Аясында ӛткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



жүктеу 0.67 Mb.

бет5/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

                 Шабамын жаудан жасқанбай, 

   -деген  тіркестер  бҥгінгі  ӛлшеммен  жалаң  ҧйқас  болғанмен  жадағай  сӛз  емес.  Туған 

жерге  деген  сағыныш  сазы  елітеді.  Жҥрегінен  сағыныш  сәулесі  тӛгіліп,  жанарынан 

қҧйылған жас жауға қарсы оқ болып шашырайды. Туған жер тылсым ӛлке оның қысы да, 

жазы  да  жадыңда  жаңғырып  жататыны  жаңалық  болмасы  анық.  Демек,  Жҧбанның  да 

туған жерге қайта-қайта мойын бҧра беруі адам ӛміріндегі қасиетті борышқа адалдық деп 

мойындағанымыз  дҧрыс.  Борышқа  адал  болуды  жадағай  жалаулатпайды,  жан  -тәніңе 

емірене  ендіре  білген.  Ал  тҥптеп  келгенде  туған  жердің  тӛсінде  қазақ  халқың,  ӛз  туған 

Отаның, ӛлең тӛсегің жатса керек. 

                      Талқанын жаудың шығарған

                      Ӛжет ері Отанның 

                      Қаһарлы қайсар қаһарман 

                                                   Момышҧлы Бауыржан ол да қазақ баласы,- 

сӛйтіп,  Исатай,  Махамбет,  Қҧрманғазы,  ақын  Сара,  Біржан,  Мҧхит,  кешегі  кҥңіренғей 

соғыста  ӛткен  Мәлік  Ғабдуллин,  Тӛлеу  Әбдібеков,  қазақтың  қос  жҧлдызы  -  Әлия  мен 

Мәншҥк, Тӛлеген Тоқтаров, қазақтың тарлан ақыны Тайыр туралы тереңнен ой қозғауы, 

тҥптеп келгенде, қазақ халқының рухын асқақтатып адами әлемін әлдилеуді мҧрат еткен. 

Қазақтың  ӛткені  мен  бҥгінінде  есімі  алтын  әріппен  жазылар  алып  тҧлғалардың  болғаны 

анық.  Соның  бәрін  тәптіштеп,  тарихтың  бетіне  тҥсіруді  ақындық  қасиеттен  емес, 

Жҧбанның адамдық, азаматтық қасиетінен таптық. Сӛйтіп, 

                           Болды-ау деп уақыт аз-ақ тым,   

                                Ӛкініп кейін аттандым. 

                                                          Мен де бір қазақтың 

                            Болғаныма мақтандым,- 

деуі намысшыл, ер кеуделі, Отаншыл қазақтардың аз еместіғін аңғартса керек. Ӛз ҧлтын 

сҥю,оның батырын «батыр» деп айту жасығын және жасырмау ӛр ақынның алдына қойған 

мақсатын  айқындай  тҥседі.  Сӛйтіп  ол  «Мен  қазақпын»  дастанына  дейін-ақ  батыр  халық 

қазақты  жыр  етуден  жасқанып  кӛрген  жоқ.  Жӛргегінде  танылған  талпыныс  ӛз  ҧлтына 

деген ӛлшеусіз махаббат кейін ҧлы дастанға айналды. 

                     Жайып салдым сырымды, дос алдына

                      От басында, ӛрісте, қос алдында. 

                     Жан жҥрегі кӛзінен кӛрінетін 

                                                    Қазақ,- дедім,- отырған осы алдында,- 

дегені дәлелді-ақ. Мейірбан, ақ кӛңіл, адалдығы аңқылдап тҧратын қазақтың пейілін дәл 

осындай  суреткерлік  қалыпқа  тҥсіру  Жҧбанның  ғана  қолынан  келген.  Шарт  жҥгініп 

шариғаггы да мойындап, діндар кӛрінген қазақ бар ма? Тҥзде ері, ҥйде әйелі қазақ деген 


елдің  әдет-ғҧрпы  осылай  дегенді    мойындаса  да  тап  бас  иіп  кетпеген.  Бірақ,  әдептен 

аспаған, әліптің артын кҥткен. Ерін сыйлау, елін сыйлау қазақ әйеліне о бастан –ақ қанына 

сіңген  қалып,  дарыған  дауа.  Кҥннен  кӛлеңке  іздемейтін,  тҥннен  тҥн  еді  деп  қашпайтын, 

табиғаттың тӛл баласы да қазақ. Жел сияқты еркіндікті сҥйетін, аққу мен бҧлбҧл, аруана 

мен арғымақ, ерке елік бәрі-бәрі қазақтық тҧрпатты танытса керек. Осындай кең қолтық, 

ақ  пейілінен  кейде  пайда  да  таппайды.  Қараҥңгірлер  сатып,  сауысқан  мен  қарға 

қараулығын ӛткізіп кетеді. Осы сӛзімді ақынның ӛз сӛзімен дәлелдейін бе? 

Шариғаттың шартынан ҥрке бердім, 

Кӛргенім жоқ ӛмірге бір керегін. 

Еркек болып сәлдені сыйламадым

Әйел болып бетімді бҥркемедім 

Аққу,бҧлбҧл  әнімен  сылаң  қақтым, 



 

Сҧлулыққа, ӛнерге сҧғанақпын. 

Сауысқан мен қарғадан жиіркенем, 

Бірі сҧйқылт, біреуі сҧғанақ тым, - 

десе, кей жерде 

                                               Даяшымын байекпін, ең кішімін, 

      Демесе кім «мен тақсыр,мен кҥштімін.» 

Шоқпар боп та шекеме тимеген жоқ

  Жомарттығым, аңқылдақ сенгіштігім,- 

солай жалғасып кете береді. 

    Жҧбанның «Мен қазақпын» поэмасы кӛптеген шет ел тілдеріне аударылды. Олардың да 

сҥйсініп  оқитын,  туған  жерін,  халқын  мақтан  етудің  ғажайып  туындысы  -  ҥлгісіне 

айналды. Дегенмен де «Мен ӛзбекпін », «Мен грузинмін» деп шаттанғандары болғанмен 

де дәл Жҧбандай тҥпкі мақсаттарын айқындауға келгенде әр текті саясат ҧстанды. Дара - 

дана  суреткерлер  әліптің  артына  қараса  керек.  Сананы  сығымдаған,  тіліңді  тістеп 

сӛйлейтін  заман  туды.  Әсіресе,  аз  ҧлттардың  алмағайып  саясаттың  қҧрбандығына 

шалынуы  әп  –  сәтте  -  ақ  болатын.  Ал,  Жҧбан  дастанының  астары  ешқандай  кҥдік 

тудырмайтын еді. Осы дастандағы арасында шумақ жоқ мына сегіз тармаққа кӛз жҥгіртіп, 

ой салып қаралықшы. 

Соң оқыдым, талайдан бҧрын ҧқтым, 

    Тҥннен кҥнге кҥрт басып бҧрылыппын. 

Бір бӛлшегі болғаным қандай бақыт, 

                                              Россиядай, Лениндей ҧлылықтың !  

-дей келіп, әп – сәтте айналып тҥседі. 

                                                Ал бҥгін ше ? Бҥгін мен азаматпын, 

Жаза алатын, ғылымды қаза алатын. 

Жаза алатын дҥниелік дастандарды 

                                               Жаза алатып тарихқа қазақ атын, - 

деп  тҥпкі  мақсатына  бір  -  ақ  секіреді.  Ғажап  !  Қалай  қызымырлансаң  да  ілігер  ілік 

таппайсың. Сҥрінетін жерге келгенде лып етіп қарғып ӛтер арғымақтың әккі қимылдары   

кӛз   алдыңнан   ӛтеді.   Ал   мҧндай   сақтықпен   айтылған   сан шумақтардан санамалап 

біраз мысалдар келтіруге болады. 

    Ақын  осы  «Мен  қазақпын»  поэмасында  қазақтық  қалпымыздың  қазанында  қайнаған 

бҥкіл мінез - қҧлқымыз, әдет - ғҧрпымыз, салт – дәстҥріміз тӛңірегінде терең ой тербете 

білген. М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында суреткерлік қалып қара сӛзін қҧдыретіне 

табындырып әкетсе, осы поэмада жыр тілі ҧлтымыздың болмыс  - бітімін тағы да жайып 

салады.  Демек,  «Абай  жолы»  мен  «Мен  қазақпынның»  арасында  тартылыс  кҥшіндей 

білінетін бірліктің барлығы аян. Әуезовтей ҧлы дарынды тҧлғаның Молдағалиевтей жыр 



тҧғыры  болуы  заңды  қҧбылыс.  Сӛзіме  кӛптеген  дәлелдер  келтіруге  болады.  Бірақ  оны 

кейінге қалдырып тҧрмын. 

Ақынның  туған  елі  туралы  толғаныстары  ҥлкен  топтама.  Ол  кҥллі  қазақ  әлемімен 

тҧтасып келеді. Баласы бар данасы бар, Жайығы бар жазығы бар, жаңасы бар жасығы бар, 

қаласы  бар  даласы  бар,  аңы  бар  ағашы  бар  –  бәрі  бәрі  бірігіп  келгенде  -  Жҧбанның 

жерҧйығы.  Осы  жерҧйықта  қазақ  деген  ҧлттың  ҧлаңғайыр  ӛніп  -  ӛскен  ізі,  қуаныш  - 

қайғысы жатыр. Сан ғасыр тарихтың кӛне беттерінде кӛмескі із сақталса - ол қазақтың ізі. 

Қобыз сарынының қоңыр ҥнінде, домбыраның кҥмбірінде ҥн сақталса  - ол қазақтың ҥні. 

Сӛйтіп, жер- анада ізі қалған. Кҥннен жарық, айдан сәуле тараса нҧрына алақан тосқан да 

қазақ. Соның бәрі кейінгі ҧрпақ ҥшін, адам ҥшін. 

Отырғыза кетейік ақ шыбықты, 

Терек ӛссін ақ балтыр,ак шҧлықты. 

Біз болмасақ қызығын ҧрпақ кӛрсін, 

                               Қызғанбайық адамнан жақсылықты,  

-деп жан сырын жария етеді. 

Қатпар - қатпар қалың, жазылмаған тарихтың жыры, еңселі елдіктің естісі, кезіндегі 

кемдіктің  де  кӛрінісі  болған  -  қазақ.  Қазағы  -  қазынасы,  казағы-  маңдай  тірер  қазығы. 

Қуанышы да қазақ, қайғысы да қазақ. Батырлықтың да ҥлгісіне лайық қазақ. Даналықтың 

да, балалықтың да аясына сыйымды қазақ. Жалтаңдайтын да қазақ, талтаңдайтын да қазақ. 

Қит еткенге қызынатын да қазақ, бҧлт еткенге бҧзылатын да қазақ. Беруден алдына адам 

салмайтын  да  қазақ.  Бҥлінгеннен  бҥлдіргі  алмайтын  да  қазақ.  Кӛрінгенге  кӛңілшек  те 

қазақ,  етектегіге  еріншек  те  қазақ.  Буынсыз  жерге  пышак  салатын  да  қазақ.  Сҧрағанын 

алатын  да  қазақ.  Жері  ҥшін  тірескен  де  қазақ.  Желтоқсанда  кҥрескен  де  қазақ. 

Айтқаныңды  қҧп  алатын  да  қазақ.  Жҧбан  айтса  жҧбанатын  да  қазақ.  Сӛйтіп,  абырой 

намыстың отын іздесең қазаққан ізде, Жҧбаннан ізде. 

Абыройын аршып жан даттатпайды, 

Жҧдырығы жылдамға жат батпайды. 

Жығылу да кҥштіден кҥрес заңы 

Қазақ бірақ басыннан аттатпайды. 

Аттағанмен ӛлгенше алысады, 

Болсын әлде болмасын арыс әлі. 

Ер жігітке ең қымбат тірлік емес 

Анасының сҥтіндей намыс - ары, - 

 дейді.  Ақынның  ақ  адал  шындығына  нанбай  кӛр.  Кӛріпкелдігіне  кҥмән  келтіре 

алмастығың анық. Сӛйтіп, Жҧбан жыры - әлемдегі қазақ деген елдің елшісі, әдемі айнасы. 

Жҧбан жыры - ақиқаттың анық ӛлшемі. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қазақстан  Жазушылар  Одағының  мүшесі,  Мемлекеттік  сыйлықтың  иегері,  қоғам 

қайраткері,  ақын  Ж.Молдағалиевтың  туғанына  90  жыл  толуына  орай  еске  алу 

шаралары  аясында    өткен      «Ақын  мәртебесі-ел  мерейі»    ғылыми-тәжірибелік 

конференцияның 

Ш Е Ш І М І  

 

Орал қаласы                                                                              1қазан 2010 жыл  



 

 

 



    Жайық  ӛңірінің  перзенті,  ел  тарихында  биіктен  кӛрінер  ҧлы  тҧлға,  «қазақпын»  деуге 

ҧлтшыл атанудан қорқып, кӛбі жалпақтап жҥретін заманда, «Мен қазақпын» деп жариялап 

келген,  ӛмірде  де,  поэзияда  да  оңай  жол  іздемеген,  қазақтың  халық  жазушысы,  КСРО 

және  Қазақ  КСР  Мемлекеттік  сыйлықтарының  лауреаты,  ақын  Жҧбан  Молдағалиевтің 

туғанына  биыл  90  жыл  толуына  орай  еске  алу  шаралары  аясында  ӛткізілген  «Ақын 

мәртебесі-  ел  мерейі»  тақырыбындағы    ғылыми  –тәжірибелік  конференция  жҧмысында 

оқылған  баяндамалар  мен  секция  отырыстарындағы    ой-пікірлерді    тыңдай  келіп 

мынандай шешім қабылдады:  

1.

 

Ж.Молдағалиев  атындағы  облыстық  кітапхана    ақынның  шығармашылығын 



насихаттау  бағытында    жыл  сайын  дәстҥрлі  «Жҧбан  оқуларын»  одан  әрі    ӛткізіп 

отыруды жыл сайын жоспарға енгізу 

2.

 

Кітапханада жасақталған Жұбан бөлмесін жаңа экпонаттармен толықтыру. 



3.

 

М.Ӛтемісов  атындағы  БҚМУ-нің  Ж.Молдағалиев  атындағы  «Жас  қаламгер» 



бірлестігімен  Ж.Молдағалиев  атындағы    облыстық  кітапхана  тығыз  байланыста 

жҧмыс істеу. 

4.

 

Жҧбан  мҧрасын  зерттеу  бағытында  жҧмыс  істейтін  жас  ғалымдарға  ақпараттық-



библиографиялық қызмет кӛрсетуді жетілдіру 

5.

 



Облыстық  кітапхананың  ғаламторындағы  сайтында  Ж.Молдағалиевтың  ӛмірі  мен 

шығармашылығы  туралы  қҧжаттардың электронды толық мәтінің берілуін одан әрі 

жалғастыру 

 

 



 

Ақын мәртебесі - ел мерейі 

ғылыми-тәжірибелік конференция  

 б а ғ д а р л а м а с ы 

 

   Конференцияны ұйымдастырушылар: Батыс Қазақстан облысының мәдениет 

басқармасы,  Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-  әмбебап кітапхана 

  Конференцияға  қатысушылар:  жоғары  және  арнаулы  орта  орындарының  ғалымдары 

мен  оқытушылары,  аудан  әкімдерінің  орынбасарлары  мен  аудандық  мәдениет  бӛлімінің 

меңгерушілері,    облыстық,  қалалық,  аудандық  кітапхана  қызметкерлері,  Жҧбантанушы 

ӛлкетанушылар мен ақын-жазушылар, қоғамдық ҧйымдар мен мекеме басшылары.  

 

Ӛтетін орны : Ғ.Қҧрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерт залы (Карев 



кӛшесі 47 ҥй, 2 қабат) 

9.00- 9.30 Жұбан Молдағалиев ескерткішіне  гүл шоқтарын қою рәсімі            

9.30 -10. 00 Конференцияға қатысушыларды тіркеу

10.00 -11.00 

«

Жыры-інжу, рухы биік Жҧбан ақын» тақырыбындағы кітап  кӛрмесімен   



                       танысу  

                        Жҧбан залының ашылуы.  (Кітапхана. 3 қабат) 

11.00-13.00   Конференция жҧмысының пленарлық отырысы 

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ АШЫЛУЫ 

  Айдар Тапашҧлы Батырханов –  Облыстық  мәдениет басқармасының бастығы  

 

ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ 

 Серік Кенжебекҧлы  Сҥлеймен -  облыс әкімінің орынбасары 

                                                



БАЯНДАМАЛАР МЕН СӨЙЛЕУШІЛЕР 

 

1  Серікқали  Ғабдешҧлы.  Шарабасов  -  филология  ғылымының  кандидаты  ,  М.Ӛтемісов 

атындағы  Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің профессоры 

    -  Адамзаттың Жҧбаны – ҧлттық рухтың жыршысы    

2.  Жанна Кәкібайқызы Шаймҧханбетова – Қазақстан Республикасы Ҧлттық академиялық 

кітапханасының Бас директоры  

    - Оқитын ел –озық ел 

3.    Тілекжан  Хасенҧлы  Рысқалиев  –  философия  ғылымының  докторы,  Жәңгірхан 

атындағы  Батыс  Қазақстан  Мемлекеттік  аграрлық-техникалық  университетінің 

оқытушысы 

   -   Жҧбан жырларындағы философиялық иірімдер 

4. Ақҧштап Бақтыгереева – ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық 

бӛлімшесінің тӛрайымы, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мҥшесі,  

   -  Жҧбан жырларындағы  әйел –ана образы 

5. Қайрат Жҧмағалиев  - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мҥшесі 

    - Жҧбан тҧлғасы патриоттықтың ҥлгісі 

6      Рита  Бекжанқызы  Сҧлтанғалиева  –  филология  ғылымының  кандидаты,    М.Ӛтемісов 

атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқытушысы 

     - Жҧбан Молдағалиев шығармаларындағы ақындық «Мен» синонимі 

7. Айдар Тапашҧлы Батырханов –Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының    

    бастығы 

-

 



Жҧбан жырлары –ҧлт мәдениетінің тірегі 

8.    Тілес  Жазықбай  -  ҧстаз,  Қазақстан  Республикасы  Журналистер  одағының  мҥшесі, 

Ақжайық аудандық мәслихатының депутаты                                 

-  Жҧбан жырларындағы ҧлттық бейненің қалыптасуы 

 

13.00-14.30 Түскі үзіліс 

14.30-16.45  Секциялық отырыстар 

 

Секция :      Жұбантану - өркениеттің шыңы. 

Модераторлар  :  Жанна  Кәкібайқызы    Шаймұханбетова  –  Қазақстан  Республикасы 

Ҧлттық академиялық кітапханасының Бас директоры 



Азамат  Ыбырайұлы  Мамыров    -  филология  ғылымының  кандидаты  ,  М.Ӛтемісов 

атындағы    Батыс  Қазақстан  Мемлекеттік  Университетінің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

кафедрасының меңгерушісі 

Пҧсырманов Социал- зейнеткер, ҧстаз 

       Базарғали Сәниҧлы Қуатов – журналист Қазақстан Республикасы Журналистер 

       Одағының мҥшесі. 

-

 

 Жҧбантану мәселесі тӛңірегіндегі ойлар  



                 Жанна Кәкібайқызы  Шаймҧханбетова – Қазақстан Республикасы Ҧлттық 

                академиялық кітапханасының Бас директоры 

             -   «Бір ел –бір кітап» акциясы- оқуға тартудың бір тәсілі 


                   Гҥлсім Фазылқызы Қуанаева – Шыңғырлау аудандық кітапханасының  

                                                                        директоры  

                   Роза Сәкенқызы Мусағалиева – Ақжайық аудандық кітапханасының  

                                                                         директоры  

            -    « Мен –қазақпын» - ҧлттық рухтың символы 

                   Жҧбан жырларын мәнерлеп оқу 

             -  «Жҧбан жырлары – ҧрпақ жҥрегінде» 

 

16.45-17.00 Ғылыми-тәжірибелік конференцияның қортындысын шығару 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бір ел-бір кітап» акциясындағы шаралардан көріністер 

 

 

   Ж.Ақбайдың 

«Мен-қазақпын:биікпін,ерікті 

елмін» кітабының таныстырылымы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суретте: кітап авторы Ж.Ақбай, 

Педагогика ғыл. докторы А.Қыдыршаев 

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК 

директоры Р.Исатаева  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

Осы  кітаптың  Ақжайық  ауданындағы 

таныстырылымы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  «Жұбан оқулары» байқауына 10 жыл. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан  облысы 

кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. 

 

   


Биылғы  жылы  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  министірлігі,  ҚР  Ҧлттық  Академиялық 

кітапханасының    бастамасымен      «Бір  ел-бір  кітап  акциясы  аясында  таңдалған 

Ж.Молдағалиевтің  «Мен  қазақпын»  поэмасының    ел  болып  оқылуы  біздің  облыс  ҥшін 

ҥлкен  қуаныш  болды.  Ӛйткені  бҧл  шараға  Ақжайық  топырағында  дҥниеге  келген 

ақынның  90  жылдық  мерейтойымен  тҧспа-тҧс  келді.      Соған  орай  Ж.Молдағалиевтың 

«Мен-қазақпын»  поэмасын  оқу  мен    насихаттауға  байланысты    облыс  кітапханаларында 

кӛптеген шаралар ӛткізілді.  

    Ж.Молдағалиев  атындағы  Батыс  Қазақстан  облыстық  ғылыми-әмбебап  кітапханасы  15 

қыркҥйек  кҥні    қаладағы  зиялы  қауым  ӛкілдері  және  студенттер,  БАҚ  ӛкілдерінің 

қатысуымен  жерлесіміз,  жҧбантанушы,  ӛлкентанушы  Жайсаң  Ақбайдың  «Жҧбан:  Мен-

қазақпын,биікпін, ерікті ҧлмын» кітабының таныстырылымын ӛткізді.  Кешті педагогика 

ғылымының  докторы,  Жәңгірхан  атындағы  Батыс  Қазақстан  Мемлекеттік  аграрлық  –

техникалық  университетінің  кафедра  меңгерушіс  Абат  Сатыбайҧлы    Қыдыршаев  ашып, 

«Танымдық тағылымы мол туынды» тақырыбында кітап туралы баяндама жасады.  Бҧдан 

кейін  сӛз  алған  облыс  әкімінің  кеңесшісі,  республикалық  дәрежедегі  зейнеткер 

Б.Жҧмағалиев,  журналист  ,  Жҧбан  Молдағалиевтың  шығармашылығын  терең  білетін 

Б.Қуатов,  зиялы қауым ӛкілдері Ә.Нҧрғалиев , Қ.Тҧрашев, Ғ.Хаймулдин т.б пікір айтса, 

жас  ғалым,  әдебиетші    А.Ахметҧлы  кітаптың  келер  ҧрпақ  ҥшін  қҧндылығына  тоқталды. 

Сондай-ақ    кеште  «Жҧбан  оқуларының»  жҥлдегерлері  ,  студенттер    Х.Ғабсаттар  мен 

Б.Зинешов  «Мен-қазақпын»  поэмасынан  ҥзінді  оқыды.    «Жыры-інжу,  рухы-биік  Жҧбан 

ақын» тақырыбында кітап кӛрмесі жасақталып, кітап мазмҧны бойынша слайд кӛрсетілді.  

 Осындай шара Ақжайық аудандық кітапханасының ҧйымдастыруымен жерлесіміз, ақиық 

ақын  Ж.Молдағалиевтің  90  жылдығына  орай  жарық  кӛрген  Жҧбантанушы  Ж.Ақбайдың 

«Жҧбан:  Мен  –  қазақпын,  биікпін,  ерікті  ҧлмын»  және  Б.Есқалиевтің  редакторлығымен 

аудан  кӛлемінде  шыққан  «Жайықтың  Жҧбаны»    кітаптарының  тҧсаукесері  ӛткізілді.  

М.Әуезов  атындағы  ОЖББ  мектептің  мәжіліс  залында  ӛткен  айтулы  шараға  аудан  әкімі 

А.Иманғалиев,  аудан  әкімінің  орынбасары  М.Жҧматова  аудан  әкімінің  орынбасары 

Б.Хайруллин,  аудан  әкімінің  орынбасары  Н.Рақымжанов,  ӛлкетанушы  Ж.Ақбай,  Жәңгір 

хан  атын.  БҚТУ  ҧстазы,  ғылым  докторы  А.Қыдыршаев,  аудандық  «Нҧр    Отан»  ХДП 

филиалы  тӛрағасының  орынбасары  С.Аймҧқашев,  аудандық  мәслихат  хатшысы 

Д.Жақсыбаев, сондай  –ақ аудандағы білім ошақтары мен барлық  мекеме басшылары, он 

сегіз 


округ 

кітапханаларының 

меңгерушілері 

мен 


аудандық 

кітапхананың 

кітапханашылары, «Муза» ШОО мҥшелері қатынасты.  

  Акция  аясындағы  шараларды  ӛткізу  Облыстық  кӛзі  кӛрмейтін  және  нашар  кӛретін 

азаматтарының  кітапханасы  да  тыс  қалған  жоқ.  «Бір  ел-бір  кітап»  акциясы  аясында 

ҧсынылып отырған шығарманы кеңінен зағип оқырмандар арасында дәріптеу мақсатында 

Жҧбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» атты поэмасын дауыстап оқу ҧйымдастырылды. 

Зағип  оқырмандар  ҥшін  поэма  «Мен    қазақпын»    бедерлі-нүктелі  қаріп  түрінде  

басылып  шығарылып,  оқырман  қауым  назарына  ҧсынылды.  Сонымен  қатар  «Жыр 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал