ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ
К.Л.ЕСМАҒАМБЕТОВ
МҰҚТАР Ә.Қ.
тарих ғылымдарының докторы,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Қазақ батырлары тарихын зерттеу тәуелсіздікке жеткенімізден
кейін ғана батыл түрде қолға алынды. Әрине, бұл арада сол кезеңге
дейін зерттеулер жүргізілмеді, батырлар тарихы жазылмады деуден
аулақпыз. Халқымыз қай кезеңде де ӛзінің қамқоры, қорғаушысы
бола білген батырларына ерекше үміт артқан. Қай заманда да қазақ
ұрпағын Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды батырлар жырларымен
сусындатып, ерліктің елі үшін жасалатындығын, ер осындай
қабілетімен кӛпшілік жадында мәңгілік қалып ерекше құрметте
болатындығын сезіндіре білді. Міне, сондықтан да ата-бабамыз
«Елдің атын ер шығарады», «Батырға оқ дарымайды, Батылға жау
жоламайды», «Ер жігіт елі үшін туады, Елі үшін ӛледі», «Ер жігіт
үйде туып, түзде ӛлер», «Батыл болсаң, батыр да боларсың» деп
бүгінге дейін ұлын тәрбиелеп келеді.
Сонымен, батыр дегеніміз кім?
Кӛне заманнан бері халық жадында ондай адамдар «жау
жүректі», «батыл», «қиын-қыстауда жол таба білетін», «кӛпшілікті
соңына ертетін», «ерекше қайратты», «әдіс-айласы мол» тұлға
ретінде суреттеліп келеді. Қазақ фольклоры оларды айрықша
мақтанышпен жырлап, жастарды сусындатса, керісінше, оны
зерттеген патшалы Ресей заманында - «басбұзарлар», «заңға
қайшылар», «жабайылар» деп шегеленді. Орыс зерттеушілері
ішінен Н.Савичев Исатай Таймановқа «жарқырап сӛнген жұлдыз»
деген пікір білдіргенімен, батырдың жан-дүниесін, алдына алған
мақсат-міндеттерін түсіне алмады. Қазақ батырларына зор құрметті
Халел Досмұхамедов еңбектерінен табамыз. Алайда Кеңестік
тарихшылар
бұл
бағыттағы
ізденістерді
жалғастырып,
батырлардың тарихын ұлт мүддесімен жаза алмады. Бұл кезеңдегі
тарихи зерттеулерде Исатай-Махамбеттің күресі қанаушы таптың
озбырлығын дәлелдеу үшін қажет болса, Жанқожа күресі қазақтың
Орта Азия хандықтарына қарсылығын дәлелдеп, орыспен бірге
қазақты азат ету ролін қорыту үшін қажет еді. Сол сияқты
Амангелді батырды зерттеу орыс-қазақ достығын айғақтап, Қазан
тӛңкерісінің заңдылығын дәлелдеу үшін Кеңестік идеологияға аса
қажеттілік еді.
Халық ӛз батырларын жырдан-жырға қосып, оны әңгіме
үстінде кең насихаттағанымен, арнайы зерттеулерге айналдырып,
мұрағаттарда қатталып жатқан деректерді қосып, сүбелі еңбектерді
оқып, сусындай алмады.
Жоғарыда жазғанымыздай тың бастама азаттықпен ғана келді.
Алдымен Х.Досмұхамедовтың «Аламан», Е.Бекмахановтың «XIX
ғасырдың 20-40 -шы жылдарындағы Қазақстан» еңбектері қайта
басылды. Сӛйтіп, аталған еңбектердегі 100-деген қазақ батырлары
есімдері халқымен қайта қауышты. Міне, осыдан кейін батырлар
тарихын жаңаша жазу басталды. Тарихшы-ғалымдар алдындаға
маңызды
мәселеге
алғаш
қалам
алғандар
қатарында
К.Л.Есмағамбетов орны ерекше. Ғалымның осы жылдары дүниеге
келген кез-келген еңбектері ақтаңдақ тарихтың сан қырынан
ашылуына әсерін тигізді. Мәселен «Батырлар тарихы рухани
байлығымыз» атты мақаласында «Отандық тарих ғылымында қазақ
батырларының елі мен жері үшін қан майданда жаулармен
шайқасқан жанкештілік күресін, оның халық тағдырындағы орнын
кӛрсетуге әлі күнге дейін толық мән берілмей келеді. Бұл ең
алдымен Кеңес заманында батырларды «үстем тап ӛкілдеріне»
жатқызған кеңестік идеология мен тарихнаманың салқыны болса,
екіншіден, ұлттық идеологияны қалыптастырудағы салдыр-
салақтығымыздың, «жайбасарлығымыздың» салдары екендігі анық.
Кейбір пайым таразысы тарлау қандастарымыздың ӛздері де
«жылқы жылы туған қай батырды санап жатамыз» деген сияқты
керенаулық танытады. Айналып келгенде мұндай адамдар сол
баяғы
отарлық
ниеттегілердің
«диірменіне
су
құяды»
(Есмағамбетов К. Батырлар тарихы рухани байлығымыз // Қазақ
тарихы. 2007, №4 ) деп батырлар тарихының ел тарихымен
сабақтасып жатқандығын дәлелдейді. Автордың қазақ батырларына
деген ерекше құрметін сонау 1991 жылы жарық кӛрген «Что о нас
писали на Западе» деген еңбегінен де анық байқаймыз. Зерттеуші
осы еңбегінде-ақ қазақ даласында болған алыс шетелдік
ғалымдардың пікірлерін саралап, қазақстандық оқырманға жеткізді.
Батырлар бастаған, халқы қолдаған ұлт-азаттық қозғалыстардың
барлығы бірін-бірі толықтырып, ешқашан үзілмей жалғасқандығын
шетелдік ғалымдар атап ӛткен. Мәселен, Сырым Датұлының
қозғалысын зерттеген Э.Саркисянц «біріңғай ағым» теориясының
қазақтар қозғалысында әрдайым жүзеге асқандығын жазады.
(Есмағамбетов К.М. Что о нас писали на Западе. Алматы, 1992. – С
127). Ең бастысы бұл арада шетелдіктердің қазақ батырларының
қайсарлығын атап ӛтіп, олардың қазақ үшін жанын қиғандығын
мойындауы дер едік.
Қазақ
батырлары
ішінде
Исатай-Махамбет
тарихы
К.Л.Есмағамбетовтың
«Азат
рухтың
күрескері»
(Алматы,
Ӛркениет, 2003ж.) зерттелуімен жаңа белеске кӛтерілді. Зерттеуші
«патша ӛкіметі қазақ қоғамындағы билік институттарын жоюда ең
алдымен батырлардың кӛзін құртуды ойластырды, себебі олар
елдіктің рухы, қазақ жерінің тәуелсіздігі мен бүтіндігінің символы
есептелінді. Қысқаша айтқанда, батырлардың қоғамдағы ролін жою
– қазақ халқын рухсыздандыру жӛніндегі отарлық саясаттың
құрамдас бӛлігі болды. Ресей шенеуніктерінің тілінде ол «политика
умиритворения» деп аталды. Батырлыққа жол бермеу – бұл
саясаттың тіпті басты бағыттарының біріне айналды. 1806 жылы 31
мамырда император I Александр бекіткен «Хан кеңесі үшін
ережелер» деген құжатта «батырлар пайда болмасын және
күшеймесін» деген қатаң нұсқау жазылды» деп мәселенің қазақ
қоғамынан
неге
аластатылғандығын
орынды
анықтады
(Есмағамбетов К.Л. Азат рухтың күрескері. - 166-167 б.б.).
Әрине жауға қарсы аттанған мыңдаған қазақтың ішінде
батырлардың орны әрдайым биік болды. Осыны сезінген халық
қашан да батырлардың туы астында табыла білді. XIX ғасырдың 70
жылдарында қазақ даласы арқылы Хиуаға сапар шеккен американ
дипломаты Ю.Скайлердің «Ерен ерлікті, елдік пен тәуелсіздікті
жоғары ұстаған қазақтар қай кезеңде де Сырым, Арынғазы немесе
Кенесары сияқты дала тӛсінде атқа қонған батырлар туы астында
жиналуға дайын тұратын» деп жазғанын қазақ тарихына алғаш
аударып, енгізген де Кӛшім Лекерұлы еді (Есмағамбетов К.
Қазақтар шетел әдебиетінде А., 1994. 77 б.).
Сӛз жоқ, ғалымның мұндай жаңа ой-пікірлері батырлар
тарихын зерттеуде жаңа бастамаға негіз болды. Қазақ батырлары
Сырымның,
Исатай-Махамбеттің,
Кӛтібардың,
Есеттің,
Жоламанның, Жанқожаның басты мақсаты орыстық, кеңестік
тарихнамада жазылғандай, хандық билікке қарсылық емес,
керісінше, мемлекеттік негіз – хандық басқаруды күшейте отырып,
мемлекеттілікті сақтау, тәуелсіздікті қорғау екендігі дәлелденді.
Қазақ батырларының ішінде патша ӛкіметіне ӛмірінің аяғына
дейін қарсы күресіп ӛткен Жоламан Тіленішұлы тағдыры бүгінге
дейін тиісті бағасын ала алмай келеді. Тарихымызда 25 жылға
жуық Ресей отарлауына қарсы күрескен батырлар кӛп пе? Неліктен
Жоламан қайраткерлігі бүгінге дейін арнайы зерттелмей келеді?
Жалпы Жоламан деген кім?
Алдымен, Жоламан белгілі қазақтың ханы Әбілқайырдың бас
сардары болған Бӛкенбайдың Тіленшісінен туған немересі.
Бӛкенбай батырлығы Тіленшіге, одан Жоламанға дарыды. Бӛкенбай
да, Тіленші де, Жоламан да қазақ жауларына қарсы қол бастады.
Бӛкенбай 1742 жылы түрікмендермен болған шайқаста қаза тапса,
Тіленші Сырым батырды қолдап, артына 1500 сарбазды ертіп,
Ресейге қарсы аттанды. Сырым мен 1800 жылы қайтыс болған әкесі
Тіленшінің жолын Жоламан іліп әкетті. Оның есімі мұрағат
қорларында 1817 жылдан бастап кездеседі.
Жоламан патша ӛкіметінен ХІХ ғасырдың 20-жылдары Табын
руы мекендеген жайылымға, ӛзендерге, тұзды жерлерге бай Жаңа
Елек ауданын қайтаруды талап ете бастады. Бұл жерлер Елек тұзын
тасу үшін жаңа жол саламыз деген сылтаумен алынып, 29 бекініс
салынды. Ақыры қазақтар Орал, Елек, Берден, Құрат ӛзендері
бойындағы жерлердің ең жақсы 7 мың десятинасынан айырылды.
Міне, осы жай Жоламан бастаған азаттық күресінің негізгі себебіне
айналды. 1822 жылы 27 тамызда Табын, Тама рулары Жоламан,
Қойтары, Сүйінқара бастауларымен қол жинап, форпостарға
шабуыл жасады. Ал қыркүйекте оларға Асау, Кӛтібар, Жаналы,
Дербісәлі батырлар қосылып, шайқасқа шыққан қазақтар саны
1000-ға жетті (ҚР ОММ 4-қ., 1-т., 4698-іс). Осы сәтте Елек
қорғанына келген Лихутин Орынборға Елек қорғанынан Елек
қалашығына дейінгі аралықта 1 тамыздан 4 қыркүйекке дейін
бірнеше рет қазақтар шабуылы болғандығын хабарлады.
Жоламан ӛз ойын ашық түрде 1822 жылы 24 желтоқсанында
губернатор П.К.Эссенге хат арқылы білдірді. Хатта: «біріншіден,
орыстар Елек бойына қарауыл толтырып, оның ішкі бетін ғана
емес, сонымен бірге ӛзен бойларын иеленіп, қазақтарды жерсіз
қалдырды. Екіншіден, орыстар және башқұрттар бізден Нарын
құмдарын да тартып алды. Біз жайылымсыз қалдық. Содан қазақ
халқы 1822 жылы үдере кӛтерілді»,-делінген (Материалы по
истории Казахской ССР.-С.434).
1823 жылы Жоламан Ресейге қарсы ӛз пікірін ашық білдіре
бастады. Мәселен, 15 қазанда ӛзіне арнайы келген хорунжий
Беккенеұлына батыр «Мен қарақшы емеспін, Ресейге қарсы
соғысты Елек ӛзені бойына бекініс шебін салғаны үшін жүргізіп
отырмын»,-деп хабарлаған (Материалы по истории Казахской ССР
–С.449).
Ал, 1827 жылы Бӛкей ордасында Қайыпқали сұлтан
кӛтерілгенде, Жоламан батыр онымен бірлесуге ұмтылды. Кейін
1831 жылы кӛктем айларында 17 ауылымен Қайыпқалиға кӛшкен.
Ол турасында Жүсіп Нұралиев 8 маусымда полковник Г.Ф.Генске
хабарлап, Қайыпқали мен Жоламанның қазіргі тұрақты мекені
ретінде Ойыл бойындағы Батабай ӛзені тармағын кӛрсетті
(ҚРОММ. 4-қ., 1455-іс, 100п).
Дегенмен, Қайыпқали, Жоламан т.б. орыс үкіметімен ашық
шайқасқа
шыға
қоймады.
Жоламанның
қолға
түспей,
Қайыпқалимен келісімге келуі Г.Ф.Генсті ойландырмай қоймады.
Ол қарулы әскермен батырды ұстау мүмкін еместігін түсініп, оның
соңына 1830 жылы 1 қыркүйекте Батыс бӛлік билеушісі болып
бекітілген Баймұхамед Айшуақовты салды. Жоламанның ел
ішіндегі беделінен сескенген Баймұхамед сұлтан орыс үкіметі
талабын орындауға тәуекелі жетпеді. 1833 жылы сұлтан жанына
4000 жақтастарын және 200 казак-орыс әскерін ертіп, Жоламан мен
Асау Барақовқа аттанды. Қазақ батырларының 300 адамдық
сарбаздарымен Ойыл ӛзенінде кездескен сұлтан-билеуші шешуші
ұрысқа бұйрық бермеді. Ол кейін оның себебін «кездесу батырлар
ауылына жақын жерде болды, оларды үркітпеуді кӛздедім», - деп
түсіндіреді. Кейін қайтар жолда Баймұхамед ту кӛтеріп қаруланған
Ӛміржота басқарған Кете руының 300 адамымен қарсы жолыққан.
Бұл жолы да Баймұхамет әскерім қуып жете алмады деген. Мұны
естіген Г.Ф.Генс 1833 жылы 24 қазанда Б.Айшуақовқа хат жолдап,
«300 адамнан қорқып, әскери күшті пайдаланбауын» қатты сынға
алды. «Жоламан, Тастемір, Қазыбай, Күлекті ұстап, Орынборға
әкелуің қажет еді» деп ӛкініш білдірді (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 4830-іс,
3-5пп.). Тарихшы Ж.Қасымбаев «Генерал, сұлтан-правитель
Баймұхамед Айшуақов (1790-1847)» атты монографиясында
(Алматы, 2000) осы оқиғаны «масқара болып шегіну» және
«осыдан кейін сұлтан әскери қол бастамады» деген бағасын береді.
Жоламан 1835 жылы Орск және Троицк араларында Жаңа
Шептің салынуына байланысты қайтадан атқа қонды. Жоламан
қозғалысының жандануына Жағалбайлы, Жаппас, Арғын, Қыпшақ
руларының ӛз беттерінше орыс шептеріне қарсы кӛтерілуі де әсерін
тигізді. Ӛйткені олар 10 000 шаршы км.астам жерінен айырылған-
ды. Е.Бекмаханов пікірінше, малдарын қырылудан аман сақтау
үшін олар шекараға жақын жерлерге кӛшіп-қонуға және сол үшін
ӛте үлкен сомада ақы тӛлеуге тиіс болды. Аталған рулар ең наразы
руларға айналды, олар Шеп маңы бекіністеріне, сауда керуендеріне
және билеуші сұлтан ауылдарына жиі-жиі шабуыл жасауға кӛшті.
Билеуші сұлтандардың ауылына шабуыл жасау себептерін қазақтар
сол сұлтандардың «үкіметтен қазақтарға мал бағуға рұқсат алып
беруге жарамай отырғандығы үшін» деп түсіндірді. Сонымен, бұл
патша ӛкіметі билігіндегілер сендіргендей, әдеттегі барымта болған
жоқ, бұл патша ӛкіметіне сатылған ӛз қанаушыларына қарсы күрес
еді.
Кенесары Қасымов бастаған Орта жүз қазақтарының кӛтерілісі
басталғанда, Жоламан оларға кӛмекке баруға асыққан. Ол Кіші
жүздегі қазақ руларының басым кӛпшілігінің күресін біріктіруші
болды. Ол ӛзінің тыңшылары арқылы Шекаралық Шепке жақын
кӛшіп-қонған барлық қазақтарды елдің ішкі жағына ӛтіп, Кенесары
кӛтерілісіне қосылуға шақырды (Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғасырдың 20-
40 жылдарындағы Қазақстан. 203-204бб.).
Жоламан қозғалысының жаңа кезеңі Исатай-Махамбеттің
Бӛкей Ордасынан Азия бетке ӛтуімен басталды. 1838 жылдың орта
тұсына қарай Елек қалашығынан Орск, Троицк қамалдарына
дейінгі шекаралық Шепке жақын жерде кӛшіп-қонған қазақтар
кӛтеріліске қамтылды және олар топталып, Торғай мен Ырғыз
ауылдарына кӛше бастады.
Міне, осы сәтте Исатай Жоламанмен бірлесе қимылдады
деуімізге әбден болады. Исатай 1838 жылдың кӛктемінде Шеркеш
руының билері Бардан, Асау, Тоқай, Бәйембет, Айбас, Дабыс, Таз
руынан Ботаға жолдаған хатында оларды шептен кӛшуге шақырып,
«Жоғарыдан Табын руының батыры Жоламан, Тілеуқабақ
бӛлімінен Есет 5 мың адамымен келді. Бұлар да, құдай оңдаса,
біздерге қосылатын болады. Кете руынан Аламан қазірдің ӛзінде
бізге келіп қосылды, сӛйтіп, әзірше 3 000 адам болдық» деп
кӛрсетеді (Савичев Н. Исатай Тайманов / Савичев Н. Кенжалиев И.
Тарихи зерттеу еңбектер. 12-кітап. Алматы: «Ӛлке», 2003.-51б.).
Расында да, кӛп ұзамай Исатай жанында Жоламанның барлығы
анықталды. 1838 жылы 10 маусымда Табын руы қазақтары Үлкен
Ырғызға кӛшіп, 800 адамды шепті шабуға жіберді деген хабар
тарады. Мұны естіген патша үкіметі 14 маусымда Жоламанды
қолға түсіру туралы қайтадан бұйрық шығарды (ҚРОММ. 4-қ., 1-т.,
4890-іс, 2п.).
Жоламан, Исатай, Қайыпқалидың патша үкіметіне қарсы
келісімге келуі Орынборды дүрліктірді. 1896 жылы «Русская
старина» журналына (1896, №5.-С.410-421) В.А.Перовский туралы
жазған мақаласында П.Л.Юдин: «1838 жылы қазақ даласында 3
басты бүлікші: Қайыпқали сұлтан, Жоламан, Исатай батырлар
болды. Олардың әрқайсысы Кіші, Орта жүздің қазақтарынан қол
жинап, орыс керуендерін тонап, шепке шабуыл жасай бастады» деп
мойындайды. Болашақ қауіпті сезген Орынбор губернаторы
В.А.Перовский қазақтарға қарсы әскери отряд дайындады.
Біріншісін полковник К.К.Геке басқарды. Оның қарамағында 200
Орынбор казак-орыс әскері, 150 Орал казак-орыс әскері, 50 атты
атқыштар және 8 зеңбірек болды. Орынбор губернаторы 1838
жылы 8 шілдеде К.К.Гекеге Қайыпқали мен Исатайдың жоспарын
талқандауды жүктеді (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1966-іс, 41п.). Отрядқа
қосымша Горский қорғанынан 100 атты әскер келе жатты.
Баймағамбет сұлтан да 150 адамымен орыс әскеріне қосылды.
Сонымен мұздай қаруланған К.К.Геке 12 шілдеде Ақбұлақ ӛзені
жағасында Исатай басқарған қазақтарды жеңді. Қайыпқали
Хиуамен шектес Сам ауылдарына қарай жылжыды.
1838 жылдың 29 шілдесінде Орынборға Орск қорғаны
коменданты подполковник В.Исаевтан Жоламан, Жаналы батырлар
2000 Табын, Тама, Қыпшақ рулары қазақтарымен Ор ӛзенінен
тӛменгі шепті шабуға шықты, тағы бір деректен Елек ӛзенінің
Қаратоғай мекенінде Жоламан 2000 адаммен тұр деген мәліметтер
жетті. Жүсіп Нұралиев 3 тамызда Жоламанда 3000 адам бар дей
отырып, ӛзін қорғауын ӛтінді. Сонымен бірге Жоламан жігіттері
Орта бӛлік билеушісі Арыстан Жантӛринді жаралап, 470
жылқысын қуып әкетті.
Жоламан шеп бойындағы Жағалбайлы руларын ӛзіне қосуға
жұмыстанды. Кей жағдайда «егер шептен кӛшпейтін болсаңдар,
бүкіл шепке жақын жайылымдар ӛртеледі» деген хабарлар
таратылған. Жайылымның ӛртелгендігін 6 тамызда старшина
Каменский растады (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 4890-іс, 2, 23, 56пп.; 4200-
іс, 25п.). Содан В.А.Перовский жаппай кӛшуді тоқтату үшін және
тез арада Жоламан кӛтерілісін басу үшін қырға 3 отряд бір мезгілде
жіберілді. Оларды полковник Мансуров, полковник Падуров,
полковник К.К.Геке басқарды.
Мансуров отряды Орскіден шығып, 16 тамызда Тӛртқара
руының ауылдарын шауып, кӛптеген малды тартып алды. Одан әрі
Ырғызға жеткенімен, Жоламан қонысын таба алмай, кейін қайтты.
Падуров отрядына Жоламанды қалай да қолға түсіру,
кӛтерілісті басу жүктелді. Е.Бекмаханов «полковник Падуров
тұтқында болғалы бері Жоламанды ӛте жек кӛретін» деп анықтай
түседі. Ӛш алуды армандаған Падуров қарамағына 500 башқұрт, 50
атқыштар, 2 зеңбірек берілді. Оған қосымша Угольный
форпостысынан 450 Орынбор казак-орысы, 50 атқыштар, 2 зеңбірек
К.К.Геке басшылығымен жіберілді. К.К.Гекеге «Жоламан бастаған
кӛтерілісшілерді талқандау және жазалау» тапсырылды. Бірақ
отрядтың негізгі мақсатын құпия ұстау үшін «Хиуадан келе жатқан
керуенді күтуге барасыздар» деген арнайы әңгімелер таратылған.
Оған жол бастаушы болып 10 дистанция басшысы Тәжік Бишебаев
тағайындалған (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 4890-іс, 44-45 пп.). Орыс
әскерлері тамыз айында қарай Белағаш, Қараторғайға жеткенімен,
осы жерден Жоламан батыр Табын, Тама, Жағалбайлы, Алшын,
Жаппас, Шекті, Тӛртқара руларының 500 ауылымен Торғай,
Қарақұмға кӛшіп кетті деген хабар алған. Содан Падуров та түпкі
мақсатына жетпей кейін қайтты. Міне, осыдан кейін Е.Бекмаханов:
«Орынбор Шекара Комиссиясының тӛрағасы Генс былай деп
кӛрсетеді: «Жоламан ӛзін Ресейде қарақшы деп атағанына
ашулануда, ол: «қарақшылық жасап жүрген жоқпын, Ресеймен
соғысып жүрмін» деп есептейді. Оның соғысқа дайын кем деген де
3000 адам әскері бар». Тартып алынған жерлерді қайтаруды талап
ете отырып, Жоламан Орал казак-орыс әскерлерінің атаманы
генерал-майор Бородинге былай деп жазады: «Бұл жерде біздің
ӛтінішіміз бар. Әбілқайыр хан тұсында біздің халқымыз
пайдаланғандай Нарын құмдарын толық және Ӛзеннің үш ӛзенін
беріңдер, ал егер ол мүмкін болмаса: ең болмағанда, Елек ӛзені
бойындағы Жаңа Шепті әкетіңдер. Онда бізді дос санайсыздар.
Мен сұраған жерлерді берсеңіз, онда біз дос боламыз, егер
бермесеңіздер, онда жау боламыз»,-деген жолдарды келтіріп, «Жер
үшін, жоғалтқан жайылымдар үшін күрес Жоламан Тіленшиев
қозғалысының басты мазмұны болды»,-деп қорытындылайды.
Бұдан Жоламанның 1820 жылдары орыс үкіметіне қойған
талабынан бас тартпағандығын байқауымызға болады.
1838 жылдың аяғына қарай Жоламан бастаған қазақ рулары
Торғай аймағында Кенесарыға қосылды. Орынбор мұрағатындағы
С.Н.Севастьянов қорында Кіші жүздегі әскери қимылдардан соң,
Қайыпқали Хиуаға, Қасым мен Кенесары Ташкентке, Жоламан
Жемге бағыт алды. Исатай ӛлтірілді делінген (ОрОММ. 169-қ., 1-т.,
45-іс, 26 п.).
Патша үкіметі 1839 жыл басында Кіші жүзді толық бағындыру
мақсатын бүркемелеп, Хиуаға әскери жорық жасау қажет деп жан-
жақты
дайындала
бастады.
В.А.Перовский
Жоламанды,
Қайыпқалиды ұстап, жазалау ойынан бас тартады. Ал Жоламан
басқарған Табын руы жігіттері Кенесары әскерінің құрамында
белсенділік танытты. Кейбір деректер бойынша олар Кенесарының
ерекше отрядтарын құраған. Жоламан, Кенесары апасы Бопай, інісі
Наурызбай, Саржан Саржанов, Жеке батырлар ӛз отрядтарымен
дұшпанның тылына рейдтер жасап, кӛтеріліске қатысудан бас
тартқан сұлтан, билердің мал-мүлкін тартып алып отырған.
Жоламан В.А.Перовскийдің жорығы кезінде Қайыпқали, Жүсіп
Сырымұлы, Есет Кӛтібарұлы, Дәуіт Асауұлдарымен бірлесе қарсы
шықты.
Бірақ
4000
жаяу
әскер,
12
зеңбірек
ерткен
В.А.Перовскиймен ашық майданда кездесу мүмкін емес-ті.
Сондықтан батырлар бекініс қоймаларына шабуыл жасап, Каспий
теңізіндегі азық-түлік тиелген орыс кемелерін ӛртеп, тылынан
соққы беріп отырды. Мұндай қарсылықтар жорыққа түйе жинау
кезінде де байқалды. Мәселен, Дәуіт Асауов 1838 жылы
Қайыпқалиды қолдамай, Орынбор әкімшілігінен алтын медаль
алғанымен, Хиуа жорығына ашық қарсы шықты. 1839-1840
жылдары қазақ даласында орыс әскерлері әбден есіріп алды. Тек
қана 1839 жылы тамыз айында Торғайға 1900 әскер жіберілсе, 300
адамды И.В.Падуров басқарып, Байұлы руларына аттанды
(ОрОММ. 196-қ., 1-т., 45-іс, 26-27пп.).
1840 жылдың қараша айының ортасында В.А.Перовскийдің
Хиуаға жорығы толық сәтсіздікке ұшырады.
1841 жылы 2 ақпанда Орынборға түскен рапорттан Шӛмекей,
Тӛртқара, Шекті руларында арнайы Кеңес ӛткендігі белгілі болды.
Мақсат ел ішіндегі тыныштықты сақтап, Кенесарымен бірге кӛшу
болған. Кеңеске Жоламан Бұхара маңында тұрақтағандықтан
қатыса алмаған (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1993-іс, 25-27пп).
Жоламан Бұхара, Хиуа хандықтарына бірдей беделді болды.
Екі хандық та оның беделі арқылы қазақ руларын ӛз саясатына
пайдалануды кӛздеді. Хиуа Ресейдің болашақ соққысының алдын-
алуды ойластыра, Бұхара Қоқан хандығының жеңілуіне тілекші еді.
1841 жылы қыркүйек басында Бұхарамен келіскен Кенесарының
Ташкентке бет алған әскері құрамында Табын руы қазақтары да
болатын.
1841 жылы патша үкіметі Сыр бойы қазақтарының орыс
билігінде екендігін Хиуаға дәлелдеуге күш салды. В.А.Перовский
1841 жылы 23 мамырда Бас штаб капитаны П.Никифоров пен
поручик М.Аитовты Хиуаға аттандырды. 11 тамызда Аллақұл
ханның қабылдауында болған елшілер Ресейдің ұстанымын
жеткізді.
Сыр бойы қазақтарының орыс боданы еместігін айғақтау үшін
Аллақұл хан арнайы Кеңес шақырды. Оған Жанғазы Қайыпұлы,
Қайыпқали сұлтандар, Шекті Рахманқұл, Байбақты Жүсіп
Сырымұлы, Табын Жоламан, Нияз, Шекті-Тілеуқабақ, Отаралы
қатысты. Кеңесте Ресей талабы тыңдалып, Сырдария кімге
бағынады мәселесі қаралды. Жанғазы сұлтан «Ресей Сырдарияны
ала алмайды, ӛйткені ол әлсіз, әйел сияқты жай қимылдайды, оның
үстіне Сырдария Жайықтан тым шалғай», Рахманқұл «Ресей жыл
сайын қазақтарды тонау үшін далаға әскер жіберіп, олардың жерін
тартып алады, егер де қазақтар олардың боданы болса, мұны
істемес еді», Жүсіп Сырымұлы «қазақтар мұсылман, сондықтан
ешқашан христиан империясының бодандығына кірмейді» деген
ерекше пікірлерін білдірген. Ал П.Никифоров «империяға қарсы
қылмыскерлер мен заңды жазалаудан қашқандар» ортасында
бодандықты дәлелдеудің еш қажеті жоқ деген кезеңде, Жоламан
батыр ӛзін Ресей боданы деп айтуға да рұқсат бермеген. Сӛз алған
М.Аитов Жанғазы сұлтанның Ресейде дүниеге келгенін, әкесінің
патшаға да адал қызмет етіп майор шенін алғанын, Рахманқұлдың
жақын туысы Жанұзақтың ІІ Екатерина тұсында Ресей астанасына
барғанын, Жоламан Тіленшіұлының ӛз руына бара алмайтынын,
әкесі Тіленшінің патша атынан тархан атағын алғанын, Жүсіп
Сырымұлының Арынғазы сұлтанмен Санкт-Петербургке барып,
Хиуаны талқандау үшін әскер сұрағанын еске салған (ОрОММ. 6-
қ., 10-т., 5241 –іс, 369-374 пп.).
Кездесу қорытындысынан анық байқалғаны қазақ сұлтандары
мен батырлары бірауыздан бодандықты мойындамаған. Мұндай
жағдайда Жоламанның ӛз ата мекеніне оралуы мүмкін де емес еді.
Оның үстіне патша әскерлері ашық соғыспен Кенесары әскерінің
соңына түсті. 1845 жылы 23 шілдеде Кенесары Ырғыздан Торғайға
келді. Егер жағдай оңалмаса да, ол Жоламан ізімен Бұхараға
кетпек, сәл кейін 12 мамырда «орыстар қазақтардан 1000 адамды
Кавказға жібермек» деген әңгімелерден соң, қазақтар Бұхарадағы
Жоламан ауылына кӛшуде деген хабарлар Орынборға жетті. Батыс
бӛлік сұлтан билеушісі шекаралық комиссияға Жоламан батырдың
Бұхара иелігінде тұрақтағанын растады (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 2327-іс,
60 п.; 3408-іс, 6-7п.).
Ал 1848 жылы 23 қазанда шекаралық комиссия Жоламан
батырдың 1838 жылы 17 қыркүйектегі шептегі Анинский
станицасына шабуыл жасағандығын тексеру барысында әскери
старшын Арыстан Жантӛрин Жоламан Тіленшиннің әлдеқашан
қайтыс болғандығын жеткізді (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 4427-іс, 9п.).
1854 жылы 12 сәуірде Орынбор шекаралық комиссиясы
генерал-губернаторға Есет Кӛтібаровтың күресін тоқтату үшін
Табын руынан Жоламан, Кутебаш, Жаналы, сұлтан Қайыпқали,
Науша, батыр Исатай, Махамбет, Үбі батырлар, Кенесары,
Наурызбай сұлтандар қаншама күрессе де, армандарына жете
алмады»,- деген хат жолдағанын хабарлады (КРО ІІ.-С.404).
Сӛйтіп, елінің қамын жеп, Ресей империясының алдында басын
имей, олардың үйіп-тӛккен бірде-бір ұсыныстарын қабылдамай,
батыр бабамыз Бұхара хандығында мәңгілікке кӛзін жұмды.
Қорыта келгенде, бүгінгі байлығымыз - ұлан-байтақ атамекенді
сақтауға келгенде Жоламан сынды ерлер 1822-1846 жылдар
аралығында ерекше кӛзге түсті. ХІХ ғасырдағы отарлауға қарсы
күрескен Арынғазы, Қаратай, Қайыпқали, Кенесары, Кӛтібар,
Исатай, Махамбет, Есет т.б. батырлармен үнемі қоян-қолтық
араласып, елі мен жұртының ертеңі үшін алаңдауы оның халқының
нағыз патриоты екендігін дәлелдейді. Осындай ерлердің арқасында
қазақ мекендеген территория мәңгілікке ӛз ұрпағына бұйырды.
Поделитесь с Вашими друзьями: |