуі  түрінде  талданады.  Мәселен,  дҥкен 
атауы және ондағы негізгі алынатын зат атауы танымдық тіл ғылымының қарайтын 
гештальттық мәселесі болады. Дҥкен жалпы кӛрініс, астар (фон) болса, алынатын зат 
нысана  (бейне  –  фигура)  болады.  Мысалы:  «Азық-тҥлік  дҥкені»  –  «нан,  сҥт,  т.б.» 
сӛздерінің  байланысы  тіл  ғылымындағы  гештальтты  түсіндіреді.  Киім  дүкені  сӛзі 
ондағы  сатылатын  киім  түрлерімен  тұтастықта  қабылданып,  тілдік  гештальтқа 
айналады. Ал олардың суретттік бейнесі гештальтпсихологиясы үшін ӛнер ғылымын 
тану, түсіну болып табылады. 
Тіл  ғылымында  гештальт  түсінігін  психология  ғылымындағыдай  дәлме  дәл 
енгізу  қиын.  Тіл  ғылымындағы  гештальт  затттың,  құбылыстың  ӛзін,  бейнесін  ғана 
емес,  жалпы  әлем  бейнесінің  сӛзге  айналғандағы  мазмұнын,  белгісін  ашуды, 
түсіндіруді  қажет  етеді.  Тілде  гештальт  тілге  қатысты,  тіл  іліміне  қатысты  білімдік 
қор  құрылымын  айқындап  беруді  талап  етеді.  Тілдік  әлем  бейнесінің  құрылымын 
жинақтап  кӛрсету  мүмкін  емесі  аян,  бірақ  оны  осы  құбылыспен  –  гештальтпен  – 
дерексіз түрде түсіндіру ғалымдар үшін ыңғайлы әдіс болып табылады. 
Психологияда  гештальт  зат,  нәрсе,  құбылыс  және  олардың  әрекеті,  жалпы 
өмірдегі  әрекет  туралы  тұтас  білімдік  қорды  жинақтауды  керек  етсе,  тіл 
ғылымында  гештальт  тіл,  сөз  жайында  жинақталған  білім  қоры  құрылымын 
түсіндіреді. 
Тіл ғылымындағы гештальттың псхологиядағы гештальттан айырмашылығы – 
тілде  сӛздердің  (жеке  сӛз  болсын,  сӛйлем  болсын)  мазмұнды  тұтас  құрылым 
беретіндігі,  адам  санасында  тұтас  ой  жасайтындығы,  тудыратындығы.  Заттың  ӛзін 
кӛрмей-ақ,  атауы  аталғанда  сол  затқа  қатысты  тұтас  ой,  барлық  білім  қоры  бірден 
құрылып,  санада  таныла  қалады  немесе  жаңа  сӛз  болса,  соған  орай  тұтас  білім 
қабылдана бастайды. Қысқасы, екінші жағынан, тіл ғылымындағы гештальт дегеніміз 
–  әлем  туралы  білім  қорын  ғана  емес  (ол  міндеттті  түрде  қатар  жүреді),  тіл  туралы 
білім қорын жеткізе білу, тілге қатысты білім қорын қабылдай, тани білу, таныта білу 
және  тілдік  әлемде  бейнесін  кӛрсете  білу,  қала  берді,  негізін  ашып  кӛрсету,  тіл 
теориясын туралы ғылымды игергендігіңді дәлелдей білу. 
Кез  келген  тілде  тіл  құрылымы,  грамматикалық  құрылым  сӛйлеудің 
(дауыстық,  дыбыстық)  туындауымен  жасалатыны  сӛзсіз  Жекелеген  сӛздерді  айтуда 
түрлі  қазіргі  дербес  мағынасынан  айрылған  граммматикалық  тұлғалар  біртіндеп 
пайда  болды  (жалғау,  жұрнақ  түрлері,  шылаулар,  т.б.).  Бұлар  кезінде  желеген  сӛз 
ретінде  де  адамзаттың  ойлау  қабілетінің  дамуына  аса  маңызды  ықпал  жасады.  Тіл 
ғылымында  ұғымның  да  тек  сӛйлеуге  байланысты  жағдайда  ғана  нақты 
қалыптасатыны айтылады. Дыбыстық сӛйлеу кезінде ғана ұғымның бастапқы кездегі 

139 
 
жіктеуге түсе беретін жылжымалы белгілері жымдасып, нақты тұтастыққа айналады. 
Сонда  ұғым  сӛйлеуге  тәуелді  болып,  сӛйлеуде  ғана  жарытылады  да,  нақты  сӛздің 
кейін  дербестігі  ұштала  бастайды.  Осылайша  зат-құбылыс  атаулары  да  дәлденеді. 
Мұның  бәрі  адам  ойының,  миының  ойлау  қызметінің  дамуымен  қатар  жүреді. 
Осылайша тілдік тұтастық та, яғни тіл туралы білім де белгілене бастады. 
Тіл туралы  білімдік түсінік сӛйлеумен байланыста  жасала  отырып,  зат, нәрсе 
мен оның атаулары арасындағы байланыстың кӛрінісі де айқындалады. Зат пен оның 
атауы  арасындағы  байланыс  мазмұны  үнемі  сәйкес  келе  бермейді.  Атау  сӛз  затты 
жинақтап  кӛрсеткенмен,  белгілі  бір  жағдайда  заттың  ӛзін  қызметі  жағынан  нақты 
атамайды.  Сондықтан  педагог-психолог  ғалым  М.М.Кольцова  сӛз  бен  оның  атауы 
арасындағы байланысты 4 түрге жіктейді: 
1-дәрежедегі  шектесім  (жинақтау)  –  сӛз  нақты  бір  заттың  сезімдік  сипатын 
(бейнесін)  ғана  ауыстырып  атайды.  Мысалы:  Ана  –  тек  осы  атауды  қабылдаушы 
адамға  ғана  бағытталған  атаулық  белгі;  қуыршақ  –  бала  ойнап  отырған  кездегі 
кӛрініп тұрған нақты зат. Бұл арада сӛз сезімдік бейнеге ғана дәлме-дәл келеді. 
2-дәрежедегі  шектесім  –  бір  ыңғайдағы  затттардың  сезімдік  бейнеге 
бағытталған  ортақ  атауы.  Мысалы:  Қуыршақ  деген  атау  осы  ұғымға  енетін,  ортақ 
бейнедегі барлық қуыршақ затына бағытталады. Бірақ алғашқы бір затқа бағытталған 
сӛздегідей нақты болып табылмайды, дәлдігі әлсірейді. 
3-дәрежедегі  шектесім  –  түрлі  заттың  бірнеше  сезімдік  сипатын,  бейнесін 
ортақ атаумен жинақтап ауыстырады: Ойыншық атауы қуыршақ, доп, машина, басқа 
да  ойыншық  түрлеріне  ортақ  бағытталады.  Мұнда  сӛздің  мәні  кеңірек  болады  және 
заттың нақты бейнесіне тәуелсіз болады. 
4-дәрежедегі шектесім – алдыңғы аталған дәрежедегі заттар енді жинақталып, 
тағы  басқа  ортақ  атаумен,  бір  ғана  затттық  атаумен  аталады:  Зат  немесе  Нәрсе  – 
бұған осы мәнге ие болатындардың бәрі енеді: ойыншық, қалам, қағаз, жиһаз, ыдыс, 
т.б. «Зат» сӛзінің бағыттық белгісі кең, жалпы нәрсе атаулыға арналады [3]. 
Жалпы  адам  ӛзі  ӛмір  сүрген  кезеңінде  әлемді  тану,  дүниені  түсіну,  ӛмірді 
қабылдай  білу  әрекетінде  болады.  Бұл  әрекетттің  бәрі  адам  тәнінің  құрылысына 
(физиологиясы),  жан  дүниесіне,  ес-ақылына,  ойлауына,  сезімдік-танымдық 
қабылдауына,т.б.тәжірибелік  нақтылыққа  тәуелді  болып,  адам  әлемді  ӛзінің  ӛмір 
сүрген бағытына қарай қабылдағаннан кейін әлем туралы түсінігін, мазмұнынын тіл 
арқылы  жарыққа  шығарады.  Тіл  арқылы  адамның  әлемді,  дүниені  қабылдау 
мүмкіндігінің  мӛлшерін,  білімін,  түсінігін  кӛруге  болады.  Сондықтан  адамның 
сӛйлеуінде,  (ауызша,  жазбаша  болсын),  сӛйлеу  мәнерінде  тіл  құрылымын,  сӛз 
құрылысын байқай, кӛре отырып, оның, тіпті ұлттың тіл арқылы әлемдегі белгілі бір 
мазмұнды,  мазмұндық  тұтастықты  қалай  қабылдағанын,  соны  қайта  қалай  жеткізе 
білетінін, тілдік негізін, тілдік білімін танимыз. 
Американ  лингвисі  Дж.Лакофф  «лингвистикалық  гештальт»  жайында  шағын 
арнайы мақала жазған [5, 68 б.]. 
Ғалымның  түсіндіруінде  тілдегі  гештальт  құбылысын  тілдік  бірліктердің 
қарапайым және күрделі құрылымы арқылы тануға болады. 
Ғалым  тӛменде  кӛрсетілген  сызбада  тілдік  қабілеттің  тілдік  бірліктер 
туындатудағы  адамның  басқа  қабілетіне  негізделу/негізделмеуіне  орай  орындалып 
отыратынын  түсіндіреді.  Зерттеуші  тілдің  барлық  жалпылама  бірліктері  таза  тілдік 
бола  тұрып,  олардың  бір  де  бірі  адамға  қатысты  емес  деректерден  болуы 
туындамалы  лингвистиканың  (суретте  –  оң  жақта)  теориялық  негізін  беретіндігін 
жеткізеді.  Ал  тәжірибеліліктен  туындаған  лингвистика  теориясы  әлсіз  болып 
келетінін айтады. 

140 
 
Сонымен 
бірге 
ғалым 
туындамалы 
лингвистиканы 
түсіндіруде  тілде  болатын  тұтастық 
құрылым  –  гештальт  –  бейнесін  де 
талдайды.  Танымдық  психологияның 
тіл  ғылымына,  ондағы  категориялық 
түсініктерге  ӛзгеріс  әкелгенін,  оларға 
танымдық  жақтан  тереңірек  қарау 
қажетттілігін 
туындатқанын 
бағамдайды. 
Дж.  Лакоффтың  кӛрсетуінде 
тілдегі 
гештальттың 
танылуында 
негізгі  қызмет  атқарушылар  ой-пікір, 
қабылдау,  эмоция,  таным  үдерісі,  жедеқабыл  қозғаушы  ес  әрекеті  және  тіл 
болып табылады. Бұлар тұтас құрылымда және бір уақытта бірлікте қызмет атқарып, 
тілдік гештальтты түсіндіреді. 
Жалпы  гештальт  тұтас  және  талдамалы,  ажыратпалы  болады,  бұл  екі  жағдай 
бір уақытта  жүзеге асады. Психологиялық түсінік бойынша  гештальт ӛзіне  қатысты 
бӛліктерден  құрала  отырып,  ол  бӛліктердің  бір  жүйеде  түйіспеуінен  тұрады. 
Гештальт  жалпы  белгілі  бір  қосымша  қасиеттерге  ие,  сондай-ақ  оның  әрбір 
жекелеген  бӛлігі  де,  егер  тұтас  гештальт  аясында  қарастырылса,  қосымша 
қасиеттерді  білдіреді.  Бұл  ғалымның  тілінде  мысалмен  кӛрсетілмеген,  бірақ  біз 
псхологиялық еңбектен алынған дерекпен нақытылап беруге тырысып отырмыз: 
 
1-мысал: 
************** 
************** 
************** 
 
2-мысал: 
 
 
1-мысалда  біз  әрбір  жұлдызшаны  жеке-жеке  қабылдап  тұрған  жоқпыз 
(гештальттық  жеке  бӛлік),  тұтас  күйінде  үш  қатарды  бірден  қабылдап,  үш  сызық 
ретінде  танып  отырмыз.  Әрбір  бӛліктің  (жұлдызшаның)  сызық  жасауда  теориялық 
тұрғыдан қатысы жоқ. Мұнда сурет жеке бӛліктен (жұлдызшалардан) құрала отырып, 
біркелкі  тұтастықта  болса  да,  ол  бӛліктер  сол  суреттің  тұтастық  мазмұнында 
ажыратылып  тұрады,  қосымшалық  қасиет  болады.  Бұл  –  гешталттың  жақындық 
қағидасы,  заңдылығы.  Тағы  нақтылай  түссек:  1-мысалда  тік  тұрған  3-мәнді                     
14 жұлдызшаны  жекелеп қабылдағаннан  гӛрі кӛлденең  үш  қатардағы  жақын тұрған 
жұлдызшаларды бірден бір қатар ретінде қабылдау оңай. 
2-мысалда  кӛрсетілген  үзік  сызбалы  әріпті  тұтас  әріп  ретінде  бірден 
қабылдаймыз,  ӛйткені  оған  қатысты  білім  қорымыз  жинақталған,  санада,  есте 
сақталған. Тіпті оның бір бӛлігі жетпей тұрса да, біз ӛз білімімізбен оны толықтырып 
қабылдай  саламыз  немесе  аяқтап  жазамыз.  Бұл  –  гештальттың  тұйықтату 
заңдылығы. Әріптегі жеке бӛліктер (бастапқы, соңғы) немесе сызықтар жеке алынып 
қабылданбайды. 

141 
 
Гештальт  қабылдануына  қарай  тарамдалып  отырады.  Бұл  оның  дұрыс 
танылуына  байланысты  болады.  Жоғарыда  кӛрсетілген  әріпті  дұрыс  гештальттықта 
қабылдағаннан оны дұрыс тарамдата, әр бӛлшегін ажырата да аламыз. 
Бір  гештальт  екінші  бір  гештальтпен  ішкі  қатысымен  байланыста  да  болады. 
Гештальт  екінші  бір  гештальттың  бір  бӛлшегі,  бӛлігі  де  болып  табылуы  мүмкін. 
Мұндай  жағдайда  екі  гештальт  бірі  бірімен  сіңісіп  кетеді.  Тілде,  тілдік  сӛзжасамда 
бұл  «контаминациялық  құбылыспен»  кӛрінеді.  Мысалы:  қарлығаш  –  қара  ала  құс 
дегеннен кіріге біріккен сӛз; ит ӛлген жер – алыстықты түсіндіретін тұрақты тіркес; 
мұнда ит, ӛлу, жер орны – жеке-жеке бӛліктер, жеке тілдік гештальттар, бірі бірімен 
сіңісіп,  басқа  бір  тұтастық  ұғымын  жеткізеді  –  алыс.  Мұның  бәрі  адам  ӛмірінің 
тәжірибелік түрінде жинақталған білім қоры арқылы туындап жасалады. 
Лингвистикалық гештальт тілдік білім қорымен көрініс тауып жатады. Бұл 
арада сөзжасамдық гештальт қызметі белгіленеді. 
Гештальттың  келесі  бір  гештальтпен  осындай  ішкі  қатысы,  тұтастай  алғанда, 
гештальттың қасиеті болып табылады. Сондай-ақ ішкі байланыс, қатыс қабылданып 
отырған кӛзқарасқа орай ұқсастықта болумен қатар түрліше де кӛрінеді. Гештальттар 
бір-бірімен шектесіп жатады. Онда прототиптік/ прототиптік емес қасиет те болады. 
Негізінде  бір  гештальт  екінші  бір  гештальтпен  ұлғайып,  сіңісіп  кӛрінуінде 
немесе  екінші  гештальттың  бӛлігі  болып  табылуында  жаңа  қасиетке  ие  болады. 
Сондай  қасиетінің  бірі  –  екінші  бір  гештальтқа  қарама-қарсы  болуы.  Екі  гештальт 
қатар  тұрып,  қарама-қарсы  болуда  бірдей,  ұқсас  бір  негіздік  (базистік)  қасиетте 
болады. 
Ал 
лингвистикалық 
гештальт 
грамматикалық, 
семантикалық, 
фонологиялық, сӛзжасамдық, қызметтік қасиетке ие болып тұрады. 
Жинақтай келгенде, гештальт тілдік, ойлау, естілімдік, жедеқабыл қозғаушы 
үдерісінде  қолданылатын,  іске  асырылатын  тұтас  құрылым  түрі  болып  табылады. 
Сонда адам санасына қатысты болып жататын әрбір үдерісті гештальт деп танимыз. 
Психологиялық  гештальтты  тануда  тіл  құбылысындағы  ерекшеліктерді 
жүйелеп, тіл ілімін тереңдете түсеміз. 
Ғалым  Дж.Лакоффтың  кӛрсетуінде  тілдік  гештальттың  кӛрінісі  туындамалы 
семантика  мен  ауыспалы  грамматиканың  (трансформационная  грамматика) 
байланысында танылады. 
Дж.Лакоффтың  түсіндіруінше,  тілдік  гештальттар  тұлға  мен  мағынаның 
сәйкестігінің  бір  әдісі  болып  табылады.  Бірақ  ғалым  біз  қарастырған  еңбекте  тілдік 
гештальттың  сӛйлеудегі  белгілерін,  кӛрінісін  түсіндіргенмен,  оның  берілу  амалын, 
жолын,  тәсілін  теориялық  тараптан  сипатын  бермейді,  бір  жүйеден  шығатын  тілдік 
ілім де жасалмайды. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1
 
Дункер 
К. 
Качественное 
(экспериментальное 
и 
теоретическое) 
исследование продуктивного мышления //Психология мышления. М., 1965. - 21-85-б. 
2
 
Дункер  К.  Психология  продуктивного  (творческого)  мышления  // 
Психология мышления. - М., 1965. - 86-234-б.  
3
 
Кольцова М. М. Ребенок учится говорить. - М.,Сов. Россия, 1973.- 160-б. 
4
 
 Лакофф 
Дж.  Лингвистические  гештальты//Новое  в  зарубежной 
лингвистике, вып. X. М., 1981.-158 б. 
5
 
Лакофф  Дж.  О  порождающей  семантике  //  Новое  в  зарубежной 
лингвистике, вып. X, М., 1981.- 208 б. 
 
Резюме 
В статье рассматривается понятие языковых гештальтов в казахском языке. 

142 
 
 
Resume 
The article considers the notion of linguistic gestalts in the Kazakh linguistics 
 
 
ОӘЖ 811.512.19  
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СӚЙЛЕМДІ МАЗМҦНДЫҚ 
ЖАҒЫНАН КЕҢЕЙТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Г.Е. АБЫЛОВА 
филология ғылымдарының кандидаты
Еуразия гуманитарлық институтының доценті 
 
Аннотация 
Бұл  мақалада  қазіргі  қазақ  тілінде  фразеологиялық  оралымдардың  сӛйлемнің 
мағыналық 
кӛлемін 
семантикалық, 
стилистикалық 
аспектіледре 
кеңейту 
мүмкіндіктері қарастырылды.  
Түйін  сөздер:  сӛйлемнің  семантикалық  кӛлемі,  фразеологизм,  идиома, 
стилистикалық  фактор,  семантикалық  аспект,  лексикалық  мағына,  грамматикалық 
мағына.  
 
Тіл  білімінде  фразеологизмдерге  берген  анықтамаларында  ғалымдар  оның 
мағыналық  ерекшелігіне  кӛп  кӛңіл  аударады.  Айталық,  Б.А.  Лариннің 
тұжырымдауынша,  лексикалық  мағынамен  салыстырғанда,  фразеологиялық 
мағынаға  экспрессиялық,  модальдылық  бағалаушылықтың  үлкен  үлесі,  яғни 
коннатация тән [1, 16 б.]. М.И. Фомина фразеологиялық байлаулы мағынаның ӛзіндік 
ерекшеліктеріне  кеңірек  тоқталған.  «Фразеологиялық  мағынаның  лексикалық 
мағынадан  ең  негізгі  ерекшелігі  –  тұрақты  тіркестердің  сыңарларының  тұтасымен 
жинақталған  мағынаны  білдіруі;  келесі  ерекшелігі:  фразеологизмдер  ӛздерінің 
синонимі  болып  табылатын  сӛздердің  мағынасынан  гӛрі  белгі,  сапа,  іс-әрекетті  т.б. 
білдіру  интенсивтілігінің  деңгейін  күшейтуі.  Фразеологиялық  мағынаның  бұл 
ерекшеліктерімен тығыз байланысты тағы екі белгісі бар. Біріншіден, тұрақты тіркес 
семантикасында ерекше экспрессияның кӛрініс табуы. Екіншіден, еркін тіркестердің 
метафоралық түрде түсіндіру процесінен туындаған образдылықтың сақталуы. Бұлар 
фразеологиялық  бірліктерге  тілімізде  бейнелегіштік-кӛркемдегіштік  қызмет 
атқаруына мүмкіндік береді» [2, 58 б.]. 
Енді  негізгі  мәселемізге  кӛшетін  болсақ,  фразеологизмдер  сӛйлем  аясын 
мағыналық жағынан барынша кеңейтуші тілдік материалдың ішіндегі ең негізгісі деп 
айтуымызға  болады.  Бұл  қызметі  оның  ерекше  семантикалық  табиғатынан 
туындайды. 
Сӛйлемнің  мағыналық,  пішіндік  кӛлемін  ұлғайтушы  тілдік  құбылыстардың 
ӛзіндік  ерекшелігін  анықтау  үшін  оларды  салыстыру,  қарама-қарсы  қою  процесінде 
ӛзгешеліктері мен ортақ қырларын байқау қажет болды. Демек, бұл мәселені дұрыс, 
тиянақты шешу үшін тұрақты тіркестердің мағыналық жағынан сәйкес келетін еркін 
сӛз  тіркесімен,  жеке  сӛздермен  салыстырмыз.  Алайда  бұл  салыстыру  мәселесінің 
күрделлігі  бір  тілдік  материалдың  шеңберінде  түрлі  тілдік  мағынаның  тығыз  түрде 
кӛірінс  табуымен  және  мағынаның  кез  келген  түрлерінің  тағы  бірнеше  мәндік 
бӛлшектерге  бӛлініп  кетуімен  (мысалы,  грамматикалық  мағына  аясында,  жақтық, 

143 
 
септік және  тәуелдік  категориялары) сипатталады. Дегенмен, біз  тілдегі шарттылық 
заңдылығына  жүгіне  отырып,  бұл  мәселенің  (тұрақты  тіркестердің  сӛйлем  кӛлемін 
ұлғайтудағы) шешімін табуға тырысамыз.  
Сӛз  ӛз  бойында  лексикалық  және  грамматикалық  мағыналарды  біріктіретіні 
белгілі [3, 57 б ]. Ал фразеологизм түрлі тілдік мағыналар келіп тоғысатын жиынтық 
секілді.  Ғалым  В.Н.  Телия  тұрақты  тіркестердің  семантикалық  ерекшелігін  былай 
түсіндіреді:  «Значение  фразеолгизм  –  идиом,  будучи  лексически  опосредованным, 
сохроняет коннатции, связанным как с  исходными значениями слов  –  компонентов, 
так  и  с  образной  основой  фразеологизма,  поэтому  значение  слова,  и  качественно 
отличается  от  него»  [4,  88  б.].  Тұрақты  тіркестердің  мағыналық  кӛлемі  деген 
ұғымның  аясына  фразеологиялық  байлаулы  мағына  (фразеологиялық  тіркестерде 
берілетін  лексикалық  мағына)  мен  экспрессивті  бейнелілік,  эмоциялық 
бағалауыштық  мағыналар  бірлігі  кіреді.  Бұл  жерде  экспрессивті-эмоциялық 
мағыналарды  «кеңейтуші  мағына»  деп  шартты  түрде  атауға  болады.  Демек, 
фразеологимздердің сӛйлемнің мағыналық кӛлемін ұлғайтудағы қызметін анықтауда 
негізінен экспрессивті, эмоциялық мағынаға сүйену басшылыққа алынады.  
Сондай-ақ  фразеологизмдердің  мағынасының  эмоциональды-экспрессивтік 
бояуын  зерттеу  стилистика  ғылымы  еншісінде  екенін  және  В.Г.  Адмонидің  сӛйлем 
кӛлемінің кеңею мүмкіндігін анықтауда «стилистикалық факторды» ескеру қажет [5, 
91 б.] деген қорытындысын да ескерсек, зерттеуіміздің жалпы бағыты дұрыс екеніне 
кӛз жеткізе аламыз. 
Неміс  ғалымы  Э.Лейзи  «Das  wasser  fliesst»  деген  сӛйлемге  талдау  жасай 
отырып  былай  тұжырымдайды:  «су»  сӛзі  ағатын  зат  деген  ұғымды  білдіреді  және 
«ағады» сӛзі «ағым, ағу» идеясын білдіреді. Осыған байланысты автор бұл сӛйлемде 
«конгруэнттік»  деп  атаған  семантикалық  сәйкестік  байқалады  және  конгруэнттік 
бұзылса  стилистикалық  ӛзгерістерге  әкеліп  соғады  дейді  [6,  77  б.].  Осы  сӛз 
тіркестерінің  семантикасындағы  конгруэнттіктің  бұзылуы  тек  фразеологиялық 
түйдектің мағынасында кӛрініс табады. Фразеологиялық түйдектің сыңарлары жеке-
жеке  лексикалық  мағыналары  бір-біріне  сәйкес  келмейтін  сӛздер  ретінде  тіркесіп, 
тұтасымен  фразеологиялық  мағынаға  ие  болады.  Логикалық  шындыққа  жүгінсек 
(еркін  тіркес  мағынасында)  ӛмірде  тіпті  болмайтын  құбылыстарды  кӛз  алдымызға 
елестетеді. Мысалы: аузынан ақ ит кіріп, кӛк ит шығады; ай десе аузы, күн десе кӛзі 
бар; мұртын балта шаппайды; жер-жебіріне жету; түймедейді түйедей ету; кӛлденең 
кӛк  атты  т.б.  Осыған  орай,  фразеологиялық  түйдек  жаңа  коннотациялық  мәнге  ие 
болып  сӛйлемнің  мағыналық  кӛлемін  ұлғайта  алады.  Академик  І.Кеңесбаев 
фразеологиялық түйдекті «идиом» деп те атайды. Орыс ғалымы А.В. Калинин сӛзбе-
сӛз  басқа  шет  тіліне  аударуға  болмайтын  тұрақты  тіркесті  «идиома»  деп  атайды  [7, 
314 б.]. Демек, фразеологиялық түйдектің бірқатары ӛзінің мағыналық құрамындағы 
эмоциялық, экспрессивтік мәндермен қатар ұлттық реңкті үстемелеп тұрады. Мұндай 
мағыналық  ерекшелігі  фразеологиялық  түйдектің  сӛйлемнің  мағыналық  кӛлемін 
ұлғайту  шегінде  басқа  тілдік  материалдарға  қарағанда  статусы  бойынша  жоғары 
позицияға ие. Ендігі жерде сӛйлем аясының мағыналық тұрғыдан кеңею процесінде 
«фразеологизмнің семантикалық статусы» концепциясын айта отырып, оны практика 
жүзінде дәлелдеуге тырысамыз. Негізінен, «фразеологизмнің семантикалық статусы» 
концепциясы  сӛйлемнің  мағыналық  кӛлеміне  экспрессивті-эмоциялық  мәндерді, 
ұлттық реңкті үстемелеу арқылы анықталатынын ескерте кеткен орынды. Мысалы: 1) 
Ақ  үйдегі  кӛзі  кемтар  «пірәдар»  да  аузынан  ақ  ит  кіріп,  кӛк  ит  шығып  жындана 
берсін  (С.  Сейфуллин).  2)  Асан  қайғы  желмаяға  мініп,  жиһан  кезіп,  «Жер  ұйық» 
дейтін  ну  орманды,  кӛк  орай  шалғынды,  сулы  жер,  қой  үстіне  бозторғай 
жұмыртқалайтын қоныс іздеді (Қазақ ертегісі). 

144 
 
Алғашқы  сӛйлем  мен  соңғы  сӛйлемдердегі  фразеологизмдерге  тән 
экспрессивті  бейнелілік  бұларға  мағынасы  жағынан  жуықтау  келетін  «балағаттау» 
мен  «бейбіт»  сӛздерінде  жоқ.  Бұл  екі  фразеологизмдерді  ғалымдар  Ә.Болғанбаев,               
Ғ.  Қалиевтар  құрылым-құрылысы  жағынан  сӛйлемге  тең  фразеологизмдер  деп 
кӛрсетеді [8, 195 б.]. Бұл секілді тұжырымға сүйенсек, жоғарыдағы фразеологизмдер 
сӛйлемде  едәуір  семантикалық-стилистикалық  жүкті  кӛтеріп,  бүкіл  сӛйлемнің 
мағыналық  кӛлемін  ұлғайтуда  басты  қызмет  атқарып  тұр.  Сонымен  қатар,  бұл 
фразеологизмдер сӛзбе-сӛз басқа  шет тілдерге  аударуға  келмейтін, қазақ тіліне  ғана 
тән  ұлттық  бояуы  оның  семантикалық  құрылысына  енетін  басқа  қосымша 
мағыналармен  қатар  сӛйлемнің  мағыналық  діңгегінің  әрі  қарай  кеңеюіне  септігін 
тигізіп тұр. 
Сӛйлемнің  мағыналық  кӛлемін  ұлғайтуда  «Фразеологизмнің  семантикалық 
статусы»  концепциясын  оның  мағыналық  құрылысына  енетін  түрлі  мағыналарды 
мынадай шартты белгілермен белгілеп түсіндіруге болады. Экспрессивті бейнелілік – 
Эк.б.,  эмоциялық  бағалаушылық  –  Эм.б.,  ұлттық  бояуды  –  Ұл.б.,  грамматикалық 
мағынаны  –  Гр.м.,  лексикалық  мағынаны  –  Лек.м.,  фразеологиялық  мағынаны  – 
Фр.м.  деген  шартты  белгілер  арқылы  белгілі  бір  дәрежеде  сӛйлемнің  диапозонын 
анықтаймыз.  Жоғарыдағы  бірінші  сӛйлемдегі  фразеологизмді,  оған  мағынасы 
жағынан сәйкес сӛзді осы шартты белгілермен салыстырып кӛрелік. 
1)
 
Аузынан ақ ит кіріп, кӛк ит шығып. 
2)
 
Балағаттау. 
1)
 
Фр.м. + Гр.м.+ Эк.б.+Эм.б.+Ұл.б.>2) Лек.м.+Гр.м. 
Бұл модель бойынша фразеологизмдер тек сӛзбен ғана емес, кез-келген тілдік 
материалдармен салыстырғанда, сӛйлемнің мағыналық кӛлемін ұлғайтуда әлдеқайда 
кӛш ілгері тұратын тілдік құбылыс екеніне кӛз жеткізуімізге болады. 
Тілдік мағынаның қосымша параметрлері: экспрессивті бейнелілік, эмоциялық 
бағалаушылық мәндері тұрақты тіркестердің семантикалық  құрылысында жеке дара 
не  біріккен  күйде  кездеседі.  Осыған  байланысты  фразеологизмнің  сӛйлемнің 
мағыналық  кӛлемін  кеңейту  мүмкіндігінің  шегін  айқындауымызға  әбден  болады. 
Мысалы: Кӛзді ашып-жұмғанша, Асан машинаның астынан кесе-кӛлденең екі бӛрене 
ӛткізіп, байлап тастады (Т.Ахтанов) деген сӛйлемде «кӛзді ашып-жұмғанша» тұрақты 
тіркесінің мағыналық құрылысында экспрессивті бейнелілік мән ғана бар, эмоциялық 
бағалаушылық мән жоқ. 
1)  Күжірейген  семіз,  жайын  ауыз,  бақа  бойлы  суық  қарайтын  болыс                      
(М. Әуезов). 2) Қыздың оймақ аузына күлімсіреу пайда болады (С.Е.). 
Алғашқы  сӛйлемдегі  «жайын  ауыз»  (үлкен  ауыз),  екінші  сӛйлемдегі  «оймақ 
ауыз»  (сүйкімді  ауыз)  деген  фразеологизмдердің  семантикалық  құрылысында 
жағымды-жағымсыз  эмоциялық  мәнмен  қатар,  экспрессивті  бейнелілік  табылады. 
Демек,  фразеологизмдердің  семантикалық  құрылысына  енетін  экспрессивті 
бейнелілік,  эмоциялық  бағалаушылық  секілді  мәндердің  мұндай  вариациясы 
сӛйлемнің мағыналық диапозон ауқымын кеңейту қабілетін анықтауға әсер етеді. 
Фразеологиялық  оралымдардың  ішінде  құрылымы  жағынан  да,  мазмұны 
жағынан  да  тілдің  коммуникативтік  единицасы  –  сӛйлемге  сәйкес  келетіндері  бар. 
Бұлар  – мақал-мәтелдер, қанатты  сӛздер. Мақал-мәтелдер, қанатты  сӛздер сӛйлемде 
кӛп  жағдайда  қыстырма  сӛз  ретінде  қолданылады.  Мысалы:  1)  «Аузы  күйген  үріп 
ішеді» дегендей, былтыр команданың басшылығын ӛз қолына алған ұстаз Александр 
Сергеевич  Назаров  осындай  тұрақты  іспен  бекітілмеген  болжаудан  бойын  аулақ 
салды  (С.Есімов).  2)  Кӛрпеңе  қарай  кӛсіл  деген  ғой:  қолда  барды  сарқа  жұмсамай, 
тым кӛсіле  бермейік те  (АТ). Бұл екі  сӛйлемдердегі мәтелдер қыстырма  сӛз  ретінде 
беріліп,  бүкіл  сӛйлемнің  семантикалық  сферасына  тікелей  қатысты  мағыналық 

145 
 
байланысқа  түсіп,  тұтасымен  қабылданып,  сӛйлемнің  мағыналық  кӛлемін  ұлғайтып 
тұр. 
Сонымен,  бұл  фразеологизмдер  мағынасы  бойынша  эквивалентті  болып 
табылатын сӛздерге қарағанда семантикалық құрылымы бай. Осы ерекшелігі арқылы 
түрік  тілінде  де  бұл  фразеологизмдер  сӛйлем  аясын  потенциалды  кеңейтуші  тілдік 
материал болып табылады. 
Қорыта  айтқанда,  бұл  ізденісімізде  сӛйлем  аясының  кеңею  мәселесінде 
фразеологизмдердің  кеңейтуші  қабілеті  бірінші  рет  тілге  тиек  болып  отыр.  Мұның 
ӛзі  қазақ  тілінің  синтаксисі  үшін  ӛзекті  мәселе  екенін  дәлелдейді.  Ізденісіміздің 
нәтижелері  синтаксис,  семасиология  теориясында  фразеологизмнің  семантикалық 
тұтастығы  сӛйлемнің  мағыналық  аясын  кеңейтуге  қатысты  қарастырылып, 
семасиологиялық,  стилистикалық  аспектіде  талдануы  тұрақты  тіркесті  жаңа  бір 
қырынан танытты. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1 Б.А.Ларин. Очерки по фразеологии // Уч.зап. ЛГУ. Сер. филол. наук. 1956 г. 
Т.198. Вып. 24.-265 с. 
2  Фомина  М.И.  Современный  русский  язык.  Лексикология.  М.:  Высшая  школа, 
1990. — 415 с. 
3 К.Г.Павлова. Проблема объема предложения лингвистической литературе // 
Иностранный язык в школе, 1971 г. №2.-С.54. 
4  В.  Н.  Телия  -  Русская  фразеология.  Семантический,  прагматический  и 
лингвокультурологический аспекты. – Москва, 1996.- 145 с. 
5  Адмони  В.Г. Особенности  синтаксической  структуры  в  художественной 
прозе XX в. на Западе. - В сб.: Philologica. - Л., 1973.- 189 с. 
6    Leisi  E.  Der  Wortinhalt:  Seine  StrukturimDeutschen  und  Englischen.  – 
Heidelberg, 2 Aufl., 1961. – 218 S. 
7 А.В.Калинин. Лексика русского языка. Москва, 1982 г.- 266 с. 
8  Ә.Болғанбайұлы,  Ғ.Қалиұлы.  Фразеологизмдердің  түрлері  //  Қазіргі  қазақ 
тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. - Алматы, 1997 ж.- 147 б. 
 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 3.58 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет