Аясында ӛткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



жүктеу 0.67 Mb.

бет3/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

 

                                                   Ақұштап Бақтыгереева  

                                                       ақын, Қазақстан Жазушылар одағы 

                                                                 Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің  

                                                         төрайымы, Қазақстан Республикасы  

                                               Жазушылар одағының мүшесі. 

 

 



     Отты жылдың жалыны жанарынан ҧшқындаған жас ақын алғаш ҥйленер кезде ҥлбіреп 

тҧрған ҥркектеу қызды анасына ертіп келіп:  «апа, мына қыз сізге ҧнай ма?»-деп сҧраған 

кӛрінеді.  Ол  да  ештеңе  емес-ау,  ӛз  босағасына  тҥсіргенге  дейін  ақын  оған  «сҥйемін», 

«кҥйемін»  дегенді  де  айтпапты.  Жыр  арнап,  кӛрші  баладан  хат  та  тасытпапты.  Тіпті, 

жылтыңдап  ізін  торымаған  да  кӛрінеді.  Ӛйткені,  ана  сҥтімен  біткен  ӛр  мінез  сол  балаң 

шағынан-ақ  кесіп  айтатын  әдет  болып  қалыптасқан  екен.  Ақын  Жҧбан  Молдағалиевтың 

бҧл  27 жасқа караған, ӛзін есті  азаматқа балаған естияр жігіт кезі  болатын. Ҧяң мінезді, 

талдырмаш  жас  қыз  оған  «бармаймын»  деп  бас  шайкап  та  ҥлгермейді,  «ойланам»  деп 

кҥмілжіген  де  жоқ.  Ӛзгеден  бӛлек  болмысы  ҧнаған  албырт  жігіттің  соңынан  ҥнсіз  ере 


берген.  Ана  алдына  ҧлы  ертіп  әкелген  жас  қызды  жатсынған  жоқ.  Бар  мейірін  тӛге 

бауырына баскан. Міне, он сегіз жасында аттаған сол босағаның абырой-даңқын, ыстық-

суығын  ӛзімен  бірге  кӛтерген  ақынның  жары  София  Мәлікқызы  екеуінің  ӛмірі  жайлы 

сырды ол жыр жолдарына былайша ӛрнектеген екен. 

Таныстық, таныстық та, ҥйлендік біз, 

                                   Ҥйді де, кҥйі де жоқ кҥйде едік біз. 

 Жҧпыны сен ҧяң, қыз, мен майдангер 

 Тҧрмысты кімнен, қашан ҥйреніппіз? 

                                    Бар тҥгіл жоққа разы, тҧра бердік, 

                                    Болмады сынық ожау мҧра дерлік. 

   Сенгенбіз «сҥйемін» ден ант-су ішпей 

                                    Бҧл тіпті болмаса да сірә да ерлік. 

                                    Тек кейін қанық болдым мен ӛзіңе, 

                                    Бас ҧрдым кісілікке, мінезіңе. 

         Мың шҥкір, миллион шҥкір, қабыл алдым 

Бақыт деп басқа қонған мҧны ӛзіме. 

                                    Дҥниеде ӛзің екен деген мықгым, 

 Ыкпасам махаббаттан, неден ықтым? 

He ғалым, не қайраткер болмасаң да 

                                    Әйелдің даналығын сенен ҧқтым. 

    Қазақтың  келіні,  ақынның  жары  болу  айтуға  ғана  оңай-ау.  Болмыс-бітімі  ешкімге 

ҧқсамайтын,  сезімтал  да  сергек  ақынмен  бірге  қуануды,  бірге  мҧңаюды,  оның  ішкі  жан 

дҥниесімен ҥндесе білуді София жеңгеміз тағдырдың сыйындай таныды. Тек әйелге ғана 

тән  тӛзіммен  ақынның  еркелігін  де,  тҧрмыстың  қилы-қилы  кезеңін  де  қайыспай  кӛтере 

білді.  Олай  болса  ешуақытта  да  ӛзінен  бӛлек  ой  ойламаған,  бар  ғҧмырын  отбасының, 

жарының,  балаларының  тыныс-тіршілігіне  арнаған  Софиядай  аяулы  жары  арқылы  ақын 

жҥрегі жыр жолдарына бҥкіл әйел кауымына деген алғыс сезімін сыйдырған жоқ па. 

    «Мен казак әйеліне қайран қалам»,-деп басталатын ғажайып ӛлең тудырған, бір-бірінің 

қас-қабағын  бағып  қалтқысыз  ҧғысқан  осы  ерлі-зайыптылардың  ӛткен  ӛмір  жолы  бір 

қарағанда ӛзгелерден еш айырмасы жоқ сияқты боп та кӛрінетін шығар. Алайда, олардың 

тыныс-тіршілігі де, ӛмір сҥру дағдысы да ешкімге ҧқсамайтын еді. Албырт кӛңіл, адуын 

ақын жігіттің кей кҥндері ӛмірдің кӛлеңкесінде қалғысы келмей, достарымен бірге ащы су 

ҧрттап  әндетіп  келген  кездері  де  болды.  Кейде  жалдаған  пәтер  иесіне  тәуелді  болғысы 

келмей еркіндік аңсаған ерке кӛңілден жыр жолдары туындап буырқанып та жҥрді. Тіпті 

бәзбіреуден қалған кӛңілі еңсесін езіп тілі байланғандай булығатын сәттері де аз болмады. 

Әкесінен алты айлығында жетім калған сәбиді азамат қатарына қосу ҥшін басынан қилы 

жәйттер мен талай  ауыртпалықты ӛткерген Зеріптей анаға жаутаңдап, оның қас-қабағын 

бағу  да  Софияға  оңай  болмаған  сиякты.  Ондай  кездерде  ақын  ӛз  жҥрегінен  туған 

жырларына  жҧбанды.  Ал,  София  болса,  ҥйелмелі-сҥйелмелі  тӛрт  сәбиін  әлдилеп,  енесі 

мен жарының қас-қабағын бағып, бәрін де ҥнсіз кӛтере білді. Біреулер оның бҧл қылығын 

жастықтың әсері десе, қайсыбірі жасықтық деді, тіпті кӛнбістік деп те кінәлады. Жоқ, оны 

бҧл мінезінің негізінде аналық мейірім мен сабыр, әйелдік тӛзім мен шыдам, яғни, парасат 

кҥші жатыр еді.        Ол Жҧбан ақынның  «Мен сені сҥйеді екем»,-деген сӛзін 18 жылдан 

кейін, Монголия сапарында жҥріп жазған хатынан алғаш рет оқыған болатын. 

     Әңгіме  арасында  мен  София  жеңгейден  «ӛмірге  ӛкпеңіз  бар  ма?»-деп  сҧрағанымда  ол 

«Жҧбандай  ҥлкен  жҥректі,  саналы  азаматка  жар  болған,  онымен  ӛмірдің  ыстық-суығын 

қатар  бӛліскен  кездерімді  текке  ӛтті  дей  алмаймын,  бҧл  біреулердің  тҥсіне  де  енбейтін 

ғажап та, мағыналы дәурен, ҥлкен тарих»,-дегені бар еді. 

    Ақынның талай қиналған сәттерінде онымен бірге таңға кірпік ілмей шығатын сәттерін 

еске  ала  отырьш,  оның  кӛзінен  мӛлдір  тамшьшар  еріксіз  домалап  та  кеткен.  Соншама 

жылды  бірге  ӛткергендіктен  бе,  жоқ  жҥрек  лҥпілін  дӛп  басып  тани  білгендіктен  бе,  ол 

жарының  кӛңіл-кҥйін  жанарынан,  тынысынан,  дауысынан,  әр  қимылынан  да  айқын 



сезініп  отырғанын  да  айтқан  болатын.  Сондай  сәттердің  бірін  ол  былайша  еске  алғаны 

бар. 


   Ағаң 1986 жылдың 17 желтоксаны кҥні жанын қоярға жер таппай, ҥй ішінде алас ҧрумен 

болды. Тамағын да іше алмады. Бізге де ләм деп тіл қатпады. Жазушылар одағына барып, 

Олжас  Сҥлейменовпен  сӛйлесіп  қайтқанымен  де  бҧл  әңііме  жӛнінде  жақ  ашпаған.  Бір 

кезде телефон шырылдап қоя берді. «Орталық Комитеттен, Молдағалиев жолдас керек»,- 

дейді  бҧйрыққа  бергісіз  дауыс.  Содан  кейін  Жҧбан  ағамыз  әлгі  адамды  біраз  тыңдап 

тҧрыпты  да,  «Жақсы  сӛйлейін»,-дегі  екі  ауыз  сӛзбен  жауап  қайырған  қҥйі  сең  сокқан 

балықтай  ӛз  бӛлмесіндегі  жазу  столына  жайғасады.  Жеңгей  болса  ыстык  шәйді  жанына 

қойьш,  кҥндегі  әдетінше  есігін  жаймен  жауып  шығып  кетеді.  Таң  сібірлеп  ата  бастаған 

кезде  жеңгей  жҧмыс  бӛлмесінде  жанып  тҧрған  шамды  кӛреді.  Ерінің  ҧйқысыз  таң 

атырғанына,  шаршағанына  кӛзі  жеткен  ол  сҥт  жылытып  апарған  ғой.  Сол  кезде  акын 

тҥнімен бас алмай жазған парақтарын жыртып-жыртьш лақтырып жатады. София жеңгей 

қаншама  жыл  бірге  ғҧмыр  кешсе  де  ерінің  дәл  осындай  сҧсты  халін  бҧрын-сонды 

кӛрмеген екен. 

    Иә, 1986 жылдың 30 желтоқсанында Жазушылар ҥйінде Колбинмен кездесуде сӛйлеген 

тарихи сӛзі сол кҥні ала кеуімде қайта, мҥлде басқа бағьпта жазылған еді. Сол сәтгі еске 

алғанда София  жеңгейдің кӛзінен жас тамшылайды. Мҧның бәрін ақын жанын тҥсінген, 

ең сенімді жар ғана тҥсіне алады. Кҥйеуінің нендей халде отырғанын барлық әйел андып 

жҥрген  жоқ  десем,  маған  мҧңдастарым  реніш  білдіре  қоймас.  Ақын  қабағын  қалт 

жібермей  бағу,  бір  топ  немеремен  қоса  жар  мінезін  бӛлек  баптау  ҥлкен  шыдам  иесінің, 

София жеңгей сиякты тумысы бӛлек әйелдің ғана қолынан келері анық. 

   Ӛмірдің  ащы-тҧщысын  бастан  кешкен  41  жыл  ішінде  ақын  Жҧбан  Молдағалиевтің 

айнымас адал болмысына, София жеңгейдің сол биязы да,  сабырлы бейбітшілік мінезіне 

танданбасқа шарамыз жоқ. 

    Бҧл  1983  жылдың  жазы  болатын,  жазушылардың  Қара  теңіз  жағалауындағы  демалыс 

ҥйіне  бара  жатып,  бала-шағамызбен  бізге  Мәскеуге  соғуға  тура  келген.  Бейқам  келе 

жатқан бізге алдымыздан қол ҧстасқан Жҧбан ағай мен София жеңгей ҧшыраса кетсін. Иә, 

ақын жарын жас балаша қолынан жетелеп алыпты. Сол сәт маған олардың жастық шағы 

елестеп кеткендей болды. Мына кӛрініске ақындық қиялмен қызыға караған болсам керек, 

жеңгей жас келіншектей именіп, қолын босатып алды  да, аналық жҥрекпен бізге ҥйіріле 

кетті. Міне, кҥні бҥгінге дейін осы бір сурет кӛз алдымда қалып қойыпты. Жҧбан ағай мен 

София  жеңгейдің  арасындағы  соншалықты  орны  бӛлек  сыйластыққа  біз  әрқашанда 

еркімізден тыс сҥйсіне қарайтынбыз. Олардың бір-біріне деген камқорлығы, жҥрек жылуы 

бейнебір  шуақ  шашып  тҧрғандай  айналаны  сәулелендіріп  жіберер  еді.  Ерлі-зайыптылар 

арасындағы  бір-біріне  деген  назын,  жарасымды  әзіл-қалжыңын  біз  Жҧбан  ағаның 

саяжайында болған  кезде де байқап, қатты қызығатынбыз.  София  жеңгейдің шәй қҧйған 

кесені еріне ҧсынуымен ӛзінен де орны бӛлек қамқорлық байқалады. Әр кимылынан ішкі 

мәдениеттің табы есіп тҧратын. 

   Жҧбан  ағайдың  кӛңілге  келген  ойын  ірікпейтін,  кімге  де  болса,  «бетің  бар,  жҥзің  бар» 

демей айтып салатын қызба мінезі де бар болатын. Жеңгей екеуінің арасындағы осындай 

бір сәтке еріксіз куә болған кезіміз де бар еді. 

     Бҧл  Жҧбан  Молдағалиевтың  ӛзінің  60  жасқа  толған  мерейтойын  Ақ  Жайық  ӛңіріңде 

ӛткізіп  қайтқан  беті  болатын.  Ағамыздың  осы  бір  қуанышын  бӛлісуге  біз  де  сол  ҥйге 

барған  болатынбыз.  Ақын  кӛңілді  екен.  Ол  бізге  туған  ауданының  хал-жағдайын,  ел 

тынысын  әңгімелей  отырып,  жерлестері  сыйға  тартқан  қаракӛл  қозылардың  терісінен 

қиюластырып  жасаған  ӛз  бейнесін  кӛрсетіп,  балаша  мәз  болғаны  бар.  Осы  сәт  ойында 

ештеңе  жоқ  София  жеңгей  әлгі  бейнені  бізбен  бірге  тамашалап  тҧрып,  «мҧрны  сәл 

ҧксамай  кеткен  бе»,-деп  қалсын.  Ағайдың  жадырау  жҥзі  тез  ӛзгеріп,  «елім  берген 

сыйлықты сынауға қандай хақың бар, не деп тҧрсың ӛзің»,-деп зайыбына зекіп қалғанда, 

оның  ҥніндегі  кейістікке  біздің  де  тіземіз  қалтырап  кеткендей  болды.  Сӛйтіп,  туған  жер 

деген касиетті ҧғымға дақ тҥсірмей ӛткен ақын сыйына да сын айтқызбады. 



Туған жерді анам демей не дейін! 

  Туған жерді панам демей не дейін! 

    Сол арқылы асқақ менің ән-жырым, 

Сол арқылы биік менің мерейім,- 

деп Жҧбан ағайдың ӛзі айткандай, оның сӛзі мен ісі, жыры мен ӛмірі егіз екеніне ӛз басым 

осы  жолы  куә  болған  едім.  Туған  жері  сыйлаған  бейнеде  кемшілік  кӛрінбейді,  оны 

сынауға  дҧшпаны  тҥгіл,  аяулы  қимас  жардың  да  хақы  жоқ  екен.  Туған  жер  ақын  ҥшін 

Отан  деген  ҧғым.  Оны  қалай  сҥю  керектігін  ол  желтоқсан  оқиғасындағы  жҥрек  жарды 

сӛзімен де дәлелдей тҥсті емес пе?! Оған дейін: «Мен қазаклын мың еліп, мың тірілген»-

деп  жар  салғаны  да  баршаға  аян.  Ол  да  туған  елді  сҥю  сезімінен  туған  жан  айқайы.  Иә, 

ақынның  сенімді  жарына  деген  сезімінен  де  биік,  тендесі  жоқ,  тіпті  ӛз  ғҧмырынан  да 

қымбат  нәрсе-туған  ел!  Сол  туған  ел  тағдыры  ҥшін  бәріне  даярмын  деп  жырлаған  ақын 

бҧл сӛзін ісімен де дәлелдеп ӛтгі. 

     Ақынның  жҧбайы  София  Мәлікқызының  ғҧмырында  да  ащы-тҧщы  кезеңдер  де  аз 

болмаған  сияқты.  Соның  бірі  Софияның  анасының  1938  жылы  халық  жауының  қызы 

ретінде ҧсталып кетуі еді. Нағашы атасы Сейітқали Мендешев кезінде Қазан каласындағы 

мҧғалімдер  семинариясын  бітірген,  кейін  қазақ  ӛлкесін  басқару  жӛніндегі  әскери 

ревкомның  председателі  Қазақстандағы  аштықтан  қҧтқару  жӛніндегі  тӛтенше 

комиссияның басшысы болған, кезеңдік саясат бағытында ӛз халқының жарқын болашағы 

ҥшін  адал  еңбек  еткен  адам.  Кейін  оның  ӛзіне  де  «халық  жауы»  деген  жала  жабыльш, 

қызы  Жҧпар  (Софияның  анасы)  қамауға  алынады.  Алайда  София  жеңгей  мен  Жҧбан 

ағайдың арасындағы сезім мен сыйластыққа мҧндай ауыр саяси ахуал ешқандай кӛлеңке 

тҥсірген емес. Коммунист Жҧбан Молдағалиев туған ел мен ӛзінің ҧлтына қашан да адал 

болды. Содан кейін де София жеңгейдің анасы мен нағашы атасын шексіз қҧрметтей білді. 

Ол  парасатты  ортада  туып-ӛскен  Софиядай  жар  тапқанына  дән  риза  еді.  Ешуақытта  да 

заманға қарай қҧбылып, бҧл халық жауының тҧқымы екен деп бәзбіреулердей ӛзін ақтау 

әрекетін  жасаған  жоқ.  Ол  желтоқсан  оқиғасына  қатыскан  жастарды  қаралаған  хатка  да 

бәзбіреулердей  қол  қоюға  келіспеді.  «Сабыр  тҥбі  сары  алтын,  сабырлы  жетер  мҧратқа»-

деген халық даналығы осындайда айтылса керек. Айдалған ағайын, жер ауған жесірлерді 

кӛрген ақын жҧбанышты туған жерге деген жырдан тапты. Ол біздің әрқайсымызға туған 

Отанды дәл ӛзіңдей сҥюді жырларымен ҥйретті. 

    Жҧбан  Молдағалиевтың  әр  ӛлеңінен  ел  сҥю,  жар  сҥю  деген  ҧғымдардың  бір-бірімен 

астасып кеткенін байқауға болады. Расында да ол ӛмірде де, ӛлеңде де сондай адам еді. 

Менің де махаббатқа жаным қҧмар, 

Сол ғана табындырар, жалындырар. 

 Сол маған ана сыйлап, бала ӛсірткен 

    Сол маған жар сҥйдірген жанын қияр. 

    Тек сондай махаббатты жаным білсін, 

Ең ҥлкен, ең асылын, жалындысын. 

                                    Тіріде, туған Отан топырағында. 

       Сол ғана табындырсын, жалындырсын.  

    Иә,  сонау  алғаш  ҥйленген  жылы-ақ  жазылған  осы  ӛленде  ӛзі  айтқандай  жанын  қияр 

жарға жолыққан ақын бірге ӛткерген 41 жылда София жеңгейдің бірегей де тҧрақты жары 

болатынына  сенген.  Соған  орай  ӛзінің  де  сезімге  тҧрақты,  бір  сӛзді  болмысынан 

айнымайтын азамат екені де ақикат. 

    Бҥгін  ҥш  ҧл  мен  бір  қыздан  тараған  ҧрпақтың  ортасында  немерелерін  аяқтандырып, 

шӛбере  сҥйіп  отырған  София  Мәлікқызы  ҥлкен  жҥректі  ана,  асыл  жар,  аяулы  әже.  Бҧл 

дәрежеде  кӛтерген  сенім,  сезім,  тӛзім  деген  қарапайым  сӛзден  тҧратын  ӛте  киелі 

қасиеттер.  Ол  қазақ  әйелінің  қолынан  келетін  ғана  -  ерлік.  Оны  ақынның  ӛзі  де  терең 

сезіне  білгені  анық.  Сондықтан  да  «қазақ  әйеліне  қайран  қалған»  ӛткір  де  айқын  ӛлең 

дҥниеге  келді.  Ондай  ӛлеңнің  жазылуына  Зеріптей  анасы,  Жҧпардай  енесі,  Софиядай 

жары себепкер болғаны сӛзсіз. 



   Ақын Жҧбан Молдағалиев дҥние салғалы біраз жыл ӛтіпті. Оның жҥмыс бӛлмесі сол ӛзі 

тірі  кҥнгідей,  тап-таза.  Ақынның  ҥлкен  бейнесі  де  ҥйдің  тӛрінде,  сол  баяғы  ӛз  орнында 

тҧр. Анасы Зеріп те кітап сӛресінен ақ жаулығы желбіреп қарап отыр. София жеңгей бҧл 

бӛлмеге  кҥнде  кіріп  шығады,  шаң  жҧқтырмай  кҥтеді.  Оған  Жҥбан  ақын  есіктен  кіріп 

келетіндей  кӛрінеді.  Ол  кісіде  ӛлді  деген  сезімнен  гӛрі  оны  аңсау,  кҥгу  басым  тәрізді. 

Жарын  соңғы  сапарға  шығарарда  булығып  жылай  да  алмаған.  Ойбайлап,  шыңғырған  да 

емес.  Ӛйткені  ӛлгеніне  сенбегендей  кҥй  кешкен.  Жаксы  кӛрген  адам  ӛле  ме?  Ол  оның 

жҥрегінде тірі. Қуанышы мен Азаматы әкесінің жас шағын  ҧдайы есіне салады. Соларға 

қарап  София  жеңгей  жас  Жҧбанды  кҥнде  кайта  кӛргендей  сезінеді. Ол  бір  алыс  сапарда 

тәрізді, содан ба жҧмыс бӛлмесіне еш ӛзгеріс енгізбейді. Ӛздері тҧрған ҥйдің бҧрышына 

кештеу қойылған қарапайым тактаға сонша қуанған София жеңгей ақын жайлы жазылған 

жҧпыны сӛзге де мән бермейді. Кейінгі ҧрпақ дҧрыстап айтар деп сенеді. Ақын атындағы 

кӛшенің  бірінші  Алматыдағы  базар  маңынан,  жайсыздау  жерден  тиюіне  де  кӛнбістікпен 

бас  изейді.  Уақыт  бәрін  кешер,  ӛз  орына  кояр  деп  ҥмітенеді.  Оны  бҧл  тӛзімге  ҥйреткен 

алдымен ӛмір, одан соң адалдық аңсаған ақынның мінезі шығар деп ойлайсың. 

  Ақын  Жҧбан  Молдағалиев  сырт  кӛзге  қатал  да  сҧсты  болатын.  София  жеңгейдің  айтуы 

бойынша  да  солай.  Ол  бір  айтқанынан  қайтқан  да  емес,  ешкімге  екі  ҧшты  жауап  беріп, 

уәдемен алдарқатып та кӛрген емес. Оның сӛзі мен ісі қашанда қабысып жататын. Бәлкім 

София жеңгейді тәнті еткен де оның осы бір мінезі болар. 

   Айтса  кесіп  айтатын,  ӛз  сӛзінде тҧрып  қалатын  ақынның  1986  жылдың  желтоксанында 

қазақ халқы бастан кешкен әділетсіздікті батыл айтып, сонау ҧлтыңды, тілінді ҧмыт деген 

солақай саясаттың кезінде де «мен қазақпын» деп ашық жар салуы да сол бірбеткей, тура 

мінездің айқындала тҥскен сәтгері еді. Ақын ӛз ӛлеңінде: 

Қалтқысыз сенем, сенсем мен, 

Қалдықсыз сҥйем, сҥйсем мен. 

                                         Қҧласам, қҧлап еңсеммен. 

                                          Кҥйесіз кҥйем кҥйсем мен,- 

дейді.  Ӛз  жыры  жан  дҥниесінің  кӛрінісі  іспеттес  ақын  ӛмірге  ӛте  ӛткір,  бет-жҥзге  қарап 

жалтаңдап, мәймӛнкелеуді білмейтін тура кісі еді. Гҥр еткен дауысынан, жарқ ете қалған 

жанарынан  алғаш  кӛргенде  жасқанып  қалатындай  кҥй  кешесің  де,  мәз  болған  сәттеріне 

қарап, адал жанымен ақтарыла сӛйлейтін адам екенін аңғаратынсың. Жалпы ақын жайлы 

ӛз ӛлеңінен артық кім сыр айтпақ. 

Жаратам жаңбырды мен-жаңарғаңцай 

                                  Жаратам асығуды-жан алғандай. 

                                  Жаратам жанның ерек жалындысын 

                                  Жарылғыш отты заттан жаралғандай. 

  Жеңгейдің айтуынша, ол отбасында да сӛзге ҥйір емес кӛрінеді.  Кей мәселені ҥй-іші боп 

ортаға салған кездері Жҧбан аға бҧл әңгімеге деген ӛз кӛз карасын айтып, әуре болмайды 

екен.  Ӛз  кесімі  жанарында  жазулы  тҧратын  болса  керек.  Одан  әрі  ӛзім 

қорытындылайтынмын-дейді жеңгей. Аз сӛйлер де, кӛп тындар, хас асылдың баласы -деп 

жырлайтындай  Жҧбан  ақын  ҥнсіз  тыңдап,  ҧзақ  ой  қорытып  барып,  бір-ақ  рет  кесіп 

айтатын.  Сонау  алғаш  босаға  аттаған  кезінде  «анамды  сыйлауға  тиіссің»,-  деген  ақын 

тілегін София жеңгей де ӛзгермес заң ретінде қабылдаған ғой. Тіпті мҧндағы кезге дейін 

кей  жерге  жарына  еріп,  жҥре  бермей,  Зеріп  анадан  рҧқсат  сҧрайтынын  да  бҧл  кҥнде 

сағынышпен еске алады. Егер ол бармай-ақ қой десе, оған еш ренжіместен келісетінін де 

жасырмайды. Әрине, отбасындағы осындай сыйластықты қалыптастырған да ақынның ӛр 

мінезі еді. Ал, Зеріп ананың тәрбиесінен еш зиян кӛрмегенін София жеңгей «Дастарқаны 

таза  әйелдің-тағамы  да  дәмді»  немесе  «кҥйеуінің  жағасы  мен  қол  орамалынан  әйелінің 

қандай екенін тану қиын емес»-деп апам айтушы еді деп Зеріп ананы қашан да қҧрметпен 

еске  алады.  Қазірге  дейін  апамның  сӛзі  кҧлағымда  қалып  қойыпты.  «Қашан  да 

дастарканымда  дақ  болмауына  баса  кӛңіл  бӛлемін»,-дейді  ол.  Сірә,  талғампаз  мінез, 

Жҧбан  ақынға  Зеріп  анадан  берілген-ау  шамасы.  Иә  бҧған  еш  кҥмән  жоқ.  Алты  айлық 



қызылшақа кезінде әкесіз қалған, ӛзі аштық жылы туған Жҧбан ақынды ӛжет те, ӛткір етіп 

ӛсірген анасы екені рас, осының бәрін зердесіне тҥйген ақын:  

Кеткен жок сенен асып қазак қызы  

Мҧны да махаббаттың ерлігі де,- 

деп  тебіренген  жоқ  па.  Ӛз  ҥйінде  корген  ана  мен  жардың  сенімі  мен  сезімі,  ақылы  мен 

тӛзімі ақынға қазак әйелі жайлы ӛлең жаздырды. 

Иә, туған жерге, туған халқына, сҥйген жарына деген махаббатынан айнымаған акынның 

сыйластыққа толы ғҧмыры жайлы жазу біздіңше, сҧранып тҧрған  тақырыптың бірі екені 

анық.  Алайда,  ол  Жҧбан  ақынды  ҧзақ  жылдар  бойына  терең  білетіндердің  ҥлесінде 

демекпін.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Ақын мәртебесі-ел мерейі» тақырыбындағы конференция жұмысынан көріністер 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

ЖҦБАН ТҦЛҒАСЫ ПАТРИОТТЫҚТЫҢ ҤЛГІСІ  



 

                                                                       Қайрат Жұмағалиев 



 ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі 

 

 



    Қазақтың ҧлы ақыны Жҧбан Молдағалиев ӛз ғҧмырында ҥш мәрте ерлік жасаған адам. 

Жҧбағаң хақында кӛрген-білген, оқығандарымды жадымда жаңғыртқанда тҥйген тҥйінім 

осы. 

   Бірінші ерлік. 



Жҧбағаңның жастық шағы, жалынды шағы адамзат баласына апат болып келген сонау 

бҧлтты жылдармен - Ҧлы Отан соғысымен тҧспа-тҧс келді.  

                                   Тӛрт жыл бойы ажал бҧлты торлаған, 

                                   Тӛрт жыл бойы 

                                    ақыр заман орнаған

                                   Адамзаттың тарихында ешқашан, 

Дәл осындай сҧмдық соғыс болмаған. 

 

                                   Сын сағаты туып Жҧбан ақынға, 



                                   Сайыпқыран 

                                   жауынгерлер сапында. 

                                   Қас дҧшпанмен айқасты ол аянбай

Жырмен жолдап елге махаббатын да. 

    Қып-қызыл  ӛрттің  ішінде  Алла  тағала  сақтаймын  десе  бір  уыс  мақтаны  да  сақтайды 

деген  сӛз  -  рас  сӛз.  Қысқа  кҥнде  ажалмен  қырық  рет  бетпе-бет  келген  қазақ  сарбазы 

мҧздай  темір  қҧрсанған,  дҥние  жҥзіндегі  ең  озық  соғыс  техникасымен  қаруланған 

фашистік  Германиямен  толассыз  шайқаста  жас  ноян,  Жайык  ӛңірінің  перзенті  -  қазақ 

солдаты Жҧбан Молдағалиев тайсалмай табан тіреп соғысты. Мҧз тӛсеніп, қар жастанып 

жҥріп,  сол  сҧрапылдың  адам  айтқысыз  азабы  мен  тозағын  тҥгел  бастан  кешірді.  Жер 

шарын  фашизм  тажалынан  кҧтқарып  қалған  халкымыз  миллиондаған  боздақтарынан 

айырылды. Талай ақ жаулықты Аналар ҧлдарынан «қара қағаз» келіп, ақ шашын жҧлып, 

аңырап  калды.  Аяулы  жарлар  қара  жамылып,  қайғымен  қан  жҧтты,  әкесіз  қалған 

перзенттер жетім атанды. Жҧбан жауынгер елге аман-сау оралды. 

Қуантып жаралы елді, бар әлемді, 

Сол кӛктем бейбітшілік ала келді. 

                                      Ӛмірді ӛгейсіткен қара кҥндер, 

                                     Тҥнеріп артымызда қала берді. 

 

      Қайран  Ана  жҥрегі  сҥр  шинелін  сҥйретіп  есен  келген  Жҧбанын  кӛргенде  жарылуға 



шақ қалды. 

                                      Шинель! 

                                      Қадыр, қасиетің кӛп, тегі, 

Сені толық жырлауға тіл жетпеді. 

Сҧр шинельді Отанымның тәніне, 

                                     Дәлдеп атқан дҧшпан оғы етпеді. 

  Ашса алақанында, жҧмса жҧдырығыңца болған, ӛмірі алдынан қия кесіп ӛтпеген София 

келіні кӛңілінен шығып, киелі кейуананың қалған ғҧмыры бакытты ӛтті. 

Бҧл сынды да бастан қазақ ӛткерді, 

                                    Тағдыр жеңіс кҥніне де жеткерді. 

      Қуанғаннан, мәз боп шаттанғандардан


                                    Жеңіс таңы жылағанды кӛп кӛрді. 

     Иә,  сол  жылағандардың  жан  жарасы,  міне,  арада  алпыс  бес  жыл  ӛтсе  де  кҧлантаза 

жазалып кетті деп айту қиын. 

    Сӛйтіп  біздің  халқымыз  кҥллі  адамзат  баласын  ажал  апатынан  қҧтқарып  қалды,  дҥние 

жҥзінің  халқына,  болашақ  ҧрпаққа  бейбіт  кҥн,  ашық  аспан  сыйлады.  Сол  Жеңіс  кҥнін 

жакындатқандардың бірі - қазақ солдаты Жҧбан Молдағалиев еді. Бҧдан асқан ерлік бола 

ма! Бірақ жас ақын мҧны ерлік жасадым деп санаған жоқ  - туған елі, кең байтақ даласы 

алдындағы перзенттік қасиетті парызым деп білді. 

Бҧл Жҧбағаңның бірінші ерлігі болатын. 

   Арада  жыл  артынан  жылжып  жылдар  ӛтіп  жатты.  Кҥйреген  шаруашылықты,  қираған 

калаларды  қалпына  келтіруге  халқымыз  жаппай  кірісіп  кетті.  Бейбіт  кҥнді  аңсап,  зарыға 

кҥткен отандастарымен бірге кешегі қан майданда ӛмір ҥшін айқасқан сарбаз қаламгерлер 

енді  ел рухын  кӛтеруге кӛркем сӛз кҥшін жҧмсады. Жҧбан ақынның шабыты шалықтап, 

творчествосының  шырқау  биігіне  кӛтерілгені  де  осы  тҧс.  Жалынды  ақын  идеологиялық 

майданның  алғы  шебінен  табыла  білді.  Енді  ол  қоғамдағы  кереғар  қайшылықтармен 

бітіспес кҥреске бел шешіп, белсене кірісті. 

     Ӛмірдегі алуан тҥрлі келеңсіз жайттар ақын қаламына ілігіп, жалпақ елге жария болып, 

әшкереленді. Бҧрын сыртқы жаумен қалай аяусыз кҥрессе, енді жауынгер ақын кҥңделікті 

тҧрмыс-тіршілігіміздегі  ӛзі  кӛріп,  біліп  жҥрген  жағымсыз  қҧбылыстарды  аластан,  тезге 

салу  ҥшін  шайқасты.  Небір  жең  ҧшынан  жалғасқан  жымысқылар,  пайдакҥнемдік, 

парақорлық, рушылдық, қысқасы, әділетсіздік атаулыға тӛзе алмады. Бетің бар, жҥзің бар 

демеді.  Поэзияның  ӛткір  жебесін  дәл  кӛздеп,  соған  жолдады.  Қызыл  жебе  нысанаға  дӛп 

тиіп жатты. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дейді қазақ.     Ылғи ағынан 

жарылып,  ақиқатын  айтқанды,  дәйім  әділдік  жағында  болғанды  жақтырмайтындар  кай 

ҧлт,  қай  халықта  да  табылатын  болса  керек.  Біздің  халқымызда  да  ондайлардың  жиі 

кездесетіні жасырын емес. 

     Іштарлық  ішін  ірітіп,  қызғаныштың  қызыл  иті  ҧлып  тҧрғандар  Жҧбан  ақынның 

талантын  кӛре  алмай,  ӛздерінен  оқ  бойы  озық  болғанын  кешпеді.  Кешу  былай  тҧрсын, 

соңына  шырақ  алып  тҥсті.  Әсіресе,  ат  ҥстіндегі  әкім-шоралардың  халыққа  жасаған 

қысастығын,  сан-сапат  кеңес  шенеуніктерінің  тоңмойыл  топастығын,  менмендігін,  тағы 

басқа  да  жантӛзгісіз  жағымсыз  жиіркенішті  қылықтарын  жыр  жолдарына  арқау  еткен 

ақынды  олар  қайткенде  де  сҥріндіруге  тырысты.  Орынтаққа  жайғаскан  орашолақтарды, 

мәселен «Хатшыға хат» сиякты ӛткір жырларында сын жебесімен тҥйреген ақынды олар 

аяқтан  шалып-ақ  бақты.  Республикалық  әдеби  «Жҧлдыз»  журналының  бас  редакторы 

кызметінен босаттырды. Қазақстан Жазушьшар одағының бірінші секретары лауазымнан 

да, қайта-қайта жабыла домалақ арыздар ҧйымдастырып жҥріп ақыры кетіріп тынды. Ол 

ол  ма,  Жҧбағаңның  шығармалары  Абай  атындағы  Қазақ  ССР  Мемлекеттік  сыйлығына, 

КСРО Мемлекеттік сыйлығына ҧсынылғанда да сол келеңсіз жайттар ҥздіксіз қайталанды. 

Ата  жаудан  қайтпаған  қайсар  жауынгердің  жҥрегіне  жара  тҥсті.  Бірақ  алған  бетінен 

қайтқан жоқ. Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Сондай-ақ, Жҧбағаң 

туған әдебиетіміздің тарихында КСРО Мемлекетгік сыйлығын алған екі қаламгердің бірі 

екенін бҥгінгі ҧрпақ орынды мақтан тҧтады. Осы сыйлыктың екінші иегері «Қан мен тер» 

шығармасы  ҥшін  осы  марапатка  ие  болған  классик  жазушы  Әбдіжәміл  Нҧрпейісов  еді. 

Осы  сыйлыққа  ҧсынылғанда  оның  да  ҥстінен  Мәскеуге  қап-қап  арыз  қарша  борағаны 

әмбеге  аян.  Қашанда  осынша  іштарлық  тек  ӛз  қаламгерлерімізден  болғанын  орыс 

жазушылары таңғалып, жағасын ҧстап отырып, әлі кҥнге дейін жырдай ғып айтады. 

    Бірақ,  ҧлы  ақын  битке  ӛкпелеп,  тонын  отқа  лақтырғын  жоқ.  Қайта,  керісінше,  туған 

халқына,  еліне,  ҧлтына  деген  перзенттік  махаббаты  ӛрши  тҥсті.  Оның  айқын  да 

бҧлтартпас дәлелі - атақты «Мен казақпын!» поэмасы дҥниеге келді! 

    Баршаға  мәлім,  ол  кезде  қазақ  ҧлтының  болам  ба,  бордай  тозам  ба  дегендей,  тағдыры 

қыл  ҥстінде  тҧрған  болатын.  Тіпті,  Хрущевтың  сол  кезде  «Ресей  империясының  пәлен 

ғасыр  бойы  орындай  алмаған  арманын  мен  екі-ақ  жылда  жҥзеге  асырдым!»  деп  жер 



жҥзіне мақтанғаны да елдің есінде. Бҧл тың және тыңайған жерлерді игеру деген саясатты 

желеу  қылып,  оның  қазақ  жеріне  тӛрт  миллион  тыңгерлерді  тоғытқан  кезі  болатын. 

Олардың ішінде негізінен қылмыскерлер, отбасынан безіп, алимент тӛлеуден қашқандар, 

абақтыдан  ерте  босатылғандар,  ҧры-қарылар,  кісі  ӛлтіріп,  жазадан  қҧтылып  кеткендер, 

қысқасы,  қоғамның  азғын,  тозғын  элементтері  болатын.  Кеңес  ӛкіметінің  басшылары 

Одақ қаржысын судай шашып, оларды жарылқап-ак бақты. Оларды одақгың патриоттары 

ғып кӛрсетуге тырысты. Ӛз отбасына опа бермегендер кімді аясын, қазақ жеріне келісімен 

момын  халықты  кемсітіп,  қорлық,  зорлық  кӛрсетіп,  ар-ҧжданын  аяққа  таптаумен  болды, 

қазақ ҧлтының ӛз елінде саны жиырма тоғыз пайызға дейін қҧлдырағаны да сол кезең. Ең 

сорақысы - қазақпын деп айтуға да жҥрегіміз дауаламайтын. Қит етсе ҧлтшыл деген ярлық 

тағылып, қара есекке теріс мінгізілуің кәдік. 

Міне, осындай ауыр шақта, қазақтың ері мойнына кетіп, еңсесі езіліп тҧрған шақта Жҧбан 

ақынның  осы  поэмасы  жарыққа  шықты.  Оның  қалай  жарыққа  шыққанына  ӛз  басым  әлі 

кҥнге дейін таңғаламын. 

     Соры арылмаған ҧлтымыздың рухы дҥр сілкінді. Халық әрі есі шыға қуанды, әрі қауіп 

етіп қатты шошынды да. 

   Ақынды қашан алып кетіп, қай абақтыға қамар екен деп, елегізумен болды. Оған ӛзінің 

араша  тҥсе  алмайтынын  да  ҧғынды.  Әбден  зәрезап  болған  қазақ  «отыз  жеті»  немесе 

«қырык тоғыз» қайтып келіп қалмасын деп, іштей Аллаға жалбарынумен кҥн кешті. Олай 

ҥргелекгенетін де жӛні бар еді. 

Мен - қазақпын мың ӛліп, мың тірілген, 

                                Жӛргегімде таныстым мҧң тілімен. 

                                Жылағанда жҥрегім кҥн тҧтыльш, 

                                 Қуанғанда кҥлкімнен тҥн тҥрілген. 

 

Мен - казақпын, ажалсыз анамын мен



                                  Қҧрсағыма сыйдырам даланы кең. 

                                  Пәк сәбимін бесікте уілдеген, 

Дәуірлермен қҧрдаспын, данамын мен. 

 

Мен - қазақпын! Биікпін! Байтақ елмін! 



                                 Қайта тудым, ӛмірге қайта келдім! 

Мен мың да бір тірілдім мәңгі ӛлмеске - 

                                Айта бергім келеді, айта бергім!. 

       Кеңес  билеген  дәуірде  бҧлай  жырлау,  ӛз  ҧлтыңды  дәріптей  сӛйлеу  -  қылмысқа 

барабар. Сондықтан да «Мен - казакдын!» деп ашық та айқын шабыттана аскақ пафоспен 

бҧрын-соңды  орыс  ақындарынан  басқа  одақ  кӛлемінде  ешкім  жырлауға  батыл  етпеген. 

Басқа ҧлт ӛкілдері  батыл ете қалса - Колымаға айдалатын. Сол себепті,  Жҧбан ақынның 

бҧлай жырлауы, ен алдымен ӛз ӛмірі ҥшін аса қауіпті еді. Бірақ, қҧдай жар болып, қуғын-

сҥргіннен аман қалды. Халкы да ҥһ деп демін бір алды. 

    Ия, бҧл шын мәнісінде кӛзсіз ерлік еді. 

Бірақ  қайсар  ақын  ерлік  жасадым  деп  ойлаған  жоқ  -  халқымның,  ҧлтымның  алдындағы 

перзенттік  парызымды  ӛтедім  деп  білді.  Ғасырлар  бойы  бодандық  бҧғауынан  босамаған 

қазағын  еңсесін  кӛтеріп,  бойын  тіктеуге  ҥндеді.  Тіпті  осы  жолда  қҧрбан  боп  кетсе  де 

бақилы болатын. 

    Ал, Жҧбағаңның ҥшінші ерлігі де халқымыздың, ҧлтымыздың тағдырына байланысты. 

    Қазақ  ҧлтының  басына  тағы  да  қара  бҧлт  ҥйірілді.  «Сорлыны  тҥйе  ҥстінде  де  ит 

қабады»  демекші,  айдың  кҥні  аманыңда,  бақытсыздыққа  душар  болдық.  Ел  басшысы 

Қонаев орнынан тҥсті де ОК-тің бірінші хатшысы лауазымына орталық  сайлаған кезекті 

қуыршақ «кӛсем» Колбин деген ие болды. Наразы болып, алаңға шыққан, бейбіт шеруге 

қатысқан  қазақ  жастарын  Ресейден  келген,  мҧздай  темір  қҧрсанған  кеңес  солдаттары 

қынадай қырды. Сонау Ресей императорлары заманынан қалған зымиян саясат бҧл жолы 


айқын  кӛрініс  берді.  Ӛткен,  бағзы  заманда  В.И.  Лениннің  «Ресей  -  халықтар  тҥрмесі» 

деген қанатты қағидасы есімізге тҥсіп, қара кӛзден қан ақты. Қанішер солдаттар аландағы 

жастарды  дубинкамен  басган  ҧрьш,  екі  бҧттың  арасынан  етігімен  тепкіледі.  Ҧрьш-

соғудың  әдісін  асқан  шеберлікпен  меңгерген  солдаттар  зҧлымдықгың  алуан  тҥрін  емін-

еркін кӛрсетіп, әбден айызы қаньш, қҧмардан шықты. Бҧл операция жастардың болашақта 

ҧрпақ  сҥймеуін  мақсат  тҧтқан  болатын.  Сол  мҧраттарына  жетті  де.  Шеруге  қатысқан 

жастардың тірі қалғандарының ешкайсысы да ата-ана болу бақьпына ие бола алған жоқ. 

Демек, бҧл қантӛгіс те сол баяғы Ресей самодержавиесінің қазақ жерін қазақтан тазартуды 

кӛксеген қаныпезер саясатының жалғасы екеніне ҧлтымыздың кӛзі айқын жетті. 

     Міне, осының бәрін кӛзбен кӛрген ержҥрек ақын тағы да шыдай алмады.  Тағы да ашық 

майданға шықты. 

    Шегінбеді. Бойтасалап, бҧқпантайлап қала алмады. 

   Жҧбан  акынның  бойына  туа  біткен  ақындығына  қоса  батырлығына  жырсҥйгіш  халқы, 

талай қырғынды, ашаршылықты бастан кешіп пҧшайман болған кӛңтерілі қазағы тағы да 

куә болды. 

    Қазақстан  Жазушылар  одағының  кең  залы.  Бҧл  зал  кімді  кӛрмеген...  Мҧхтар  Әуезовті 

де,  Сәбит  Мҧқановты  да,  Ғабит  Мҥсіреповті  де,  Ғабиден  Мҧстафинді  де,  Тайыр 

Жароковты  да,  Әбділда  Тәжібаевты  да,  Қалижан  Бекхожинді  де,  Хамит  Ерғалиевті  де 

кӛрген. Енді міне, бҧл кең зал заманның тарылғанына да куә болды. Зал толы қаламгерлер 

қауымы.  Залды  бір  ауыр  тыныштық  басқан.  Әшейінде  әзіл-оспақ  айтысып,  дуылдасып 

отыратын қаламгер қауым бҥгін аса ҧстамды да сабырлы. 

   Ия, Колбин қатысқан осы жиналыс кӛп ащы шындықтың бетін ашуға тиіс еді... 

   Жазушьшар залында бір-біріне мҥлде ҧксамайтын және ҧқсағысы да келмейтін қауым. 

    Қазақстанға  келер  алдында  Грузияда  қызын  ӛлтіріп  кеткенін  естіген  кейбір  жазушы 

«біздің  Алматы  тыныш  әрі  қауіпсіз  қала,  сенбесеңіз  сізді  кешкі  қала  кӛшелерімен  алып 

жҥруге  мен  әзірмін»  деп  мәймӛңкеледі  біреуі.  Енді  бірі  орнынан  тҥскен  бҧрынғы 

республика басшысын жамандап, Колбинге «Сіздей Ленин типті басшыны біз пәлен жыл 

кҥткенбіз. Енді сол кҥн туды» деп қырық бет арыз жазған ақсақал драматург болды. Сол 

кісіге  Қонаев  ӛзінің  тҧрған  ҥйін  беріп  кетіп  еді.  Жаксылығы  жамандық  боп  қайтты-ау-

десті жҧрт жиналыс тарағанда. 

   Жҧбан  Молдағалиев  сӛз  алғанда  зал  «қарт  солдат  не  айтар  дейсің»  дегендей  сыңай 

танытқан-ды. Бірақ, сәлден кейін зал сілтідей тынып, шыбынның ызыңдағаны білінді. 

   «Алаңца  қыздарымның  шашын  жулып,  ҧлдарымды  дубинкамен  бастан  ҧрып,  алаң 

қызыл қанға боялғанын кӛргенде мен - ¥лы Отан соғысының ардагері, окопта мҧз тӛсініп, 

кар  жастанған  карт  солдат,  мына  соракы  сҧмдыкты  кӛзіммен  кӛргенше  сол  қанды 

майданда неге каза тауып мәңгі қайтпай калмадым деп ӛкіңдім» деп налығанын естігенде 

отырғандар ақынмен бірге налыды. 

Жҧбан ақын кӛзі тірісінде-ақ аты аңызға айналды. Жалпы халык бейбіт кҥндегі акынның 

жасаған ерлігіне тэнті болып, басын иді. 

Алайда, халыктың корғаны болып, қызғыштай корыған батыр акын жҧрттың бэріне бірдей 

жакты  деп  айту  қиын.  Әріптестер  ішіндегі  кҥншілдер  енді  жымыскылықпен  акынның 

атын,  атағын  шығармауға,  баспасӛз  бетін  бермеуге  жанталасты.  Тіпті,  шалкар  шаһар 

Алматыда  ҧлы  ақын  жалғыз  калғандай  кӛрінді.  Жазушылар  одағын  баскарып  жҥрген 

кезінде  жанынан  қалмайтын  жандайшаптардың  қалың  тобы  енді  қатты  сиреді.  Сондай 

кҥндердің  бірінде  Қазақ  теледидары  Әдеби-драмалық  хабарлар  бас  редакциясының 

басшысы белгілі ақын, айтыс ӛнерінің айтулы жетекшісі Жҥрсін Ермановтың рҧқсатымен 

Жҧбағаңды  ӛзіне  арналған  телехабарға  шақырып,  бір  сағаттық  сҧқбат  жҥргіздім.  Дәйім 

тың,  ширақ  жҥретін,  сәнді  киініп  жҥретін  кербез  ағамыз  маған  біртҥрлі  шаршаңкы,  ӛңі 

салыңқы кӛрінді. Бірақ сауалдарыма салиқалы, сабырлы жауап кайтарып, кӛп мәселелерге 

деген  кӛзкарасын  нақты  білдіріп  отырды.  Ол  хабар  қазірде  Қазақ  теледидарының  алтын 

корында сактаулы. 


   Бір карағаңда Жҧбағаң сҧсты, салқын адам сияқты кӛрінетіні рас. Алайда, сӛйлесе келе, 

сырласа келе оның жаны жаркырап, ашыла тҥсетін. Және достықка адал, берік адам еді. 

Әлі  есімде,  сол  кезде'  Жоғарғы  кеңестегі  жҧмысынан  босап  қалған,  қазақ  детективінің 

атасы  Кемел  Токаевты,  сондай-ақ  кӛрнекті  прозаик  Бердібек  Соқпақбаевты  Одаққа 

жҧмысқа тартып, қамқорлық жасағанын ақын ағаның асыл қасиеті деп білемін. 

   Бір  қызық  жағдай  болды.  Жҧбағаң  Жазушылар  одағының  басшысы  болып  тҧрғанда 

«отбасым  ҥлкен  еді,  Жҧбаға,  сізден  ҥй  сҧрай  келдім»  деп  алдына  барғаным  бар. 

Айналмалы креслода айналып отырып, ағамның айтқаны «Жҧрт сені Совминнен керемет 

ҥй  алды  деп  жҥр  ғой»  деп  жымиды.  Мен  әңгімені  әрі  созбай  кабинеттен  шығып  кеттім. 

Ағымнан  жарылар  болсам,  алғашқы  кезде  ағамызға  томпиып  жҥргенімді  несіне 

жасырайын.  Бірақ,  кейін  ақылға  салып,  пайымдап  кӛрсем,  ағанікі  дҧрыс  екен,  жағдайы 

менен де нашар жазушылар қаншама,-деп тҥйдім ойымды. 

   Міне, қазағымыздың мандайына басқан жалғыз Жҧбаны, жарық жҧлдызы енді тоқсанға 

келіп отыр. Уақыт ӛткен сайын бҧрынғысынан да тҧлғаланып, ел жадында жаңғырығып, 

жарқырай тҥсетін ҧлылар санатына енген Жҧбан Молдағалиев мәңгіліктің жолдасы. Оған 

болашақ сан ҧрпақтың куә болары кәміл. 

Жайласып жатыр ақырын, 

 Зал толы жырдың достары. 

                                            Тындамақ абзал ақынын, 

                                            Ардақты отандастары. 

 

                                            Ақын ше... 



                                            Ақын келмеді. 

                                            Бос кҥтті тӛрде бір орын. 

                                       Кҥмбірлеп залды кернеді, 

                                       Сӛз алып сонда жыры оның. 

     Бҧл  Жҧбағаңның  Мҧса  Жәлел  туралы  поэмасының  беташары.  Тура  бҥгінгі  таңда  ӛзі 

туралы  ӛзі айтып кеткендей 

   Ӛзі келмесе де  ақын жыры кҥмбірлеп, залды кернеп тҧр. 

 

 



 

 

 



 

       Ж.МОЛДАҒАЛИЕВ ӚЛЕҢДЕРІНДЕГІ АҚЫНДЫҚ «МЕН» ТАБИҒАТЫ 

 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал